Экономикалық зерделеу

Қызылорда қаласы
Химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс
Оқу бағдарламасына сәйкес тақырыптың бағыты: Экономикалық зерделеу
Тақырып: Қазақстанда шикізатты өндіру қалай жүзеге асырылуда?
(3063 сөз)
Орындаған: Кани Сұлтан
Жетекші: Кенбаева Надежда
Ішкі модератор: []
Қызылорда, 2021-2022жыл
Мазмұны
Кіріспе бөлім 3
Негізгі бөлім 5
А. Зерттеу сұрақтары: 5
2.1 Қазақстанда шикізат өндіру саласына қалай баға беруге болады? 5
2.2 Covid - 19 инфекциясы Қазақстан шикізат өндіру ссаласына қалай әсер етті? 8
2.3 Шикізат өндірудің экономикаға, саясатқа және экологияға қандай кері әсерлері бар? 10
В. Зерттеу әдістері және қорытындысы: 12
С. Бағалау: 14
Қорытынды бөлім 16
Пайдалынылған дереккөздер 17
Кіріспе бөлім
Қазіргі әлемде, Қазақстан өз орнын белгілеп, болашаққа бағыт-бағдарын нақты белгілеп қойды. 2017 жылғы мәліметтерге сүйенсек, мемлекетіміз әлемдік ЖІӨ 0,2% құрайды, солайша 55 орында тұр. Егер Қазақстанның халықаралық резервтеріне баға беретін болсақ, 2017 жылы 27 млрд АҚШ долларына тең болды. Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда, елдің халықаралық резервтері (59,0 млрд АҚШ доллары) 2019 жылдың наурыз айының соңында 86,0 млрд АҚШ долларын құрады [1]. Соңғы жылдары, ел экономикасы қарқынды дамуда. 2020 жылы ел бойынша 85,7 млн тонн мұнай өндірілді. Орта есеппен алғанда, мұнайшылар жоспарды 100% асырып орыдаған. Соның арқасында, біздің ел экономикасына 1,5 млрд доллар қаржы құйылды. Осы мәлімет арқасында, 2021 жылға үлкен жоспарлар құрылып, 370 млн доллар қосымша инвестиция тарту жоспарланып отыр [2]. Біздің өңірді алатын болсақ, 2017 жылы барлық өндірілген мұнайдың 7,9% Қызылорда облысының қоржынында болды [3]. Бұл жетістіктер 2016 жылы қабылданған Ұлттық барлау компаниясының Казгеология атты стратегиясының аясында жасалғын. Стратегияның басты мақсаты, отандық кен өндіру орындарының әлсіз тұстарын немесе дамытуды қажет ететін мәселелерді анықтап, оларды жетілдіру үшін қандай индустриалды-инновациялы шешімдер қабылдау керектігін белгілеп анықтау[4].
Таңдалған тақырыптың қазіргі экономикалық ортада маңыздылығы жоғары болып тұр. Оның бірден-бір себебі, ол пайдалы қазбалардың қаншалықты дұрыс және тиімді түрде қолданылып жатқанын бағалау. Осы жоба арқасында, Қазақстанда шикізат өндіру саласы, тәуелсіздік алғаннан бері қалай өзгергенін көрсетіп, болашаққа болжам жасалынады. Сонымен қатар, осы курстық жобада Елбасы атап өткен "Шығынсыз экономика" стратегиясы белгіленеді. Бұл бағдарламада, альтернативті энергия көздерін қолдана отыра шикізат өндірісін жоғары тиімділікке жеткізу перспективасы мақсатқа қойылған. Жобада Шығынсыз экономика стратегиясы қаншалықты мүмкін екеніне баға беру жүргізіледі. Тақырыпты таңдау кезінде ескерілген факторлардың бірі, ол экономикалық перспективада шикізат өндіру саласын қосалқы қозғаушы күш ретінде қолдану. Бұл дегеніміз, ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанды тек шикізат өндіретін база емес, сонымен қатар өндейтін және шығымсыз экономика стратегиясын алға қойған мемлекет ретінде қарастыру мүмкіндігі мақсат етіп қойылған.
Курстық жобаның басты мақсаты, Қазақстанда шикізат өндіру саласының тиімділігіне баға бере отыра, Covid-19 инфекциясы осы салаға қалай әсер еткенін анықтап және шикізат өндіру саласының саясатқа, экономикаға және экологияға кері әсерін анықтау, бағалау және талдау болып табылады.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін, тәуелсіздік жылынан бастап шикізат өндіру көлемін есептеп, жинап және талдап қорытынды жасау. Жиналған ақпаратты қазіргі сандармен салыстырып, баға беру. Солайша, сақталған тренд арқылы қысқа және ұзақ мерзімді перспективада болжам жасап, мүмкін болатын іс-әрекеттерді ұсыну. Қорыта келе, болашақта Қазақстанның ішкі экономикасының қайта құрылымдау процессіне түсетіндігін көрсете отыра, мемлекетіміздің мүмкіндіктерін сараптау.
Сонымен қатар, осы мақсатқа қол жеткізу үшін 3 зерттеу сұрағы құрылды:
1. Қазақстанда шикізат өндіру саласына қалай баға беруге болады?
2. Covid - 19 инфекциясы Қазақстан шикізат өндіру ссаласына қалай әсер етті?
3. Шикізат өндірудің экономикаға, саясатқа және экологияға қандай кері әсерлері бар?
Негізгі бөлім
А. Зерттеу сұрақтары:
2.1 Қазақстанда шикізат өндіру саласына қалай баға беруге болады?
Табиғи ресурстарды өндіру кез келген экономиканың негізгі аспектілерінің бірі болып табылады. Еуразия елдерінің көпшілігінде минералды ресурстардың жеткілікті үлкен көздері бар. Антарктида мен Австралияны қоспағанда, әлемнің қалған континенттері туралы да осылай айтуға болады. Бұл жерлерде пайдалы қазбалар өте аз, шөлді аймақтар да көп. Мысалы, Ұлы Виктория шөлі 424 000 км2 [5] алып жатыр және жалпы алғанда олар материктің бүкіл аумағының шамамен 44% [5] құрайды. Осыған байланысты ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізу және басқа елдерге шикізат экспорты мүмкін емес. Океаниядағы басқа елдерде де жағдай ұқсас (Фиджи, Жаңа Зеландия, Самоа). Қазақстанда Менделеев кестесінің 99 элементі бар [6]. Біздің ел табиғи ресурстарға өте бай. Территориямыздың 14% ғана орман және көгалдандыруға қолайлы аймақтар болса да, біз астықтың көптеген сорттарын басқа елдерге экспорттаймыз. Сонымен қатар, әлемдегі хром кендерінің 30%, ал марганец кендерінің 25% Қазақстанда орналасқан[7]. Әлемнің ең ірі 70 тау-кен өндіретін мемлекеттердің арасында біздің еліміз 13 орында[7].
Жалпы, Қазақстан темір, марганец, хром, қорғасын, мырыш [8] сияқты металдар мен минералды өнімдерді жиі экспорттайды. Табиғи ресурстар экспортының ең үлкен күші оның жоғары табыстылығы болып табылады. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2017 жылғы мәліметтеріне сәйкес, еліміздің тау-кен өнеркәсібі 29,5 миллиард доллар көлемінде кіріс әкелген [8]. 2018 жылы бұл салаға құйылған инвестиция көлемі өткен жылмен салыстырғанда 40,4%-ға өсіп, 4 499,6 млрд теңгені құрады [8]. 2019 жылы 3835 заңды тұлға тіркелді, бұл біздің экономикаға шетелдік инвесторлардың жоғары қызығушылығын растайды [8]. Екінші жағынан, пайдалы қазбаларды өндіру және өндіру біздің қоршаған ортаға айтарлықтай теріс әсер етеді. Бұл біздің басқа елдерге тәуелді етеді және біздің мүмкіндіктерімізді шектейді. Бірінші мәселені шешу үшін 2019 жылғы 7 маусымда Қазақстанның Геология, экология және табиғи ресурстар министрлігі құрылып, ауаға зиянды газдар шығару қалпына келтіру және азайту бойынша экологиялық бағдарламаны әзірлеу векторы қабылданды [9]. Екінші мәселені шешу үшін бірқатар шешімдер қабылданды. 2021 жылдың маусымында елде 29,7 мың шетелдік кәсіпорын болған [9]. Бір жыл ішінде олардың саны 8,4%-ға өсті [9]. Жалпы алғанда, олардың біздің нарықтағы үлесі шамамен 6,3% құрайды [9]. Біздің облыс шетелдік инвесторлар үшін тартымды емес екені аян. Қызылорда облысында 80 шетелдік кәсіпорын бар, бұл республикадағы барлық шетелдік кәсіпорындарының 1,0% құрайды [9]. Тау-кен өндірісі мен автомобиль өнеркәсібінің үлестері ең үлкен болып тұр [9].
Қазақстан-2030 стратегияларында Ұлт Көшбасшысы мұнай өндіру 3 есе, табиғи газ өндіру 5 есе өскенін атап өтті [10]. Шикізаттан түскен қаржы Ұлттық қорға жіберілді.
Қорыта келе, Қазақстан өзінің тиімді геологиялық орнын пайдаланып, үлкен табысқа қол жеткізіп отыр. Соның арқасында экономикалық өсімге қол жеткізуге мүмкіндік алып отырмыз. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, қалалардың инфрақұрылымын жақсартып, урбандалу процессін жылдамдатуға мүмкіндік алдық. Шет елдерімен тығыз экономикалық қарым-қатынас орналастыра алдық.
2.2 Covid - 19 инфекциясы Қазақстан шикізат өндіру ссаласына қалай әсер етті?
2020 жыл бүкіл әлем үшін өте қолайсыз жыл болды. Коронавирустық инфекцияға байланысты көптеген табиғи ресурстар өндірісінің көлемі қысқарды. 2020 жылдың сәуір айындағы ОПЕК+ келісіміне сәйкес мұнай өндіруді тәулігіне 9,7 миллион баррельге қысқарту туралы шешім қабылданды [11]. Мұндай құлдырау елімізге қатты әсер етіп, кейін Қазақстанның ЖІӨ өсімінің 2,6%-ға төмендеуіне әкелді[11]. Сондай-ақ теңгенің долларға шаққандағы орташа жылдық бағамы 2019-2020 жылдар аралығында 30 теңгеге өсті.
Демек, 2020 жылы мұнай мен басқа да шикізатты өндірудің тиімділігі күрт төмендеді. Мысалы, 2019 жылы 90,5 миллион тонна мұнай өндірілсе, 2020 жылы 85,2 миллион тоннаны құрайды [12]. Әлемдік экономикада қалыптасқан тұрақсыздық Қазақстанның тұрақты табыстылыққа жетуіне мүмкіндік бермейді. Алайда, бұл үрдіс басқа пайдалы қазбаларды өндіруде сақталмайды. 2021 жылға темір кенін өндіру 45,4%-ға өсіп, 32,1 млн тоннаны құрады [12]. Ең көп үлесті Қостанай облысы алды - 461 млрд теңге, одан кейін Қарағанды облысы - 21,2 млрд теңге, қалған облыстар 5,5 млрд теңгені [12] құрады.
2020 жылы хром рудасын өндіру 2019 жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмендеді. Eurasian Resources Group (ERG) құрамына кіретін Қазхром Трансұлттық компаниясы АҚ 2020 жылы 5,6 миллион тонна хром рудасын өндірді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 6,9%-ға аз [13]. 2020 жылы марганец өндірісі 27,6%-ға өсіп, 612,5 мың тоннаны құрады, деп хабарлайды KazChrome [13].
Жыл сайын өткізілетін S&P Global Rating 2020 конференциясында пандемия кезіндегі экономикалық климатты қайта қалпына келтіру туралы түрлі идеялар қозғалып, өзге елдерге мүмкіндік ұсынылды. Қазақстан статистика агенттігіне сәйкес, 2020 екінші жарты жылында шикізат өндіру, бірінші жарты жылдықпен салыстырғанда 5,9% өскен [14]. ҚР Премьер министр сайтының ақпаратына сәйкес, 2020 жылы мұнай өндіру 85,7 млн тонн құрады. Экспортқа 68,5 млн тонн жіберілді. Өңделгені 15,8 млн тонн құрады. Орта есеппен алғанда, жоспардың 101,5% асырып орындаған[15].
Қорыта келе, Қазақстанда мұнай өндіру саласы негізгі сала болғандықтан, өзгерістердің көп бөлігі осы салада жасалынады. Солайша, мемлекеттің басты назары табиғи газ және мұнай өндіру саласында болып отыр. Оған қарамастан, тау-кен өндіру зауыттары өз жоспарынан қалыспай, жеткілікті көлемде тауар өндіруде. Әлемдік жиын кезінде алға мақсаттар қойылып, экономикалық кризисті алдын алу шаралары жасалынды. Бұл жасалып жатқан іс-әрекеттер басты түрде экономиканың бір қалыпты дамуын қамтамасыз ету үшін бағытталған.
3.3 Шикізат өндірудің экономикаға, саясатқа және экологияға қандай кері әсерлері бар?
Шикізат өндіру күнделікті өмірдің бірнеше саласына әсер ететіні анық. Экономикаға тигізетін кері әсері ретінде шикізатқа тәуелділік деп белгілеуге болады. Ең қарапайым мысал ретінде, Forbes журналының 2019 жылғы ақпаратына сүйенсек, ЖІӨ 44% тек мұнай-газ секторында болғанын көрсетті. Солайша, Қазақстан қара алтын бағасына тәуелділікті анықтай аламыз. Бұл туелділік тағы 2007-2009 жылдардағы әлемдік кризис кезеңінде көре аламыз. Мұнай бағасы күрт төмендеген кезде, ЖІӨ сонымен қатар төмендеген.
Экологияға тигізетін кері әсері ретінде рельеф және топырақ бұзылуы, өсімдіктер және жануарлыр биоалуандылығының төмендеуі. Көл және өзендерлің бағыттарының өзгеруң. Жердің құнарсыздығы және құрғақшылық. Ауаның ластануы және жер асты суларының тазалығы бұзылуы. Сайдың және кратерлердің пайда болуы. Одан бөлек, қышқыл жаңбыр, ғаламдық жылыну сияқты бүкіләлемдік масштабтағы экологиялық мәселелерге әкеліп соқтырады [26].
Саяси өзгерістерге салық жүйесінің өзгеруі және өзге елдермен қарым-қатынастардың тоқтауын жатқызуға болады. Шикізат өндірісінен ел бюджетіне салық түседі. Өндірілгіен тауар саны ұлғайған сайын, келетін пайда өседі. Егер пайдалы қазбалардың дефезиті болса, ел бюджетіне тікелей әсер етіп, экспортқа зиянын тигізеді. Мысалы, 2019 жылы Швейцария мен Қазақстан арасында 1,5 млрд доллар көлемінде ақша айналымы болды. Басты құраушы компонент ретінде қазақстандық мұнай болды. Солайша, пайдалы қазбалардың мүмкін болатын тапшылық сыртқы саясатқа күрт әсерін тигізеді.
В. Зерттеу әдістері және қорытындысы:
Зерттеудің екі түрі бар, олар: біріншілік және екіншілік зерттеу. Бұл зерттеу түрлерінің өзіндік ерекшеліктері мен кемшіліктері бар. Қысқаша аитқанда, біріншілік зерттеу автордың өзімен жасалынатын зерттеу болып табылады. Мысалы: сұхбат немесе Әлеуметтік сауалнама. Бұл зерттеу түрі белгілі бір аудиторияға бағытталған және тақырып төңірегінде толық ақпарат бере алмады. Екіншілік зерттеу дегеніміз, нақты және сенімді ресурстарға жүгіне отыра, ақпарат жинау болып табылады. Бұл зерттеу түрінің басты артықшылығы, оның тиімділігі. Мәселеге түрлі перспективадан кең ауқымды ақпарат жинау мүмкіндігі бар. Бірақ, басқа жағынан оның әлсіз тұсы ретінде оның белгілі бір аудиторияның пікірін алуға мүмкіндік бермейді. Басқаша аитқанда, ақпарат сенімді болғанымен, оның пратикадағы әсері туралы бей-мәлім болып қалады.
Курстық жобада мен зерттеудің екі түрін қолданды. Алдымен, екіншілік зерттеуді өткізу үшін, сенімді ресурстардан тақырып төңірегінде ақпарат жинадым. Ақпаратты ғаламтор желісі, онлайн-кітаптарда, теледидар, ҚР Президентінің ресми порталынан алынуы мүмкін. Солайша, автордың өзіндік ойының ықпалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz