Өкпе қабының ауруы

Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
Ф.7.11-19

Жануарлардың клиникалық диагностикасы пәні бойынша
дәрістер жинағы
Қамбаров А.Ә.

Шымкент, 2022 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра ВЕТЕРИНАРЛЫҚ МЕДИЦИНА

6В 09111 - Ветеринарлық медицина

Жануарлардың клтникалық диагностикасы пәні бойынша
дәрістер жинағы
Әдістемелік нұсқау
Оқу формасы: күндізгі

Шымкент, 2022 ж

ОӘЖ 591,2
КБЖ 48
Құрастырған: Қамбаров А.Ә Жануарлардың клиникалық диагностикасы пәні бойынша дәрістер жинағы әдістемелік нұсқауы. - Шымкент: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті, 2022. - 85 б
Дәрістер жинағына арналған әдістемелік нұсқау Жануарлардың клиникалық диагностикасы пәнінің оқу жоспары мен бағдарламасы талаптарына сәйкес құрастырылған және курстың дәрістер сабақтарының тақырыптарын орындауға қажетті барлық мәліметтерін қамтиды.
Әдістемелік нұсқау 6В09111 - Ветеринарилық медицина
Пікір берушілер: Ветеринарлық медицина кафедрасы доценті, а.ш.ғ.қ. Тулеметова С.Е.
Ветеринарлық медицина кафедрасы доценті, в.ғ.к., доцент Туткышбай И.А.
Ветеринарлық медицина кафедрасының мәжілісінде (хаттама № 2022ж Аграрлық факультетінің әдістемелік комиссиясының отырысында қаралған және басуға ұсынылған (хаттама № ___ ____ 2022ж.)

Баспаға М.Әуезов атындағы ОҚУ Әдістемелік кеңесі ұсынған, хаттама №__ ___ 2022ж.

(C)М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, 2022ж.

Шығаруға жауапты: Қамбаров А.Ә,

Мазмұны :
№ 1. Дәріс . Тақырыбы: Пропедевтиканың қысқаша
даму тарихы. Жануарлар ауруларының диагностикасыны
қажеттілігі және маңызы
№ 2.Дәріс . Тақырыбы: Тыныс алу жүйесінің тексеру жоспары.
№3.Дәріс Тақырыбы Көкірек қуысын және өкпені тексеру
№ 4. Дәріс. Тақырыбы: Тыныс алу жүйесінің қосымша зерттеулері
№ 5. Дәріс . Тақырыбы. Жүрек-қан тамыр жүйесін зерттеу
№ 6. Дәріс . Тақырыбы: Жүрек қан тамыр жүйесін зерттеудің қосымша зерттеулері.
№ 7. Дәріс Тақырыбы: Жас төлдердің жүрек қан тамыр жүйесін зерттеудің ерекшеліктері
№ 8. Дәріс Тақырыбы: Ас қорыту жүйесінің тексеру жоспары. Ас қорыту жүйесінің алдыңғы бөлігін зерттеу
№ 9. Дәріс . Тақырыбы: Жануарлардың құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы.
№ 10. Дәріс . Тақырыбы Ас қорыту жүйесі ауруларының негізгі белгілері.
№ 11. Дәріс. Тақырыбы Несеп жүйесі ауруларының негізгі белгілері
№ 12. Дәріс. Тақырыбы Несеп жүйесін зерттеу жоспары. Бүйректі тексеру. Бүйректің патологиялық өзгерістерінің диагностикалық маңызы.
№ 13.Дәріс. тақырыбы Зат алмасудағы патологиялық өзгерістерінің диагностикалық маңызы.
№14.Дәріс. Тақырыбы Рентген ілімі, ренген сәулесі. Рентген сәулесімен зерттеудің тәсілдері.
№ 15. Дәріс. Тақырыбы Құрсақ қуысы, сүйек-буын ауруларының ренген диагностикасы.

№1 Дәріс

Модуль 1

Тақырыбы: Кіріспе.
Курс пәні мен
пропедевтиканың қысқаша
даму тарихы. Жануарлар ауруларының диагностикасыны
қажеттілігі және маңызы
Жоспары:
1- Кіріспе.
2- Курс пәні мен міндеті.
3- Аурутану мен рентгенологияның қысқаша тарихы.
4- Пәннің қажеттілігі және маңызы. Курсты оқыту тәсілі.

Дәріс мақсаты: Жануарлар организміндегі клиникалық-физиологиялық үрдістерге баға беру методологиясын анықтауды меңгерту
Негізгі терминдер: рентгенография, рентгеноскопия, электрокардиография, эндоскопия, руменография, фонокардиография
Кіріспе.
Ветеринария ғылымының аурутану бөлімінде олардың пайда болу себептерін, сатыларын анықтау әдістерін, емдеу әрекеттерін және сақтандыру шараларын жетілдіре қағидалайды. Жалпы биологиялық, аурутану, зооинженерлік, агрономиялық және қоғамдық-экономикалық ғылым салаларымен пәнаралық тығыз байланыста бола отырып мамандықты қалыптастыратын пән. Пәннің негізін жалпы биология, биологиялық химия, физиология мен патофизиология, азықтандыру, фармакология, аурутану және экономика пәндері құрайды.
Мал дәрігерлерінің жұмысында малды аурудан сақтандыру шаралары басты орын алуы тиіс. Оның негізі ретінде жалпы биологиялық заңдылықты - организмнің біртұтастығын ескеру. Қандай дерт болмасын, патологиялық процеске жалғыз ауырған ағза ғана емес, белгілі бір дәрежеде басқа да ағзалар мен жүйелер қоса қатысады.
Курс пәні мен міндеті
(Пәннің қажеттілігі және маңызы. Курсты оқыту тәсілі
"Жануарлардың ішкі аурулары клиникалық балаумен" пәні - ветеринариялық, басқадай ғылым мен техника және өндіріс жетістіктерін ескере отырып, ауыл шаруашылық жануарларының ауруларын анықтау үшін, қазіргі кездегі зерттеу әдістерін меңгеруді үйрететін, соның негізінде қажетті емдеу, алдын алу және басқа да ветеринариялық шараларды қолдануды үйрететін клиникалық ветеринарияның бөлімі.
Клиникалық зерттеудің мақсаты - түрлі әдістерді қолдана отырып жануарларды клиникалық қарау, сипау, нұқу, тындау, рентгенография, электрография, эндоскопия, қанды, несепті, нәжісті, асқазан, ұлтабар, қарын сөлдерін тексеруде физикалық, химиялық және микроскопиялық зерттеулер мен басқа да әдістерін қолдану мүмкіндіктерін оқытады. Пән ветеринар дәрігері мамандығын қалыптастырудағы негізгі пән болып есептеледі сонымен қатар, мамандық этикасы мен деонтологиялық қағиданы сақтауға тәрбиелейді.

Жануарлардың ауруларын анықтап, заманауи жетістіктегі тиімді ветеринариялық іс шараларды көрсетуді үйрету және оның алдын алу барысында қазіргі кездегі клиникалық, лабораториялық және арнайы зерттеу әдістерін меңгеруге, лайықталған мәліметтерді жинақтап және талқылап, әсер етуші факторларға қатысты организмнің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін бағалау және қажетті көмек шараларын қарастыруды меңгерту болып табылады.
Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:
- Жануарлар организміндегі клиникалық-физиологиялық үрдістерге баға беру методологиясын анықтауды меңгерту;
- Заманауи құрал, аспаптармен жұмыс істей алуды көрсету;
- Организмдегі маңызды функционалдық үрдістердің теориялық биологиялық негіздемесін түсіндіру;
- Ауылшаруашылық және басқадай жануарлардың адамзат игілігіндегі маңыздылығына байланысты - жануарларды аурулардан сақтау, емдеу және зерттеу жоспары мен әдістерін оқыту, ауру үрдісін білу методологиясын меңгерту болып табылады.
Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушы келесідей талаптарды - біліп, игеріп, ұғып түсініп алуға міндетті:
- Пәнді жан-жақты теория жүзінде түсінуге;
- Жануарларының түріне, өсіру мақсатына байланысты - клиникалық тексеруді (қарау, пальпация, перкуссия, аускультация);
-Арнайы зерттеулер (рентгенография, рентгеноскопия, электрокардиография, эндоскопия, руменография, фонокардиография т.б.)
- Лабораториялық зерттеу әдістерін;
- Организмнің физиологиялық және патологиялық жағдайларындағы дәрілік заттардың әсер ету ерекшеліктерін, олардың сипаттамасын, әсер ету механизмін, қолдануға болатын және болмайтын жағдайларын;
- Лабораториялық диагностикумдармен жұмыс істеу;
- Жаңа аспаптармен, құралдармен жұмыс істеу;
- Ауру жануарды өздігінен тексеруді;

Ауру малды нәтижелі емдеп, ойдағыдай сақтандыру үшін ауруды белгіленген нақтылы жоспар арқылы, жүйелі түрде, егжей-тегжейіне жете зерттеу қажет. Ондай жоспар төмендегідей болғаны жөн:
Аурудың белгілерін анықтау үшін малды клиникалық тексеруден өткізу;
Организм қызметінің өзгергенін нақтылы анықтау үшін лабораториялық зерттеулер жүргізу;
Ауруды тудырған себептерді анықтау (этиология);
Аурудың даму процесіне көңіл аудару (патогенез);
Тексеру барысында анықталынған ауру белгілерін (семиотика, симптомотология, синдроматика) талдау;
Алынған нәтижелерге сүйене отырып аурудың диагнозын анықтау;
Аурудың өту барысына сүйене готырып оған болжам жасау (прогноз);
Ауруға ем тағайындау (терапия);
Аурудан сақтандыру шараларын ұйымдастыру (профилактика).
Аурутану мен рентгенологияның қысқаша тарихы
Мал емдеуден жазбаша ескерткіш қалдырған ерте заманғы египеттің папирусы - Кахунский (біздің эраға дейінгі 2000 жыл шамасында).
Аристотель (біздің эрамызға дейінгі 384-322 жж.) мал тарихына арналған УІІІ-ші кітабында ірі қара малдың өкпесінің қабынуын, жылқыда болатын шаншуларды, сондай-ақ шошқа, есек, ит ауруларын жазған.
Гректің, ветеринария Гиппократы аталған көрнекті ғалымы, гиппиатр (жылқы маманы) Абсирт (ІУ ғасыр) малдың жұқпалы емес ішкі ауруларының негізін салушы деп есептелінеді. Ол бүйрек қабынуы, өкпе эмфиземасы, өкпе гангренасы, жылқы шаншуы туралы мәлметтерді жазған.
ХУІІ және ХУІІІ ғасырларда Россияда қолжазба ретінде және баспадан "Қаладағы және ауылдағы оташы", "Жылқыға арналған дәрілер кітабы" деп аталатын оқу нұсқаулары және малды емдеу туралы кітаптар басылып шықты.
1806 жылы Вилен университетінде ветеринария кафедрасы жұмыс істей бастады.
1808 жылы Петербургтегі медициналық-хирургиялық академияда, 1811 жылы осы академияның Москвадағы бөлімінде ветеринария бөлімшелері ашылды.
1851 жылы Харьковте, 1873 жылы Қазанда, 1876 жылы Дерпте (Тарту) ветеринария институттары ашылды. Әрқайсысы жыл сайын 25-30 -дан ғана мал дәрігерлерін дайындады.
Қазақстанда бірінші өлкелік малдәрігерлік-бактериологиялық институт 1925 жылы ашылды. Ол институт 1935 жылдан бастап Қазақтың ғылыми-зерттеу малдәрігерлік институты болып аталады. Онда 1948 жылы Қазақстан бойынша бірінші аспирантура ашылды.
1930 жылы Алматының зоотехникалық-малдәрігерлік институты ашылды. Бұл институтта негізгі ғылыми бағыт пен орталықтар топтастырыла бастады. Атап айтқанда: академиктер Б.А.Домбровский, Ф.М.Мұхаметғалиевтар басқарған морфологтар; академик Н.У.Базанова басқарған физиологтар; академик Я.И.Клейнбок басқарған терапевтер; профессор Б.П.Всеволодов басқарған патоморфологтар; профессор М.П.Орлов басқарған паразитологтар топтары өздерінің ғылыми еңбектерімен Қазақстанда ветеринария ғылымының дамуына елеулі үлестерін қосты.
Қазақстанда малдәрігерлік ұйымдарды құруға ат салысып, ерекше еңбектері сіңген мал дәрігерлері: В.Я.Бенкин, А.П.Петровский, У.Б.Базанов, Т.Есенкулов, Ш.Көсепғалиев және басқалар. Кейінгі кезде Қазақстандағы ветеринария ғылымын дамытуға көп еңбек сіңірген ғалымдар: К.И.Скрябин, М.И.Иванов, Я.И.Клейнбок, А.Р.Әбішев, К.Н.Бучнев, З.К.Қожабеков, Т.С.Минкин, Н.Ж.Жанузақов, Т.С.Сайдулдин, Е.Ф.Дымко, К.Б.Биашев және т.б.жатады.
Қазірде жекелеген аймақтардың геобиохимиялық көрсеткіштерін зерттеу арқылы, кейбір минеральды заттардың жетіспеушілігінен немесе артық болуынан пайда болатын аурулардың алдын алу бағытында көптеген ғылыми жұмыстар жүргізілуде.
Мал дәрігерлері мен әр саладағы ферма қызметкерлерінің алдында тұрған негізгі мақсат - малдың денсаулығы мен өнімділігіне жағымсыз әсер ететін факторларды дер кезінде жоюға әрекет жасап, олардың өнімділік мүмкіндігін толық пайдалану. Осы мәселелерді шешу үшін және аурудың алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізуді дұрыс ұйымдастыру үшін үлкенді-кішілі барлық шаруашылықтарда диспансеризация уақытында өткізіліп отырылуы қажет.

Бақылау сұрақтары:
1. Аурудың белгілерін анықтау үшін малды клиникалық тексеруден өткізу;
2. Организм қызметінің өзгергенін нақтылы анықтау үшін лабораториялық зерттеулер жүргізу;
3. Ауруды тудырған себептерді анықтау (этиология);
4. Аурудың даму процесіне көңіл аудару (патогенез);
5. Тексеру барысында анықталынған ауру белгілерін (семиотика, симптомотология, синдроматика) талдау;
6. Алынған нәтижелерге сүйене отырып аурудың диагнозын анықтау;
7. Аурудың өту барысына сүйене готырып оған болжам жасау (прогноз);

Негізгі әдебиеттер
1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал - Алматы, 2007. М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.
2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары Қожанов, К.Н. - 2013
3. Төл ауруларын емдеу және олардан сақтандыру шаралары Қожанов, К.Н. - 2005
4. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде Қожанов, К.Н. - 2006
Қосымша әдебиеттер
1. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней животных. А.М. Смирнов, П.Я. Конопелько, Р.П. Пушкарев, В.С. Постников, Н.А. Уразаев, И.М. Беляков, Г.Л. Дугин, В.С. Кондратьев Москва ВО Агропроминиздат 1988
2. Лабораторные исследования в ветеринарииПод редакцией В.Я. Антонова и П.Н. Блинов.- М.: Колос, 1979
3. Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер
4. Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары Қожанов, К. - 2005. http: rmeb.semgu.kzebooksebook_212
5. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде. Қожанов, К. - 2006. http: rmeb.semgu.kzebooksebook_92

№2 Дәріс

Тақырыбы: Тыныс алу жүйесінің тексеру жоспары.
Жоспары:
1- Жоғарғы тыныс жолдарының аурулары.
2- Тыныс алу жүйесін тексеру әдістерін меңгеру, салыстырмалы тексеру.
3- Пневмония, пневмоторакс, өкпе эмфиземасының клиникалық белгілері .
Дәріс мақсаты: тыныс жолдарын тексерудің әдістемесін меңгеру
Негізгі терминдер: Ринит, бронхит, пневмония, палипноэ ,олигопноэ
Жоғарғы тыныс алу бөлігін зерттеу.
Студенттерге түсіндіру және көрсету әдісімен жоғарғы тыныс жолдарын тексерудің әдістемесін келесі ретпен уйретеді:
а) мұрын ақпасының және шығарылатын ауаның түрін анықтау;
б) мұрын қуысының кілегей қабатын тексеру;
в) жылқы ауақабының маңдай және үстіңгі жақ қуыстарының шекарасын анықтау;
г) қосалқы қуыстарды көру, сипалау, нұқу арқылы тексеру:
д) жылқы ауақабын тексеру:
е) көмекей мен кеңірдекті көру, сипалау және риноскоп, ларингоскоп құралдары арқылы тексеру;
ж) жөтел мен қақырықты тексеру;
з) қалқанша безін (орнын, көлемінің, тығыздығының, қозғалғыштығының өзгерісін) тексеру.
Сау малдарда мұрын ақпасы білінбейді (немесе сірлі, сірлі-кілегейлі ағынды түрінде аздап ағады).
Ринит, бронхит, пневмония, қосалқы қуыстардың қабынуы, өкпе ісінуі, ларинго-фарингит кезінде мұрын ақпасы үнемі немесе кезеңмен сірлі, сірлі-іріңді немесе шірікті ағынды түрінде бөлінеді.
Шығарылатын ауаны тексергенде оның күшін, температурасын, иісін ( өкпе гангренасында жағымсыз иіс, кетоз кезінде ацетон иісі, уремия кезінде аммиак иісі) анықтайды.
Мұрын қуысының кілегей қабатын көру арқылы немесе рефлектор көмегімен тексереді. Жылқыларда ол көкшіл-қызғылт, ірі қара малда- қызғылт болады. Ауру кезінде қызаруы, көгеруі, бозаруы, сарғаюы, ісінуі мүмкін. Кейде кілегей қабатының бүтіндігінің бұзылуы-жара, күлдіреуік, тыртық, бөртпе кездеседі.
Жылқылардың маңдай және үстіңгі жақ қуыстарының топографиялық шекаралары: маңдай қуысының алдыңғы шекарасы-бет қырларының ортасына дейін, артқы шекарасы- жақ буынына дейін, бүйір шекарасы- сыртқы маңдай қырына дейін жетеді. Үстіңгі жақ қуысының жоғарғы шекарасы-көздің ішкі бұрышынан жақ бұрышына дейін, төменгісі - бет қыры деңгейінде, алдыңғысы- орбита ортасының деңгейінде болады.
Ірі қара малда маңдай қуысының алдыңғы шекарасы- орбиталардың алдыңғы шеттерін қосатын сызық бойымен, артқысы-мүйіз аралық қырмен, бүйір шекарасы-маңдай сүйегінің сыртқы қырымен өтеді. Үстіңгі қуысының жоғарғы шекарасы- орбитаның ішкі қырынан бірінші премолярдың алдыңғы қырына дейінгі сызық бойынша, алдыңғысы- көзасты тесігінің деңгейінде, артқысы- орбита ортасының деңгейінде, төменгісі- бет төмпегінен мұрынға паралелль жүргізілген сызық бойымен өтеді.
Тақ тұяқтылардың ауа қаптары құлақ қалқанынан төменірек, атлант каналы мен төменгі жақ бұтағының артқы қырының арасында орналасқан. Ауа қабын көру, сипалау, нұқу әдістерімен және қажет болған жағдайда ренгеноскопия, рентгенографияны қолданып тексереді.
Өңеш пен кеңірдекті көру, сипалау және тыңдау әдістерімен тексереді. Бірқатар аурулар (сақау, жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпалы катары, ларингит және т.б.) кезінде ауырсыну, қабынулар, жергілікті температураның жоғарылауы байқалады.
Жөтелді зерттегенде оның күшіне,жиілілігіне, ұзақтығына және жөтелдің табиғатына (бронхит, трахеит кезінде- жаңғырған, пневмония кезінде - глухой, плеврит, өңеш қабынуы, бронхит және плевропневмония кезінде ауырсынудың байқалуы).
Тыныс алу қозғалыстарын зерттеуді көкірек қуысын көру арқылы тексеруден бастайды. Мұнда көкірек қуысының пішініне, көлеміне, қозғалғыштығына; тыныс алу түріне, жиілігіне, симметриялығына және ырғағына назар аударады. Көкірек қуысының пішінін, көлемін, қозғалғыштығын бүйірінен және артынан қарау арқылы анықтайды.
Тыныс алу түрін кеуде және құрсақ бұлшықеттерінің қозғалысы бойынша анықтайды. Ауылшаруашылық малдарында тыныс алудың кеуде-құрсақтық (косто-абдалинальдық),иттер мен терісі бағалы аңдарда - кеуделік тыныс алу. Ауылшаруашылық малдарында кеуделік тыныс алу- перитонит, қарынның жіті үлкеюінде, ішектердің метеоризмінде, мес қарынның тимпаниясында т.б. кездеседі. Ал, құрсақтық тыныс алу-плевритте, өкпе эмфиземасында, пневмонияда байқалады.

Тыныс алу жиілілігін көкірек қуысының, құрсақ қабырғасының, жылқыда мұрын қанаттарының қозғалысы бойынша, шығарылатын ауа ағындары бойынша, өкпе немесе кеңірдекті тыңдау арқылы анықтайды.
Ауруларда тыныс алудың жиілілеуі (палипноэ) және тыныс алудың сиреуі (олигопноэ) байқалады.
Палипноэ - өкпе ауруларында, плевра ауруларында, жүрек жетіспеушілігінде, анемияда, көптеген лихорадкалық ауруларда кездеседі.
Олигопноэ - көмекей мен ірі бронхиттардың диаметрінің кішіреюі, бас қысымының жоғарылауы, гастрит, кетоз т.б. ауруларда болады.
Тыныс алу мүшелерін тексергенде тыныс алу ырғағына назар аударады. Тыныс алу ырғағы дегеніміз- дем алу және дем шығару фазаларының дұрыс кезектесуі.
Тыныс алу аритмияларына келесілер жатады:
Саккадирлі немесе үздікті тыныс алу.
Плеврит, микробронхит, өкпе эмфиземасы, менингит, кетоз, уремия ауруларында байқалады.
Кусемаульдің үлкен тыныс алуы. Минутына тыныс алу санының азаюымен және тыныс алу фазаларының ұзаруымен сипатталады. Бұзау сальмонеллезі жылқы ИЭМ, кала кезінде байқалады.
Биоттік тыныс алу. Бірдей тыныс алу қозғалыстарынан кейін ұзақ үзілістің пайда болуымен сипатталады. Энцефалит, менингит, ми қабынуларында, миға қан құйылғанда байқалады.
Чейн-Стокс тыныс алуы. Ұзақ үзілістен кейін бірте-бірте күшейе беретін тыныс алу қозғалыстарының пайда болып, содан кейін қайтадан тыныс алу қозғалыстары әлсізденіп, үзіліске ауысуымен сипатталады. Миға қан құйылғанда, шаншуда, миокардитте, улануда байқалады.
Грокктың дислоцирленген тыныс алуы. Тыныс алу координациясының бұзылуы, тыныс алудың көкірек қуысының бұлшықеттерінің жұмысына сәйкес болмауымен сипатталады. Аутоинтоксикация және жылқы ПЭМ кезінде болады.
Ентігу (диспноэ)- тыныс алудың түрінің, ырғағының, тереңдігінің және жиілілігінің өзгеруі. Ентігу инсператорлық, эксператорлық және аралас болып бөлінеді.
Инсператорлық ентігу - дем алудың күшеюі мен ұзаруы салдарынан қиындауы. Ол жоғарғы тыныс алу жолдарының тарылуы нәтижесінде пайда болады. Мұрын кілегей қабығының қабынуында, сақау кезінде, жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпалы катарінде және т.б. ауруларда болады.
Экспираторлық ентігу. Дем шығарудың қиындауы, шап соғуын түзеді. өкпенің альбеолалық эмфиземасында байқалады.
Аралас ентігу дем алу мен дем шығарудың қиындауымен сипатталады. Пневмония, пневмоторакс, плеврит, жүрек жетіспеушілігі, лейкоз, энцефалит, анемия ауруларымен ауыратын жануарларда кездеседі.
Көкірек қуысын сипалау арқылы оның сезімталдығын, температурасының өзгеруін, терісінің зақымдалуының бар-жоғын, ісіктер, эмфизема және т.б. өзгерістерді анықтайды.

Ірі қара малға құрал арқылы нұқу, ал ұсақ малдарға дигитальді нұқу жүргізеді. Көкірек қуысын нұқуды қабырға аралықтарын жоғарыдан төмен қарай жүргізеді. Сау жануарлардың перкуссиялық дыбысы анық, ұзақ, атимпаникалық болу керек. Оны өкпенің анық перкуссиялық дыбысы деп атайды.
Нұқу арқылы өкпе шекарасын анық өкпелік дыбыстың топас немесе тимпаникалық дыбысқа ауысуынан анықтайды.
Өкпенің артқы перкуссиялық шекарасынның маңызды клиникалық мәні бар. Ол ұш горизонтальді сызықпен анықталады: а) мықын сызығы: б) шонданай төмпегінің сызығы; в) иық буынының сызығы.
Сау малдарда перкуссиялық дыбыс анық өкпелік, атимпаникалық болу керек. Бірақ, перкуссиялық дыбыстардың өзгерістері де болуы мүмкін.
Топастау (тері асты ісіктер, фиброзды плеврит, пневмония).
2.Топас дыбыс (экссудатты плеврит, крупозды пневмония, контагиозды плевропневмония).
3. Тимпаникалық дыбыс (беткі орналасқан ауалық қуыстар- каверна, бронхоэктази, пневмоторкас).
4. Металлдық дыбыс (каверна) диафрагма жарығы).
5. Шытынаған құмыра дыбысы (каверна, ашық пневмотораксте).
Күйіс қайыратын жануарларда мықын сызығы мен шонданай төмпешігінің сызығы сәйкес келеді, сондықтан нұқуды екі сызық бойынша жүргізеді: 1) мықын сызығы: 2) иық буынының сызығы.
Төменде жануарлар өкпесінің артқы шекарасының мәліметтері көрсетілген:

Өкпенің артқы шекарасының үлкеюі эмфизема, пневмония, өкпе эхинококкозы кезінде болады, ал кішіреюі мес қарын типманиясы, ішектердің метеоризмі, бауыр церрозы кезінде байқалады.
Негізгі тыныс алу шулары.
1. Везикулярлық тыныс алу-дем алу және дем шығару кезінде альвеола қабырғаларының тербелуі нәтижесінде түзіледі. Везикулярлық тыныс алудың күшеюі және әлсізденуі мүмкін.
Везикулярлық тыныс алудың күшеюі ентігу, постгеморрагиялық анемия, интоксикация, инфекция кезінде пайда болады. Катаральді немесе іріңді пневмония, гангрена, өкпе ісінуі, өкпе туберкулезі кезінде везикулярлық тыныс алудың жергілікті күшеюі болуы мүмкін.
Везикулярлық тыныс алудың әлсіреуі өкпенің альвеолалық эмфиземасында, обтурациялық ателектазда, ошақтық пневмонияда, экссудаттық плевритте, гидротораксте, өңештің ісінуінде болады.
2. Қалыпты бронхтық тыныс алу. Альвеолалардың қызметі кезінде пайда болған дыбыстар мен шулардың тыныс алу жолдарынан өтуі кезінде түзіледі.
3. Қосалқы тыныс алу шулары: бронхиалдық және амфорикалық болады. Патологиялық бронхиалдық тыныс алу өкпенң инфильтрациясы кезінде түзіледі, өйтені, тығыздалған өкпе ұлпасы ларинготрахеялық шуларды жақсы өткізеді. Патологиялық бронхиальды тыныс алуды қалыптыдан ажырату үшін, басқа өкпенің дәл сол бөлігіне салыстырмалы тыңдау жүргізу қажет.
Амфорикалық тыныс алу. Өкпе сырылдары құрғақ және ылғалды (ұсақ көпіршікті, орташа көпіршікті, ірі көпіршекті) болады. Сонымен қатар плевраның үйкелу шуын, плеврадағы плеск шуын және өкпелік фистула шуын анықтайды. Ол өкпе кавернасының плевра қуысына ашылған кезде, дем алумен сәйкес келетін шу.

Бақылау сұрақтары:
Тыныс алу жүйесін тексеру әдістері
мұрын ақпасының және шығарылатын ауаның түрін анықтау;
б) мұрын қуысының кілегей қабатын тексеру;
в) жылқы ауақабының маңдай және үстіңгі жақ қуыстарының шекарасын анықтау;
г) қосалқы қуыстарды көру, сипалау, нұқу арқылы тексеру:
д) жылқы ауақабын тексеру:
е) көмекей мен кеңірдекті көру, сипалау және риноскоп, ларингоскоп құралдары арқылы тексеру;
ж) жөтел мен қақырықты тексеру;
з) қалқанша безін (орнын, көлемінің, тығыздығының, қозғалғыштығының өзгерісін) тексеру.

Негізгі әдебиеттер
1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал - Алматы, 2007. М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.
2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары Қожанов, К.Н. - 2013
3. Төл ауруларын емдеу және олардан сақтандыру шаралары Қожанов, К.Н. - 2005
4. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде Қожанов, К.Н. - 2006
Қосымша әдебиеттер
1. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней животных. А.М. Смирнов, П.Я. Конопелько, Р.П. Пушкарев, В.С. Постников, Н.А. Уразаев, И.М. Беляков, Г.Л. Дугин, В.С. Кондратьев Москва ВО Агропроминиздат 1988
2. Лабораторные исследования в ветеринарииПод редакцией В.Я. Антонова и П.Н. Блинов.- М.: Колос, 1979
3. Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер
4. Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары Қожанов, К. - 2005. http: rmeb.semgu.kzebooksebook_212
5. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде. Қожанов, К. - 2006. http: rmeb.semgu.kzebooksebook_92

№3 Дәріс

Тақырыбы: Көкірек қуысын және өкпені тексеру.
Жоспары:
1- Көкірек қуысын және өкпені тексеру.
2- Көкірек клеткасын сипалау, топографиялық немесе салыстырмалы нұқуды жүргізу
3- Әртүрлі жануарлардың көкірек-құрсақ қуыстарында орналасқан мүшелердің топографиясы мен салыстырмалы тексеру әдістері.

Дәріс мақсаты: Тыныс алу қозғалыстарын зерттеуді көкірек қуысын көру арқылы,көкірек қуысының пішініне, көлеміне, қозғалғыштығына; тыныс алу түріне, жиілігіне, симметриялығына және ырғағына назар аударады. қарау арқылы анықтауды меңгеру.
Негізгі терминдер: эмфизема, пневмония, өкпе эхинококкозы, мес қарын типманиясы, ішектердің метеоризмі, бауыр церрозы
Тыныс алу жүйесі ауруларыньщ жіктелуі:
Тыныс алу жүйесінің ауруларын үш топка белуге болады:
1. Тыныс алу жолдарынъщ аурулары.
2. Өкпелердің аурулары.
3. Өкпе қабының ауруы.
Тыныс алу жолдарының ауруларына жататындар:
:: танау қуысыньвд қабынуы - риниттер;
:: көмекейдін қабьшуы - ларингиттер;
:: қосалқы қуыстардың қабынулары (гайморит фронтит жене жылқылардың ауа қапшықтарыны-қабынуы);
кеңірдектің қабынуы - трахеит; бронхылардың қабынулары - бронхиттер.
Өкпелердің ауруларына жататындар:
Өкпелердің қан кернеп ісінуі;
Өкпе қабынулары (крупозды, ателектаза гипостазды, метастазды, аспирациялық);
:: өкпе гангренасы;
:: бронхылар мен өкпелердің қабаттаса қабынуы бронхопневмония;
:: өкпелердің эмфиземасы - альвеоллалық интерстициалық.
Бұл аурулардың тұтас және дақты, жіті және созылмалы түрлерін ажыратады.
Өкпе қабының ауруы - оның қабынуы - плеврит.
Тыныс алу жүйесіиің ауруларыиан сактандыру шаралары:
мал түрлерінің, шаруашылық багытының, табигат-ктям жағдайларының ерекшшііктерін ескере отьгрвш жүргізіледі;
малды бағып-күтудегі зоогигиеналық қшшптьг сақтау;
сапалы азықтандыруды қамтамасыз ету;
үйымдастыру, мадцәрігерлік-санитарлық іс-әреке-қадағалау;
мал қораларын саларда оныд орнын дүрыс тавдау;
қора микроклиматын зоогигаеналық түрақтылықта Оны ғыльгми түрғыдан малдың жасына, түк өнімділігіне сөйкес реттеу;
мал кораларында, өсіресе шошқа қоралар ьглғаддьшықтың артық болмауын қадағалау;
канализация жүйесінің жүмыстарын реттеу;
цеменггі еденге төлдерді төсенішсіз жатқызбау;
малды жазда, өсіресе ыстық күндері көлеңкедг жақсы алмасатын қорада үстау;
іпаңды болдырмауға тырысу (көгалдандыру, агаш. егу), калды шанды жолмен айдамау, сусымалы жемді
ылғалдап ұнын гранула түрінде беру;
малдарды тасымалдағаңда стресске қарсы өрекет жасау автокөлікпен тасымаддау 5 сағаттан аспауы керек); жаңадан келген малды мұхият тексеруден өткізу; мал қораларьш, есіресе жас төлдерге арналған, барлыга 'ос- барлығы бос емес ережесін сақтай отырып ггайд алану;
жаз айларында аналық малды төлдерімен бірге лагерде үстау;
организмді суыққа шынықтыру;
төлдерді уақытында серуендетіп отыру, ультракүлгін сәулесімен қамтамасыз ету;
организмнің жалпы табиғи қарсыласу күшін жөне ;гммунобиологиялық түрақтылығын жақсарту жолдарын тиімді пайдалану (сапалы азық, витаминдер, минерадды заттар, гамма-, полиглобулиндер, лизоцим, нммуномодуляторлар, гадролизиндер, т.б. заттар); жоспарлы түрде диспансеризацияны уақытында, сапалы түрде еткізіп отыру.
Тыныс алу жүйесінің аурулары, жұқпалы емес аурулардың ішінде, ас қорыту жүйесінің ауруларынан кейін екінші орынды алады. Қазіргі кездегі жеке шаруашылықтарда барлық аурулардың 20-30 пайызы тыныс алу жүйесінің ауруларының негізгі екі топқа бөлуге болады:
1.Малдарды күту мен азықтандыру технологиясының бұзылуларынан организмнің резистенттілік қабілетінің төмендеуі;
2.Микроорганизмдердің әсері,
Жалпы тыныс алу жүйесінің аурулары анотомиялық құрылысы негізінде екі топқа бөлінеді:
1.тыныс алу жолдарының аурулары;
2.Өкпелердің аурулары.
Осы аурулардың 90 пайызына жуығы бронхылар мен өкпелердің қабыну процесіне келеді. Сондықтан да тәжірибе сабақтарында бұл ауруларға аса көңіл бөлген жөн. Біз ұсынып отырған практикумдағы тыныс алу жүйесінің ауруларына арналған тәжірибе сабақтарының 90 пайызының осы ауруларға арнаулы да осыған байланысты.
Тыныс алу жолдарының аурулары
Тыныс алу қозғалыстарын зерттеуді көкірек қуысын көру арқылы тексеруден бастайды. Мұнда көкірек қуысының пішініне, көлеміне, қозғалғыштығына; тыныс алу түріне, жиілігіне, симметриялығына және ырғағына назар аударады. Көкірек қуысының пішінін, көлемін, қозғалғыштығын бүйірінен және артынан қарау арқылы анықтайды.
Тыныс алу түрін кеуде және құрсақ бұлшықеттерінің қозғалысы бойынша анықтайды. Ауылшаруашылық малдарында тыныс алудың кеуде-құрсақтық (косто-абдалинальдық),иттер мен терісі бағалы аңдарда - кеуделік тыныс алу. Ауылшаруашылық малдарында кеуделік тыныс алу- перитонит, қарынның жіті үлкеюінде, ішектердің метеоризмінде, мес қарынның тимпаниясында т.б. кездеседі. Ал, құрсақтық тыныс алу-плевритте, өкпе эмфиземасында, пневмонияда байқалады.

Күйіс қайыратын жануарларда мықын сызығы мен шонданай төмпешігінің сызығы сәйкес келеді, сондықтан нұқуды екі сызық бойынша жүргізеді: 1) мықын сызығы: 2) иық буынының сызығы.
Төменде жануарлар өкпесінің артқы шекарасының мәліметтері көрсетілген:

Жануар түрі
Мықын сызығы бойынша қабырға аралықтары
Шонданай төмпегі сызығы бойынша қабырға аралықтары
Иық буыны сызығы бойынша қабырға аралықтары
Жылқы
16, 17
14, 15
10, 11
Ірі қара мал, қой, ешкі
11
-
8
Шошқа
11
9
7
Түйе
10
Сегіз көз төмпегінің сызығы бойынша 12-ші қабырға аралығында
8

Өкпенің артқы шекарасының үлкеюі эмфизема, пневмония, өкпе эхинококкозы кезінде болады, ал кішіреюі мес қарын типманиясы, ішектердің метеоризмі, бауыр церрозы кезінде байқалады.
Негізгі тыныс алу шулары.
1. Везикулярлық тыныс алу-дем алу және дем шығару кезінде альвеола қабырғаларының тербелуі нәтижесінде түзіледі. Везикулярлық тыныс алудың күшеюі және әлсізденуі мүмкін.
Везикулярлық тыныс алудың күшеюі ентігу, постгеморрагиялық анемия, интоксикация, инфекция кезінде пайда болады. Катаральді немесе іріңді пневмония, гангрена, өкпе ісінуі, өкпе туберкулезі кезінде везикулярлық тыныс алудың жергілікті күшеюі болуы мүмкін.
Везикулярлық тыныс алудың әлсіреуі өкпенің альвеолалық эмфиземасында, обтурациялық ателектазда, ошақтық пневмонияда, экссудаттық плевритте, гидротораксте, өңештің ісінуінде болады.
2. Қалыпты бронхтық тыныс алу. Альвеолалардың қызметі кезінде пайда болған дыбыстар мен шулардың тыныс алу жолдарынан өтуі кезінде түзіледі.
3. Қосалқы тыныс алу шулары: бронхиалдық және амфорикалық болады. Патологиялық бронхиалдық тыныс алу өкпенң инфильтрациясы кезінде түзіледі, өйтені, тығыздалған өкпе ұлпасы ларинготрахеялық шуларды жақсы өткізеді. Патологиялық бронхиальды тыныс алуды қалыптыдан ажырату үшін, басқа өкпенің дәл сол бөлігіне салыстырмалы тыңдау жүргізу қажет.
Амфорикалық тыныс алу. Өкпе сырылдары құрғақ және ылғалды (ұсақ көпіршікті, орташа көпіршікті, ірі көпіршекті) болады. Сонымен қатар плевраның үйкелу шуын, плеврадағы плеск шуын және өкпелік фистула шуын анықтайды. Ол өкпе кавернасының плевра қуысына ашылған кезде, дем алумен сәйкес келетін шу.

Бақылау сұрақтары:
1. Тыныс алу ырғағы дегеніміз
2. Инсператорлық ентігу
3. Аралас ентігу
4. Нұқу арқылы өкпе шекарасын анық өкпелік дыбыстың топас немесе тимпаникалық дыбысқа ауысуынан анықтау
5. Өкпенің артқы перкуссиялық шекарасынның маңызды клиникалық мәні
6. Өкпенің артқы шекарасының үлкеюі
7. Негізгі тыныс алу шулары.
8. Қалыпты бронхтық тыныс алу
9. Қосалқы тыныс алу шулары.

Негізгі әдебиеттер
1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал - Алматы, 2007. М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.
2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары Қожанов, К.Н. - 2013
3. Төл ауруларын емдеу және олардан сақтандыру шаралары Қожанов, К.Н. - 2005
4. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде Қожанов, К.Н. - 2006
Қосымша әдебиеттер
1. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней животных. А.М. Смирнов, П.Я. Конопелько, Р.П. Пушкарев, В.С. Постников, Н.А. Уразаев, И.М. Беляков, Г.Л. Дугин, В.С. Кондратьев Москва ВО Агропроминиздат 1988
2. Лабораторные исследования в ветеринарииПод редакцией В.Я. Антонова и П.Н. Блинов.- М.: Колос, 1979
3. Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер
4. Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары Қожанов, К. - 2005. http: rmeb.semgu.kzebooksebook_212
5. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде. Қожанов, К. - 2006. http: rmeb.semgu.kzebooksebook_92

№4 Дәріс

ТАҚЫРЫБЫ Тыныс алу жүйесінің қосымша зерттеулері.
ЖОСПАР:
1.Тыныс алу жүйесінің қосымша зерттеулері.
2.Тыныс алу жүйесінің ауруларының негізгі белгілері.
3. Тыныс алу жүйесін салыстырмалы тексеру.
4. Бронхы мен өкпе патологияларын ажырату, рентгенографиялық зерттеулердегі көріністерге сипаттама беру.
5. Рентгеноскопия, рентгенография, флюрография оның манызы және ережелері.
Дәріс мақсаты: Тақ тұяқтылардың ауа қаптары құлақ қалқанынан төменірек, атлант каналы мен төменгі жақ бұтағының артқы қырының арасында орналасқан. Ауа қабын көру, сипалау, нұқу әдістерімен және қажет болған жағдайда ренгеноскопия, рентгенографияны қолданып тексереді.

Негізгі терминдер:

Сау малдарда мұрын ақпасы білінбейді (немесе сірлі, сірлі-кілегейлі ағынды түрінде аздап ағады).
Ринит, бронхит, пневмония, қосалқы қуыстардың қабынуы, өкпе ісінуі, ларинго-фарингит кезінде мұрын ақпасы үнемі немесе кезеңмен сірлі, сірлі-іріңді немесе шірікті ағынды түрінде бөлінеді.
Шығарылатын ауаны тексергенде оның күшін, температурасын, иісін ( өкпе гангренасында жағымсыз иіс, кетоз кезінде ацетон иісі, уремия кезінде аммиак иісі) анықтайды.
Мұрын қуысының кілегей қабатын көру арқылы немесе рефлектор көмегімен тексереді. Жылқыларда ол көкшіл-қызғылт, ірі қара малда- қызғылт болады. Ауру кезінде қызаруы, көгеруі, бозаруы, сарғаюы, ісінуі мүмкін. Кейде кілегей қабатының бүтіндігінің бұзылуы-жара, күлдіреуік, тыртық, бөртпе кездеседі.
Жылқылардың маңдай және үстіңгі жақ қуыстарының топографиялық шекаралары: маңдай қуысының алдыңғы шекарасы-бет қырларының ортасына дейін, артқы шекарасы- жақ буынына дейін, бүйір шекарасы- сыртқы маңдай қырына дейін жетеді. Үстіңгі жақ қуысының жоғарғы шекарасы-көздің ішкі бұрышынан жақ бұрышына дейін, төменгісі - бет қыры деңгейінде, алдыңғысы- орбита ортасының деңгейінде болады.
Ірі қара малда маңдай қуысының алдыңғы шекарасы- орбиталардың алдыңғы шеттерін қосатын сызық бойымен, артқысы-мүйіз аралық қырмен, бүйір шекарасы-маңдай сүйегінің сыртқы қырымен өтеді. Үстіңгі қуысының жоғарғы шекарасы- орбитаның ішкі қырынан бірінші премолярдың алдыңғы қырына дейінгі сызық бойынша, алдыңғысы- көзасты тесігінің деңгейінде, артқысы- орбита ортасының деңгейінде, төменгісі- бет төмпегінен мұрынға паралелль жүргізілген сызық бойымен өтеді.
Тақ тұяқтылардың ауа қаптары құлақ қалқанынан төменірек, атлант каналы мен төменгі жақ бұтағының артқы қырының арасында орналасқан. Ауа қабын көру, сипалау, нұқу әдістерімен және қажет болған жағдайда ренгеноскопия, рентгенографияны қолданып тексереді.
Өңеш пен кеңірдекті көру, сипалау және тыңдау әдістерімен тексереді. Бірқатар аурулар (сақау, жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпалы катары, ларингит және т.б.) кезінде ауырсыну, қабынулар, жергілікті температураның жоғарылауы байқалады.
Жөтелді зерттегенде оның күшіне,жиілілігіне, ұзақтығына және жөтелдің табиғатына (бронхит, трахеит кезінде- жаңғырған, пневмония кезінде - глухой, плеврит, өңеш қабынуы, бронхит және плевропневмония кезінде ауырсынудың байқалуы).
Тыныс алу қозғалыстарын зерттеуді көкірек қуысын көру арқылы тексеруден бастайды. Мұнда көкірек қуысының пішініне, көлеміне, қозғалғыштығына; тыныс алу түріне, жиілігіне, симметриялығына және ырғағына назар аударады. Көкірек қуысының пішінін, көлемін, қозғалғыштығын бүйірінен және артынан қарау арқылы анықтайды.
Тыныс алу түрін кеуде және құрсақ бұлшықеттерінің қозғалысы бойынша анықтайды. Ауылшаруашылық малдарында тыныс алудың кеуде-құрсақтық (косто-абдалинальдық),иттер мен терісі бағалы аңдарда - кеуделік тыныс алу. Ауылшаруашылық малдарында кеуделік тыныс алу- перитонит, қарынның жіті үлкеюінде, ішектердің метеоризмінде, мес қарынның тимпаниясында т.б. кездеседі. Ал, құрсақтық тыныс алу-плевритте, өкпе эмфиземасында, пневмонияда байқалады.
Тыныс алу жиілілігін көкірек қуысының, құрсақ қабырғасының, жылқыда мұрын қанаттарының қозғалысы бойынша, шығарылатын ауа ағындары бойынша, өкпе немесе кеңірдекті тыңдау арқылы анықтайды.
Ауруларда тыныс алудың жиілілеуі (палипноэ) және тыныс алудың сиреуі (олигопноэ) байқалады.
Палипноэ - өкпе ауруларында, плевра ауруларында, жүрек жетіспеушілігінде, анемияда, көптеген лихорадкалық ауруларда кездеседі.
Олигопноэ - көмекей мен ірі бронхиттардың диаметрінің кішіреюі, бас қысымының жоғарылауы, гастрит, кетоз т.б. ауруларда болады.
Тыныс алу мүшелерін тексергенде тыныс алу ырғағына назар аударады. Тыныс алу ырғағы дегеніміз- дем алу және дем шығару фазаларының дұрыс кезектесуі.
Тыныс алу аритмияларына келесілер жатады:
Саккадирлі немесе үздікті тыныс алу.
Плеврит, микробронхит, өкпе эмфиземасы, менингит, кетоз, уремия ауруларында байқалады.
Кусемаульдің үлкен тыныс алуы. Минутына тыныс алу санының азаюымен және тыныс алу фазаларының ұзаруымен сипатталады. Бұзау сальмонеллезі жылқы ИЭМ, кала кезінде байқалады.
Биоттік тыныс алу. Бірдей тыныс алу қозғалыстарынан кейін ұзақ үзілістің пайда болуымен сипатталады. Энцефалит, менингит, ми қабынуларында, миға қан құйылғанда байқалады.
Чейн-Стокс тыныс алуы. Ұзақ үзілістен кейін бірте-бірте күшейе беретін тыныс алу қозғалыстарының пайда болып, содан кейін қайтадан тыныс алу қозғалыстары әлсізденіп, үзіліске ауысуымен сипатталады. Миға қан құйылғанда, шаншуда, миокардитте, улануда байқалады.
Грокктың дислоцирленген тыныс алуы. Тыныс алу координациясының бұзылуы, тыныс алудың көкірек қуысының бұлшықеттерінің жұмысына сәйкес болмауымен сипатталады. Аутоинтоксикация және жылқы ПЭМ кезінде болады.
Ентігу (диспноэ)- тыныс алудың түрінің, ырғағының, тереңдігінің және жиілілігінің өзгеруі. Ентігу инсператорлық, эксператорлық және аралас болып бөлінеді.
Инсператорлық ентігу - дем алудың күшеюі мен ұзаруы салдарынан қиындауы. Ол жоғарғы тыныс алу жолдарының тарылуы нәтижесінде пайда болады. Мұрын кілегей қабығының қабынуында, сақау кезінде, жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпалы катарінде және т.б. ауруларда болады.
Экспираторлық ентігу. Дем шығарудың қиындауы, шап соғуын түзеді. өкпенің альбеолалық эмфиземасында байқалады.
Аралас ентігу дем алу мен дем шығарудың қиындауымен сипатталады. Пневмония, пневмоторакс, плеврит, жүрек жетіспеушілігі, лейкоз, энцефалит, анемия ауруларымен ауыратын жануарларда кездеседі.
Көкірек қуысын сипалау арқылы оның сезімталдығын, температурасының өзгеруін, терісінің зақымдалуының бар-жоғын, ісіктер, эмфизема және т.б. өзгерістерді анықтайды.
Ірі қара малға құрал арқылы нұқу, ал ұсақ малдарға дигитальді нұқу жүргізеді. Көкірек қуысын нұқуды қабырға аралықтарын жоғарыдан төмен қарай жүргізеді. Сау жануарлардың перкуссиялық дыбысы анық, ұзақ, атимпаникалық болу керек. Оны өкпенің анық перкуссиялық дыбысы деп атайды.
Нұқу арқылы өкпе шекарасын анық өкпелік дыбыстың топас немесе тимпаникалық дыбысқа ауысуынан анықтайды.
Өкпенің артқы перкуссиялық шекарасынның маңызды клиникалық мәні бар. Ол ұш горизонтальді сызықпен анықталады: а) мықын сызығы: б) шонданай төмпегінің сызығы; в) иық буынының сызығы.
Сау малдарда перкуссиялық дыбыс анық өкпелік, атимпаникалық болу керек. Бірақ, перкуссиялық дыбыстардың өзгерістері де болуы мүмкін.
Топастау (тері асты ісіктер, фиброзды плеврит, пневмония).
2.Топас дыбыс (экссудатты плеврит, крупозды пневмония, контагиозды плевропневмония).
3. Тимпаникалық дыбыс (беткі орналасқан ауалық қуыстар- каверна, бронхоэктази, пневмоторкас).
4. Металлдық дыбыс (каверна) диафрагма жарығы).
5. Шытынаған құмыра дыбысы (каверна, ашық пневмотораксте).
Күйіс қайыратын жануарларда мықын сызығы мен шонданай төмпешігінің сызығы сәйкес келеді, сондықтан нұқуды екі сызық бойынша жүргізеді: 1) мықын сызығы: 2) иық буынының сызығы.
Төменде жануарлар өкпесінің артқы шекарасының мәліметтері көрсетілген:
Жануар түрі
Мықын сызығы бойынша қабырға аралықтары
Шонданай төмпегі сызығы бойынша қабырға аралықтары
Иық буыны сызығы бойынша қабырға аралықтары
Жылқы
16, 17
14, 15
10, 11
Ірі қара мал, қой, ешкі
11
-
8
Шошқа
11
9
7
Түйе
10
Сегіз көз төмпегінің сызығы бойынша 12-ші қабырға аралығында
8

Бақылау сұрақтары:
1. Тыныс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүрек қабының қабынуы
Жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары
«Микрохирургия және видеоэндохирургия туралы түсінік»
Жүрек - тамыр жүйесі ауруларының жіктелуі
Жұқпалы емес аурулар
Перкуссия және аускультация әдістерінің тарихы
Кеуде клеткасының қалыпты түрлері
Шошқа тілмесі. Тілме
Жүрек-тамырлар жүйесінің патологиясы: аритмиялар, ақаулар
Кардиология. Жүрек ауруы
Пәндер