Ибн Халдунның мемлекет және саясат туралы тұжырымдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министирлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті КеАҚ

Қарақат Шәді

ИБН ХАЛДУННЫҢ МЕМЛЕКЕТ ПЕН БИЛІК ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСТАРЫ

тақырыбындағы

ҒЫЛЫМИ ЖОБА

6В02201-Философия және этика білім беру бағдарламасы бойынша

Астана, 2023

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

ҒЫЛЫМИ ЖОБА

тақырыбы: Ибн Халдунның мемлекет пен билік туралы көзқарастары

6В02201-Философия және этика білім беру бағдарламасы бойынша

Орындаған: _______________ Қарақат Шәді

Ғылыми жетекшісі:
PhD, доцент м.а. ________________Рауан Кемербай

Астана, 2023

МАЗМҰНЫ

Аңдатпа ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

4

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

5
1
ОЙШЫЛ ИБН ХАЛДУН ФЕНОМЕНІ

1.1.
Ибн Халдунның мемлекет және саясат туралы тұжырымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

6
1.2
Осман империясы және Ибн Халдун дүниетанымы ... ... ... ... ...

15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

18

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

20

Аңдатпа. Ибн Халдун - араб-мұсылман әлемінің көрнекті ойшылы, тарихшы, саяси қайраткер, социолог. Әлеуметтік ғылымдар саласының көшбасшысы деп те атайды. XIV ғасырдағы классикалық мұсылман-құқықтық елдері туралы тұжырымдардың және Китаб аль-Ибар еңбегінің авторы ретінде танымал. Бұл шағын ғылыми жобамызда Ибн Халдунның саясат пен жалпы мемлекетке қатысты ойларына талдау жасауға арналады. Мақаланың мақсаты Ибн Халдунның саяси ілімінің негізгі бағыттары, мемлекет, билік, адам табиғаты, адамзат қоғамы туралы көзқарастарын зерттеу. Атап айтқанда, біз адамзат қоғамының қалай дамығанын, оның дамуында қандай кезеңдер ықпал еткендігі және сол замандардағы саяси құрылымның қандай формасы болғанын қарастырамыз. Мұсылман мемлекеті өзінің дамуында қандай кезеңдерден өтті, сонымен қатар Ибн Халдун басқару формаларының қандай түрлерін бөлді. Осман Империясында Ибн Халдуннын ой тұжырымдарының маңыздылығын да атап өтетін боламыз.
Түйін сөздер: Ибн-Халдун, мемлекет, саясат, халифат, монархия, билік, Мукаддима, дін, мұсылман құқығы, қоғам, ауыл, қала, Осман Империясы, фәлсафа.

КІРІСПЕ

Әбу Зейд Әбдіррахман ибн Мұхаммед ибн Халдун әл-Хадрами әл-Ашбили шамамен 1332-1406 жылдары өмір сүрген (XIV-XV ғасырлар) ғұлама, Туннистік философ, тарихшы, әлеуметтанушы. Экономика, мемлекет, қоғам, демография сияқты салаларда өз еңбектерін жазған ойшыл. Оның ой-толғаныстары, идеялары, өзінің замандастарына түсінікті, қызықты болған жоқ. Оның ойларын, түсіндірмелерін сол кезде өзекті деп саналмады. Бірақ, Ибн-Халдуның саяси, әлеуметтік, экономикалық ой тұжырымдары, сол кезде де, бүгінгі күнде де өзекті болғанымен, оның идеяларын, фәлсапасын түсінікті түрде талдап беретін ғалымдар өте аз. Ибн Халдун өмірінің кейбір кезеңдерін, оның достары мен шәкірттері жазып қалдырған. Жас кезінде құран, мұсылман құқығы, логика, араб әдебиетін оқыған. Сол замандағы атақты ойшылдардың дәрісін тыңдап өседі. Жиырма жасында Тунистегі сұлтан кеңсесінің хатшысы қызметіне тағайындалып, үлкен тәжірибе жинайды. Әйгілі дипломат, әскери басшы лауазымына дейін көтеріледі. Соған қарамастан, Ибн Халдун үнемі ғылыммен айналысуды тастамайды. Керісінше, ғылымға одан сайын қызыға түседі.
Бір қызығы Ибн Халдунның рухани мұрасын араб-мұсылман ойшылдары емес, Еуропалық ғалымдар әлеуметтік, саяси көзқарастарын зерттей бастағандығы және сол замандағы озық ойлы тұжырымдарымен есте қалған.
Ибн-Халдун өзінің саяси тұжырымдамасында мемлекет дамуыңдағы және жоғалып кетуіндегі кейбір аспектілерді айқындауға тырысты және билік жүргізу түрлерінің ерекше бір класификациясын жасады. Ол қоғам мен мемлекетті ажыратып, бөліп қараған. Өзара арақатынастарын, заңдылықтарын айтуға, жеткізуге тырысты. Бізде Ибн Халдунның еңбектері мен соған қатысты зерттеулерді талдап, билік пен мемлекет туралы ойларын көрсетуге тырысамыз.

ӘДІСТЕМЕ

Мақалада Ибн Халдунның саяси, мемлекетке қатысты ойларын зерттеу үшін мұсылман философиясы мен ислам дінін зерттеген ғалымдардын еңбектеріне тарихи-философиялық талдау жасалады. Сонымен қатар, ғылыми жобаны жазу барысында компаративистикалық әдіс пен қатар, саралау, салыстыру сияқты дәстүрлі әдістер қолданылды. Ең бастысы тақырыпты жақсы түсіну үшін Ибн Халдун және оның еңбектеріне зерттеу жүргізген ғалымдардың еңбектеріне талдау жүргізілді. Бұндай әдіс өз кезегінде зерттелініп отырған тақырыпты жан жақты қамтуға мүмкіндік береді.

ОЙШЫЛ ИБН ХАЛДУН ФЕНОМЕНІ
Ибн Халдунның мемлекет және саясат туралы тұжырымдары

Ибн Халдунның пікірінше, мемлекеттің пайда болуы қоғамдық дамудың бір көрсеткіші болып табылады. Мемлекет - күш пен билікке сүйеніп, ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асырады. Сыртқы саясатта мемлекет өзінің дербес позицияларын сақтайды, ал ішкі саясатта ол ру, тайпалардың тығыз бірігу функциясын жүзеге асырады, зандар мен тәртіптің іске асырылуын қамтамасыз етеді, халықтан салық жинайды, оның тәуелсіздігін қамтамасыз ететін әскер құрады. Бірақ, мемлекет идеясын құптаған жоқ. Мемлекет адамның дамуын тежейді және құлдық, бағыныштық жүйеге алып келеді деген ойын Мукаддима (Кіріспе) трактатын оқыған кезде анық байқай аламыз. Бұл еңбекте өркениеттер мен мемлекеттердің өз шарықтау кезеңінен кейін ыдырауының бірден бір себебі ол - ысырапшылдық екендігін ескертеді. Қанағатсыздық, қарызға бату рухани дағдарысқа ұшыратып мемлекеттің күйреуіне әкелетіндігіне назар аудартады.
Яғни, мемлекет ұғымынын пайда болуы адамзат дамуының бір сатыға жоғарлағанын көрсеткенімен, адам өз дамуында артта қалады. Мемлекеттің пайда болуы арқылы қоғам, бір топ, ұйым қалыптасады. Саясат - мемлекеттегі тәртіпті ұстауға, оны басқаруға арналған құрал. Адам сол құралға бағынушы, орындаушы.
Ибн Халдунды замандастары көп түсіне бермеді, сонымен қатар оның жазбалары ХІХ ғасырдың басына дейін зерттеушілердің қызығушылығын тудырмады. Соңғы кездері Ибн Халдунның шығармашылығына деген қызығушылық байқалды. Бұл Шығыстың мәдени және философиялық мұрасына деген қызығушылықтың жалпы өсуімен ғана емес, сонымен қатар Ибн Халдунның саяси теориясы, атап айтқанда оның билік пен мемлекетке қатысты идеялары теориялық ережелерді қамтиды, олардың көпшілігі қазіргі заманды түсінуге мүмкіндік береді. Мұсылман шығысында болып жатқан әлеуметтік-саяси және рухани процестерді де түсіндереді. Осындай саяси салмақты ой-тұжырымдарымен социология ғылымының атасы атағына да ие болады. Дегенмен, елімізде Ибн Халдунның фәлсафасын, еңбектерін зерттеуге арналған еңбектер өте аз екендігін атап өткіміз келеді. Соған қарамастан, шығыстанушы ғалым, профессор Светлана Бациева 1965 жылдардың өзінде Историко-социологический трактат Ибн Халдуна Мукаддима еңбегінде Адамзаттың ойлау тарихында алғаш рет Ибн Халдун адам қоғамы, қоғам дамуы мен оның ішікі заңдылықтары туралы ғылым ойлап тапқан - деген баға береді [1, с. 221]
Классикалық мұсылман құқықтық саяси ойы, мұсылман мемлекетінің мазмұны мен мәніне ерекше назар аударды және халифатты белгілі бір саяси режим және басқару нысаны ретінде қарастырды, ол өзінің негізгі күш-жігерін халифаның құқықтық жағдайының объективі арқылы мемлекеттік аппарат пен билік қатынастарын талдауға бағыттады. Халифат мемлекеттің нысаны ретінде іс жүзінде атқарушы билікке және жеке мемлекет басшысына - барлық мұсылмандық саяси тұжырымдамалардың орталық қайраткеріне дейін азайды. Мұсылман мемлекеті басшысының атқарушы билік нысандары мен құқықтық жағдайын салыстыру негізінде XIV ғасырға дейінгі мұсылмандық саяси ой басқа мемлекеттер жағдайында саяси режимдермен оның дамуының әртүрлі кезеңдерінде, ең алдымен көрнекті ғалым Ибн Халдунның есімімен байланысты, басқару формаларының жіктелуін жасай алды.
Ибн Халдунның әйгілі "Мукаддима" ("Кіріспе") трактатында былай айтқан Мемлекет және саясат туралы ілімінің айрықша ерекшелігі - тарихи-социологиялық талдаудың жалпы аясында мемлекетке философиялық және құқықтық көзқарастарды біріктіру. Ең алдымен, ол өркениеттің көрсеткіші, формасы, өлшемі және көрінісі ретінде қарастырған мемлекеттің қалыптасуының, дамуы мен құлдырауының табиғи заңдылықтарын анықтау міндетін қойды. Оның теориясының тағы бір ерекшелігі: ғалым идеалды емес, нақты қолданыстағы мұсылман мемлекетін өз саясатындағы билеушілер мұсылман құқығы қағидаттарынан алшақтап кеткен кезде зерттеді. Осы негізде ол халифаттың Тарихи эволюциясын қадағалап, басқару формаларының өзіндік классификациясын жасай алды.[2, с. 156.]
Ибн Халдуннын шығармаларына деген қызығушылық енді өршіп келе жатыр. Оған негізгі себеп оның мемлекетті басқару формасына Халифатты дұрыс басқарудың бір негізі деп санады. Оның осындай ойға келуінің ең басты себебі дін. Мемлекетте ең алдымен дін орнығуы керек деп санаған. Діннің үстемділігі арқылы халықты дұрыс басқарып, оларға дұрыс жол сілтеме жасай алады. Дін арқылы халықтың бірлігі мен мәдениетті ұстап тұруға болады. Себебі барлық нәрсе сенім арқылы жасалады. Сенім болмаса мемлекет бірқалыпты бола алмайды. Сенім болу үшін дін қажет. Ол туралы Ибн Халдун басқару форманын 3 деңгейі туралы айтқанынан байқаймыз.
Онда араб орта ғасырларының бүкіл мәдени өмірі егжей-тегжейлі сипатталған, жер және оның климаттық аймақтары, онда өмір сүретін халықтар мен олардың тарихы, мемлекеттердің пайда болу процесі, қолөнер және ауыл шаруашылығы, қаржы және салық жүйелері, ғылымдар мен өнер және т.б. туралы мәліметтер келтірілген. Бірақ бәрібір Мукаддима, ең алдымен, Ибн Халдун дәуіріндегі саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірдің энциклопедиясы болып табылады, онда ол мемлекет, басқару нысандары, қоғам туралы, сондай-ақ ұрпақтар ауысуы кезіндегі өркениеттердің өрлеуі мен құлдырау циклдары туралы өз ойларын баяндайды. [3]
Шын мәнісінде жоғары да атап өткендей, мұсылман билеушілері өз билігін асыра пайдаланып, шынайы, нағыз билік тұжырымдамасын ұмыта бастағандығына наразылық білдіреді. Олар өз мүдделерін қорғау үшін, мұсылман құқығы қағидаттарына сүйенбей, тәртіп, ережені өзгерте бастады. Сонын негізінде әр түрлі басқару формалары қалыптасып, қоғамда жаңа басқару формаларының пайда болуына себепкер болғандығына тоқталады. Халифат билеушілері өз мүдделерін арттыру үшін жаңа ережелер ойлап таба бастады. Бұл кейіннен Халифаттық биліктің әлсіреп монархиялық билікке ұқсауына алып келді, ал Осман Империясында Сұлтанның билік үстемдігі арта түседі.
Бұл жөнінде Мукаддима трактатында Ибн Халдун қоғам мен мемлекетті нақты ажыратады. Оның пікірінше, Бастапқыда мемлекет өзгерген қарабайыр топ болды, онда бір топтың өз қызметін, өз мүшелерін бір ортаға, қоғамға біріктіретін туыстық топқа (асабия) сүйене отырып жүзеге асырды. Халдун асабияны шетелдіктердің бағыныштыларын басу үшін қажет мемлекеттің міндетті негізі деп атайды. Мемлекеттің асабияны жоюы соңғысының өзін -- өзі жоюын білдіреді, сондықтан асабияның бүлінуі, мемлекет дағдарысының сигналы және созылмалы аурудың симптомы болып табылады. Егерде мемлекет арасында қандай да бір бөліну, шектелу байқалса басқа мемлекеттер оларды бірден жаулап алуға кірісе бастайды. Сол үшінде мемлекетті сақтау үшін асабияның бүлінуіне жол бергіздірмеуге тырысты. Асабия - бұл топтық сана, жүйке жүйесі мен тайпаның ақыл-ойын біртұтас желіге байланыстыратын әлеуметтік Ұлпаның бір түрі, сондай-ақ бір-бірімен біртұтас тұтастыққа қосыла алатын кез келген нәрсе [4].
Ибн Хал-дун басқару жүйесіндегі үш күшті баян етті. Біріншісі, табиғи күш. Адамның көңіл қалауы мен тілегі. Бұл ең жоғарғы және өктемді күш. Саясат білімінде мемлекеттің әуелгі пішіні де - осы. Себебі заң ұғымы билік қылушы адамнан бөлек қаралмайды. Билеушінің бойындағы кемшіліктері мен ерекшеліктері мем-лекет заңдарына ықпал етеді. Осы жерде біз Ғазалидің ахлақ іліміндегі көркем мінездің маңыздылығын көреміз. Ибн Халдун билеушінің көркем мінезді болу-ын көздегендей. Себебі оның бойындағы жақсы мінез мемлекеттегі заңдар мен үкімдерге оңды ықпалын тигізеді. Мемлекеттегі күштің екіншісі, саяси күш. Кез-келген адам дүниелік пайдасы мен зиянын анықтап, оларды ақылына салып дұрыс қадам жасауы қажет, осының негізінде қаланған саяси ережелер пайда болады. Үшінші күш - халифалық күш. Ақыреттік және осы дүниелік пайдалардың әрбірін діни қағидалардың сараптауы-на салуы арқылы қолданады. Сөйтіп, билеуші мен халық арасында ортақ заң пай-да болады, бұл заңның қайнар көзі көктен түскен кітап. Әрине, Ибн Халдунның меңзеп отырған қоғамы ислами қоғам екені анық. Себебі, ислами қоғам аспаннан келген заңға арқа сүйеп, халифалыққа бағынады [5, 65 б.]
Табиғи күште билеуші тек өзінің мүдделерін бірінші орынға қояды. Табиғи күште мемлекет көбіне мәдениет жағынан дамиды, заң, саясатқа келгенде әлсіз болады. Билушінің жақсы болуы мемлекеттің көркеюіне алып келеді. Саяси күште мемлекетке не жақсы, жаманың анық анықтай алады. Заң, саясат жағынан рационалды қарайды. Бірақ саяси күште идеалды басқару болып саналмады. Ибн Халдун үшін дұрыс басқару ол халифалық күш болды. Тек қана адамдардың шығарған заңары, ережелеріне бағынбай, діннің ережелеріне де бағыну. Оған тек халық қана бағынбайды, билік басындағылар бүкіл ел дінде жазылып кеткен шариғатарға сүйенеді. Бұл халық пен билеушінің арасында жақсы ара-қатынасқа алып келеді.
Ибн Халдун мемлекеттердің ішінде алауыздық, ашкөздік, бөлінулер көбейген сайын, сол мемлекеттің болашағы да бұлыңғұр болатындығын болжап білген. Сондықтан да, қоғамдық сана, адамзаттың ақыл-ойының бір тұтас идея төңірегінде жинақталуына мән бергендігі байқалады. Тағы бір дерек көзінде былай тұжырымдалады Ибн Халдунның ілімі бойынша кез-келген қоғам адамның табиғатына байланысты адамдардың агрессияға және өзара жойылуға деген табиғи ұмтылысына қарсы тұруға арналған тежегіш бастауды қажет етеді. Мұндай мәжбүрлі билік мемлекетті тайпаның қарапайым басшылығынан ажыратады және белгілі бір адамдар қол жеткізген өркениет деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Мемлекет қоғам мүшелерін басып-жаншып, тайпаларды біртұтас етіп біріктіреді және өз субъектілеріне де, сыртқы салаға да мәжбүрлі билікті жүзеге асырады. Бұл биліктің ішкі жағы - субъектілерді күшпен басқаруға, заңдарды жүзеге асыруға, мемлекет ішіндегі тәртіпті қамтамасыз етуге, салық жинауға және армия құруға қабілетті билеушінің құдіреті. Сырттай мемлекеттің жоғарғы билігі оның кез-келген басқа билікке бағынбауынан немесе мәжбүрлеуінен көрінеді [6, с. 155]
Көріп отырғанымыздай, Ибн Халдунның пікірінше, мемлекет, саясат тек билеушілермен шектелмейді, керісінше ол бір тұтас жүйе және оған бүкіл қоғам болып күресуге шақырады. Сол себептен, мемлекеттегі барлық өзгерістер, реформалар мемлекет басындағы адамдардың жағдайын жақсарту ғана емес, бүкіл қоғамның жақсаруына әкеледі. Мемлекет басшысы мықты, халықтың алдында беделді болуына да көп мән берілуі тиіс. Көп жағдайда басқа көршілес мемлекеттердің басшылары басқа мемлекеттерге шабуыл немесе соғыс ашпас бұрын, ең алдымен сол елдің басшысының абыройын алдын ала зерттеп алатындығына да Ибн Халдун жақсы талдаған. Егер, халықтың көңіл-күйі, экономикалық жағдайы жоғары болса, ондай кезде соғыс ашу қауіпі өте төмен деген шешімге келген. Одан да бұндай мемлекетпен тығыз қарым-қатынасты көбейту, олардан көп нәрсе үйренуге болатындығына да назар аудартады. Билеуші мықты болса онда оның еліде мықты болары сөзсіз.
Ибн Халдун мемлекет жұмыс орындарын құру, жолдар салу және сауда мен өндірісті ынталандыру үшін шаралар қабылдау үшін мемлекеттік қызметтерді ұйымдастырумен айналысуы керек деп есептеді. Мемлекеттің коммерцияға араласуы бюрократиялық жүйенің және жалдамалы армияның кеңеюіне әкеліп соқтырады, нәтижесінде кәсіпкерлер сауданы дұрыс жүргізе алмайды және өз кәсіпорындарынан пайда, күн көріс таба алмайды. Экономикалық құлдыраудың нәтижесі қалалар мен өнеркәсіп орталықтары халықтың балама, тұрғылықты жерлерге көшуі болуы мүмкін, бұл тауарларға сұраныстың төмендеуіне және жағдайды одан әрі ушықтыруға әкеледі. Ибн Халдунның айтуынша, ең жақсы мемлекет -- заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етумен айналысатын минималды бюрократиялық аппараты, минималды армиясы және минималды салық салуы бар мемлекет [7, с. 3]
Мемлекеттің көбіне әскери топтардың, армияға назар аударғанының әсерінен экономика төмендейді деген. Сол үшін де салық көбейеді. Халық сауда, өнер, ғылыммен дұрыс айналыса алмай, оны дамыта алмайды деген. Соның әсерінен халық салықтың көбеюінен қашып десекте болады, басқа жерлерге көшуді дұрыс деп шешіп, көше бастайды бұл да мемлекет үшін үлкен шығын болып саналады. Нәтижесінде біртіндеп мемлекет құлайды. Оны болдырмас үшін Ибн Халдун бейбіт, бірқалыпты мемлекет болу үшін аз армия, аз салық және де тәртіп пен заң бәріне ортақ болуы керек деген. Сол кезде дұрыс мемлекет болады деген.
Ибн Халдун ешқашан билікті діннен мүлдем автономды және діни постулаттардан тәуелсіз өз саясатын жүргізуге қабілетті зайырлы қызмет ретінде қарастырған емес. Барлық мұсылман философтары сияқты Ибн Халдун биліктің зайырлы және діни функциялары тек қатар өмір сүріп қана қоймай, ажырамас (халифат немесе имамат) болуы керек, сонымен бірге билеушілер мен олардың субъектілері бірдей дәрежеде заңға бағынып, Құдайдың заңына (шариғатқа) бағынуы керек деп сенді. Мемлекеттің мақсаты, оның пікірінше, қоғамдық өмірді дамыту үшін қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету, ең алдымен өндіріс пен баламалы тауар алмасу үшін жағдайларды қамтамасыз ету. Бұл мемлекеттің өмір сүруіне қауіп төндіретін мемлекеттік саясаттың бас бағыты [8, с. 171]
Жоғарыдағы ғалымдардың зерттеу мақалаларынан көріп отырғанымыздай Ибн Халдунның пікірінше, мемлекеттің рөлі өте зор екендігі. Заң мен тәртіпті сақтайтын, сауда қарым-қатынасты жақсарту, бейбітшілікті орнату мемлекеттің басты қызметі деген тоқтамға келеді. Оның пікірінше мемлекеттегі абсолютті биліктің өсуі сол мемлекеттің құлдырауына әкелетін төте жол дейді.
Ибн Халдунның пікірінше, Билік эволюциясы теориясының маңызды аспектісі оның мемлекет дамуының бес негізгі фазасы мен кезеңдерін зерттеу болып табылады: Бірінші кезең -- Жеңіс, қозғалыс жетекшісі халықпен және оның қанымен бірге жаудың қарсылығын бұзады және алдыңғы әулеттен билікті алады; Екінші кезең-билеуші өз адамдарына үстемдік етеді, ол өзінің серіктерінің билікті бөлісуге деген ұмтылысын басады, билеушіні билікке әкелуге көмектескен туысқан тайпалар тобынан бөліну кезеңі басталады; Үшінші кезең -- бос уақыт пен тыныштық-мемлекеттің гүлдену кезеңі, тәртіпті, тыныштық пен сенімділікті бекіту; Төртінші кезең -- моральдық деградация және сәнді өмір салтын ұстанатын билікке қанағаттанбау - зорлық-зомбылық пен оппозицияны басудың деспоттық әдістеріне көшу кезеңі; Бесінші кезең -- бұзылулар мен қол сұғушылықтар -- мемлекеттің құлдырауы мен жойылу кезеңі. Мемлекеттік эволюцияның бұл кезеңдері кез-келген адам бірлестігіне ұқсас [9]
Жоғарыда айтып кеткендей, егерде мықты билеуші билікке келсе ол халықты біріктіре алады, бірақ оны мәңгі сақтап қала алмайды. Бұл тек уақытша. Ибн Халдунның мемлекет дамуының 5 кезеңінде ол билікке өз алдында тұрған қарсыластарын жеңген адам келуі әсерінен биліктің ақырын құлдырауына әкеледі деген. Яғни, ол өз қасына мықты деген серіктес, көмекші тапқанымен олардың айтқаны бойынша жүруден бас тартып, оларды биліктен алшақтатырады. Себебі ол билікке тек өзінің лайық деп санауы мүмкін. Бастапқы кезде ол мемлекет үшін бәрін жасайды, кейін өзіне халық арасында белгілі бір атақ жинай бастағаннан соң, ол өз мүддесінің жоғары екенің түсініп, заңды өзіне ыңғайлы етіп өзгерте бастайды. Бұл халықтың кедейленуіне, әлсіреуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Себебі салық, қатаң заң жүйесі оның ішінде: күш көрсету, зорлық-зомбылық және тағы басқалар қоғамға оң әсерін емес теріс әсер береді. Халық оған наразылығын көрсете бастаса да, ол биліктен кетпеуге тырысатын болады. Себебі ол өзіне қолайлы орын жасап алды, оған биліктен кететін себеп жоқ деп ойлайды. Наразы болғандарды ол жазалап, ары қарай билігін жалғастыра беретін болады. Осылардың әсері мемлекеттің құлдырауына әкеп соқтырады.
Ибн Халдун зерттеуінде тағы бір сұрақ туындайды ол: Егерде әр мемлекеттің көлемінің ерекшелігі неде? Егер табиғаттағы барлық элементтер бірдей мөлшерде және бірдей күште болса, олардың ешқайсысы жойылған жоқ болса. Басқаларына қарағанда үлкенірек немесе кішірек, күшті немесе әлсіз адамда араласу, жаратылыс немесе уылдырық болмайды. Егер барлық адамдар ынтымақтастыққа деген ұмтылыс пен қажеттілікті бірдей бөліссе, онда адамның қоғамдық ұйымдарында байқалған нәтиженің сапасы мен мөлшерінде ешқандай айырмашылық болмас еді. Мұндай айырмашылықты тудыратын қандай да бір фактор болуы керек, адамдарды ынтымақтастыққа итермелейтін кейбір катализатор, ол басқаларға қарағанда кейбір адамдар арасында кең ауқымда бар. Тек осылай ғана ірі мемлекеттер пайда болуы мүмкін. Осы факторды Ибн Халдун "асабия - топтық сезім"деп атады. Бұл термин бастапқыда "жолдастарыңызбен, серіктестеріңізбен ортақ бизнес жасау" дегенді білдіреді. Алайда, Ибн Халдунның санасында бұл термин "isdbah","usbah" жалпы мағынада алғанда "топ" дегенді білдіреді. Адам өзін ең тығыз байланысты сезінетін топ, ең алдымен, бұл оның туыстарына, онымен ортақ нәрсе бар адамдарға қатысты. Бірақ сезім мен көңіл - күй ретінде асабияны бір-бірімен қандас емес, бірақ топ мүшелері ретінде ұзақ және тығыз байланыста болатын адамдармен байланыстыруға болады.
Ибн Халдунның бұл терминді қолдануы ерекше назар аударуға тұрарлық, өйткені ол мұсылман әдебиетінде басқа мағынада кеңінен қолданылған. Ислам жалпы "асабияны" жанның сапасы мен күйі ретінде айыптайды. Дәстүр бойынша, бұл әділеттілік қағидатын бұза отырып, басқа адамдардың пікірін ескермей, "біржақтылық" немесе одан да көп, өз тобын соқыр қолдау дегенді білдіреді. 'Асабия-пұтқа табынушылық, исламға дейінгі менталитеттің өмір сүру тәсілі. Ибн Халдун, әрине, бұл әдеттегі қолдану туралы толық хабардар болды. Ол пұтқа табынушы асабия - табиғи асабия арасындағы айырмашылықты жасамайды, яғни ол кез-келген адам тіршілігінен бөлінбейді. Соңғысы - адамның ағасы немесе көршісі үшін олардың біреуі әділетсіз қаралғанда немесе өлтірілгенде сезінетін сүйіспеншілігі. Мұны ештеңе алып тастай алмайды. Мұсылман діни заңдары бойынша бұған тыйым салынбайды. Керісінше, бұл адам өмірінде қажет және пайдалы және жиһад пен Ислам идеологиясымен байланысты. Асабияны патриотизм сияқты мақтауға тұрарлық эмоцияларға да қолдануға болады, бұл жағдайда асабия дінге де, дүниелік жағдайға да зиянсыз. Алайда, асабия - бұл бір топтың екіншісінен артықшылығы; ол сондай-ақ осы топтағы көшбасшылықты анықтайды. Бір немесе бірнеше топтардың ішіндегі жетекші немесе басқарушы элемент-бұл адам немесе көбінесе отбасы, бір қанның адамдары, туыстық оларға ең күшті және табиғи нәрсе береді - қалған асабияларды бақылауға алу. Бірде-бір топ өздерінің үстемдігін сақтай алмайды, бірде-бір көшбасшы бұрынғы асабия оларды қолдау үшін болмаған кезде қоғамдағы үстем жағдайын сақтай алмайды. Бақылайтын көшбасшы асабия әулетті құруда және өзі үшін де, отбасы үшін де "патша билігін" жеңуде жеткілікті дәрежеде жетістікке жете алады.
Ибн Халдунның сөздігінде әулет және мемлекет сөздері бірдей. Ибн Халдунның тарихқа деген көзқарасы оның бәрі корольдік билікке тәуелді әлемге сәйкес келді, мемлекет абстрактілі тұжырымдамасына орын жоқ. Мемлекет тек бірігіп, оны топ, яғни әулет басқаратындықтан ғана өмір сүреді. Әулет жоғалып кеткенде, онымен бірдей мемлекет те жоғалады [10, с. 97]
Ибн Халдун адамзат қауымдастығының екі түрін анықтады: әлеуметтік қауымдастықтың екі түрі бар -- ауылдық (Умран Бадави) және қалалық (умран хадари), олар еңбек жолдарымен және қоғамдағы тұлғааралық қатынастардың әртүрлі түрлерімен ерекшеленеді. Умран терминімен Ибн Халдун бірқатар әлеуметтік, экономикалық және демографиялық ұғымдардың жиынтығын түсінеді. Еңбек бөлінісі - бірігудің ең алғашқы факторы; бірлесуге деген басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философиялық көзқарастары
ИСЛАМ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСТАУЛАРЫ
Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Ұлы ғалымның өмірі мен ғылыми ортасы (Әл-Фараби)
Мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Діни-этикалық құндылықтар және исламдық қаржы жүйесі
Мұсылман тарихнамасының алғашқы дәуірі
Ежелгі Шығыстағы саяси және құқықтық ойлар
АЛТЫН ОРДА ТАРИХЫНЫҢ ИДЕОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ
Пәндер