Экономикалық теория және экономикалық саясат
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Экономикалық теория және экономикалық саясат
Мазмұны:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Экономикалық теорияның қалыптасуы мен тарихи даму кезеңдері
Экономикалық категориялар мен заңдар
Экономикалық саясаттың міндеттері мен қызметтері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
"Экономикалық теория және экономикалық саясат" - бұл экономикалық теория, практика және саясат арасындағы байланысты зерттейтін сала. Экономикалық теория - бұл экономикалық құбылыстар мен процестерді талдау жүйесі, ал экономикалық саясат белгілі бір әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға жету үшін экономиканы реттеу үшін мемлекеттік органдар қабылдаған әрекеттер мен шараларды қамтиды. Бұл екі сала бір-бірімен тығыз байланысты және бір-біріне әсер етеді, экономикалық модельдердің, даму стратегияларының және экономикалық өсуге қол жеткізу жолдарының қалыптасуына әсер етеді.
Экономикалық теория мен экономикалық саясатты зерттеу экономикалық дамудың негізгі заңдылықтарын түсіну және негізделген экономикалық шешімдер қабылдау үшін үлкен маңызға ие. Бұл ретте Экономикалық теория экономикалық құбылыстарды әртүрлі модельдер мен гипотезалар арқылы сипаттайтынын және талдайтынын түсіну маңызды, ал экономикалық саясат қоғамның мақсаттары мен басымдықтарына сәйкес экономикалық процестерді өзгертуге бағытталған нақты әрекеттерге бағытталған.
Осылайша, бұл реферат экономикалық теория мен экономикалық саясат арасындағы байланысты, олардың экономикалық стратегияларды қалыптастыруға және шешім қабылдауға әсерін, сондай-ақ олардың қазіргі әлемдегі маңыздылығын қарастыруға арналған. Реферат экономикалық процестерді түсінудің негізгі теориялық тәсілдерін талдауды, экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын қарастыруды және олардың теориялық тұжырымдамалармен байланысын, сондай-ақ әртүрлі экономикалық теорияларға негізделген экономикалық саясатты сәтті және сәтсіз практикалық іске асырудың мысалдарын қамтиды.
Негізгі бөлім
:: Экономикалық теорияның қалыптасуы мен тарихи даму кезеңдері.
Экономикалық ғылымның ұзақ және аса бай тарихы бар. Экономикалық ілімдерді жүйелеудің ең алғашқы белгілі талпыныстары Аристотель (б.з.д. 364-322) мен Платон (б.з.д. 428-348) сияқты ежелгі грек ойшылдарымен байланысты. Олар өз зерттеулерінде экономикалық өмірдің негізгі мәселелерін қарастырған. Аристотель экономиканы байлық туралы ғылым ретінде анықтап, құн, баға және ақша теориясына өте көп үлес қосты.
Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам өміріндегі ең қажетті шарт -- аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардың табиғи ортада хайуанаттардан бөлініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция ойшылдарының еңбектерінде қарастырылды. Мәселен, Ксенофонттың (430-355ж.ж.) Табыс туралы, Экономика атты еңбектері экономика ғылымына бастау берді. Оның зерттеулерінде экономиканы бірнеше салаға: ауыл шаруашылығына, қолөнерге және саудаға бөліп қарастырған. Платон (427-347ж.ж.) еңбек бөлінісі туралы, еңбекті мамандыру мен олардың ерекшеліктеріне мән беріп зерттеген. Аристотель Саясат және Этика трактаттарында ең алғаш рет экономикалық процестерді, құбылыстарды қарастырады. Аристотельдің пікірі бойынша экономика шаруашылықты жүргізудегі әмбебап тәртіптердің жиыны, яғни ол арқылы байлықты өсіруге болады. Ол байлық деп осы шаруашылықта өндірілген өнімдердің жиынын санады. Сонымен бірге, ол шаруашылықты көркейту үшін айырбас, сауда қатынастарын дамытудың қажет екендігін түсінген.
Экономика ғылымының қалыптасуына үлестерін қосқан мектептердің алғашқысы -- меркантелистер мектебі. Ол итальян сөзінен аударғанда саудагер, көпес ұымын береді. Бұл мектептің өкілдерінің алға қойған мәселесі-қоғамдық байлықтың негізі ақша, алтын деп біледі. Меркантелистердің талабы тауарды шет елдерге барынша көп сатып, олардан мейлінше аз сатып алу арқылы елдегі ақша және алтын қорын молайту жолдарын іздеу. Олар акша неғұрлым көп болса, қоғамның байлығы да мол болады деген ұғымды басшылыққа алды. Бұл жердегі бір кемшілік сауда капиталы қоғам байлығын, адамдардың әл-ауқатын көтеретін күш болып табылмайды, себебі айналыс, айырбас саласында тек қана құн формасы ауысып тұрады, екінші сөзбен айтқанда, тауар, оның құны бір қолдан екінші қолға өткенде ешбір жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды.
Меркантелистік мектептің осы кемшілігін келесі бір мектеп-физиократтар (грекше физис-табиғат, ал кратос-билік дегенді білдіреді) сынға алды. Олардың пікірі бойынша қоғамдық байлық, саудада емес, өндірісте, соның ішінде тек ауыл шаруашылығында. Осы бағыттың негізін қалаушы Ф. Кенэ, А. Тюрго т. б. Ф. Кенэ тұңғыш рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты "Экономикалық кесте" жасады. Бұл кестеде бір жыл ішінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы өндіріс процесі зерттелінді.
Бірақ олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі қате пікір болды. Оны буржауазиялық саяси экономияның көрнекті өкілдері У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, С. Сисмонди еңбектері айқын көрсетті. Қоғам байлығы жалпы өндіріс салаларында пайда болатындығы дәлелденді. Ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіптің материалдық игіліктерді өндіру, өңдеу процестерін жалғастыратын байланыс, халыққа қызмет көрсету салаларында да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды деген қағида берік қалыптасты.
Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын экономикалық ой-пікірдің прогрессивті сатысы болды. Классикалық буржуазиялық саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негізін қалады.
Осы ой-пікірдің қалыптасуы сауда және қарыз-өсімқорлық капиталына қарсы өндірістік капиталдың адғамдағы ерекше рөлін атап көрсеткен ғылыми қағида болғаны белгілі. Еңбек құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады. Маркстік экономикалық теория XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Маркстік саяси экономия -- еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін қорғайтын теория. Сондықтан да оған карама-қарсы буржуазиялық тұрпайы (вульгарлық) саяси экономия пайда болды. Маркстік теория бойынша, пролетариат барлық енбекші қауымды капиталистік қанаудан азат етіп, қоғамдасқан социалистік өндіріс орнатуы қажет.
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында бірнеше экономикалық мектеп қалыптасты, олардың бірі-маржинализм (французша marginal-шекті) теориясы.
Бұл бағыттың ортаға салған мәселесі-шаруашылық қатынастарға тартылған жеке адамды субъективті-психологиялық тұрғыдан экономикалық талдау. Олардың пікірі бойынша кезкелген адам игіліктің құндылығын өзі субъективті түрде анықтайды, яғни пайдалылығына қарай бағасын орнатады. Осы мектептің өкілдері -- К. Менгер, Э. Бем-Баверк, В. Визер. Экономикалық теорияның келесі бір-жаңа бағыты "неоклассикалық" бағыт, негізін қалаушы ағылшын экономисі А. Маршалл (1842 -- 1924). Оның басты еңбегі "Экономика ғылымының принциптері" 1890 жылы жарық көрді. Ол өндіріс шығындары, сұраныс пен ұсыныс, шектелген пайда немесе шекті пайда және шекті өнімділік теориясын біріктіруге тырысты. АҚШ-та Дж. Кларк (1847 -- 1938) шекті өнімділік және өндіріс факторларының, кему заңын тұжырымдады. Ол заң бойынша өндіріс факторлары неғұрлым өскен сайын, оның өнімділігі де кеми бермек. Сөйтіп XIX -- XX ғасырларда экономика ғылымында математика мектебі пайда болды. Бұл бағыттың негізін қалаушылар -- М. Вальрас, В. Парето, У. Джевонс.
Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіндірулер қолданылады. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де методология бірдей қажет. Методология дегеніміз -- ғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.
Экономикалық теорияның пәні - адамдар мен әртүрлі әлеуметтік топтар арасында игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестері барысында қалыптасатын экономикалық қатынастар. Нобель сыйлығының лауреаты П. Самуэльсон экономикалық теория пәнін өзінің Экономика аттыеңбегінде тұтыну және өндіруді жүзеге асыру, қалыпқа келтіру, адамдар арасындағы айырбаспен, ақшалай келісім-шартпенбайланысты қызмет түрлері дей тұра, көптеген мысалдар келтіре отырып, экономикалық теория пәні тек осы және ол өзгермейді, ол нақты деп айту қиын деген.
Экономикалық процестерді танып-білу әдістеріне тоқталар болсақ, бірнеше зерттеу әдістері бар . Олар: ғылыми абстракция, талдау және синтездеу, индукция мен дедукция әдістері және объективті жағынан есептелген (статистикалық), жинақталған материалдарды жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар жасау және оны тексеру, эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалық модельдер жасау.
Ғылыми абстракция дегеніміз - зерттеу пәнін жеке, кездейсок, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздін түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу.
Экономикалық құбылыстарды талдау-зерттеліп отырған құбылысты жеке элементтеріне жіктеп, оның әрбір элементін бір тұтастықтың қажетті құрамдас бөлігі ретінде зертеу. Синтездеу-бұл экономикалық құбылыстардың жеке элементтерін біріктіру арқылы ортақ қортында жасау.
Индукция - жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарады.
Дедукцияда керісінше, жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады. Ғылыми жүйенің қалыптасуы индукция және дедукция методологиялық әдістермен жүзеге асырылады. Экономикалық категориялар тарихи сипатта болады, олар қоғамдық формацияның қалыптасу, даму процесін сипаттайды. Сонымен қатар, экономикалық категориялар қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы, тауар, құн, ақша, сұраныс, ұсыныс, т.б.
:: Экономикалық категориялар мен заңдар.
Барлық экономикалық құбылыстар мен процестер экономикалық заңдардың әсері арқылы дамып отырады. Экономикалық заңдар -- адам қоғамы дамуының түрлі сатыларында өндіру, бөлу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларында қатынастарды анықтайды. Экономикалық заңдар ерекше және жалпы болып бөлінеді. Ерекше заңдар-шаруашылық жүргізудің нақты тарихи формаларының даму заңдары. Жалпы заңдар-барлық тарихи даму кезеңдеріне тән заңдар. Олар қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланысын көрсетеді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz