Ғылыми әдебиет


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Ғылыми әдебиетпен жұмыс жасау

Эссе

Жоспар:

I Кіріспе

Ғылыми әдебиетпен жұмыс

II Негізгі бөлім

1) Әдеби коздердін библиографиялык, деректері.

2) Ғылыми матін.

III Қорытынды

Ғылыми әдебиет

«Сөз әдебиеттің құрылыс материалы»

К. Федин

Жұмыстың бұл кезеңінің мақсаты оқушылардың бойында тақырып бойынша әдебиеттерді таңдай білуді, библиографиялық тізімді сауатты құра білуді қалыптастыру. Осы жұмысты орындаған кезде келесі тақырыптар ескерілу керек:

1. Библиографиялық тізімде өзіне тән ең кем дегенде 15 түрлі жұмыс болу керек, олардың қатарында монографиялар, жинақ мақалалары және әртүрлі ғылыми журналдар, диссертациялық авторефераттар, арнайы зерттеулер мен басқа да жұмыстар болу керек.

Мәселелердің жаңашыл мен көкейкесті қағидалары- соңғы 3-5 жыл ішіндегі әдебиеттермен жиі жұмыс жасауды, ал мәселелердің жан- жақты және кешенді қарастыру қағидалары қазақстандық, ресейлік, әлемдік әдебиеттермен жұмыс жасау болжайды.

2. Тізімге енген барлық жұмыстар алфавиттік тәртіппен орындалу керек.

3. Тақырыпты сипаттау кезінде автордың тегі, аты- жөні, жұмыстың аты, шығу мәліметтері: шыққан жері, баспасы, жылы, бет саны көрсетілуі керек. Журнал мақалалары сипатталса, онда осы мақала жарияланған журнал атауы, шыққан жылы, нөмірі көрсетілу керек. Жинақ мақалаларын сипаттау кезінде жинақ атауынан кейін оның редакторының тегі келтіріледі.

Әдебиет көздерін сипаттау үлгілері:

1. Жексембекова В. Қазақстандағы этникалық қарым- қатынастар: прогресс үшін бірігу // Саясат, 2002, №11. 30-32 б.

2. Борисова Б. М. Даралық және кәсіп. - М: Білім, 1991. 116 б.

3. Қысқаша психологиялық сөздік. / ред. А. В. Петровский. Ростов Н/Д: «Феникс» баспасы, 1998. 81-82 б.

Интернеттен алынған мақалалар, дәйексөздер әдебиеттердің жалпы тізімдерінде төмендегідей көрсетіледі:

Авторы (егер көрсетілсе), мақала атауы, электрондық мекен- жайы, (интернеттегі сілтеме) .

Ғылыми жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме төртбұрышты жақша ішінде келтірілген әдебиеттердің нөмірін көрсете отырып беріледі. Нөмірлеу сілтемесі мәтінде келуіне байланысты рет- ретімен келу керек. Мысалы, «тәрбие әдістері . . . » [ 5 ] .

Ғылыми жобаның кіріспесін ресімдеу.

- Кіріспеде (кемінде 2 бет) : таңдалған зертеу тақырыптарының көкейкестілігі, мақсаты, тапсырмалары келтіріледі;

- Кіріспе жаңа беттен басталады, 3- ші бет болып нөмірленеді;

- Бет нөмірлері беттің төменгі бөлігінің, оң жағында көрсетіледі.

Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережесі.

- Мәтін компьютерде терілу керек.

- Сызық көлемдері: сол жақ-2, 5 см, оң жақ - 1 см, жоғары - 2 см, төменгі - 2 см.

- әріп- Times New Roman KZ Times New Roman 14 кегль;

- абзац болу керек;

- жол арақашықтығы- бірқатарлы;

- кіріспе, әр жаңа тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымша жаңа беттен басталады;

- тарау тармақшалары жаңа беттен басталмайды, бірінен кейін бір жазылады, олар аздаған арақашықтық арқылы ажыратылады;

- ғылыми жобаның әр бөлімнің атауы майлы әріптермен, ортаға жазылады. Тараулар мен тармақшаларды жазу кезінде міндетті түрде олардың нөмірі (1. 2., 1. 1., 1. 2. ) көрсетіледі.

- Ғылыми жобаны жазу кезінде беттердің нөмірленуі және жобаның жекелеген бөлімдерінің орналасу реттілігі сақталу керек,

- Мәтінде міндетті түрде пайдаланылатын әдебиеттерге сілтеме берілуі керек. (төртбұрышты жақшада) .

- Теориялық бөлімнің бет саны 20 беттен кем болмау керек;

- Қорытындыда (кемінде 1 бет) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалынған қорытындылар, жұмыс нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсатта пайдалану бойынша ұсынымдар болады;

- Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен келесі тәртіпте беріледі:

автордың тегі, аты- жөні,

мақала және журнал атауы(журнал мақалалары үшін),

журнал және кітап атауы

шыққан жері және баспасы (кітаптар үшін),

шыққан жылы, шығу нөмірі, беттері.

- әдебиеттер алфавиттік тәртіппен орналасады;

- қосымша (егер қажет болса) әдебиеттер тізімінен кейін орналасады және карталар, суреттер, сызбалар, кестелер, диаграммалар, мәлімет кестелері болуы мүмкін. Қосымшалар да мәтінде кездесуіне қарай орналасады және нөмірленеді.

Аннотацияның (абстрактының) жазылуы.

- Абстракт (аннотация) (кемінде 250 сөз) жобаның қысқаша мазмұнын көрсетеді және оған:

- зерттеу мақсаты, тапсырмалары;

- зерттеу объектісі, заты

- гипотезасы

- зерттеу кезеңдері, процедурасы;

- эксперимент әдісі;

- зерттеу жаңалығы және өз бетінше жұмыс істеу дәрежесі;

- жұмыс нәтижелері және қорытынды;

- нәтижелерді практика жүзінде пайдалану саласы кіреді.

Жетекшінің пікірі.

Әр жұмысқа жетекшінің пікірі берілу керек, онда таңдалған тақырыптың көкейкестілігі, автордың жұмысқа қосқан өз үлесі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерді одан әрі пайдаланудағы ұсынымдар көрсетіледі. Пікір ғылыми жетекшінің жеке қолымен расталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім мұрасы
Т.Жомартбаевтың публицистикалық шығармалары. Уәйіс Шондыбайұлы шығармашылығының зерттелуі. Қайым Мұхамедханұлының Абайтануға қосқан үлесі
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
Қазақ әдебиетін оқытуға байланысты методикалық проблемаларды зерттеу мәселесі
Әдебиет танытқыштың әлемдік әдебиеттану ғылым контексіндегі көрінісі
Қазақстан Республикасындағы көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы ақпараттық ресурстар
Әдебиет теориясы ұғымдарының жалпы сипаттамасы
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің тууы, даму тарихы мен кезеңдері. Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы. Қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдар
Абайдың қай тап ақыны екендігі
Д. Ысқақұлы әдебиет сыншысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz