Ұлықбек Есдәулет поэзиясының поэтикасы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ ЖӘНЕ ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ
1.1 ХХ ғасырдағы қазақ лирикасы және Ұ.Есдәулет ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Ұ.Есдәулет поэзиясындағы дәстүр сабақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2. Ұ.ЕСДӘУЛЕТ ЛИРИКАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ІЗДЕНІСТЕР
2.1. Ақынның азаматтық лирикасының көркемдігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
2.2.Ұ.Есдәулет лирикаларының құрылысы мен өлшем.өрнектер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .52
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59

КIРIСПЕ
Қазақ әдебиетінің 20-ғасырдағы даму жолы халқымыздың сол тұстағы тарихи-әлеуметтік жағдайына байланысты болды. Бұл ғасырда қазақ қоғамы бұрынғы дәуірлерге қарағанда біраз өзгерістерді басынан өткеріп, ілгері өрлеуге бет бұрған-ды. Халыққа Еуропалық өнердің есігі ашылып оқу, өнер-білім самалы қазақ даласына жайылды.
Қазақ ақын-жазушыларының шеберлігі бұл тұста арта түсті. Олар ұлттық әдебиеттің дәстүрлі жетістіктерін жете игеріп қана қоймай, ілгері іздене берді. Батыс пен Шығыс поэзиясына қолдары жетіп өрісін ұзартты. Қазақ поэзиясы бұрынғы өсиет өлең, арнау, толғау, жыр сияқты басым болып келген ескі жанр түрлеріне жаңалықтар қосты. Қазақ лирикасының өзі сан түрлі жаңа жүйелермен байи түсті. Лириканың бұрын дидактикалық сарыны басым болса, енді оның суретті, пейзажистік, образдылық жақтары бой ала бастады. Адамның арақатынасы, махаббат сезімдері, ішкі психологиялық дүниесі нәзік лиризммен әсерлі бейнеленіп, адамның іші мен сырты бірдей әдемі, жоғары адамгершілікпен ұштасуы көкселді. Адам өмірі жан-жақты жырланып, қоғамдық сана, философиялық ой-тұжырымдары, дәуір жаңалықтары кеңінен жырға қосылды.
Ұлы Абай қазақ поэзиясында жаңалық жыршысы болып, оның реалистік бетін ашса, музыка өнерінің қазақ топырағындағы жаңа бағытын Біржан мен Ақан бастап берді. Бұлардың өнерімізді дамытудағы әсерлері, олардың өскен орталары, алған өнегелері, шығармаларының қайнар көзі – бәрі сабақтас. Қазақтың сал-серілері атанған Біржан мен Ақан шығармашылығы біз тілге тиек етіп отырған азаматтық лириканың озық үлгілері десек те болады. Олар өзінің дер шағындағы талант табыстарын түгел дерлік жас ұрпаққа арнап, солардың жүректерін тебірентер тамаша туындылар жасады. Жоғары адамгершілік идеяларға толы өміршең поэзия, асқақ та әсем ән әуендерін қалдырды.
Поэзия – әдебиеттің көне саласы. М.Базарбаев сөзімен айтқанда «... жасаған сайын жасара түсетін жанды саласы» [1, 3-б.]. ХХ ғасыр қазақ әдебиетін басқа адамзаттық әдеби дамудың деңгейіне көтерген ғасыр болды. Лирика жанры да толысып, өсіп өркендеді. Ақындар лирика жанры арқылы қоғамның ең өзекті мәселелерін көтеріп, тақырыптық – мазмұндық жағынан байытып, сұлу сөзден сурет соғып, көркемдік жағынан да дами түсті.
Поэзия туралы Абай: «Туғанда дүние есігін ашады өлең..» немесе «Өлең – сөздің патшасы, сөз - сарасы»,- деп аса жоғары бағаласа, М. Мақатаев «Поэзия-менімен егіз бе едің? Сен мені сезесің бе, неге іздедім...»деп, ақындықтың адамға табиғат берген сый екендігін дәріптейді. Ал Т.Айбергенов «Ақын болып өмір сүру – Оңай деймісің қарағым...» деп ақындықтың үлкен жауапкершілік екендігін айтады. Ал лирика ғалым З.Қабдоловтың сөзімен айтар болсақ «грекше- Lyra-музыка аспабы аты. Ой мен сезімді астастыра суреттейтін терең психологиялық шығарма. Лирикалық өлеңдер ауыз әдебиетінен басталған. Шартты түрде баллада,

1. Базарбаев М. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы. – Алматы, Жазушы, 1973. -256 б.
2. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Жазушы, 1983. -456 б
3. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы, 1989.-320 б.
4. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы: Мектеп, 1969. -244 б.
5. Қабдолов З. Сөз өнері/З.Қабдолов.- Алматы:Қазақ Университеті, 1992.-528 б.
6. Тәжiбаев Ә. Өмiр және поэзия.-Алматы, 1960.-300 б.
7. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы.- Алматы, Мектеп 1973 ж., 212 б, 126 б
8. Нұрғали Р. Арқау. Т.2. – Алматы: Жазушы, 1991. – 571-б., 7-б.
9. Мырзалиев Қ. Сөз сиқыры. – Алматы: Жазушы, 1988. - 464 б.
10. Негимов С. Өлең өрімі. – Алматы: Ғылым, 1980
11. Әлімбаев М. Толқыннан толқын туады. Алматы: Қазақ универистеті, 1992. -248 б.
12. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы. – Алматы: Жалын, 1988.-152 б.
13. Шәріп А. Қазақ поэзиясы және ұлттық идея. Монография. Алматы: Білім, 2000. -335 б.
14. Жәмішев Ә. Жыр жанары. – Алматы: Жазушы, 1970. – 96 б.
15. Мәшһүр-Жүсіп Қ. Өлең – сөздің патшасы. – Алматы: Жазушы, 1991. 216 б.
16. Оразханова М.И. Қазақ әдебиетіндегі табиғат лирикасы (1960-1990 ж.ж.). Филолог. ғыл. канд. ғылыми дәр.алу үшін дайынд.диссер. Астана, 2005 ж. 137-б.
17. Қыяхметова Ш.Ә. «Қазақ лирикасындағы табиғат пен тағдыр» 2001 ж Филолог. ғыл. канд. ғылыми дәр.алу үшін дайынд.диссер. Астана, 2005ж. 137-б.
18. С.Б.Ержанова «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ поэзиясының көркемдік тұтастығы мәселелері» докторлық диссертация. Алматы.-2009. 320-б.
19. Тынянов Ю.Н. Поэтика. История литературы. Москва, 1977.
20. Томашевский Б. Теория литературы. Поэтика, Изд-во 5-е, испр. – М.- Л.Госиздат, 1930. – 240 с.
21. Әшімбаев С. Екі томдық шығармалар жинағы. І-том, Әдеби сын. 156-б.
22. [http://kk.wikipedia.org/]
23. Есдәулет Ұ. Киіз кітап. Өлеңдер. Астана: «Елорда»-2012.-182б
24. Есдәулетов Ұ. Ғұмыр жас, Алматы: Раритет:2012ж.-376б
25. Жұмабаев М. Шығармалары: өлеңдер, поэмалар, қара сөздер. Құрастырғандар: Абдуллин Х. Дәрімбетов Б., Жұмабаева З.– Алматы: Жазушы, 1989. – 448 б.
26. Есдәулетов Ұ. Алтайдың алтын тамыры /Ұ.Есдәулетов.-Алматы: Жазушы, 1979.-160 б.
27. Кемелбаева А. Өлеңдерім – жанымның жылнамасы/А.Кемелбаева // Жас Алаш, 2004.- №34-35
28. Әлібеков Ә. Ұлттық поэзиямыздағы Ұлықбек жырлары/Ә.Әлібеков // Астана хабары, 2004.- №56
29. Есдәулетов Ұ. Жұлдыз жарығы/Ұ. Есдәулетов.-Алматы:Жазушы, 1977.- 182 б.
30. Тұрғынбекұлы С. Сөзге ғашық жүрек/С.Тұрғынбекұлы // Егемен Қазақстан, 2002.- №263-264
31. Елубай О. Алтайым, алтын тамырым/О.Елубай.-Алматы: Әл-Фараби, 2000.-210 б
32. Әлімбай М. Жанымның жапырағын жамыратып/М.Әлімбай // Жас Алаш, 2004.- №53
33. Кемелбаева А. Өлеңдерім – жанымның жылнамасы/А.Кемелбаева // Жас Алаш, 2004.- №34-35
34. Медетбек Т. Баба дәстүрдің мұрагері кім?/Т.Медетбек.-Алматы: Өлке, 2001.-248 б.
35. З.Ахметов, Т.Әбдірахманова, М.Қаратаевтың жауаптылығымен «Қазақ поэзиясындағы дәстүр ұласуы». Монография. Алматы: Ғылым.-1981
36. Абай. – Алматы: Жазушы, 1995. -168 б.
37. Кәрібаева Б. Қара өлең және лирика. - Алматы: Ы.Алтынсарин ат. Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 2001. - 173 б., 89
38. Уақыт және қаламгер.-Алматы:Жазушы, 1986.-316 б.
39. Есдәулетов Ұ. Өр мінезді өлең /Ұ.Есдәулетов // Жұлдыз, 1986.- №8
40. Райымбекұлы М. Ай/М. Райымбекұлы.-Алматы: Жазушы, 2001-168 б.
41. Боқаев Қ. Ұлттық салт-дәстүр! Махаббат! Қайсысын насихаттаймыз? /Қ.Боқаев // Қазақ әдебиеті, 2004.- №11
42. С.Торайғыровтың 110 жылдығына арналған Республикалық студенттер мүшәйрасы. Өлеңдер жинағы.-Павлодар, 2003-83 б.
43. Байбатыров Ғ. Шабыт керген көкірегінің шанағын /Ғ.Байбатыров // Дидар, 2002.- 2 қараша
44. Белинский В.Г. Таңдамалы шығармалары. 2-кітап/В.Г.Белинский.-Алматы,1950.-324 б.
45. Құрманғали Қ. Қоңыр күз күмбірі/Қ.Құрманғали.-Алматы:Санат,2002.-472б
46. Әшімбаев С. Азаматтыққа адалдық. /Әдеби сын-мақалалар, зерттеулер, толғаныстар/ Құрастырған Ш.Бейсенова. – Алматы: Раритет, 2007. –336 б.
47. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі (Құрастырушылар: З.Ахметов, Т.Шаңбаев) – Алматы: «Ана тілі», 1998. – 384 б.
48. Қоңыров Т. Қазақ теңеулерi.-Алматы, 1978ж., 171б.
49. Мәшћүр-Жұсіпов Қ. Қазақ лирикасындагы стиль және бейнелілік, - Павлодар: Павлодар университетінің баспасы, 1999. - 295 б.
50. Нарымбетов Ә. Қазақ поәзиясындагы дәстұр тұтастығы // Кітапта: Қазақ поәзиясындагы дәстұр ұласуы. - Алматы: Жазушы, 1981. - 4 б

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ ЖӘНЕ ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ
1.1 ХХ ғасырдағы қазақ лирикасы және Ұ.Есдәулет ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 6
1.2. Ұ.Есдәулет поэзиясындағы дәстүр сабақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2. Ұ.ЕСДӘУЛЕТ ЛИРИКАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ІЗДЕНІСТЕР
2.1. Ақынның азаматтық лирикасының көркемдігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
2.2.Ұ.Есдәулет лирикаларының құрылысы мен өлшем-өрнектер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59
КIРIСПЕ
Қазақ әдебиетінің 20-ғасырдағы даму жолы халқымыздың сол тұстағы тарихи-әлеуметтік жағдайына байланысты болды. Бұл ғасырда қазақ қоғамы бұрынғы дәуірлерге қарағанда біраз өзгерістерді басынан өткеріп, ілгері өрлеуге бет бұрған-ды. Халыққа Еуропалық өнердің есігі ашылып оқу, өнер-білім самалы қазақ даласына жайылды.
Қазақ ақын-жазушыларының шеберлігі бұл тұста арта түсті. Олар ұлттық әдебиеттің дәстүрлі жетістіктерін жете игеріп қана қоймай, ілгері іздене берді. Батыс пен Шығыс поэзиясына қолдары жетіп өрісін ұзартты. Қазақ поэзиясы бұрынғы өсиет өлең, арнау, толғау, жыр сияқты басым болып келген ескі жанр түрлеріне жаңалықтар қосты. Қазақ лирикасының өзі сан түрлі жаңа жүйелермен байи түсті. Лириканың бұрын дидактикалық сарыны басым болса, енді оның суретті, пейзажистік, образдылық жақтары бой ала бастады. Адамның арақатынасы, махаббат сезімдері, ішкі психологиялық дүниесі нәзік лиризммен әсерлі бейнеленіп, адамның іші мен сырты бірдей әдемі, жоғары адамгершілікпен ұштасуы көкселді. Адам өмірі жан-жақты жырланып, қоғамдық сана, философиялық ой-тұжырымдары, дәуір жаңалықтары кеңінен жырға қосылды.
Ұлы Абай қазақ поэзиясында жаңалық жыршысы болып, оның реалистік бетін ашса, музыка өнерінің қазақ топырағындағы жаңа бағытын Біржан мен Ақан бастап берді. Бұлардың өнерімізді дамытудағы әсерлері, олардың өскен орталары, алған өнегелері, шығармаларының қайнар көзі – бәрі сабақтас. Қазақтың сал-серілері атанған Біржан мен Ақан шығармашылығы біз тілге тиек етіп отырған азаматтық лириканың озық үлгілері десек те болады. Олар өзінің дер шағындағы талант табыстарын түгел дерлік жас ұрпаққа арнап, солардың жүректерін тебірентер тамаша туындылар жасады. Жоғары адамгершілік идеяларға толы өміршең поэзия, асқақ та әсем ән әуендерін қалдырды.
Поэзия – әдебиеттің көне саласы. М.Базарбаев сөзімен айтқанда ... жасаған сайын жасара түсетін жанды саласы [1, 3-б.]. ХХ ғасыр қазақ әдебиетін басқа адамзаттық әдеби дамудың деңгейіне көтерген ғасыр болды. Лирика жанры да толысып, өсіп өркендеді. Ақындар лирика жанры арқылы қоғамның ең өзекті мәселелерін көтеріп, тақырыптық – мазмұндық жағынан байытып, сұлу сөзден сурет соғып, көркемдік жағынан да дами түсті.
Поэзия туралы Абай: Туғанда дүние есігін ашады өлең.. немесе Өлең – сөздің патшасы, сөз - сарасы,- деп аса жоғары бағаласа, М. Мақатаев Поэзия-менімен егіз бе едің? Сен мені сезесің бе, неге іздедім...деп, ақындықтың адамға табиғат берген сый екендігін дәріптейді. Ал Т.Айбергенов Ақын болып өмір сүру – Оңай деймісің қарағым... деп ақындықтың үлкен жауапкершілік екендігін айтады. Ал лирика ғалым З.Қабдоловтың сөзімен айтар болсақ грекше- Lyra-музыка аспабы аты. Ой мен сезімді астастыра суреттейтін терең психологиялық шығарма. Лирикалық өлеңдер ауыз әдебиетінен басталған. Шартты түрде баллада, арнау, идиллия, мадригал, ода, сонет, ой, элегия, эпиталама, эпиграмма, эпитафия, пастрал, эклога т.б. деп бөлуге болады[2; 56б ]
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда қазақ әдебиеттану ғылымында лирика жанры жан-жақты зерттелу үстінде. Адам жасаған сайын, әдебиет те жасай бермек, әдебиет зерттелгенде, лирика да зерттелуді тоқтатпайды. Оның тарихына, даму процестеріне, поэтикасына байланысты әр түрлі ғылыми еңбектер жарық көруде. Оның ішінде жекелеген ақындар шығармашылығына қатысты да еңбектер баршылық. Әйтседе, астанадан шалғай облыс орталығын мекен етіп, қоғамның көкейкесті мәселелерін сөз етіп, шындық пен шынайылықты ту етіп жүрген ақындардың бірі – Ұлықбек Есдәулет шығармашылығына, оның азаматтық лирикасына қатысты ғылыми еңбек жоқ деп айта аламыз. Ақындығына батылдығын серік еткен қаламгер шығармашылығындағы азаматтық лириканы сөз ете отырып, қоғамдағы саяси құбылыстар мен азаматтық позициядан азды-көпті хабардар боламыз. Осы тұрғыдан келгенде зерттеу жұмысымыздың тақырыбы әдебиеттану ғылымы үшін, қоғамымыздың мәдени-рухани дамуы үшін өзекті мәселе екендігімен ерекшеленеді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Алаш сыйлығының лауреаты талантты ақын Ұлықбек Есдәулетов шығармашылығы туралы аракідік мақалалардан басқа іргелі зерттеулер жоқ. Мақалалардың басты көпшілігі ақын шығармашылығына жалпылама сипаттаулар жасаудан аса қоймаған. Әсіресе оның азаматтық үні, ұлттық болмысы, өз заманының өрелі де келелі мәселелерін көтерген шығармашылығы арнайы зерттеуді қажет етеді.
Диплом жұмысы осы бір тың да күрделі тақырыпты ашуға бағытталған.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты Ұ.Есдәулетов шығармашылығындағы азаматтық лириканың тақырыптық-идеялық көрінісін зерттеу. Осыдан келіп, жұмыстың негізгі міндеттері туындайды:
- Осы ақынның өлеңдерінің негізінде азаматтық лириканың поэзиялық шығарманың бейнелілігі арқылы танылатынын дәлелдеу;
- Бүгінгі поэзиямыздағы азаматтық сарынның ашылуына жанрлар мүмкіндігінің ықпал ететінін көрсету;
- Ұ.Есдәулетов шығармашылығы арқылы азаматтық әуен мен ұлттық болмыстың өзара қатынасын айқындау;
- Азаматтық лириканы бейнелеу жүйесі аясында қазіргі қазақ поэзиясының негізгі жетістіктерін, көркемдік ізденістерін саралау;
- ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясына тоқтала отырып, ақын өлеңдеріндегі дәстүр мен өзіндік қолтаңбасы бар жаңашылдығын айқындау;
- ақынның негiзгi бейнелеу әдiсiнiң сыр сипатын толымды ашу мақсатында, оның поэзиясындағы өзге де тiл байлығының қайнар көздерi антоним, синонимдердiң қолданылуы.
Зерттеу нысаны. Зерттеу обьектісіне Ұ.Есдәулеттің Жұлдыз жарығы, Жүректегі жарылыстар, Ұлыстың ұлы күні, Заман-ай, Киіз кітап атты өлең жинақтарын алдық.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері. Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздеріне ұлттық әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілі Байтұрсынов А. [3]., Жұмалиев Қ. [4]., Қабдолов З. [5]., Тәжібаев Ә. [6]., Ахметов З. [7]., Базарбаев М. [1]., Нұрғали Р. [8]., Мырзалиев Қ. [9]., Негимов С. [10]., Әлімбаев М. [11], Кәрібаева Б. [12]., Шәріп А. [13], Жәмішев А. [14], Жүсіп Қ. [15] т.б. зерттеу еңбектері негізге алынды.
Зерттеу жұмысында қолданылған әдiстер. талдау, жинақтау, жүйелеу, салыстыру, тұжырым жасау әдіс-тәсілдері қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Ақынның лирикасы бүгінгі күнге дейін жан-жақты зерттелмеген. Сол себепті қазіргі қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Ұлықбек Есдәулет лирикалары әдебиеттану ғылымында кешенді түрде алғаш рет қаралып отыр. Әрине табиғат лирикасында, өлең құрылысын жеке-жеке зерттеген (мысалы, Оразханова М.И. Қазақ әдебиетіндегі табиғат лирикасы 2005ж канд.дис.) [16], (Қыяхметова Ш.Ә. Қазақ лирикасындағы табиғат пен тағдыр 2001 ж канд.дис) [17], (С.Б.Ержанова Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ поэзиясының көркемдік тұтастығы мәселелері 2009, докторлық диссертация) [18] ғалымдар мысал ретінде еңбектерінде пайдаланған. Біз бұл жұмысымызда ақынның өлеңдеріндегі дәстүр мен жаңашылдықты, көркемдік ізденістерді, ақындық шеберлігін ғылыми түрде анықтамақпыз.
Ақынның лирик ақын ретінде стилін қарастыру барысында Абай дәстүрін дамыта жалғастырған, өзіндік даралық стилі бар суреткер ретіндегі болмысы жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, Ұлықбек Есдәулеттің ақын ретіндегі өзіндік даралығын, ақындық шеберлігін тануға, лирикасының көркемдік қуатын ашуға тілдік, бейнелілік, көркемділік мәселесі арқылы келуіміз өз нәтижесін берді. Ақынның лирикасы ұлттық әдебиетімізде өзіндік орны бар сыршыл да нәзік өлеңді өрнектер екенін зерттеу жұмысы ашып бере алды деген тұжырым жасадық.
Диплом жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, 1 тарау 2 тармақша, 2 тарау 2 тармақшадан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ ЖӘНЕ ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ
1.1 ХХ ғасырдағы қазақ лирикасы және Ұ.Есдәулет
ХХ ғасыр басындағы ірі қоғамдық оқиғалар бүкіл рухани қазына жайындағы түсінік, ұғымды өзгертті. Адамның өзін-өзі тануының жаңа дәуірі басталды. Поэзияға деген көзқарас та өзгере бастады. Зерттелу жайына келсек, Аристотельден Белинскийге дейінгі, одан бергі В. Брюсов, Ю.Тынянов [19], Б. Томашевский [20], В. Шкловский, В.Жирмунский, Л. Тимофеев, қазақ поэзиясын алсақ А. Байтұрсыновтың Әдебиет танытқышы (1926), М.Әуезов Әдебиет тарихы (1927), Қ. Жұмалиевтің Әдебиет теориясы (1938), Қазақ әдебиеті (1942), Е.Ысмайыловтың Әдебиет теориясының мәселелері (1940), Ә.Нарымбетов Дәуір және поэзия (1970), М.Базарбаевтың Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы (1973) [1], Б.Кәрібаева Қара өлең және лирика (2001) [12] атты еңбектерде өлеңнің теориялық мәселелерін, оның тілі, құрылымы, көркемдік-жанрлық ерекшеліктері, әр лирикаға тән қолданыстар қарастырылған.
Поэзия - әлемдік өмірдің жан тамырының соғуы, сол өмірдің қаны мен оты, жарығы мен күні. Сағат Әшімбаев: Поэзия – жүректің сөзі. Бір жүректен шыққан сөз кем дегенде жүз жүректе бұғып жатқан бұла сезімнің бұлықсып бас көтеруіне түрткі болады. Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар деген ұлағатты сөздің өлеңге де қатысы бар. Жүректегі сезімді оятқан өлең, тегін өнер болмаса керек. Өлеңнің өнегесі сол, ол адамдық сезімді ғана қоймайды, оны адамзаттық асқақ сезімнің дәрежесіне дейін көтереді. Азаматтық асқар сезімнің шыңы ұлттық сезімде өлең арқылы оянып рухани күш салады.-деп өлеңнің данышпандығын, сезімді дір еткізер қасиетін айта кетеді. [21,56] Поэзия әрқашанда сол халықтың тұрмыс-тіршілігін, ой-арманын, адамның көңіл-күйін байқататын киелі өнер. Ақын поэзиясына қашан да болсын өскен ортасы, қоғам әсер ететіні анық. Бұл элементтердің барлығы қай поэзияға болмасын тән.
Әр заман поэзиясының өзіне лайық күйі бар, өзіне лайық үні бар. Адам баласының бүкіл тарих бойына ілгері өсіп келе жатқан процесс болса, көркем бейне жүйесімен ойлау, дүниені образбен танып баяндау, суреттеу өнері де тоқтаусыз дамып келе жатқан, жаңаланып келе жатқан құбылыс. Поэзияның ғана құдіреті келетін заман үнін, адам күйін, тіршілік еткен жанның мұңы мен зарын, ішкі ой-сезімін, ой-арманын өлең өрнегімен жеткізеді. Поэзия мен бейнелеу өнері ілгері дамыған елдерде, әсіресе, қыл қалам шеберлері мәңгілік туындылар жасаған елдерде адам күйінің бар сырын поэзия тереңірек аша ма, әлде көркемсурет дәлірек көрсете ме деген пікірлер болған. Леонардо да Винчи: Көркемсурет – тілсіз поэзия, ал поэзия көрінбейтін көркемсурет деген екен. Бұдан, әрине, өнердің осы екі түрінің бейнелеу амалдары барабар деген ұғым тумайды. Екеуінің де адамға күшті әсер ететінін мойындау.
Қазақ поэзиясы туралы әр кезде түрлі пікірлер қалыптасты.
Қалыптасқан сайын зерттеулер де жаңара түсті, биіктей түсті. Әр кезеңнің әдебиет зерттеулеріне қатысты ғылыми еңбектер қай ақынның поэзиясын қарастырсақ та қажет етеді және одан әрі жаңалығы да, жаңашылдығы да ашылып отырды. Мұның өзін қазақ поэзиясындағы бір жетістік деп септейміз. Оқырманның да әдебиетке деген қызығушылығы артты.
С.Мұқановтың Поэзия мәселесі, Тағы да поэзия туралы деген мақалаларында жалпы әдебиет алдында тұрған, сонымен қатар, қазақ поэзиясы алдында тұрған міндеттер туралы көп пайдалы пікірлер айтылды.
Қазақ поэзиясының жайы мен күйін арнайы зерттеп, Абай дәстүрінің орнығау, беку қалпын танытқан кең көлемді еңбек – Қ.Жұмалиевтің 1948 жылғы басылған Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі деген зерттеу кітабы. Бұл зерттеуде алғашқы рет Абай шығармаларының тілі, көтерілген мәселелері, көркемділігі мен образдылығы жайында сөз етілген болатын. Жаңа дәуірдегі поэзияның жайын әдебиетші Т.Нұртазин С.Мұқановтың творчествосы атты еңбегінде бір С.Мұқановтың ғана емес, кеңес дәуіріндегі қазақ поэзиясының даму қарқынын, өсу эволюциясын ашып көрсетті. Кеңес дәуірінде поэзия жаңа өмір, жаңа тұрмыс заңдарымен өзгеріп жаңаланды. Абай шығармаларының халықтығы оған дәстүр болып, ілгері дамуына негіз болды.
Ал кейінгі 70 жылды алсақ, әдебиет онан әрі даму жолында жаңа қоғамның әрбір бетбұрыс кезеңдеріне лайық жаңа қалып, мінез білдіріп отырды. Ұлы Отан соғысы, онан кейінгі құрылыс дәуірі және қазіргі кезеңдегі ғылым мен техникадағы жаңалықтар, космос тақырыбы қоғамдық санаға, сонымен біргеі әдебиет пен көркемөнерге өз таңбасын түсірді; жаңаша сурет, образдарды талап етті; кеңес адамының қазіргі замандағы күрескер, еңбеккер бейнесін, ойшыл, жаңашыл кейпін жасау міндетін қойды.
Поэзия қашан да жаңарып, өзгеріп даму процесінде, айнала өмірде болатын құбылыстарды өлең өрнегімен бере отырып, әрбір ақын әлемі пайда болады. Әр кезеңдегі ақындардың өз жаңалықтары болды, өлең құрылысы мен түрі болсын, тақырыбы жағынан болсын, сөз қолдану ерекшелігі болсын, ұйқас, ырғақ, буын өз алдына әңгіме, қай жағынан алсақ та лириканы зерттеу қай кезеңде де болсын қажет етеді.
Жетпісінші жылдар — жалпы Кеңес Одағының “жылымық” орнап, еркіндік самалы есіп, соған байланысты қазақ әдебиетінің, ұлт мәдениетінің қайта түлеген кезеңі. Осы кезеңде төл сөз өнерімізде үлкен өрлеу туып, қазақ поэзиясын тағы бір белеске көтеріп тастаған жаңа толқын әдебиетке өзіндік ерекше үндерімен келген. Тұманбай Молдағалиев, Мұқағали Мақатаев, Қадыр Мырзалиев, Жұмекен Нәжімеденов, Төлеген Айбергенов, Жүсіп Қыдыров, Фариза Оңғарсынова, Оспанхан Әубәкіров, Исраил Сапарбаев, Ұлықбек Есдәулет сияқты ақындар поэзия аспанында жарық жұлдыздар боп жарқырады. Айталық, аталмыш 1961 жыл – Қадыр Мырзалиевтің “Ой орманы”, Жұмекен Нәжімеденовтің “Балауса”, Тұманбай Молдағалиевтің “Зулайды күндер” кітаптары жарияланып, қазақ оқырмандары жыр балының дәмін татып, тамсанған жыл. “Жас дәурен” жинағы да осы жылы жыр қазынасына кенелткен.
Қазіргі уақытта шығармаларын өз заманына арнаған ақындар аз емес. Өз кезеңінде уақыт тынысын сезінген ақындардың бірі – Ұлықбек Есдәулет.
Қазақ поэзиясындағы өзіндік қолтаңбасы айқын, ХХ ғасырдың 70-80–жылдарындағы лириканың жарқын келбетін жасаушы ақынның бірі – Ұ.Есдәулет. Сезімді селт еткізер, жүректен шыққан жырдың балын тамызар ақын поэзиясының пернесі таза тың лиризмге лайықталған. Жанға жылы өлеңдер көбінесе лирикадан табылады.
...Сонау 70-жылдардың басында Қанат қақты, Көздеріңе ғашықпын, Алтайдың алтын тамыры секілді тамаша жырларымен қазақ жырының үйіріне екпіндей қосылған Ұлықбек Есдәулет – бүгінде кемеліне келген ақын.
Нәзiктiк пен сұлулық, адалдық пен адамгершiлiк, махаббат пен сүйiспеншiлiк, сағыныш пен қайғы ақын поэзиясынан ерекше орын алады. Осы құндылықтар ақын қаламынан жаңаша өмiр танып, жаңаша тыныс алады. Сол себептi ақын өлеңдерiнiң өзектi мәселесiне үңiлiп, оның даралығы мен талантын танудың өзi талмай зерттеудi талап етедi. Қандай да бір мәселені тілге тиек етсе де ақынның ерекшелігі оны кең ауқымда алып, өлең өлшеміне өрісті оймен аудара, сыйдыра білген. Бұл қасиет сөз зергерінің шағын өлеңдерінде де, көлемді туындыларында да бөлекше бітімге, әсерлі айшыққа ұласқан. Ақын өлеңдерінің тақырыптық жүйесі, жанрлық түрі, идеялық және мазмұндық негіздері қазақ поэзиясындағы тың үрдісті танытады және өзге тілге аударуды анықтайды. Ақынның көп қырлы махаббат лирикасының мазмұны, көркемдік болмысы алуан түрлі, әрі күрделі.
Лирика дегеніміз-ақынның ішкі жан дүниесінің сезім күшімен тебірене толқуы, өз басының көңіл-күйі, күйініш-сүйініші тән. Ұлықбек ақын өз өлеңдерінде шама-шарқынша көркемдікке ұмтылды, өлең жазудағы Абай талаптарына талпынды. Жатық тіркес, шымыр ұйқас құруға, ажарлы сөзбен бейнелеуге, әсерлі ырғақ, шырайлы шумақ жасауға, осылардың бәрін үйлестіре келіп, ой салар, жүрек тербер көркем поэзия тудыруға тырысты. Ол белгілі дәрежеде Абай бастаған қазақтың жаңа жазба әдебиетіндегі көркем үлгіні басшылыққа алды. Табиғат көріністерін беруде, жер-су, тау-дала, географиялық ортаны суреттеуде алдыңғы үлгі бағытында ізденді, солармен үндесетін азды-көпті туындылар берді. Алайда ақын поэзиясында өзінің бойына бала кезінен сіңген халықтық сипат, ұлттық дәстүрдегі көркемдік үлгі басым байқалатыны шындық. Өмірдің өзін өлең деп бағалаған қаламгердің өлең-сөзге жүгінуі ақын мұратын әйгілеп тұрғандай. Өлең-жырдың жасампаздық құдіретіне ерекше маңыз беру де ақындық мұраттың басты шарты болса керек. Ақын лирикасындағы шалқар шабыт ақынның сөз өнерін құрметтеу, оған табыну құдіретінен көрік алады. Нағыз ақынға тән кредо – жыр бұлағын аялап сүюден нәр алып, одан арғы биіктерге қол созады. Ақын түсінігінде өлең патшалығы адамзат дамуы мен жеке тұлға рухына қызмет етер ерекше дүние. Қазақ сөз өнерінің өзегі – өлең деп ұқсақ, сөз патшасына сыйынып сыр ашу – ақынға ғана жарасқан символика болғаны.
Әдебиет әлемiнде творчестволық қабiлетi мен адамгершiлiгi, кiсiлiк қасиетi ерекше талантты тума ақындар сирек кездеседi. Бiр шумақ өлең жазбаған адам қазақ қазақ емес болғанмен, өлең жазғанның бәрi сыршыл да сезiмшiл ақын емес қой. Ақиық ақын десе, бiз Мақатаевты, реалист ақын десе С.Сейфуллиндi, Б.Майлиндi, ұлы ақын десе Абайды бiрден еске аламыз.
Кейде өзiңе де көрiнбей тек ұғым дүниенiң әлдебiр түкпiрiнде бұғып жатқан, ұйқылы-ояу сезiмiңе жан бере алар күштiң иесi де – поэзия құдiретi, ақындар әлемi.
Әркiмнiң өз жан өлшемi деңгейiне тән қанша қасиет – қастерi бар болса, соның бәрiн жақсы ақынның саңлақ қиялынан жаралған сұлу жыры жан бiтiре жаңғыртады.
Демек адам болмысы, адамның жан дүниесіндегі түрлі сапалық өзгерістерді поэзия тілімен өрнектеудің өзгеше әдіс-тәсілін тапқан ақын қазақтың төл әдебиетімен ғана шектелмей түбі бір түркі руханиятының мазмұнды туындыларынан сусындап, әрі әлемдік ақыл-ой жетістіктерінен үйренген.
Ұлықбек Есдәулет 1954 жылы 29 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Үлкен Қаратал ауылында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (1977) журналист мамандығы бойынша, М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курстардың поэзия бөлімін (Мәскеу қаласы, 1985) әдебиетші мамандығы бойынша бітірген. Гуманитарлық ғылымдар академиясының құрметті академигі (2004 жылдан). Қазақстан журналистика академиясының толық академик-мүшесі. М. Әуезов атындағы Семей университетінің құрметті профессоры. 1971 жылдан - Шығыс Қазақстан облыстық газетінің корректоры. 1977 жылдан - республикалық Қазақстан пионері газетінің бөлім меңгерушісі. 1979 жылдан - Жазушы баспасының редакторы (Алматы қаласы). 1985 жылдан – Қазақ телевизиясы жастар редакциясының редакторы. 1986 жылдан - Қазақ әдебиеті газеті редакциясы сын бөлімінің тілшісі. 1988 жылдан - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы. 1991 жылдан - Жас Қазақ газетінің бас редакторы. 1993 жылдан - ҚР Сыртқы істер министрлігінде бөлім меңгерушісі. 1997 жылдан – ҚР Қоғамдық келісім, ақпарат және мәдениет министрлігінің бөлім меңгерушісі. 2000 жылдан - ҚР Премьер-министрінің Кеңсесінде мәдениет секторының меңгерушісі. 2002 жылдан - Қазақ әдебиеті газеті редакциясының бас редакторы. 2008 жылдан бері - Жұлдыз әдеби журналының бас редакторы. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы. Мемлекеттік сыйлықты тағайындау жөніндегі ҚР Мемлекеттік комиссиясының, Ескерткіштер мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының, Түркі әлемінің әдеби журналдары конгресінің Тұрақты кеңесінің мүшесі.Ақбар бильярд клубының мүшесі. Құрмет орденімен (2001); Қазақстан Конституциясына 10 жыл (2005), Астананың 10 жылдығы (2008) медальдарымен марапатталған. Қазақстан Ленин комсомолы (1986), Жігер шығармашыл жастар байқауларының (1979), түркі тілдес елдер поэзиясы байқауының (1995), халықаралық Алаш (2000), ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының (2003) лауреаты. Ресейдің Алтын Есенин медалінің кавалері (2007). Қара пима поэмасы Жалын республикалық (жабық) әдеби сайысының жеңімпазы атанған (1982). Мүшайра ақындар сайыстарының бірнеше мәрте жеңімпазы атанған.[22]
Ұлықбек Есдәулет поэзиясындағы халық тағдыры жаңа заман үнімен жырланса да, екеуіне ортақ жай – туған ел мен туған жердің, халықтың жарқын болашағы. Сол жарқын болашаққа жетуде өз кесірін тигізер келеңсіздіктер – қос ақынды мұраттас етіп отыр.
Мағжан ақын бір ұлттың өз халқының мүддесін ойлаумен ғана қалып қоймайды. Оның азаматтық парасатынан туындаған арман-мақсаттар бұдан әлдеқайда биік. Туған халқы туралы айтқанда, оның кешегі өткен жолын еске алады, оны бүгінгі жағдайымен салыстырады. Онымен де шектелмей, ақын жалпы түріктік идея көтереді. Көкбөрінің рухы, Түркістан маршы өлеңдерінде қаны Мағжан ақынмен үндес келеді. Түркі дүниесі сыйынатын Көкбқрінің рухы азаттыққа, бостандыққа, тәуелсіздікке жеткізгендей сезінеді. Түркістан маршы өлеңінде Мағжан ақынның өлеңін жалғастырғандай.
Түркі халқы, тізеңді жаз, түрегел,
Тізерлеген тығырыққа тірелер.
Түбі түркі түгенделер кез келді,
Бірлік болса-қорлық болмас, біле бер![23.56]
деп, Шығыс елдеріне ұран тастай отырады, түбі бір түркі халықтарын бірлікке шақырады.
Өлеңде ақын шабытының ғаламат күші қаншалықты сезіліп тұрса, ақынның Шығысқа, оның ұлдарына деген махаббаты мен мақтанышы да соншалықты жарқырап көрінеді.
Мағжанның бұл тақырыптағы өлеңдерінде заман шындығы халықтың басынан өткен тарихи белестерді ойға алу арқылы түсіндіріледі. Ол Шығыстың, оның ішінде түркі елдерінің кешегі тарихына көз жібереді. Бір кезде жайлаған мекенін еске алады. "Түркістан" өлеңі соның айқын айғағы.
...Түркістан — екі дүние есігі ғой,
Түркістан — ер түріктің бесігі ғой
деп басталатын өлең жолдары кешегі тарихқа жетелейді. Ертеде Тұран аталған бұл жерді мекендеген ата-бабаларымыздың өмірінен елес береді Ақын Тұранның жері мен суын, көлі мен шөлін, өзен-суларын, тауларын, Теңізі мен Аралын, Ыстықкөлін, Жейхун мен Сейхун дарияларын, Тянь-Шаньдай, Памир мен Алтайдай тауларын ғажайып көркемдікпен суреттейді. Тұранды мекен еткен ер түріктің билері мен батырларын, ғұлама ғалымдарын, ел басқарған хандарын еске алады. Міне, осылайша бірлікте өмір сүріп, іргесін жауға бермеген түрік дүниесі бүгінде бірнеше елге бөлініп кеткен.
Көп түрік енші алысып тарасқанда,
Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па? —
деп, Мағжан қазақты да сол ер түріктің бір мұрагері санайды.
"Тұран", "Түркістан" деген образды бейнелер арқылы Мағжан осылайша Шығыс әлемін, бүкіл түркі дүниесін мақтан ете жырлайды. Оның бүкіл өткен жолына шолу жасай отырып, тарихтың небір ерлікке толы, бейбіт өмір жайлаған беттерін парақтайды. Оларын өз заманымен салыстырады. Көп нәрсеге көңілі толмайды. Бір кезде Тұранды мекен еткен ер түріктің бүгінде бірлігі азайған. Бас-басына ел болған, жеке халықтарға бөлініп кеткен. Шығысты дәріптейтін өлеңдерінде Мағжан осынау түркі халықтарын бірлікке шақырады. Сонда ғана Батыстан келген қиянатқа, Ресей патшасының отаршыл саясатына қарсы туруға болатынын ұқтыруға тырысады.
Ұлықбек Есдәулет те Көкбөрі, Түркістан атауларын шығармаларына арқау ете отырып, оған ерекше ілтипат білдіреді.
Көктүріктің қаны әлі асыл күйде,
Ешақашан да, ешкімге, басыңды име!
Ер қазақтың баласы еркін өскен,
Жаралған ғой, жаныңмен жасын бірге. [24, 28-б]
Мағжан өлеңдеріндегі ең басты тақырып — ел мен жер тағдыры. О бастан-ақ халқына азаттық өмір тілеген ақын туған елінің өткен тарихына үнемі көз жіберіп отырады. Сол арқылы тарихи шындықтың бетін ашады.
Атап айтқанда, "Өткен күн" атты өлеңінде Еділ мен Ертістің арасын жайлаған қазақтың бір кездегі жайнаған даласы мен көкорай шалғынды жайлауын, айна көлдері мен алаңсыз күн кешкен тұрмысын, қаһарман батырлары мен әділ билерін, ел тұрмысының сәні болған ұлттық салт-дәстүрлерін мақтан ете отырып:
Өткен күнді ойласам,
Ойға терең бойласам,
Кешегі қайран қазақтың
Сәулеті мен дәулеті
Көз алдыма келеді, —
деп, бұдан ары қарай осы тіршіліктің шырқы бұзылғанын баяндайды. Өткенді аңсап емес, колда бар асылынан айырылғанын өкіне баяндайды.
Өмірге құштарлық, айналасындағы адамдарға, туған табиғатқа, жер-анаға ғашықтық туралы ойлар — Мағжан өлеңдерінің басты сипаттарының бірі. Ақын нені жырласа да, ерекше махаббатпен, шынайы жүрекпен жырлайды. Сол себепті де оның өлеңдері сырлы, сазды, көркем. М.Жұмабаевтың елім, жерім, туған үйім дейтін жүрек жарды лирикаларының бәрінде де азаматтық позиция үстемдік етеді.
Ұлықбек ақынның Мағжанмен рухани туыстығын оның осы тақырыптарға арналған өлеңдерін оқу барысында толық көз жеткізе аламыз. Туған жер, Қара жер, Туған ауыл түтіні тағы басқа өлеңдері туған жер топырағын жыр етсе, Табиғаттың жейдесі, Жапырақтар жыры, Қысқы бақ сияқты өлеңдері табиғатты суреттеуге арналған.
Мағжан – біздің тарихи санамыздың оянуына, бүгіннің өткір сауалын тап басып тануымызға көш басшы болатын тұлға. Мағжан – қазақ өлеңінде Абайдан кейін дүбірлі өзгеріс әкелген ірі реформатор ақын. Ал Ұлықбек Есдәулет сол дәстүрді жалғастырушы ғана емес, өз кезегінде дамытушы ақындардың бірі деп білеміз.
Абыз ақын атанған Әбілдә Тәжібаев Мағжан ақын поэзиясы туралы ...Азаматтық лирикаға жататын күшті жырлар Мағжанда өте мол. Оларының көбі тек қана патетикалық асқынған сөздерге ғана құрылмай, ақынның ішкі мұңы мен ашу-кегіне табиғи байланысып отыратын бояулы әуенді өлеңдер: Мен кім?, Мен жастарға сенемін, Айда атыңды Сәрсенбай, М.Д. абақтыдан шыққанда, Өткен күн сияқты өлең өзіне бір төбе. Барынша қуатты, жігерлі жазылған Орал, Орал тауы, Түркістан сияқты өлеңдер де осы циклға жатады. Мағжан жүрегіндегі халқына деген махаббат оның поэзиясынан ерекше орын алады. Ол езу, көрген қорғансыздыққа ұшыраған күйзелу үстіндегі халықты қанша аяса да, жаралы жанның ыңыранған ауыр күйін суреттесе де, халықты бейшаралыққа айналдырмайды. Ол жырлаған халық тағдырына қол қусырған, жерге ғана үңілген, аяғының астынан арғыны көрмейтін, титығы жеткен мүсәпір халық емес. Мағжан поэзиясында үнемі ой үстіндегі, қимыл үстінде көрінетін халық бар.
Кең даладағы шапқан ат, ат құлағында ойнаған, асаумен алысқан сағыныштарын ән-күймен түсіндіретін, жасыл даласын, жайқалған орманын, көл-дариясын сүйетін халық бар. Адам мен жер – Мағжан поэзиясының ең күшті халықтық рухы деген пікірі бүгін де маңызды [25, 6-б.]. Мағжа ақынның жастарға сеніп артып, болашаққа артар жүгін мына өлеңнен байқауымызға болады.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты —
Мен жастарға сенемін!
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін! –деп үлкен пафоспен жырлайды.
Осы тұрғыда Мағжан ақынды жалғастыратын Ұлықбек ақын оны жетелеп алып кеткендей және Мағжанның үміті орындалғанын біздің зерттеуіміздегі ақын жырынан байқаймыз.
Арыстандай айбаттым,
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтым,
Қанша жұлдыз жайнаттың,
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан, ардақтым!
Тұлпарыңның шабысын,
Домбыраңның қағысын,
Күңіренткен тау ішін,
Дарияңның ағысын
Сүйем! десем - бәрі шын,
Қазақстан - намысым!
Әрбір тасы - киелім,
Әр уығы - жүйелім,
Ән кернеген жүрегін,
Күй кернеген тиегін, [23;36]
Қасым Аманжолов – қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалары құрайды.
Қасым Аманжолов — көркем аударма өнерінің де үздік шебері. Ол орыс, Батыс пен Шығыс поэзиясының классикалық туындыларын: лирикалық өлеңдер мен поэма-дастандарын қазақ тіліне зор шабытпен аударды.
Қ. Аманжолов — өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы, дауылды поэзиясымен әр буын оқырмандар сүйіспеншілігіне ие болып, жас таланттарға өте күшті әсер етіп келе жатқан біртуар дарын.
Ақын рухының бұл қуатты серпілісі майдан жырларына ұласып, мазмұн, тақырып, түр, көркемдік бейнелеу кұралдары, ой мен сезім тереңдігі жағынан жаңа сапа тауып, биік белеске көтеріледі. "Елге хат" (бес бөлімнен тұратын ұзақ толғау), "Ұлы күтіс", "Үстімде сұр шинелім", "Подполковник Әлпинге", "Қапанға", "Сәбитке", "Ғалиға жауап", "Қызғалдақ", "Сен фашиссің, мен қазақпын", "Дариға, сол қыз" сияқты хрестоматиялық өлеңдері мен әйгілі "Ақын өлімі туралы аңыз" поэмасы - соның айғағы.
Ақын:
Нар тәуекел! Құлаш ұрдым қиынға,
Қайрат шіркін алып шықса, қиын ба!..
Жығылам деп жүре алмаймын жай басып,
Жүгіремін киіп-жарып, айқасып.
Мүлги берсін, ілби берсін қорқақтар,
Іш пыстырып, жалт-жұлт қарап, жай басып
Жығылсам да, жүгірумен өтемін,
Аяңшылдың ақылын мен не етемін.
Жығылармын, алқынармын, шаршармын,
Барар жерге бұрынырақ жетермін, – [26, 40-б.]
-дегеніндей-ақ, қатты талпынып, талантына мәдениеті қосылып, ақындықтың шырқау биігіне самғап көтерілді. Махамбет, Абай поэзиясының көркемдік табиғатына терең бойлау, дүниежүзілік поэзияның үздік, асыл үлгілерінен үлкен алымдылық, шалымдылықпен үйрену оның буырқанған күшті талантын тез қанаттаңдырды.
Біз сөз етіп отырған Ұлықбек ақын да өз өлеңдерінде осы тектес сырды оқырманына жайып салады. Оқып көрейік:
Көңілім менің мазасыз,
Теңіздің тулағанындай,
Орманның шулағанындай,
Борандар, тасқын, нөсерлер,
Дәл менің тумаларымдай.
Шыңырауыма бойламай,
Кей біреу мені тайыз дер,
Ғарыштан қашқан найзағай,
Кеудемнен келіп сая іздер.
Көңілім менің, мазасыз.
Өрекпіп, өршіп, түлейді,
Жеңеді күдік үрейді,
Толқынды соққан толқынға,
Көріп пе ең дауыл-дүлейді.
Жалпақ әлемге жан дүниесін жайып салу – ақын адамның өзге жұмыр басты пенделерден жалғыз-ақ айырмасы. Бірақ, сол жалпақ әлемді аузыңа қарату үшін қанша рухани ерлік керек. Шын ақынның құзар шыңдай өр келетіні содан шығар. Қасым ақындай Ұлықбек ақын да көп жағдайда сырын өлең арқылы жеткізіп отырады.
Жалпақ әлемге қысылмай қарап, қымсынбай сөйлеу үшін қанша рухани байлық керек. Шын ақынның Атымтайдай аңқылдақ жомарт келетіні содан шығар. Өнерді өмірлі ететін – шындық, шындыққа адал қызмет еткен таланттан ғана кемел суреткер шықпақ, шындыққа адал шығарма ғана ұзақ өмір сүрмек. Осы бір даусыз қағиданы жүзеге асыру үлкен таланттың өзіне де оңайға түспейді. Суреткерлік дарынмен қоса азаматтық өрлікті де қажет етеді. Қасымның асқан ақындық талантына азаматтық ержүректігі де сайма-сай болды.
Қасым ақын жиырмасыншы ғасырдың онсыз да күрделі әлеуметтік тарихының тым күрделірек тұсында өмір сүрді. Ол өз тұсының әлгіндей күрделі әлеуметтік шындығының алдында күмілжіп, күлбілтелеп сейлеген жоқ. Замананың ең ұлы шындығын от пен оқтың ортасында қан төгіп жүріп қорғап қалған жауынгер ұрпақтың өкілі әз буынының рухани өмірбаянынан жалпақ әлемге, жалғасар ұрпаққа қымсынбай айтар көп сыр, көп жыр тапты. Азаматтық ерліктің ең қиын сындарынан өтіп келгең ақын жүрегі адамдардан ірілікті, рухани тұтастықты талап етеді. Майданда қорқақтық қандай рухани опасыздық болса, заманның тынышындағы сәл ұсақ мінез, күйкі құлық та тап сондай опасыздық болып табылмақшы. Тарихтағы алапат қиянат пен әділетсіздікті өз көзімен көріп, өз қолымен жеңгендердің марғау болуға, енжар болуға атымен қақысы жоқ. Қасым оқушысын рухани сергектікке шақырды.
Тартып сырын табиғаттың, тастардың
Бір нәрсені үйрендім.
Көктем келіп, күліп жатқан тастарды
Басуға мен имендім.
Әттең, шіркін, берер ме еді сөзімді?
Тас болғаны –жазғаны, –
Деп тұрғанда, бір есерсоқ өзімді
Басып кете жаздады.
Ақын лирикасындағы мұндай жаңа өжет пафос оның соғыстан кейінгі творчествосын да сол тұстағы көп шығармалардан көш бойы оқшаулап оздырып шықты.
Қасым нені айтса да, көкірегін көлегейлемей ашық айтты. Ол үшін көңілдегісін көмейге іркіп, ішке бүгіп қалатындай, секем алатындай көлденең көз дүниеде жоқ. Тіпті, сол жылдарда қоғамымызда орын алған, кейін орынды сыналған келеңсіз құбылыс – көсем мадақтауға арналған бір өлеңінің өзінде де:
Бетіне фәни дүние бір түкіріп,
Кетіпті талай адам көрге кіріп,
Мен де бір өр кеуделі бөбек едім
Кеп тұрмын алдыңызға қол қусырып, – деп қайсар мінезін ашық аңғартып тастайды. Қасымның ол тұстағы өлеңдерінің бәрі бірдей мінсіз болмағанмен қай-қайсынынан да жаныңызда жатталып қалар серке сөздер секіріп шығады.
Өмір сүйген ақын азаматтың ақтық демі таусылар сәттің өзін әзірейіл көргендей шошына суреттеп, күңірене күйзелмей, қаншалықты паң, қаншалықты парасатты бейнелейді.
Қасым өз өмірінің, не өмірден түйгенінің мынасын жұртқа айтуға болады, мынасын айтуға болмайды деп, бөліп жарып жатпағандай. Ол сүйінішін де, күйінішін де ешкімнен қаймықпай айтып, жыр жолына көшіреді. Бірақ, тіпті аракідік жазылған өкпе-наз өлеңдерінің өзінде де кей ақындарда кездесетіндей, түтін сасыған күйкі кекіректің күмілжі сыры, төңірегіндегінің бәрін мошқаған кердең нақақ, мардымсыған батпан көкірек көрінбейді, адалдық пен абзалдық, шынайылық пен пәктік лебі еседі, барша рухини келеңсіздік атаулыдан жоғары тұрған кемел азаматтың кесек мінезі бой көрсетеді.
Осындай қасиеттері жағынан да Ұлықбек ақын Қасым ақынмен шығармашылық сабақтастықта, ажырағысыз байланыста секілді. Себебі қос ақынның да аузынан шыққан сөз бір адамның ғана емес, бүкіл бір ұрпақтың, бір тұстағы бүкіл бір халықтың жан сырындай жалынды естіледі.
Биік бәйтеректің саясы да мол болатыны сияқты, үлкен таланттың да өз тұсындағыларға әсері мен өзінен кейінгілерге алғаны зор болса керек-ті. Қазақ поэзиясының, әсіресе лирикасының кейінгі он-он бес жыл ішіндегі соң үлкен табыстарының қай-қайсысы да Қасым атымен тығыз байланысты. Одан тек артындағы інілері ғана емес, бастас құрбылары да, тіпті алдындағы ағалары да өнеге алды.
Құя алман үгітілген балшық елең,
Көңілімде кел жасаман тамшыменен,
Серінің семсеріндей сертке таққан
Өлеңнің өткірін бір алшы менен,
деп өзі айтқандай, өлеңдегі Қасым мінезі кең дүниеге кеудесін көлегейлемей сөйлейтін азаматтық батылдық, адамзат болмысының өрелі де еркесті сипаттарын тапжылтпай танитын суреткерлік көрегендіқ өжеттік пен өткірліқ сергектіқ суреттің айқындығы мен сөзім шынайылығы қазіргі қазақ лирикасына түгел тән ортақ мінез, ортақ қасиетке айналды.
Ұ.Есдәулет Қасым ақынмен сырласқан Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ... атты жыр мүшәйрасында бас жүлде алған, поэтикалық қуаты жағынан биік саналған Аманжол құдығы туралы баллада деп аталатын ақын өлеңде Қарқараның басында құдық басында Аманжол Рақымжанның Қасым атты баласы дүниеге келіп, қозы бағып, ойнап жүргенін өзі көргендей елестетеді. Сонда Қасым ақынға табынғаны, табына отырып құдықтан су ішкенін айта келеді:
Десек те, дәуір басқа, ғасыр бөлек,
Жамылып жаз жетсе де жасыл желек,
Арпалыс ала құйын заманалар
Айқайлар:
Қасым керек!Қасым керек![24;36б]
деп жырлайды. Қаншама жылдар, ғасыр өтсе де халқы, ақыны Қасымды іздейді. Бұл өлең тағы да Мұқағали ақынның Фаризаға мұң шаға сырласуына да ұқсайды. Бұл заңды құбылыс, себебі
Ақынмын деп қопаңдап жүргендердің,
Әммасынан Қасымның десі басым,–
деп жырлаған Мұқағали поэзиясы Қасым поэзиясымен үндестік тапты. Далаға деген ұлы махаббат қос ақынның тағдырын арадағы сандаған жылдарға қарамастан тоғыстыра білді.
Жата алмас ем топырағында тебіренбей,
Ақын болмай тасың болсам мен егер,–
деп жырлаған Қасым ақын Абай дәстүрін дамытып қана қоймай, соңындағы ізбасарларына мектеп бола білді. Ақынның осы ойын Мұқағали:
Жетпейтіні – жүректің әні болар,
Бақыт бақтың тарыдай дәні болар,-
деп жалғастырады. Бұл – екі ақынның ақындық кредосы болатын. Өзін-өзі таныған шындық. Табиғи талант ерекшеліктері.
Мықтылардың өзін мойындатқан Мұқағали ақын былайша толғанады:
Айтарын ашық айтқан абайламай,
Дариға-ай,
Махамбеттер, Абайлар-ай!!!
Бұл ұлыға тағзым ғана емес. Шарапатына шарпылу. Ақиқатшыл жүрегін ақтап, олардан қорған іздеу.
Ұлықбек ақын:
Тіршілік көшіменен,
Кетіп барам,
Қасымнан өтіп маған
Кезек елді.
Аз өкпемді сен ғана көте алдың
Досым өлең, есіл өлең
Жеке қалдым, не ете алармын
Деп бірақ қамығамын несіне мен. [23;180б]
Жырмен қоштасу өлеңінде Мұқағалимен сырласып, Мұқағалимен қоштасуы жырмен қоштасу ретінде теңейді.
Мұнда Абай үні де қоса естіледі.
Әйтеуір кінә тауып бір жеріңнен,
Сынауға әзір тұрар кімкөрінген.
Бірақ та, білесің бе, ей, кім көрінген,
Айтсын деп ақиқатты тіл берілген.
Бұл – Мұқағали мұңы, Мұқағали үні бар мұнда.
1960-80 жылдардағы лирика шын мәнінде тасты жарып шығып гүл атқан қызғалдақтай көзге ыстық тартқаны рас.
Ақын өлеңдерінен Қадыр Мырза Әлінің де поэзиясын серік етеді, айтылған ағалық сөзінен кейін туындаған жыр секілді көрінеді:
Адам боп оңай туғанмен,
Адам боп қалу сол қиын!
Бұл Қадыр Мырза Әлінің адам болу хақында болса, Ұлықбек ақынның:
Қабаған бол! - деп шулайды ел.
Үрмесең – құның көк тиын.
Күшік боп оңай туғанмен,
Күшік боп қалу көп қиын!-дегені күшік дегені әлжуас емес, қорған біле болатындай теңейді.
Ұ.Есдәулетовтің бір топ өлеңі тарихи тақырыпқа арналған. Ақын өлеңдерінде өткенге тағзым мен ата-бабаның кешкен тіршілігін асқақтату бар. Мәңгүрттің монологы өлеңіндегі кейіпкер бұл қазақ деген ұлт емес, дүрмек пе дедім деп мұңаяды.
Бұл сөздер кейбір керауыздардың нысанасына да айналады. Арыз айту – Абайдан қалған парыз. Болашаққа сенімнен артық қазаққа ештеңе керек емес. Бұрынғы тарихты көксеген әлсіздіктің нышаны деседі. Күн түбіне жортқан еркіндікті аңсау қанымызда бар [27;9б].
Күн астынан керуен кеп, өгергендей түйесін. Біздің көзіміз осы көріністі әлі де сағынатынына қайран қалудың қажеті жоқ, дүниетанымдық мораль тәрізді. Ұлықбек ақынды тосын үлгілер, бұрын-соңды айтылмаған, айтылса да, аз айтылып жүрген образды оралымдар, ұлттық мінезге қона кетер бейнелі тіркестер аса мол ұшырасады [28; 8 б]. Ұлт ақыны ұлт азаттығын жарлайды.
-Бостандық жоқ! – деп нар кеуде,
Күркіреп қояр әр-кейде.
Азаттық үшін, апырмау,
Атылып кетсек арман не?! [29, 115 б].
– деп дауылдатқан ақын советтік құрсауда отырған сол заманның өзінде ел тәуелсіздігін, ұлт бостандығын аңсапты:
Азаттықты айта алмадық,
Ақ найзаның ұшымен.
- Азатпыз!- деп айқайладық,
Абақтының ішінен... [29, 122 б].
Нақты адамдардың, тарихи тұлғалардың, Ер Едіге, Барақ батыр, Исатай батыр сында алаштың ардақты ұлдарының соңғы сәті трагедиялық пафоспен берілген.
Тамған қаннан тас өртеніп барады!
Таңатұғын кім бар мынау жараны?
Талқан болды тоғыз көзді кіреуке,
Тарс айырылып дүниенің талағы
Қарс жарылды қаралы аспан қабағы... [29, 20 б].
Өлең осылай өріліп, осылай төгіліп, осылай биіктеп, осылай тереңдеп, оқыған сайын бүкіл болмысыңды билеп, еріксіз тартып, өң бе, түс пе, өзгеше бір қиял құшағында қалықтатады. Өлеңнің өн бойында көненің күмбірі мен жаңаның жаңғырығы қос өрім тауып, берік жымдасып, айқын бедер танытады [30; 3 б]. Ақын қара топыраққа гүл бітіреді, қара тасқа тіл бітіреді. Зар заманның запыран күйін көз алдыңа келтіріп, одан безіндірмейді, қайта оның құпиясын ашады. Тебіренте отырып, намысыңды қамшылайды.
Бақ дегенім сорға айналды,
Тақ дегенім көрге айналды,
Көкірегіме шер байланды, толайым...
Жер дегенім кебенек пе,
Ел дегенім ебелек пе,
Ер дегенім көбелек пе, ағайын?!
Атамекен – алып тозақ,
Мойыныңды қамыт қажап,
Мойыдық-ау, ғаріп қазақ, аһ ұрып,
Найзағайлы намыс қайда,
Қайта бізбен табыспай ма,
Ата жаумен алыспай ма, ақырып?! [29; 25 б].
Ақтабан-шұбырынды, Қожаберген жырау болмысын ақын бар-аяғы он екі жолмен ақ бере салған. Қожаберген жырлаған бүтін бір тарихи кезең үш шумақ өлеңнің ішне сыйып кеткен. Ақынның ұлттық бояуы қанық сөз қолданысында, жорыққа шақырған жырын ширығып күрмеуінде, ішкі серпіні сол ырғақ ұйқасында және әр бөлімін бір қайырып алдында сақара жырауларының ат үстіндегі жаугершілік жылдары шығарған толғауларының сипаты бар [31; 168 б].
Немесе келесі бір өлеңін алайық:
Тірлігім терге шіріді,
Теңіздей қолым іріді,
Тұмсықтан тізген тіріні –
Атаңа нәлет дұшпанға
Жер басып жүру лайық па? [29; 27 б].
Бұл – Қобда. Исатай басында атты реквием – қосалқа. Ұлықбек Есдәулетовтің Күршім. Жаралы Барақ батыр деген жыры да жоғарыда аталған жырларға сарындас. Осындай қысқа да нұсқа сөзің бір үлгісі Соловки-Торғай. Міржақып Дулатов деген өлеңде ақын: алдымен жетті киелі сөзі, соңынан келді сүйегі өзі дей келіп:
Ашылды кітап кірпігі баяу...
Аталы сөздің сиқыры бар-ау,
Оята алмай арманда кеткен
Ұрпағы әлі ұйқылы ояу... [29; ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz