Қаржылық саласы және әлемдік экономика



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІ КЕАҚ
Академиялық жазылым пәні

АКАДЕМИЯЛЫҚ ЭССЕ ТАҚЫРЫБЫ

Әлемдік қаржылық дағдарыстар және олардың себептері

Орындаған: Амантай Е.Б.
Мамандық: Маркетинг және жарнама

Тексерген:
Э.ғ.к., ассистент профессор Жунисбекова Г.Е.

Алматы, 2023
Аннотация
Бұл мақалада әлемдік қаржылық дағдарыстар және оның басты себептері туралы талқыланып, зерттеледі. Әлемдік қаржылық дағдарыстар жалпы бүкіл экономика саласын және көптеген қоғамдық өмірін қамтитын, сонымен қатар өзгертетін құбылыс. Қаржылық дағдарыстың қалыптасуында көптеген факторлар бар. Әрине олар экономикалық, қаржылық немесе саяси факторлар болуы мүмкін. Осындай дағдарыстар әдетте әр түрлі жағдайлардың жиналып қалуынан туындайды. Жағдайлар мынадай болуы мүмкін: тапшылық, қаржы нарығының аштығы, мөлшерден тыс өндірістер, банк жүйесінің нашарлығы және қарыз беру деңгейінің артуы деп айтуға келеді. 1990 жылдары болған азиядағы қаржы дағдарысы сол кездегі қоғамды түбегейлі өз назарына аударды. Қаржылық дағдарыс туындағаннан кейін оны шешу жолдарыда керек болады. Дағдарыстан кейінгі сабақтар қаржы институтын және олардың жаһандық экономикамен байланысын терең талдау керек екенін және маңыздылығын түсінуге көмек береді және дағдарыстар көбінесе осындай жағдайлардың туындауын болдырмау және жалпы әлемдік экономиканың тұрақтылығын нығайту үшін халықаралық ынтымақтастықты жақсарту және реттеу керек қажеттілігін анықтайды.

КІРІСПЕ
Өзектілігі. Әлемдік қаржылық дағдарыстар дегеніміз - әлемде болып жатқан кез келген қаржы құралдарының күрт өзгеруі, төмендеуі және нарықтағы қаржы саласының дүрбелеңге түсуі. Осындай құбылыстар көбінесе банктік проблемаларға қатысты сипатта орын алады. Сонымен қатар қаржылық, экономикалық білімі жоқ адамдардың қоғамда жұмыс атқаруы да осы дағдарысқа әкеліп соқтырады және олар үшін бұл дағдарыс тұжырымы түсініксіз болып қала береді.
Қаржылық дағдарыстар деген экономикалық құбылыс тек бір елге қатысты емес. Бұл құбылыс бірнеше елдерге қатысты және бір-бірімен тығыз байланыста әсер етеді. Мысалға бұрынғы замандарда бір ел осы дағдарысқа ұшыраса ол келесі бір елге айтарлықтай әсер етпеді десек те болады. Керісінше бірін-бірін басып озып, алдыға қарай дамуды көздеді. Ал қазір ше?
Қазіргі кезде мұнай деген қара алтын бар. Оның бағасының өзгеруі көптеген елдердің экономикасына әсерін тигізеді. Себебі мұнайды бүкіл әлем елдері қолданып жатыр. Осындай өзгерістер болса көптеген елдер қаржылық дағдарыстардың шарықтау шегіне жетіп, экономикасы құлдырап кететін еді. Әлемдік дағдарыстың ықпалының өте зор екенін және оның салдарын талдап шығамыз. Бүгінгі тақырыптың негізгі өзектілігі осы болмақ.
Зерттеу мәселесі: Әлемдік қаржылық дағдарыстың дүние жүзі елдеріне берер әсері қандай және салдары қандай болмақ?
Зерттеу мақсаты: Әлемдік қаржылық дағдарыстың салдарын, пайда болу себебін және алдын алу мақсатында ұсыныс білдіру.
Зерттеу міндеттері:
Әдебиеттік шолулар жасау;
Әлемдік қаржылық дағдарыстың әлем елдері арасындағы маңыздылығын көрсету;
Қаржы дағдарысының қандай болуы мүмкін тұстарын көрсету;
Әлемдік қаржылық дағдарыстың Қазақстан еліне әсерін көрсету;
Әлемдік қаржылық дағдарыстың алдын алу жолдарын қарастыру және ұсыныстар көрсету.

Зерттеу нысаны: Қаржылық саласы және әлемдік экономика.
Зерттеу пәні: Қаржылық дағдарыстың дүние жүзі елдеріне әсерін көрсету.

Гипотеза: Қаржылық дағдарыстың алдын алатын жолдарын тауып, әрекет жасасақ, тек бір мәселе емес, бүкіл дүние жүзіндегі қаржы мәселелері аз да болса шешеліп бастар еді. Осының арқасында тек қаржы саласы емес, елдердің экономикасы арта түседі.
Мәтіннің құрылымы: Эсседе әлемдік қаржылық дағдарыс туралы сипатталып, талқыланатын болады және өзекті мәселелер қамтылады. Олар мынадай: қаржылық саланы дұрыс қолданбағаннан пайда болған дағдарыстың әлемдегі орны, салдары және ҚР әсері. Әлемдік нарықтың және экономиканың сипатын айқындау. Сонымен қатар барлық мәселенің соңындағы шешімі.

Әдебиеттік шолу
Әлемдік дағдарыс, оның туындауына ықпал ететін факторлар және салдары қашан да болмасын барлық әлем елдері үшін маңызды әрі өзекті мәселесі болып қала бермек. Сонымен қатар осы тұста дағдарыс болған жағдайда қандай шара қолдану қажет, алдын алу жолдары қандай деген сияқты бірқатар сұрақтар туындайды. Дағдарыс пен оның себептерін өз еңбектерінде талдап жазған авторлар да аз емес, олардың мақалаларынан сұрақтарымызға көбірек жауап таба аламыз.
Е.В. Васина өз еңбегінде қаржылық дағдарыс терминине жалпы түсінік беріп, оның белгілерін қарастырды: Қаржылық дағдарыс қаржы нарығында және қаржы секторында көрініс береді. Дағдарыс белгілеріне мыналар жатады: пайыздық мөлшерлеменің күрт өсуі, проблемалық банктер мен банктік емес қаржы институттарының үлесінің ұдайы өсуі, проблемалық қарыздар санының артуы, несиелендірудің айтарлықтай қысқаруы, өзара байланысты банкроттықтың пайда болуы. Банктік және басқа да қаржылық қызмет инвестициялық құрамдас бөліктен алыпсатарлық құрамдас бөлігі басым болатын шығынды модельге көшуде. Бағалы қағаздар бағасының ауқымды төмендеуі және есеп айырысулардың кешігуі байқалады. [1]
Әлемдік қаржылық дағдарыстар әрқашанда өзекті ғаламдық мәселе болып қала береді. Дәл осы мәселені Яровенко С.Э. және Ниязбекова Ш.У. өз еңбектерінде көтеріп, тарихтағы дағдарыстарға сипаттама берді. Олардың айтуынша: Адамзат өзінің бүкіл тарихында саяси, қаржылық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы келеңсіз құбылыстардың салдары болып табылатын жаһандық қаржылық дағдарыстарды жиырмадан астам рет бастан өткерді. Жаһандық қаржылық дағдарыстар шайқалған төңкеріс кезеңінен басталады. Алғашқы қаржылық дағдарыстар 17 ғасырда Англияда болды. Дүниежүзілік дағдарыстар нарықтық қатынастардың дамуы арқылы циклді сипат алды. Экономикалық циклдарды зерттегенде дағдарыстардың қайталанатынын анықтауға болады, бірақ оларды болжау қиын. [2]
Шихалиева Д.С. және Беляева С.В. жазған мақалаларында 2020 жылы пандемияның себебінен болған дағарысқа толық талдау жүргізіп, туындаған экономикалық мәселелерді қарастырды. Соның ішінде дағдарыс себебінен бағасы мен сұранасы төменлеген мұнай саласы туралы ашып жазды:2020 жылғы дағдарыстың негізгі себептері коронавирустық індет, сұраныс пен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік қаржы нарығының жалпы түсінігі
Салықтар ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету факторы ретінде
Нарық талабына орай ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ұйымдық-құқықтық формаларының қалыптасуының ғылыми негіздері
Экономикалық өсімнің тұрақты қарқындарын ұстауға жәрдемдесу
Қазақстан Республикалық экономикалық қауіпсіздігі мәселесі және оны шешу жолдары
Қазақстандағы шетел инвестициясын пайдаланудағы саясаты
БСҰ-ға кіру жағдайындағы ауыл шаруашылығының бүгінгі жағдайын ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Ислам экономикасының негізін және ерекшеліктерін зерттеу
Газ конденсатын өндіру
Стратегиялық жоспарлаудың түсінігі мен мәні
Пәндер