Қазақ халқының музыкалық мұрасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ және ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Кәсіби-шығармашылық факультеті

МӘДЕНИЕТТІҢ ДАМУЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ӨНЕРІ.
(курстық жұмыс)

6В11102 - Мәдени-тынығу жұмысы білім бағдарламасы

Ғылыми жетекші:А.Б.Абдысадыкова
Орындаған:А.Ш.Темірғали

Ақтөбе 2023
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
МАЗМҰНЫ
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
КІРІСПЕ 3
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1.XVIII-XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ 5
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1.1 Қазақ халық музыкасының көпғасырлық тарихы 5
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1.2 Қазақтың дәстүрлі ән салуының ерекшеліктері 10
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2.МӘДЕНИЕТТІҢ ДАМУЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ӨНЕРІ. 15
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2.1 Қазақ халқының музыкалық мұрасы 15
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2.2 XIX ғасырдағы Қазақстанның музыкалық өнері 19
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
3.ҚОРЫТЫНДЫ 23
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 25

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқының ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы мәдениеті ежелгі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және жаңа заманға сай дамып қалыптасқан түрі болды.XVIIІ ғасырларда Қазақстан мәдениеті өткен уақыт дәстүрімен жалғаса дамыды. Бұл көбінесе ақын-жыраулардың шығармашылығынан көрінді.
Сол сияқты ХVІІІ ғасыр "ақындар поэзиясы ғасыры" деп аталған. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің өте құнды мұралары - ақын-жыраулардың өлең-жырларында халықтың өмір тіршілігі, көңіл-күйі, салт-санасы, өндірісі мен тұрмысы, мінез-құлық өлшемі, сол дәуірдің рухы бейнеленді. Олар халық басына келген қайғыға да, жұрт кенелген мерейге де ортақ болды. Ел басына ауыр күн туғанда шапқыншы жауларға қарсы жан аямай күресіп, елін қорғаған ерлерді дастан етіп жырлап отырды. ХVІІІ ғасырда танымал болған Ақтамберді, Тәттіқара, Үмбетей, Бұқар, Шал, Көтеш секілді жыраулар өз өмірінде ұшан-теңіз жыр шығарды. Қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын ХVІІІ ғасырдағы атақты жырау Бұқар Қалқаманұлының (1668-1781) бірнеше шығармалары сақталған. Ол тәуелсіздікті сақтау және нығайту идеясын білдірген көрнекті дидактикалық өлең-толғаулар шығарған. Қазақ ханы Абылайды қолдап, әр түрлі даулар мен таластарды шешкен. Жырау қазақтың барлық үш жүзін біріктіріп, бір орталыққа қараған күшті мемлекет болуын армандады. Тәттіқара, Үмбетей, Шал, Көтеш сияқты жыраулардың жырлары халық жадында үзік-үзік сақталған. Үмбетейдің Бөгенбай батырдың қайтыс болуына арналған естірту жыры - жоқтауы белгілі. Үмбетей жоқтауында Бөгенбай - халық қорғаушысының мінсіз бейнесі. Ал Тәттіқара ақын қатардағы жауынгер ретінде көптеген шайқастарға қатысып, жорықта туған толғауларында жауынгерлерді бостандық жолындағы күресте қандай да болсын қиыншылықтың алдында бас имеуге шақырады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Осы кезеңнің музыкалық мәдениетінде Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) өзіндік даралығымен көрінді. Ол 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісінің белсенді қатысушысы ғана емес, көтерілістің "жаны" мен "жылнамашысы" болды. Оның "Исатай көтерілісі", "Исатайдың өлердегі сөзі" сияқты шығармалары көтерілісті жан-жақты сипаттады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Сол сияқты Шернияз Жарылғапұлы (1817-1881) Кіші жүз қазақтарының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің жыршысы және ту көтерушісі болды. Жалынды жырларымен халықты күреске үндеді.Шығармалары қайғыға толы, күрделі тұлға саналған зар-заман ақындары да қазақ әдебиетінде өзіндік орын алады. Зар-заман ақындарының көрнекті өкілдері - Дулат Бабатайұлы (1802-1874), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкеұлы (1843-1909). Олар қазақ халқының өмірін ақиқатпен жырлаған ақындар болды. Ахмет Байтұрсыновтың "Ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып толғай алуында" деп тұжырымдағаны сияқты, бұл ақындар да қара басын күйттеген ақын емес, халқының үнімен елдің мұңын жеткізуші болды. Зар-заман ақындары өмір сүрген кезең патшаның отаршылдық саясаты дәуірлеп, қазақ жерінің нағыз талауға түскен кезі еді. Мәселен, Мұрат Мөңкеұлы "Үш қиян", "Сарыарқа", "Әттең, бір қатты дүние-ай" сияқты толғау-дастандары арқылы қазақ жерін отарлаушыларды батыл әшкерелеп, озбыр саясатқа қарсы тұрса, Дулат Бабатайұлы "Бейшара менің қазағым", "О, Сарыарқа, Сарыарқа" өлеңдері арқылы қазақтың ауыр тұрмысын бейнелейді.

Зерттеу мақсаты: XVIII - XIX ғғ. басындағы көптеген жыраулардың шығармашылығына тән қарама-қайшылықтарға қарамастан, олар қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алады. Бұл кезеңнің әндері бұрынғы кезеңнің әндеріне қарағанда көркемдік жағынан керемет. Қазақтардың ауызша шығармашылығының барлық негізгі белгілері мен дәстүрлерін сақтаған бұл әндерде жазбаша поэзияға тән элементтер болған.
Зерттеу міндеттері:
- XVIII-XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның музыка мәдениетін анықтау;
- Қазақ халқының музыкалық мұрасын зерттеу;

1.XVIII-XIХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ
1.1 Қазақ халық музыкасының көпғасырлық тарихы
Қазақ халқының музыка мұрасы аса бай. Оның эпикалық жанрлары:
oo жыр,
oo толғау,
oo терме,
oo желдірме,
oo лирикалық әндері,
oo айтыс өнері,
Қазақ халық музыкасының тарихына көне түркі дәуірінен бергі кезеңдегі музыка үлгілері мен тарихи-мәдени мәліметтер енеді.
Қазақ фольклорының елеулі бір арнасы - эпос. Оған тән музыкалық мақам-саздардың қазақ мәдениетінен алатын орны ерекше. Әдеби мәтінге қарағанда музыкалық мақамның марқалау болатыны белгілі. Қазақ эпосы негізінен екі түрлі поэзиялық өлшемге негізделсе (7 - 8 буынды жыр және 11 буынды қара өлең), оның мақамы да осы жүйеге құрылады. Қазақ музыкасындағы сырлы сазды, терең толғанысқа толы кең тынысты, әуезді әндер - 19 ғасырдан желі тартса, речитативті әуенге құрылған эпикалық дәстүр - алғашқы, лирикалық әндер - соңғы құбылыс. Бірақ, дәстүр тұрғысынан келгенде қазақ даласының түрлі аймақтарында олардың бәрі бірдей сақтала бермеген. Сыр бойы, Атырау алқабында - эпос, Жетісуда - терме, Орталық Қазақстанда кең тынысты лирикалық әндер басым дамыған.
Қазақ музыкасы ауызекі дәстүрге негізделген суырып салмалық өнермен қатар жеке өнер саласы, тіпті ілім ретінде де қалыптасып келеді. Ертедегі орхон-енисей жазбалары, орта ғасырлардағы Қорқыт, оғыз еліндегі қобыз культі туралы деректер түркі тайпаларының музыкалық мәдениетінен хабар береді. Одан бергі жерде әл-Фараби, Ибн-Сина, Әбдірахман Жәми, Дәруіш Әли, т.б. көптеген шығыс ойшылдарының музыка өнеріне қатысты теориялық еңбектері де болған. Фарабидің "Музыканың ұлы кітабы" күні бүгінге дейін ғылыми мәнін жоймаған, әлі де толық зерттеліп болмаған мұра. Мұның өзі қазақ музыкасының бірде шаманизм, бірде зороастризм, бірде ислам мәдениетінің аясында қалыптасып келгенін аңғартады. 15 - 18 ғасырлырдағы жыраулық өнер тудырған эпик дәстүрдің Қазақ музыкасынан алатын орны ерекше.
Қазақ халқының осы қалыптасу кезеңінде ұлттық болмысымызға тән музыкалық ырғақтар, екпіндік ерекшеліктер көріне бастаған. Қазақ музыкасының өзіндік ерекшелігі - синкреттілігі. Поэзия мен музыка мақамның бірлігіне негізделген ән-жырлардың келе-келе дараланып, екі түрлі өнер арнасына жіктелгені мәлім. Бірі - ән өнері, екіншісі - күйшілік дәстүр. Осы негізде 19 ғасырда қазақ даласында екі түрлі халықтық кәсіби-музыкалық дәстүр қалыптасқан. Бірі - Ықылас, Сарымалай, Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Сейтек, Сүгір, Тәттімбет, т.б. өнерпаздар бастаған күйшілер тобы болса, екіншісі - Біржан, Ақан, Мұхит, Мәди, Жаяу Мұса, Естай, Үкілі Ыбырай, Абай, Нартай, Майра, т.б. сал-серілерден арқау тартатын әншілік өнер. 19 - 20 ғасырларда айырықша дамыған домбыра күйлері өз кезегінде екі түрлі нақыштық ерекшелігімен дараланады. Бірі - кең ауқымды төкпе, екіншісі - сырлы да өрнекті шертпе күй үлгілері. Әрине, қазақ халқының музыкалық мәдениетін сөз еткенде домбыра күйлерін бұл екі дәстүрмен ғана шектеуге болмайды. Ел арасынан шыққан кәсіби күйшілердің өз үні, өз мәнері, орындау ерекшеліктері бар.
ХІХ ғасырдың аяқ шенінен бастап қазақ музыкасы шет ел және орыс саяхатшыларының назарына ілікті. П.Георги, В.Андреев, В.Добровольский, С.Рыбаков, А.Левшин, А.Алекторов, М.Готовский, Р.Пфенниг, А.Эйхгорн, Н.Савичев секілді шығыстанушылары Қазақ музыкасы, оның көрнекті өкілдері туралы тың әрі қызықты мәліметтер жеткізді. А.В. Затаевич қазақтың музыкалық фольклорын жинап, оларды нотаға түсіріп, жүйелеуде үлкен қызмет атқарды.
XIX ғасырдың екінші жартысы Қазақстанның музыка өнерінің гүлденген дәуірі болды. Бұл кезеңде өмір сүрген көптеген аса көрнекті кәсіби композитор-әншілер мен күйшілердің шығармалары халықтың музыкалық классикасының негізін құрады. Көптеген халық композиторлары өз заманындағы білімді адамдар еді; олардың бәрі дерлік хат танитын, кейбіреулері орыс тілі мен араб тілін білетін, бірақ өз шығармаларын нотаға түсіріп жаза алмайтын еді.
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы музыка өнерінің дамуына Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы сияқты композитор-музыканттар үлкен үлес қосты. Абай әндері қазақ халқы мен орыс халқының арасындағы бауырлас достықты нығайтуға игі ықпал етті. Пушкиннің Евгений Онегин поэмасынан аударған Татьяна хатының сөзіне шығарған Татьянаның қырдағы әні қалың елдің сүйікті әніне айналды.
Қазақ әндерін жазып алуда С. Г. Рыбаков көп еңбек сіңірді. Ол 100-ден астам ән жинады. Қазақтың ән әуендері оркестрлік шығармаларда да пайдаланылды.
Қазақ музыканың үлкен бір арнасы - қобыз, сыбызғы және домбыра күйлері. Бұл үшеуінің де арнайы музыкалық қоры мол сақталған, сол себепті халық аспаптары ретінде танылады. Ал жетіген, адырна, үскірік, шаңқобыз, асатаяқ секілді музыкалық аспаптар фольклорлық сатыда ғана көрінеді. Олардың ұлттық сипатынан гөрі типологогиялық табиғаты үстем. Мысалы, бір ғана шаңқобыз аспабын кеңес дәуіріндегі халықтардың барлығынан дерлік кездестіруге болады. Музыкалық аспаптар бүгінде олардың дыбыс шығару ерекшеліктеріне сай хордофон, идиофон және аэрофон болып жіктеліп жүр.
Қазақ музыкалық аспаптары -- халық арасында кең тараған музыкалық аспаптар. Олар ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра. Қазақ музыкалық аспаптарының өзіне тән үні, орындаушылық дәстүрі бар. Мұның аттарын халқымыздың жыр-аңыздары мен дастандарынан,XV-XIX ғасырдағы орыс және шет ел саяхатшылары мен ғалымдарының еңбектерінен кездестіруге болады. Ертеде аспаптарды ағаштан ойып, түрлі өсімдіктерден,малдың терісі мен сүйегінен, мүйізі мен қылынан жасаған. Музыкалық аспаптар төрт топқа бөлінеді:
oo шертпелі,
oo үрлемелі,
oo ұрмалы,
oo сілкімелі.
Шертпелі екі түрге бөлінеді: қолмен және ысқышпен. Қолмен: домбыра және шертер, ысқышпен: қобыз.
Үрлемелі: сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз.
Ұрмалы: дауылпаз және даңғара.
Сілкімелі: асатаяқ және сылдырмақ жатады

1.2 Қазақтың дәстүрлі ән салуының ерекшеліктері

Әрбір этностың музыкалық мәдениетінің бастапқы іргетасы-ән. Әннің жандануы әрдайым халықтық музыкалық өзін-өзі танудың, халықтық өзін-өзі танудың басталуымен біріктіріледі. Әнде, ауызша халық шығармашылығының кез-келген жанры сияқты, күнделікті күнделікті шындықтың әрекеттері, материалдары, құбылыстары айқын және әр түрлі көрінеді.
Бұл ғылыми жұмыста қазақ халқының музыкалық мәдениетінің Шығармашылық-орындаушылық дәстүрлері қарастырылды. Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің тарихын зерттеуде қазақ қоғамында оның дәстүрлі ауызекі формасының жұмыс істеуі туралы еске салу заңды.
Музыкалық ағартушылықтың дамуына үлкен үлес қосқан көптеген орындаушылық мектептер болды. Ауызша бағыттағы бұл мектептерде "көшпелі өркениет" (Л.Н.Гумилев термині) жағдайынан, қазақ халқының әлеуметтік-қоғамдық тұрмысынан, оның психикасынан, көркемдік дүниетанымның этикасы мен эстетикалық нормаларынан туындайтын оқытудың негіз қалаушы қағидаттары өзіндік бағдарламаланған. Қалыптасқан ауызша кәсіпқойлық мектептері өткен ғасырлардағы педагогикалық тәжірибемен генетикалық байланысты болды. Осылайша, оқытудың үйлесімді жүйесі халықтық-педагогикалық негіздерге, сондай-ақ қазақ қоғамы құрылымының ұлттық-мәдени компонентіне ажырағысыз тәуелділікте болды. Осылайша, музыкант оқушыларды тәрбиелеу халық арасында қалыптасқан көркемдік-эстетикалық дүниетаным қағидаттарына берік негізделді.
Бір қызығы, ауызша дәстүр мектептері, тұтастай алғанда, біртұтас ұлттық мәдениетті құра отырып, бір-бірінен музыкалық және стильдік бағыттарымен, ерекше орындау мәнерімен және тұрақты оқыту жүйесімен ерекшеленді. Әрбір әнші, дауыс беру мүмкіндігінің ерекшеліктеріне байланысты, өзі алып жүретін Дәстүрлі Мектепке тән өзіндік репертуарына ие болды. Мысалы, Қазақстанның батыс, орталық және оңтүстік өңірлерінің мектептері осындай. Белгілі болғандай, дала музыкалық білімінің тасымалдаушылары - жыршы-әңгімешілер және эпостың, ірі эпикалық шығармалардың орындаушылары, жыраулар - эпикалық поэмалардың құрушылары мен әңгімешілері, ақын - импро - визаторлар, күйші - виртуозы - Инструменталистер, әнші-өлеңші - әншілер, сал - сері-өз әндерінің мәтіндері мен музыкасын жазған әншілер болды. Олардың барлығы жоғары көркемдік-эстетикалық мәдениетті алып жүрді, ал олардың өнері музыкалық, адамгершілік-эстетикалық тәрбиенің пәрменді құралына айналды.
Қазақ музыкалық мәдениетінде кәсіби әнші-орындаушылардың рөлі зор. Өйткені олар ұрпақтан-ұрпаққа қазақ музыкасының жауһарларын беріп және ұрпақтар үшін ұқыпты сақтай отырып, Дәстүрлі музыкалық өнердің өшпес үлгілерінің сақталуына және таралуына ықпал етті. Ауызша дәстүрдің халықтық-кәсіби композиторларының шығармашылығы, біздің ойымызша, Қазақстандағы музыкалық ағартуды дамытудың тарихи алғышарты болды.
Қазақтың халық әндерін жанрларға жіктей отырып: салт-тұрмыстық, отбасылық-салттық, отбасылық-тұрмыстық, Еңбек және лирикалық, әлеуметтік наразылық әндері, тарихи әндер, Б.Г. Ерзакович отбасылық-тұрмыстық әндерде өнегелі әндерді ерекше атап өтті.
Олардың мазмұны әлеуметтік және отбасылық моральдың әртүрлі аспектілерін көрсетеді. Олар адамның рухани дамуы мен қалыптасуына үлкен әсер етеді. Олар қарапайымдылық, адалдық, үлкендерге құрмет, еңбекқорлық, мақсаттылық, Достық, ашкөздік, паразитизм, қызғаныш және басқа да жамандықтарды мадақтайды. Мұндай әндерге "Бағдат", "Үшдос", "Өміртұралы", "Жасөтті" және т.б. жатқызуға болады. Қазақтың ән-аспаптық музыкасы да өз дамуында халықтың тарихымен, оның шаруашылық құрылымымен, салт-дәстүрлерімен, нанымдарымен тығыз байланысты болды.
Халық-әншілік музыкада домбыра әндерінің жанрларының екі түрі деп санауға болатын екі ұлы орындаушылық дәстүр бар. Бұл Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан стильдері.
Бұл түрлер арасындағы ерекше айырмашылықтар музыкалық формалар, музыкалық бейнелердің табиғаты, дыбысты тану тәсілі, ән айту формасы болды. Бұл түр біздің заманымызға дейін өмір сүргеніне қарамастан, негізгі музыкалық заңдылықтар орта ғасырларда қалыптасты. Сондықтан ән айтудың музыкалық принциптерінің ерекшелігі-оларды ХVIII-ХІХ ғасырлардағы еуропалық музыканың музыкалық принциптерімен салыстыруға болмайды.
Қазақ әні-халық даналығының сарқылмас қазынасы. Онда еңбек қызметінің әртүрлі аспектілері, тарихи оқиғалар, рухани нәзік тәжірибелер көрініс тапты. Үлкен толықтығы мен әсемдігімен ән салт-жоралар мен адамның жамандықтарын сипаттайды. Әсіресе, Абай Құнанбаев, Біржан Қожағұлов, Жаяу Мұса, Кенен Әзірбаев, Ақан сері сияқты композитор-әншілер ән мәдениетіне елеулі үлес қосты. Халықтық кәсіпқой әнші әдемі күшті дауысқа ие болуы керек, музыкалық аспапты игеруі керек.
Қазақ халық шығармашылығында лирикалық әндер ерекше орын алады. Олар Отанға, табиғатқа, адамға деген керемет махаббат сезіміне арналған. Олар әрдайым әуезді, әуезді, қарапайым және қол жетімді.
Өнерді оқытудың еуропалық мектебінен айырмашылығы, қазақ халықтық музыкалық педагогикасы оқушы-Ізбасардың түрлі шығармашылық қабілеттерін - поэтикалық, шешендік, музыкалық, сондай-ақ орындаушылық, яғни мұғалім-тәлімгердің соңынан феноменальды жады, тамаша музыкалық есту қабілеті бар, еркін импровизация жасай алатын, өзгерте алатын, сондай-ақ естігендерін бірден қайталап, шебер орындай алатын жарқын дарынды дарындар ерді.
Дарынды халық композиторларының шығармашылығының арқасында қазақ халық кәсіби музыкасы ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың басынан бастап өзінің жоғары дамуына қол жеткізді. Олар жоғары көркемдік шеберлік пен жеке стильдің туындыларын жасады.
Қазақ музыкалық аспаптары
Домбыра халық музыканттарының сүйікті аспабы болған. Өткен струны домбры дайындалды бірі козлиных ішек.
Оны ежелгі Хорезмнің археологиялық ашылулары, сондай-ақ Пазырық қорғандары мен Қазақстан аумағындағы қазақстандық археологтардың археологиялық олжалары дәлелдейді. Ол түрлі тарихи дәуірлерде жарқын тұлғаларды ұсынуға ықпал етті. Әр күйшінің өнері мен оның стилі жарқын даралығымен, орындау мәнерімен, музыкалық мәнерлілік құралдарының белгілі бір арсеналымен және домбыра күйлері тақырыбының алуан түрлілігімен ерекшеленді.
Қыл қобыз: ең көп тараған музыкалық аспаптардың бірі қылқобыз деп санауға болады. Ол туралы XVIII-IX ғасырларға жататын "Китаби деде Коркут" кітабында да айтылған. Қылқобыз бақсы (бақсы) мен халық орындаушыларында қолданылған.
Қылқобыздың 104 ат шашынан тұратын екі ішегі садақтың жанасуымен тондардың тұтас гаммасын шығарады. Аспаптың түсі мен дыбыс тығыздығы көбінесе садақтың жанасу күшіне, сондай-ақ обертон не мұрын, не пискляво, не барқыт-қалың шырынды тонмен естілетін дыбыс биіктігіне байланысты болды.
Қобызды орындау тарихы бақсы-бақсылардың діни-сиқырлы рәсімдерімен байланысты болды. Қобыз бақсылардың өзінің жұпар-көмекшілерімен (аруахтармен) тілдесу құралы болған. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы
Дәнеш Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасының жалпы сипаттамасы
А. Жұбановтың шығармашылығы
Қазақстанның мәдени мұра жобасы
Мұқан Төлебаевтың музыкалық мұрасының тәрбиелік мәні
Абай шығармашылығы
Қазақ халқының ұлттық өнерінің мәні
Ұлттық өнер
Дәстүрлі өнер түрлері
Қазақ халқының музыкалық этнографиясының зерттелуі
Пәндер