Тәуелсіздік күні


Орындаған:ITвCC-232 тобының студенті
Ташен Жасұлан
Жоспар
1) Тәуелсіздік алғанға дейін қазақ халқының тарихы
2) Қазақ халқының тәуелсіздікке қол жетуі
Қолданылған әдебиеттер
https://qamshy. kz/article/18440-tauelsizdik-alghangha-deyin-qazaq-khalqy-basynan-otkergen-naubet-zobalanhdar
https://stan. kz/16-zheltoksan-kazakstan-respublikasyny/
https://kaz. inform. kz/news/kazakstannyn-tauelsizdigine-31-zhyl-toldy_a4013815/
Азаттықтың ақ таңына жеткенше қанша қазақ құрбан болды? Қазақ халқы тәуелсіздік жолында қандай ауыртпашылықтарға тап болды, бүгінгі күнге қалай қол жетті деген сұрақтарға жауап береміз.
Бірінші, Қазақ халқының Ресейге отарлауын туралы айтамын. Ресей империясының қазақ жеріне шаруаларды жаппай қоныстандыруы қазақ халқының ежелден қалыптасқан салт - дәстүрін, шаруашылық жүйесін үлкен өзгеріске ұшыратты. Ресей патша үкіметінің орталық саясатының барлық кезеңдерінде қазақ жері талан - таражға түсті. Ол деген Ресей халқы Қазақ халқының мал мүлкілін, байлығын тартып алып, қазақ жерін тонап алғанын білдіреді. Жергілікті тұрғындар жайлы мекендерін тастап, амалсыз ішкері қарай қоныс аударуға мәжбүр болды. Ал олардың шұрайлы жайылымдары мен құнарлы егістік алқаптары қоныс аударған орыстар мен казактарға бөлініп берілген. Отарлау саясатының салдарынан қазақ халқы материалдық жағынан ғана емес, рухани жағынан да зардап шекті. Патша үкіметінің орыстандыру саясаты қоныстандыру саясатынан асып түспесе, кем болмады. Отарлаушылар қазақты оқытуға құмар болған жоқ. Олардың мақсаты жергілікті халықтың сауатын ашу емес орыс тілін насихаттау, Ресей империясын, тарихын құрметтеп үлгі тұту, салт - дәстүрімен әдет - ғұрыптарын насихаттау болды. Олар бзіді құл ретінде ұстап, салт-дәстүрімізбен дінімізден айырғысы келген
Екінші, Адамзат тарихындағы болмаған ашаршылық, 30-жылдары Қазақ халқы зардаб шекті. Кеңестiк билiк тұсында Қазақстанда екіншірет аштық қырғыны орын алды. Тарихта «Ұлы жұт» деген атпен белгілі ашаршылық жылдары қазақ халқы жер бетінен жойылып кетудің аз-ақ алдында қалды. Сонымен бірге 1919-1922 жылдары орын алған ашаршылықты да естен шығармау қажет. Тарихшы Манаш Қозыбаев осы аштық туралы: «1921-1922 жылдардағы аштық қазақтарды демографиялық апатқа әкелді. 1922 жылдың наурызында Қазақстанның батыс және солтүстік аймақтарында 2 миллион 350 мың адам аштыққа ұшырады, олардың көбі өлді. Үкімет тарапынан көрсетілген көмек тек қала тұрғындарына жетті, сол уақытта онда қазақтардың екі-ақ пайызы орныққан еді, дені ауылдарда болатын», - деп жазады. 1931-1933 жылдардағы ашаршылық - Қазақстан тарихындағы ең зұлмат кезең. «Бай-кулактарды кәмпескелеу туралы» 1928 жылы қаулы күштеп тәркілеуге ұласып, кеңестік үкімет байлармен қатар орта шаруалардың малын да зорлықпен тартып алды. Бұл саяси науқан «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұранмен жүзеге асты.
3) Саяси қуғын-сүргін - Қазақ халқы, әсіресе оның зиялы қауымы мен партия басшылығы қызметіндегі белсенді азаматтар 1926-1930 жылдардағы қудалауға ұшырады. 1937-1938 жылдары 135 мың қазақ интеллигенциясы саяси репрессия зобалаңының құрбаны болып атылды. Саяси репрессияның толқынында қаза тапқан, ақын жазушылардың басым бөлігі Қазан төңкерісіне дейінгі жылдарда қызмет еткен зиялы қауым өкілдері еді. Олардың құрамында Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Санжар Аспандияров, Құдайберген Жұбанов, Жұмат Шанин, Халел Досмұхамедов, Елжас Бекенов, Біләл Сүлеевтер халық жаулары болып дүниеден өтті.
1937-1938 жылдары 1 миллион адам атылып, 2 миллион адам тұтқында өлген. М. Тәтімов “Зұлматтың ауыр зардабы” атты еңбегінде 1937-1938 жылдары қазақстандықтардың 44 мыңы түрмеде, ал оның 22 мыңы атылған деп жазады. Қалай десек те, қасіреттің көлемі зор және ол КСРО құрамындағы Қазақстан сияқты отар елге үлкен соққы болып тиді.
Желтоқсан оқиғасы - Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылығы - азаттыққа ұмтылған қазақ халқының тарихындағы елеулі оқиға. Әлі күнге дейін бұл оқиғаның құпиялары толығымен ашылған жоқ. Желтоқсан оқиғасы кезінде оған қатысқандарды саяси тұрғыдан ашық қуғынға түсірді. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. Дүрбелеңге қатысқан жастар соққының астында қалып, изоляторларда отырды, жұмыстан, партиядан, комсомолдан қуылды.
«Қазақ ССР денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша желтоқсан оқиғасында жарақат алып ауруханаларға түскен адамдардың саны 83. Олардың 82-сі қазақ, біреуі башқұрт азаматы. Олар №2, №4, №5 қалалық клиникалық, денсаулық сақтау министрлігінің 4-ші Бас басқармасының Орталық жедел дәрігерлік жәрдем беру, орталық қалалық клиникалық, Алматы облыстық ауруханаларына, хирургия институтына жатқызылды. Қақтығыс кезінде 44 адам бас сүйегі мен миына жарақат алған. 286 адамға ауруханаларға жатпай амбулаториялық емдеу жолымен медициналық жәрдем көрсетілген. Олардың 281 қазақ, 5 басқа ұлт өкілдері - әртүрлі жарақат алғандар», - дейді «Желтоқсан ызғары» кітабында жазушы Тоқтар Бейісқұлов.
16 желтоқсан - ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 31 жылға толды. Ал 3 күннен кейін тәуелсіздігімізге 32 жыл болады.
Бұл атаулы күн 1991 жылғы желтоқсанның 16-сында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» және 2008 жылғы 25 маусымдағы және 2009 жылғы 22 сәуірдегі заңдармен өзгертулер енгізілген 2001 жылғы желтоқсанның 13-інде «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес атап өтіледі.
Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. Патша дәуірінде де, Кеңес Одағы кезінде де тәуелсіздікке деген ұмтылыс халықтың едеуір бөлігінде қалыптасты. Біз бірнеше жүз жыл отаршылдықтан кейін ХХ ғасырдың аяғында қайта жаңғырған мемлекетпіз. Тәуелсіздік - бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтуі. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Басты байлық жай ұлттық мүдде емес, азаматтардың мүддесі мен қажеттілігі. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Қазақстан үшін ХХI ғасыр тарихының парағы парасат пен пайымға толы.
1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.
Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып Түркия мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран - Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті. Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992 жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген. Алғашықы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында Қазақстан деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.
Тәуелсіздіктің 31 жылында Қазақстан елеулі жетістіктерге жетті және күрделі сын-қатерлерден өтті. 1993 жылы еліміз төл валютасын қолданысқа енгізді. Мемлекеттік рәміздерін бекітті. Шекараларын бекітіп, жаңа астанасын салды. Орнықты мемлекеттік институттары бар және экономикасы бәсекеге қабілетті демократиялық мемлекет ретінде қалыптасты. Коронавирус пандемиясы, Қаңтар оқиғасы, Арыс, Байзақ, Екібастұздағы төтенше жағдайлар - ел бірлігі сынға түскен қиын да күрделі кезең болды. Халықаралық арендағы геосаяси жағдайлар да бостандықпен пен егемендіктің қадірін арттырды.
Тәуелсіздік күнінде тұтас ел бойынша салтанатты шаралар өтеді, әлеуметтік нысандар іске қосылады. Елордада мереке құрметіне қайырымдылық іс-шаралар, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау акциялары өтеді. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қатысушыларына санаторий-курорттық ем беріп, біржолғы әлеуметтік көмек төлеу көзделген
Биыл елімізде Президенті сайлауы өтті. Конституциялық түзетулер енгізу үшін жалпыұлттық референдум жүргізілді. Халықтың басым бөлігі Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізуді қолдады.
Былтыр өткен халық санағында алғаш рет цифрлық технологиялар қолданылды. 1 қарашадағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны - 19 715 182 адамға жеткен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz