Тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ поэзиясындағы отаншылдық рухтың жырлануы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

І. ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ЛИРИКАНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  1. Тәуелсіздік төріндегі лирика . . . 5
  2. Тәуелсіздік дәуіріндегі лириканың зерттелуі . . . 16

ІІ. ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІНДЕГІ ОТАНШЫЛДЫҚТЫҢ ЖЫРЛАНУЫ

2. 1. Тәуелсіздік кезеңдегі отаншылдық рухтың жырлануы . . . 22

2. 2. Тәуелсіздік кезеңдегі отаншылдық лириканың бейнелілігі . . . 35

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адам баласы жаралғалы бері өзінің бас еркіндігін, елінің тәуелсіздігі үшін жан аямай күресіп келеді. Бұл құбылыс тоқтаған емес. Қай халық болмасын армандады, елден шыққан ерлер халқы үшін аянбай күресті. Әр кезеңде халық арасынан шыққан қайраткерлер де, елінің азаттығын үндеген ақындары да, шығармаларына арқау еткен жазушылары да болды. Өнер адамдары тек қаламымен жауға қарсы шығып отырды.

Азаттықты аңсау мен оған жету жолындағы қоғамдық күрестер мен олар туындатқан тарихи оқиғалар - бүгінгі егеменді еліміздің қара шаңырағының рухани уығының бір парасы болатын поэзиялық шығармалардың даму, қалыптасу, өрлеу жолдарына әсері бар ма және тәуелсіздік ақындар шығармашылығына қандай өзгерістер мен ерекшеліктер алып келді, соны зерделеу бүгінгі ұрпақтың еншісінде.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Поэзияның дамуы қоғамдық ой-сананың дамуынан тысқары қала алмайды. Тiптi, поэзиялық шығармаларды тану, түсiну, түйсiну, қабылдаудың да қоғамдық жағдайға, идеологиялық ықпалға қатысты болатынын ұмытпауымыз керек. Академик Серiк Қирабаев: “Тәуелсiздiк бiздiң ұлттық идеологиямыздың негiзi болуы керек”- деген ойды ортаға тастағанда, ең алдымен, бiздiң рухани, мәдени, тарихи, саяси, экономикалық, т. б. құндылықтарымыздың бәрi тәуелсiздiктiң арқасында бағалы, ендеше соның бәрi ұлттық тәуелсiздiгiмiзге қызмет етуге тиiс деген тұжырым жасаған. Дипломдық жұмыстың өзектілігін тәуелсіздік жылдарындағы поэзиялық туындыларды жан-жақты талдап қарастырылуымен сипаттап көрсетуге болады.

Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі. Қазақ әдебиеті ғылымында қазақ өлеңінің көркемдік деңгейі мен жанрлық тұтастығы мәселесі әдебиет зерттеушілерінің зерттеу нысанына айналып келеді. А. Байтұрсынов [1], Қ. Жұмалиев [2], Е. Ысмайылов [3], Б. Кежебаев [4], З. Ахметов [5], З. Қабдолов, С. Қирабаев [6], С. Қасқабасов, Ш. Елеукенов, Н. Келімбетов [7], Р. Нұрғали, Б. Майтанов, А. Ісмақова жанрлық теорияның бірнеше ерекше тәселдерін түзуге мүмкіндік берді.

Тәуелсіздік жылдарындағы поэзиялық шығармалардың дамуына қатысты Ә. Қайырбеков [8], С. Ержанова [9] кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалғаны белгілі.

Дипломдық жұмыстың міндеті мен мақсаты .

- қазақ әдебиет тәуелсіздік идеясынының поэзиялық шығармаларда көрінуіне, оның тарихи дамуын және азаттық таңымен олардың тарихи сабақтастығын қарастыру;

- қазақ поэзиясының көркемдік жүйесін поэтикалық мәтін арқылы талдау негізінде тілдік заңдылықтарға сүйене отырып, әрбір сөз бөлшектерінің қуаты, кескіндемелік өрнегі анықталады;

- тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ поэзиясындағы отаншылдық рухтың жырлануын, көркемдік ізденістерін қарастыру;

- тәуелсіздік жылдарындағы отаншылдық рухты жырлаудағы өлеңдердің құрылысын жаңаша қырынан көрсету;

Зерттеу нысаны. Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны болып Рафаэль (Рәпілбек) Ниязбек, Темірхан Медетбек, Нұрлан Оразалин, Қуандық Шолақ, Несіпбек Айтұлы, Есенғали Раушанов, Иран-Ғайып, Ақселеу Сейдімбек, Дәулетбек Байтұрсынұлы, Серік Қалиев, Нұрперзент Домбайұлы, Оразалы Досбосынов өлеңдері алынды.

Зерттеу жұмысының ғылыми, теориялық, әдіснамалық негіздері. Дипломдық жұмысты жазуда қазақ әдебиеттану ғылымының белді өкілдері Б. Кенжебаевтың, дипломдық жұмысты жазуда қазақ әдебиеттану ғылымының басты өкілдері А. Байтұрсынов, З. Ахметов, Б. Кенжебаев, Ә. Қайырбекова, С. Ержанова, еңбектері негізге алынды.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Дипломдық жұмыста салыстырмалы-тарихи, салыстырмалы-фактологиялық, мәтіндік талдау, салыстыру әдістері қолданылады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Жоба кіріспеден, негізгі бөлім, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ЛИРИКАНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1 Тәуелсіздік төріндегі лирика

Елiмiз тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi алғашқы онжылдықта (1991-2001) жарық көрген: 1991 жылы - А. Бөкеновтiң “Салбуырын”, Е. Раушановтың “Ғайша-Бибi”, 1992 жылы - М. Айтхожинаның “Жапырақ сiлкiнген кеш”, Т. Тұяқбаевтың “Жан дауысы”, Б. Үсеновтiң “Табиғат терезесi”, С. Нұржановтың “Аруана”, Г. Шәмшиеваның “Қаракөз дәурен”; 1993 жылы - Т. Әбдiкәкiмовтiң “Ақшам хаттары”, Г. Өмiрзақованың “Жапырақ-ғұмыр”; 1994 жылы - С. Сейiтовтiң “Серпер”, Ә. Қайранның “Мазасыз әлем”; 1995 жылы - Х. Ерғалидың “Сонеттер”, Ә. Сәрсенбайұлының “Ғасыр мен ғасыр беттесе”, Қ. Шаңғытбаевтың “Махаббат пен ғадауат”, Қ. Бұғыбаеваның “Қоштасқым келмейдi”, Е. Раушановтың “Қара бауыр қасқалдақ”, Н. Мәукенұлының “Бойтұмар”, А. Шәрiповтiң “Құбыла”, Қ. Исаның “Керiмсал”, Г. Салықбаеваның “Жан”, А. Әлiмғазыұлының “Жаралы Желтоқсан”; 1996 жылы - Ө. Нұрғалиевтiң “Афина мектебi”, А. Егеубайдың “Аламан”, К. Ахметованың “Күн шыққанда күлiп оян”, Иран-Ғайыптың “Жыр әлемi”, “Қорқыттың көрi” (2001), Ж. Бөдешұлының “Жұлдызға орнын Ай бермес”, М. Ақдәулетұлының “Дәруiшнама”, А. Әлiмнiң “Ай нұры алақанымда”, Ғ. Жайлыбайдың “Жүрегiмнiң жұлдызы”, Ә. Ыбырайымұлының “Пiр мен пырақ”, Б. Жетекбайдың “Күндiз аққан жұлдыздар”, Т. Молдағалиевтiң “Жаз да өтiп барады”; “Бiр асудан асқанда”, “Ұзара бер, ұлы жол” (1997), “Сағындырған көктемдер” (2001), С. Жұбаниязовтың “Жасыл әлем”; 1997 жылы - Қ. Мырза Әлидiң “Заман-ай!”, “Алаштың арманы” (2001), С. Дәуiтұлының “Сарыбел сазы”, А. Шаяхметтiң “Жұлдызды дәуiр”, Т. Рақымның “Дүлдүл көңiл”, Н. Оразалиннiң “Құралайдың салқыны”, “Ғасырмен қоштасу” (2001) ; А. Сейтақтың “Ғұмырнама”, А. Жылқышиевтiң “Таң самалы”, Б. Телтаевтың “Өлеңбаян”; 1998 жылы - Т. Жанғалиевтiң “Жұмаққа бiздер бармаймыз”, О. Тұржанованың “Шерқала”, Ә. Қайырбековтiң “Шер шертер”, М. Әкiмхановтың “Жалғыз арша”, Ж. Дәрiбаеваның “Бiздiң жақтың аспаны”, Н. Исабаевтың “Қимаймын сенi”; 1999 жылы - Т. Медетбектiң “Тағдырлы жылдар жырлары”, С. Тұрғынбекұлының “Жерорта”, Қ. Ахметовтың “Қос арна”, Е. Асқаровтың “Астана жұртын айналсам”, Д. Стамбекұлының “Жұмағым мен тамұғым”, Қ. Шолақтың “Көксеңгiр”; 2000 жылы - Т. Әбдiрахманқызының “Замана сазы”, К. Салықовтың “Сәбит аға”, “Түркiстанға тағзым”, М. Шахановтың “Жаңа қазақтар”, Е. Әукебаевтың “Күн мен көлеңке”, Н. Айтұлының “Рухымның падишасы”, С. Ақсұңқарұлының “Адам ата - һауа ана”, Ұ. Есдәулеттiң “Киiз кiтап”, О. Асқардың “Орбұлақ”, Қ. Әлiмқұловтың “Жан тұңғиығындағы жауһарлар”; 2001 жылы - Д. Әбiловтiң “Жолаушы өмiр”, М. Рәштiң “Киелi домбыра”, А. Шамкеновтiң “Ортақ үй”, М. Айтхожаның “Аңсау”, Т. Қажыбаевтың “Жетi желi”, А. Бақтыгерееваның “Ақ шағала”, Ә. Рахымбекұлының “Айдынынан айрылған, Аралым-ай!”, С. Адайдың “Әр қазақ - менiң жалғызым”, Т. Әбдiкәкiмовтiң “Ырауан”, И. Сапарбайдың “Махаббат пен ғадауат”, М. Қайыңбаевтың “Жарғақтағы жазбалар”, Б. Бекетованың “Көлбастау”, К. Құмарұлының “Кәрiбоз”, Қ. Жұмағалиевтiң “Күншуақ”, М. Бектемiрованың “Еңлiкгүл”, Ж. Әскербекқызының “Қаракөз - бұлақ”, т. б. жыр жинақтары шыққан.

Тоқсаныншы жылдардың орта тұсына дейiн жарық көрген көптеген жыр кiтаптары елiмiз егемендiк алғанға дейiнгi дәуiрде жазылған өлеңдердi құрайды. Яғни, бiрен-саран туындылар болмаса, негiзiнен, өткен кезеңнiң жемiстерi. Оның себебiн ақындық дауыстың тоқсаныншы жылдардың басында өте бәсең естiлуiнен, рухани дағдарыстың салдарынан, кiтап шығару iсiнiң тоқырауынан, т. б. iздестiрген жөн шығар. Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарында қазақ поэзиясы да дағдарысты кезеңдi бастан өткердi.

Қазіргі қазақ поэзиясы - бұған дейінгі талай мыңжылдықтар белестерінен көркемдік-эстетикалық шыңдалу, толысу сапаларымен кемелденген рухани құндылық көрсеткіші. Лирикалық, эпикалық жанрлардағы шығармалардың поэтикалық мазмұны мен пішіні жүйесіндегі уақыт пен кеңістік сабақтастығы ұлағатын танытатын ғарыштық-ғаламдық қозғалыстар әлеміндегі құбылыстар, қасиеттер көркем шындық жинақтауларымен жырлануда. Әлем әдебиетінің көрнекті арнасы болып саналатын қазақ сөз өнері шығармаларының ұлттық топырақтан өсіп-өнген көркемдік ойлау өрнектері жалпыадамзаттық гуманистік, адамгершілік ұлағаты биіктігі деңгейінде танылуда.

Қазіргі қазақ поэзиясы - ХХ ғасырдың 90-жылдары мен ХХІ ғасырдың 2000-2011 жылдары арасындағы тәуелсіз Қазақстанның жаңа әдебиетіндегі негізгі салалардың бірі. Ежелгі замандардан қазіргі кезеңге дейінгі ұлттық сөз өнері дамуының негізін құраушы - қалыптастырушысы, көркемдік дәстүрдің ықпалды арнасы болып келе жатқан қазақ поэзиясының тәуелсіздік жылдарындағы жаңаша серпінмен түлей өркендеуі де айқын байқалуда.

Лирика - ежелден зерттеушілердің назарын өзіне аударып келген әдебиет жанрының бір түрі. Сондықтан болар, поэзия туралы зерттеулер әлі толастаған емес. Адам мен табиғаттың арасындағы байланыс, одан адам мінезін көру, сұлулықты сезіну табиғат бойынан орын алады. Әдебиет арқауында табиғатты суреттеу адам өмір сүрген уақытқа дейін тоқталмақ емес.

Қазақстан тәуелсiздiгiнiң онжылдығына орай “Отырар кiтапханасы” сериясы бойынша 2001 жылы республика баспаларынан бiрнеше жыр кiтаптары жарық көрдi. Бұлар: Д. Қанатбаевтың “Жатаған ымырт, биiк таң”, К. Ахметованың “Тәуелсiздiк сөзi”, Н. Бәдiғұлдың “Сыбаға”, Ә. Дастанұлының “Мың сөз”, Қ. Күзембаевтың “Наз бен нала”, Қ. Жылқышиевтiң “Асаукер”, Т. Сарыбайұлының “Дария - дәурен”, Б. Серiкбайұлы Қошым-Ноғайдың “Сам жамыраған шақ”, Қ. Бегмановтың “Сағыныш”, Ғ. Жайлыбайдың “Құсқанаты”, Б. Жақыптың “Қолтаңба”, Е. Жақыпбековтың “Аяулым”, Ш. Жұбатованың “Гүлдегенде алма ағашы”, О. Асқардың “Тәуелсiздiк тартулары”, Б. Үсеновтың “Маңдайыма жазылған мәңгiлiгiм”, Қ. Жұмаханұлының “Жүрек әнi”, Г. Салықбаеваның “Аспандағы аңсарым”, Ш. Әбдiкәрiмовтың “Байқоңыр”, Р. Ниязбековтың “Тыңда менi, замана!”, С. Мұқтарұлының “Қарашаңырақ”, Қ. Iлиясұлының “Тас жарған”, Ғ. Жандыбайдың “Ақ теңiз”, Т. Оразбайқызының “Ғашық едiм”, К. Қанапияұлының “Сарыала қаз - сағыныш”, сондай-ақ әдебиетке тәуелсiздiк жылдары келiп қосылған жаңа есiмдер, жас толқындар - Ж. Сәрсектiң “Жүрегiмнiң iшiндегi жүрегiм”, Е. Алаштуғанның “Тақсыр күн”, Ж. Әшiмжанның “Тұңғиық”, С. Қамшыгердiң “Сәйгүлiк”, А. Исадiлдiң “Жолдар, жолдар”, Г. Ибашеваның “Өмiр құйын”, А. Шегебайдың “Алакеуiм”, Б. Айтболатұлының “Көзмоншақ”, А. Ақын-Бабақызының “Мен - Алтайдан ұшқан Ақсұңқар”, Ж. Әскербекқызының “Қаңтардағы қызыл гүл”, Б. Бабажанұлының “Көкемарал”, Д. Берiкқажыұлының “Қынаптан шыққан қылыш”, Ә. Балқыбектiң “Сынған сәуленiң сынығы”, Б. Алдияровтың “Қазығұрт”, М. Ершутегiнiң “Жапырақ ғұмыр”, Т. Толқынқызының “Бiз - таулықпыз”, Н. Бердалының “Жаңбырлы түн”, А. Шамшадинованың “Жанар”, Б. Халиолланың “Жұмбақ қыздың жанары”, Р. Есдәулеттiң “Бөрiнама”, Р. Сейiлханованың “Мендегi бiр әлем”, Т. Қамзиннiң “Аспан” атты т. б. жыр жинақтары қазақ поэзиясының арнасы ортая бастаған дариясын толтыруға қосылған үлес болды. Әрине, бұл жыр жинақтарының әрқайсысының арқалаған жүгi, айтар сөзi, уәделi қадамдары бар. 2000 жылы “Өлке” баспасынан “Жас ақындар жырларының антологиясы” шықты. Әсiресе, жас толқынның қазақ поэзиясына мол қуатпен, үлкен үрдiспен келiп қосылғаны қуантады.

Әдеби онжылдықта қазақ әдебиетінiң дәстүрлi жанры поэзияда ұлттық үн мен азаматтық әуен жоғары деңгейге көтерiлдi. Барлық уақыт қабаттарына барлау жасау, поэтикалық қиялдың ауқымдылығы, лирикалық баяндаушылық, публицистиалық. және сыншылдық көңiл-күйдiң байлығы, суреттеу тәсiлдерi мен құралдарындағы батыл iзденiстер осы жылдар поэзиясына тән болды. Мүшайра, айтыс, әдеби-поэтик. байқаулар шығарм. iзденiстердiң молаюына түрткi болды. Қазақ әдебиеті өзiнiң бүкiл даму барысында күрделi де қайшылықты жолдардан өттi. Бүгiнгi қазақ ұлттық әдебиетi өсiп-өркендеген көп салалы, көп жанрлы, көрнектi авторлары бар, әлемдiк әдебиет деңгейiне көтерiлдi.

Бүгiнгi қазақ поэзиясының жағдайына келсек, бiреулер «ақын көп, өлең жоқ» деп оқырмандарды адастырып жүргенi болмаса, қазақтың қара өлеңiнiң шекпенiнен шыққан бүгiнгi қазақ поэзиясы әлi өз биiгiнде тұр. Шын мәнiнде, өрлеу үстiнде, стильдiк көркемдiк, тақырыптық, тiлдiк, шеберлiк тұрғыдан түлеу үстiнде. Тiптi қазiргi қазақ поэзиясы әлемдегi шоқтығы биiк поэзияның бiрi дер едiм. Шетелдiк поэзияның кез келгенiмен иық тiрестiре алатындай дәрежеде деп айта аламын.

Поэзияның дамуы қоғамық ой-сананың дамуынан тысқары қала алмайды. Тіпті поэзиялық шығармаларды тану, түсіну, қабылдаудың да қоғамдық жағдайға, идеологиялық ықпалға қатысты болатынын ұмытпауымыз керек. Академик С. Қирабаев: «Тәуелсіздік біздің ұлттық идеологиямыздың негізі болуы керек» деген ойды ортаға тастағанда, ең алдымен, біздің рухани, мәдени, тарихи, саяси, экономикалық т. б. құндылықтарымыздың бәрі тәуелсіздіктің арқасында бағалы, ендеше соның бәрі ұлттық тәуелсіздігіме қызмет етуі тиіс деген тұжырым жасаған.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі он жылда алдыңғы буын ақындардан Ә. Тәжібаев, Х. Ерғалиев, Д. Әбілев, С. Сейітов, Т. Әбдірахманқызы, Ә. Сәрсенбайұлы, Ғ. Қайырбеков, Қ. Шаңғытбаев, Ш. Әбенұлы, К. Салықов, Е. Әукебаев, Қ. Мырза-Әли, Т. Молдағалиев, Ө. Нұрғалиев, С. Иманасов, М. Айтхожа, О. Асқар, А. Бақтыгереева, Д. Қанатбаев, Е. Дүйсенбай, М. Шаханов тағы басқа ақындар жаңа өлең, жаңа жыр жинақтарымен көрінгені, орта буын ақындар арасынан Н. Оразалин, Т. Медетбек, Иран-ғайып, К. Ахметова, И. Сапарбай, Қ. Бұғыбаева, А. Егеубай, Н. Айтұлы, С. Тұрғынбекұлы, А. Әлім, С. Ақсұңқарұлы, Ұ. Есдәулет, Е. Раушанов, С. Адай, Г. Салықбаева т. б. жыр жинақтарымен қатар жаңа өлеңдері де жарияланды. Алғашқы он жылда түрлі баспалардан әр түрлі ақындардың жүзден аса кітаптары жарық көрсе, соңғы он жылда бұл көрсеткіш үш есеге өскен.

Қазақ әдебиетi - бай, алып қазына. Үлкен руханият. Кең байтақ даласындай үлкен көш. Бұл көштiң басында сонау ықылымдардан сыр тартатын, «күлдiр-күлдiр кiсiнетiп күрең мiнген» жыраулар поэзиясының өкiлдерi тұратын болса, одан бермен қарай жалғасатын сөз зергерлерiнiң саны көптiгiндей, олар тудырған iнжу-маржандар да сондай көп. Осынау қазыналы көштiң бел ортасында қазақ әдебиетiне өткен ғасырдың алпысыншы, жетпiсiншi жылдары келген үркердей бiр топ бар десек, сол шоқжұлдыздай есiмдердiң қатарында Нұрлан Оразалин ерекше айтылады. Нұрлан Оразалин қазақ поэзиясына өз жаңалығымен, өз даусымен келген ақын.

Өмiрге деген шексiз сүйiспеншiлiк жырлары, әсiресе, Табиғат-Анамен астасып өрiлгенде, оқырман ерiксiз терең сезiмдерге бөленедi. Оқырман өз жастық шағының тәттi бiр қиял кезеңдерiмен табысқандай болады. Олай дейтiнiмiз, Нұрлан Оразалиннiң iшкi иiрiмi терең өлеңдерi зулатып оқып өте шыққанға көнбейдi. Керенау оқырманға iшiн ашпайды. Керi үтiр, нүктелерiне дейiн мән берiп шөкпей, «етегi-елпi, жеңi-желпi» малай жүрiске салып өте шығатын, мүмкiндiгi тапшы оқушыға тiптi алаң-құлаң ақындардың өзiне игертпейдi, игерiлмейдi. Салалас ойлар сынығы кейiнгi жолдарда күтiп жатады. Мәселен, өлең жазар, шабыт шақырар бiр тұстағы қосастар ойға құрылған өлеңiнде:

Шақырар менi

көгiлдiр көктем - бүршiк тал,

қыздардың оттай жанары;

мөлдiрiмдi менiң,

ылайлап кеткен «қырсықтар».

Керiм бiр кезде,

көрiнбей көзге қалады, -

деп ойын, сезiмiн өлеңмен өрнектейдi.

Бұл шындық па . . . Күрес пе?

Елес пе?

Ғасырлар, дәуiрлер iздеген,

Сеземiн, мәңгiлiк - егесте,

Сапары бiтпейтiн бiзбенен!

Бұл өлеңнiң дүние бiтпей - бiтпейтiн, жаны сiрi жаралған жамандық атаулы жақсылықтан қалыспай, кейде алдыда, кейде iле-шала iз бағып ұрпақтан-ұрпаққа мәңгiлiк жалғасып, қалып отыратыны кiмнiң де болса көкей қылын дөп басып тұр. Қадыр Мырзалиев поэзиясы бұл дәуірде айрықша толығып, оның аты таңдаулы қазақ ақындарының қатарына кірді. «Ақ отау», «Күміс қоңырау», «Домбыра», «Көш» т. б. жыр жинақтары ақынның өлеңді тақырыптап, қазақ өмірінің әрқилы сырына ой жібергенін көрсетеді. Оның жырлары өмір жайлы толғаныстардан тұрады.

Адам күліп тумайды, туа сала күлмеді,

Үйренеді күлуді, бірақ күліп өлмейді.

Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып.

Және жылап туады, өзгені де жылатып.

Қадыр Мырзалиевтің бүкіл шығармашылық әлемінің тапжылмас темірқазығы - табиғат пен адам, қазақ жүртының бітім-болмысы, тарихы мен тағылымы, бары мен жоғы, бүгіні мен ертеңі. Осы тұрғыдан алып қарағанда, ұлттық мінез, ұлттық дәстүр, жол-жоралғы, бір сөзбен айтқанда, ең бір етене нақыштары, қолтаңбалық ерекшеліктері екенін қалың оқырман әлдеқашан аңғарған, мойындаған. Сондықтан да, ақынның өлең өлкесіндегі барша тапқан-таянғанының, табыс-олжасының алуан ажарлы, сан салалы екенін көре-біле тұра, оны, ең алдымен, ұлттық сананың, халықтық болмыстың суреткері дейміз.

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді.

Дарқандықты қазаққ дала берген секілді.

Кең тынысты тынымсыз желден алған секілді.

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.

Қасарысқан ерлікті шыңнан алған секілді.

Көшіп-қону дегенді қүмнан алған секілді.

Мыңқ етпейтін мінезде жоннан алған секілді.

Түнеруді түнжырап түннен алған секілді.

Мейірімді күлкіні күннен алған секілді.

Тұманбай жырлары бұл жылдары ойлы тартып, ақындық борыш, жауапкершілік жайлы толғаныстың бай үлгісін көрсетті. Өзі өткен жолға бұрылып, ақын артына, алдына қарайды. Махаббаттың, жастықтың айтулы жыршысы уақыттың ырқына көне алмай, «Балалықтың аулына мені қайтар» деп бұлқынады. Тұманбайдың Абаймен сырласуы да даналыққа, салмақты ойшылдыққа бет бұрғанның белгісі.

Жұмекен - қазақ поэзиясында өзіндік әлемі бар ақын. Оның «Жарық пен жылу», «Шуақ», «Темірқазық» атты жыр кітаптары әлі де оқырманын табары сөзсіз.

Н. Бегалыұлы лирикасында туған жердің «көк белі», «найзағайлы аспаны», «сәби гүлі», «қоңыр самалы» әсем әуез, жатық ұйқаспен көркем кестеленген. Әрбір өлең жолдарындағы көркем, дәл әрі ықшам сараланған сөз шеберлігі жан тебірентерлік лирикалы сезімімен “тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп”, тыңдарманның құлақ құрышын қандырады, терең эстетикалық ләззат сыйлайды. Туған топыраққа қазақы қадір - қасиетпен тәу етіп, сөз сәулесімен үздік оқырман мойындарлықтай образ жасау ақын шеберлігіне тән. Ақын жанының тазалығы, тіл үйірімі, ой иірімі, сезім сұлулығы жолындағы ерлікке барабар еңбегі, табиғатқа іңкәрлігі, ботагөз бұлақтай болмысы - ақындық шеберлігі. 1974 жылы жарық көрген «Шаттық күйі» атты тұңғыш жинағынан бері қазіргі таңға дейін шығармаларының шұрайлы дегендерінің табиғатқа арналуы да ақынға тән ерекшелік деп танимыз.

Өзіңдей сән өлкені ән ертеңі,

Жазуға аз екен ғой теңеу тегі.

Әуезі бозторғайдың тербетеді,

Жантақты саялаған көлеңкені,

Сенбісің жанымдағы жаңа ертегі?!

Қазіргі қазақ поэзиясын өзінің әсем де әсерлі жырларымен байытып жүрген ақындардың бірі - Фариза Оңғарсынова. Оның табиғат тақырыбындағы жырлары туған жер көрінісін, тәулік, жыл мезгілдерін, табиғат сұлулығын, теңізі мен бұлағын т. б. суреттеуге арналған. Мысалы, ақынның «Жайлау таңы» өлеңінде лирикалық кейіпкермен бірге оқырман да көрініс зейнеттілігіне сүйсінеді.

Фариза Оңғарсынова мен Күләш Ахметова - талантты ақын апаларымыз. Фариза ақынның ойшылдығы, көңіл-күйіне бөленген толғанысы әдемі, онда өмірді жалаң мадақтау жоқ, өмірдің азапты сырын түсінген адамның мұңды әсері бар. Оның жырларын оқи отырып, уақыт, заман жүгін арқалаған адамның ауыр сезімін, кеше Абайды күйзелткен ортаның түгелдей өзгеріп кетпегенін көресің.

Көп адамға көктем де, қыс та арайлы,

Ал мен үшін алтын да мыс талайғы.

Жай құбылыс секілді құшсам Айды

Бақытым да әйтеуір басқалардың

бағына ұқсамайды.

Бұдан біз ақындық тағдырдың ғажап қиындығын, оның қоғам алдындағы ауыр жауапкршілігін көреміз. «Тіл өнері дертпен тең» деген Абай сөзі - Фаризаның ақындық кредосы.

Күләш Ахметова жырларында лиризм, сезімталдық, нәзік мінезділік байқалады. Исраил ақын жырларына да бұл қасиеттер тән.

Ой-сананың дүр сiлкiнiп, оянған, жаңа серпiн тапқан тұсы елiмiздiң тәуелсiздiк алуымен байланысты. Т. Медетбектiң “Тәуелсiзбiн” атты өлеңiндегi жоғары пафосты, шерлi сазды, сергек үндi бiр-бiрiнен ажыратпай, тұтас қабылдау керек. Ақын қуанып отырып - мұңаяды, мұңая бере - қайраттанады.

Тәуелсiзбiн! -

Танып тұрмын өзiмдi.

Ұшырамын қанат байлап сезiмдi.

Ешкiм ендi көкiрегiмнен итерiп,

ешкiм ендi шұқымайды көзiмдi. [10, 18]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар шығармашылығындағы тарихи мәселелер
Отаншылдық дәстүрдің қалыптасуы мен дамуы
Қазақ поэзиясындағы Абай бейнесі
Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі
ЖҰМЕКЕН НӘЖІМЕДЕНОВ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК СИПАТЫ
Мағжан өлеңдерінің өрнегі
Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұйқас тәсілдері
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Тарихи әңгімелер арқылы елжандылыққа тәрбиелеу
Нар заман мен зар заман поэзиясында тарихи оқиғалардың көрініс беруі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz