Кимешек - қазақ әйелдерінің дәстүрлі ұлттық бас киімі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының оқу ағарту Министірлігі

Маңғыстау облыстық білім басқармасы

Қарақия аудандық білім беру бөлімі

Автор: Жетібай ауылы «№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ

5 «а» сынып оқушысы Қалжан Кәусар

5 «в» сынып оқушысы Исамедин Сайда

Тақырыбы: Кимешек аналардың асыл тәжі

Секция Этномәдениеттану

Жетекші Сарсенбаева Клара Аманжоловна

Қазақстан тарихы пәні

2023 жыл

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе . . . 3-4

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 5-13

1. 1. Кимешек туралы жалпы түсінік . . . 7-11

1. 2. Кимешекті тігу әдісімен танысайық . . . 11-13

1. 3Кимешек кигізу дәстүрі . . . 13-15

1. 4. Бас киімге қатысты ырымдар мен тыйымдар . . . 13

ІІ. Қорытынды . . . 14

ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 15

ІV. Қосымша . . . 16

Аннотация

Бұл жұмысты жазу барысында этнограф ғалымдардың кітаптары, Өзбекәлі Жәнібековтың «Қазақ киімі» альбом-кітабы және тағы басқа зерттеушілер еңбектері зерделенді. Адамзаттың киім кию үлгісі тарихы зерттеліп, материалдық мәдениеттің ажырамас бөлшегі екенін түсіндім. Қазақ халқының бас киiмi басқа ұлттардан ерекше, өзiндiк қасиетке толы.

Адам баласы қай заманда да баскиімге ерекше көңіл бөліп, аса құрметпен қараған. Соның ішінде кимешек-әйелдің бас киімі ғана емес, қазақ халқының ұлттық құндылығы. Кимешек кигізу салт- дәстүрін жаңғырту, қазіргі жаһандану заманында ұлттық құндылықтарымызды жастарға дәріптеп, насихаттау. Салтанат сәнімен әйелдеріміздің бетіне әр беріп келген кимешек те басқа киім үлгілеріндей өзіндік пайда болу, даму, құлдырау, қайта өрлеу дәуірлерін басынан өткізді.

КІРІСПЕ

Киім тек қана жай мата емес ол бүтін бір халықтың материалдық мәдениетін танытатын ғажайып дүние. Қазақ халқының материалдық мәдениетінің бір бөлшегі ол - ұлттық киім. Адам көркі шүберек деп атам қазақ бекер айтпаған. Қайсыбір халықты алып қарасақта ұлттық киімі сол халықтың тұрмыс тіршілігінен, әдет ғұрпынан, салт-дәстүр мен халықтың хал-ахуалынан кең көлемде жан -жақты хабардар етеді. Соның ішінде Қазақ халқының кимі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін, көшпелі ғұмыр кешуімен байланысты. Қазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіреді. Қазір өзіміз күнделікті киіп жүрген бірқатар киім үлгілері сақ дәуірінен бастау алады. Соның бірі, қазақ халқының ұлттық бас киімі.

Ертеде екі тайпа ел жауласып өзара бітімге келе алмай жағдай қиындағанда ақ жаулықты аналарымыз араша түсіп, кимешектің үстіндегі жаулығын басынан сыпырып алып екі араға тастағанда киелі баскиімнен ешкім аттап өте алмаған. Демек, кимешектің саяси, тарихи мәні бар деп айтуға болады.

Әсіресе, әйелдердің тұрмыс - тіршілігінде шашты жинап, басты байлап жүрудің гигиеналық, этикалық, эстетикалық мәні зор. Тіпті, шаштың қадірі бастың қадірінен кем болмаған. Өткен заманда шашына рұқсатсыз қол тигізген бөтен адамнан сөз құнындай құн дауланған, төлем белгіленіп айыппұл алынған. Күнделікті тамақ әзірлеу, бала күтудің өзі шашқа ерекше көңіл бөлуге мәжбүр етеді.

Кимешек -қазақ әйелдерінің әдемілігін арттырып, ажарын ашатын киелі бас киімі. Оның түрлері тігілуі мен әшекейіне қарай аймақтық рулық ерекшеліктерге ие, сан алуан сипатта кездеседі. Кимешектің әшекейі мен әдемілігі жас ерекшелігіне қарай парықталып тұрады. Мәселен, әр жастағы әйелдер кимешегінің ою - кестесі жеңіл, тым жылтырақ болмайды. Ал, жасырақ әйелдердің кимешегі қызылды - жасылды, барынша сәнді етіп әшекейленеді. Киелі кимешекті қалай болса солай кез келген уақытта кие салмайды. Оны кюге қатысты өзіндік жол - жорлар бар.

Кимешек - қазақ әйелдерінің киелі бас киімі. Әдетте кимешек ақ матадаң немесе ақ жібектен молдау пішіліп, адамның басын, иығын, кеудесі мен жаурынын жауып тұрады. Кимешекке қарап әйелдердің шырайын, жас мөлшерін, тұрмыс-жайын, тіпті жүріс-тұрысына дейін анық ажыратып алуға болады екен. Апаларымыздың ұқыптылығы мен салақтығы да кимешегінен көрінетін. Кимешектің түрі мен тарихи тұрпаты сан-алуан. Олар көбіне рулық-тайпалық өмір ерекшеліктеріне байланысты.

Жұмыстың өзектілігі: қазақ әйелдерінің бас киімі - кимешек. Ұлттық бас киімнің қазіргі таңда жастардың бейхабарсыз екенін ескере отыра, әйелдердің бас киімі - кимешек пен терең танысқымыз келді. Ғасырлар бойы сәнін де, мәнін де жетілдіре түскен кимешектің бүгінгі тәуелсіз еліміздегі ерікті үлгілерінің тарихымен, оның маңыздылығы мен әйелдер қауымының өмірінде алған ерекше орнын жеткізгім келді. Осыны мен жадымда сақтап, алдыма мынадай максат қойып, жұмысымды жаздым.

Жұмыстың мақсаты: қазақ халқының мәдениетімен, соның ішінде ұлттық әйелдер бас киім - кимешек туралы тарихылығын жете білуге, сонымен бірге қазіргі жастарға ұлттық мәдениеттің маңыздылығын өзекті болып табылатынын көрсету. Кимешек кигізу дәстүрін жаңғырту.

Міндеттері: Қойылған мақсаттан шыға отырып, келесідей міндеттер қойылды және шешілді:

  • қазақ халқының ұлттық бас киімдерінің ерекшеліктері, түрлері, пайдалану және тұтыну ерекшеліктерін түсіну;
  • көркем өнердің дәстүрін, оның тарихылығын жете білу, бас киімнің тиімділігін түсіну;
  • кимешекті пішу әдісін, үлгісін дайындаумен танысу, тігу;
  • қазіргі уақыттағы ұлттық мәдениеттің маңыздылығын көрсету.

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. 1. Кимешек туралы жалпы түсінік.

Адам баласы табиғаттың сыртқы әсерлерінен қорғану, қорғалу үшін тұрмыстық қажеттіліктен пайда болған бүркеншік жамылғы бірте - бірте жетілдіріліп, адам баласының даму кезеңдеріндегі эстетикалық талғамының көшірмесіндей өнер туындысына айналды.

Қазақ халқы ешқашан жалаң бас жүрмеген. Ер адам, әйел адам өзіне сай бас киім киген. Жалаң бас жүрмеудің экологиялық, эстетикалық негізі бар. Бас киім қыста аязда, жазда күннің ыстығынан қорғайды. Денсаулыққа үлкен мән берген ата - аналарымыз бас киімге аң, мал терілерін пайдаланған, тыстық ретінде берік, тығыз, шыдамды матаны қолданған. Ұлттық бас киімдердің түрлері: бас киімдер XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдеріне зерттеу жасаған И. В. Захарова мен Р. Р. Ходжаева ер адамның бас киімдерін 6 түрге бөлген:

Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім бас киім - тақия; Матадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген бас киім - төбетей; Киізден тігілген бас киім - қалпақ; Қалың матадан тігілген башлық (күләпара) ; Тері қапталған жылы бас киім бөрік; Аң терісінен жасалып, суықта киетін бас киім.

Үйге келген қонақ ілулі тұрған кимешектің үлгісіне қарап - ақ отбасындағы әйелдердің жас мөлшері, талғамы мен дәрежесінен хабардар болған. Демек, кимешек - әрі төлқұжат, әрі мінездеме рөлін атқарған.

«Кимешек әр аймақтың тұрмыс қажеттігінен туындағанын, ортақ өндірістік қатынастардың болмағанын ескерсек, сырт көзге ғана бөлек болып көрінеді. Ал - жақынырақ танысып, бізге жеткен пішім үлгілерін сараласақ, негізгі басты ұстанымы ортақ. Яғни, мәні сақталады, сәні уақыт үрдісіне, жеке ісмердің шеберлік деңгейіне, ой - қиялы мен өресіне сай өзгереді. Алайда, ортақ қағидасы бұзылмады. Әр өңір өзінше әр түрлі береді. Біреу ойығын ойып, біреу жиегін жиып, біреу өңірін сырып киді. Бәрі пайдасын біліп киді.

Кимешек- қазақ әйелдерінің дәстүрлі ұлттық бас киімі. Кимешек ақ матадан тігіліп, жиегі астарланады. Кимешектің иекті айнала, маңдайды жауып тұратын екі жағын шықшыт дейді. Кимешек жас ерекшелігіне қарай көркемделеді. Жасы егделенген әйелдердің кимешегінің ою-кестесі жеңіл, сары, ақ жіппен сырылады. Жас әйелдердің кимешегі қызыл, жасылмен әшекейленеді. Кимешектің алдын жақ деп атайды. Оны қол кестесімен кестелейді. Кимешектің шылауыш деп аталатын түрін жас келіншектер, орта жастағы әйелдер, әжелер де киеді. Кимешекті басқа сәйкестіре пішіп, тігеді. Кимешектің белден төмен түсіп, шашты жауып тұратын ұзын ұшы құйрықша деп аталады. Кимешек кеуде, иық, жонды жабатындай тұйық етіп жасалады. Тек адамның бет - әлпеті ашық тұратын жері ойық болады. Ойықтың екі жағы, кеудеге келер тұсы кестеленіп әшекейленеді. Жылтыр жіптермен бастырылып, сырыла тігіледі. Ал, ойықтың жиегін өңді жіппен шалып тігеді. Мұны «алқым шалу» дейді. Кимешектің кеудедегі бөлігінің ұшына күміс теңгелер тағылады. Бұл кимешекке сән береді, әрі төмен қарай басып, жазылып тұруға әсер етеді. Кимешек әйелдердің шашын шаң-тозаңнан сақтап, қобырап тұрмауына септігін тигізеді. Кимешектің Қазақстанда бұрама жаулық, иекше, т. б. атаулары да кездеседі. Кестесіне қарай кимешек қызыл жақты, сары жақты, ақ жақты кимешектер болып бөлінеді. Ақ жақты кимешекті қарт әжелер, қызыл жақты кимешекті келіншектер, сары жақты кимешекті орта жастағылар киеді. Кимешек кейде күміспен, моншақтармен шеттіктеледі. Бұрын әр тайпа мен рудың кимешек терінің пішімінде, түрінде және сырт көрінісінде өзіне тән ерекшеліктері болған. Дәстүрлі қазақ қоғамында жаңа түскен жас келіннің алғаш кимешегін кигізуге байланысты ғұрыптық рәсім өткізілетін болған. Жаңа түскен жас келінге алғаш кимешегін кигізу әйелдің қонақ асын беруімен бірге өтеді. Оны келіннің енесі ұйымдастырып, ауылдың қарт әжелері шақырылады. Келгендердің бірі жас келінге кимешек кигізіп, енесінен сый алатын болған.

Кимешекке жеткенше әйел баласы бірнеше кезеңдерден өтіп, әртүрлі баскиім киіп бастың өзін «бастықтыруы» қажет. Айталық, сәби қыз дүниеге келгеннен бастап - сылау тақия, сырма тақия, көз моншақты тақия, балауса қыздар маңдайын кестелеген шыт байлама, бойжеткендер маржандаған кепеш, топы, үкілі тақия немесе қалыңдықтар қарқаралы бөрік, сораба және сәукеле, қасаба киген. Талғаммен тігілген кимешек кигенде беттің алмасы ғана көрінеді. Шақырайған кимешекке үйренгенше қымсынып, үстінен желек жамылған. Енді біраз уақыт өткен соң, алдын ашу деген рәсім жасалады. Желектің алдыңғы екі ұшын артқа қайырып, белге байлайды. «Алды ашылған әйел» деген сөз осыған байланысты айтылған. Сөйтіп, бірте - бірте желегін сыпырады. Желегі басынан түскенше төрге шығуға болмайды. Кішкентай балалар тентектік жасап, төрге қарай жүгірсе, келін амалсыз босағада тұрып қалуға мәжбүр болады. Кимешектің киілуі - келіннің кердең мінезден тыйылуы, ата- салттың алдында иілуі. Келін болып келгені емес, келін болып қалғаны. Әулетке ұрпақ қосқаны үшін салтанатпен санатқа ілініп, өзінің лайықты орнын иеленгендігі. Екінші баласын туғаннан кейін, кимешектің үстінен шылауыш байлайды. Жас ерекшелігіне қарай шылауыштың маңдайын (жіңішке, орташа, жалпақ етіп) қайырады.

Кейбір өңірде рудың, елдің атақты адамдары қайтыс болғанда ауыл - аймақтың әйелдері желектерін сыпырып тастап, бәйбішелері жақ салмаған ақ кимешек киетін болған. Мұны «ақ жақ болды» деп те атайды екен. Яғни, басы қаралы, жүрегі жаралы елдің аза тұтқан белгісін тағы да бөз бүркеншік айтқызбай білгізген. Бастағы бөз байлауыш әйелдің жесірлігін, басы бос, тірі жесір, қарасы түсірілмеген т. б. белгілерін айқындайтын анықтамасы болды. Алтай қазақтарында «жақ бұзу» деген ұғым кездеседі, яғни жесір қалған әйел кимешегінен қызылды - жасылды өрнектерді алып тастайды. Мұндай әйелдердің кимешектерін жыл толғанша теріс кигізіп, жыл толғаннан кейін оң кигізетін салт болған.

Кимешектің бізге жеткен хронологиялық ғұмырының ең ежелгі түрі - орама кимешек. Бұл жай ғана басты ораудың, жабудың қажеттілігінен пайда болуы мүмкін.

Орама кимешекті Ақмола жақтың қазақтары ХХ ғасырдың 20-30 жылдарына дейін киген. Мата тігілмей, ерекше пішілген бет -әлпеті шығын тұратын бөлігіне ойықша жасалған, оны басқа ораған кезде кәдімгі кимешектерден айырмашылығы болмаған.

Сырдария бойындағы Кіші жүз руының бірінде пішіні өз бетінше бөлек, бүрмелі кимешек түрі болған. Оның алдыңғы жағы кеудеге түсіп, ал жоғарғы жағы бүктеліп, бетті екі жағынан қоршап тұру үшін басқа байлап бекітіліп қоятын болған. Кейде арқа бөлігінің жоғарғы бұрышына төбешік тігілген.

Кимешектің төптүркіні қазақтардан шыққандығын дәледейтін дәйекті жазба деректер бар. Оны таратуда, дамытуда Шыңғыс ханның жорығы мен Ұлы жібек жолының тікелей де жанама әсері ерекше болды.

Шылауышты басқа тартқанда шаршысының ұшы етіктің сірі өкшесіне тиіп тұруға тиісті. Шылауыштың шетіне қол кестемен қызыл, жасыл, сары, жолақ және жалғасқан қысқа оюларды салады. Оның бұрыштарына үшбұрыш және дөңгелек оюларды кестелеп немесе сырып әшекейлейді. Шылауыштың төбесінен шекеге таман үкінің сабағын орап, маржанмен отырғызады. Жас келіншіктер тартатын шылауыштардың бұрышын кестелеп, төбесінен шашақ төгілтіп, кестеленген төбілдірік те пайдаланады. Шылауыштың әр тайпалық үлгілері болады. Моңғолия еліндегі қазақ әйелдерінің басқа тартатын Керей үлгісіндегі шылауыштың ұштарына сәндік үшін шашақ, төбесіне төбілдірік бастырып шашақтайды. Алдымен кимешекті киіп, содан кейін шылауыш тартып, төбілдірікті бастырады.

Күндік жаулық кимешектің сыртынан жартылай оралып, тартылады. Әйелдер оны үш - төрт құлаш ақ түсті матадан, жібектен дайындаған. Күндік жаулық тартқан әйел күнге қарсы жүргенде, күндіктің маңдайындағы үшбұрышты қаттаманы еңкейтіп түсіріп қояды. Күндік жаулықтың үшбұрышты қаттама шыққан жерінен және әйелдің желкесіне келетін тұсынан түйреуішпен түйреп бекітеді. Жаулықтың ішінде Қызай үлгісіндегі кестелі жаулықтың салтанатты ерекше. Шылауыш - кимешектің үстінен байланатын үлкен шаршы орамал. Керей әйелдерінің шылауыш, кимешектері де басқа жердің әйелдерінің кимешек киіп, шылауыш тартуынан өзгеше келеді. Шылауыш төбесіне «алтындалған», «күмістелген» жіптерден тоқылған шашақты төбелдіріктерді қадап, шылауышты сәндеп тартады. Сол сияқты шылауышқа ай түйреуіштерді, қоңыраулы түйреуіштерді, маржанды түйреуіштерді тағып сәндейді. Кимешектің кеуде жағын, бет жаулықтарын көмкеріп кестелейді.

Ақ кимешек - қазақ әйелдері баскиімінің жапылама шартты түрдегі атауы, ақ жаулықтың баламасы. Кимешек - әрі этноқұндылық, әрі қайта айналып келген тәуелсіздіктің символы. Әйелдің баскиімін қадірлеген ұлттың әйелі де құрметті.

Кимешектің күрделі пішімі - басқа киілетін бөлігі. Ол - «төбелдірік», «шықшыт», «желке», «маңдай», «алқым», «иін» деп аталатын бедер қиындылардан құралады.

Кимешек ұзындығына қарай - арқа жабар, бел жабар (түйе кимешек), қылта шалғай, өкше қағар болып төрт өлшемге бөлінеді.

Кимешектің киюге де, күтуге де ыңғайлы түрі - тоқыма кимешек.

Тоқыма кимешек «киім - кешек» деген түбірге лайық төбесінен етегіне қарай ілмек (қармақ) бізбен тоқылып иықтан төмен түскенде кәдімгі желбегей жамылғыға жалғасып, түрлі бүршіктермен шашақтап, шілтерлеуге, әрлеуге мүмкіндік береді. Күндік, қасаба, сәлденің түрлері сияқты тоқыма кимешектер де жаздық, қыстық болып бөлінеді.

Арқа жабар көбіне ғибадат құлшылық жасау, намаз оқуға ыңғайлы. Түйе - кимешек - үлгінің ертеден қалыптасқан түрі. Аты айтып тұрғандай түйеге, басқа да көлікке отырғанда бүктелмейді, ұзындығы құймышықтың ұшымен тұйықталады. «Күндігін қарқарадай қоқитып, түйенің үстінде келе жатыр» деген одағай сөз тіркестері бар. Шалғайы қылтасын, қапталы бөксесін жауып киілетін кимешек - тойға да, «қойға да» ыңғайлы, күнделікті тұрмысқа қолайлы болған.

1. 2. Кимешектің тігу әдісімен танысайық.

Кимешек ақ бұлдан тігіліп, жиегін астарлайды. Кимешектің иекті айнала маңдайды жауып тұратын екі жағын “шықшыт” дейді. Кимешекті жас ерекшелігіне сәйкес әшекейлейді. Егде әйелдердің кимешегінің әшекейі аздау, ою-кестесі жеңіл болады, сары, ақ жіппен сырылады. Жас әйелдердікі қызыл, жасылмен әшекейленеді. Кимешектің алдын “жақ” деп атайды. Оны қол кестесімен кестелейді. Кимешек-шылауышты жас келіншектер, орта жастағы әйелдер, кемпірлер тартып киеді. “Кимешек кию, шылауыш тарту” деген сөздер арқылы бұл бас киім айқындалады. Кимешекті басқа сәйкестіріп пішіп тігеді. Кимешектің адамның арқасына түсер жері ұзыншақ келеді. Мұны “құйрықша” деп атайды. Кимешек кеуде, иық, жонды жауып тұратын тұйық болады. Тек адамның бет-әлпеті шығып тұратын жері “ойық” болады. Ойықтың екі жағы, кеудеге келер тұсы кестеленіп әшекейленеді. Жылтыр жіптермен бастырылып, сырыла тігіледі. Ойықтың жиегін өңді жіппен “шалып” тігеді. Мұны “алқым шалу” деп атайды. Алқым шалудан кейінгі “жадағай” тігісті “су” деп атайды. Судан кейін “қиықшалап” тігеді. Қиықшадан кейін су “жүргізіп”, “құман бау” деп аталатын әшекей тігіспен тігеді. Құман баудан соң “Күрең кесте” деп аталатын ою-өрнек салынып тігіледі. Күрең кестеден кейін “сағат бау” тігісі жүріледі. Сағат бау кей жерде “ағақ бау” деп те аталады. Кимешектің кеудедегі бөлігінің ұшына күміс теңгелер тағылады. Бұл кимешекке сән береді, әрі төмен қарай басып, жазып тұрғанға әсері болады. Кимешектің бір мәні әйел адамдардың шашын шаң-тозаңнан сақтап, додырап шықпауына септігін тигізеді. Бұл да діни наным-сенімнен туындап, мұсылман әйелдерінің шашын жасыруларына көмегі тиеді. Кимешектің Қазақстанда бұрама жаулық, иекше атаулары кездеседі.

Кестесіне қарай кимешек қызыл жақ, сары жақ, ақ жақ деп үшке бөлінеді. Ақ жақты қарт әжелер, қызыл жақты келіншектер, сары жақты жастар киеді. Кимешек кейде күміспен, тана, моншақтармен шеттіктеледі. Әр тайпа мен рудың кимешектерінің пішімінде, түрінде және сырт көрінісінде өзіне тән ерекшеліктері болған.

Кимешектің, қазақ рулары мен тайпаларының өзгеше болуына байланысты, әр түрлі үлгілері болады. Кимешектiң Қазақстанда бұрама жаулық, иекше атаулары кездеседi. Көне түрі - тігілмей пішілген мата кесегі, басқа тартылған орама кимешекті Ақмола қазақтары ХХ ғ. 20-30 жылдарына дейін киген. Келесі бір түрі матаның тұтас кесегінен пішіліп, бір жақ қырынан келетін жағынан бас сұғатын орын қалдырылып, бір-ақ тігіспен тігілетін болған түрі Омбы, Атбасарда, Әулиеата өңірінің теріскейінде және оңтүстіктегі қоңыраттарда сақталған. Солтүстік және Орталық Қазақстанда кимешектердің алдыңғы жағы трапеция немесе үшкірленіп пішіліп, жоғарғы бөлігінде бетке орын қалдырылған; арқа жағы дұрыс ромба түрінде келеді де, құйырығы тізеге, тіпті өкшеге дейін түсетін болған. Шығыс Қазақстандағы кимешектер құйрық бөлігі қысқалау, алдыңғы жағы жоғарғы бұрыштары қиғаш келген төртбұрыш секілді болған; оның екі жағына квадратқа жақын түрдегі жақтаулар бекітіліп тігілген. Сырдария бойында бөлек бүрмелі кимешек түрі болған, оның алдыңғы жағы тура бұрышталып пішілген; төменгі ұзын жағы кеудеге түсіп, ал жоғары жағы бүктеліп, бетті екі жағынан қоршап тұру үшін басқа байлап бекітіліп қоятын болған. Оңтүстік қазақ әйелдерінде кеңінен тараған кимешек түрі ұзынынан екіге бүктеліп пішілген мата кесегінен жасалатын болған. Көп тараған түрі “мұнара тектес болған”. Ол үшін бүкіл мата біртіндеп басқа оралып, ұштары орам арасына кіргізіледі немесе желке жақтан түйіледі.

Алғашқы тігіс - шалу, мұны кейде «алқым шалу» деп те атайды. Алқым шалудан кейінгі жадағай тігісті «су» деп атайды. Судан кейін қиықшылап тігеді. Қиықшадан кейін «су жүргізіп», «құман бау» деп аталатын әшекей тігіспен тігеді. Құмау баудан соң «күрен кесте» деп аталатын ою - өрнек салынады. Күрен кестеден кейін сағат бау тігісі жүреді. Әр жерінен жаршан (күміс теңге) тағылады.

1. 3. Кимешек кигізу дәстүрі

Ал бір деректерде кимешек кестесіне қарай үш түрге бөлінетіні айтылған. Соған қарап әйелдің жасын білуге болады. Кимешектегі адам жүзін көрсететін ойықтың шеті ақ бас киімді әжелер, сарыны орта жастағы әйелдер, қызылды жас келіншектер киген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ұлттық киімі
Әйел киімдерінің классификация
Қазақ халқының ұлттық киімдерінің, оның ішінде ұлттық бас киімдердің пайдас мен әсемдегінін қазіргі ұрпаққа насихаттау жолдары
Ұлттық мәдениетіміздің бұйымдарына жататын қазақтың ұлттық киімдері
Ұлттық киімдер
Қазақ ұлттық киімінің заманауи тенденциялары
Қазақтың ұлттық киімі бас киім
Оқушылардың өздігінен дербес бақылауы
Төбетей - теріден тігілген матадан тігілген кішкентай бас киім
Әйелдердің киім-кешегі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz