Тіл дамыту жұмыстарының маңызы

Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Филология факультеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Пәні: Қазақ тілін оқыту әдістемесі
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тақырыбы: Көп мағыналы сөздер бойынша бойынша тіл дамыту жұмыстары

Орындаған: М.Т.Гайнуллина, ҚТӘ-31 тобының студенті
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ғылыми жетекші: А.С.Қыдыршаев, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Орал, 2023 ж

МАЗМҰНЫ
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
I тарау. Көп мағыналы сөздердің мағыналық дамуы ... ... ... ... ... ...
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1.1 Көп мағыналы сөздерге жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 4
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1.2 Сөздің көп мағыналығы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
II тарау. Тіл дамыту жұмыстары
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2.1 Тіл дамытудың бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2.2 Оқушылардың тілін дамытуда қолданылатын технологиялар ... ... .11
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2.3 Тіл дамыту жұмыстарының маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..13
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2.4 Қазақ тілі сабағында ауызша және жазбаша тіл дамыту ... ... ... ... ...16
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2.5 Қазақ тілі сабақтарындағы тіл дамыту жұмыстарының маңызы ... ..19
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .26

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Көп мағыналы сөздердің тіл дамыту жұмыстарындағы алатын орны, оны оқуда қолдану. Бұл курстық жұмыста көп мағыналы сөзді дамыту жолдарын қарастырамыз.
Курстық жұмыстың мақсаты: Көп мағыналы сөздер арқылы тілдік дамыту жұмыстарын зерттеу, тілдік жұмыстарды қазақ тілінде зерттеу маңыздылығын айқындау.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, 2 тараудан, 7 бөлімнен тұрады және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

3
I тарау. Көп мағыналы сөздердің мағыналық дамуы.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1.1 Көп мағыналы сөзге жалпы сипаттама

Қазақ тіл білімінің лексикология саласында көп мағыналы сөздердің алатын орны ерекше. Сөздің мағынасының өзгеруінің, қалыптасу, даму жолдары бар. Сөздің көп мағыналыққа ие болуынының өзінің өзіндік заңдылықтары, әдіс -тәсілдері бар. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналығы деп атайды. Сөздің көп мағыналығы - негізінде сөздік қордағы сөздерге тән қасиет. Неге десеңіз, бұлар - ұзақ жылдар бойы өмір сүріп, тілде жаңа сөз, тың мағыналар жасауға ұйытқы болып келе жатқан байырғы тума сөздер. Соның нәтижесінде сөздік қордағы сөздер сан жағынан да, сапа жағынан да қарыштап әбден қарыштанып тұрақтанып қалыптасқан. Сондықтан да бұлар көп мағыналы болып кездеседі. Сөзге қосылған жаңа мағына басқа жақтан келіп, өз - өзінен жамала қалмайды. Әрбір жаңа мағына әр сөздің білдіретін мағынасының айрықша қасиетімен, түрліше сыр - сипатынан келіп шығады. Сөздің негізгі мағынасы белгілі бір шындыққа байланысты жалпы тарихи практиканың негізінде жасалады. Өмірде танылған әрбір ұғым жаңа ұғым мен атауды керек етеді. Ең алғашқы да бір сөз бір мағына я құбылысты білдіру үшін жұмсалған болса, кейіннен ол әлденеше ұғымды білдіру үшін қолданылады. Жалпы адамзат тілі қоғам тарихымен тығыз байланысты. Қай халықты алсақ та, оның басынан өткен қилы-қилы кезеңдері сол халықтың тіліне ізін қалдырмай тұрмайды. Демек, сөз тарихы тіл тарихымен, тіл тарихы халық тарихымен, халық тарихы қоғам тарихымен тығыз байланысты. Біреуін екіншісінен бөліп алуға келмейді. Бірін айтсақ бәрін байланыстырып бірге қатар айтуды қажет етеді. Осы қатынастардың сырын ашу - тілші -ғалымдар алдында тұрған үлкен міндет. Қазіргі қазақ тіл білімінде тілдік құбылыстардың бір қатары терең зерттелгенімен, зерттеуді одан әрі қажет ететін мәселелер баршылық. Соның бірі - лексикалық парадигма және лексика-семантикалық топтардың өзара байланысы. Тіл-тілдегі лексика -семантикалық топтардың қайсысын алсақ та, ол сөз мағынасымен байланысты болып табылады. Қазақ тіл білімінің лексикология саласында сөз мағынасының алатын орны ерекше. Сөз мағынасы өзгеруінің, бастапқы мағынасының үстіне бірнеше қосымша мағыналар жамалуының өзіндік даму, қалыптасу заңдылықтары бар. Сөз және оның мағынасының төңірегінде әр алуан көзқарастар болғандығы бізге мәлім. Себебі, сөз мағынасы қыры-сыры мол құбылыс. Бұл пікірталастар көбінесе сөздердің көп мағыналы болу мәселесіне негізделген. жинақталды, маңызды қорытындылар мен тұжырымдар жасалды және семантикалық зерттеудің негізгі қағидаттары белгіленді.
4
Алайда қазақ тіл білімінде лексикалық семантика аясындағы лексикалық жүйе, лексикалық жүйедегі қатынастар, лексикалық мағынаның құрылымдық жүйесі, тіл мен ойлау мәселесі, лексикалық жүйедегі мағыналардың өзара қарым - қатынасқа түсу ерекшелігі т.с.с. көптеген мәселелер тек соңғы кезде ғана қолға алынуда. Соның өзінде де семасиологиялық тұрғыдан әлі де болса зерттей түсуді керек ететін, зерттелгендерінің өзін әрі қарай талдай түсуді қажет ететін тұстары да жоқ емес. Себебі сөз мағынасы - көп сатылы, көп қатпарлы құбылыс, ол - таңбажасам үрдісімен байланысты барлық құбылыстардың гаммасы. Лингвистиканың лексикология және семасиология салалары бір-бірімен өте тығыз байланысты. Өйткені әр сөздің екі жағы болады: бірі - дыбыстар кешенінен тұратын сөздің сыртқы материалдық жамылғышы, екіншісі - оның мазмұны, яғни сөздің білдіретін мағынасы. Сөйтіп, семасиология сөздің мағынасын, оның дамуы мен өзгеруін, ауысуын және оның әдіс-тәсілдерін, сондай-ақ ол өзгерістердің болу себептерінің ішкі, сыртқы заңдылықтарын қарастырады. Семасиологияның негізгі мақсатының бірі - тілдік единицаларда тілден тыс құбылыс қалайша көрініс табатынын зерттеу. Тілдің лексика-семантикалық жүйесін басты түрде қамтамасыз етуші болмыстағы құбылыстар арасындағы байланыс пен қарым-қатынас тілдің өзіне қарағанда, әрине, сыртқы заңдылық болып табылады. Алайда кез келген таңбалық жүйе берілген жүйеден тыс жатқандарды белгілеу үшін қолданылады, және таңба (сөз) мағынасының өзі берілген жүйеден тыс та ашылады. Бірақ бұдан тілдің лексика-семантикалық жүйесінің тілдік ерекшелігінің рөлі төмен екен деп түсінбеу керек. Сөздің лексикалық мағыналары біркелкі емес. Мағыналардың арасындағы айырмашылық, ең алдымен, ақиқат өмірдегі заттар мен құбылыстарға қатысы жағынан айқын көрінеді. Сөздің кейбір мағыналары зат немесе құбылысқа нақтылы атау болып жеке өзі тұрып-ақ түсінікті болатын болса, кейбір мағыналары тек сөйлем ішінде, контексте ғана ашылып түсінікті болады. Сөздің жеке тұрып білдіретін мағынасы мен сөйлем құрамында келіп білдіретін мағыналары басқа-басқа болып келеді. Соған орай сөз мағынасын: негізгі және туынды мағына, тура және ауыспалы мағына, конкретті және абстракты мағына, ортақ және қосалқы мағына т.с.с. деп бөліп қарастырамыз. Жалпы мағынаны әр зерттеуші өзінше түсінеді. Бұндай әр түрлі түсінушілік зерттеу жұмысының бағытына, тілдер тобының ерекшелігіне байланысты. Сөз мағынасын зерттеудің әр түрлі жолдары: сөз мағынасын тезаурустық сөздік бойынша зерттеу бар, лексикалық мағынаны психологиялық зерттеу, сөз мағынасын полисемия құбылысы ретінде зерттеу бар.
5
Қоғамның, ондағы құбылыстардың дамуы барысында кейбір сөздердің мағыналары тарылып отыратын болса, ал енді біреулерінің мағыналары, керісінше, дамып, бұрыннан бар бастапқы мағынасының үстіне жаңа мағыналар үстеліп отырады. Жаңа мағына жоқтан бар болмайды. Олардың пайда болуына тілдегі бар сөздік материалдар негіз болады. Ол жөнінде Р.Барлыбаев былай деп көрсетеді: бір жағынан, жаңа мағына жасау тілдегі бар материалдардың негізінде болса, екінші жағынан сол жаңа мағынаны көрсету мұқтаждығы сол сөздің мағынасының дамуына, сол сөзбен жаңа сөз жасауға себепкер болады. Сыртқы қоғамдық жағдай жаңа мағынаның тууына уәж болса, ол тіліміздің ішкі мүмкіндіктері арқылы қалыптасып жарыққа шығады . Сөйтіп, тіліміздегі сөздердің бұрынғы мағынасының үстіне бірнеше басқа мағыналар қосылып сөз көп мағыналылыққа ие болады. Сөздің көп мағыналылыққа ие болуының өзіндік заңдылықтары, әдіс-тәсілдері бар. Жалпы, тіліміздегі сөздер белгілі бір заңдылықтар бойынша байланысқан, ұйымдасып келген бір бүтін, біртұтас жүйелі құбылыс. Сөздік құрамның ішкі бірлігі оның парадигмалық және синтагмалық байланысынан көрінеді. Лексикалық жүйе үшін сөздер тобының негізгі түрі лексика - семантикалық топ болып табылады. Сөздерді белгілі бір лексика - семантикалық топқа біріктіруші сөздің лексикалық мағынасы. Басқаша айтатын болсақ, лексикалық мағына сөздерді белгілі бір заңдылық бойынша лексика-семантикалық топтарға біріктіреді. Бір лексика-семантикалық топтағы сөздердің негізгі парадигмалық ерекшелігі олардың мағыналарында біркелкі семалар болады. Яғни бір ғана топқа бірігу үшін ол сөздердің не мағыналарында ортақтық, жақындық болады, немесе ол топтағы сөздер мағына қарама-қарсылығына негізделіп бірігеді. Мұндай топтар кейде өзара байланысып та келеді. Тіл - тілдегі лексика-семантикалық топтардың бәрі де көп мағыналы сөзбен байланысты болып келеді. Тіліміздегі сөз мағынасы, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдер өз алдына жеке-жеке зерттелгенмен (мәселен, К.Аханов Қазақ тіліндегі омонимдер; Ә.Болғанбаев Қазақ тіліндегі синонимдер; Р.Садықбеков Қазақ тіліндегі сөздердің көп мағыналылығы және М.Оразовтың Қазақ тілі семантикасы), көп мағыналы сөздердің тілдегі басқа лексика-семантикалық топтармен байланысы қазақ тіл білімінде жеке зерттеу нысаны болған жоқ.

6
1.2 Сөздің көп мағыналығы
Тіліміздегі ұзақ уақыт бойы қолданылып келе жатқан байырғы сөздер жаңа сөз, жаңа мағыналар жасауға ұйытқы (негіз) болады. Олар бұрынғы тура мағынасының үстіне жаңадан бір не бірнеше қосымша, яғни тура мағыналарға ие болып жатады. Соның нәтижесінде сөздік қордағы сөздер сан жағынан да дамып, жетіліп, тілдің байлығы артады. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да, бір сөз табына қатысты болады. Мысалы:
Бас (зат есім) - 1) адамның, айуанның, жәндіктің дене мүшесі; 2) шөптің, ағаштың ең жоғарғы жағы; 3) таудың ең үсті; 4) өзеннің, бұлақтың басталған жері; 5) таяқтың ұшы; 6) балтаның, шоттың жүзі бар жағы; 7) бір нәрсенің айналасы.
Омонимия - тіл білімінде мағыналары бөлек тіл бірліктерінің дыбыстық сәйкестілігі. Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары (семалары) бөлек сөздер.
Омонимді мына мысалдан көруімізгі болады.
Жүз - жүз (сан есім).
Жүз -- өң, бет, әлпет (зат есім).
Жүз - суда жүз (етістік).
Полисемия мен омонимдерді бір - бірінен ажырата білу қажет. Бұларды бір - бірінен ажырату мәселесі тіл білімінде өте - мөте күрделі мәселеле болып табылады. Омонимдердің айрықша түрлері болады. Олар - омофондар мен омографтар, омофоралар мен паронимдер. Бұл омонимдер құбылысының қатарында қарастырылғанда, сөздердің, сондай-ақ кейбір сөз тіркестерінің орфографиялық жағы мен орфоэпиялық жағының ара қатынасы ескеріледі.
К.Аханов омонимдердің төрт түрлі пайда болу жолын көрсеткен.
1) Кейбір омонимдер сөз тудырудың лексика - семантикалық тәсілі арқылы пайда болған. 2) Тіл-тілдегі бірсыпыра омонимдер сөздердің әр түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшарап, дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде пайда болған. 3) Омонимдер сөздердің түбірлеріне омонимдес аффикстердің жалғануы арқылы жасалады.
7
4) Кейбір омонимдер кірме сөздер мен төл сөздердің дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде жасалады. Омонимдік қатарға енетін сөздердің өзгеру, түрлену, түрлену жүйелерінің бір-біріне қаншалықты дәрежеде сәйкес келуіне қарай омонимдер лексикалық омонимдер, лексика-грамматикалық омонимдер және аралас омонимдер деп аталады. Полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырата білу керек. Бұларды бір-бірінен ажырату проблемасы тіл білімінде өте-мөте күрделі мәселе болып саналады. Сөздіктерді жасауда бірде-бір лексикограф полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырату проблемасына соқпай өтпейді. Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары бөлек сөздер. Омонимдердің айрықша түрлері болады. Олар - омофондар мен омографтар, омофоралар мен паронимдер. Сөздің мағыналық жағынан дамуына сыртқы себептер де ықпал етеді. әсіресе, сөздің мағынасының өзгеруіне ішкі себептерден гөрі сыртқы себептер көбірек әсер ететіндігі байқалады.Сөз мағынасының ішкі (линвистикалық) өзгерістерінің бір себебі, жаңа сөз немесе жаңа мағына сөздік құрамға келіп қосылғанда, бұрыннан тілде бар сөздердің мағыналары мен өзара қарым -- қатынасқа түсіп, солармен синонимдік байланыста жұмсалады. Мұндай жағдайда байланыс екі жағдайда болуы мүмкін.Сөздік құрамға келіп қосылған жаңа сөз не жаңа мағына бұрыннан тілде өмір сүріп келе жатқан байырғы сөздер мен байырғы мағыналардың жаңа сөздер мен жаңа мағыналарға да сондай әсері болуы ықтымал. Сөз мағынасының дамуы нәтижесінде мағына не кеңейіп, не тарайып отыру заңдылықтары туады. Сөз мағынасының кеңеюі деп сөздің тұлғасын өзгертпей-ақ бұрыннан белгілі мағынасының үстіне жаңа қосымша мағыналарға ие болуын айтамыз. Ол негізінде метафоралық, метонимиялық, синекдохалық тәсілдер арқылы іске асады. Сөз мағынасының тараюы тарихи, қоғамдық, әлеуметтік, т.б. жағдайларға байланысты сөздің кейбір мағынасының қолданыстан шығып қалуын білдіреді. Мысалы; көне түркі тілінде тон, тары- тек дәнді дақылдардың бір түрін емес, егін, астық, атаулыны білдірген. Тон-тек қой терісінен тігілген киімді ғана емес, жалпы киім атаулыны білдірген. Қол-адамның дене мүшесі ұғымымен бірге, тарихи әскер, жасақ ұғымында да қолданылған. Қарындас - көне түркі тілінде, ежелгі қазақ тілінде , қазіргі кейбір түркі тілдерінде : туысқан, бір тектес адамдар мәнін білдірсе, қазіргі қазақ тілінде бірге туған кіші қыздың ағасына туыстық қатынасың болмаса, жасы үлкен ер адамның әйел балаға айтылатын сөзін білдіріп, мағынасы тарылған.
8

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
II тарау. Тіл дамыту жұмыстары.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2.1 Тіл дамытудың бағыттары
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Оқушыны ауызша әдеби сөйлеу дағдаларына бейімдеу үшін орфоэпикалық ережелерге сай, фонетикалық заңдылықтарды аңғартатын, мәнерлеп оқуға арналған арнайы ұйымдастырылған жаттығу жұмыстарын жүргізу пайдалы. Мұндай жұмыс түрлері әр тақырыпты оқытуға байланысты тіл дамыту жұмыстары арықлы іске асуға тиіс. Оқушыға мәнерлеп оқытудың, әдемі сөйлеудің үлгілерін мұғалім өзі көрсетіп отыруы қажет. Оқушының әдеби сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға үйрету, дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту, сөйлеу тіліне жаттықтыру, өлеңдер мен әндерді жаттату, фабулалық мәтіндер мен диалогтарды тыңдату, классикалық, қазіргі кездегі музыканы, граммофондық немесе магнитофондық жазуларды тыңдату, сөз шеберлері, атақты сахна шеберлерінің орындауында магнитофон таспаларына жазылған поэтикалық шығармаларды, кино, диафильмдердің мазмұнын дыбыс арқылы жандандырып, магнитофоннан тыңдату сияқты жұмыстар жүргізудің үлкен мәні бар. Демек, көркем сөздің баурап алатын күші ерлікке, Отанды сүюге, адамгершілікке тәрбиелейді. Ол үшін тілді, әсіресе оның байлығын, көркемдігі мен үнділігін, сан қырлы мағынасы мен өткірлігін үйрене білу, көптен көп жаттыға білу қажет. Мұғалім Көп мағыналы сөздер, Омоним, синоним, антоним, неологизм, архаизм сөздер, Қос сөздер, Зат есім, Сын есім, Сан есім тақырыптарын оқытуға байланысты тіл дамыту жұмыстарын жүргізу барысында қазақ тілінде бұлардың алатын орнын, мәнін, мағынасын, қызметін меңгертіп, түсіндіріп отыруы қажет. Оқушыға әдемі, жүйелі сөйлеуге дағды беруде синоним сөздерді үйретіп отырудың мәні зор. Мұғалім тақырыпты оқытуға байланысты ана тіліндегі синоним сөздердің мәніне, маңызына, ерекшелігіне, сондай-ақ қазақ тіліндегі синоним сөздердің саны жағынан да, синонимдік қатарларының молдығы, байлығы жағынан да өте бай екенін, кейде бір ұғымды білдіру үшін ондаған синоним сөздерді қолдануға болатынын айтып, оны дұрыс пайдалана білу шебер, әдемі сөйлеуге тәрбиелейтінін түсіндіріп отыруы қажет. Ол үшін мұғалім синоним сөздердің алуан түплі мағыналарын қалай ажырату жолдарын айтып, оны қалай түсініп қолданатындықтарына зер салып, қадағалауы тиіс. Оқушыны ауызша әдеби сөйлеу дағдыларына үйретуде фонетика мен орфоэпияны дұрыс оқытудың орны ерекше, өйткені оқушы фонетика мен орфоэпияның заңдылықтарын дұрыс меңгеру арқылы әдеби тілдің нормасына жаттығады., сөздердегі дыбыстардың айтылуын, естілуін, жазылуын дұрыс айта білуге дағдыланады. Егер оқушы сөзді немесе дыбысты дұрыс айта алмаса, бір дыбыстың орнына екінші дыбысты ауыстырып айтатын болса, немесе жазса, онда ол әдеби тілдің сөйлеу дағдысын бұзып, ол сөзді қате айтумен бірге, дұрыс сауатты жаза алмайтын болады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
9
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Орфография мен орфоэпияны өткенде екі түрлі жазылу қаупі бар сөздерді дұрыс жаздырып, әрі айттырып отырған жөн. Мысалы. Батальон (баталион емес), бәйшешек (байшешек емес), құлын (құлұн емес), бұрын (бұрұн емес), т.б. Оқушы әдеби сөйлеуге дағдыландыруда фонетика, орфография, орфоэпия, синткасисті оқытуға орай дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылуындағы ерекшеліктерді, қатаң, сонор, ұяң дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін меңгерту, сөйлем орнына қойылатын тыныс белгілерін дауыс ырғағы, айтылуына қарай дұрыс қоя білу, сөзді буынға дұрыс бөлу,тасымалдау, сөзге дұрыс екпін түсіріп айта білу, сондай-ақ, магнитофон таспасынан тақырыптарды, мақал-мәтелдерді тыңдату сияқтыжұмыс түрлері жазылған сөздерді жұп-жұбымен жазып, өзара салыстырыңдар, ұқсаас болу үшін қай дыбыстар ортақ екенін айтыңдар, дыбыс пен әріптің қандай айырмасы бар, кітап, қазір, мейман сөздерін буын үндестігі тұрғысынан талдаңдар, бұларды қандай буынды сөздер деп атайды деген тәрізді тапрсырмалар беріп отыру пайдалы.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
К.Д.Ушинский ауызша және жазбаша дұрыс сөйлеу баланың жеке басына жақсы да, жаман да әсер етуі мұмкін, бірақ оны тәрбие процесімен тығыз ұштастыра білу қажет. Баланың өз бетімен білім алуына негіз жасау керек. Ол кітапты оқу арқылы адамның өмірімен, табиғат құбылыстарының сырымен, халықтың тілі, өнерң, еңбегі, ісімен танысады. Мұның бәрі ауызекі тіл дамытуда сабақты шығармашылықпен ұйымдастырудың маңызы зор екенін атап айтқан.

10
2.2 Оқушылардың тілін дамытуда қолданылатын технологиялар
Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі - тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретеміз. Мектеп жасындағы балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде мұғалімнің:
-балалардың сөздік қорларын дамыту;
-жаңа сөздерді меңгерту;
-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.
Осы аталған міндеттерді мұғалім үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Тілдік норма жетілу үшін оқушының ауызекі сөйлеу тілін, жазба тілін дамыту керек. Осы мақсатта тіл дамыту оқушыларға еркін тақырып аясында ауызша мәтіндер құрастыруға, өздері оқыған шығармаларын мазмұндап, көркемдеп баяндауға, ертегі, әңгіме құрауға үйретіледі. Сөйлеу арқылы ауызша тіл дамыса, еркін тақырыпқа жазылған мақала, эссе, ойтолғау, әңгіме, мазмұндама, шағын шығарма жазу арқылы жазба тілді дамытуға болады. Әр сыныпта белгілі бір тақырыптар қайта қайталанғанымен оқушылардың жас ерекшелігіне қарай жұмыс көлемі күрделенетіні анық. Осы жұмыстардың ішінде сабақ барысында өте жиі қолданылатыны мәтінмен жұмыс.

11
Мәтінмен жұмыс істегенде әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Бірақ сол қолданылатын әдіс-тәсілдердің мақсаты оқушыларға айкын болуы керек. Қазақ тілі сабағында жүргізілетін басты жұмыстар - балаларды қазақша сөйлетіп үйрету, сұраққа жауап бергізу, өздерін бір - бірімен сөйлестіру, оқығандарын ауызша айтқызу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Міне, осыған орай оқулықтағы мәтіндер, жаттығулар, өлең, жұмбақтар оқу, ауызша әңгімелеу, тіл дамыту және грамматикалық тұлғаларды меңгертіп, қазақ тілінде дұрыс сөйлеу үшін пайдаланылады және соған лайықтап беріледі. Кітаптағы мәтіндердің күрделілігі сол мәтіндермен жұмыс істейтін оқушылардың білім деңгейіне сай келу керек.

12
2.3 Тіл дамыту жұмыстарының маңызы
Тіл дамытуда қазіргі мектептің оқу-тәрбие ісіндегі басты мәселе - тіл мен сөйлеу процесін жіктей оқыту, оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу. Мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамытуға, байланыстырып сөйлеуге айрықша көңіл бөледі. Тілдік материалдарды дұрыс таңдай білу, оны дұрыс бере білу, тілдің теориясы мен сөйлеу практикасының бір-бірімен қарым-қатынасы түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асырылады. Қазақ тілі пәнін оқыту барысында мұғалім оқушының ойын логикалық жағынан дұрыс, анық, қазақтың әдеби тілінің нормасына сай, граматикалық, лексикалық, орфографиялық нормасына лайықты, дұрыс айта білуге үйретумен бірге, екінші жағынан ойын орфографиялық және пунктуациялы жағынан дұрыс жаза білуге жаттықтырады. Оқушының тілін дамыту жұмысы - ол баланың жалпы ойын дамыту деген сөз, өйткені оқушы қай пәнді оқып үйренсе де, өзінің істеген жұмысы, көрген-білгені туралы күнбе-күн сөйлеп, ойын қалыптастырып отырады. Қазақ тілі сабақтарындағы тіл дамыту жұмыстары оқушылардың жалпы ойын дамытуға бағытталады,яғни оқушылардың тілін дамыту мәселесі олардың ойлау қабілетімен байланыстырылса, сондай-ақ, ойлау мен сөйлеу процесінің бірлігінде ұйымдастырылады. Оқушының ауызша және жазбаша сөйлеу түрін дұрыс дамытуда грамматикалық ережелерді жақсы білудің, тыныс белгілерін дұрыс қоюдың, көркем әдебиетті көп оқудың үлкен мәні бар. Мұғалім қазақ тілі сабақтарында үйретілген ережеге сай түрлі жаттығу жұмыстарын орындатып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білдірудің жолдарын көрсетіп, көркем әдебиетті көп оқуға бағыт беріп, оның үлгісін көрсетіп отыруы қажет. Оқушыны ауызша әдеби сөйлеу дағдыларына бейімдеу үшін орфоэпиялық ережелерге сай, фонетикалық заңдылықтарды аңғартатын, мәнерлеп оқуға арналған арнайы ұйымдастырылған жаттығу жұмыстарын жүргізу пайдалы. Мұндай жұмыс түрлері әр тақырыпты оқытуға байланысты тіл дамыту жұмыстары арқылы іске асып отырады. Оқушыға мәнерлеп оқудың, әдемі сөйлеудің үлгілерін мұғалім өзі көрсетіп отыруы қажет. Оқушының әдеби сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға үйрету, дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту, сөйлеу тілін жаттықтыру, өлеңдер мен әндерді жаттату, фабулалы мәтіндер мен диалогтарды тыңдату, классикалық, қазіргі кездегі музыканы, магнитофондық жазуларды тыңдату, сөз шеберлері,

13
атақты сақна шеберлерінің орындауында магнитофон таспаларына жазылған поэтикалық шығармаларды, кино, диафильмдерден мазмұнын дыбыс арқылы жандандырып, магнитофоннан тыңдату сияқты жұмыстар жүргізудің үлкен мәні бар. Тіл дамытуда мақал-мәтел және тұрақты тіркестерді пайдаланып сөйлем құратудың да пайдасы зор. Бұл жұмыс түрі арқылы оқушының ойын көрікті айта білуге, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағында оқушының сөздік қорын байыту жұмыстарының түрлеріне тоқталу және олардың тілді үйрену барысында алатын орнын анықтау
Жазба жұмыстарын үйретуге бағытталған жұмыстар
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Орыстілді мектеп оқушыларының жазбаша сөйлеу тілін дамыту әдістемесі (5-6 – сынып)
Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесі
Тіл дамыту әдістемесінің маңызы
Қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жұмыстары
Әріптерден сөз жасау
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жұмыстарының мазмұны
Оқушылардың тіл мәдениетін ұстартуда педагогикалық дағдылар
Пәндер