Есенғали Раушанов поэзиясының поэтикасы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І. ПОЭТИКА ЖӘНЕ ЕСЕНҒАЛИ РАУШАНОВ
1. 1. Қара сөзбен өлең жазудың шебері . . . 5
ІІ. ЕСЕНҒАЛИ РАУШАНОВ ЛИРИКАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ІЗДЕНІСТЕР
2. 1. Ақын лирикаларындағы бейнелеу құралдар . . . 17
2. 2. Е. Раушанов лирикаларының құрылысы мен өлшем-өрнектері . . . 45
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. . . . 58
КIРIСПЕ
Зерттеудің өзектілігі . Қазіргі таңда қазақ әдебиеттану ғылымында лирика жанры жан-жақты зерттеу объектісіне айналып, оның тарихына, даму процестеріне, поэтикасына байланысты әр түрлі ғылыми еңбектер жарық көруде. Дегенмен де, әлі де болса зерттеуді қажет ететін мәселелер бар. Соның бірі - Есенғали Раушанов лирикасын жан-жақты зерттей отырып, оның көркемдік ерекшеліктерін, яғни лирикаларының поэтикасын анықтау. Осы мәселені көтеру арқылы әдебиеттің даму тарихындағы лириканың тақырыптық-мазмұндық, көркемдік-идеялық жағынан толығып, толысуын, ілгерілеуін ашып-айқындау мүмкіндігі туады.
Поэзия саласы 1970-2000 жылдары арасында дами түсті. Себебі, қазақ әдебиетіне жаңа леп толқындары қосылды. Бұл келген жаңа буын өкілдері әдебиетке жаңашылдық үлгісін пафоспен жырлауды ала келді. Сонымен қатар сыршыл лириканың әдемі үлгісін тудырды. Соның бірі - Есенғали Раушанов. Біздің Біз өз жұмысымызда 1970-2000 жылдар арасындағы қазақ поэзиясы ізденіс пен ілгерушілікті сөз ете отырып, соның аясында Е. Раушановтың шығармаларын тұтастай кешенді түрде қарастырдық.
Мағжан поэзиясынан бастау алған лирикалық шығармалар тақырыбы жағынан жан-жақты жаңаша сипатта өрістеп, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан тану мәселесі сөз болып, адамның табиғатқа деген көзқарасы, ойы, жанашырлығы, танымы суреттелетін шынайы шығармалар дүниеге келді. Лирикалық шығармадағы табиғаттың сұлулығы мен қоршаған ортаның тазалығы, оны қорғау мәселесі аталған жанрдың негізгі көтерер жүгіне айналды. Қоғам дамуына қарай қазақ классикалық әдебиетінің жаңашылдығы мен эстетикалық байлығы ашылып келеді. Ақындар өткен халық творчествосынан дәстүр жалғастығын терең сезіне отырып, жаңашылдықты көрсетпек болады. Осы принциптерді Есенғали Раушанов поэзиясынан да таптық. Ақын дәстүрді меңгеруі және жаңашылдығы, оның шығармашылық лабораториясы, поэзиясының көркемдік ерекшеліктерінің ашылуы, ақындық шеберлігі қазақ поэзиясындағы орнын анықтайды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Әрине табиғат лирикасында, өлең құрылысын жеке-жеке зерттеген (мысалы, Оразханова М. И. «Қазақ әдебиетіндегі табиғат лирикасы» 2005ж канд. дис. ) [1], (Қыяхметова Ш. Ә. «Қазақ лирикасындағы табиғат пен тағдыр» 2001 ж канд. дис) [2], (С. Б. Ержанова «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ поэзиясының көркемдік тұтастығы мәселелері» 2009, докторлық диссертация) [3] ғалымдар мысал ретінде еңбектерінде пайдаланған. Біз бұл жұмысымызда ақынның өлеңдеріндегі дәстүр мен жаңашылдықты, көркемдік ізденістерді, ақындық шеберлігін ғылыми түрде анықтамақпыз. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді қойдық:
- 1970-2000 жылдардағы қазақ поэзиясына тоқтала отырып, қара сөзбен өлең жазудың хас шебері екенін айқындау;
- ақынның негiзгi бейнелеу әдiсiнiң сыр сипатын толымды ашу мақсатында, оның поэзиясындағы өзге де тiл байлығының қайнар көздерi антоним, синонимдердiң қолданылуы.
- Е. Раушанов поэзиясындағы ой-санасына, эмоциялық сезiмiне әсер ететiн астарлы бейнелi теңеу, эпитет, метафора, метонимия, кейiптеу, ассонанс, аллитерация, көрiктеу, құбылту құралдарын ақын қолданысындағы әр түрлi амал-тәсiлдерiн анықтау.
Зерттеу нысаны. Зерттеу обьектісіне «Қара бауыр қасқалдақ», «Періштелер мен құстар», «Шолпан жұлдыз туғанша», «Бозаңға біткен боз жусан» жыр жинақтары зерттеу нысаны етіп алынды.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері. Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздеріне ұлттық әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілі Байтұрсынов А. [4], Жұмалиев Қ. [5], Қабдолов З. [6], Тәжібаев Ә. [7], Ахметов З. [8], Базарбаев М. [9], Нұрғали Р. [10], Мырзалиев Қ. [11], Негимов С. [12] ., Әлімбаев М. [13], Кәрібаева Б. [14] ., Шәріп А. [15], Жәмішев А. [16], Жүсіп Қ. [17] т. б. зерттеу еңбектері негізге алынды.
Зерттеу жұмысында қолданылған әдiстер. талдау, жинақтау, жүйелеу, салыстыру, тұжырым жасау әдіс-тәсілдері қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, 1 тарау 1 тармақша, 2 тарау 2 тармақшадан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. ПОЭТИКА ЖӘНЕ ЕСЕНҒАЛИ РАУШАНОВ
1. 1. Қарасөзбен өлең жазудың шебері
А. Квятковскийдің 1966 жылы Москвада «Совесткая энциклопедия» баспасы шығарған «Поэтикалық сөздік» еңбегінде: «Поэтика (от. греч. поэтика - поэтическое искусство) -көркем шығарманың структуралық формасы және жаңа мазмұнның әсері арқылы осы формалардың өзгеріуінің тарихи заңдылықтары туралы ғылым деп көрсетілген. Л. Тимофеев пен Н. Венгров: поэтика-көркем әдебиет туралы ғылым, әдебиеттің теориясы, әдебиеттану ғылымының бір бөлігі дейді. »
Поэтикаға әдеби энциклопедияда берілген анықтамада поэтика-әдеби туындылардың құрылысы мен және онда қолданылған көркемдеу құралдарының эстетикалық жүйесі туралы ғылым делінген. Сонымен, поэтика - зерттеуге алынып отырған обьектінің барлық табиғаты деген сөз. Біздің қарастырмағымыз да Есенғали Раушанов поэзиясының күллі табиғаты, поэтикасы болмақ.
Лириканы қай кезеңде болмасын зерттеу тоқтаған жоқ, әлі жалғасын тауып келеді. Поэзия табиғатын зерттеуде қаншама ғылыми еңбектер де жетерлік, атап айтар болсақ, Байтұрсынов А. [4] ., Қабдолов З. [6] ., Жұмалиев Қ. [5], Тәжібаев Ә. [7], Ахметов З. [8], Базарбаев М. [9], Нұрғали Р. [10], Мырзалиев Қ. [11], Негимов С. [12], Әлімбаев М. [13], Кәрібаева Б. [14], Шәріп А. [15], Жәмішев А. [16], Жүсіп Қ. [17] т. б. Поэзия - әдебиеттің көне саласы. М. Базарбаев сөзімен айтқанда « . . . жасаған сайын жасара түсетін жанды саласы» [9; 45] . ХХ ғасыр қазақ әдебиетін басқа адамзаттық әдеби дамудың деңгейіне көтерген ғасыр болды. Лирика жанры да толысып, өсіп өркендеді. Ақындар лирика жанры арқылы қоғамның ең өзекті мәселелерін көтеріп, тақырыптық - мазмұндық жағынан байытып, сұлу сөзден сурет соғып, көркемдік жағынан да дами түсті.
Поэзия - көркем әдебиеттің сұлу да әсем әшекейлі жанры. Лирикалық поэзия - адам санасының түрлі иірімдерінің барша құпясын, күллі, тілсіз, яки айтуға тіл жетпейтін құбылыстарын жеткізетін өнер түрі. Лирикалық поэзияның арнасы (туу, жетілу, өсу, гүлдену, кемеліне келу сияқты үдерістері) кең, тіні тереңде, тамыры тарам-тарам. Аты, заты белгісіз ықылым замандардан бері халықпен (қазақпен) бірге жасасып келе жатқан лириканы (өлең-жанрды) шартты түрде ауыз әдебиетінің бас жауынгер жанры ретінде алға тартамыз, яки лирика тарихы фольклордан бастау алады екен. Адамзат өркениетке ұмтылып, санасы дамып, қағаз-қалам алып ғылымға, өнерге бас қойғанда Аристотель, Әбу Нәсір әл-Фарабилер өлең өнері яғни лирика хақында алғашқы ой-пайымдарын айтты. Сөйтіп, «Поэтика», «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат» дүниеге келді. Ұлт өлеңінің ғылыми негізде қарастырылуын Шоқан Уәлиханов есімімен байланыстыра тұра, ХVІІІ-ХІХ ғасырларда қазақ дала-сын шарлаған саяхатшы-зерттеушілер Н. П. Рычков, П. С. Паллас, А. И. Левшин зерттеулерінде, сәл кейінірек В. В. . Радлов, А. Васильев, Я. Я. Лютин, А. Е. Алекторов және басқалардың еңбектерінде тіл мен әдебиеттің (өлең-сөздің) мәселесі батыл қозғалғаны бүгінде баршаға аян. Әсіресе В. В. Радловтың «қазақ ауыз әдебиеті туралы, оның ішінде қазақ поэзиясы туралы алғашқылардың бірі болып, байсалды ғылыми пікірлер айтқанын» [14, 20-б. ] ауыз әдебиеті мұрасын зерттеп, жинаушы жидашы ғалым А. Сейдімбеков өз еңбегінде атап өтеді. Жаңа заманға бет бұра мәдени өмірдің сәулесі шуағын мол төге бастаған кезеңде Шоқан салған ізбенен Ы. Алтынсарин, Г. Н. Потанин, Ә. Диваев еңбектерінде қазақтың өлең-жырының табиғатына алаң көңілмен ден қоя бастаған бірлі-жарымды көзқарас пайымдар туа бастады. Қазақ өлеңінің ғылыми түрде толыққанды зерттелуі нысана көзіне ілінді. Ә. Марғұлан, Б. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, М. С. Сильченко, Е. Ысмайылов, М. Қаратаев, С. Қирабаев, М. Ғабдуллин, Р. Бердібаев, М. Дүйсенов, Б. Уақатов, З. Ахметов, А. Сейдімбеков, Р. Нұрғали, М. Мағауин, Қ. Өмірәлиев, К. Сейдеханов, С. Негимов және басқалардың зерттеулерінде өлең-сөздің келелі мәселелері тұщымды сипат тапты. Қазақ лирикасының көрнекті өкілдерінің белгілі тұлғаларының шығармашылығын жеке дара алып қарастырылуы, зерттеу нысанына алынған өлең-сөз өкілінің бітім-болмысына тереңдеу барып, тұтас қопара, індете тексеру әдіс-тәсілдері ХХ ғасырдың алғашқы ширегінен басталып бүгінге дейін дәстүр жалғастығын табуда. Мысалы, Абай (М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, М. С. Сильченко, Б. Кенжебаев, З. Ахметов, М. Мырзахметов, Ж. Ысмағұлов т. б. ), Сәкен (С. Қирабаев, Е. Ысмайылов, Т. Кәкішев т. б. ), Жамбыл (Н. Төреқұлов, Б. Кенжебаев, М. Жолдасбеков, С. Садырбаев т. б. ), Ілияс (М. Қаратаев, М. Дүйсенов, Т. Әбдірахманова т. б. ), Бейімбет (Қ. Жармағамбетов, Т. Нұртазин, Б. Наурызбаев, С. Ордалиев т. б. ) Сұлтанмахмұт (Б. Кенжебаев, А. Дүйсенбаев, А. Еспенбетов т. б. ), Махамбет (Қ. Жұмалиев, Х. Досмұхамбетұлы, Б. Аманшин т. б. ), Сәбит (Т. Нұртазин, М. Хасенов, С. Мақпырұлы, Қ. Ергөбек т. б. ) . Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ қауымына қайта оралған ақын арыстарымыздың мұраларын басы-бүтін зерттеу қолға алына бастады. Мәселен, Шәкәрімнің (М. Мағауин, Ш. Сәтпаева, Б. Әбдіғазиұлы, С. Ізтілеуова т. б. ), Мағжанның (Ш. Елеукенов, М. Базарбаев, Б. Қанарбаева т. б. ), Міржақыптың (М. Әбсәмет, Ж. Ысмағұлов т. б. ), Ахметтің (Р. Нұрғали, Ө. Әбдиманов т. б. ) шығармашылық өрістеріне терең барлау жүргізілді. Қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбалары қалған Қ. Аманжолов, Ә. Тәжібаев, Ж. Саин, Х. Ерғалиев, С. Мәуленов, Ж. Молдағалиев, Ә. Сәрсенбаев, Ғ. Орманов, Б. Бекхожин, А. Тоқмағамбетов, Ө. Тұрманжанов, сондай-ақ сол дәуірдің басқа да ақындарының шығармашылық табыстарына толымды талдаулар жүргізіліп, кандидаттық диссертациялар қорғалды, монографиялық зерттеулер жарияланды.
Қазақ әдебиетінің, оның поэзиясының шарықтау кезеңі ХХ ғ. 60-90 жылдар еншісін иеленгені белгілі. Ренессанс дәуіріне баланған жылдардың белгілі көрнекті өкілдері М. Мақатаев, Қ. Мырза Әлі, Т. Молдағалиев, Т. Айбергенов, Ж. Нәжімеденов, М. Шаханов, М. Айтхожина, Ф. Оңғарсынова, К. Ахметова, С. Жиенбаев, І. Мәмбетов, Б. Ысқақов, Т. Медетбеков, Ж. Жақыпбаев, Ж. Әбдірашев, К. Мырзабеков және басқалардың поэзиясын тексеру және олардың ақындық болмысын анықтау мәселелері әдебиеттанудың соңғы он-жиырма жылдың еншісіне тиеселі рухани-ғылыми ізденістер болып табылады. Қазақ лирикасының өзекті мәселелері өз кезеңінде идеологиялық бағытпен шығарылған «Уақыт және қаламгер» (1973-1990 ж. ж. ), «Сөзстан» (1980-1987 ж. ж. ) жинақтарында сыни әрі ғылыми әдіспен қарастырылды. Бұл аталған жинақтарда өлең-сөздің жай-күйін (жетімді және қарастырған зерттеушілер С. Қирабаев, Ә. Тәжібаев, З. Ахметов, М. Қаратаев, Ә. Жәмішев, С. Әшімбаев, Ж. Әбдірашев, Қ. Ергөбеков, З. Серікқалиев, Ә. Бөпежанова, У. Қалижанов, Б. Сарбалаев, С. Дәуітов, А. Егеубаев, Ө. Күмісбаев, Ж. Дәдебаев және басқалардың зерттеу мақалалары жарияланып, ұлт лирикасының заманауи тұрмыс-тіршілігінен мол мағлұматтар беріліп отырды. Тарих қатпарында қалған ол еңбектердің өз кезінде жас талапкер-ақындардың өлеңді өнер деп тануына үлкен әдістемелік көмегі болғаны даусыз шындық. Қазақ лирикасының тек түрінде дамуының өзіндік ерекшеліктерін, өнер ретіндегі, яки «сымбаты бөлек сырлы сөз» боп ерекшеленетінін пайымдаған зерттеулердің бірі ретінде Асқар Егеубаевтың «Сөз жүйесі» (1985) кітабын атап өткен жөн. «Расында да, лирика деген дәйекті түсініктің өзіне нақ жанрдың басты белгілері сыршылдықпен сезімталдық аңғарылып тұрған жоқ па? ол сыршылдық пен сезімнің азаматтық мұраттар деңгейіне көтерілуі өз адына көркемдік-эстетикалық проблема» [18, 93-б. ] деп ұғындырады зерттеуші лирика хақындағы көзқарастарында. тыңғылықты, тиянақты пікірін білдіреді. Бірін-бірі қайталамайтын өлең өнері өкілдерінің сөз сарасы сорабындағы басқан ізі әр қилы өрнекте өз кестесін салса, ғалым Ә. Жәмшев те [16] олардың ақындық қолтаңбаларын бір-біріне ұқсатпай, өз қабілет-дарындарының шеңберінде шебер пайымдай алған.
Бүгінгі поэзияның бағдары, ақындардың заман тынсына сай аяқ алысы, шеберлік нақыштарын жетілдіру амалдары, әдеби үдерістің үддесінен шығу жолы, дәстүр мен жаңашылдық жайы, мазмұны мен пішінінің өсу, өзгеру құбылысы, шығармашылық өзгешеліктер мен ерекшеліктер, тағы осы сынды күрделі өзекті мәселелерді Ә. Жәмішев әр ақынның суреткерлік бітім-болмысына тереңдеп бару арқылы айқындап, негіздеп отырады. Сыншылық пен зертеушілік тізгінін тең ұстаған Ә. Жәмішев ақындар шығармаларын талдап, таразылауда жүйелі әдеби көзқарас ұстанады. Лирикалық поэзияның тақырып ауқымын бүгінгі ақындар қалай толықтыруда, бүгінгі оқырманның қалауы қандай, талғам-түсінік қалыптастыруда ақындар қауымы шынайы жыр ләззатын сыйлай алды ма, идеялық мақсаттың түп негізі неде деген сұрақтардың жауабын Ә. Жәмішев осы мақаласында («Ақын жыры - уақыт сыры») беруді жөн санапты. «Поэзияны жылға бөліп жіктеу, жіліктеу мүмкін емес» дейді ғалым зерттеу кіріспесінде. Ғалым дәстүрлі «дарадан топтап, топтаудан даралап» талдау үлгісі мен аға буын өкілі Х. Ерғалиевтің «Санаттағы сарбаз» жыр жинағына барлау жүргізеді. Атауынан аңғарылғандай сұрапыл жылдардың мұңды тарихынан сыр суыртпақтаған кітаптағы өлеңдер мазмұнына қатысты ақын: «Ақынның ауыр кезең сұсты жорық туралы тебіреністері . . . кешегі соғыстың сұрапыл шайқастарын бастан өткерген ұрпақ өкілінің өлеңдері қашан жазылса да дәл бүгінгідей күшінде тұр да нақ бүгінгі сөздей естіледі»-дейді ғалым.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясының басты ерекшелігі - қазақ әдебиеті тарихында әдебиеттің идеяларға тола, еркіндік сарынын барынша жүрегін толқытқан барлық рухани күшімен жырлаған поэзия. Тәуелсіздіктің қуанышын ғасырлар бойы тәуелді болған халық ғана біледі және оны өз мазмұнында, өзіне лайық әуенмен жырлай алады. Сондықтан болар тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясы идеялық жаңашылдығы, тақырыптық ерекшелігі, лирикалық кейіпкерлері, көркемдік сарындары жағынан бұрын қазақ поэзиясында болмаған жаңа парақтарды ашты.
Ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ халқының поэзиясында жаңашылдық лебі есті. Дәстүрлі даму арнасынан ауытқымаса да мазмұн мен идеяда жаңашылдықтар, көркемдік жаңа айшықтаулармен ерекшеленді.
Сонымен бірге қазіргі қазақ поэзиясы әлем әдебиеті мен жүрек соғысы бірге соғып, әлемдік, жалпы адамзаттық проблемаларға еркін араласып, еркін пікір жүргізіп отырған, әлем әдебиетіндегі жаңа дәстүр, жаңа бағыттарға үн қосып, әлем әдебиетіндегі жаңа дәстүрлерді еркін пайдаланып отырған жаңа дәуірдің жаңа поэзиясы. Кеңестік дәуірдегі «батыс еуропалық», «кеңестік идеология», «кеңестік емес жат идеология» деп бөлуден біржола құтылып, дүниеге жалпы адамзатқа қажетті құндылықтар көзімен қарайтын поэзия. Сондықтан казіргі қазақ поэзиясында пікір еркіндігі, шығармашылық еркіндік, стилдік ізденушілік, әлем әдебиеті мен бірге толғану, бірге тебірену сияқты жаңа тенденциялар жасап келеді. Поэзия әлеміне өлеңнің еңселі ақ ордасын сән-салтанатымен, қымбат жабдығы - кестелі тіл, шешен сөз, шебер сөзімен келтіре білген Е. Раушанов сынды ұлт ақыны деуге әбден болады. Ақынның тереңнен тамырлаған «Бастау» (1980), «Шолпан жұлдыз туғанша» (1988), «Қара бауыр қасқалдақ» (1995), «Періштелер мен құстар» (2006), «Бозаңға біткен боз жусан» (2006) жыр кітаптары айғақтай түседі.
Кез келгенде жырауларша толғайтын, сөйте тұрып қат-қабат жан әлеміндегі қалтарыс-бұлтарыстардағы сезімталдықпен нәзік тұспалдай жырлайтын Есенғали - бүгінгі поэзияның дамуына өзіндік үлкен үлес қосқан дара стильді, ерекше болмысты ақын. Қайсы өлеңiн, поэзиясын, не әнiн алмаңыз, оқушы мен тыңдарманды, өнер сүйер қауымды өмiрдiң терең иiрiмiне, тылсым да жұмбақ астарына жетелейдi. Нәзiктiк пен сұлулық, адалдық пен адамгершiлiк, махаббат пен сүйiспеншiлiк, сағыныш пен қайғы ақын поэзиясынан ерекше орын алады. Осы құндылықтар ақын қаламынан жаңаша өмiр танып, жаңаша тыныс алады. Сол себептi ақын өлеңдерiнiң өзектi мәселесiне үңiлiп, оның даралығы мен талантын танудың өзi талмай зерттеудi талап етедi.
Ақын шығармашылығы жайлы жазылған бұрын-соңды зерттеулер мен мақалалардағы ой-пікірлерді қорытындылап, бүгінгі таңдағы әдеби процесс ағымында қарастыру, жаңаша бажайлау, тың көзқарас, ой-тұжырымын жасау уақыт талабы туындатып отырған қажеттілігі деп танимыз. Біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігі де осы тұрғыдан анықталмақ.
Поэзия - әлемдік өмірдің жан тамырының соғуы, сол өмірдің қаны мен оты, жарығы мен күні». [19, 46 ] Сағат Әшімбаев: «Поэзия - жүректің сөзі. Бір жүректен шыққан сөз кем дегенде жүз жүректе бұғып жатқан бұла сезімнің бұлықсып бас көтеруіне түрткі болады. «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» деген ұлағатты сөздің өлеңге де қатысы бар. Жүректегі сезімді оятқан өлең, тегін өнер болмаса керек. Өлеңнің өнегесі сол, ол адамдық сезімді ғана қоймайды, оны адамзаттық асқақ сезімнің дәрежесіне дейін көтереді. Азаматтық асқар сезімнің шыңы ұлттық сезімде өлең арқылы оянып рухани күш салады. »-деп өлеңнің данышпандығын, сезімді дір еткізер қасиетін айта кетеді. [20, 56] Поэзия әрқашанда сол халықтың тұрмыс-тіршілігін, ой-арманын, адамның көңіл-күйін байқататын киелі өнер. Ақын поэзиясына қашан да болсын өскен ортасы, қоғам әсер ететіні анық. Бұл элементтердің барлығы қай поэзияға болмасын тән.
Әр заман поэзиясының өзіне лайық күйі бар, өзіне лайық үні бар. Адам баласының бүкіл тарих бойына ілгері өсіп келе жатқан процесс болса, көркем бейне жүйесімен ойлау, дүниені образбен танып баяндау, суреттеу өнері де тоқтаусыз дамып келе жатқан, жаңаланып келе жатқан құбылыс. Поэзияның ғана құдіреті келетін заман үнін, адам күйін, тіршілік еткен жанның мұңы мен зарын, ішкі ой-сезімін, ой-арманын өлең өрнегімен жеткізеді. Поэзия мен бейнелеу өнері ілгері дамыған елдерде, әсіресе, қыл қалам шеберлері мәңгілік туындылар жасаған елдерде адам күйінің бар сырын поэзия тереңірек аша ма, әлде көркемсурет дәлірек көрсете ме деген пікірлер болған. Леонардо да Винчи: «Көркемсурет - тілсіз поэзия, ал поэзия көрінбейтін көркемсурет » деген екен. Бұдан, әрине, өнердің осы екі түрінің бейнелеу амалдары барабар деген ұғым тумайды. Екеуінің де адамға күшті әсер ететінін мойындау.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі он жылда алдыңғы буын ақындардан Ә. Тәжібаев, Х. Ерғалиев, Д. Әбілев, С. Сейітов, Т. Әбдірахманқызы, Ә. Сәрсенбайұлы, Ғ. Қайырбеков, Қ. Шаңғытбаев, Ш. Әбенұлы, К. Салықов, Е. Әукебаев, Қ. Мырза-Әли, Т. Молдағалиев, Ө. Нұрғалиев, С. Иманасов, М. Айтхожа, О. Асқар, А. Бақтыгереева, Д. Қанатбаев, Е. Дүйсенбай, М. Шаханов тағы басқа ақындар жаңа өлең, жаңа жыр жинақтарымен көрінгені, орта буын ақындар арасынан Н. Оразалин, Т. Медетбек, Иран-ғайып, К. Ахметова, И. Сапарбай, Қ. Бұғыбаева, А. Егеубай, Н. Айтұлы, С. Тұрғынбекұлы, А. Әлім, С. Ақсұңқарұлы, Ұ. Есдәулет, Е. Раушанов, С. Адай, Г. Салықбаева т. б. жыр жинақтарымен қатар жаңа өлеңдері де жарияланды. Алғашқы он жылда түрлі баспалардан әр түрлі ақындардың жүзден аса кітаптары жарық көрсе, соңғы он жылда бұл көрсеткіш үш есеге өскен [21]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz