Бақыт - әрбір адам ұмтылатын мақсат


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Farabi University

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Химия және химиялық технология факультеті

«Философия» пәні бойынша

№1 БОӨЖ /БӨЖ

Тақырыбы:

Бақыт туралы бірер сөз . . .

Орындаған:

«Химия» мамандығының

2-курс студенті

Тайманова А. Б.

Тексерген:

PhD Философия докторы,

Философия кафедрасының аға оқытушысы

Балабекұлы Д.

Алматы, 2024

Бақыт туралы бірер сөз . . .

«Ғақлия көзбен қарасаң, Дүние - есік, сен - есік,

Жаһлы көзбен қарасаң, Дүние - қоқыс, сен - меншік»

Жоспары:

І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1. «Ізгі қала тұрғындары . . . » еңбегі бойынша

2. 2. «Бақытқа жету туралы кітап» шығармасы бойынша

2. 3. «Бақыт жолын сілтеу» трактаты бойынша

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

Адамзат баласының дүние есігін ашып, жарық әлемді көрген сәттен бастап бақытты болуды көздейтіні анық. Мына әлемнің құрылымы өте қызықтығы болғаны сонша, әр адам бақытты әртүрлі түсінеді. Бірақ сонысымен өмір қызықты деп ойлаймын. Қазақ халқының негізгі түсінігіне сәйкес, атам заманнан бері рухани бай, жаны таза, кемелдікке ұмтылған адамдарды бақытты деп санаған. Абайдың «Адам бол!» деген терең философиясының негізгі мақсаты да осы. Бақыт туралы түрлі анықтама бар. Оны әркімдер жан-жаққа тартып түсіндіргенмен, әр адамның бақыты өзінше ерекше болады деп сенемін.

Философиялық ұғым бойынша бақытты адамның рахатта өмір сүруімен, өмірдің қызығы мен қуанышына қанағаттанумен байланыстырады. Ал біз қозғағалы отырған Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Ізгілікті (қайырымды) қала тұрғындары» трактаты ғалымның шоқ­тығы биік шығармаларының қатарына жатады. Алғаш рет бұл кітап 1895 жылы Лейденде («Бирбил» баспасы) басылып шықты [1] . Бұл кітабында жазушы адамзат баласының жалпы болмысына сәйкес келетін ізгілік, бақыт, нәпсі, қалау мен таңдаудың түпкі мағынасын тереңінен аша отырып, философиялық тұжырымдамалар жасайды. Жалпы басқаруды ол қайырымды және қайырымсыз деп бөледі. Адамзат баласын жақсылыққа бастап, бақытты ететін - қайырымды басқару. Онда әділеттілік пен ой бөлісу, халықтың мүддесін қорғау, ізгі қоғам қалыптастыру негізгі мақсат болып саналады. Ол басшымен қатар халыққа да жан тыныштығын алып келеді. Адамдар өзара ұйымшылдық пен татулықта болған уақытта қоғамда ізгілік формасы қалыптасады. Әр тұлға өзін бүтін сезініп, жақсылыққа асығып тұрады. Қаншама ғасырлар өтсе де әлемде мақсатқа жету, мейірімді болу, көмек қолын созу, махаббат, өзара сыйластық пен сенім өз қадірін, өз құндылығын жойған емес. Сонымен қатар білімді болудың да, оны білген соң өзгеге үйретудің де өзіндік жанға рақат сыйлайтын қасиеті бар екені дәлелденген. Бұл қасиеттер болмаған жағдайда адамдар арасында алауыздық көбейіп, жанжал мен кемсітуге, жамандық пен зиянды істерге тәуелді болады. Жазушы оқып отырған әр оқырманына осылай екі қасиетті өзара параллелизм арқылы сипаттап көрсете отырып, оның айырмашылығы мен артықшылықтарын ашып көрсетеді. Содан оқырмандар, яғни біздер, қай жолдың бақытқа апаратынын жанымызбен сезіне аламыз. Болмыстың туғаннан бастап бақытқа құштар болатыны анық. Қандай да бір зұлымдық жасаған адамның өзі іштей ұят сезімі мен дұрыс емес екендігін біледі. Тек оны мойындамай, үйреншікті іске айналдырып кеп жасай береді. Бірақ, жазушының шығармасымен таныса отырып, тағы бір көзім жеткен нәрсе адамның жаны жақсылық жасауға құмар болып тұрады. Себебі о бастан Алла Тағаланың адамды жаратқандағы мақсаты мына дүниеге пәк болып келіп, періштедей пәк болып кетуі емес еді. Оның мақсаты адам болмысының түрлі қателіктер мен күнәлі істерді жасау арқылы аддағы өміріне сабақ алуы болатын. Қайырымсыз істерге үйір адамның жүрегі ешқашан тыныш болмаған. Ғалымның:

«Ғақлия көзбен қарасаң, Дүние - есік, сен - есік,

Жаһлы көзбен қарасаң, Дүние - қоқыс, сен - меншік» - деген сөздерімен адамзат баласының өмірлік мақсаты мен тура жолдың тізгінін қолға ұстатып тұрып көрсетіп береді. Яғни, бұл шығармадағы ойды қорытындылай келе, біз адамзат баласының бақытқа жету жолында қайырымды ізге әуес болу керектігін түсінеміз. Сонда қоғам түзеледі, сонда қайырымды қаланың негізі құрылады. Демек менің түсінгенім, әр болмыстың мына кеңістіктен өз орнын тауып, жақсылықты үйренуі және соған амал етуі қоғамның тікелей түзелуіне бағыттайды.

«Бақытқа жету туралы» кітабында жазушы бақыт туралы ойларын әрі қарай дамытады. Жалпы алғанда ол туралы ойлаған сайын, күрделене береді. Себебі, бақыттың нақты анықтамасы жоқ [2] . Бақытта ереже жоқ, оны тек сезімдер арқылы сезініп сипаттауға болады. Ал жазушы бұл шығармасында бақыттың негізгі үші түрін атап өтеді. Бірінші, адамның жасаған іс-әрекеті. Адамның көбі есейе келе бұл әлемнің негізгі құндылығы неде екенін сезіне береді. Әртүрлі қиындықтарға ұшырап, одан сабақ алып келесі баспалдаққа өте береді. Ал сабақ алмағандар бір басын ұрған жартасқа екінші, үшінші рет келіп ұра бергенмен тең болады. Сонымен бірге, адамның алған білімін қолдануын да осы қатарға жатқызар едім. Көп адам не істеу керек екенін біледі, бірақ қалай жасау керектігін, яғни білгеніне қалай амал қылу керектігін білмейді. Оған себеп те көп, мысал да көп. Сол үшін адам кез келген іске бармас бұрын ниеттену қажет. Нақты ұлы мақсат қою қажет. Ал ұлы мақсаттар ұлы армандарға алып барады. Ұлы армандарға жету үшін ұлы қадамдар жасалу керек. Міне, менің көзқарасым бойынша жазушының айтқысы келген ойының түп төркіні осында. Адамдар әрекет етпегендіктен әр адам әртүрлі ғұмыр кешеді. Бақытты да сол өзі жасап жүрген істі дұрыс деп есептеп, содан іздейді. Дегенмен, адамның ойлаған ойы мен мақсаты, арманы мен іс-әрекеті бір арнада тоғысқан сәтте ғана ұлы бақытқа жетеді. Бақыттың ұлы не ұлы емесі болары белгісіз. Бірақ барлығының да беретін сезімі бір дер едім.

Ал, екінші, жан дүниесінің сенімдері. Ондағы ойымды былай тарқатар едім: адамзат баласы іс-әрекетке көшкенмен көп жағдайларға ұшырайды. Біреуі қорқады, қобалжтды, уайымдайды, құлайды, қайта тұрады, қуанады, қайтадан қорқады. Түрлі сезімдер бойды билеген сәтте адамдар оны қабылдай алмай жатады. Әсіресе, қазақ халқында осы жиі көрініс табады. Түрлі сезімдерді білдіру кез келген болмысқа тән. Себебі жаратушы бізге бұл сезімдерді бекерден бермеді. Оның өзіндік қолданатын орны бар деген сөз. Сонда қорқыныштың артында жетістік, сынақтың артында жақсылық немесе қуаныштың артында сыналу, көп күлудің артында көп жылау секілді сезімдер тұруы мүмкін. Бірақ бұл қалыпты құбылыс. Себебі, жаны тірі адамның барлығы осы сезімдерді сезіну арқылы өмірдің мәні мен бақытты сәттердің қай тұста пайда болатынын анықтай алады. Адам үшін А нүктесінен Б нүктесіне бара жатқан жолда не маңызы деп ойлайсыз? Әрине, алған нәтижесі деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ олай емес дер едім. Оған осы процесс арасында алған сезімдері, қиналып жылағаны, қуанып күлгені, бақытты сәттері, тәтті естелігі маңызды. Яғни бақытқа жетер жолы маңызды.

Үшінші, адамның ақыл-парасаты. Алдында айтқан екі ұғымды толық жүзеге асыру үшін адамзат баласына керегі ақыл мен парасат. Ол қайдан пайда болады десеңіз, білімнен дер едім. Менің ойымша, адамды адам ететін де білім. Бірақ білімді де дұрыс алу, толық алу жолдары бар. Адасқан ғалым қаншама, оған ерген шәкірттер қаншама. Ғылымныңө өзіндік жолы бар. Соны ажырата білу керек. Адам білім алмас бұрын бұл маған не үшін керек деп ойланып, ең алдымен, соған үңілу керек. Ниет пен мақсаттың осы тұста маңызды орын алатынын тағы бір атап кеткеніміз жөн болар. Күні бүгінге дейін әлемге қаншама адам келіп, қанша мыңдаған адам кетті. Ал оның ішінде барлығы бірдей бақытты бола алды ма? Жоқ. Себебі, күллі адам баласы бақытты басқадан іздеп, уақыттың соншалықты аз екендігін түсіне бермейді. Бақытты болуды ертеңге қалдырып, ал бүгінгі күнді нәпсіні тойдырумен өткізгісі келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философиялық трактаттар
Бақытқа жету туралы кітап және Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат
Әл–Фарабидің Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, Бақытқа жету туралы кітап, Бақытқа жол сілтеу еңбектері негізінде эссе
Бақыт туралы кітап
Бақыт - игіліктердің ішіндегі ең қадірлісі, ең үлкені және ең жетілгені. .
ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭТИКАЛЫҚ ОЙЛАРЫ
Философиядағы адам проблемасы
Бақыт жолын сілтеу , Қайырымды қала трактатының негізгі желісін баяндау
Философиялық антропология және аксиология
Әбу Насыр әл-Фарабидың лингвистикалық семантикасын оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz