Жайық өзенінің мәселесі


![]()
Атырау қаласы
Химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс
Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕУМЕТІ
Тақырып: «Жайық өзенінің таяздануы Қазақстанның экологиясына қалай әсер етеді?»
( сөз)
Орындаған: Елнар Камел
Жетекші:
Ішкі модератор:
Атырау, 2020
МАЗМҰНЫ
І Кіріспе 2
ІІ. Негізгі бөлім 3
2. 1 Теориялық бөлім 3
2. 1. 1 Қазақстанның трансшекаралық өзендері 3
2. 1. 2 Жайық өзенінің мәселесі 3
2. 1. 3 Жайық өзенінің тартылу себептері 5
2. 1. 4 Жайықтың тартылуы мәселесін шешу жолдары 6
2. 2 Практикалық бөлім 8
2. 2. 1 Тақырыпты зерттеу сауалнамасы 8
2. 2. 2 SWOT анализ. 8
ІІІ. Қорытынды 9
ІV. Қолданылған әдебиеттер мен сілтелемелер тізімі 10
V. Қосымшалар 11
І Кіріспе
Мемлекеттер үшін трансшекаралық өзендердің маңыздылығы өте жоғары. Дегенмен, өзендер бірнеше мемлекеттердің шекарасынан өтетіндіктен оларды пайдалану бойынша және өзеннің экологиялық жағдайы бойынша келісімдер жүргізу өте күрделі үрдіс. Қазақстанның трансшекаралық өзендерінің бойында көп елді-мекендер орналасқан. Осы өзендердің сарқылуы олардың жағасында орналасқан елді-мекендердің тұрмыс-тіршілігіне, экономикасы мен экологиясына жағымсыз әсер етеді. Сол себепті, өзендердегі су мөлшерінің азаюы аса маңызды мәселе болып табылады. Қазақстан аймағында ұзындығы 1000 км-ден асатын 7 өзен бар және олар бірнеше мемлекеттердің территориясынан өтеді. Солардың бірі еліміздің батыс өңірінен өтетін - Жайық өзені. Жайық өз бастауын Ресей аумағынан алып, Қазақстан арқылы өтіп, Каспий теңізіне құяды. Жайық бойында көптеген елді-мекендер шоғырланған және өзен осы халық үшін басты тіршілік көзіне айналған. Жайық суының азаюы және экологиясының бүлінуі осы облыстардағы барлық адамның тіршілігі үшін бірінші реттік мәселе болса, жалпы Қазақстан үшін басты экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. Жайықтың суының азаюы мемлекеттік деңгейдегі мәселе және оның шешілуі көптеген ел тұрғындарының өмірі үшін аса маңызды болғандықтан өз зерттеу жұмысымды осы тақырыпқа арнауды жөн көрдім.
Мақсаты: Жайықтың тартылу себеп-салдарын анықтау, осы мәселені шешу бойынша жұмыстарды зерттеу және шешу бойынша өз ұсыныстарымды ұсыну
Міндеті:
- Қазақстан аумағындағы трансшекаралық өзендерін зерттеу және маңыздылығын анықтау
- Жайық өзені туралы жалпы ақпарат беру
- Жайықтағы су мөлшерінің азаю және экологиясының ластану себептерін анықтау
- Жайық өзенінің тартылуы мәселесін шешу бойынша жүргізіліп жатырған жұмыстарды анықтау
- Халықтың Жайық мәселесіне қатысты ойларын негіздеу
- Осы мәселені шешу бойынша өз ұсыныстарымды беру
Гипотеза: Жайықтың тартылуына адами және табиғи факторлар әсер етуде және мәселенің шешілуі Қазақстанның дамуы үшін өте маңызды
Өзектілігі: Өзеннің тартылуы елдің экологиясына, экономикасына, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігіне және сумен қамтамасыз ету жағдайына, климаттың өнгеруіне және Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынастың дамуына әсер етеді. Сондықтан мәселенің шешілуі елдің тұрақты дамуы үшін аса маңызды және мемлекет үшін өзекті тақырып болып табылады.
Зерттеу сұрақтары:
- Қазақстан аумағында қандай трансшекаралық өзендер ағуда?
- Трансшекаралық өзендердің маңыздылығы қандай?
- Жайықтың жалпы жағдайы қандай?
- Жайық қандай себептерден ластануда және оның су мөлшері тартылуда?
- Жайық мәселесін шешу бойынша қандай жұмыстар атқарылуда?
- Халықтың Жайықтың тартылуына қатысты ойы қандай?
Зерттеу әдістері:
- Key study әдісі (әртүрлі дерек көздерінен мәлімет пен мағлұматтар іздестіру)
- Сауалнама әдісі
Қазақстанның трансшекаралық өзендері өңірдің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік контекстінде маңызды рөл атқаратын маңызды гидрологиялық объектілер болып табылады. Бұл өзендер ауыз су мен ауыл шаруашылығы үшін маңызды су көзі және биоәртүрлілік пен экожүйені сақтауда басты рөл ойнайды. Трансшекаралық өзендерінің экологиялық маңыздылығы олардың флора мен фаунаның көптеген түрлерінің тіршілік ету ортасы болуында. Олар балықтар үшін маңызды миграция жолдары болып саналсы және әртүрлі су және жағалау жануарларының тіршілік ету аймағы болып табылады. Өзендер аймақтың биоәртүрлілігін және табиғи ерекшелігін сақтау үшін маңызды табиғи ландшафттар мен мекендеу орындарының қалыптасуы мен сақталуына ықпал етеді. Экономикалық тұрғыдан алғанда, трансшекаралық өзендер Қазақстан экономикасының жетекші салаларының бірі болып саналатын ауыл шаруашылығы үшін зор маңызға ие. Олар егістік және мал шаруашылығын суаруға қажет сумен қамтамасыз етеді және ел аумағында балық шаруашылығын дамытуда басты рөл ойнайды. Әлеуметтік жағынан қарастырсақ трансшекаралық өзендер өз аймағындағы елді-мекендердің тұрмыс-тіршілігінің бір бөлігі. Өзендер сонымен қатар адамның негізгі құқығы және тұрақты дамудың қажетті шарты болып есептелетін таза ауыз судың негізгі көзі.
Трансшекаралық су ресурстарын басқару Халықаралық ынтымақтастық пен үйлестіруді қажет етеді. Қазақстан су ресурстарын тұрақты пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету үшін оларды бірлесіп басқару жөніндегі өңірлік бастамаларға белсенді қатысады. Бұл климаттың өзгеруіне бейімделу стратегияларын әзірлеуді, судың сапасын жақсартуды және ластану деңгейін төмендетуді қамтиды. Осы мақсатта Қазақстан 2000 жылы трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі БҰҰ Конвенциясына қосылды. [2] Бұл ынтымақтастық маңызды, өйткені Қазақстанның су ресурстарының жартысына жуығы трансшекаралық өзендерден келеді.
2. 1. 2 Жайық өзенінің мәселесіҚазақстан аумағы арқылы өтетін ірі 7 траншекаралық өзендер бар. Өз бастауларын өзге елдердің территориясынан өзендер қатарына Ертіс, Іле, Сырдария, Жайық, Тобыл, Есіл және Шу өзендері жатады. Осы су көздері ел аумағындағы су ресурстарының 40%-ын құрайды. [3] Трансшекаралық өзендердің бірі - Жайық өзені. Өз бастауын Орал тауларынан Алатын Жайық өзені Ресей Федерациясындағы Башқұртстан, Челябі және Орынбор облыстарынан және Қазақстандағы Батыс Қазақстан облысы мен Атырау облыстарының территориясын өтеді. Еуропада ұзындығы бойынша 3-ші орын алатын бұл өзеннің экологиялық жағдайы туралы экологтар 2011 жылдан бері дабыл қағуда. Жайық суы азайып, су сапасы төмендеуде. Соның салдарынан, су деңгейі көктем кезінде де өз нормасына жетпей, балығы азайып, кеме қатынасы тоқтап, өзен түбі лайлана бастаған. 2018 жылы Батыс Қазақстан облысы билігі өзеннің тереңдігі тарих бойынша ең төмен деңгейге жеткенін мәлімдеген. Соның салдарынан өзеннің кейбір тұстарында өзен түбі көрінген. (Сурет 1) [4] Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің мәліметіне сай Жайық өзенінің соңғы үш жылда арналары тартылып, су мөлшері азайған. Өзеннің орташа көпжылдық ағынының қалыпты көлемі 9. 46 текше километрді құрайды, бірақ 2022 жылы орташа жылдық ағын 4. 93 текше километрді көрсеткен. Бұл су мөлшерінің 2 есе азайғанын көрсетеді. [5] 2017 жылы Қазақстан-Ресей ғалымдарының Орал өзенін зерттеу бойынша жұмысының қорытындысында Жайық бассейнінде 20 млрд тонна өнеркәсіптік қалдықтар жиналғаны айтылды. 2018 жылы Жайыққа ірі химиялық қалдықтарының ағып кетуінен өзен балығының жаппай қырылуы тіркелді. [6] Бұл деректер Жайық өзенінің ластығын дәлелдейді.
Жайық өзенінің таяз болуы Қазақстанның табиғаты мен экожүйесіне қатты әсер етеді. Бұл, ең алдымен, су ресурстарына қол жетімділіктің төмендеуіне әкеледі, бұл өз кезегінде өзен бойындағы ауылшаруашылық аймақтары мен елді мекендері үшін үлкен қиындық тудырады. Судың жетіспеушілігі ауылшаруашылық өнімділігіне қауіп төндіреді, әсіресе Батыс Қазақстан облысының оңтүстік аудандарындағы шөлді ландшафттары мен Атырау облысының шөлейтті аймақтары үшін аса қауіпті. Бұл сонымен қатар аймақтағы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігін арттырып, балама су көздерін іздеу қажеттілігін тудырады. Жайықтың таяз болуы өзен бассейнінің флорасы мен фаунасына да теріс әсер етеді. Су ағынының азаюы және өзен ағынының режимінің өзгеруі биоәртүрліліктің төмендеуіне, атап айтқанда жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік ету ортасының бұзылуына әкеледі. Су экожүйелеріне де қауіп төніп тұр, өйткені өзендегі су деңгейінің төмендеуі, ластаушы заттар мен тұздардың концентрациясының жоғарылауы, суда тіршілік ететін биоалуантүрліліктің жоғалуына әкелуі мүмкін.
Сурет 1. Жайық түбі
2. 1. 3 Жайық өзенінің тартылу себептеріЖайық өзенінің суының азаюына және су сапасының нашарлануына бірнеше антропогендік және табиғи факторлар әсер етеді. Қазақстан мамандарының ойларынша өзен суының азаюының басты себебі су мөлшерінің табиғи жолмен азаюы. Нақтылай айтатын болсақ, жылдан жылға өзенде су мөлшері азаюда. Мысалы, көпжылдық орташа мөлшер 9. 46 млрд текше метр болса, 2006 жылы 5. 7 млрд текше метр және 2019 жылы 3. 5 млрд текше метр болған. Климаттың өзгеруіне байланысты Орал тауларының мұздықтарынан келетін су мөлшері және Жайықты қоректендіретін жауын-шашын мен қар азаюда. Нәтижесінде өзендегі су мөлшері өздігінен азаюда. [7]
Су мөлшерінің азаюына адами факторлар да әсер етуде. Соның ішінде, Жайық және оның салаларының бойына көптеп бөгеттер мен су қоймаларын салу сөл мөлшерінің азаюына тікелей әсер етеді. Қазір өзен бойында 20 ірі және орта көлемді су қоймалары орналасқан. Солардың ең үлкен 11-і Ресей аумағында салынған. Өзен салаларыың бойында 80 су тораба мен 3200-ге жуық бөгет бар. [8] Осы су қоймаларына Верхнеуральск, Магнитогорск және Ирикла жатады, соның ішінде ең ірісі болып саналатын Ирикла(Сурет 2) жыл сайын 3254 млн су жинайды және оны Жайыққа қайтадан жіберудің орнына өте көп мөлшерде Ресей өз ауыл шаруашылығында және өндіріс кәсіпорындарында қолданады. Қазақстанмен салыстыратын болсақ, Орынбор тұрғындары Жайық өзенінен жылына 2 суды пайдалануға алса, Батыс Қазақстан обылысы мен Атырау облыстарының тұрғындары бірге қоса есептегенде Жайықтан жылына 1. 9 су алады. Жайықтың негізгі арнасынан бөлек, оның салалары да асыра көп пайдаланылуда. Мысалы, Жайық суының 60%-ын беретін Сақмар өзені Башқұртстан арқылы өтеді және жергілікті тұрғындар осы өзен суын асыра пайдалануда. Соның салдарынан, Жайықтың басты толығатын салаларының бірінде су мөлшері азаюда, нәтижесінде Жайық тартылуда. [9]
Жайық өзенінің тағы бір мәселесі су сапасының төмендеуі. Оның басты себебі - Жайық суының өндірістік кәсіпкерлікте және ауыл шаруашылығында қолданылуы. Жайық суының сапасына әсер ететін өндірістің басым бөлігі Ресей аумағында орналасқан. Жайық бойында Башқұрт мыс-күкірт зауыты, Магнитогорск металлургиялық комбинаты, Ор өндірістік торабы, Медногор мыс кешені орналасқан. [8] Осы өндірістерден бөлінетін ауыр металлдар мен артық қоспаларға толы қалдық сулар Жайыққа құйылады. Қазақстанда да Жайық суы өндірісте қолданылып, қалдық сулар өзенге жіберіледі. Нақтылай айтатын болса, Батыс Қазақстан облысында жылына 1850 мың тонна зиянды қоспалар, оның ішінде 1 млн 773 мың тонна хлор, 75 мың тонна органикалық заттар, 1200 тонна ауыр металл Жайыққа құйылады. [8] Өндіріс орталықтарында Жайық суының көп қолданылуы және қалдық сулардың қайтадан өзенген фильтрациясыз жіберілуі Жайық суының азаюы мен ластануына әкелуде.
Сурет 2. Ирикла су қоймасы
2. 1. 4 Жайықтың тартылуы мәселесін шешу жолдарыЖайық мәселесінің шешілуі Ресей үшін де Қазақстан үшін де аса өзекті тақырып. Өзен екі мемлекеттің территориясы арқылы өтетіндіктен екі ел өзеннің мәселесін біріге шешуде жөн санады. Мемлекеттер арасында Жайықтың тартылуы бойынша бірнеше рет үкіметаралық отырыстар өтті. Отырыстардың нәтижесінде мемлекет басшылары екі ел арқылы өтетін Жайық пен Ертіс өзендерінің экожүйесін қорғау бойынша келісім жасасты. Үкіметаралық комиссия шеңберінде Жайық өзені бассейні бойынша екі елдің мамандарынан тұратын Эксперттік кеңес құрылды. Келісімдердің бір тұсы Ирикла су қоймасынан келетін су мөлшерін көбейту болды. 2020 жылы осы қоймадан секундына 15 текше метр су келетін болса, 2021 жылы көрсеткіш 30 текше метр/секундына жеткен. Алдағы уақытта су мөлшерін әлі де ұлғайтып, 90 текше метр/секунд көрсеткішіне жеткізу жоспарланды. [4] Жайықтың жағдайын жақсарту бойынша Қазақстан тарапынан бірнеше жеке жұмыстар да жүргізілуде. Солардың бірі - өзен түбін тереңдету. (Сурет 3) 2013-2017 жылдар аралығында ел үкіметі 1600 млн теңге бөліп, Жайық және оның салаларының 16 арнасын тазартты. 2017-2020 жылдар аралығында 1 млрд теңге бөлініп, Яицкий каналының 45 шақырымы тереңдетілді және ұзындығы 16 шақырым жаңа канал салынды. Ұқсас жұмыспен Ресей билігі де айналысуда, мысалы 2019 жылы 520 млн рубль бөлініп, Ресей аймағындағы Жайық арнасы тазартылды. [8]
2022 жылы Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің вице министр қызметін атқарған Серік Кужаниязовтың баяндауынша Жайық бассейні бойынша жұмыстарға 30 млрд теңге қаражат жұмсалмақ. Қаражат арнайы дайындалған бағдарлама бойынша 4 бағытта және 18 пункт бойынша игеріледі. Бағдарлама Ресей Федерациясымен ынтымақтастық шеңберіндегі ғылыми-зерттеу қызметінен, өзен бассейнінің ластануы себептерін түгендеу және анықтаудан, өзенді сауықтыру және "білім беру және волонтерлікті дамыту" шараларынан тұрады. [10] Бағдарлама нәтижесінде су құрамы қайтадан анықталып, ластану деңгейі негізделеді. Су сапасының нәтижесі бойынша қажетті жұмыстар мен жобалар анықталады. Сонымен бірге, Жайық бойындағы бөгендер мен су қоймалары қайта өңдеуден өтеді. Киров бөгені реконструкцияланады, 15 суару каналдары қалпына келтіріледі, жаңадан 2 шағын су қоймалары салынады және қосымша өзен түбін тереңдету бойынша жұмыстар жүргізіледі. [11]
Сурет 3. Жайық түбін тереңдету жұмыстары
2. 2 Практикалық бөлім 2. 2. 1 Тақырыпты зерттеу сауалнамасы ... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz