Талап қою ұғымын салыстырмалы құқықтық негізде зерртеу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі
М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті
Тарих, экономика және құқық факультеті
Құқықтық пәндер кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Талап қою бойынша іс жүргізудің тәртібі

Орындаған: юр-33 студенті,
Мендымова.Е.А.
Тексерген: Құқықтық пәндер
кафедрасының
аға оқытушысы, з.ғ.м. Есенғазиева А.К.

Орал 2023
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.Талап қою арқылы іс жүргізудің құқықтық реттелу жолдары
Талап қою іс жүргізудің ұғымы мен тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Талап қоюды қамтамасыз ету тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

2. Азаматтық іс жүргізудегі сот өндірісінің тәртібі
2.1 Азаматтық сот өндірісіндегі істі сот талқылауына дайындау сатысы: тәртібі мен негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2 Азаматтық істердің сотта қаралу тәртібі: сатылары, тәртібі, мерзімдеріне құқықтық сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.3 Сот шешімі: түсінігі, шығу және орындалу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Пайдалынылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық , заййырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасыы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары[1]. Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және олардың қорғалуына кепілдік беріледі.[2]
Кейінгі уақыттарда қоғамда орын алған түбегейлі өзгерістер еліміздің азаматтық сот ісін жүргізу саласында да ықпал етті. Сот құқыұтыұ реформаларды жүзеге асыру бағытында 1999 жылы Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі қабылданып, азаматтық сот ісін жүргізуде жаңа институттар пайда болды, кейбір іс жүргізу институттарының мазмұны өзгерді. Бұл талап қою құқығын іске асыру мәселесінің мәніне елеулі әсерін тигізеді.
Талап тек мемлекеттік сотқа ғана емес аралық немесе төрелік сотқа да қойылады. Ғалымдардың талап қою бойынша іс жүргізудің мәселесін зерттеумен кең шұғылданған кезі- ХХ ғасырдың 50-90 жылдарына, яғни кеңестік дәуірге сай келеді. Сол кездері жүргізілген ғылыми жұмыстардағы теориялық ой қорытындылар әлі күнге дейін құндылығын жойған жоқ.
Осы жұмысты орындау барысында алға қойған мақсатым - ол азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша талап қою бойынша іс жүргізудің түсініг мен оның процессуалдық мәнін саралау болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі таңда Ресей Федерациясы мен басқа да шет мемлекеттерде бұл тақырып жөнінде көптеген ғылыми жұмыстар шықты. Қазақстан үшін әлі күнге дейін зерттелу үстінде. Талап қою арқылы іс жүргізудің түсінігі мен мәні жөніндегі мәселеге З.Х Баймолдинаның, Қ.Ә Мәмидің, Г.А Жилиннің, М.С Шакариянның және т.б ғалымдардың еңбектері арналған.
Зерттеу обьектісі. Жұмыстың ізденіс - зерделеу және зерттеу обьектісіне қоғамдық қатынастар, ондағы талап қоб арқылы іс жүргізудің түсінігі мен мәні мәселесіндегі құқықтық қорғау мен жүзеге асыруды мемлекеттік реттеу болып табылады.
Зерттеу пәні болып талап қою арқылы іс жүргізудің түсінігі мен мәні жөніндегі мәселелерді қамтитын Қазақстан Республикасының заңнамалары, сондай-ақ зерттелетін проблемаға қатысты мемлекеттік органдармен, азаматтар және ұйымдармен қатынастарын реттейтін құқықтық аспектілер кіреді.
Зерттеу мақсаттары мен міндеттері. Курстық зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - талап қою ұғымына талдама жасау; тәжірбиеде осы салаға қатысты кездесетін мәселелерді талқылау; зертеу мәселесі бойынша заңнамаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар келтіру болып табылады. Аталған мақсатқа жету үшін жүзеге асырылатын зерделеу - зерттеу процесіне байланысты шешілуге тиіс мынадай міндеттер туындайды:
Қазақстан Республикасындағы талап қою арқылы іс жүргізу институтын құқықтық реттеу мәселесін жалпы тұрғыда қарастыру;
Талап қою ұғымын салыстырмалы құқықтық негізде зерртеу;
Талап қою арқылы іс жүргізу жөніндегі заңдылықтарды қамтамасыз ету;
Талап қою арқылы іс жүргізудің түсінігі мен мәні негіздеріне құқықтық қорғауды қамтамасыз ету;
Сонымен қатар, курстық жұмыстың тақырыбының өзекті мәселелерін жеткілікті көлемде ашып көрсетуге азаматтық құқықтық және азаматтық іс жүргізу заңдары, арнайы талап қою саласындағы заңдар, сондай-ақ тақырыпқа сәйкес нормативтік құқықтық актілер айтарлықтай септігін тигізді.
Жұмыстың құрылымы ізденіс- зерттеу жүргізу сипатына, зерттеу мәселелері мен қисындылығына және деңгейіне байланысты кіріспеден, бес бөлімшесі құрылатын екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған нормативтік актілер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Талап қою арқылы іс жүргізудің құқықтық реттелу жолдары
1.1 Талап қою бойынша іс жүргізудің ұғымы мен тәртібі

"Талап" рим құқығында белгілі болған "астіо" терминінен шыққан , орыс тілінде "иск" деген терминмен белгіленген. Талап ұғымын зерттеуге көптеген заңгерлердің еңбектері арналады (Н.И Авдеенко, С.Н Авромов, З.Х Баймолдина, М.А Викут, М.А Гурвич, Г.Л Осокина, Е.В Рябова т.б). Бірақ ғалымдар арасында талаптың түсінігіне қатысты ортақ көзқарас жоқ. Автор әртүрлі пікірлерге теориялық-құқықтық талдау жасай отырып, талапты процессуалдық және материалдық аспектіде қарастыратын ғалымдардың ұстанымдары дұрыс деген қорытындыға келеді, процессуалдық аспектіде талап ретінде мүдделі тұлғаның мемлекеттік сотқа немесе аралық сотқа мәлімдеген, қатал белгіленген тәртіппен қаралуға және шешілуге жататын талап етуі, ал материалдық аспектіде талап ретінде талапкердің жауапкерге бағыттаған бұзылған немесе бұзылу қаупі бар не даулы құқығын және заңды мүддесін қорғау туралы талап етуі түсініледі. Талаптың анықтамасында ҚР АІПК- нің 148 бабының 2 бөлігінің 4-тармақшасыда көзделген талап арызда талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні және оның талап қою талаптары көрсетілуге тиістігі жөнінде норма ескерілді. Талап тек талап қою арқылы іс жүргізуде ғана емес, ерекше талап қоюмен іс жүргізуде де орын алады. Бұл аталған іс жүргізуде қарама - қарсы мүдделері бар екі тараптың және олардың арасында құқық туралы дау болатынын көрсететін оның құқықтық табиғатынан шығады. Ерекше талап қоюмен іс жүргізудің атауы мұндағы талапты ерекше талап деп атауға мүмкіндік береді. Ерекше талаптар жария құқықтық қатынастарынан туындап, тараптар арасындағы материалдық - құқықтық қатынастар билік пен бағыну сипатында болады. Сонымен бірге ерекше талаптар ҚР АІПК - нің 25-29 тарауларында нақты белгіленген. Ерекше талап қоюмен іс жүргізуге заңда белгіленген алыныстар мен толықтырулар ескеріліп, талап қою арқылы іс жүргізу ережелері қолданылады. Сондай өзгерістердің бірі - ерекше талаптардың арызбен немесе шағыммен қозғалатыны. Ерекше талап қоюмен іс жүргізуді сотта талап арызбен қозғау дұрыс тәрізді. Бұл аталған іс жүргізудің мәніне толық сай келер еді. Мұндай ұсыныс сотта шағыммен немесе наразылықпен қозғалатын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың қалауларына дау айту жөнінде істерге қолданылмайды. Өйткені аталған істердің материалдық табиғатында ерекшеліктер бар, сондай-ақ бұл істерге азаматтық сот ісін жүргізу ережелері де қолданылады.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында талаптың түсінігі туралы мәселененің таласты екендігі өз кезегінде талапқа құқық проблемасының да
таласты сипатын көрсетеді. Талап қою құқығы дегеніміз - соттың немесе аралық соттың қызметін мүдделі тұлға мәлімдеген талап бойынша қозғау және жүргізу құқығы. Ал талаптың қанағаттандырылуына құқық дегеніміз - мүддені тұлғаның мемлекеттік соттың немесе аралық соттың шешімі арқылы бұзылған немесе даулы субьективті материалдық құқығын қорғауға ие болу құқығы.
Процессуалдық мағынадағы талапқа құқықы және материалдық - құықықтық мағынадағы талапқа құқық өзара байланысты және тәуелді екеніне қарамастан дербес ұғымдар болып табылады. Екі ұғымның дербестігін олардың бір-бірінен пайда болу негіздеріне, анықталу сәтіне және болмау салдарына байланысты айырмашылықтары көрсетеді.
"Талапқа құқық" ұғымы "сот арқылы қорғалу құықығы" ұғымымен байланысты. Сот арқылы қорғалу құқығын да екі аспектіде қарастыруға болады: қорғалу үшін сотқа жүгіну құқығы және сотта қорғауға ие болу құқығы. "Талапқа құқық " "сотқа арқылы қорғалу құқығының" құрамдас бөлігі болады, сондықтан екеуінің ішінде сот арқылы қорғалу құқығының мағынасы кең болып табылады.
Талап қою құқығы талапқа құқықтың процессуалдық мағынасы ретінде субьективті құқық немесе заңды мүддені қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын білдіреді. Сотқа талаппен жүгіну құқығы белгілі бір заңи фактілердің негізінде пайда болатын субьективті азаматтық іс жүргізушілік құқық ретінде болады. Талап қою құықығына ие болу мүдделі тұлғада қорғалуға жататын субьективті құқықтың немесе заңды мүдденің бар болуына тәуелді емес.
Талап қою құқығы талапқа құқықтың процессуалдық мағынасы ретінде субьективті құқық немесе заңды мүддені қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын білдіреді. Сотқа талаппен жүгіну құқығы белгілі бір заңи фактілердің негізінде пайда болатын субьективті азаматтық іс жүргізушілік құқық ретінде болады. Талап қою құқығына ие болу мүдделі тұлғада қорғалуға жататын субьективті құқықтың немесе заңды мүдделі тұлғада қорғалуға жататын субьективті құқықтың немесе заңды мүдденің бар болуына тәуелді емес.
Талап қою құқығы азаматтық іс қозғалғанға дейін пайда болады және талап қою мен азаматтық істі қозғау арқылы іске асырылады.
Талап және талап арыз ұғымдарының ара қатынасын анықтау маңызды болып келеді. Әдебиетте талап пен талап арыз мазмұны және сыртқы нысаны ретінде байланысатыны жөнінде ой айтылады. Талаптың және талап арыздың әрқайсысының дербес нысаны мен мазмұны болады. Талаптың мазмұнын оның нысанасы мен негіздемесінен тұратын элементтернінің жиынтығы құрайды. Ал үшінші элементіне қатысты ғалымдардың ойлары бір арнаға тоғыспайды.
Талап арыз істі сотта қарауға әзірлеудің, сотта қарау мен мәні бойынша шешудің шектерін және сипатын анықтаймыз. Ол сотқа соттық зерттеудің көлемін, дәлелдемелердің қатыстылығы мен жол берілетіндігін анықтауға көмектеседі. ҚР АІПК-нің 149 бабында көзделген талап арыздың нысаны және міндетті реквезиттері, талап арызға тіркелетін құжаттар жөнінде ережелер қатаң сақталуы керк.
Талап арыз реквезиттерінің бірі - талапкер өз талаптарын негіздейтін мән - жайлары, яғни талаптың негіздемесі. Талаптың негіздемесі арқылыц тараптар арасында құқықтық қатынастың пайда болуын, талап қоюшының субьективтік құқығын, сондай-ақ құқықтың бұзылуын анықтауға және осы талаптың басқа талаппен ұқсастығының болуын немесе болмауын анықтауға болады. Талаптың негіздемесі сәйкес дәлелдемелермен расталуы керек. Дәлелдемелердің талап арызда көрсетілуі және тіркелуі талап арыздың міндетті реквезитіне жатпайды, сондықтан сот істі қозғау кезінде тараптарды қажетті дәлелдемелерді тапсыруды ұсына немесе талап ете алады.
Құқық қорғаудың талаптық нысананың мәні, талап қою нәтижесінде пайда болған азаматтық істің іс жүргізудің заңмен белгіленген процессуалдық ережелері міндетті түрде сақтала отырып қаралуға жататындығында. Талап қою құқығы - бұл заңды тұлғаның жауапкермен арадағы материалдық - құқықтық дауды қарау мен шешу, бұзылған немесе дауланған субьективтік құқығын, заңды мүддесін қорғау туралы өтінішпен сотқа жүгіну бойынша мемлекет қамтамасыз еткен және заңмен бекітілген мүмкіндігі. Талап бұзылған немесе дауланған құқықты қорғаудығ іс жүргізу құралы болып табылады, ал бұзылған құқықты іске асырылатын нысан талаптық нысан деп аталады. Құқықты қорғаудың талаптық нысаны үшін төмендегілер тән:
материалдық - құқықтық талаптың болуы;
субьективтік құқық туралы даудың болуы;
қарама қайшы мүдделері бар екі тараптың болуы;
Талап элементтері - талаптың мазмұнын айқындайтын оның құрамдас бөліктері. Талап элементтеріне төмендегілер жатады:
мән - осыған қатысты талапкер соттан қорғауды сұрайды(яғни, бұл талапкердің жауапкерге қоятын материалдық - құқықтық талабы немесе олардың арасындағы бүкіл материалдық құқықтық қарым - қатынас).
талаптың мазмұны - сот арқылы қорғау түрі, талапкердің сотқа талабы, олар талап арыздың өтініш бөлігінде көрініс табады.
Процессуалдық жағын, талап қою құқығының бар-жоғын судья талап арызды қабылдаған кезде тексереді. Егер талапкерде талап қою үшін іс жүргізу құқығы болмаса судья талап арызды қабылдаудан бас тартады.
Талап қою құқығының материалды - құқықтық жағы сотта қаралу барысында тексеріледі және анықталады.
Талап қою. Азаматтық іс қозғалар алдында мүдделі тұлға талап қоюға, ерекше талап қою және ерекше іс жүргізу істері бойынша арыз беруге тиіс. Бірінші сатыдағы сотта азаматтық іс қозғау бірінші сатыдағы соттағы ісі жүргізудің міндетті бастапқы сатысы болып табылады. Осындай құқықты іске асырудың ықтимал мүмкіндігінің себептері бойынша, талап сотқа қабылдағанға дейін сот жүзеге асырған кез келген іс жүргізу әрекеттері заңсыз болып табылады және АІПК-нің 1-бабының ережелеріне қайшы келеді, онда Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдары осы кодекспен және басқа заңдармен өз құзыретіне жатқызылған талап қою және өзге істерді қарау және шешу барысында сот төрелігін атқару кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді деп белгіленген.
АІПК-нің 8-бабында белгіленгендей, әрбір тұлға бұзылған немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін азаматтық іс жүргізу кодексімен белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда мыналар өзге тұлғалардың немесе тұлғалардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгіне алады:
Мемлекеттік органдар;
Заңды тұлғалар;
Азаматтар;
Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және азаматтардың, заңды тұлғаардың, құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделері қорғау үшін талап қойып жүгінуге құықығы бар.

1.2 Талап қоюды қамтамасыз ету тәртібі.

Талап қоюды қамтамасыз ету - бұл егер де талап қою қанағаттандырылатын болса іш бойынша келешекте шығарылатын шешімді нақты орындауға кепілдік беретін, Заңды қарастырылған шараларды қолданудағы сот төрешілерінің немесе соттың іс-әрекеті. Талап қоюды қамтамасыз етуге істің барлық жағдайларында рұқсат етіледі, егер де(қамтамасыз ету шараларын қолданбау сот шешімінің орындалуын қиындатуы немесе мүмкін етпеуі мүмкін).
Талап қоюды қамтамасыз негізіне іске қатысушы тұлғалардың аралық немесе арбитражды талқылаулардың тараптарының арыздары жатады.
Талап қоюды қамтамасыз ету шараларын сот немесе сот төрешісі іске қатысушы тұлғалардың арыздары немесе өтінімдері немесе өз бастамасы
бойынша қолданылады.(ҚР АІПК 158-бап). Талап қоюды қамтамасыз ету туралы іске қатысушы тұлғалардың қтініштері жазбаша немесе ауызша түрде болуы мүмкін(мысалы, талап етуші бұл жөнінде талап қою арызында көрсете алады, сот талқылауы барысында мәлімдей алады, талаптарын қамтамасыз ету туралы сотқа немесе сот төрешісіне арыз жазу арқылы). Осындай өтінішті білдіруге заңда қандай да бір арнайы талаптар қарастырылмаған. Егер де іс алқалы құрамда қаралмаса, сот талапты қамтамасыз етуді азаматтық істерді қозғау сәтінде, оны дайындау процесінде немесе сот талқылауы кезінде өзі жеке шешеді.
Істі алқалы құрамда қарау кезінде сот талқылауы кезінде берілген талаптарды қамтамасыз ету туралы өтінімді сот толығымен шешеді.
Талап қою тек қозғалған іс бойынша қамтамасыз етілуі мүмкін. Арызды қараусыз қалдырған жағдайда (ҚР АІПК 155-бап) талап етушінің талаптарын қамтамасыз ету туралы өтінішін сот қарамайды және дәл солай қараусыз қалдырылады. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды істі қараушы сот төрешісі немесе сот жауап берушіге және іске қатысушы өзге тұлғаларға хабарламай-ақ сол күні шешеді. Жауап беруші даудың тақырыбын жоққа шығаруы мүмкін болатындықтан мұндай шұғыл әрекет қажет. Талап қоюды қамтамасыз ету бойынша тез арада сот шешімін орындау үшін бекітілген тәртіпте орындалуы тиіс соттың анықтауы шығарылады.
Талап қоюды қамтамасыз ету бойынша шаралары. Талап қоюды қамтамасыз ету шараларына мыналар жатуы мүмкін:
жауап берушіге тиісті және ондағы немесе өзгелердегі мүлікке тыйым салу( банктің корреспондеттік есепшотындағы ақшаға тыйым салу басқасы;)
жауап берушіге белгілі бір іс-әрекетті жасауға тыйым салу;
өзге тұлғаларға жауап берушіге мүлікті беруге немесе оған қатысты өзге де міндеттерді орындауға тыйым салу;
мүлікті қамаудан босату туралы талап қою арызын берген жағдайда мүлікті өткізуді тоқтату;
мемлекеттік органның, ұйымның немесе лауазымды тұлғаның жоққа шығарылған актісінің әрекет етуін тоқтату;
қарызгердің сот тәртібімен жоққа шығарған орындалу құжаты бойынша қарызды өтеуді тоқтату.
Қажет болған жағдайларда бірнеше талап қою түрлерін қамтамасыз етуге рұқсат етілуі мүмкін (ҚР АІПК 162-бап). Талап қоюды қамтамасыз етудің бір түрін екінші бір түрімен ауыстыруға да рұқсат етіледі. Талап қоюды қамтамасыз ету түрін ауыстыру мәселесі сот отырысында шешіледі.
Іске қатысушы тұлғаларға сот отырысының уақыты мен орны хабараланады, дегенмен де олардың сот отырысына келмеуі талап қоюды қамтамасыз ету түрін ауыстыру туралы мәселені қарау үшін кедергі болмайды. Ақшалай соманы өтеу туралы талап қоюды қамтамасыз ету кезңіде жауап беруші қамтамасыз етудің рұқсат етілген шараларының орнына талап етушінің талап еткен сомасын соттың депозиттік есепшотына сала алады. Талап қоюды қамтамасыз ету түрін ауыстыру туралы анықтау шыққан сәттен бастап, алғашқы анықтау күшңн жояды да, жаңа анықтау тез арада орындалуы тиіс. Талап қоюды қамтамасыз етудің қабылданған шараларын сол сот тараптардың арыздары немесе өз бастамасы бойынша жоққа шығарылуы мүмкін. Бұл мәселе уақыты мен болатын орнын іске қатысушы тұлғаларға хабарлай отырып, сот отырысында шешіледі, дегенмен де олардың сот отырысына келмеуі талап қоюды қамтамасыз ету түрін ауыстыру туралы мәселені қарау үшін кедергі болмайды. Талап қоюдан бас тартқан жағдайда талап қоюды қамтамасыз етуге қабылданған шаралар шешімнің заңды күшіне енгенге дейін сақталады. Талап қоюды қамтамасыз ету түрін ауыстыру немесе талап қоюды қамтамасыз етуді жоққа шығару туралы анықтау тараптардың мүдделеріне нұқсан келтіретін болғандықтан, алғашқы анықтаудың әрекет етуін тоқтата отырып, жаңа анықтаумен сот талап етуді қамтамасыз етудің қолданыстағы шараларын жоққа шығарады. Сондықтан да жеке шағым беру немесе оларға наразылық білдіру анықтауды орындауды тоқтатады. Талап етуді қамтамасыз етудің алғашқы қабылданған шаралары жоғары сот жаңа анықтауды өзгертусіз қалдырмайынша өз әрекетін сақтайды. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы мәселе бойынша барлық өзге анықтауларға жеке шағым беру немесе оларға наразылық білдіру анықтаудың орындалуын тоқтатпайды. Егер де талап қоюды қамтамасыз ету бойынша анықтау шағым берген тұлғаға хабарланбай шығарылған болса, шағым беру мерзімі оған осы анықтау белгілі болған күннен бастап белгіленеді.
Заңның талап қоюды қамтамасыз ету туралы мәселелер бойынша барлық анықтауларға шағым беру мүмкіндігіне рұқсат етуі тектен тек емес, бұл жерде тараптардың материалды мүдделері маңызды, соттың дер кезінде немесе құқықтық емес әрекеттерінің кесірінен олардың әрқайсысы шығынға ұшырауы мүмкін. Талап етушінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ете отырып, сонымен бірге азаматтық іс жүргізу заңы жауап берушіге талап етушінің өтініші бойынша қабылданған шаралардың салдарынан болған шығындарың өтету құқығын береді. Осы мақсатта сот немесе сот төрешісі талап етушіден шауап берушінің шығындарын өтеуді талап ете алады. Талап қою арызынан бас тартылған шешім заңды күшіне енгеннен кейін жауап беруші талап етушінің өтініші бойынша қабылданған шаралардың салдарынан болған шығындарын өтету туралы талап етушінің үстінен арыз беруге құқылы.
Қажет болған жағдайларда сот ҚР АІПК 158-бабында көрсетілген мақсаттарға жауап беретін талап қоюды қамтамасыз ету бойынша өзге шаралар қабылдауы мүмкін. Сол талап қоюды қамтамасыз етудің бірнеше шараларын қолдануы мүмкін. ҚР АІПК 159-бабының 1-бөлігінің 2),3) тармақшасын бұзған жағдайда кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сонымен бірге талап етуші бұл тұлғалардан талап қоюды қамтамасыз ету бойынша анықтауды орындамау салдарынан келтірілген шығындарды сот тәртібімен талап етуге құқылы.

2. Азаматтық іс жүргізудегі сот өндірісінің тәртібі
2.1 Азаматтық сот өндірісіндегі істі сот талқылауына дайындау сатысы: тәртібі мен негіздері

Сотта азаматтық іс қозғау бойынша іс жүргізу әрекеттерін іске асырғаннан кейін судья АІПК-нің 16-тарауының талаптарына сәйкес, істі сотта талқылауға дайындауды іске асыруға тиіс, оның мақсаты істі дер кезінде және дұрыс шешу болып табылады. Істі сотта талқылауға дайындауды іске осыдан кейін сот талқылауын жүргізуге ештеңе кедергі жасамайтындай етіп жүзеге асыру қажет.
Істерді сотта талқылауға дайындауды іске асырған кезде судьялар азаматтық іс жүргізу кодексінің ережелерін және Жоғарғы Соттың 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Істерді сотта қарауға дайындау туралы № 21 нормативтік қаулысын басшылыққа алулары қажет.
Сотқа дейінгі дайындықты жүргізу кезіндегі судьялардың қателіктері төмендегідей болып табылады:
сотқа дейінгі дайындық мерзімдерін ұзарту үшін негіздемелер бар екеніне қарамастан, мерзімдер ұзартылмайды. Судьялар аталған жайтты мұның азаматтық істердің жекелеген санаттарын қоспағанда, істі қараудың АІЖК- 164 бабымен белгіленген 2 айлық жалпы мерзіміне әсер етпеуімен түсіндіреді. Ал мұндай пікірлер істерді сотқа дейін дайындау институттың негізгі мақсатына сәйкес келмейді;
сотқа дейінгі дайындық тараптарды шақырып, талап арыздың көшірмесін 7 күн ішінде беру арқылы ресми түрде жүргізіледі.
сотқа дейінгі дайындық туралы ұйғарымның орындалуы қамтамасыз етілмесе, сотқа дейінгі дайындықтың жүргізілмегені көрсетіле отырып іс тыңдауға тағайындалады.
іс жүзінде сотқа дейінгі дайындық іс тыңдауға тағайындалғаннан кейін және сот отырысының кем дегенде бір күні өткеннен кейін жүргізіледі.
сотқа дейінгі дайындық тиісінше жүргізілмегендіктен істі тыңдаудың үнемі кейінге қалдырылуы және мерзімдердің бұзылуы.
Мұндай бұзушылықтар іс үшін маңызы бар мән жалар шеңберінің дұрыс айқындалмауына байланысты және АІПК-нің 16 тарауында көрсетілген басқа негіздемелер бойынша кейіннен соттардың шығарған шешімдері мен ұйғарымдардың күшінің жойылуына әкеп соғуы мүмкін.
АІПК-нің 163-бабының талаптарына сәйкес, әр іс бойынша істі сотта талқылауға дайындаудың міндетті мақсаттары төмендегілер болып табылады:
істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау;
басшылыққа алынуға тиіс заңды және тараптардың құқықтық қарым-қатынастарын айқындау;
іске қатысушы тұлғалардың және процестің басқа да қатысушылардың құрамы туралы мәселені шешу;
әр тарап өзінің тұжырымдарын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді айқындау.
Істі сотта талқылауға дайындауды сот әр іс бойынша, АІПК-нің 168-бабының талаптарына сәйкес шығарылған соттың ұйғарымы бойынша іске асырады. Мұндай дайындық соттың шешімінің немесе ұйғарымының апелляциялық немесе қадағалау тәртібінде күші жойылып, іс бірінші сатыдағы сотқа қайтадан түскен іс ретінде қаралатын болады; жоғары сатыда тұрған мекеменің нұсқауларын орындау мақсатында сот іс бойынша шындықты анықтауға, тараптардың пікірлерін және олар ұсынған дәлелдемелерді тексеруге бағытталған белгілі бір іс жүргізу әрекеттерін іске асыруға тиіс. Істі сотта талқылауға дайындау туралы сот ұйғарымының қорытынды бөлімінде сот істі сотта қарауға дайындау мақсатында жүзеге асырылып жатқан барлық іс жүргізу әрекеттерін көрстеуге тиіс.
Сотқа дейінгі дайындықты дұрыс жүргізу үшін судья төмендегі іс-әрекеттерді жүзеге асыруы қажет, оларды істі сотта талқылауға дайындау міндеттеріне қарай жүйеге келтіруді және кезегімен қарауды ұсынамын.
1. Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау.
Судья талап арыздың және оған қоса тіркелген, талапкердің талаптарын негіздейтін құжаттардың көшірмесін жауапкерге почта арқылы жібереді немесе өзіне тапсырады және оған өзі белгілеген мерзімде талап арызға жауап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындардың инновациялық қызметін салықтық ынталандыру шаралары
Нысанның орналасқан жері
Бизнес-жоспардың теориялық және практикалық аспектілері
Нарықтың мәні, қызметі мен құрылымы
Жер ресурстарының халықаралық құқықтық мәселелері
Саяси модернизация
Әлемдік саясаттың дамуының қысқаша тарихы
Заттай дәлелдемелердің сот - медициналық сараптамасы
Тұк дамушы нарықтарқа кіруінің стратегиялары
Қылмыстық процесте сот сараптамасын тағайындау, жүргізуді ұйымдастыру, зерттеу
Пәндер