Тарихты оқыту әдістемесінің негізгі әдіс - тәсілдері
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Бұл курстық жұмыста тарихты оқыту әдістемесінің негізгі міндеттерін, заңдылықтарын, мақсаты мен мазмұнын, тарихты оқыту процесіндегі әдіс-тәсілдер, тарихты оқытуда іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың әдістемесін пайдалану мәселесі қарастырылған.
Мектепте Тарих курсын оқытудың басты мақсаты оқушыларға адамзат дамуының ежелгі заманынан бастап бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру, бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени-тарихи тәжірибесінің негізін оқытып меңгерту. Қазақстан тарихын оқытудағы басты міндет - пәнді оқытудың қазіргі ғылыми-әдістемелік талаптарға сай келетін әдістемелік жүйесін жасау. Мұндай әдістемелік жүйеде пәнді мектепте оқытудың басты теориялық, ғылыми-әдістемелік мәселелері қарастырылады.
Білімнің сапасы көпшілік жағдайда мазмұнға сәйкес әдістемені дұрыс таңдап ала білуге байланысты. Оқыту үрдісінде әдістің бұл тұрпатын қолдану арқылы адамдар арасындағы қатынас дағдылары мен өзара диалогтың азаматтық қоғамда қажет болатын моделін жасауға тырысу керек. Әдістің өзара белсенділікті арттыру деп аталатын себебі сабақ үрдісінде оқушылар арасында немесе оқушылар мен мұғалім арасында өзара әрекеттесу жоғары деңгейде өтеді.
Тарихты оқыту әдістемесі пәні оқыту мазмұнын анықтауға мүмкіндік беретін тарихи пәндермен, танымдық қабілет пен іс-әрекетін ашып көрсететін психология пәнімен, пәнді оқытудың әдістерін анықтайтын педагогика және философия пәндерімен байланысты.
Тарихи білім мазмұнының күрделі өзгеріске түсуі оны оқытудың әдіс- тәсілдерін де жаңартуды қажет етеді. Тарихты оқытудың әдістемелік, практикалық сипаттағы көмекші құралдардың да қажеттігі туындайды. Мұғалімдер мен әдіскерлердің ұзақ жылғы бай тәжірибесіне сүйеніп, тарихи білім мазмұнын игерудің дәстүрлі әдіс-тәсілдері мен қазіргі заманғы сабақ технологиясы тұтас бірлікте қарастырылады.
Тарихты оқыту мазмұны тарих ғылымының дамуы барысында өзгеріп отырады. Әдістеме жалпы тарихтың негізгі оқиғалары, фактілері мен құбылыстарын талдауға, теориялық жинақтау мен анықтамалар қалыптастыруға көмектеседі. Тарихты оқыту үшін таңдап алынған тарихтың мазмұны, бағдарлама, әдіс-тәсіл, көрнекілік, оқулық түрінде көрініс табады. Оқу материалы мазмұнының, тиісті оқыту әдістемесінің ұйымдастырылуы және оқушылардың танымдық қызметі формаларының біртұтастығы негізінде оқушылар оқыту мақсатына қол жеткізеді. Тарихты оқи отырып оқушы әртүрлі даму кезеңдеріндегі тұлғалармен, тарихи оқиғалармен танысады.
Тарих сабағының тиімді жүруіне ерекше ықпал ететін маңызды әдістемелік тәсіл - сабақ үстінде оқушыларға берілетін танымдық тапсырмалар мен оны орындауға оқушыларды ұйымдастыру болып табылады. Сабақтағы танымдық қызмет берілген білімді игеру нәтижесін тексеру арқылы анықталады. Танымдық тапсырмаларды тиімді пайдалана білу оқушылардың ой-өрісінің дамуына, жаңа ақпаратты меңгеруге, ынта-жігерінің қалыптасуына, қызығушылықтың артуына септігін тигізеді.
Зерттеудің мақсаты. Жалпы тарихты оқыту процесіндегі әдіс-тәсілдерді оқу бағдарламасына қолдану ерекшеліктерін зерттеу. Тарихты оқыту әдістемесі педагогикалық пән ретінде маңызын анықтау. Тарихты оқытудың негізін пайдаланудың практикалық ілімдерін меңгеру.
Зерттеудің міндеттері. Мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді орындаймыз:
- тарихты оқыту әдістемесі пәніне жалпы сипаттама;
- методологиялық әдіс-тәсілдерді тиімді игеру және тәжірибе жүзінде пайдалана білуге үйрену;
- оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру дағдылары және оны қалыптастыру жолдарын игеру;
- оқыту нәтижесін анықтағаннан кейін педагогикалық қызметке толықтырулар енгізу;
- тарихты оқыту процесінде оқушылардың қабілеттері мен іскерліктерін дамыту.
Зерттеудің әдісі. Ақпарат көздерін жинақтау, және жиналған мәліметтерге талдау жүргізу. Мектептегі тарих сабақтары барысына педагогикалық бақылау жүргізу. Тарих мұғалімдерінің біліктілігіне салыстырмалы тұрғыда баға беру. Тақырыптың негізгі нысанын классификациялау және т.б. ғылыми, педагогикалық әдістер қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс тиісінше кіріспе бөлімінен, негізгі екі тараудан, қорытындымен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Қорытынды бөлімде жұмысты жазу барысында ой-тұжырымдар қысқаша баяндалып өтіледі және жұмыс қорытындыланады.
Ақпараттық база. Бұл жұмысты орындау барысында А.Ш.Журасованың Тарихты оқыту әдістемесі оқулығын, Т.Т.Тұрлығұлдың Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі оқу құралын, Қазақстан тарихынан оқу әдістемелік құралын, ғылыми мақалаларды және т.б. ғылыми педагогикалық еңбектері пайдаланылды.
1 ТАРИХТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘН
1.1 Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің мазмұны мен негізгі міндеттері
Тарихты оқыту - өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Ол оқыту мақсаты, оның мазмұны, білім беру және оны игеруге басшылық жасау, оқушылардың оқу әрекеті, оқыту нәтижесі деген тізбекті құрайды.
Тарихты оқыту әдістемесі - жалпы білім беретін орта мектептерде, жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие процесінің жүйесінде көрнекті орын алады. Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты, біріншіден, пәннің мазмұнын ашып көрсету, екіншіден, педагогикалық пән ретінде анықтау, үшіншіден, тарихты оқыту процесіндегі әдіс-тәсілдерді игеру болып табылады. Тарихты оқыту әдістемесі қоғам алдында тұрған жас ұрпақты тәрбиелеудің кешенді міндеттерін іске асыруға қызмет жасайды.
Тарихты оқыту әдістемесі тарих ғылымдарымен бірге философия, мәдениеттану, әлеуметтану, педагогика, психология, дидактика талаптары логика сияқты ғылым салаларымен де тығыз байланысты дамиды. Бұл салалардың материалдарын пайдалану шығармашылық сипат алады, өйткені әдістеме пәні оларды тарихты оқыту процесін жетілдіру мақсатында пайдаланады. Тарихты оқыту процесінің диалектикалығы сияқты әдістемені оқып-үйренуде үнемі даму үстінде болады.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кеңес бекіткен 1995 жылғы Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасу тұжырымдамасы қабылданған болатын. Бұл тұжырымдамада оқу орындарында тарихты, әсіресе Қазақстан тарихын оқытудың алдына аса жауапты міндеттер қойылған. Ол міндеттер алдымен жалпы білім беретін мектептерде жүзеге асады.
Тарихты оқыту - күрделі үдеріс, ол өзара байланысты: оқытудың мақсатын анықтау, білім мазмұнын іріктеу, білімді оқытып-үйрету, оны меңгеруге басшылық ету - оқушылардың оқу қызметі және оқытудың нәтижесі сияқты құрамдас бөлімдерден құралады.
Мақсатын анықтаудан кейінгі маңызды мәселе білім мазмұнын анықтау, іріктеу. Тарихты оқыту теориясы мен әдістемесі бұл мәселені шешуде алдымен Қазақстан тарихы ғылымының әдіснамасына сүйенеді, соны басшылыққа алады. Соның негізгі ғылыми ұстанымдарына сүйене отырып, педагогика ғылымының білім мазмұнына қоятын талаптары мен критерийлерін ескеріп, Қазақстан тарихы мектептік пәнінің білім мазмұнын анықтайтын ұстанымдарды белгілейді. Осыдан кейін барып Қазақстан тарихының теориясы мен әдістемесі мектептік пәнінің ең қолайлы, тиімді мазмұнын, оның құрылымын, нақты тарихи фактілер мен негізгі ұғымдарды қалыптастыратын білім көлемін және де тарихты оқыту барысында оқушылар игеріп, меңгеретін біліктерді және құзырлықтарды анықтайды [2].
Жоғарыда айтылғандарға қарамастан Тарихты оқыту теориясы мен әдістемесі пәні тарих ғылымдарына жатпайды, ол педагогикалық ғылымдарға қосылады. Өйткені оның зерттейтін негізгі нысандары: оқытудың мақсатын, білім мазмұнын анықтау, оқушылардың оқу қызметі қалай ұйымдастырылады, оның тиімді жолдары қайсысы? Оқыту нәтижесі қалай тексеріледі және оның корытындысы оқытуды одан әрі жетілдіру үшін қалай пайдаланылады? Тарихты оқыту барысында қандай курсаралық, пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға болады? - деген сияқты көптеген мәселелер туындайды [2,33 б].
Тарихты оқытуға тікелей қатысты осы және басқа да мәселелерді шешудің өзіндік жолдары бар, оларды зерттейтін де, белгілейтін де педагогика ғылымы. Аталған мәселелерді шешумен тарих ғылымы емес, педагогика ғылымы айналысады, олар педагогикалық теорияларға сүйенгенде ғана дұрыс шешіледі. Олардың ішіндегі кейбір аса маңызды мәселелер: білім мазмұнын анықтау немесе жетілдіру, оқытуды ұйымдастыру формалары мен әдістерін жетілдіру, оқулықтарды жақсарту, оқытуды оңтайландырудың т.б. тек ғылыми-педагогикалық эксперимент жүргізу арқылы ғана дұрыс шешіледі. Осыған байланысты тарихты оқыту теориясы мен әдістемесі ғылыми педагогикалық пән деп есептелінеді [2,33 б].
Тарихты оқыту теориясы мен әдістемесі ғылыми пән болғандықтан ол осы пәннің аса маңызды проблемаларын зерттеумен де шұғылданады. Ол проблемаларды - қайшылықтарды шешу үшін эксперимент жұмысы жүргізіледі. Мұндай жұмысқа мектеп мұғалімдері де қатыса алады. Оның барысында мұғалім ғылыми жұмыс жүргізуді үйренеді, ғылыми-әдістемелік мақалалар дайындайды, озат мұғалімдер тәжірибесімен танысады, оны жинақтап қорытады, көпшілікке таратады, бұған өз тәжірибесін де қосады. Мұндай зерттеу жұмыстарына қатысып, оны талапқа сай жүргізу үшін мұғалім педагогикалық зерттеу жұмыстарының әдіс-тәсілдерін жақсы білуі тиіс. Тарих пәнінің оқытылу мәселелерін зерттеуде: тәжірибені зерттеу, бақылау, әңгімелесу, түрлі сипатты сауалнамалар жүргізу, қорытындысын шығару сияқты басқа да зерттеу әдістері қолданылады [2,33-34 б].
Педагогика ғылымының белгілі бір саласы болғандықтан, тарихты оқыту теориясы мен әдістемесі қоғамдық ғылымдарға жатады дедік. Тарихты оқыту теориясы мен әдістемесі педагогиканың дидактика саласымен тығыз байланысты. Дидактика кез келген пәннің оқыту әдістемесінің негізі. Ол оқудың білім мазмұнын, оны ұйымдастырудың түрлерін, оқытудың заңды ұстанымдарын баяндайды. Демек әдістеме жеке пәндердің оқыту ерекшеліктерін баяндайтын болса, дидактика оқытудың барлық пәндерге ортақ жалпы зандылықтарын ашып береді.
Дидактиканың негізін салған Ян Амос Коменский өзінің Ұлы Дидактикасында оқыту теориясының түйінді мәселелерін көрсетіп берді. Оқытуда нәтижеге жетудің аса қажетті дидактикалық ұстанымдарын ұсынды. Қазірге дейін мектептерде қолданылып жүрген оқытудың көрнекілік, жүйелілік, біртінділік, ғылымилық, түсініктілік ұстанымдарын көрсетіп берді. Адамның табиғатты зерттеп меңгеруі қандай шындық болса, жасөспірімдерді оқытып-тәрбиелеудің тиімді жолдарын табуға болатыны да шындық, - деді ол. Оқытудың баланың жас ерекшелігіне сәйкес жүргізілуіне, пәндердің өмірге байланысты әдістермен оқытылуына баса назар аударды. Оқу материалының түсінікті болуы үшін оқытудың ұйымдастыру формаларын өзгертіп отыру қажеттігін, оның ең негізгі, әрі тиімді түрі класс-сабақ жүйесі екенін атап көрсетті [2,34 б].
Тарих пәнін оқытуда бірнеше жылдар бойы орын алып келген өрескел методологиялық қателіктер мен кемшіліктер: коммунистік идеологияның партиялық, таптық мүддесіне сай келмейтін фактілерді жасыру, жасыруға болмайтындарын барынша бұрмалау, бүкіл Кеңес елінде бірнеше ондаған ұлт тілдерінде жұмыс істейтін мектептер үшін тарих пәнінен бір ғана бағдарлама, оқулық шығару, олардың мазмұнын барынша идеологияландыру, әр ұлттың өз тарихын оқытуға жол бермеу, Еуроцентрлік пен орыстандыру саясатын барынша дәріптеу, т.б. тарих пәнін оқытуға қойылған міндеттерді орындауға кедергі келтірді.
Мектепте тарихты оқытудың мазмұны тарих ғылымының дамуы барысында өзгеріп отырады. Тарихтың мазмұны мемлекеттік стандарт, бағдарлама, оқулық түрінде көрініс табады. Оқушылар ол мазмұнды сыныптық, сыныптан тыс және мектептен тыс оқу түрлерін қамтитын оқытуды ұйымдастырудың белгілі бір әдістемесі арқылы меңгереді. Әдістеме отандық және жалпы тарихтың негізгі оқиғалары, фактілері мен құбылыстарын таңдауға; теориялық жинақтау мен анықтамалар қалыптастыруға көмектеседі.
Жалпы тарих білімінің бірнеше компоненттері болады:
1. тарихи түсінік (нақты образдар арқылы оқиға, хронологияның танылуы);
2. тарихи ұғым. Тарихи фактілер туралы образдар қалыптасқаннан кейін барып оқушы оның мәнін, олардың арасындағы байланысты анықтауға, тануға көмектеседі.
3. тарихи процестің заңдылық ұғымы тарихи фактілерді, тарихи процесті ұғым, заңдылық жүйесі арқылы беру [1,19 б].
Тарихты оқыту процесінде тарихи түсініктердің 3 түрі қалыптасады.
1. Қоғамның барлық жағын қамтитын өткен фактілер. a)материалдық өмір туралы (еңбек құралы, шаруашылық салалары т.б.); б) әлеуметтік-саяси өмір (әртүрлі топтар, мемлекетті құрылыс); b) тарихи қайраткерлер (қолбасшы, мемлекет билеушілері т.б.); г) тарихи-мәдени (халық тұрмысы, өнер т.б.).
2. Тарихи уақыт туралы (белгілі бір кезеңдегі тарихи факт оның ұзақтығы т.б.)
3. Тарихи кеңістік туралы түсінік, яғни нақты жерде жүзеге асқан тарихи оқиға [1,20 б].
Оқыту нәтижелері алға қойған мақсаттарды іске асырумен тікелей байланысты. Ол оқушылардың қол жеткізген білім мен дағдысының, олардың интеллектуалдық, эмоциялық және ерік-жігерінің деңгейін танытады. Оқыту нәтижелері тарихи білім, ғылыми көзқарастың қалыптасуы, тарихты оқыту процесінде оқушыларды тәрбиелеу, оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін дамыту арқылы анықталады.
1.2 Тарихты оқыту әдістемесінің негізгі әдіс-тәсілдері
Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тарихты оқыту әдістемесі - тарихты оқытудың міндеттері, мазмұны және әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық ғылымдардың бір саласы. Ол тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында тарихты оқыту процесінің заңдылығын зерттеу және оқып-үйренуге арналады. Сонымен әдістеме оқу процесін ұйымдастыру мен оның негізгі факторларын жетілдіруге бағытталады. Тарихты оқытудағы әдістеменің мақсаты - тарих ғылымының негізгі мәліметтерін таңдап алып, оны дидактикалық өңдеуден өткізіп, бейімдеп, мектеп курсының мазмұнына енгізу болып табылады.
Тарихты оқыту әдістемесі туралы белгілі еңбектерде оқыту әдістері негізінен төмендегіше жіктеліп-сарапталады:
1. Тарихи материалды ауызша хабарлау әдістері: бұған мұғалімнің ауызша баяндауы, әңгімесі, түсіндіруі, мектеп лекциясы, оқушылармен әңгімелесуі жатқызылды;
2. Тарихты көрнекі құралдар көмегімен оқыту әдістері: бұған бояулы суреттер, оқулықтағы иллюстрациялармен жұмыс жүргізу әдістері және портретті, картаны, экрандық және басқа да техникалық құралдарды пайдалану жатқызылды;
3. Тарихты оқытқанда түрлі мәтіндермен жұмыс істеу әдістері: бұған оқулықпен, тарихи құжаттармен, көркем әдебиетпен жұмыс істеу әдістері қосылды.
Оқыту әдістерін бұлайша жіктеп-сараптауда мұғалім мен оқушының сабақ үстінде атқарған жұмысы және сол жұмысты ұйымдастыруда пайдаланылған құрал (тарихи құжат, көрнекі не техникалық құрал, оқулық т.б.) шешуші рөл атқарды.
Өткен ғасырдың екінші жартысында кеңестік педагогика ғылымы, соның ішінде дидактика едәуір дамыды. Сабаққа қатысты басты жаңалықтардың бірі - жаңа тақырыпты оқып үйренуге бүкіл сынып оқушыларын қатыстыру және осы қатысу барысында оны меңгеру үшін оқушылар өздері ой қызметімен шұғылдануы керек. Оқушылардың меңгерген білімі олардың өздерінің таным-ойлау қызметінің, іс- әрекетінің нәтижесі болуы тиіс. Сонда ғана алған білім берік болады. Сөйтіп, сабақта оқушылардың таным, ойлау қызметін, іс-әрекетін дамыту бірінші кезекке шықты, басты міндет етіп қойылды.
Осыған сәйкес оқыту теориясы саласында еңбек етіп жүрген бірқатар ғалымдар барлық пәндерге ортақ деп оқыту әдістерін төмендегіше жіктеп-саралады:
Иллюстрациялап түсіндіру әдісі - бұл мұғалімнің ауызша баяндауын және әңгімелеп тұрып, пайдаланылатын басқа құралдарды (оқулық, техникалық, көрнекі құралдар, көркем әдебиет т.б.) қамтиды. Бұл әдісті қолдану барысында мұғалім де, оқушылар да қызмет етеді [2,144 б].
Репродуктивті әдіс - оқушыларға қажетті біліктерді қалыптастыруды көздейді. Өйткені, оқушылар иллюстрациялап түсіндіру кезінде алған білімін қолдануға қажетті біліктерді толық меңгере алмайды. Олар осы екінші әдісті қолдану арқылы жүзеге асады. Бұл әдісті пайдалану кезінде оқушылар мұғалімнің басшылығымен ол оқытып үйреткен білімді өздігінше бірнеше рет және әртүрлі жағдайда еске түсіруге мүмкіндік беретін жұмыс түрін атқарады. Мәселен, бүгін өтілген тарихи оқиғаны бұрын оқытылып кеткен ұқсас оқиғамен салыстырып, ұқсас белгілері мен ерекшеліктерін табады, өтілген материал бойынша жоспар жасайды, тарихи фактілерге өздігінше баға береді, теориялық қорытындыларға, тұжырымдарға тарихтан, өмірден өздігінше нақты мысалдар келтіреді, түрлі схемалар, кестелер сызады т.б [2, 145 б].
Проблемалық оқыту әдісі - мұның мәнісі мұғалім жана тақырыпты баяндар алдында, немесе оның белгілі бір маңызды мәселесін түсіндіруге кіріскенде оқушылардың алдына проблема қояды, оның шешілуі туралы ғылыми болжам жасайды, соған жетудің әртүрлі жолдарын, нұсқаларын ұсынады. Оқушылар мұғалімнің әңгімесін зер сала тындай отырып, проблеманы шешу логикасын қадағалайды, алдын ала жасалған ғылыми болжамдардың, шығарылған қорытындылардың қайсысының қаншалықты дұрыстығын, дәлелділігін аңғарады [2,145 б].
Ішінара іздену немесе эвристикалық әдіс - оқушыларды бірте-бірте белгілі бір проблемаларды өздігінше шеше алу дәрежесіне дейін жеткізуді көздейді, осыған қажетті біліктерді біртіндеп қалыптастырады. Мәселен, бояулы суретке, құжатқа, түсінген мәселеге байланысты сұрақ қоя отырып, проблеманы шешуге үйретеді; естіген фактілері бойынша қорытынды жасауды, немесе өздерінің болжамдарын айтуды ұсынады т.б [2,145 б].
Зерттеу әдісі - шығармашылықпен жұмыс істеу тәсілін және білім мен біліктерді толық үйретіп, меңгертуді мақсат етеді. Бұл әдіс кеңес мектебі тәжірибесінде ұзақ уақыт және кеңінен қолданылды, сонымен бірге өзінің тиімді екенін де көрсетті. Зерттеу әдісі - ғылыми тұрғыда танып білудің тәсілдерін меңгеруге көмектеседі; шығармашылықпен жұмыс істеудің бұған дейінгі айтылып өткен белгілерін қалыптастырады; өздігінше зерттеу жұмысын жүргізуге қызығатын оқушылардың ынтасын ұштай түседі; оқушылар білімді толық әрі саналы түрде меңгереді және оны ұтымды, орынды қолдана алуға үйренеді [2,145 б].
Сөйтіп оқушылардың іс-әрекетін, ойлау, таным қызметін дамытуға бағытталған бұл әдістер белгілі жоспармен, жүйемен жүргізіледі.
Қазақ мектептері тарихшыларының тәжірибесінде көбіне ил- люстрациялап-түсіндіру немесе информациялы-рецевтивті және эвристикалық әдіс қолданылады, қалған әдістер көпшіліктің тәжірибесінде сирек кездеседі, өйткені оларды қолдануға белгілі бір жағдай керек, ең алдымен мұғалімнің де, окушылардың да қажетті дайындығы болуы тиіс. Мәселен, тарихтан жаңа сабақты оқытып үйреткенде проблемалық баяндау әдісін қолдану үшін төмендегілерді ескеру қажет. Алдымен проблеманы дұрыс тандай білу керек. Окушылардың алдына қойылатын проблема осы сыныптың шамасына лайық, яғни оқушылар оны дұрыс түсінетіндей және оларды қызықтыратындай болғаны дұрыс [2,147 б].
Екіншіден, берілген проблеманы шешуге оқушылар белсене қатысуы үшін немесе шешілу жолдарын толық аңғаруы үшін төмендегідей білім негіздерімен қамтамасыз етілуі тиіс. Олар: а) проблеманы шешуге қажетті фактілер мен білімдер; ә) проблеманы шешуге қатысы бар жалпы қағидалар; б) проблеманы шешетін тәсілдерді меңгерту немесе оқушылардың сол тәсілдерді өздігінше табуына жағдай жасау; үшіншіден, проблеманың шешілуін тексеруге, оның негізділігін, логикалық дұрыстығын анықтауға, немесе оның дұрыс шешілгендігін талдап, дәлелдеуге, қажет болған жағдайда өзгертулер енгізуге оқушыларды белсене қатыстыру [2,147 б].
Күнделікті сабақта қолданылатын оқыту әдістерін таңдағанда төмендегі талаптарды ескерген дұрыс.
1. Оқыту әдіс, тәсілі оқытудың алдына қойылып отырған қазіргі талаптарға, яғни оқушыларға терең білім беруге, оларды қазіргі әлеуметтік-мәдени өзгерістер талаптарына сай тәрбиелеуге, жеке тұлғаның іс-әрекетін, ойлау-таным қызметін дамыту талаптарына сай келуі тиіс.
2. Сабақта оқытылатын тақырыптың мазмұнына, оны оқыту барысындағы мұғалім мен оқушылардың атқаратын оқу қызметіне үйлесімді болуы қажет.
3. Кезекті сабақта қолданылатын әдістерді талдап-іріктеуге оқушылар қатысады және ол әдістер сабақтың мақсат-міндеттерінде көрсетілген күтілетін нәтижелерге жетуге кепілдік беруі тиіс. Олардың арасында оқу бағдарламаларында белгіленген құзыреттіліктерді оқушыларда қалыптастыру жетекші орын алуы керек.
4. Оқушылардың танымын, ойлауын, қиялын дамытуға, эмоция туғызуға, бұрын алған білімдерін қайта еске түсіруге мүмкіндік беруі. Демек, жаңа білімдерді меңгеруге оқушылар белсене қатыстырылады, сөйтіп білімді берік меңгереді, таным, ойлау қызметі одан әрі дамиды, жаңа білімдерді оқып үйрену тәсілдерін игереді.
5. Жаңа сабақты оқытудың әдіс, тәсілдерін анықтау - оқыту үдерісінде оқушылардың алдына қойылатын міндеттердің ауыр, жеңілдігіне байланысты. Өйткені, жана материалдың мазмұнын ескере отырып, мұғалім оны толықтыра түсетін жаңа деректер келтіреді, оларды оқып үйренуге оқушыларды қатыстыра отырып, өздігінше атқаратын жұмыстарын бірте-бірте қиындата түседі.
Мұғалім тарих пәнінен сабақ өткізудің, әдіс-тәсілдерін түрлендіріп отырса, оқудың сапасы нәтижелі болмақ. Тарих пәнін тиімді жүргізудің жолдарының бірі - күнделікті сабақ жоспарын ғылыми-әдістемелік тұрғыда жасап, жүзеге асыру. Сабақ жоспарын жасаған уақытта мұғалім өтілген тақырыптың мазмұнына сай тиімді оқыту әдістерін дұрыс таңдай білуі шарт.
Жалпы әдістемелік әдебиетте тарихты оқытудың әдістері былайша классификацияланады:
1.Таным көзі болуына орай: ауызша, баспа-сөздік, көрнекілік, практикалық
2. Танымдық іс-әрекет деңгейіне қарай: түсіндірмелі-иллюстративтік, проблемалық, зерттеушілік, ізденушілік [1,22 б].
Оқыту әдісінің кең тараған төрт түрін атауға болады. Олар: ғалымдар ұсынған ауызша түсіндіру, баспалық-сөздік, көрнекілік, зертханалық-практикалық жұмыстар жүргізу.
Ауызша әдіс: әңгіме, монолог, диалог, әңгімелесу. Баспалық-сөздік әдіске: оқулық, хрестоматия, әдебиеттер бойынша құжаттарды талдау, ұғымдарды теріп жазу, жоспар құру т.б. тәсілдерді қолдану жатады. Көрнекілік әдіс көрнекіліктер бойынша картинаға анализ жасау, сурет салу, карта толтыру тәсілдерін қолданудан тұрады. Практикалық әдіс оқушылардың тапсырма бойынша тікелей іс-әрекеті болып табылады. Осылардың барлығы оқушылардың тарихи білімінің артуына үлкен көмек береді [1,23 б].
Тарих сабақтарында пайдаланылатын көрнекі құралдарды төрт топқа бөлуге болады. Олар: тарихи оқу карталары; тарих оқулықтарындағы және басқа да иллюстрациялар; шартты-графикалық көрнекі құралдар; техникалық құралдар. Бұларды пайдаланудың маңызы зор. Олар оқушылардың білімін толықтырады, әрі тиянақты етеді, байқағыштығын арттырады, қиялын, сөйлеуін дамытады, өткен тарихқа қызықтыра түседі. Осыған қарамастан қазақ мектептеріндегі тарих сабақтарында көрнекі құралдар әзірше аз пайдаланылады. Оған себеп те бар. Ал, көрнекі құралдың пайдасын айттық. Мұғалім әңгімесіндегі тарихи, географиялық орындар мен атаулар картадан көрсетіліп жатса, аты әйгілі белгілі тарихи қайраткерлердің портреті ілініп, оның жеке басының қасиеттеріне мінездеме-сипаттама берілсе, белгілі бір қамалға жасалған шабуылдың бояулы суреті ілініп, ондағы бейнелер сурет-теліп-әңгімеленсе немесе Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі алыс-жақын шетелдермен арадағы түрлі салалардағы қарым-қатынастар, олардың экономикамызға салып отырған инвестициясы туралы статистикалық мәліметтер тек ауызша айтылмай, ілулі тұрған кестелер мен диаграммалардан көрсетіліп жатса кезекті сабақтың тиімділігі арта түсетіні белгілі. Осындай көрнекі құралдарды жоғары сынып оқушылары мұғалімнің тапсыруымен өздері де ықыластана орындайды және оларды сабақта пайдалануға белсене қатысады.
1.3 Тарихты оқытудағы байланыстар және тарих сабағына қойылатын талаптар
Тарихтың белгілі бір курсынан сабақ беру - мектептің білім беру, тәрбиелеу жұмысының бір бөлігі: біріншіден, тұтас алғанда мектепте тарихтан білім берудің жүйелі буындарының бірі, екіншіден, оқытудың тиісті жылында білім беру, тәрбиелеу процесінің бір қыры болып табылады. Осыған орай тарихтың жеке курсын оқытудың мақсаты оның мектепте тарихтан білім беруде алатын орны және тиісті сыныптардағы оқу пәндерімен байланысты тұрғысынан қарастырылады.
Жоғарғы сыныптарда тарихты оқыту географияны, әдебиетті оқытумен байланысты. Пәндердің өзара байланысы басқа пәндерді оқытудан алған білімге, іскерлік пен дағдыға сүйенуден, оқушылардың барлық басқа пәндерге ортақ ойлауы мен тілін дамытудан көрінеді. Оқушылардың жоғарғы сыныптарға дейін қандай тарихи түсінік пен ұғымдарды білетіндіктері оларға тірек болады және жоғарғы сыныптарда тарихты оқыту процесінде ол түсініктер онан әрі дамытылады.
Қоғамдық өмір саласында оқушылардың көзқарасын қалыптастыру ісіне мектептегі көптеген оқу пәндері үлес қосады. Тарихты оқыту оқушыларға мол білім беріп және олардың тарихи ойлауын дамытып қана қоймайды, сонымен бірге оқушылардың басқа пәндердің оқытылуынан, кітаптар мен газеттерді оқудан киноға, театрларға барудан және тағы да басқалай алатын білімдерін жүйеге салады, жинақтайды, оларда баяндалған фактілерге оқушылардың өздерінің көзқарастарын қалыптастыруға көмектеседі. Осылайша тарихты оқыту барысындағы материалдық дүние туралы түсінік тек бір ғана тарих арқылы емес, барлық мектеп пәндерін оқыту барысында қалыптасады. Біртұтас білім қалыптастыру үшін жүйелі білімдердің синтезі болуы қажет. Сондықтан мектеп бағдарламасына сәйкес пәнаралық байланыс жүзеге асырылуға тиіс.
Пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшін:
1. Әрбір пәндегі келесі пәнмен байланысты бағытты ескеру қажет;
2. Дәл сәйкес келетін факті мен теориялық материалдарды, уақытын дәл анықтау керек [1, 53 б].
Пәнаралық байланыстың дидактикалық мәні дегеніміз - барлық байланысушы пәндердің жан-жақтылық, жалпылық сипаты.
Тарих адамзат қоғамының барлық жағы мен кезеңін қарастыратын болғандықтан тарихпен тек гуманитарлық қана емес жаратылыс пәндері де байланысты. Мысалы, мәдениет тарихы бойынша әдебиет, сурет сабақтарын, орналасқан кеңістігі бойынша география, өлшем, қашықтығын математика пәндерімен байланыстырамыз.
Пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшін терең білім керек. Сондықтан біріншіден, түсіндірілетін ұғымның структуралық - мазмұндық мәнін анықтау; екіншіден, осы ұғымның қандай белгілері өткен немесе өтілетін пәндермен байланысты екенін анықтау керек. Пәнаралық байланыстармен қатар пәнішілік байланыстар да жүзеге асырылады.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру әдістері:
1) өтілген фактіні оқытушының еске түсіруі;
2) сұрақ-тапсырма беру;
3) қорытушы таблица құрастыру;
4) деректер негізінде оқушылардың мәлімдеме немесе баяндама әзірлеуі;
5) басқа пәндер бойынша дәптерлеріне әртүрлі жазбаларды қолдану [1, 53 б].
Тарих сабағына қойылатын талаптар. Сабақ жүргізу оқушылардың дәптерін және жазба жұмыстарын тексерумен ұштасады. Ол мынадай бағыттарды қамтиды: жазба жұмысы мазмұнының дұрыстығы мен жазба жұмыстарының орындалуын тексеру, нақты, тұжырымды орындалған жұмысқа баға беру және дәптер мен жазба жұмыстарын тексерудің нәтижелерін есепке алу, тексеру. Тарихшы мұғалім қызметінің мазмұны сынақтар мен емтихандар алуды ұйымдастыруды да қамтиды; ол сынақ және емтихан алдындағы қайталауды ұйымдастыру, сынаққа қиындық деңгейі әртүрлі тапсырмалар дайындау, жауаптарды бағалау, сынақ алудың түрі мен әдістерін айқындау, қосымша білетін сұрақтар дайындау сияқты жұмыстардан тұрады. Мұғалімнің тарих кабинетіндегі жұмыстары кабинетті безендіру, лаборанттың жұмысын ұйымдастыру, дидактикалық материалдар, көмекші құралдарды жасап жүйелеу және сақтау, сабақ және сыныптан тыс жұмыстарды жүргізуге кабинетті және ондағы материалды пайдалану сияқты көптеген әрекеттерден тұрады. Тарихшы мұғалімнің әдістемелік жұмыстарының мазмұны да біршама күрделі. Ол жұмыстардың мынадай түрлерін атап айтуға болады: өзге мұғалімдердің сабағына қатысу және талдау жасау, мектептік, аудандық әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысу өз тәжірибесімен жинақталған сабақ өту әдістерін жазып шығару, жарыс сөзге дайындау, сабақтың, ашық сабақтың талдамасын жасап, мақала жазу, көмекші құрал жасауға қатысу педагогикалық эксперимент жасап, оның нәтижелерін талдап, дербес әдістемелік тақырыпшен жұмыс істеп алынған нәтижелердің теориялық және практикалық маңызына баға беру болып табылады [3, 92 б].
Көбіне сабақты талдау алға қойылған мақсаттардың дұрыстығын, оқушыларды қорыту және тәрбиелеу тәсілдерінің тиімділігін, олардың кеңестік дидактика көзқарасына, мазмұны мен мақсаттарына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуын бағалаудан басталады. Сонан соң идеялық және оқытылатын пәннің ғылыми-теориялық деңгейі, пәнаралық байланыстардың қолданылуы, ғылыми-техникалық өрлеудің заманға сай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz