Критериалды бағалау технологиясының моделі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Педагогика және білім беру менеджменті факультеті

Жалпы педагогика және білім берудегі менеджмент кафедрасы

Реферат

Пән бойыншы: Бағалаудың өлшемдік технологиялары

Тақырып: Критериалды бағалау технологиясының моделі

Орындаған:101 ПиМО

Аты-жөні: Жаламанова Кумуш

Тексерген: Тоғайбаева. А

2023-2024 оқу жылы

Қарастырылатын сұрақтар:

Кіріспе . . . 1

Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама (PISA, TIMSS) . . . 2

Әр түрлі елдердегі бағалау жүйелері: Англия, АҚШ, Финляндия, Канада, Сингапур, Австралия. Жаңа Зеландия, Гонкон . . . 3

Оқушыларды критериалды бағалау жүйесі: халықаралық тәжірибе шеңберіндегі қазақстандық мазмұн . . . 4

Әр түрлі елдердегі бағалау жүйелері . . . 5

Кіріспе

Бүгінде, мұғалім балаларға білімдер жиынтығын беріп қана қоймай, сонымен бірге, ең бастысы - оларды өмір бойы үйренуге үйретулері керек”- деп ұлт көшбасшысы, елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай қазіргі таңда жас ұрпақты жаңашылдықпен дамытып, білім беріп, тәрбие нәрімен сусындандыру бүгінгі күннің ұстаздар қауымына жүктелген міндет пен кезек күттірмес жауапты іс болып отыр. Сол себепті де Елбасымыз бен еліміздің білім беруді дамыту мен жаңарту саласындағы азаматтар білімді жаңаша тәсілмен білім беруді бүгінгі кезеңде басшылыққа алып отыр. Педагогикалық қызметтің басты мақсаты - жаңа педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану. Қазіргі уақытта мұғалімнің алдында тұрған жауапты міндет - білім алушыға тиянақты білім беру. Оқыту үдерісінде білім алушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сенімін туғыза білу, білім алушының білімге ынтасын көтере білудің маңызы ерекше. Озық ойлы, тапқыр да, нәзік сезімтал, пайымды шәкірттердің іскерлігін, мүмкіндігін ескеріп, бағыт - бағдар беру, ой - өрісін дамытатындай логикалық ой тастау әрбір ұстаздың міндеті. Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану арқылы, дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу- тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Бүгінгі күннің талабына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор. Заман талабына сай білім беру оқушылардың адамгершілік, интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушыға сапалы білім беру болып табылады. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кез келген пәнді ұғындырудың тиімді жолы - жаңа технология негіздері болып табылады. Сапалы білім беру - оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды. Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. Соның бірі - критериалды бағалау жүйесі.

Критериалды бағалау- бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай, оқу- танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда нақты анықталған, ұжыммен қалыптастырылған, алдын- ала оқушылардың барлығына белгілі білім жетістіктерін бағалауға негізделген үдеріс.

PISA халықаралық бағдарламасы-қазіргі таңда 15 жастағы білім алушылардың логикалық, ойлау қабілетін анықтау үшін алынатын халықаралық тестілеу түрі. Тестілеу негізінен логикалық тұрғыдан өткізіледі яғни білім алушы алған білімін өмірдегі кейбір жағдаяттарда қалай пайдаланатынын анықталу мақсатында алынады. Жылына үш рет ұйымдастырылатын бұл бағдарлама, білім алушының функционалдық сауаттылығын анықтауғада үлесі мол. PISA бағдарламасының мақсаты білім берудің әдіснамасы мен нәтижесіне пайдалы әсер ету болатын. Аталған бағдарлама қазіргі әлемде оқушылар қабілетін тексеру мен бағалаудың ең ықпалды жобасы болып отыр. Әр оқушыға 2 сағаттық жазбаша тапсырма орындатады. Сұрақтардың бір бөлігі таңдау сұрақтары, енді бір бөлігі толық жауап беру сұрақтары болады. Бүкіл тест мазмұнына 6 жарым сағат уақыт кетеді деп жоспарланған. Әрине, оқушыдан барлық сұраққа түгел жауап беру талап етілмейді. оқушылар қабілет тестінен өткен соң бір сағат шамасында жеке басын негіз еткен өздік сұрақтарға жауап береді, бүл көбінесе үйрену әдеті, ниеті мен жігері, отбасы жағдайы дегендей мазмұндарды қамтиды. Мектеп тарапы да бірбөлім сұрақтарға жауап береуі керек. Олар баланың түрлі нәтижелерін, қаржы көзі секілділерді айқындап беруі керек.

Халықаралық TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) зерттеуі оқушылардың математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерден білім жетістіктерін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу қабілеттерін бағалауға бағытталған. Яғни бұл зерттеудің мақсаты - математика мен жаратылыстануды оқыту үрдістерін дамыту үшін зерттеуге қатысушы елдерді оқушылардың білім жетістіктері туралы салыстырмалы ақпаратпен қамтамасыз ету.

Зерттеудің негізгі әдіс-тәсілі - сауалнамалар жүргізу және тестілер алу. Оған бастауыш мектепті, яғни 4-сыныпты және 8-сыныпты бітірген оқушылар қатысады.

Бұл зерттеу Білім жетістіктерін бағалаудың Халықаралық Ассоциациясымен (IEA) жүзеге асырылады.

Халықаралық зерттеулерде оқушыларға қазақстандық мониторинг зерттеулерiне тән типтік математикалық есептер ұсынылмайды. Бұл зерттеудегі математикалық тапсырмалар нақты өмірлік мәселелерге жақын, қоршаған өмірдің түрлі аспектілерімен байланысты және өз шешiмдерi үшiн математикалық талдауды талап ететiн, мектептiң өмiрi, қоғам, оқушының жеке өмірі, кәсiби қызметi, спорт және т. б. туралы мәлiметтер ұсынылады.

Зерттеу тұжырымдамасына сәйкес, әрбір тапсырма математиканың мазмұнды бөліктерінің біріне сәйкес келеді. Атап айтсақ, 4-сыныпқа арналған тапсырмалар сандар (50%), геометриялық фигуралар мен өлшеулер (35%), мәліметтерді беру (15%) бөлімдері бойынша; 8-сыныпқа - сандар (30%), алгебра (30%), геометрия (20%), мәліметтер мен болжамдар (20%) бөлімдері бойынша дайындалады.

ттіліктерімен анықталады.

Бағалау жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ көп функционалды ету қажет. Ол оқушыны оқу материалын қаншалықты табысты меңгергенін немесе практикалық дағдыны қалыптастырғанын анықтауға; оқушылардың танымдық қызметтің түрлі салаларындағы табыстылықтың динамикасын көрсетуге мүмкіндік беруі тиіс, оқушылардың өзін-өзі бағалауын ынталандыратын, дамытатын, ықпал ететін механизмнің болу керек, сондай-ақ мұғалім-оқушы, ата-ана-топ жетекші, әкімшілік-педагогикалық ұжым байланысынқарастыру қажет. Бұл оқу үрдісінің қалыптасуына жүйелі тәсілді, яғни оның тұтастығын қамтамасыз етеді. Осы бағытта алыс және жақын шетелдердің білім берудегі бағалау жүйесін зерделеудің маңызы зор.

Шетелдердегі оқушылар білімін бағалау жүйесін қарастырайық

Финляндия

Финляндияның бағалау жүйесі оқу үдерісін жетілдіруге бағытталған және қалыптастырушы сипаттағы басымдыққа ие. Сондықтан бағалаудың негізгі мақсаты оқыту мен оқуды жетілдіру болып табылады. Қалыптастырушы бағалау мұғалімдерге оқушылардың белгілі бір тақырыпты меңгеру кезінде кездесетін қиындықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер тарапынан оқушыларға дер кезінде қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді, бұл жерде баға тек балл ғана емес, одан да маңызды болып есептеледі. «Мұғалімдер оқушыларға бұл бағалар нені білдіретінін және олар өздерінің оқу үдерісін қалай жетілдіруге болатынын түсіндіруі қажет». Финнің білім беру мәселелері бойынша ұлттық кеңесі бағалауды міндетті және ұлттық критерийлерге сәйкес болып табылатын екі категорияға бөледі: оқу үдерісіндегі бағалау (қалыптастырушы) және оқуды аяқтаған кездегі қорытынды бағалау (жылдық, біліктілік) . Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты зерттеу дағдыларының өсуіне жәрдемдесу, сондай-ақ оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдысын дамыту болып табылады. Жылдық бағалаудың мақсаты оқу үдерісінде оқушылардың ілгерілеуі туралы кері байланысты және білім сапасын арттыру бойынша ұсыныстарды қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі білім берудегі қорытынды біліктілік бағалаудың мақсаты оқушылардың соңғы 2 жылдағы оқу жетістіктері деңгейін анықтау болып табылады. Білім беру бағдарламаларын жаңарту үдерісінде мұғалімдер мен мектептің өзін-өзі бағалауы, ұлттық стандартталған бағалауды өткізу кезінде алынатын мәліметтер қолданылады. Канада Канаданың бағалау жүйесінде жетістіктердің негізгі өлшеуіші жалпы тапсырмалар көлеміне дұрыс және барынша толық жауаптың пайыздық арақатынасы болып табылады. Барлық пәндер бойынша алынған бағалар негізінде орта балл есептеледі (пайыз) . Келесі жылға өту үшін 50% артық жинау қажет. Оқу жетістігін бағалаудың стандартты тәсілі қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұратын мектепішілік бағалау болып табылады. Қалыптастырушы бағалау диагностикалық сипатқа ие және оқу жылы барысында жүйелі түрде жүргізіліп тұрады. Оның негізгі мақсаты оқушылардың күнделікті ілгерілеуін бақылау және оқыту мен оқу үдерісіне дер кезінде түзетулер енгізу үшін қолайлы жағдай жасау. Бағалау рәсімдерінің ажырамас бөлігі оқушылардың қойылған мақсатқа жетуінде қажетті көмек көрсетуге бағытталған кері байланыс беру болып табылады. Жиынтық бағалау тіркейтін сипатқа ие, яғни, белгілі бір уақыт аралығында оқушылардың ілгерілеуге жетуі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретіндей оқу барысын тіркеп отыруға бағытталған. Жиынтық бағалау оқу бөлімін, әрекетті, курсты, тоқсанды немесе бағдарламаны аяқтаған кезде өтетін алдын ала белгіленген іс-шара түрінде жоспарланады және баға қою мен есеп беру үшін қолданылады. Канаданың бағалау жүйесі төмендегідей қағидаттарға сәйкес құрылады:

• баға барынша объективтілікті қамтамасыз ететіндей әдістердің көптүрлілігіне негізделуі қажет;

• баға және нәтижелерді талдау мұғалімнің міндеттеріне жатады: мұғалім оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, олармен, олардың ата-аналарымен бірге қызмет жасауға міндетті;

• бағалау нәтижелері оқу мақсаттарына қатысты оқушылардың ілгерілеуі мен шегінісін көрсететіндей болуы керек.

Сингапур

Сингапурде оқушылардың старттық деңгейін есепке ала отырып, түрлі деңгейдегі бағдарламалар бойынша дифференциалды оқыту ұйымдастырылады. Бұл елдегі оқу жетістігін бағалау жүйесі сапа мен бағаның үздіксіздігіне бағытталған. Сапаға қол жеткізу білім беру үдерісінің қатысушыларының барлығына бірдей түсінікті болып табылатын бағалау рәсімдері, әдістері мен түрлерінің айқындығы арқылы жүргізіледі. Оқу жетістігін бағалау оқуда жеке тәсілдерді қолдану арқылы оқу бағдарламасының мазмұны негізінде және әр оқушының қабілеті мен қызығушылығын, ынталануын есепке ала отырып, жеке траекториясын анықтау арқылы жүзеге асырылады. Сингапурде бағалаудың екі негізгі түрі қызмет етеді: мектепішілік және сыртқы. Мектепішілік бағалау нақты уақыт аралығында оқу мен оқытуға қолдау көрсету үшін ақпарат ұсынуға мүмкіндік береді. Мектепішілік бағалау тәжірибесінде қалыптастырушы және жиынтық бағалау қолданылады. Қалыптастырушы бағалаудың нәтижелері оқушылардың оқу үдерісін жақсарту үшін қолданылады, жиынтық бағалаудың нәтижелері оқушылардың жеке ілгерілеуіне және оқу бағдарламасын жетілдіруге қатысты шешім қабылдау үшін қолданылады. Сыртқы бағалау ауқымды түрде өткізіледі. Бұл оқу жетістіктерін мониторингілеу, барлық деңгейдегі жүйе әрекеттері туралы анық ақпараттарды алу және барлық мүдделі тараптар үшін есеп дайындау мақсатында жүргізіледі. Сингапурдің көптеген мектептерінде Кембридж Емтихан кеңесінің бағалау жүйесі қолданылады: оқушылар негізгі мектептің төртінші немесе бесінші оқу жылында GCE ‘O’ Level емтиханын, жоғары мектептің екінші немесе үшінші оқу жылында GCE ‘А’ Level емтиханын тапсырады. Сингапурдің оқу жетістіктерін бағалау жүйесі фактологиялық білімді емес, мақсаттар, тапсырмалар мен күтілетін нәтижелерге сәйкес алған білімін қолдана алу дағдысын бағалайды.

Критериалды бағалаудың міндеттері:

Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;

Жүйелі кері байланыс орнату арқылы оқушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау;

Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін қалыптастыруға көмектесу;

Қолжетімді, нақты, үздіксіз:

- оқушыларға олардың оқу сапасы туралы;

- мұғалімдерге оқушылардың ілгерілеуі туралы;

- ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы;

- басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпараттар ұсыну. [2]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Географияны оқытудағы критериалды бағалау жүйесі
Оқушылардың білім жетістіктерін бағалауда критериалды бағалау жүйесін қолдану
Педагогикалық бағалау функциялары
Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі ретінде
Критериалды бағалаудың құрылымы
Мектеп мұғалімдерінің интернет - ресурстарды пайдалануға даярлығының критериалды моделі
Мектеп мұғалімдерінің интернет - ресурстарды пайдалану даярлығының әдістемесі
Критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері
Критериалды бағалаудың тұжырымдамалық құрылымы
Критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz