Пәнаралық байланыстардың функциялары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Мектептің алдына қойған ең негізгі мақсаттардың бірі - ғылым негіздерін оқытудың ғылыми деңгейін арттыру. Бұл мақсаттың орындалуы мектеп курсының мазмұнына, оқу үдерісінің ұйымдастырылуына, оқытудағы қолданылатын әдістер мен әдістемелік тәсілдердің тиімділігіне байланысты. Сонымен қатар осы міндеттің орындалуына пәнаралық байланыстардың алатын орны ерекше. Қазіргі заманғы ғылымның барлық бағыттары өзара тығыз байланыста, сондықтан да мектептегі оқу пәндері де бір-бірімен байланысты. Пәнаралық байланыс мектепте ғылым негізін терең, әрі жан жақты меңгерудің құралы және дидактикалық шарты болып табылады. Мектеп математика курсындағы пәнаралық байланыстарды анықтау білімді терең игеруге, ғылыми көзқарасты, материалдық дүниенің бірлігін, табиғат пен қоғамдағы құбылыстардың өзара байланысын қалыптастырады. Мұның өте үлкен тәрбиелік мәні бар. Сонымен қатар оқушылардың ғылыми білім деңгейін жоғарлатады, олардың шығармашылық қабілеттерін және логикалық ойлау қабілетін дамытады. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру материалды оқуда қайталауды жояды, уақыт үнемдейді және оқушылардың жалпы ғылыми білім мен біліктілігін қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасайды.
Қазіргі ғылымда химикке математикасыз, математикке физикасыз, химиясыз қиын болып барады. Қазіргі заманғы ғылым ерекшелігі -- әлем туралы білім синтезі - мұндай оқытуды талап етеді. Бұл оқушыларға оқу пәндеріндегі болмыс құбылыстарының өзара байланысының бейнесін көрсету үшін қажет. Пәнаралық байланыстар: біріншіден, бағдарламалар мен оқулықтар арасындағы өзара келісушілікті; екіншіден, әртүрлі пәндер мұғалімдерінің жұмыс жүйесіндегі келісушілікті және сабақ барысында заттар мен құбылыстарды жан-жақты қарастыруды; үшіншіден, басқа пәндерде игерген білімдерін қайта жаңғыртып, оларды өтілетін жаңа материалға қолдана алуға байланысты оқушылардың ойлау іс-әрекетін алдын ала ескереді. Көпжақты пәнаралық байланыстар көмегімен тек оқушыларға білім беру, дамыту және тәрбиелеу міндеттерін сапалы жаңа деңгейде шешу ғана емес, сонымен бірге нақты болмыстың күрделі мәселелерін кешенді көру және шешу үшін іргетас қаланады. Сондықтан да пәнаралық байланыстар оқушыларға білім беру мен тәрбиелеудің кешенді тәсілінің маңызды шарты және нәтижесі болып табылады.
Математика - шындық өмірдегі кеңістік формалары мен сандық қатынастарын зерттейтін ғылым. Математика тек есептеу аппаратын, табиғат заңдарының қарапайым алгебралық және тригонометриялық функциялар түрінде сипаттау тәсілдерін ғана бермейді, сонымен бірге мектеп курсының пәндерінде мектепте ғылыми оқыту деңгейін жоғарлатуға мүмкіндік беретін идеялық қатынастарды молайтады.
Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру -- оқытылатын барлық пәндерді қамтитын күрделі үдеріс. Соның ішінде, әсіресе, жаратылыстану цикліндегі пәндердің, оқушылардың санасына әлемнің біртұтастығы туралы түсінікті қалыптастырудағы маңызы ерекше. Ал табиғат құбылыстары жайлы біртұтас ғылыми көзқарасты қалыптастыру осы пәндердің арасындағы өзара байланысты жүзеге асыру арқылы мүмкін болады.
Жаратылыстану-математика цикліндегі пәндерді оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру, әсіресе, осы пәндердің мазмұнын жаңарту жағдайында өзекті мәселеге айналып отыр. Себебі, бұл пәндердің өзара байланысы оқу материалының мазмұны мен оның өтілу ретін анықтаудағы аса маңызды белгісі болып табылады.
Қазіргі кеңейіп келе жатқан ғылымды математизациялау процесі мектептегі математиканы оқытуға айтарлықтай әсер етеді. Оқушыларды математикаға оқытқанда мұғалім ең алдымен, математиканың пайда болу көзі нақты дүние екенін және біздің математикадан алған біліміміз практикада қолдану нәтижесінде осы нақты дүниеге қайта оралатынын көрсету мақсатын қоюы керек. Осы білім қаншалықты терең әрі кең болса, соншалықты оның өмірге ену дәрежесі кең болады.
Математикалық білімнің басқа сәйкес пәндерді оқытудағы маңыздылығы және сабақта шығарылатын есептердің қолданбалық сипаты туралы көп айтылғанымен, сәйкес пәндердің материалын және математика курсының есептерін қарастырсақ, бұл сұрақтың әлі де ашық тұрғанын байқауға болады.
Қазіргі кезеңде математиканың пәнаралық байланысының мағыздылығын ұғыну ерекшелігі - бұл оқушылардың тіптен әртүрлі білімді, сонымен бірге математика туралы, математиканың техникада, жаратылыстану, гуманитарлық ғылымдарда, экономикадағы және т.с.с. ролі туралы, әртүрлі дереккөздерден - газет, журнал, теледидар, ғаламтордан - алатыны. Оқушылар математика сабақтарында алған білімдерін естіп-оқығандарымен салыстырып, сабақта оқыған үстірт және абстрактілі математика мен қазіргі ғылымның нақты проблемаларының арасындағы байланысты көрмейді.
Таңдалған тақырыптың өзектілігі пәнаралық байланыстың педагогикалық мәнділігімен, негізгі мектеп математика курсын оқытуда пәнаралық байланысты орнатудың нақты қажеттілігімен шартталады.

ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕСІНІҢ МАҚСАТЫ

1.1. Пәнаралық байланыс түрлері және математиканы оқытудағы
функциялары.

Педагогикалық әдебиеттерде пәнаралық байланыс категориясына 30-дан артық анықтама бар, олардыңыпедагогикалық бағасының әртүрлі жолдары және әртүрлі классификациясы бар.
Осылайша, көптеген авторлар пәнаралық байланысты дидактикалық шарт ретінде анықтайды, бірақ әр авторда бұлашарт әртүрлі түсіндіріледі. Мысалы, пәнаралықыбайланыстар оқу процесінің тиімділігін арттырудың дидактикалық шарттарының рөлін атқарадыы(В.Н.Максимова); пәнаралық байланыстар бұл мектептіңығылыми-жаратылыстану пәндерінің мазмұнында, табиғаттаыкездесетін объективті өзара байланыстардың бейнеленуінықамтамасызыететіныдидак тикалықышарты(Г.Ф.Федорец).
Көптеген авторлар пәнаралық байланыстарға келесі анықтама береді:
Пәнаралық байланыстар бұл басқа пәндерде ашылатын оның логикалық
құрылымын, белгілерін және түсініктерін ескере отырып құрылған курстағы
бейнелеу, немесе мынадай: Пәнаралық байланыстар табиғатта
объективті әрекет жасайтын және қазіргі ғылымдармен танылатын диалектикалық өзара байланыстарының оқу пәндер мазмұнындағы бейнесі болыпытабылады.
Жоғарыда аталып өтілген анықтамалардың барлығы да дұрыс, бірақ олар толық емес. Пәнаралық байланыс ұғымының дұрыс және информациялық анықтамасын шығару үшін, бұл ұғымның көлемін кеңейтіп, мазмұнын тереңдету керек. Пәнаралық байланыс категориясына қатысты ұғымның тегі ғылымаралық байланыс ұғымы болып табылады, бірақ біріншісі де, екіншісі де философиялық категория ретінде жалпы тектік байланыс ұғымының туындысы болып табылады. Осыларды ескере отырып, мынадай анықтама беруге болады: пәнаралық байланыстар оқу-тәрбиелеу процесінің мазмұнында, формасы мен әдістерінде өз бейнесін тапқан және білім беру, дамыту және тәрбиелеу функцияларын атқаратын нақты болмыс объектілері, құбылыстары және процестерінің арасындағы синтездеуге, интегралдауға ұшырайтын қарым-қатынастарды бейнелейтін педагогикалық категорияыболыпытабылады.
Пәнаралық байланыстардың функциялары:
1. Әдіснамалық - тек оның негізінде оқушыларда табиғатқа деген диалектика-материалистік көзқарас, оның дамуы мен тұтастығы туралы түсінік қалыптасуы мүмкін, өйткені пәнаралық байланыстар қазіргі жаратылыстануыәдіснамасыныңыоқытуда ыбейнеленуінықамтамасызыетеді;
2. Білім беру - соның көмегімен мұғалім оқушыларда жүйелілік, тереңдік, жете түсінушілік сияқты жеке білім қабілеттерін дамытады. Пәнаралық байланыстар жаратылыстану ғылымдарының түсініктерін дамыту құралы ретінде орын алады, олардың арасындағы байланыстары игеруге мүмкіндікытуғызады;
3. Дамыту - оқушылардың жүйелі және шығармашылық ойлауында, табиғатты танымында олардың танымдық белсенділігін, дербестігін және
қызығушылығын қалыптастырудағы рөлі анықталады. Пәнаралық байланыстар ойлаудың пәндік енжарлығын жоюға және оқушылардың ой өрісіныкеңейтугеыкөмектеседі;
4. Тәрбиелеу - оқытуда оқушыларды барлық бағытта тәрбиелеуге
жәрдемдеседі. Мұғалім басқа пәндермен байланыстарға сүйене отырып
тәрбиелеудің кешенді жолын жүзеге асырады, идеялы-тәрбиелік және
политехникалықыбағыттылықтыыжоғарыл атады;
5. Конструктивтік - бұл функцияның көмегімен мұғалім оқу материалының мазмұнын, білім беруді ұйымдастырудың әдістері мен формаларыныжетілдіреді.
Пәнаралық байланысты жүзеге асыру мұғалімдермен пәндер мен оқу және сабақтан тыс жұмыстардың кешенді түрлерін бірлесіп жоспарлауды талапыетеді.
Пәнаралық байланыстың мәні:
- сабаққа деген қызығушылықты арттыруға жағдай жасайды;
- пәнге деген қызығушылықты арттырады;
- сыбайлас облыстардың білімдерінің арасындағы қызығушылықты тереңдетеді;
- танымдық іскерліктер өзгереді:
а) оқу жұмысының жалпы пәндік іскерліктері дамиды;
б) сыбайлас пәндерде оқылатын материалды талдай алу, салыстыру іскерлігі жетілдіріледі;
в) білім мен іскерлікті бір пәннен басқа пәнге көшіру іскерлігі қалыптасады;
г) бағалай алу іскерлігі қалыптасады, яғни практикалық есептерді шығару үшін бірнеше пәндердің арасынан қажетті білімді таңдау және
қолданаыалуыіскерлігі.
Пәнаралық байланыстардың педагогикалық функциялары туралы алуан түрлі пікір айтулар олардың нақты оқу процесінде көпжақты көріністерімен
түсіндіріледі. Сонымен қатар педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
жеткіліксіз есепке алынғаны білінеді. Пәнаралық байланыстар оқушыларды технологиялық оқыту мен тәрбиелеудің кешенді жолының маңызды шарты және нәтижесі болып табылады. Өз пәнін ғана білу шығармашылық оқытудың жақсы мүмкіндіктерін бермейді. Әр педагог оқудағы белсенділікті орнатуынан сабақтың, дәрістің, әңгіменің, кез келген тәрбиелік іс-шараның жетістігі тәуелді болатынын жақсы біледі. Оқушылардың белсенді ісәрекетінеыәкелетінықызығушылықтыы орнатуықажет.
Ғылымның басқа облыстарының білімін практикада қолдануға байланыстаыоқушылардыңыіскерліктері ынақтыланады.
Пәнаралық байланыстар мәселесі әркімнің жұмысындағы бастауыш болып табылатын жалпы білім беретін орта мектептердің ортақ мақсаттарымен тығыз байланысты. Ең біріншіден, бұл дүниетанымының қалыптасуы. Мектептегі пәнаралық байланыстар осы заманда ғылымда және қоғам өмірінде болып жатқан интеграциялық процестердің нақты көрсеткіші болып табылады. Бұл байланыстар оқушылардың практикалық және ғылыми-теориялық дайындығын жоғарылатуда маңызды роль атқарады. Жан-жақты пәнаралық байланыстар көмегімен нақты шындықтың күрделі проблемаларыныкешендіыкөре алуға, келуге және шешуге іргетас салынады.
Пәнаралық байланыстар мақсаты оқушыларды әр түрлі пәндерден алған білімдерін жаңа мәселелерді шешуде өз бетімен қолдана алуға үйрету болыпытабылады.Ы
Сонымен қатар пәнаралық байланыстар осы заманғы өндірістің жалпы
ғылыми негіздерін аша отырып оқытудың политехникалық бағыттылығын
жоғарылатып қана қоймайды. Бір мезгілде оқушылардың рационалды ойлау
қабілеттері дамиды, олардың білімге және еңбекке, техникамен жұмыс істеугеықызығушылықтарыыжоғарылайды .Ы
Пәнаралық байланыстар бір оқу пәнінің басқа оқу пәнінің алдында тұрған мәселелерді шешудің құралы болуын қамтамасыз етеді.Ы
Пәнаралық байланыстардың классификациясын қарастырайық, өйткені
жіктелетін түсініктердің даму заңдылықтарын бейнелеп дұрыс жіктеу олардың арасындағы байланыстарды ашады, осы байланыстардың оқу процесінде жүзеге асырылуының ғылыми-практикалық алғышарттарын құруғаымүмкіндікыбереді.Ы
Пәнаралық байланыстар алдымен өз құрылымымен сипатталады, ал пәннің ішкі құрылымы оның формасы болғандықтан, біз келесі байланыс түрлеріныбөліпыкөрсетеыаламыз:Ы

1. Құрылымы бойынша:Ы

1) мазмұнды Ғылымның әдістемесі, теориясы, айғақтары, түсініктері, заңдылықтары бойынша;Ы
2) операциялық Қалыптасатын дағдылар, іскерліктер және ойлау операциялары бойынша;Ы
3) әдістемелік Педагогикалық әдістер мен тәсілдерді қолдану бойынша;Ы
4) ұйымдастырушылық Оқу-тәрбиелік процесті ұйымдастыру формалары мен тәсілдері бойынша;Ы

2. Іс-әрекет бағыты бойынша:Ы

1) Бір жақты;Ы 2) Екі жақты;Ы 3) Көп жақты;Ы

3. бағыттауыш элементтердің өзара іс-әрекет тәсілі бойынша:Ы

1) хронологиялық;Ы 2) хронометрикалық.Ы
Пәнаралық байланыстар құрылымы бойынша нақты бір тақырыпты өткенде басқа оқу пәнінен басқа түрге айналатынын көрсетеді. Пәнаралық байланыстар бағыты бойынша қарастырылады:
1) бір, екі немесе бірнеше оқу пәндері бойынша пәнаралық негізде оқылатын нақты қарастырылатын оқу тақырыбына байланысты пәнаралық ақпараттың қайнар көзі болып табылады.
2) Пәнаралық ақпарат тек базалық оқу пәнінің тақырыбын оқығанда ғана (тура байланыс) қолданылады, немесе берілген тақырып басқа тақырыптар, мектептің оқу жоспарындағы басқа пәндері үшін ақпаратты жеткізуші болып табылады (кері немесе қалпына келтіруші байланыс).
Бағыттауыш элементтердің өзара іс-әрекет тәсілі бойынша пәнаралық
байланыстар:
1) басқа пәндерден қандай қажетті білімдерді оқушылар меңгерді, ал
қандай материалды болашақта оқулары қажет (хронологиялық байланыстар);
2) пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру процесінде қандай тақырыптар оқу мерзіміне сәйкес бастаушы, ал қандайы жетектеулі болып табылады (хронологиялық синхронды байланыстар);
3) пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру процесінде тақырыптардың өзара байланысының ұзақтығын (хронометрикалық байланыстар) көрсетеді.
Уақыт факторы:Ы
1) басқа пәндерден қандай қажетті білімдерді оқушылар меңгерді, ал қандай материалды болашақта оқулары қажет (хронологиялық байланыстар);
2) пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру процесінде қандай тақырыптар оқу мерзіміне сәйкес бастаушы, ал қандайы жетектеулі болып табылады (хронологиялық синхронды байланыстар);Ы
3) пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру процесінде тақырыптардың өзара байланысының ұзақтығын (хронометрикалық байланыстар) көрсетеді.
Жоғарыда көрсетілген пәнаралық байланыстар классификациясы курсішілік байланыстардың классификациясын аналогиялық түрде жүргізуге мүмкіндік береді (мысалы, физика, математика, информатиканың физика курсы арасындағы; органикалық және неорганикалық химия мен химия курсының арасындағы байланыстар), сонымен қатар белгілі бір пәннің тақырыптарының арасындағы пәнішілік байланыс. Курсішілік және пәнішілік байланыстарда хронологиялық түрден орын басцшылық және перспективалы байланыс түрлері басым, синхронды түрі шектеулі, ал пәнішілікыбайланыстардаысинхрондыыт үріымүлдемыжоқ.Ы

1.2. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың жолдары мен әдістері.

Оқу тақырыбының пәнаралық байланысының теориялық негіздерін құру оқытылатын пәннің нақты тақырыптарына пәнаралық байланыстарды анықтау және жоспарлау механизмін қолдануға мүмкіндік береді.
Математика мұғалімі бұрын алынған білімнің мағынасы түсінілуін талап ететін жүйені құруда, олардың математика сабақтарында жүзеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәнаралық байланыс функциялары
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда пәнаралық байланыстардың маңыздылығын түсіну
Биологияны оқытудағы пәнаралық байланыстар
Биологияны оқытуда пәнаралық байланыстардың қызметтері
Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды арттыру
Пәндердің интеграция деңгейлері
Ағылшын тілі мен пәнаралық байланыстың маңызы
Бастауыш сынып жастағы оқушыларды оқыту процесінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру мәселелері
Пәнаралық байланыстардың дидактикалық міндеттері
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ
Пәндер