Асан қайғының айтқандары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
А.Қ. ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі

Әлімбаев Аслан Есімханұлы
__________________
қолы аты-жөні
____________________20____ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Жұмыстың атауы Асанқайғының жерге айтқан сыны аңызы жұмыстың аты

Пәннің атауы Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
пәннің атауы

Білім беру бағдарламасы 6В01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы бойынша
білім беру бағдарламасының коды және атауы

Жетекші: Шормакова Айжан Ботановна
Орындаған : Русланқызы Фарида
3 курс

Астана 2023
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І-тарау.Асанқайғының жерге айтқан сыны аңызы ... ... ... ... ... ... ... .. ... .5
1.1.Асанқайғының жерге айтқан сыны аңызына қысқаша мазмұндама ... ... 5
1.2.Асан қайғының айтқандары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
ІІ-тарау.Асанқайғының жерге айтқан сыны аңызын оқытуды талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.1.Асан қайғының жерге айтқан сыны аңызындағы автор идеясына сараптама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2.Асанқайғының жерге айтқан сыны аңызын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... 19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі:Халықтың қамын, елінің болашағын ойлаған Асан қайғы "Жерұйықты" іздеу мәселесіне үлкен мән берген. "Жерұйық" дегеніміз қандай жер және бүгінгі заманда қазақ халқы өз жерұйығын тапты ма деген сауалдарға жауап іздеуде дала данышпанының рухани мұралары негіз етіп алынды.
Қазақ халқының басынан өткен тарихын зерттеуде, дүниетанымын, арман-тілегін тануда Асан туралы аңыздардың мәні зор.
Асанқайғының негізгі арманы-халыққа жайлы қоныс іздеу.Асанқайғы өз заманындағы қоғамдық өмірге үңіле қарап,халықтың ауыр азабын-аш-жалаңаштық,жұт,апат,өзара қырқысқан жаугершілік,әлеуметтік теңсіздікті көріп назаланады,қайғырады.Оның арман еткен Жерұйығы-суы сүт,топырағы май,тасы алтын,ағаш басы толған жеміс-жидек,жұрт қайғы-қасіреттен аулақ құтты қоныс,оған жеткен елді жау алмайды,онда ел аласы,ру таласы жоқ,"қой үстіне бозторғай жұмыртқалайды"деп санады.
Курстық жұмыстың мақсаты:Асанның жерге айтқан сындарын зерделеу
Асан қайғы жөніндегі аңыз- әңгімелер мен әр түрлі алуан деректерді біршама қалыпқа түсіріп, құнды пікірлер жазған академик- жазушы М. Әуезов болды. Бұл тарихта болған адам. Бірақ, тірлік еткен заманы Жәнібек ханның тұсы дегені болмаса, дәлді кім еді, қай ортадан шығып еді, қандайлық еңбек, әрекет етіп, қандай өмір шегіп өтіп еді. Бұл жайынан ешқайсынан дәл дерек жоқ. [4] Асан қайғының саяси іс-әрекеттері төңірегінде қалам тартқан академик Ә. Марғұлан болды. Ғылым, Асан қайғы деп аталуы - халықтың қамын көп ойланған екендігін айтады. Қазақстан тарихына арналған кейбір еңбектерде Асан қайғы ХV-ХVI ғ.ғ өмір сүрген.
Асан қайғы - ХIV ғасырдың екінші жартысы да Еділ бойында дүниеге келген ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап жүргендіктен, замандастары оны Асан атаны қайғы деген сөз қосып, Асан қайғы атап кеткен.
Зерттеу объектісі:Асанқайғының жерге айтқан сыны аңызын талдау
Зерттеу міндеттері:
1.Асанқайғының жерге айтқан сыны аңызына қысқаша мазмұндама
2.Асан қайғының айтқандары
3.Асанқайғының жерге айтқан сыны аңызын оқытуды талдау
4.Асан қайғының жерге айтқан сыны аңызындағы автор идеясына сараптама
5.Асанқайғының жерге айтқан сыны аңызын талдау
Зерттеу құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұратын курстық жұмыстың құрылымының қысқаша сипаттамасы берілген.

І-тарау.Асанқайғының жерге айтқан сыны аңызы
1.1. Асанқайғының жерге айтқан сыны аңызына қысқаша мазмұндама

Табиғат - бүкіл әлем.Адам табиғатта өмір сүреді, онымен тұрақты қатынаста болады. Адам, оның денесі мен рухани өмірі табиғатпен тікелей байланысты. Одан шығатын қорытынды- адам табиғатының бір бөлігі.[1]Қазақ тарихында Сыр өңірі тарихының алар орны ерекше.Ежелгі заманнан бастап Сыр өңірі сан мың ұрпаққа құтты қоныс, жайлы мекен болғаны белгілі.Бұл топырақта есте жоқ ескі кезеңдерден-ақ бағы жетіп, базары қызған қырыққа жуық көне қалалар мен жарты ғаламды жалғастырған Жібек жолының арналы абағы сайрап жатыр.Сөйлете білсең оның әр уыс топырағы, әр бұтасы, әр тасы алуан түрлі ғибратты шежіре шертер еді.[2]
Сыр бойы сырға бай. Онда сан ғасырлардан бергі аты әлемге мәшһүр ірі тұлғалар ғұмыр кешкен, атасақ санап тауыса алмаспыз.Әлі кұнге дейін зерттелмегендері қаншама десеңші.
Бұл жәдігердің ең әсем әрі көрнектісі - Асан Ата мазары. Рас, кейбір әдеби зерттеулерде Асан қайғының жерленген жері туралы түрлі пікірлер бар. Бірақ, оның мазары Сыр бойында, дәлірек айтқанда осы Оқшы Ата қорымында (қазақ тілі мен әдебиеті -1994, №3,4-5 б) жерленген. Асан ата кесенесі 1992 ж мемлекет қорғауына алынған. [3]
Дала данышпаны ретінде танылған Асан қайғының рухани мұралары халық санасында сақталған.Асан қайғы жөніндегі аңыз- әңгімелер мен әр түрлі алуан деректерді біршама қалыпқа түсіріп, құнды пікірлер жазған академик- жазушы М. Әуезов болды. Бұл тарихта болған адам. Бірақ, тірлік еткен заманы Жәнібек ханның тұсы дегені болмаса, дәлді кім еді, қай ортадан шығып еді, қандайлық еңбек, әрекет етіп, қандай өмір шегіп өтіп еді. Бұл жайынан ешқайсынан дәл дерек жоқ. [4] Асан қайғының саяси іс-әрекеттері төңірегінде қалам тартқан академик Ә. Марғұлан болды. Ғылым, Асан қайғы деп аталуы - халықтың қамын көп ойланған екендігін айтады. Қазақстан тарихына арналған кейбір еңбектерде Асан қайғы ХV-ХVI ғ.ғ өмір сүрген.
Асан қайғы - ХIV ғасырдың екінші жартысы да Еділ бойында дүниеге келген ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап жүргендіктен, замандастары оны Асан атаны қайғы деген сөз қосып, Асан қайғы атап кеткен. [5]
Шоқан Уәлиханов Асан қайғыны дала данышпаны деді. Әлкей Марғұлан Асан Ата ХV ғасырда қазақ ұлысын біріктіру мәселесін қолына алған даланың ойшыл данасы деп бағалады.
Асан қайғы - көптеген нақыл сөздердің, афоризм, философиялық толғаулардың авторы.
Асан қайғы туралы Мұхтар Әуезов былай деген Тарихта болған адамдардың ішінде өмір сорабы, іс еңбегі халықтың нағыз ертегі болып, тек сол қалыпта ғана ой жадында сақтаған адамның бірі осы Асан қайғы.
Асан қайғы - барша дала даналығын бойына сыйдырған және сайын сайхарада ғаламат ғұмыр кешкен тамаша тұлға.
Қазақ халқы өзінің тарихи жылында Асан есімін өктемдікке қарсылықтың символына айналдырған. [6]
Қыдырып желмаямен дүние жүзін,
Асанның жұрт біледі айтқан сөзін.
Жатқызбай ойындағы қалың арман,
Атанып Асан Қайғы содан қалған. [7]
Асан танымындағы дүние көрінісі оның әлеуметік көзқарасының мінділігін ан.ықтайды. Адам, қоғам, табиғат Асан үшін мызғымас бірлікте. Адамның қоғамға, табиғатқа қатынасы Асан болмысында ерекше айқындалады. Дүниенің жаратылысын Асан қайғы ақыл күшімен пайымдайды. Сондықтан Асан қайғы табиғаттың адамға қатысты фактор екендігіне ерекше мән берген. . Асан қайғы табиғатты қоғамды, дүниені, адамның ара қатынастарын астастыра айшықтап, қоғамның даму заңдылықтарына философиялық тұжырым жасайды. Асан қайғы қоғамды, қоршаған табиғатты, жалпы дүниені тануда, олардың қастерлі қасиеттерін білуде, адам игілігіне жаратуда өзінің біліктілігімен ерекшеленеді.
Асанның дүниені тану, білу танымының негізінде жатқан идиялық мазмұнды күш халқына жайлы, тыныш өмір беретін қоныс іздеп, оны табу мақсаты жатыр. Сондықтан да Асанның дүние көрінісін сезінуі, толғануы, оның жерұйық мекенін іздеуде ашылған.
Асанның Әбілқайыр ұлысынан Жәнібек пен Керейдің бөлінуіне қатты наразылық білдірмесе де олардың Монғолстанға емес, Жайық, Жем өзендерінің бойына қоныстануын қалаған болатын. Осы Моғолстаннан жер алуы туралы ғалым Ә.Марғұлан былай жазды : Асан қайғының Жәнібек пен Керейді ертіп Қытайға барып Моғолстаннан жер алуы тарихта белгілі фактінің бірі. . Ол іздеген Жерұйық шырайлы қоныс қана емес, елін, жұртын сыртқы жаулардан қорғайтын жол, жаңа қоғамның үлгісі, қазақ халқын тарих сақынасына сақтап қалу бағдарламасы. Асан Қайғы осы тарихи ойларын хандармен, сұлтандармен, билер мен, әсіресе Жәнібек ханмен араласып жүріп, іске асырмақ болмақ. Елі мен жұртының болашағы туралы қатты қайғырып толғанған абызды халық Асан Қайғы деп атаған. . Асан Қайғы елінің сулы - нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып, адамды жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін, мамыражай, еркін өмір сүруін аңсады. Бұл мұратын жырау Жер ұйық деп атады.
М. Әуезов : Асан жайындағы ең мағыналы әңгіме оның Жерұйықты іздеуі. Сонда жетсе ғана, мекен етсе ғана халқы бақытты болмақ , - деп жазды. Асан қайғының аралаған жерлері - Моғолстан ( Жетісу), Қыпшақ( Қаратау), Сарарқа ( Торғауыт), Байсын ( Әлеу). Ол ноғайлы заманындағы аласапыран бүлікшілік кезеңінде өмір сүрген үлкен ойшыл. [8] Асанның Жерұйықты іздеуіне тағы бір себеп болған құбылыс, ол - үшінші Жәнібектің тастан сарай салдыруы немесе Астрахан қаласын қоршауы.
Асан оған да өкпелі, ренжулі, себебі ол жерді жау алса ел бүлінеді. Асан жаңа қоныс іздеп жеті жыл жер Жерұйық деп аталатын мекенді табады. Асан қайғының аралаған жерлеріне қойған сындары мен анықтамалары сол өз дәуірінің, заманының нақтылы талап - тілектері мен халық қамынан туған болжамдар болса керек. Фольклорлық мәліметтер бойынша, Асан Қайғы Қазақстанның және Орта Азияның жерін желмаясына мініп көп кезген ақылдана болып суреттеледі. Оның бармаған жері, баспаған тауы жоқ десе де болғандай.
Асанның танымдық қабілеті табиғаттағы заттардың қасиеттерін анықтауға, олардың адамға деген қатынынасын мөлшеулерге бағытталады. Қоршаған табиғаттағы заттық мәндерден олардың адамға, өмірге тигізетін әсерін, пайдалы- зиянды салдарларын пайымдап білген Асан көшпелі қоғамның әлеуметтік қайшылықтарын өзіндік әрекеттік пайыммен шешіп отырады . Асан Жерұйықты іздеуде деректер бойынша Ақ Ордадан бастап, жеті өзенге шейін сапар шегеді. Дүниенің төрт бұрышын арлайды. Оның барған жерлері өзіне ұнамайды. Түркі халықтарының көшпелі қоғам өркениетінің өкілдері арасында тарихта Асан Қайғыға тең келетін тарихи тұлға жоқ. Асанның Жерұйықты іздеуін мифтік құбылыс деп қарастырып, өтірік аңыз ертегілер қатарына жатқызуға мүлде болмайды. Асан Қайғы болса сезімдік таным мен түйсіктердің тоғысуынан жаңа мазмұнды қорытындылар шығарып отырды. Жерұйықты іздеу барысында Асан жүрген жеріндегі жақсы қонысқа, жаман қонысқа баға беріп отырды. Асан Қайғы да сол Жаратушының мейірімділігіне үміт арту арқылы сабырлық сақтап, пендеге түсініксіз өзінің "кезбелік" философиясының жүйесін жасаған. Көшпелі өркениетті құтқару үшін Асан адамдарды табиғатқа, дүние құбылыстарына зер салуды айрықша насихаттайды. Асанның іздегені адамға жоғарыдан жіберілген алғашқы ақиқатты табу, соған көз жеткізу. Табиғат заңдылықтарының адам өміріне қатыстылығы жөнінде Асан пікірі нақтылы. Адамның адамгершілік қасиеттері табиғаттың әсемділік заңдылықтарынан тағылым алып, сусындап отыруы тиіс. Адами ізгілікті қасиеттердің қалыптасуының алғыштары табиғаттағы шынайы үйлесімдіктен, сұлулықтан бастау алады. Сондықтан да Асан эститикалық мәселелерді, олардың қоғамдағы көрінуі, шешілу бағамдарына тоқтала бермеген.Адамға аса қажетті көшу- қону процесінде кездесетін қолайсыз табиғат жәйттерін, әсіресе малға, қолайсыз болса да өмірдің басқа салаларына қажеттілігін дәлелдеп, анықтап отырған.
Табиғаттың биік сұлулығына, оның мызғымас пәктілігіне шек келтірмейді, тоқтам салмайды. Асанның сұлулыққа, әдімілікке қатынасы ерекше шынайылықпен, көркемділікпен бейнеленіп, адамды шабытқа бөлейді.Табиғат сұлулығын Асан эстетикалық сезімдер мен қабылдап, сол талғам тұрғысынан оларды бағалайды. Асанның эстетикалық талғамы шындықты бейнелеу арқылы оның белгілі бір дүниетанымдық көзқараспен сабақтастырады. . Жалпы Асанның адами іліміндегі ұғымдар мен түсініктер түйіні мыналарға саяды: әділеттілік, ар - ұят, өзін - өзі тежеулік, ымырашылдық, сабырлылық т.б. Аққу әсемдіктің ең жоғарғы сатысы - ақсақтық деңгейге көтерілген, оны құрметтеушілік, қадірлеушілік адами парыз. Аққу сұлулықтың, тазалықтың символы. Оны ерекше қасиет тұту парыз. Асан өзінің жан дүниесінің сұлулығын қоса суреттейді. Француз философы А. Камюдің "Данышпан өз мөлшерін білетін ақыл иесі" деген пікіір қанағатшыл Асанға да қатысты. Асанның ойлау жүйесіне осындай халықтың табиғатпен күрделі идеялық қатынасын бейнелейтін ырымшыл үрдістер әсер еткен.
Халықтың дүниеге идеялық қатынастарын Асан өз пайыммымен қорытып, оны жаңа деңгейге көтере білген. Асан табиғатпен бетпе - бет жүздесіп, оны жандандырады, адам кейпіне түсіреді. Жүрек түбінде жатқан ойларын ақтарады. Өзінің қалауын, тілегін табиғатқа осылай айту арқылы ол адамшылық парызын орындайды. Философиялық тұрғыдан пайымдасақ дүниедегі заттардың, құбылыстардың, процестердің қасиеттерінің мәнділігін арқау ету арқылы оларға тіке қарап, адамды, оның терең сырларын тануда. Асан ата - тек қана қазақ халқы емес, бүкіл түркі халқының қастерлеп жүрген ұлы тұлғасы. Қазақ үшін Асан ата - халықтың қамқоршысы, батагөйі, данышпаны, елдің бірлігін, қамын,тыныштығын ойлаған қайраткер. Ол 1361 - 1470 жылдары өмір сүрген. Бір аңыздың айтуына қарағанда, Асан Қайғы Сарыарқада, Ұлытауда дүние салды деген сөз де бар. Бәрібір Сыр бойы аса киелі ,әруақты панасы болып есептеледі. Ата қабірінің Шиелі жерінде бой көтеріп, алыстан айбарлы көрінуі, күнде басында болып, тағзым етуіміз - мақтанатын жай. Олай болса әлі күнге дейін жиналмай келе жатқан әулие мұралары толық жинақтау біздің және келер ұрпақтың парызы.
Дала данышпаны ретінде танылған Асан қайғының рухани мұралары
халық санасында сақталған. Асан қайғы жөніндегі аңыз- әңгімелер мен әр түрлі алуан деректерді біршама қалыпқа түсіріп, құнды пікірлер жазған академик жазушы М. Әуезов болды. Бұл тарихта болған адам. Бірақ, тірлік еткен заманы Жәнібек ханның тұсы дегені болмаса, дәлді кім еді, қай ортадан шығып еді, қандайлық еңбек, әрекет етіп, қандай өмір шегіп өтіп еді. Бұл жайынан ешқайсынан дәл дерек жоқ.
Асан қайғының саяси іс-әрекеттері төңірегінде қалам тартқан академик Ә. Марғұлан болды. Ғалым, Асан қайғы деп аталуы - халықтың қамын көп ойланған екендігін айтады. Асан ХIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап жүргендіктен, замандастары оны Асан атаны қайғы деген сөз қосып, Асан қайғы атап кеткен. Асан Қайғы (шын аты-жөні Хасан Сәбитұлы XIV ғң 2-жартысында, Еділ бойы - т.ө.ж. белгісіз) - қазақ жырауы. Алтын Орданың ыдырауы дәуірінде өмір кешкен. Асан Қайғы ілкіде Сарайда, біраз жылдардан кейін Қазандағы Ұлығ-Мұхаммед ханның жанында болған. XV ғң 50 жылдарында Дешті Қыпшаққа қайта оралып, Керей, Жәнібек бастаған қазақ хандығының ақылшы биі болды.
Ай хан, мен айтпасам білмейсің,
Айтқаныма көнбейсің.
Шабылып жатқан халқың бар,
Аймағын көздеп көрмейсің,
Қымыз ішіп қызарып,
Мастанып қызып терлейсің,
Өзіңнен басқа хан жоқтай
Елеуреп неге сөйлейсің, -
деп, ханның елді өз бетімен билеп-төстеу, қаһары түскен адамын өлім жазасына кесу хақысынан айрылып, рубасы ақсақалдарсыз ешбір мәселені шеше алмайтын күйге жетуін жырмен жеткізген дала философы Асан қайғы бабамыз.Ия, менің осы мақалам да желмая мініп, жер кезген Асан қайғы философиясына арналмақ.
Ең алдымен Асан қайғы кім деген сауалға жауап берер болсақ, Асан қайғы:
oo Ақын
oo Жырау
oo Философ, ақылшы, би
oo Реформатор, мемлекет қайраткері
oo Ел болашағы үшін қызмет еткен ұлы бабамыздың бірі.
Аты аңызға айналған біртуар тұлға Асан қайғы Сәбитұлы бір деректерде Еділ бойында дүниеге келген. Қазақ тарихшысы Құрманғали Халитұлы Тауарих хамса атты кітабы бойынша, Асан қайғы-Шыңғыс ханның замандасы ұлан Майқы бидің алтыншы ұрпағы.Бұл-қазақ халқының Түгел сөздің түбі бір,түп атасы Майқы би деген мақалындағы Майқы,Шыңғыс ханның тарихтан белгілі әскербасыларының бірі Үйсін Майқы екенін айта кету керек.
Асан қайғыға қатысты аңыздарды өз кезінде бірқатар Ш.Уәлиханов, Г.Потанин секілді этнограф-ғалымдар өз зерттеу нысанына айналдырған еді. Ш.Уәлиханов Асан есімін өзінің зерттеу еңбектерінде бірнеше рет атап көрсеткен. Зерттеуші ғалым Асан абызды қазақ ханы Жәнібек ханның билік құрған тұсымен байланыстыра отырып, дала халқы күні бүгінге дейін пәслсапашы Асан қайғы туралы аңыздар мен оның адамгершілік туралы өсиеттерін аузынан тастамайтынын баса айтып өтеді. Сонымен қатар, ғалым Г.Потанин де Асан қайғы туралы аңыздарға көңіл бөліп, көшпелілер философы туралы екі аңыз нұсқасын жазып алған. Тағы бір зерттеулерде атақты Берке хан Жошының үшінші ұлы, Батудың інісі дүниеден қайтқан соң Алтын Орданың тағына таласқан хандар баянды билік құра алмаған. Сондай баянсыз хандардың бірі Ұлық Мұхаммед болғаны айтылады. Белгілі жазушы М.Мағауин өз еңбегінде: "Қазақ "Орманбет хан өлгенде, он сан ноғай бүлгенде" деп күй тартады. Халық аңыздарында қазақ-ноғайдың айырылуын Орманбет ханның есімімен байланыстырады. Тіпті Орманбет хан өлерінде айтқан екен деген бірер шумақ жыр да бар:
Таудан аққан бұлақтың
Аяғы тартар теңізге,
Санды айдаған бай болса --
Қуанбай қоймас егізге,
Жақсыдан туған жаманды
Жамандай берме, жараңдар,
О да бір тартпай қалмас негізге.
Бұл Орманбетті қазақ шежіресі жəне кейбір зерттеушілер кəдімгі тарих-тан белгілі Ұлұғ-Мұхаммед хан деп түсінеді -- деген пікірді алға тартады. Асан қайғының ерен зор талантын ерте байқаған Ұлық-Мұхаммед оны өзіне ақылшы, бас би етіп, сарайында ұстайды. Асан жырау сол Алтын Орда ханымен бірге ел билеуіне араласады.Сонымен қатар зерттеуші Қ.Халид Тауарих хамса еңбегінде Асанның өмірі мен шығармашылығы турасында ел аузынан тарихи деректер жинап, Асан Қайғының өмір сүрген мезгілін анықтауға тырысады. Асан қайғыны әуелі Кіші Мұхаммед хан жанында Сарайда болған, кейін Ұлық-Мұхаммед хан қасында болған деген пікір айтқан болатын. Бұл пікірдің зерттеуші-ғалым Ә.Дербісалин тарихи шындыққа сәйкес еместігін атай отырып, аңыз Асанды Жәнібек заманының адамы етіп көрсететінін айтады. Ғалым М.Әуезов Қазақ халқының эпосы мен фольклоры атты еңбегінде Асан қайғы туралы ойды толғай отырып, ол туралы аңыздарды халық аңсаған арман-тілек бейнеленген кейіпкер екенін аңғартады.
Асан қайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ халқының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады. Қырында киік жайлаған,Ай, Хан ием, мен айтпасам, білмейсің,Құйрығы жоқ, жалы жоқ,Еділ бол да, Жайық бол,Қырында киік жайлаған, Таза мінсіз асыл тас, Бұл заманда не ғаріп?, Есті көрсең кем деме, Көлде жүрген қоңыр қаз сынды әрбір толғауының өзіндік мән-мағынасы бар.
Ел ішіндегі шежіре сөздер мен күй аңыздарына қарағанда, Асан қайғы халық қамын ойлаған ақылгөй, дана ғана емес, сонымен бірге дәулескер күйші де болған. Біршама күйлердің аты мен аңыз әңгімесі бүгінгі күнге дейін айтылып жүр. Алайда Асан абыздың бүгінгі күнге Ел айрылған, Асан қайғы, Желмаяның жүрісі, Зар сияқты санаулы күйлері ғана жеткен. Жұрт санасынан ойып орын алған Асан - халық бақытын,ел тыныштығын ойлаған дана әрі дара қария.
Ел аралап, жер кезген Асан қайғының негізгі арманы халыққа жайлы қоныс іздеу болғандығы баршамызға мәлім. Желмаясын мініп ап, Асан қайғының аралаған жерлеріне айтқан сындары мен берген анықтамалары сол өз заманының талап - тілектері мен халық жағдайынан туған болжамдар болса керек. Фольклорлық деректер бойынша, Асан Қайғы Қазақстанның және Орта Азияның жерін желмаясына мініп көп кезген ақылгөй, дана болып суреттеледі. Оның бармаған жері, баспаған тауы жоқ десек те болады. Себебі жер жәннәтін іздеп, табу - баяғы Қорқыт заманынан келе жатқан әлеуметтік сарын. Көшпенділер философы атанған Асан қайғы өз заманындағы қоғамдық өмірге үңіле қарап, халықтың тартып отырған ауыр азабын - аш жалаңаштық, жұт, апат, өзара қырқысқан жаугершілік, әлеуметтік теңсіздікті көріп назаланды, күңіреніп, қайғырады. Оның ғайыптан армандаған Жерұйығы - суы сүт, топырағы май, тасы алтын, ағаш басы толған жеміс-жидек, жұрт қайғы-қасіреттен аулақ құтты қоныс, оған жеткен елді жау алмайды, онда ел аласы, ру таласы жоқ, "қой үстіне бозторғай жұмыртқалайды," - деп санаған болатын.
Асан жыраудың жер туралы сындары терең философиялық мағына-сымен халық есінде қалған. Көптеген сындары əлі күнге дейін өз мағы-насы мен маңызын жоғалтпаған. Сондағы Асан қайғының желмаяны жел-діртіп жүріп əр жерге, суға, тауға айтқан сындарының біршамасына тоқталсақ:
Яссы қаласын (қазіргі Түркістан) олардың қожа-молдаларын көргенде: Ай, қарыс жері бір арық, жер сорлысы мұнда екен, әйелі семіз, өрі арық, жұрт сорлысы мұнда екен, -- депті.
Шымкент пен Сайрамды көргенде: Екі басса бір базар,малда береке болмайтұғын, екі басса бір мазар,бас-та береке болмайтұғын, базары жақын байымас, мазары жақын көбей-мес, -- деген екен.
Алатауға келгенде:Түні суық, күні ыстық, жер даласы,
Ананың емшегіндей сай саласы.
Төрт елі топырақ асты алтын екен,
Ішпей-жемей тоятын айналасы, --
депті. Асан Жерұйықты іздеуде деректер бойынша Ақ Ордадан бастап, жеті өзенге шейін сапар шегеді. Дүниенің төрт бұрышын аралайды. Алайда оның барған жерлері өзіне ұнамайды.Қай жерге барса да, сол жердің өзіне ұнамайтын тұстарын айтып кеткен. Түркі халықтарының көшпелі қоғам өркениетінің өкілдері арасында тарихта Асан қайғыға тең келетін тарихи тұлға жоқ. Асанның Жерұйықты іздеуін мифтік құбылыс деп қарастырып, қиял жанрындағы аңыз ертегілер қатарына жатқызуға мүлде болмайды. Асан Қайғы таным мен түйсіктердің тоғысуынан жаңа мазмұнды қорытындылар шығарып отырды. Жерұйықты іздеу барысында Асан жүрген жеріндегі жақсы қонысқа, жаман қонысқа баға беріп отырды. Асан қайғы Жаратушының мейірімділігіне үміт арту арқылы сабырлық сақтап, пендеге түсініксіз өзінің "кезбелік" философиясының жүйесін жасаған. Көшпелі өркениетті құтқару үшін Асан адамдарды табиғатқа, дүние құбылыстарына зер салуды айрықша насихаттайды. Асанның іздегені адамға Алладан жіберілген алғашқы ақиқатты табу, соған көз жеткізу. Табиғат заңдылықтарының адам өміріне байланысы жөнінде Асан ой-тұжырымы нақтылы. Адамның адамгершілік қасиеттері табиғаттың әсемділік заңдылықтарынан тәлім алып, нәр алып отыруы тиіс. Адам бойындағы ізгі қасиеттердің қалыптасуының алғышарттары табиғаттағы шынайы үйлесімдіктен, сұлулықтан бастау алады. Сондықтан да Асан қайғы эстетикалық мәселелерді, олардың қоғамдағы көрінуі, шешілу бағамдарына тоқтала бермеген. Адамға аса қажетті көшу-қону процесінде кездесетін қолайсыз табиғат құбылыстары, әсіресе мал асырауға қолайсыз болса да, тіршіліктің басқа салаларына қажеттілігін дәлелдеп, анықтап айтқан. Жерұйық идеясын бүкіл халқының қамын ойлаған Асан қайғының елді ынтымақ,бірлікке, шынайы түсіністікке,адал еңбегі арқылы мамыражай өмірге же-туге шақырғаны деп түсінгеніміз жөн.
Ел мүддесі мен жұрт қамын өз міндетім деп санаған жыраудың шығармаларында қашанда өмір шындығынан ой түю, жинақтаулар басым. Мұнда қоғамдық мәні бар ірі мәселелермен қатар, адамдар арасындағы алуан қарым-қатынастар мен солар туралы сындары да қоса айтылады. Мәселен, адамгершілік пен зұлымдық, байлық пен кедейлік, достық пен дұшпандық, адалдық пен арамдық, әділдік пен жауыздық, білімділік пен надандық секілді күрделі мәселелер кеңінен сөз болып сарапталады.
Аристотель, Кант, Гегель сынды ойшылдардың том-том шығармаларында, трактаттарында қарастырылған күрделі философиялық мәселелер, диалектикалық идеялар қазақ философиясында кейде бір ауыз сөзбен түйінделеді. Асан қайғы туындылары да осы сөзімізге саяды. Халықты ынтымақ,бірлікке, достыққа шақырып, сөз маржанын тізбектеп, терең ойды топшылап өткен Асан жырау :
Таза мінсіз асыл тас
Су түбінде жатады,
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас --
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ауыз әдебиеті - қазақ әдебиетінің түп тамыры
Қазақ ойшылдары дін туралы пәні семинар сабақтың әдістемелік нұсқауы
Ескендірмен Асанқайғы жайлы әңгімелер
Қазақ жырауларының педагогикалық идеялары
Бабаларымыздың арманы
Асан қайғы философиясы
Асан Қайғының танымындағы дүниге көзқарасы
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ
Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар шығармашылығындағы тарихи мәселелер
Сәбитұлы Асан қайғы (14—15 ғғ.) — жырау, философ, қоғам қайреткері
Пәндер