Тұрақты даму моделіндегі биологиялық саналуандылық тұрғысындағы экософияның орны
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғарғы білім министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды университеті
Б.Қ. Тұрар

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
7М05101 - Биология білім беру бағдарламасы
Қарағанды қ.
2023
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғарғы білім министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды университеті
Қорғауға жіберілді
Зоология кафедрасының меңгерушісі
______________А.Ж. Шайбек
7М05101 - Биология білім беру бағдарламасы бойынша

тақырыбындағы
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
Ізденетін дәреже: магистр
Орындаған: магистрант Б.Қ. Тұрар
_________________
Ғылыми жетекші: PhD.,профессор
Мырзабаев А.Б.
_________________
Қарағанды қ.
2023
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 Экософия ұғымының биологиялық саналуандылық және тұрақты даму тұжырымдамасындағы (моделіндегі) рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Экософия ұғымының негізгі идеясы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Экософияның биологиялық саналуандылық және тұрақты даму моделіндегі перспективасы (маңызы) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2 Тұрақты даму моделіндегі биологиялық саналуандылық тұрғысындағы экософияның ғылыми-педагогикалық аспектілері және жүйесі ... ... ... ... ...
2.1 Білім беру процессіндегі экософиялық технологияларды қолданудың ғылыми-педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Экософиялық технологиялар арқылы тұрақты даму және биоалуандылық шеңберінде құзыреттілік қалыптастырудың әдістемелік негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3 Эксперименталды бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1 Өткізілген зерттеу әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Зерттеу жұмысының нәтижелерін зерделеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі
Диссертациялық еңбекте тұрақты даму моделіндегі биологиялық саналуандылық тұрғысындағы экософиялық технологиялардың маңызы қарастырылады.
Қазіргі қоғамның құбылмалы жағдайындағы сан сұрақтар тудырып отырған көкейкесті сауалдарының бірі - ол әрине экологиялық мәселелер. Нақтырақ айтар болсақ, сондай экология аясындағы мәселе, ол - тұрақты даму шеңберіндегі биологиялық саналуандылық проблематикасы. Биологиялық түрлік алуандылықты сақтау әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы елдерінің қазіргі таңдағы экологиялық заңнамасының басты міндеттердің бірі болып табылуда. Нақты статистикалық деректер мен фактілер Жер бетіндегі биологиялық алуандылықтың азайып бара жатқанын және сонымен қатар өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің жойылып кетуінің үрейлі тенденциясы белең алып отырғанын көрсетеді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму жөніндегі конференциясының алдында жарияланған (Рио-де-Жанейро, 2012) Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының "тірі ғаламшар" баяндамасында 1970 жылдан 2008 жылға дейін Жердегі биологиялық ресурстар 28% - ға төмендегені атап өтілді. Жақын арада бұл тізімге тірі организмдердің тағы 10 000 түрі қосылуы мүмкін. Бұл түрлердің алтыншы (плейстоцендік) жаппай жойылуының басталуы туралы айтуға негіз береді деп пайымдасам болады. Бірақ бұл табиғи себептермен емес, адамның іс-әрекетінің, яғни антропогендік кері әсер нәтижесінде ушығуда. Аталмыш және қосымша деректерге сай биологиялық түрлердің жойылу жылдамдығымен (күніне 40 түр) қазіргі биотаның 96 % жойылуы үшін небәрі 16 мың жыл қажет болады. Биологиялық түрлер алуандылығының төмендеуінің негізгі себептері ретінде фауна объектілерінің мекендейтін жерлерін жою немесе тұрақ ретінде жарамыз жағдайға дейін ластау, жануарлар дүниесі объектілерінің табиғи популяцияларын шамадан тыс төмендету және жою (оның ішінде аң аулау және балық аулау арқылы) және бөтен түрлерді енгізу, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер ауруларының жаңа түрлерінің пайда болуы болып саналады. Биологиялық әртүрлілік деңгейінің төмендеуі экологиялық жүйелердің деградациясына әкеледі, ал бұл жайт осы қауіпті тенденцияның басты себепкері - адамзатқа әсер етіп, оның өміріне орасан қауіп төндіреді [1].
Соңғы жылдықта биоалуантүрлілік тек биолог мамандарының ғана емес, экономисттердің, саясаткерлердің, тіпті философия өкілдерінің, сонымен қатар, биологиялық алуантүрлілікті антропогендік тұрғыда деградацияға ұшырауына байланысты қоғамның да назарынан тыс қалып отырған жоқ. БҰҰ - ның қоршаған ортаны қорғау туралы бағдарламасында 1995 жылғы Биологиялық алуантүрлілікке ауқымды баға беру аттты жариялымында қазіргі кезде жойылып кету қаупі төнген 30 мыңнан астап жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркелген. Соңғы 400 жылда 484 жануар мен 654 өсімдік түрлері қайта қалпына келместей жойылып кеткен. [2]. Жойылуының негізгі себептері:
Халық санының және экономиканың қарқынды өсуі Жер бетін мекен ететін тірі организмдердің және экожүйелердің тіршілігіне елеулі әсер етеді;
Адамдардың миграциясының өсуі мен халықаралық сауда саттық пен туризм саласының дамуы;
Табиғи су көздерінің топырақ жамылғысының және ауаның ластануы;
Тірі организмдердің жойылуына әсер ететін факторлардың ұзақ уақыт бойы елеусіз қалуы;
Нарықтық экономикалық жағдайында биологиялық алуантүрліліктің нақты бағасын беріп, оның жойылу қаупін дұрыс анықтауға мүмкіндік бермейді [3].
Осы факторларды ескере отыра, тірі организмдердің алуантүрлілігін сақтау қажеттігі адамзаттың негізгі міндеті болып отыр.
Осы келеңсіздіктерге байланысты әлемнің барлық елдері биологиялық түрлердің жойылу қарқынын азайту үшін халықаралық және ұлттық деңгейде түрлі шаралар қабылдауда. Бұған дәйек ретінде Халықаралық табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау одағының қамқорлығымен қабылданған биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі бес халықаралық конвенция, сонымен қатар биологиялық саналуандылықты сақтау шараларын 2010 жылдың 22 қыркүйегіндегі Қоршаған орта және даму туралы пактінің халықаралық төртінші басылымындағы Жалпы міндеттер бөліміне енгізуді атап айтсақ болады.
Тұрақты даму моделіндегі биологиялық саналуандылық мәселесіне арналған тағы бір негізгі халықаралық құжаттардың бірі ретін де 1992 жылғы 5 маусымдағы биологиялық алуандылық туралы конвенция. Аталмыш конвенция түр ішіндегі, түрлер арасындағы әртүрлілікті және экожүйелердің әртүрлілігін қамтиды. Конвенция биологиялық әртүрліліктің тұрақты құндылығын, сондай-ақ биологиялық әртүрлілік пен оның құрамдас бөліктерінің экологиялық, генетикалық, әлеуметтік, экономикалық, білім беру, мәдени, ғылыми, рекреациялық және эстетикалық маңыздылығын атап көрсетеді және оның табиғаттың эволюциясы мен Жер биосферасының сақталуы үшін үлкен маңызы барын нақтылайды [4].
Көптеген ғылыми орталарда, ғалымдардың еңбектерінде бұл жағдайда неңдей шара қолдану керек? деген сұраққа түрлі шешімдер ұсынылуда. Әрине бұл нұсқаулықтардың барлығын бастан аяқ пайдасыз, практикалық мәнін жоғалтқан деп кесіп айту үлкен қателік. Бірақ осы жолда көптеген әрекеттер жасалып жатқанымен, олардың ұзақ мерзімді келешегіне жүз пайыздық кепілдік беру өте қиын. [5]
Биологиялық түрлердің алуандылығының тұрақты дамуы мәселесінде заңнамалық, техникалық және экономикалық сынды шешімдер аясынан бөлек, бұл түйіннің ноосфералық тұстарын да қараусыз қалдырмаған жөн. Себебі, жаңа заман шындығында адамзат тап болған көптеген түйткілді мәселелердің бастауында ноосфералық мәнді аса қатты ескермеу тарих көрсеткендей сол мәселелердің ұзақ уақыт шешілмей, ушығуына да әкелуде.
Табиғатты мәңгілікке таза, көркем, бай қазыналы қалпында адам қажетіне пайдалана отырып, сақтап қалу үшін біз екі мәселеге назар аударуымыз керек. Олар экология мен табиғат қорғау мәселесін біріктіре отырып, оқып- үйретіп, іске асыру, екінші, адам тағдырының табиғат тағдырымен тұтас байланыста екенін ұғыну. Осыншама жүйелі экологиялық тәрбиемен адамзатты жан-жақты қаруландыру мектепке дейінгі, мектептегі ұстаздардың біліктілігімен, жауапкершілікті сезінуінен азаматтық дағдыларымен тікелей байланысты-дей келіп бүлдіршін жастан алғашқы негізі қаланған табиғат қорғау мәселесінің мектепте жоғаргы сыныптарда өз сабақтастығын тауып, әрі қарай дамытылып, ауқымы кеңейе түседі деуге болады.
Қазіргі кезде табиғат атаулының түрлі жағдайларга ұшырауына байланысты адамзат алдында ең күрделі мәселе етіп өзімізді қоршаған тіршілік ортасы - биосфераны жас ұрпаққа ластамай, көркейтіп, өркендетіп жеткізу болып отыр.
Экологиялық жағдайдың күн өткен сайын күрделене түсуі - азаматтың экологиялық сана сауатсыздығынан. Бүкіл дүниежүзілік мәселеге айналып отырған қоршаған ортаның тазалығы мен оны қорғаудың бірден-бірі жолы - жас ұрпаққа мектеп қабырғасынан бастап экологиялық білім және тәрбие беру арқылы жалпы әр адам баласында экологиялық сана қалыптастырып, экологиялық сауатты буын қалыптастыру [6,7].
Осы орайда биологиялық саналуандылық және оның тұрақты дамуына әсер етуші бірден бір фактор, сонымен қатар тұрақты даму моделінің құраушы элементі болып табылатын экологиялық сана тақырыбында ерекше орын алатын, салыстырмалы түрде жаңа тұжырымдама ретінде қалыптасып келе жатқан экософия ұғымының рөлін атап өтпеу мүмкін емес.
Экософия - адам мен қоршаған ортаның қарым-қатынасын түсінуге бағытталған салыстырмалы түрде жаңа идея десек болады. Аталмыш концепция тарихына үңілетін болсақ, термин 20 ғасырдың екінші жартысында, нақтырақ айтсақ 1973 жылы норвег ғалымы, әрі Осло университетінің профессоры Арнэ Несстің бастауымен экософия немесе Deep ecology деген атпен ғылыми қолданысқа еңгізгізілді. Термин атауы қарапайым болғанымен егер зерттеп үңілер болсақ мағынасы және практикалық маңызы өте зор десек артық болмас. Әсіресе жоғарыда атап өткеніміздей дәл қазіргі жаһанда экологиялық дағдарыс уақытпен бірге ушығып, бара-бара үлкен шиелініске ұшырап келе жатқан заматта бұл ғылым экологиялық түсініктердің қатарында зор өзекті әрі маңызды орын алуда.
Терең экология, яғни экософия саласының көрнекті А.Несс, Ф. Гуаттари, У.Фокс сынды өкілдері үшін қоғам мен қоршаған орта арасындағы қарым қатынас тек біздің ішкі мен-міз өзгергеннен соң ғана оң жаққа өзгеріп бастайды деген пікір басты орында. Дәртүрлі мен түсінігі мен бізді қоршаған ортаның міндетті қақтығысы жайлы қалыптасқан ойды басқа арнаға бұру, және ол арнада ендігі ретте қақтығыстың орнына керісінше қоршаған ортаға деген қамқорлық, ол өзімізге деген қамқорлық деген ой туындайды. Осы терең экология шеңберінде адамзат өзін табиғаттан дара жаратылыс және тек тұтынушы ретінде ғана сезіну емес, керісінше адамды табиғатпен ұштасқан, табиғатпен толықтай байланысты құрамдас бөлік ретінде сезіне бастайды. Яғни өзімшіл мен түсінігінен арылып, есесіне өркениетті адам ретінде өзін табиғатпен біріккен жаратылыс ретінде түсінеді.
Терең экология ұғымы бойынша табиғи әлем - бұл бір ағзаның тіршілік етуі экожүйелердегі басқалардың тіршілік салтына байланысты болатын қатынастар кешені деп санайды. Онда адамның табиғи әлемге бейберекет араласуы немесе оның жойылуы адамдарға ғана емес, табиғи тәртіпті құрайтын барлық ағзаларға да қауіп төндіреді деп айтылады.
Экософия немесе терең экологияның негізгі қағидасы - бұл адамның өмір сүруі мен өркендеуінің, және жаратылыс пирамидасындағы алатын жоғарғы орны мен артықшылықтарына қарамастан адамзат баласының және жалпы тірі ағзалардың тіршілік ету ортасы, белгілі бір негізгі моральдық және заңды құқықтары бар деп құрметтеліп, сол тараптан қарастырылуы керек деген қағидат. Терең экология ұғымы әдетте жай ғана қоршаған ортаны сақтауға бағытталған бір құрал ретінде ғана емес, әлдеқайда кең әлеуметтік идея тұрғысынан тұжырымдалады[8].
Зерттеу базасы: Мағжан Жұмабаев атындағы гимназиясы КММ, Қазыбек би ауданы, Қарағанды қаласы, "ЭКООРТАЛЫҚ" Қарағанды облыстық экологиялық орталық қоғамдық бірлестігі.
Зерттеу нысаны: 6 сынып оқушылары, ЭКООРТАЛЫҚ орталығының қызметкерлері.
Зерттеу әдістері:
- тұқымдық материалдың өміршеңдігін анықтаудың жалпы қабылданған әдістері;
- криоконсервациялау әдісі;
- medstatistic.ru сайты бойынша деректерді өңдеу.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты: Қарағанды облысында тұқым криобанкін ұйымдастыру үшін Verbascum түрлерінің тұқым материалын криогендік сақтау.
Мақсатқа қол жеткізу үшін алға мынадай міндеттер қойылды:
1. Әр түрлі ыдыстардың Verbascum songaricum және Verbascum thapsus тұқымының өнімділігіне және өну қарқындылығына әсерін зерттеу.
2. Зерттелетін тұқымдар үшін оңтайлы еріту режимін таңдау.
3. Бірқұрамды, екіқұрамды және үшқұрамды криопротекторлардың тұқымдық материалдың өміршеңдігіне әсерін бағалау.
4. Verbascum түрлерінің тұқымдық материалын криогендік сақтау алгоритмін құрастыру.
Ғылыми жаңалығы: алғаш рет зерттелетін тұқымдарды криогенді сақтау алгоритмі жасалды.
Қорғауға шығарылатын ережелер:
- Verbascum тұқымдарының өну биологиясы;
- тәжі түймебас тұқымын криоконсервациялау шарттары мен алгоритмі;
- мұздатудан кейінге тұқымдардың өну қарқындылығы.
Зерттеу нәтижелерінің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы
Жұмыстың теориялық маңыздылығы - жоңғар аюқұлағының тұқымын криоконсервациялау ерекшеліктері туралы жаңа ақпарат алу.
Тәжірибелік маңыздылығы: Verbascum түрлері бойынша жүргізілген зерттеулер дәрілік өсімдіктердің қорын толықтыруға және криобанк құру үшін өсімдік генофондын сақтауға бағытталған. Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелерін жариялау
Магистрлік диссертация шеңберіндегі зерттеулердің негізгі нәтижелері
Бөкетов оқулары - 2023: академик Е.А. Бөкетов атындағы магистранттар мен студенттердің Аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары жинағында жарияланды.
Магистрлік диссертацияның құрылымы мен көлемі
Диссертация компьютерлік мәтіннің 55 бетінде жарияланған, 3 негізгі тараудан тұрады, 38 сурет, 22 кесте және 2 қосымшамен суреттелген. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 60 дереккөзден тұрады.
1 Экософия ұғымының биологиялық саналуандылық және тұрақты даму тұжырымдамасындағы (моделіндегі) рөлі.
Экософия ұғымының негізгі идеясы.
Бағзы заманнан бері экофилософиялық және экософиялық астары бар ілімдер әлемде буддизм, индуизм секілді діни догматика аясында және түрлі этностардың табиғатпен тығыз байланысы салдарынан қалыптасқан мәдениет түрінде өмір сүрді. Бұл тұжырымдаманың тамаша мысалы ретінде ХХ ғасырдың көрнекті қайраткері Махатма Ганди философиясын айта аламыз. Бұл ілімдер бүгінде адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты өзгертуге ұмтылушылар үшін идеологиялық негіз болып табылады. Мәселен, батыс өркениетінің қазіргі таңда орын алған алуан түрлі экологиялық дағдарыстарға өзін қатаң рефлексиялау арқылы шешім шығару амалдарының немесе ұмтылысының нәтижесінде пайда болған ең дамыған дәйекті әрі іргелі эко-философиялық тұжырымдамасы, бұл - терең экология, біздің ойымызша, болашағы жарқын концепциялардың бірі әрі бірегейі іспеттес.
Терең экология немесе экософия концепциясын алғаш рет норвег эколог ғалымы Арне Несс 1973 жылы қолданысқа еңгізген. Бұл жаңа экофилософиялық немесе экософиялық қозғалыстың негізін қалаған Несстің осы тұжырымдамаға сай бағдарламалық жұмысы 1973 жылы жарияланды [4, б. 95-100]. Несс бұл еңбегінде ғылыми ортаға және жалпы қоғамға таяз және терең экологиялық қозғалыстар арасындағы түбегейлі айырмашылықты көрсетуге тырысты. Несс бойынша терең экология тұжырымдамасы қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қоршаған ортаны эпизодтық қорғау мақсаттарында экологиялық деградацияның үстірт әрі беткі көріністерін қайта қалпына келтірумен айналысатын көптеген концепциялардан айырмашылығы, экософия жалпы индустриалды даму құбылысының және соның салдарынан туындап жатқан қоршаған ортаның экологиялық мәселелерінің тамырына терең үңіле отыра, түпкі себептерін сынайды. Демек, терең экология тұжырымы құрғақ теориялы пәлсапа ретінде ғана емес, нақты прагматикалық тұстары айқын және экологиялық проблематиканың түпкі себеп салдарын азайтуды көздейтін экологиялық қозғалыстың теориясы мен тәжірибесі ретінде де өмір сүруге қауқарлы. Бүгінгі таңда терең экология идеясы жасыл қозғалыс ретінде АҚШ-та да, Еуропада да көптеген қолдаушыларға ие [7]. Атап айтқанда, бұл қозғалыстың Франциядағы көрнекті өкілі Ален де Бенуа өсуге антропогенді әсердің табиғатқа ықпалының өсуіне қарсы тұжырымдаманы жасады. Бенуа адамзаттың табиғатқа әсерінің артуын тұрақты экономикалық өсу заңдылықтары деп емес, керісінше қазіргі заманның рацианалды межеден тыс индустриалды ашкөздігі деп санайды. Ален Бенуа өндіріс пен тұтынуды қысқартуға шақырады, өйткені шамадан тыс тұтыну қоршаған ортаның ластануының себебі және әлеуметтік теңсіздіктің негізі болып табылады деп есептейді [9]. Бүгінгі таңда бұл бағыттың ең көрнекті теоретиктері мен практиктері антропоцентризм, яғни тек адам бүкіл әлемнің орталық объектісі және бүкіл дүниенің құрылысының түпкі мақсаты деген көзқарас қағидаттарынан бас тартуды және оны экологизм қағидаларымен ауыстыруды негіздеді. А.Нес өзінің негізгі шығармаларының бірінде космист ақын Ф.Тютчевтің мына жолдарын келтіреді:
Сіз ойлағандай емес, табиғат:
Актер емес, жансыз бет емес...
Оның жаны бар, оның еркіндігі бар,
Махаббаты бар, тілі бар... [5, 48 б.].
Бүгінгі таңда Жердің тірі жаратылыс бейнесі біздің санамызға еніп, көпшілігіміздің әлемге деген көзқарасын өзгертті. Мысал ретінде, Гайя теориясы пайда болды және жаңа заман қоғамының басым көпшілігі өлі жартаста өмір сүретіні жайлы сенімдері мен көзқарастарынан бас тартып, Жердің бәріміз қатысатын өмірлік процесс екенін түсінгендей. Жаңа теория яһуди-христиан діні аясында пайда болған және батыс философиясында күшті қолдау тапқан жоғарыда атап өткен антропоцентризм принципі қайшы келді. Іс жүзінде бұл принцип табиғатты жаулап алу, табиғат пен жануарларды кемсіту көзқарасының қалыптасуына әкелді деп сенімді түрде айта аламыз. Антропоцентристік, тек адамға ғана бағытталған идеология шындықты фантастикалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz