Еңбек заңнамасындағы кәсіподақ құқығы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Экономика басқару және құқық факультеті Құқықтану кафедрасы

https://topuch.com/tairibi-lpinaj-siru-tehnologiyasi/822309_html_ff7a6b1f2d321014.jpg

БӨЖ

Тақырып: Еңбек заңнамасындағы кәсіподақ құқығы

Қабылдаған: Шамсейттин Ч

Орындаған :Зиябек Бақдаулет

Тобы: ЗҚТ-312

Түркістан, 2023

Жоспар

І. Кіріспе3

ІІ. Негізгі бөлім4

1. Кәсіптік одақтар . . . 5

2. Еңбек құқығы5

ІІІ. Қорытынды . . . 7

ІV. Пайдаланған әдебиеттер. . 8

І. Кіріспе

Еңбек заңнамасындағы кәсіподақ құқығы қызметкерлердің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Ол кәсіподақтардың құрылуы мен қызметін, ұжымдық келіссөздерді, ереуілдерді және жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы қарым-қатынастың басқа аспектілерін реттейді. Кәсіподақтар әділ еңбек жағдайларына қол жеткізу және жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау құралы ретінде қызмет етеді.

Кәсіподақтар жұмысшылардың құқықтарын әлеуметтік қолдау мен қорғауды ғана емес, сонымен қатар еңбек стандарттарын қалыптастыруға, жалақыны көтеруге және еңбек жағдайларын жақсартуға қатысады. Олардың белсенділігі әлеуметтік диалогты нығайтуға, еңбек қатынастары тараптары арасында теңгерімді қатынастар құруға және еңбек саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.

  1. . Кәсіптік одақтар.

Осы Заң азаматтардың бірлесу бостандығына, кәсіптік одақтарды құруға, олардың қызметіне, оларды қайта ұйымдастыруға және таратуға конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аумақтық кәсіподақтар бірлестігі - аудан, қала, облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі кәсіподақтар бірлестігі;

2) әлеуметтік әріптестік - жұмыскерлер (жұмыскерлердің өкілдері), жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін келісуді қамтамасыз етуге бағытталған, тең құқықты ынтымақтастыққа негізделген өзара қатынастар жүйесі;

3) бастауыш кәсіподақ ұйымы - кәсіподақтың тікелей ұйымдағы және осы ұйым қызметкерлері болып табылатын кәсіподақ мүшелерінен тұратын құрылымдық бөлімшесі;

4) жергілікті кәсіподақ - ортақ еңбек, өндірістік-кәсіптік мүдделермен байланысты, бір немесе бірнеше ұйым қызметкерлерінің ерікті бірлестігі;

5) кәсіподақ мүшесі - кәсіподақтың құрамына кіруге ерікті түрде ниет білдірген және кірген оның жарғысын мойындайтын және сақтайтын, мүшелік кәсіподақ жарналарын төлейтін жеке тұлға;

6) кәсiптiк одақ (кәсіподақ) - Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек, өндірістік-кәсiптiк мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде өз мүшелерiнiң еңбек және әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшін ерiктi түрде құрылатын, тiркелген мүшелiгi бар қоғамдық бiрлестiк;

7) кәсіподақ органы - кәсіподақ жарғысына сәйкес құрылған басқарушы орган;

мүшелік ұйым - кәсіподақтар, қатысушылар ретінде кәсіподақтың, осы Заңда айқындалған тәртіппен әлеуметтік әріптестіктің тиісті деңгейінде олардың бірлестіктерінің құрамына кіретін, олардың жарғыларын мойындайтын және сақтайтын олардың бірлестіктері;

9) республикалық кәсіподақтар бірлестігі - облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі салалық кәсіподақтардың, аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің бірлестігі;

10) салалық кәсіподақ ортақ еңбек, өндірістік-кәсіптік мүдделермен байланысты қызметтің (экономикалық қызмет түрлерінің немесе кіші түрлерінің) бір саласы және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің, жергілікті кәсіподақтардың бірлестігі.

2-бап. Қазақстан Республикасының кәсiподақтар туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының кәсіподақтар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

3-бап. Осы Заңның адамдардың жекелеген санаттары үшін қолданылу ерекшелiктерi

1. Осы Заңның ережелерi Қазақстан Республикасынан тыс жерде iссапарда жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұратын және жұмыс iстейтiн шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

2. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мүшелік кәсiподақ жарналарын төлеуі Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең шарттарда жүргізіледі.

3. Жұмыс берушілердің өкілдері кез келген деңгейдегі сайланбалы кәсіподақ органдарында бола алмайды.

4-бап. Кәсiподақтар құру бостандығы

1. Кәсiподақтар өз мүшелерiнiң тең құқылығы негiзiнде құрылады. Бiр сала, ұйым шеңберiнде құрылатын кәсiподақтардың саны шектелмейді.

2. Барлық кәсiподақтарға тең құқықтық мүмкiндiктер берiледi.

3. Кәсiподақ құруға кедергi келтiруге, оның қызметiне қарсы іс-қимыл жасауға, сол сияқты оның істеріне заңсыз араласуға жол берілмейді.

5-бап. Кәсiподақтарды құру мен оның қызметі қағидаттары

1. Кәсiподақтар өндiрiстiк-салалық қағидат бойынша құрылады.

2. Кәсiподақтар жарғыларды, құрылымды өз бетінше әзірлейді және бекітеді, қызметтің басым бағыттарын айқындайды, кәсіподақ органдарын құрады, қызметті ұйымдастырады, жиналыстар, конференциялар, съездер және Қазақстан

2. Еңбек құқығы

ЖАЛПЫ БӨЛІК
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) азаматтық қызмет - азаматтық қызметшілердің қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кәсіптік қызметі;

2) азаматтық қызметші - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақы төленетін штаттық лауазымды атқаратын және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам;

3) айлық жалақының ең төмен мөлшері - біліктілікті қажет етпейтін қарапайым (онша күрделі емес) еңбек жұмыскері осы Кодексте белгіленген қалыпты жағдайларда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек міндеттерін орындаған кезде бір айда оған төленетін ақшалай төлемдердің кепілдік берілген ең төмен мөлшері;

4) арнайы киім - жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқкиім, баскиім, қолғап, өзге де жеке қорғаныш құралдары;

5) ауыр жұмыстар - жұмыскердің ауыр (он килограмм және одан ауыр) заттарды қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуға, жылжытуға және тасуға байланысты әрі дене күшін жұмсауды талап ететін (250 ккал/сағаттан астам энергия жұмсалатын) қызметінің түрлері;

6) ауысымдық жұмыс - тәулік ішінде екі не үш немесе төрт жұмыс ауысымындағы жұмыс;

7) әлеуметтік әріптестік - жұмыскерлер (жұмыскерлердің өкілдері), жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін келісуді қамтамасыз етуге бағытталған, тең құқықты ынтымақтастыққа негізделген өзара қатынастар жүйесі;

8) бас, салалық, өңірлік келісім (бұдан әрі - келісім) - тараптардың республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі жұмыскерлер үшін мазмұнын және еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі міндеттемелерін айқындайтын әлеуметтік әріптестік тараптарының арасында жасалатын жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт;

9) бейбәсекелестік туралы талап - жұмыс берушіге нұқсан келтіруі ықтимал әрекеттерді жүзеге асыруға жұмыскердің құқығын шектейтін, бейбәсекелестік туралы шарттың талаптары;

10) бос тұрып қалу - экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге де өндірістік немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша, сондай-ақ төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген, төтенше жағдай жарияланған жағдайларда не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының шешімі бойынша өзге де шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде жұмысты уақытша тоқтата тұру;

11) біліктілік санаты (разряды) - орындалатын жұмыстардың күрделілігін көрсететін, жұмыскердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі;

12) делдал - еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жөнінде қызметтер көрсету үшін тартатын жеке немесе заңды тұлға;

13) демалыс - жұмыс орны (лауазымы) мен осы Кодексте белгіленген жағдайларда орташа жалақысын сақтай отырып, жұмыскердің жыл сайынғы демалуын қамтамасыз ету немесе әлеуметтік мақсаттар үшін жұмыскерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату;

14) еңбек - адам мен қоғамның өмір сүру және қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі;

15) еңбек гигиенасы - жұмыскерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерлерінің профилактикасы жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені;

16) еңбек дауы - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша жұмыскер (жұмыскерлер) мен жұмыс беруші (жұмыс берушілер), оның ішінде бұрын еңбек қатынастарында болғандар арасындағы келіспеушіліктер;

17) еңбек жағдайлары - еңбекке ақы төлеу, еңбекті нормалау, еңбек міндеттерін орындау, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі жағдайлары, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару, қызмет көрсету аймақтарын кеңейту, жұмыста уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібі, техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі бойынша өзге де еңбек жағдайлары;

18) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

19) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы өкілеттіктерді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

20) еңбекке ақы төлеу - осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жұмыскерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;

21) еңбек қатынастары - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру кезінде жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар;

22) еңбек қатынастарына тікелей байланысты қатынастар - осы Кодексте көзделген жағдайларда еңбекті ұйымдастыру мен басқаруға, жұмысқа орналастыруға, жұмыскерлерді кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың кәсіптік біліктілігін арттыруға, сондай-ақ оны тануға, әлеуметтік әріптестікке, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасуға, еңбек жағдайларын белгілеуге жұмыскерлердің (жұмыскерлер өкілдерінің) қатысуына, еңбек дауларын шешуге және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауға байланысты қалыптасатын қатынастар;

23) еңбек қауіпсіздігі - еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі;

24) еңбек қауіпсіздігі жағдайлары - жұмыскер еңбек міндеттерін орындаған кезде еңбек процесі мен өндірістік ортаның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігі;

25) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мониторингі - өндірістегі еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін қадағалау жүйесі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін бағалау мен болжау;

26) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер - эргономикалық, санитариялық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар;

27) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға - өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің не қабылдаушы тараптың тапсырмаларын орындауы кезінде жұмыскердің, жіберуші тарап жұмыскерінің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан олардың еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына не қайтыс болуына әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың жұмыскерге, жіберуші тараптың жұмыскеріне әсер етуі;

28) еңбек міндеттері - жұмыскер мен жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде, жұмыс берушінің актісінде, қабылдаушы тараптың актісінде, еңбек, ұжымдық шарттарда келісілген міндеттемелері;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек дауларының ұғымы
Медиация еңбек дауларын шешу технологиясы ретінде
МОРАЛЬДЫҚ ЗИЯНДЫ ӨТЕУДІҢ КЕЙБІР ЖАҒДАЙЛАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІГІ
Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің ұйымдық құрылымы
Қызметкердің зиянды келтірудегі кінəсі
Қылмыстық жазасын өтеп шыққандар
Әлеуметтік тепе -теңдік және еңбек нарығының құқықтық реттелуі
Адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген моральдық жауапкершіліктер
Еңбек құқығы жүйесінде материалдық жауапкершілік институты
Еңбек дауларын сотта қараудың заңнамалық дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz