Балабақша балаларының дене дайындығы
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Педагогика факультеті
Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру мұғалімдерін дайындау БББ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Балабақшада дене шынықтыру және спорттық шараларды
ұйымдастыру
Пән атауы: Дене шынықтырудың теориясы мен әдістемесі
Шифр, БББ: 6В01402 - Дене шынықтыру және спорт БББ
Орал 2023ж.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Қорғауға жіберілді БББ жетекшісі
Л.Н.Ойлыбаева
_ 2023ж
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Балабақшада дене шынықтыру және спорттық шараларды ұйымдастыру

Орындаған:
ФКС-33 топ студенті Р.Р.Аманжолов
Қабылдаған:
аға оқытушы, магистр И.С.Абдрахманов
1
Орал 2023
2
МАЗМҰНЫКІРІСПЕ 3
1 Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттары 4
1.1 Жылдық жоспар графигін құру ережесі 4
1.2 Балабақша балаларына арналған дене тәрбиесі
бағдарламасын талдау 9
1.3 Балабақша балаларының дене дайындығы. 11
2 Дене тәрбиесінің оқу іс әрекеті жоспарының мәні 14
2.1 Балабақшада оқу жұмысына талдау жасаудың рөлі... 14
2.2 Оқу іс-әрекетінің тиімділігін әртүрлі әдіспен анықтаудың жолдары 19
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 25
КІРІСПЕ
Дене тәрбиесі және спорт мәселелерін жалпы зерттегенмен, жалпы білім беретін, балабақшадағы балдардың дене тәрбиесі жүйесінде 4-5 жастағы балалардың дене тәрбиесінің тиімділігін арттыру мақсатында арнайы қозғалыс қасиеттерін оқыту мен дамуына бастауыш сынып балаларының дене тәрбиесінің тиімділігін арттыру мәселесі негізгі нысанға алынып отыр. Осыған байланысты, балабақша балаларының бағдарламасы мен балабақша балаларының мектептегі оқытуға дайындау негізінде балалардың қозғалыс белсенділігін арттыру әрекеті кейінге қалдырылмайтын, шешімді талап ететін педагогикалық процесс болып тұр. Сонымен бастауыш сынып балаларының дене тәрбиесін үйретуде педагогика саласының теориялық-әдіснамалық негізін, оқу-тәрбие жүйесін ұйымдастыруда, оның ішінде жас ұрпаққа дене тәрбиесін үйрете, жетілдірудің ғылыми-әдістемелік жүйесін жасауда, балабақша балаларының дене тәрбиесінің тиімділігін арттыруда біртұтас ғылыми негізін жасау қажеттілігі ғылыми-зерттеу жұмысымыздың тақырыбы балабақша балаларының дене тәрбиесінің тиімділігін арттыру - деп таңдауымызға себеп болды.
Біз үшін Б.А.Аммарин., С.С.Кубиев барынша мүдделілік туғызып отырған білім беру салаларына шетел ғалымдары мен оқытушыларын белсендірек тарту өзіміздің білікті оқытушылар құрамы мен педагог кадрлардың санын ұлғайту жөніндегі стратегиямыздың құрамдас бөлігі болуы да ғажап емес [1,2].
Зерттеудің мақсаттары: мектеп базасында балабақша топтарымен дене тәрбиесі пәні арқылы дене шынықтыру жұмыстарын жүргізудің тиімділігін арттыру, жетілдіру.
Зерттеудің міндеттері: Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттарын қарастыру:
Жылдық жоспар графигін құру ережесімен таныстыру;
oo Оқу жылының тақырыптық жоспарын нақтылау;
oo Дене тәрбиесінің оқу іс-әрекеті жоспарының мәнін ашу;
oo Балабақшада оқу жұмысына талдау жасау;
oo Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті тиімділігін әртүрлі әдіспен анықтау;
oo Балабақшадағы бұқаралық дене шынықт ыру-сауықтыру және спорттық шаралардың тиімділігін пайдалану
oo Балабақшадағы Денсаулық білім б еру саласының базалық мазмұнының ерекшеліктерін айқындау.
Зерттеудің пәні: Балабақшада дене шынықтыру және спорттық шараларды ұйымдастыру
Зерттеудің обьектісі: Орал қаласындағы, №2 ЖОББМ базасында даярлық топ балаларымен жүргізілді.
1 БАЛАБАҚШАДАҒЫ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ПӘНІНІҢ ҚҰЖАТТАРЫ
1.1 Жылдық жоспар графигін құру ережесі
Бала туылғаннан бастап, мектепке барғанға дейінгі алғашқы жылдар адам өмірінде өте үлкен маңызға ие. Бұл кезеңде денсаулықтың іргетасы шыңдалады, әр түрлі қабілеттер дами бастайды, сапалы қасиеттері көрінеді және мінез-құлық ерекшеліктері қалыптасады. Осы жылдарда баланың қалай тәрбиеленуі, оның болашақтағы оқуына, жеке адамзат болып қалыптасуына негіз болады.
Баланы алғашқы жылдары жан-жақты тәрбиелеудің негізі дене тәрбиесі болып табылады. Дұрыс дамып келе жатқан бала ылғи да қозғалысқа қабілетті болады. Үш жасқа дейінгі баланың тәуліктік қажеттілігі 6,5 локамация, ал жеті жастағылардікі 16-18 локамация. Қозғалыс ықпалымен жүрек-буын, тыныс алу және жүйке жүйесі қызметі жақсартады, тірек-қимыл жүйесі жетіліп зат алмасу реттеледі. Олар бала ағзасының ауруға қарсы әрекетін күшейтіп, қорғаныс күшін реттейді. Бала қимыл арқылы әлемді таниды, оның психикасы, еркі, дербестігі, үлгерімі, ұйымшылдығы дамиды. Әсіресе қол саусақтарының қимылы зор мәнге ие болады [3].
Мидың үлкен жарты шеңбер үлкен жарты шеңбер бөлігінің белсенділігін арттырып, тіл қозғаушы орталықтың дамуын реттейді.
Сондықтан бала неғұрлым түрлі қимыл-қозғалыстарды меңгерсе, соғұрлым сезім, қабылдау және де басқа психикалық процестерді дамуын мүмкіндік туғызады.
Мектепке дейінгі мекемелерде 2 айдан 7 жасқа дейінгі балалар қатысады. Анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне, өмір шарттарына, тәрбиесі мен оқу біліміне қарай болып бөлінеді. Олар яслилік және мектепке дейінгі топтар болып бөлінеді.
Ясли: нәрестелік жастағы бірінші топ (2 айдан 1 жасқа дейін) және нәрестелік екінші топ (1 жастан 2 жасқа дейін). Мектепке дейінгі: бірінші сәбилік топ (3 жастан 4 жасқа дейін), орташа топ (4 жастан 5 жасқа дейін), жоғары топ (5 жастан 6 жасқа дейн) және мектепке дайындық топ (6 жастан 7 жасқа дейін).
Қимылды дамыту ерекшеліктерін ғалымдар Қ.Қ.Құланова бала үшін өмірінің алғашқы үш айы бір қалыпты өтеді. Ол ересектерге дыбыстау арқылы ғана жауап береді. Бала күлгенде өміршеңдік кешені деп аталатын қимылды қолдап көтермелеу керек. Бұл баланың барлық бұлшық еттерінің дамуына, ағзаны нығайтуға, жалпы өмір сүруге талпынысын арттырады. Қозғалысты меңгеру құбылысы өте тез өтеді. Бала екі айлығында жылжиды, жеті-сегіз айлығында отырып-тұра алады, ал он-он бір айлығында өз бетінше қимылдау белсенділігін арттыру керек және осы қимылдарды жүйеге түсірген жөн. Мысалы, оны алғашқыда отыруға, тұруға, жүруге үйрету қажет [4].
Өмірінің екінші кезеңінде баланы жүруге үйретуге баулу керек. Бала алғашқыда сенімсіз қимылдайды. Алайда, екінші жылдың соңында қарай ол бұл
қимылдарды толық игеріп, 1-1,3 м. саты, текпешектерге шығып, түсе алады. Рахаттанып доппен ойнайды, әр түрлі беттерден асып өтеді. Сыртқы әр түрлі заттардың ықпалымен қолдың майда шеміршектері дамиды. Ол сөйлеуді, ойлауды, ойнау қызметтерін жетілдіруге септігін тигізеді.
Бала өмірінің үшінші-төртінші жылдарында қимыл тәжірибесі кеңейеді. Үш жасқа қарай допты қағу, лақтыру, бір орында секіру және жүгіру, сияқты гимнастикалық сатыдан өтуге талпынады. Төрт жаста тепе-теңдікті сақтай отырып шанамен сырғанайды, велосипед айдайды.
Бес жасында оның реттегіш үлкен бұлшық еттері қимылды нақты орындай отырып дене қасиеттері дами бастайды..
Алтыншы-жетінші жылдарында қимыл дамытуда мәнділік, дәлдік пайда болады. Балалар қимылды дұрыс орындамаса, талдау нәтижесінде өз қатесін түсінеді. Сөйтіп биіктік пен ұзындыққа секіруді, арқанға өрмелеуді, т.б. меңгереді.
Бала ағзасының нәзіктігіне, оның бойы мен ағза дамуының теңсіздігіне, біркелкі еместігіне қарай отырып, өмірінің алғашқы жылдары сауықтыру міндеттерін енгізу зор маңызға ие бола бастайды.
1) Өмірін қорғау, аурумен күрес, шынығу, қоршаған ортаның кері әсерлерінен ағзаның қарсылығын жетілдіру.
2) Барлық ағза жүйесінің уақытылы, жүйелі дамуын, оның қызмет мүмкіндігінің кеңеюуін, омыртқасы мен табандарының дұрыс пішінінің, жылдамдығын, ептілігін, төзімділігінің дамытуды жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Бала өзгермелі шарттарға, дене жүктемесіне тез икемделеді. Оны игеру, қабылдауы, биіктігі ерекшелендіреді. Сондықтан білім беру міндеттерін шешу аса маңызды [5].
1) Жеке бас және қоғамдық гигиенаны ұстану.
2) Өмірге ең қажетті қимылдық қозғалыстарды (жүру, жүгіру, секіру т.б.), сонымен бірге жүзу, шаңғымен жүру, жүгіру, велосипед тебу сияқты жаттығулардың негізін құрайтын қимылдарды реттеу.
3) Атқарылып жатқан дене жаттығулары жайында алғашқы білім беруді реттеп,оны бүлдіршінге жеткізе білуіміз керек.
Сонымен тәрбиелеу міндеттерін де естен шығармау керек:
1) Рухани-ерікті сапаларын тәрбиелеу адалдық, шешімге келу, батылдық, табандылық т.б.
2) Ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік еңбекке тәрбиелеуді қамтамасыз ету.
Дене тәрбиесінің мазмұны. Жасына лайықты қимыл - қозғалыс ерекшеліктермен оған деген қажеттілікті ескере отырып, алғашқы жылы дене тәрбиесінің арнайықұралдары қолданылады. Бала дене тәрбиесінде, әсіресе өте жас кезінде күн режимі басты маңызға ие болады. Күн режимін сақтау (жүйелі сергу, ұйқы, тамақ т.б.) баланың ырғақтылығын қамтамасыз етеді, жүйке жүйесін әлсіреуден сақтайды. Күн режимінің тәрбиелік маңызы да зор: белсенділікті, дербестікті, үлгерушілікті арттырады.
Бала даму үшін санитарлық тазалық құрылымының да зор мәнге ие. Тәртіп пен тазалықты ұстану, бөлменің ауасын, жарығын, жылылығын реттеу, дұрыс киіну - дене тәрбиесіндегі ең басты нәрсе.
Ұ.С.Маршыбаева бала ағзасын шыңдауда табиғат әсерлері де кеңінен қолданылады, олар: ауа, су және күн. Әр баланың жеке бас ерекшелігіне байланысы шыңдайтын процедураларды жүйелі қабылдау жүйке жүйесін нығайтады, бейімділікті арттырады, аурудың алдын алуға көмектеседі.
Дене жаттығулары барлық жастағыларға ортақ. Нәрестелік жастағы балаларды шынықтыру кешеніне бәсең (аяқты бүгу, жазу, қолды кеудеге қысу, оны қапталдарға жазу), белсенді (отырып тұру, тұлғаны, бүгу т.б.) жатады [6].
Екі жастан жеті жасқа дейін әр түрлі жаттығулар пайдаланылады:
1) гимнастикалық: жүру мен жүгірудің түрлері, тереңдікке, ұзындыққа биіктікке және қапталдан жүгіріп келіп секіру, би қимылдары;
2) сюжетсіз қозғалыс ойындары (жалаушаға дейін жүгіру) және сюжетті (Аққулар мен қаздар), спорт ойындарының элементтері (бадминтон, стол теннисі);
3) спорт жаттығулары: велосипедпен жүру, сырғанау, т.б;
4) қарапайым туризм: жаяу қыдыру.
Нәрестелік жастағы бірінші топтағы балаларға жеке ерекшеліктері арқылы оқу іс-әрекеті 12-15 жаттығу мен уқалау (сылау, ысқылау, т.б.) түрлері арқылы өтеді. Бұндай әрекеттің ұзақтығы 8-10 мин.
А.К. Уалиева еңбегінде нәрестелік жастағы екінші топтың оқу іс-әрекеті екі топқа бөлініп өтіледі:
бір жастан бір жарым жасқа дейінгілерге 6 бала қатысады, ал бір жарым жастан екі жасқа дейінгіде 6-10 бала қатысады. Оқу іс-әрекеті ұзақтығы 10-15 мин. Әр топқа даму қалпы бірдей балалар жинақталады. Жалпы дамытатын, жаттығуды бір мезгілде бірнеше бала ойнайтын таяқшалар, шеңберлер қолданады және қимылдың барлық түрі ретімен орындалады, тыныс алу мүмкіндігін де қарастырады. Мектепке дейінгі балалар үшін жаттығу түрі әр түрлі (екі жастан жеті жасқа дейін) [7].
Дене тәрбиесі жаттығулары - оқу-тәрбие жұмыстарының ең негізгісі түрі болып есептеледі. Оқу іс-әрекеті мақсаты - жаңа қимылды үйрену, бұрынғы өткендерді бекіту, дене сапасын тәрбиелеу. Олар төменгі және орта топтарда 10-
15 минуттан аптасында 3 рет, ал мектепке дейінгі топтарда 20-25 минуттан өтіледі. Оқу іс-әрекеті үш бөлімнен тұрады: дайындық, негізгі, қорытынды.
Дайындық бөлімінде жүру, жүгіру, би жаттығулары жасалынады. Негізгі бөлімде қимылдар мен қозғалыс ойындары сияқты жалпы дамытушы ойындар ойналады. Соңғы бөлімде бәсең қимылды ойындар немесе қарапайым жүру орындалады.
Таңғы жаттығу - балабақшадағы ең маңызды сауықтыру шараларының бірі. Ол ағзаның белсенділігі мен жұмысқа қабілетін арттыруға арналған. Төменгі топтарда оның ұзақтығы - 5-10 мин. Дайындық тобында 12 - 15 мин. Ол үш бөлімнен тұрады: кіріспе (жүру түрлері), негізгі (негізгі бұлшықет бөлімдерін дамыту жаттығулары), қорытынды (қарапайым жүру).
Ұ.Б.Мұхамеджанова еңбегінде дене тәрбиесінің мезеті - тіл дамыту, математикалық сабақтарында зейінді аудару үшін қажетті ақыл-ой жұмысын арттыру қолданады. Ол шаршаудан сақтайды, 2-3 жаттығумен 2-3 минут созылады [8].
Дененің даму көрсеткіштері, олардың жас ерекшеліктерін анықтау негізінде жатқан морфологиялық және функционалды қасиеттері мен дене дамуына мінездеме беретін көрсеткіштер: дене ұзындығы мен салмағы, кеуде қуысының шеңбері болады. 4-5 жастағы балалардың дене дамуында соңғы жылдары қалыптасқан тенденцияны анықтау мен бағалауға едәуір қызығушылық танытады. Бұл 4-5 жастағы балаларға дене тәрбиенің сапасы туралы көптеген сындар айтылып келеді. Балабақшада дене шынықтыру сабақтарында балаларға дене дамуын көрсететін кестелер құрылды.
Қорғаныс ойындары күнделікті серуен кезінде орындалады. Олар қозғалыс белсенділігін арттырып, көңіл-күйді жақсартады, ерік-жігерді шыңдайды. Балалар жылына 22-25 жаңа ойындармен танысады.
Дене тәрбиесі демалысы айына 1-2 рет төменгі топтарда 10-20 мин, жоғарғы және дайындық топтарыда 25-30 минуттан өтеді. Бұл жерде дене тәрбиесі жаттығуларынан айырмасы еркін қимыл қарастырылған, ол үшін көңілді эстафеталар өтеді.
Дене тәрбиесі мерекелері жылына екі рет орта дайындық топтарында өтеді. Оған балалар алдын ала дайындалып, үйренген спорт ойындарын, жаттығуларын, билерін пысықтайды. Мерекеде соларды ортаға салады. Ұзақтығы 1-1,5сағат.
Балалардың дербес қимыл қызметі күннің әр түрлі уақытында жасалады: таңертеңгі асқа дейін, оқу іс-әрекеті арасында, күндізгі, кешкі серуенде, түскі ұйқыдан кейін. Ол тәрбиешінің бақылаумен жүзеге асады. Оның түрлері мен ұзақтығы балалардың қабілеті мен қажеттіліктеріне байланысты.
Оқу іс-әрекеті әдістемесінің ерекшеліктері. Дене тәрбиесін оқыту әрбір жастағы топтарға арнайы дайындалған түрде беріледі. Нәрестелік және төменгі топтардағы тапсырмалар баланы қызықтыратындай болуы керек, яғни нәтижесі көрінуі қажет. Бала қызығуын арттыру үшін халық ойындарын қолданған дұрыс. Ортаңғы топта үйрету өзіндік ерекшелікке ие. Балалар үлкен төзімділік көрсетіп, қимылды есте сақтауға тырысады. Сондықтан тәрбиеші тапсырманы аса жақсы түсіндіреді.
Жоғарғы дайындық топтарда тәрбиеші жаттығуды әрдайым орындап, көрсете бермейді. Үйрету өткен оқу іс-әрекетімен, салыстыру, талдау, талқылау арқылы түсіндіріледі. Бұл топтарда көбінесе дербес жұмыс істеген жөн.
Музыкамен өткізілген жаттығу оқушы ынта - ықыласын арттырады және баланың темп пен ырғақты қабылдауына көмектеседі.
С. Қайжанов., Б.Төтенов., Ж. Қаблановтың еңбектерінде дене тәрбиесі құзіреттілігі салауатты өмір салтын ұстану ниеті мен қызығушылығының артуына байланысты -- қажетті гигиеналық шараларды, күн тәртібін орындау,
қимыл-қозғалыс белсенділігін реттеу, қозғалысын жетілдіру сияқты әрекеттерден көрініс береді [9,10,11]..
Бес жасар баланың эмоционалдылығы қуану, ренжу, қанағаттану, өкпелеу сияқты түрлі сезімдік жағдайларын көптеген амал-тәсілдер арқылы білдіру ерекшелігімен сипатталады. Адамгершілік қасиеттерінің біреуді аяу, оның жағдайын түсіну сияқты сезімдері бала бойында қалыптаса бастайды.
Баланың еріктілігі қоғамда қалыптасқан нормалармен, мысалы, бастаған істі аяқтау (конструктор құрастыру, ойыншықтарды жинау, ойын ережелерін есте сақтап, өлеңдер мен ән сөздерін жаттау), өз іс-әрекетін сәйкестендіруден басталады.
Тәрбиеші алдын ала балалардың білім деңгейі мен тәрбие жұмыстарын жоспарлау құжаттарымен мұқият танысады.
1) Әр топтың жылдық кестесі балабақшан ың жабдықталуына, жергілікті ауа райына, әр жыл мезгілінде бағдарламаның өтетін бөліміне, спорттың түрлеріне бөлінген сағат санына байланысты құрастырылады .
2) Оқу іс-әрекетінің жылдық жоспары.
3) Күнтізбелік жоспар.
4) Оқу іс-әрекетінің мазмұндама жоспары.
5) Сынақ алу құжаттары.
Жылдық жоспар өз кезегімен өтілетін оқу бағдарламасының құжаты әрбір 2-топқа және жас ерекшелігі тең топтарға жүргізіледі. 1-ден оқулықтың мүмкінділігімен жаттығу өтілетін жер жағдайына байланысты таңдау жасап, олардың бағдарлама талаптарына сәйкес, сағатын біліп алып, сол оқу жылына бағдарламалық бөлімдерінен өтілетін құжаттан сағаттар саны құрылады. Кейбір жағдайлардың болмауына байланысты дене тәрбие тәрбиеші балабақша басшыларымен келісе отырып, бағдарламаның бөлімдеріндегі берілген сағатты өзгертуіне болады. Бағдарламаға байланысты әрбір топқа дене тәрбиесі мынандай бөлімдерден тұрады:
1) білім негіздері
2) дағды
3) балаларга қойылатын талаптар
4) дағдыны іскерлікті дамыту мақсатында оқу көрсеткіштері . Білім негіздері төмендегідей тақырыптарга топтастырылады:
Дене тәрбиесі мен спорттың маңызы, дене жаттығуының ағзаға тигізетін әсері, гигиена талаптары, оқу іс-әрекеті барысында тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау, дене жаттығуын өз бетінше істей алу және жолдастарына жүргізе білу. Бастауыш топтарда, гимнастика, қозғалмалы ойындар, ұлттық ойындар және жеңіл атлетика сабағының ең қарапайым түрлері қолданылады.
Топ
БАҒДАРЛАМА БӨЛІМІ
1- бөлім.
2-бөлім.
3- бөлім.
4 -- бөлім
І
1-19
1-14
1-20
1-15
Жеңіл атлетика.
1-10
1-10
Гимнастика.
1-14
Қозғал. ойындар.
11-12
1-20
Ұлттық ойындар.
13-19
11-15
ІІ
Жеңіл атлетика.
1-11
7-15
Дала жүрісі.
12-15
3-6
III
Гимнастика.
1-8
Спорттық ойындар.
9-14
1-18
Ұлттық ойындар.
16-19
19-20
1-2
IV
Жеңіл атлетика.
1-11
7-15
Дала жүрісі.
12-15
3-6
Гимнастика.
1-6
Спорттық ойындар.
7-14
1-20
Ұлттық ойындар
16-19
1-2
4.1 Балабақша балаларына арналған дене тәрбиесі бағдарламасын талдау
Қозғалысты дамыту бөлімі дене шынықтыру деп аталады, нормативті талаптар едәуір жоғарылатылған: олар қысқа қашықтыққа жүгіру,допты алысқа лақтыру түрлері, қос аяқпен ұзындыққа секіру және т.б. Бұлшық еттің түрлі топтарын дамыту үшін нақты жаттығулар ұсынылды.
Зерттеу барысында дене дайындығы бойынша нормативтерінде аз өзгерістер бастауыш сынып оқушыларының дене дайындығына едәуір жоғары талаптар қойылып келеді.
Бәріне белгілі, дене қасиеттерінің дамуы қозғалыс дағдыларына едәуір тез үйренуіне жағдай жасайды .
Бастауыш сынып оқушыларының балалардың дене жағынан қалыптасу қасиеттерінің дамуы, қозғалыс дағдыларын меңгеруі айқындалады.
Бастауыш сынып оқушыларының қол жеткізген қозғалыс қасиеттерінің даму деңгейі ерекше болады. Бірақ эстетикалық және дене тәрбиесі бастауыш сынып оқушыларында байқалады. Мамандардың пікірінше бастауыш сынып оқушыларының сабақтастығы оқыту әдістері мен жағдайларының максималды жақындасуы, нормативтік және дидактикалық мазмұнды бірте-бірте жақындастырады.
Дене тәрбиесі бойынша бағдарламаға жасалған талдау екі бағыт бойынша жүргізіледі, балалардың қозғалу белсенділігінің нормалары мысалы (бастауыш сынып оқушыларының балалары күніне 120 минут, ал 6 жасар балаларда 120 минут аптасына келеді.
Өкінішке орай, балалардың Дене тәрбиесі бойынша бағдарламасының көп талаптары Бастауыш сынып оқушыларының дене шынықтыру бағдарламасының қозғалу әрекеттерін қайталайды және жиі оларды орындау сапасына талаптар қояды.
Әрбір жастағы топтарының алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру сапасы нақты нормативті талаптарды орындау нәтижелері бойынша бағаланады.
Бастауыш сынып оқушыларының қойылған нормативті талаптарды арнайы дайындықсыз балалардың 70-90% орындай алады.
Бастауыш сынып оқушыларының және мектепте білім берудің сабақтастығын едәуір тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Әдебиеттерді талдау нәтижесінде келесі қорытындылар жасауға болады:
oo бастауыш сынып оқушыларының дене дамуы мен дене дайындығын зерттеу проблемасын өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу ісінде, бала ағзасының ауруларға қарсыласуын күшейту мен жоғарылатуда, балалардың дене дамуын жақсартуда маңызды міндеттердің бірі болып қалуда;
oo отандық мамандардың дене дамуы мен дене дайындығы мәліметтері соңғы жылдардағы, әсіресе тәуелсіздік алғалы бері, 4-5 жастағы балалардың дене дайындығының көрсеткіштері болды,
oo дене шынықтыру жаттығуларының мазмұны мен әдістемесімен байланысты бірқатар шешілмеген мәселелер бар: мысалы, оқу іс-әрекетінің негізгі бөлімінің мазмұны мен жоспары, ойын және жарыс жағдайларында қозғалыс қызметтерін дамытуға кешенді жаттығуларды қолдану мүмкіндігі;
oo ойын және жарыс жағдайларында қозғалыс қызметтерін дамытудағы саны;
4-5 жастағы балалардың дене тәрбиесінде ойын және жарыс әдістерін қолдану үрдісінде қозғалыс қасиеттерін оқыту мен тәрбиелеуге бөлінген уақыт байланысы болады. Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесін ұйымдастыруды жақсартуға мүмкіндік береді, мектеп оқушыларының дене тәрбиесі бойынша оқу үрдісінің құралдарына, формаларына, әдістеріне, мазмұнына қажетті сабақтастықты құрай отырып және жалпы балалардың, үздіксіз дене тәрбиесі мен айналысуына жағдай жасалады.
Осы жұмыста жоғарыда көрсетілген кейбір мәселелердің Е.Сағындықов еңбектерінде шешімдері қарастырылады[12].
Жоғары қозғалыс белсенділікпен қиындатылған бағыттармен күнделікті серуендер дене дайындығының нәтижелерінің жоғары өсуін қамтамасыз еткендігі анықталған. Қозғалыс тәртіптерін оптимизациялау мақсатымен тәуліктік локомоциялар көлемі айқындалған. Қозғалыс белсенділігінің тәуліктік нормасы анықталған. Алайда оның көлемі едәуір қобалжуы мүмкін, бұл көптеген факторларға ( құрал-жабдық, педагогтың біліктілік деңгейі мен басқа)
ересек топтағы ұлдар мен қыздардың қозғалыс белсенділігінің көлемі арасында бірқатар жағдайларда айырмашылықтар белгіленбегенін атап өту керек.
Осылайша 4-5 жастағы балалармен жаттығу жүйесінде ұйымдастырылатын жоғары қозғалыс тәртібі дене дамуы мен дененің дайындық көрсеткіштеріне жағымды әсер етеді.
Рационалды қозғалыс шығындары жағдайында балалардың фунционалды мүмкіндіктері, қозғалыс тәртібі шегіндегі, мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың дене дайындығы көрсеткіштерінен едәуір жоғары болады.
Осының бәрін 4-5 жастағы балалармен дене шынықтыру сабағы бойынша жаттығу жүйесін ұйымдастыру барысында ескеру қажет. Рационалды қозғалыс тәртібін әзірлеп, өңдеу үшін балалардың нақты қозғалыс қасиеттерін тәрбиелеу үшін едәуір жағымды жас кезеңдерін білуді қажет етеді.
Сондықтан соңғы жылдары көптеген мамандардың күштері осы маңызды педагогикалық міндетті шешуге бағытталған еді [13].
Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі сабағында ойын және жарыс әдістерін қолдану жолымен дене дамуының екпінді әдістемесі құрылды.
Жас саны бойынша балалардың негізгі қозғалыс қасиеттерін бөлу мінездемесін қарастырсақ, 5 жастағы балалар үшін алдыңғы дене жағынан қалыптасудың қасиеттерін атап өтуге болады: шапшаңдылық және жылдамдылық-күшті қабілеттер, 8 жастағылар үшін күш көрсеткіштері және қозғалыс шапшаңдылығы тән. Осы барлық дене жағынан қалыптасудың қасиеттерінде 4 жастағы балаларда да қозғалыс байқалады . Осы жастағы балаларда жоғарыда айтылған қасиеттерінен басқа, төзімділік те жақсы тәрбиеленеді. Мамандардың айтуынша, осы жастағы жалпы төзімділік көрсеткіші, ұлдарға қарағанда, қыздарда жоғары. Өкінішке орай, икемділік, тепе- теңдік және ептілік көрсеткіштерінің қарқыны өте баяу деуге болады. Сонымен координациялық қабілеттері қалыптасуы үшін едәуір жағымды болатын жас бұл мектеп жасына дейінгі балалардың ересек тобы болады. Бірақ бұл қабілеттер 5 жастағы балалардың жүйелі жаттығулар жағдайында ғана тез дамуы мүмкін [14].
4.2 Балабақша балаларының дене дайындығы
Дене дайындығы қозғалыс қасиеттерінің - жылдамдықтың, күштің, ептіліктің, төзімділіктің, икемділіктің, тепе - теңдіктің тиімді деңгейін түрлі жаттығулармен бір уақытта жасау білігі ретінде анықталады.
Балалардың түрлі жақтары қозғалыстың негізгі түрлерін: жүгіру, допты ұстап, алып жүру, қос аяқтап секіру, кішкене допты лақтыру, мінбеге шығу, енгізетін қозғалыс тапсырмаларының кешенінің көмегімен, тағы сол сияқты нақты қозғалыс қасиеттерінің даму деңгейін анықтайтын арнайы бақылау тапсырмаларының нәтижелері бойынша бағаланады.
Түрлі мамандардың жиі қолданатын бастауыш сынып балаларының дене дайындығын мінездейтін тестілер бойынша сынақтар нәтижелері жалпыланған.
2 кесте . 4-5 жас аралығындағы балалардың дене дайындығы көрсеткіштері
Жынысы
Жасы (жылдарда)
4-5
4
4-6
86
91
80
83
Ұ
Қ
93,9
89,6
106
97
124
111
Ұ
Қ
91,8
80,0
97
88
108
101
кішкене допты алысқа лақтыру (м, см)
Ұ Қ
5,00
3,15
6,60
3,80
8,90
4,79
Ұ
Қ
9,70
4,80
13,80
8,10
15,00
10,00
Ұ
Қ
5,30
3,70
7,30
5,10
9,40
6,00
Ұ
Қ
7,81
5,51
11,20
7,06
13,60
8,29
Ұ
Қ
8,70
6,00
13,30
9,70
-
-
Ұ
Қ
4,80
3,70
6,15
4,40
8,00
5,40
50 метр қашықтыққа жүгіру жылдамдығын мінездейтін нәтижелер талдауы көрсеткіштердің шамалы жоғарылағаны туралы айтуға болады.
Айтылған тенденция орнынан қос аяқтап ұзындыққа секіру көрсеткіштер мәліметтері бойынша да анықталған. Соңғы жылдарда балалар осы тест бойынша (5-10 см) ,2021-2022 жылдардағы балалармен салыстырғанда едәуір нәтижелері болды. Алайда, соңғы жылдары 4-5 жастағы балалардың дене дайындығы деңгейін анықтау мақсатымен жасалған бұқаралық зерттеулер, орнынан қос аяқтап ұзындыққа секіру нәтижелерінің ұлдарда 6-15 см, қыздарда 4-10 см төмендегенін көрсетеді.
Соңғы жылдары 4-5 жастағы балалардың дене дайындығы қарқынын мінездейтін нәтижелерді талдау барысында ең алдымен, Бастауыш сынып балаларының көрсеткіштерінде едәуір айырмашылық бар фактісі өзіне назар аудартады.
Бұл фактілер бастауыш сынып бағдарламасында парасаттылық және дене жүктемеге бөлінген, осы жастағы балалар үшін уақыттың едәуір ұлғаюы есебімен түсіндіріледі.
Мұнда балалардың қозғалу ережелеріне арналған зерттеу нәтижесінде алынған дене дайындығы көрсеткіштеріне жүгіну орынды деп айтуға болады.
Балалардың күнделікті дене шынықтыру жаттығуларының арнайы өңделген жүйесіне сәйкес 50 метр жүгіру нәтижелері жоғарылаған: 4-5 жастағы ұлдар мен қыздарда 0,4 секундке. Орнынан қос аяқтап ұзындыққа секіру бойынша 5 жастағы балалардың екі жынысында да нәтижелерінің жоғарылауын 5- 8 см, 4 жастыларда - 5 - 10см құрайды. 5 жастағы балалардың нәтижелерінің жоғарылауы ауытқымалы төмен, бұл 5 жастағы балалардың жасына жетпей, табиғи қозғалу белсенділігінің 8 жастағылармен айырмашылығының аздығы.
Осылайша балалардың дене дайындығын мінездейтін зерттеу мәліметтерді талдау нәтижелері соңғы жылдар бойы 7-1 0жастағы балалардың қозғалыс деңгейлерінің төмендеуін білдіретін, анық көрінетін, өсуге ықтимал тенденциясы туралы айтуға болады.
Мүмкін осы фактіні ескере отырып, мамандардың 4-5 жастағы балалардың дене тәрбиесінің практикасына қимыл-қозғалыстың түрлі жақтары мен жалпы мектепте дене тәрбиесі сабағы жүйесін тиімді жетілдіруге жағдай жасайтын әр түрлі құралдар, формалар мен әдістерді өңдеп, енгізіп жатыр.
Келесі бөлімдерде дене тәрбиесінің түрлі аспектілерін жоғарылату мақсатында соңғы жылдары біздің республикада жасалған негізгі еңбектерді қарастыру әрекеттері жасалған [15].
Жеке айтқанда, едәуір кең зерттеулер келесі мақсатпен өткізілген:
oo 4-6 жастағы балалардың қозғалыс тәртібін жүйелеу;
oo қимыл-қозғалыстың түрлі жақтарының дамуында сенсетивті кезеңдерін орнату;
oo Бастауыш сынып оқушыларының дене дайындығын тиімді жетілдіруге мүмкіндік беретін әдістерді өңдеу.
2 ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЖОСПАРЫНЫҢ МӘНІ
2.1 Балабақшада оқу жұмысына талдау жасаудың рөлі
Адамның күш-жігері негізінде игерілетін кәсіби іс-әрекет оның қабілеті, сұранысы, дарындылығы мен мүмкіндіктерінің даму деңгейінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz