КІРІКТІРІЛГЕН ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
1. КІРІКТІРІЛГЕН ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ 4
1.1 Кіріктірілген білім беру 4
1.2. Кіріктірілген білім беру бағдарламасы 7
1.3. Кіріктіріп оқытудың өзіндік ерекшеліктері, ұстанымдары 8
1.4. Кіріктіріп оқытудың негізгі сипаттамалары 11
ҚОРЫТЫНДЫ 13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 15

КІРІСПЕ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында : Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірідеп атап көрсеткен болатын.
Қазіргі жаратылыстану пәні оқушыларға әлемнің ғылыми - жаратылыстық бейнесін түсіндіріп, табиғатты танып білудегі ғылыми көзқарастарды қалыптастыруға және алған білімдерін өздерінің болашақ мамандықтарына пайдалана білуге көмектеседі.
Табиғаттағы негізгі заңдарды, құбылыстарды және процестерді зерттеу адамзат пен қоғамды танып-білуімен ұштасып келеді. Жаратылыстану, математика мен техникалық ғылымдарының жетістіктерін бір-бірімен байланыстырып қараған кезде дүниенің біртұтас ғылыми бейнесі қалыптасады. Болашақ ұрпақ табиғаттың фундаменталь заңдарын, сан қырлы құбылыстар мен процестерін және Әлемнің құрылысын, даму заңдылықтарын зерделеп, дүние мен өмірдің мәнін дұрыс түсінулері қажет. Физика, химия, биология және де басқа ғылымдардың жетістіктерін түсініп,қазіргі кездегі ғылымдардағы бағыттар мен салалары туралы хабардар болуы керек. Мега - макро- және - микродүниелер күрделілігін түсініп, олардағы құпия құбылыстарды ашуға бағытталған зерделеуге қажет материалдық жаңа технологияның негізінде жасалынған құрал-жабдықтардың қаншалықты қаржыны, еңбекті, жігерді және білімді қажет еткендігін бағалай біледі.
Жаратылыстану пәні -- ғылымның дүниені тану процесінің формасы екендігі және оның салалары, әдістері, таным ерекшеліктері қарастырылады.
ХХI ғасырда ғылым табиғат пен адам қоғамдастығының сәйкестігіне, процестерді саналы түрде зерттеуге бағытталады.
Күннен күнге қоғамда жаратылыстану ғылымының рөлі өсуде. Жаратылыстану ғылымының жоғары дәрежеде дамуы - білімнің түрлі салаларының нәтижелі көтерілуінің қажетті шарты. Ғылыми ақпараттар ағынының жедел қарқынмен өсуі, жалпы білім беретін мектеп оқушыларын өз бетінше жаңа білімдер игеруге қабілетті етіп тәрбиелеу мен оқытуды талап етеді.
Жобаның өзектілігі: Қазіргі кезде білімнің кіріктіру тәсілдерін қамтамасыз ету, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті негізгі мәселелердің біріне айналып отыр.
Осы арада мектептің оқу-тәрбие процесін кіріктіру тәсілі негізінде ұйымдастыруы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысу, адамның интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзінің де бірлігі, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқарастың қалыпты қалыптасуына мүмкіндік береді.

КІРІКТІРІЛГЕН ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Кіріктірілген білім беру
Кіріктіру - ХХІ ғасыр талабы. Кіріктірілген сабақ - бірнеше пәндердің бірігуі негізінде қандай да бір тақырыптың оқытылуы.
Кіріктірілу - бұл бір оқу материалының әр түрлі саладағы жалпы білімдермен тоғысуы, бір-бірімен араласып кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі дамып, шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Кіріктірілген сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Кіріктіру сабақты тиімді ұйымдастырудың құралы болып саналады. Бұл кезде алынған білімді бір мезгілде теориялық, практикалық және қолданбалы салаларда пайдалану мүмкіндігі ашылады. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Сондай сабақтардың бірі өздеріңіз көрген Кәсіпорын экономикасы және Экономикадағы ақпараттық жүйелер пәндері бойынша кіріктіріліп өткізілген сабақ.
Кіріктіру ұстанымының басты қағидасы - ғылыми-жаратылыстану және қоғамдық гуманитарлық білімдерді жеке білім аймағында шартты түрде қарастыра отырып, оқушыларға әлемнің біртұтастығы жайлы ғылыми-синтездік білім беру болып табылады.
Бүгінгі жаппай қолданылып жүрген жаңа технологияның өзі кіріктірілген болып саналады. Қазіргі педагогикалық технологияда пәнаралық байланыс кіріктірілген білім берудің моделі болып саналады. Пәнаралық байланыс оқытудың кешенді жүйесін құрай отырып, әртүрлі білім салаларының ортақ тақырыптарын, кейде ортақ элемент, бөлім, дәйек, теория, ұғым заңдарды біріктіріп, құрылымдық және ғылыми-мазмұнды блоктар жасайды.
Оқу пәндерінің бірігуі төмендегі шарттарға байланысты:
зерттеу нысандарына сәйкес келуі немесе өзара жақын болуы;
кіріктірілген оқу пәндерінде зерттеу әдістерінің бірегейлігі немесе ұқсастығы;
кіріктірілген оқу пәндерінің жалпы заңдылық, жалпы теориялық тұжырым негізінде құрылуы.
Кіріктірілген сабақтарды өтуде төмендегідей артықшылықтары бар:
оқушылардың сабаққа, пәнге қызығуы;
басқа пәндердің қажеттілігін оқушылардың түсінуі;
ұстаз үлкен ізденіс жұмыстарын жүргізеді (түрлі ақпарат көздерінен, интернеттен, т.с.с.);
сабақ барысында барлық мүмкіндікті пайдалану (компьютер, ОТҚ - Ы, т.б.).
Атқарылатын жұмыстар:
кері байланысты орнату, үнемі байланыста болу, яғни оқушылардың барлығын бақылауда ұстауың керек;
мамандық пәндеріне күнтізбелік жоспарларын жасау, пән мұғалімдерімен бірге жұмыстар атқару;
өзімізге қажетті тақырыптарға кең көлемде тоқталу;
нәтижелерді өңдеу, түзету, дамыту Сабақты кіріктірілген формамен өткізудің тиімділігі және күтілетін нәтиже төмендегідей:
Студенттердің оқуға қызығушылығын көтереді;
Пәнаралық байланыс нығаяды;
Уақытты үнемдеу арқылы практикалық білім алуға көп көңіл бөлінеді;
Барлық пәнде оқылатын кейбір тақырыптардың қайталануы жойылады;
Білім берушілік, дамытушылық және танымдық үш бірлікті дидактикалық мақсатын жүзеге асыруға көмектеседі;
Сабақтың ақпараттық сыйымдылығын арттырады;
Студенттердің шығармашылық ойлауын дамытуға, олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі.
Әрбір пән оқушыға қажет білім, білік, дағды қалыптастырса да, оқушы жеке тұлға ретінде өзін-өзі танытуда. өз мақсатына жету жолында жалпы өмір тәжірибесінде жинақталған әмбебап білім, білік пен дағдыға сүйенеді. Бұл жалпы құзіреттілікке алып келеді.
Пәнаралық байланыс пен оқушы бойында жалпы құзіреттілікті қалыптастыруда тікелей байланыс бар. Оқу бағдарламаларында әр пәннің қалыптастыратын білім, білік, дағды мөлшері жеке анықталса да, тұлғаның өмір сүру аймағында олар өзара байланысты құзіреттілікке ие болады. Өйткені оқушы өмірлік мәселелермен кездескенде, әрбір пәннен алған білімін саралап жатпай, бойындағы интегративті білімнің кең, жалпы әлуеті мен дағдысын пайдаланады.
Пәнаралық іскерлік ұғымы былай тұжырымдалады: Пәнаралық іскерлік оқушылардың бір пәннен меңгерген білім, іскерлік, ептілік дағдыларын екінші пәндерді меңгеруде пайдалана, қолдана білу қабілетін анықтайды.
Қазіргі заман талабына сай ақпараттық немесе компьютерлік технология мен кіріктірілген оқыту технологиясын байланыстыра өту өте тиімді нәтиже береді. Ақпараттық технологияда біз ұстазды ақпарат беруші, бағыт - бағдар көрсетуші деп түсінеміз. Белгілі бір тақырып бойынша мәлімет, әдебиеттер және т.б. беріледі. Ал кіріктірілген инновациялық технологияда тақырыпқа байланысты мәлімет, ақпараттың барлығының жан-жақты пән мұғалімдермен түсіндірілуі, дәлелденуі және жеткізілуі оның басты артықшылығы болып тұр. Ұстаз әркез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.
Оқытудың технологияларын біріктіру, оларды тиімді пайдалану жұмысы үшін көптеген ізденіс жұмыстарын жүргізу алынар асу, тағы бір белес екенін есте сақтағанымыз жөн. Сол белестерді бағындыру жолында үлкен жұмыстар атқару әрбір ұстаздың азаматтық парызы.
Кіріктіре оқыту арқылы оқушылардың алған білімдерін бір мезгілде теориялық, практикалық және қолданбалы салаларда пайдалану мүмкіндігін жетілдіруге көмектеседі.
Сондықтан қазіргі кезеңде білім берудегі негізгі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік талғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырумен қатар уақыт талабына сай оқыту үдерісін жетілдіру. Сабақ сапасы мен білімділігін арттыру - әр мұғалімнің басты міндеті.
Қазіргі таңда қоғамды дамыту үшін білім беру жүйесінің негізгі міндеттердің бірі - оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып,толыққанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашылық қабілетті жеке тұлға қалыптастыру, жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру болғандықтан, осы аталған міндет, мақсаттарымызға жету үшін оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды тиімді ұйымдастыруымыз қажет.
Өз сабақтарымды басқа пәндермен бірге өткізу себебім де осы заманауи инновациялық технологияларды пайдаланудың қазіргі күні тиімді әдіс екендігін мойындайтындығын.
Қазіргі студенттердің пәнге деген қызығушылығын туғызу арқылы көп нәтижеге жетуге болады деп ойлағандықтан осындай қадамға бардым, яғни кіріктірілген сабақтың мақсаты. Қазіргі студенттің болашақ маман екендігін ескерсек, теориялық білім мен іс-тәжірибенің ұштастырылып, байланыстырылып берілуі нәтижелі болатындығы айқын.

Кіріктірілген білім беру бағдарламасы
Қазақстанның барлық білім беру ұйымдарында да, Назарбаев Зияткерлік мектептерінде де және жоғары білім беру жүйелеріне бағытталған қандай реформа болмасын ол мұғалім, оқытушы арқылы жүзеге асады. Бүгінде ұстаз қасиетті міндетін атқара отырып, білім беруді одан әрі ізгілендіру, жеке тұлғаны қалыптастыруда озық, жаңғыртылған әдістемелік жүйені меңгеру, әлемдік білім беру кеңістігіндегі ел дамуына оңтайлы ізгі қадамдарды игеру сияқты жаңа талаптарға сәйкес істерді жүзеге асыруға бет бұрды. Сапаға жетелейтін, оны қадағалайтын түрлі тетіктер жеткілікті. Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатымыз.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасының ерекшеліктері:
Оқушыларға алған білімдерін оқудағы және өмірдегі мәселелерді шешуде пайдалануды үйретуге бағдарлау;
Тілдерді деңгейлік үйретуді ұйымдастыру;
Пәндерді кіріктіру;
Жаңа пәндерді енгізу;
Тереңдетіп және стандартты оқуға арналған пәндерді жоғары мектепте таңдау құқығы;
Жоғары оқу орындарына түсуге мақсатты түрде дайындалу;
Бағалаудың критерийлік жүйесі;
Осы бағдарлама негізінде оқушылардың дағдыларын дамыту:
Сын тұрғысынан ойлау;
Білімдерді шығармашылықпен пайдалана білу;
Зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру;
АКТ дағдылары:
Топта және жеке жұмыс істей білу;
Коммуникациялық дағдылар тілдік дағдыларды қосқанда міндеттер мен мәселелерді шеше білу;
Кіріктірілген білім беру ісін ұйымдастыру ерекшеліктері:
Үш тілді білім беру ортасы;
Тәрбие мен оқытуды кіріктіру;
Заманауи педагогикалық әдістер мен тәсілдер қолдана білу;
Үш тілде білім берудің тиімділігі Халықаралық зерттеулер үш тілде жүргізілетін оқу бағдарламалары бойынша білім алатын оқушылар жұмысқа ұқыпты, мотивациялары жоғары, бірнеше тіл білудің артықшылықтарын түсінеді. Зияткерлік мектептерде үш тілде оқытудың әдіс тәсілдері:
Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісі;
Командалық оқыту;
Тілдік ортаға ену;
Командалық оқыту әдістеменің үштілдік білім беру саясатына әсері
Реформаны жүзеге асыру әрбір ұстаздың басты міндеті. Сондай міндеттердің бірі ретінде командалық оқыту әдістемесі негізінде кіріктірілген білім беру бағдарламасының үштілдік саясатының мақсатын жүзеге асыру болатын.

Кіріктіріп оқытудың өзіндік ерекшеліктері, ұстанымдары
Кіріктіріп оқыту әдісі жалпы барлық дидактика тәрізді, қазіргі кезде қиын кезеңнен өтуде. Жалпы орта білім берудің мақсаттары өзгерді, жаңа оқу жоспарлары және пәндерді кіріктіріп оқытудың жаңа тәсілдері әзірленуде. Ал білім беру мазмұнын жаңарту оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі емес әдістері мен түрлерін, сондай-ақ түрлі пәндерді кіріктіріп оқыту сабақтарын қолдануды талап етеді. Кіріктірілген білім бағдарламасының алға қойған мақсаты айқын және бағдары жүйелі. Ал жалпы кіріктірілген оқу дегеніміз не? Кіріктірілген оқу бағдарламасының артықшылығы неде? Осы сұрақтардың жауабын зерделеп көрейік. Алдымен кіріктіріп оқыту мен кіріктірілген сабақ ұғымдарын қарастырайық. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу үрдісінде пәндерді кіріктіре оқытудың жүйелік сипаты
Химияны кіріктірілген модульдік оқыту тұжырымдамасы
Оқушылардың сандық дағдыларын қалыптастыруда биология мен информатиканы кіріктіріп оқытудың тиімділігін анықтау
Аралас оқыту технологиясы әдістеріне шолу
Химияны кіріктірілген модульдік оқытудың тұжырымдамасы
Пәнаралық байланыстар
Қазақ тілі пәнін оқытуда кіріктірілген сабақтардың рөлі
Пәнді шет тілі арқылы зерделеу
Кіріктірлген оқыту бағдарламасы
Көркем еңбек пәнін оқытудың жаңартылған техникасы
Пәндер