Экософия немесе терең экология ұғымы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Тұрар Б.Қ.
Сыныптан тыс жұмыстарда экологиялық сана қалыптастыруда экософиялық ұғымдарды қолдану технологиясы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы 5В060700 - Биология
Қарағанды 2021
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Тықырыбы: Сыныптан тыс жұмыстарда экологиялық сана қалыптастыруда экософиялық ұғымдарды қолдану технологиясы
Мамандығы 5В060700 - Биология
Орындаған: Б.Қ. Тұрар
Ғылыми жетекшісі,
PhD., профессор А.Б. Мырзабаев
Қарағанды 2021
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Факультет_______Биология-география_ _____
Мамандық________5В060700_______
Кафедра_________Зоология_______
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындауға
ТАПСЫРМА
Студент Тұрар Бауыржан Қожатайұлы
аты-жөні
БН-42 тобының студенті 5В060700-Биология күндізгі бөлім курсы, тобы, мамаіщығы, оқу турі
1. Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы Сыныптан тыс жұмыстарда экологиялық сана қалыптастыруда экософиялық ұғымдарды қолдану технологиясы университет бойынша 02 қараша 2020 ж. №1105 бұйрықпен бекітілді.
2. Студенттің аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі 15 мамыр 2020 ж.
3. Жұмысқа бастапқы мәліметтер (заңдар, әдеби көздер, зертханалық-
өндірістік мәліметтер)
1. ОТБАСЫ ХРЕСТОМАТИЯСЫ. ЭКОСОФИЯ НЕМЕСЕ КИЕЛІ ТАБИҒАТ С. Керімбай, Ә. Нәби, С.Нұрқабекұлы, М.Төлеген, - Алматы: Орхон Баспа үйі, - 2019. - 208 бет.
2. The Deep Ecology Movement: An Introductory Anthology ed. by A. Drengson Y. Inoue. Berkeley: North Atlantic Publishers 1995. 328 p.
3. Вернадский В.И. Философские мысли натуралиста. -- М.: Наука, 1988. -- 358 с.
4. Боровицкий П.И., Винниченко П.Ф., Крамаров Д.Я., Тулякова Г.М., Яковлева О.С. Методика преподавания естествознания под общей редакцией П.И. Боровицкого. - Л: Санкт-Петербург - 2015.- 168с.
4. Дипломдық жұмыста (жобада) өңдеуге жататын мәселелер тізімі
1. Экософиялық ұғымдар технологиясы қолдану арқылы сыныптан тыс жұмыстар өткізу арқылы оқушылардың экологиялық санасын қалыптастыру..
5. Графикалық материалдар тізімі (сызбалар, кестелер, диаграммалар және
т.б.)
5 сызба-нұсқа, 14 кесте, 14 диаграмма
6. Негізгі ұсынылатын әдебиеттер тізімі - - - - - -
1. Arne Naess (1973) The shallow and the deep, long‐range ecology movement. A summary , Inquiry: An Interdisciplinary Journal of Philosophy, 16:1-4, 95-100.
2. ОТБАСЫ ХРЕСТОМАТИЯСЫ. ЭКОСОФИЯ НЕМЕСЕ КИЕЛІ ТАБИҒАТ С. Керімбай, Ә. Нәби, С.Нұрқабекұлы, М.Төлеген, - Алматы: Орхон Баспа үйі, - 2019. - 208 бет.
3. Ғаламторлық ресурстар.
7. Жұмыс бойынша консультанциялар (оларға қатысты жұмыс бөлімдерін көрсетумен)
Бөлімінің тараудың
нөмірі,атауы
Ғылыми жетекші, кеңесші
Тапсырманы алу
мерзімдері
Тапсырма
берді
(қолы)
Тапсырма
қабылдады
қолы)
Кіріспе
Мырзабаев А.Б
18 қыркүйек 2020ж.
Мырзабаев А.Б
Тұрар Б.Қ.
1. Экософия - экологиялық сана қалыптастыруда және экологиялық ағарту процесстерінде негізгі ұғым
Мырзабаев А.Б
2 қазан 2020ж.
Мырзабаев А.Б
Тұрар Б.Қ.
2. Білім беру барысында сыныптан тыс жұмыстарда экософия арқылы экологиялық сана қалыптастарудың ғылыми-педагогикалық негіздері және жүйесі
Мырзабаев А.Б
8 қазан 2020ж.
Мырзабаев А.Б
Тұрар Б.Қ.
3. Эксперименттік бөлім
Мырзабаев А.Б
13 қараша 2020ж.
Мырзабаев А.Б
Тұрар Б.Қ.
4. Зерттеу нәтижелерін зерделеу
Мырзабаев А.Б
5қаңтар 2021ж.
Мырзабаев А.Б
Тұрар Б.Қ.
Қорытынды
Мырзабаев А.Б
15 сәуір 2021ж.
Мырзабаев А.Б
Тұрар Б.Қ.
8. Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау кестесі
№
Жұмыстың кезеңдері
Жұмыс кезеңдерін
Орындау
мерзімдері
Ескерту
1
Дипломдық жоба тақырыбын бекіту
қараша 2020ж.
2
Дипломдық жобаны дайындау үшін материалдар жинау
қараша-наурыз 2021ж.
3
Дипломдық жұмыстың (жобаның) теориялық бөлімін дайындау (1 тарау)
қараша 2020ж.
Іс-тәжірибеге кеткен дейін
4
Диплоидық жұмыстың (жобаны) сараптамалық бөлімін
наурыз 2021ж.
Іс-тәжірибе уақытында
5
Дипломдық жұмыстың (жобаның) толық мәтінің жобалық нұсқасын аяқтау
сәуір 2021ж.
Іс-тәжірибе аяқталғаннан кейінгі бірінші аптада
6
Дипломдық жұмысты (жобаны) алдын-ала қорғауға ұсыну
сәуір 2021ж.
Шолу дәрістерінің (консультациялар) уақытында
7
Дипломдық жұмысты (жобаны) сын-пікірге ұсыну
сәуір 2021ж.
8
Дипломдық жұмыстың (жоюаның) ғылымижетекшінің пікірімен және сын-пікірмен соңғы нұсқасын тапсыру
мамыр 2021ж.
9
Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау
маусым 2021ж.
МАК кестесіне сәйкес
Тапсырманың берілген күні 24 қыркүйек 2020ж.
Ғылыми жетекшісі: PhD., профессор Мырзабаев А.Б.
қолы аты-жөні, ғылыми атағы, қызметі
Тапсырманы қабылдады: студент: Тұрар.Б.Қ
қолы аты-жөні
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
І Экософия - экологиялық сана қалыптастыруда және экологиялық ағарту процесстерінде негізгі ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14
1.1 Экософия немесе терең экология ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 14
1.2 Экософия немесе терең экологияның экологиялық сана қалыптастыру процессіндегі перспективасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 18
ІІ Білім беру барысында сыныптан тыс жұмыстарда экософия арқылы экологиялық сана қалыптастарудың ғылыми-педагогикалық негіздері және жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26
2.1 Оқу процесінде экософиялық технологиялар арқылы экологиялық тәрбие қалыптастырудың педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.2 Жасөспірімдерде сыныптан тыс жұмыстарда экософия арқылы экологиялық сана қалыптастыруды әдіснамалық негіздері және жүйесі ... ... ... 35
ІІІ Эксперименттік бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
3.1 Өткізілген зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 41
ІV Зерттеу нәтижелерін зерделеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 47
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 67
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 70
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі
Қазіргі таңда, адамзаттың қарқынды дамып жатқан дәуірінде тенологиялық дамумен қатар қоршаған ортаға түрлі ықпалдардың да әсері ушығып тұрғанын байқауға болады. Антропогендік әсердің салдарынан табиғат және жалпы қоршаған орта мен оның құрамдас бөліктерінің экологиялық сапасының төмендеуі, өзгерген жағдайы адамзат тіршілігіне біршама айтулы қауіп төндіріп отыр. Осы орайда қоғамның сан жылдар бойы жасаған әсерекеттерінің қорытындысы ол - өркениеттің қарқынды дамуының екінші бір жағымсыз жақтары технологиялық әрі өндірістік дамумен қатар техногендік әсердің ушығуы.
XVIII ғасырда Еуропада басталған өнеркәсіптік революция табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынаста айтарлықтай өзгерістер енгізді. Осы уақытқа дейін адам, басқа тіршілік иелері сияқты, өзінің экожүйесінің табиғи құрамдас бөлігі болды, тіршілік айналымына сәйкес келді және оның заңдарына сәйкес өмір сүрді.
Неолит революциясынан бастап, яғни егіншілік пен одан кейінгі мал шаруашылығы ойлап табылған кезден бастап адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас қарқынды түрде өзгере бастады. Адамның ауылшаруашылық қызметі біртіндеп өзінің заңдарына сәйкес өмір сүретін агроценоздар деп аталатын жасанды экожүйелер жасады. Ал өз кезегінде олардың сақталуы адамның тұрақты, мақсатты жұмысын қажет етеді. Адамның араласуынсыз олар өмір сүре алмайды. Адам белсенділігінің нәтижесінде табиғаттағы тіршілік айналымы өзгере бастайды, қоршаған ортаның табиғаты өзгереді. Халық саны өсіп, қатар адамның қажеттіліктері де өскен сайын, сәйкесінше олардың тіршілік ету ортасының да қасиеттері көбірек өзгеріске ұшырайды. Алайда, соңғы уақытқа дейін бұл өзгерістердің бәрі баяу жүрді, сондықтан олар туралы ешкім ойламады.
Өнеркәсіптік революцияның басталуымен жағдай тез өзгере бастады. Бұл өзгерістердің басты себептері көмірсутекті отынды - көмірді, мұнайды, сланецті, газды өндіру және пайдалану болды. Содан кейін көптеген металдар мен басқа да пайдалы қазбаларды өндіру. Адамдар бұл заттардың биосферада пайда болуы судың, ауаның, топырақтың ластануы туралы айта бастады. Мұндай ластану процесінің қарқындылығы тез өсті. Есесіне адамзат мекендейтін орта күрт өзгерді.
Біздің заманымызда табиғатқа деген тұтынушылық көзқарас, оның ресурстарын пайдаланып, орнын толтыратын шара қолданбау қазіргі кезде қате екенін адамзат мойындады.Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, табиғатты адамның шаруашылық қызметінің әсерінен сақтау проблемасы үлкен мемлекеттік маңызға ие болып отыр.
Адамдардың тіршілік еті ортасын қорғау - жалпы адамзаттың ісі десек артық болмайды. Табиғатты қорғау мен оны ұтымды пайдалану - комплексті проблема, оның шешілуі экожүйелерді сақтауға бағытталған мемлекеттік шараларды біртіндеп жүзеге асыруға, сондай-ақ қоғамның өзі үшін қаржыландыру тиімді болып табылатын ғылыми білімді кеңейтуге байланысты[1].
Жер адам тарапынан үнемі өсіп келе жатқан әсерді сезінеді. Бұл климаттың, атмосфераның құрамының өзгеруімен, сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің төмендеуімен көрінеді. Бұл өзгерістердің астарында 1900 жылдан бері үш есе өскен халық санының өсімі жатыр. Соңғы 100 жыл ішінде адамзат тұтынылатын қазба отынының көлемін 30 есе және өнеркәсіптік өндіріс көлемін 50 есе арттырды.
Оның салдары қаншалықты ауыр болуы мүмкін екенін түсіну үшін осы процестің бір жағын ғана қарастырған жеткілікті. Көмірқышқыл газының және басқа "парниктік" газдардың көбеюіне байланысты климат күрт өзгеруі мүмкін, әсіресе жоғары ендіктерде. Сонымен қатар, шөлдер одан әрі өсіп, тропикалық жаңбырлы ормандары азаяды. Құрғақшылық немесе су тасқынынан аулақ болу үшін жаппай қоныс аударуға да тура келуі мүмкін. Онымен қоса табиғи апаттар да көп болады, ал теңіз деңгейі 100 жылдан кейін 50 см -- ден асады.
Жануарлар мен өсімдіктер әлемінің кейбір түрлері қазірдің өзінде температураның көтерілуіне өзіндік реакция беруде. Мәселен, қоныс аудармайтын еуропалық көбелектердің 22 түрінің таралу аймағы соңғы 100 жыл ішінде солтүстікке қарай 240 км-ге көшті. Ал соңғы онжылдықта құстардың 59 түрінің таралу аймағы 18 км-ге жылжыды[2].
Бұдан өзге мысал ретінде айтатын болсақ, тағы да бір антропогендік өрескел әсердің мысалы - биосфераның радиактивті заттармен ластану проблемасы. Бұл ауыр ластану проблемасы 1945 жылы Жапон қалалары Хиросима мен нагасакиге тасталған атом бомбаларының жарылысынан кейін пайда болды. 1962 жылға дейін атмосферада жүргізілген ядролық қарудың сынақтары ғаламдық радиактивті ластануға алып келді. Тіпті Республика аймағында, Семей полигонындағы жүздеген сынақтардың сұмдық салдарын халық өзі бастан кешіп, залалын толықтай тартты. Бұл жүргізілген сынақтарда атом бомбасы жарылған кезде, өте қатты иондаушы сәулелер пайда болады, радиактивті бөлшектер үлкен қашықтырға тарай отырып, топырақты, су қоймаларын және тірі организмдері зақымдайды. Көптеген радиактивті изотоптардың жартылай ыдырау кезеңі ұзақ уақытқа созылып, сол уақыт аралығында өте қауіпті болады. Осындай ауыр әсерлердердің салдарынан толықтай биоценоздардың бұзуылуы мен қоршаған ортаның ластануы өте күрделі проблемаға айналып отыр. Бүкіл биосфера адам қызметінің жылдан жылға артып отырған әсерінен зардап шегуде, сондықтан табиғатты қорғауға бағытталған шаралар өзекті мәселелердің бірі болып отыр[1].
Экологиялық трагедия немесе табиғатқа болып жатқан кері әсердің ықпалы адамзаттан тыс тек қоршаған орта деген түсінікпен шектеліп қалмайтынын, керісінше толық тіршілік атаулысын қамтып барлық биосфера құрылымына тигізер залалы мол екенін адамзат баласы кеш те болса толық мойындауына тура келді. Себебі технологиялық, индустриалды және тағы да басқа техногендік салалардың қарқынды дамыған мезетінде қоғам біршама өзінің табиғаттың билеушісі емес табиғатқа тәуелді жаратылыс екенің ұмытқан хәлге түсті.
Осы проблемалар ішіндегі алдыңғы қатардағы көкейкесті негізгі орталық мәселе - қоршаған ортаға антропогендік әсерден болатын зиянды факторларды азайтып, қалыпты жағдайды сақтау болып табылады. Көптеген ғылыми орталарда, ғалымдардың еңбектерінде бұл жағдайда неңдей шара қолдану керек? Қандай технологиялар арқылы тиімді, жағымды әсері жоғары нәтиже алуға болады? деген сұраққа түрлі шешімдер ұсынылуда. Бұдан бөлек түрлі ұйымдардың қыруар қаржы бөліп, сол арқылы әртүрлі технологияларды да, экология мәселесінің төңірегіндегі мамандарды жұмылдыру арқылы да көптеген шаралар қолданылуда. Әрине бұл нұсқаулықтардың барлығын бастан аяқ пайдасыз, практикалық мәнін жоғалтқан деп кесіп айту үлкен қателік. Бірақ осы жолда көптеген әрекеттер жасалып жатқанымен, олардың ұзақ мерзімді келешегіне жүз пайыздық кепілдік беру қазіргі шақта өте қиын болып отыр[3].
Жоғарыда аталған проблемалардың зерттелуінің нәтижесінде кері әсерлерді азайту яки одан да жақсысы оның толыққанды шешімі тек белгілі бір жаңа экологиялық технологияларды ойлып тауып, оны қоршаған ортаға кері әсерге тұспа-тұс қарсы қолданумен шектелу арқылы табылмайтынын түсінді. Осыған орай ғылыми орталарда һәм жалпы қоғамда бұл түйткілді мәселені шешу жан-жақты шешу стратегиясы ұсынылуда. Тіпті әлемдік деңгейде әр мемлекет өз аясында белгілі бір шаралар қолдануда.
Осы мәселеге орай өз кезегінде Қазақстан Республикасының да "Қазақстан 2020: болашаққа жол" Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы, "Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсiздігі тұжырымдамасы", "Экологиялық білім берудің мемлекеттік бағдарламасы" атты түрлі бағдарламалар еңгізілуде[4,5,6].
Бұдан аңғаратанымыз ол қоғамда экологиялық этика қалыптастыруда тұлғаның қалыптасуының алғашқы баспалдағы ол жасөспірімдер мен жалпы жастардың орасан зор рөл атқаратыны.
Жасөспірімдерде, оның ішінде өз алдына үлкен бір орын алатын, әр қоғамның болашағы болып табылатын мектеп оқушыларында экологиялық сана және этика қалыптастудың негізгі бағытталған тұсы ол қоғамға уақыт өте белгілі бір тұлға болып қалыптасатын және кейінірек сол қоғамды құрап, соған әсер ететін жастардың бойында қоршаған ортаға деген парасаттылық, жауапкершілік сынды қасиеттерді қалыптастыру.
Қозғалып отырған тақырыптың ядросы болып табылатын экологиялық тәрбие қалыптастыру ұғымы тамырын тереңнен алады. Атап айтқанда ерте замандағы Орта Азия мен Шығыс өңірінің ғалым әрі пәлсапашыларының ортағасырлық ғылыми еңбектерінде экологиялық тәрбие мәселесі өзекті орын алады. Нақтырақ айтсақ экология мәселесі ол уақытта Әбу Насыр Әл-Фараби, Ибн Сина, Әл Хорезми, Әл Бируни, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Йассуи және т.б. сынды өз заманының ғұламаларының аттарымен байланысты. Аталған ғалымдардың еңбектерінде адамзаттың қоршаған ортаға деген оң көзқарасы, табиғаттың адам өмірінде аласын орасан зор маңызды орны және жан баласының тіршілік атаулысына деген жақсы қарым қатынасы мен қамқорлығы айтылады.
Қоршаған орта, табиғат құралдарын алдынғы орынға қою арқылы Жан Жак Руссо сынды ғалымдар балалардың табиғатқа деген адамгершілігін, сүйіспеншілігін арттырудың мүмкін екенін атап өткен болатын. Мәселен, Руссоның пікірінше, адамзат тарихының алғашқы кезеңінде "табиғи жағдай" болды. Онда адамдар бөлек, бірақ табиғат ережелеріне сәйкес өмір сүрді. Олар жеке меншікті, теңсіздікті, қысымшылықты және жамандықты білмеді. Орташа межедегі қажеттіліктер азға қанағаттануға мүмкіндік берді. Мүмкіндіктер мен күштердің жетіспеушілігі адамды бауырларымен бірігуге, "әлеуметтік мемлекет" негізін қалаған "әлеуметтік келісім" жасасуға мәжбүр етті, яғни заңдар, меншік, билеушілер мен субъектілерге бөліну, мүліктік айырмашылықтарға. "Табиғи" өмір салтын ұстана отырып, адамдар ашкөздікке, менмендікке және басқа да зиянды құмарлықтарға ие болды. Шектен шығуға тырысып, айналасындағы әлемді өз еркімен және надандықпен өзгерте отырып, адам өзінің табиғатын бұрмалады. Бұдан ары Руссоның пайымдауын жалғастыратын болсақ, ұлттың "өркениет" деңгейі неғұрлым жоғары болса, ұлт "табиғатқа залалды күйден" алыстайды. Табиғи теңдік орнатып, сән-салтанаттан, асыра өндірістен бас тартып, ағарту және адамзатты дұрыс тәрбиелеу арқылы әлеуметтік өмірді өзгерте алады[7].
Тіпті 19 ғасырдың ширек жартысын бала оқытып, халық жадысын ағартуға жұмсаған педагог Ыбырай Алтынсарыұлының біршама туындыларын оқып қарасаңыз, онда ағартушы табиғаттың көркем сұлулығын шеберлікпен суреттеу арқылы оқырманның санасына белгілі бір құндылыққа толы әсер тигізгісі келгенін аңғаруға болады. Жазушы өлеңдерінде табиғатты адамзаттан бөлек бір жаратылыс ретінде қарамай, керісінше адам тіршілігімен тікелей байланыстыра бейнелейді. Мұнын да астарында есті, өркениетті адам біршама өнегелі мән жатқанын байқайды. Бұл да сол уақыттағы экологиялық сана қалыптастырудың бір көрінісі десек болады.
Табиғатқа деген сүйіспеншілік-ұлық сезім. Көкейдегі бұл сезім адамға әділ болуға, жауапкершілігін әрі кең пейілділігін арттыруға көмектеседі. Табиғатты сүюге тек оны жақсы білетін және түсініп, жүрегімен көре алатын адам ғана қауқарлы. Адам осы қасиеттерді меңгеру үшін табиғатқа деген сүйіспеншілікті бала кезінен ояту қажет. Және де бұған жаңашыл педагог В. А. Сухомилинскийдің мына бір сөздері арқау бола алады: Кім уылжыған бала кезінен табиғат үніне саңырау болса, кім бозбала шағында ұясынан құлаған құсқа қамқорлық танытпай өзіне табиғаттың керемет сұлу бейнесін ашпаса, ол адам кейінірек өз ішкі әлемінде сұлулық пен адамдық іспеттес қасиеттерді ашуы қиын болады[8].
Жоғарыда келтірілген аз ғана экологиялық сана жайлы кіріспе мысалдардың барлығының өзегі, ол - экософия ғылымының сәулелері екенін мойындауымыз керек, және экософиялық, яғни түпкі рухани мәнді түсіну, әрі оны адамзаттың бойына сіңіру стратегиясы қазіргі таңда өте зор сұранысқа ие болып отырғаны да ақиқат.
Түйндей келе, қазіргі техниканың қарқынды дамуы белең алған, уақыттың қоршаған ортаға кері әсерде жылжып отырған заманауи жағдайда біз қоғам санасына экологиялық құндылықтарды қалай сіңіреміз, оның ішінде қоғамның қалаушы кірпіші болып табылатын жас-жеткеншектердің экологиялық көзқарасын, санасын қалыптастыру мақсатында қалай әсер ете аламыз деп сұрақ қойғанымыз жөн. Және де бұл орайда экологиялық мәселелер шеңберінде экологиялық сана мен этикеттің тұлға бойында толыққанды қалыптасуы қаншалықты зор маңызға ие екенін түсінуге болады.
Зерттеудің мақсаты:
Жасөспірімдерде сыныптан тыс жұмыстарда экософиялық ұғымдарды қолдану арқылы экологиялық сана және экологиялық этикет қалыптастырудың маңызын зерделеу һәм теориялық-ғылыми жақтарын негіздеу.
Зерттеудің міндеттері:
1. Экософия ұғымының мән-мағынасын, құрылымын және аспектілерін теориялық тұрғыда ашып көрсету.
2. Сыныптан тыс жұмыстарда экософиялық ұғымдарды қолдану арқылы оқушыларда экологиялық сана қалыптастырудың жүйесін сипаттау.
3. Оқу процессінде экософиялық ұғымдарды қолданудың экологиялық сана қалыптастыруда тиімді әрі нәтижелі екенін дәлелдеу.
Зерттеу пәні:
Сыныптан тыс жұмыстар жүргізу барысында экософиялық ұғымдар қолдану арқылы оқушыларда экологиялық сана қалыптастыру.
Зерттеу объектісі:
Сыныптан тыс жұмыстарда экософиялық технологияларды қолданудан оқушылардың бойында экологиялық сананың қалыптасу процессі.
Зерттеу әдістері:
Экософиялық, экологиялық, психологиялық, педагогикалық, және оқу-әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау, оқу жоспарын пәнаралық байланыс тұрғысынан зерделеу, 9 сынып оқушыларынан сауалнама алып, нәтижесін талқылау, сұхбаттасу, эксперименттік жұмыстар қою және алынған нәтижелерді зерттеп, өңдеп, қорытындылау һәм оқу процессі барысына еңгізу.
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
- экософиялық технологиялардың сыныптан тыс жұмыстар өткізу барысында оқушыларда экологиялық сана қалыптастыруының мүмкіндіктері теориялық тұрғыда негізделді;
- экософиялық ұғымдардың экологиялық сана қалыптастыруда әлеуеті мен әсері алғаш рет анықталды;
Зерттеудің базасы:
Зерттеу жұмыстары Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназияның базасында өндірістік практика барысында жүргізілді.
1 Бөлім. Экософия - экологиялық сана қалыптастыруда және экологиялық ағарту процесстерінде негізгі ұғым
1.1 Экософия немесе терең экология ұғымы
Жаһанда қазіргі таңда қозғалып жатқан экологиялық дағдарыс мәселесі тек қоршаған ортаның ластануынан туындаған жоқ. Бұл мәселені тереңірек, яғни пәлсапалық тұрғыдан қарастырсақ, мәселе әлдеқайда күрделірек болып көрінеді, өйткені оның себебі жасанды экспансияның салдарынан тұрмыстың табиғи формаларының ығысуында. Бұл дағдарысты антропологиялық апат деп атауға болады. 20 ғасырдың өзінде ақ италиян ғалымы А.Печчеи экологиялық дағдарыстан шығу жолдарының бірін адамдағы ішкі трансформация деп көрді[9].
Біздің материалдық өркениетімізді өзгерту және оның орасан зор ресурстық әлеуетін ұтымды пайдалану бүкіл әлемде адамның қасиеттері мен қабілеттерін сәйкесінше дамыту арқылы ғана мүмкін болады. Абстрактілі гуманизмнің либералды дәстүрлеріне сәйкес келетін осы негізгі идеяны дамыта отырып, А.Печчеи өзінің психологиялық және идеологиялық эволюциясы туралы әңгімелейді, бұл ойлар оны бүгінде әлемдік қоғамдастықтың назарын талқылауға тұрарлық мәселелерге шынайы аударуға белсенді үлес қосатын әрі қазіргі заманның жаһандық мәселелерінің шешімдерін іздеуде үлкен пайдасын тигізген тұлға етті[10].
Соңғы уақытта белең алған және ушығып келе жатқан технизациялау мен информатизациялау адамның техногендік болашағы, яғни біртіндеп биологиялық адамның жоғалып, оның орнына биотехногенді адамға айналуы жайлы түрлі пікірталастар туындатты. В.А. Кутырев, В.А. Зубаков и А.П. Назаретянның тұжырымдамалары бойынша қазіргі технология үздіксіз дамып тұрған заманауи уақытта рухани саналы адамның дағдарысқа ұшырауы немесе биологиялық түр ретінде жойылуы да қарастырылады. Бұл тұжырымдама биогенді-техногенді парадигма жүйесінің қатарындағы тұжырымдама. Ол тұжырымдамаға сай біздер, яғни адам баласы бірте-бірте түрлі технологияларға толықтай тәуелді киборгтарға айналудамыз.
Бұл туралы Н.Моисеев былай деп жазады: Мен адамның биологиялық түр ретінде, биосфераның құрамдас бөлігі ретінде, онымен белсенді түрде әрекеттесіп, дамуы жалғасуда деп санаймын. Оның үстіне бұл процесс келешекте антропогенез атауын сақтай отыра жаңа және өте қауіпті кезеңге өтеді [9].
Қазіргі таңда қоғам мен планета жаңа даму баспалдағына аяқ басып келеді.Бұл даму кезеңін атақты ғалым Вернадскийдің мына бір дәйексөзімен пайымдасақ болады: адамзат планетаның геологоқұрушы күшіне айналуды. Яғни бұл сөздерден біздің аңғаруға болатын ойымыз ол - адамзат баласы уақыт өте келе табиғатқа, қоршаған ортаға өз ықпалының шеңберін кеңейте отырып сол қоршаған ортаның қалай және қандай кейіпте даму шарттарын нұсқап отыратын негізгі күшке айналатының айта аламыз.
Уақыттың алдыға жылжуымен қатар адамның баяу да болса ұғынып отырған нәрсесі ол қоршаған ортаға деген антропогендік салмақ жай ғана артып қоймай, сонымен қатар биосферадағы тепе-теңдікті және homo sapiens түрінің гомеостазының сақталуына орасан зор залал келтіруде. Адам баласы өзінің тіршілік ету аймағында, яғни биосфера қабатында толықтай монополист болып алды. Ал кез келген монополисттік түрдің тіршілігінің ақыры қайда болмасын тек екі бағытта жалғасады немесе аяқталады. Біріншісі, ол түр толық деградацияға ұшырайды, ал екінші бағыт бойынша тиісті түрде өзінің әрекетін және қоршаған ортамен ара қатынасын өзгерте отыра жаңа экологиялық орта қалыптастырып өз тіршілігін жалғастырады. Яғни, осыдан түсінетінміз адамзат түптін түбінде егерде белгілі бір оң өзгеріске ұшырамайтын болса, онда ғаламдық экологиялық дағдарысқа ұшырауы әбден мүмкін.
Осы орайда туындайтын ойдың яки сұрақтың бірі ол, бұл жағдайда неңдей шара қолдана аламыз? немесе қандай бағытта әрекет етсек тиімді әрі оң нәтижеге қол жеткізіп, жоғарыда аталған дағдарыстарды тойтара аламыз?. Бұл сұрақ кез келген ерексек, ойлы адамның сана сүзгісіне бірден келетін орынды сұрақтар. Бұл мәселелердің толықтай қолға алынып, күрделі деңгейде қозғалу процессі алғаш 1960 жылдары белең алған, құрғақ тұтынушы өмір салтына толықтай қарсы халықаралық қозғалыс Рейчел Карсонның Тыныш көктем атты еңбегінен соң басталды. Бұл халықаралық деңгейдегі қозғалыс 1960 жылдары басталып, 70 жылдарға таман жоғары кәсіби дәрежеге көтеріліп, 90 жылдары тіптен әлемге аты танылған саясаткерлердің де мінбер үстінде қозғайтын тақырыптарының қатарына қосылды. Бұл қозғалыстың негізгі ұстанымы әрі өзегі, ол табиғатты қорғау жұмыстарында қоршаған орта мен адамды бөліп қарау емес, керісінше адам мен табиғатты бірдей тұтас құрылым етіп қарастыру және экология ғылымын құрғақ құрал ретінде көрмей, оған рухани мән сіңіру еді. Яғни табиғатты қорғау амалдарына зор мән сіңіре отыра адамзатты қоршаған ортаны да біздерден ажырамас киелі бір бөлік ретінде қарастыру. Осы аталған құбылыстардың басында біздің тақырыбымызға қатысты терең мәнді экология атты ұғым тұрды[11].
Ендеше аталған сұрақтар мен мәселелердің толғауынан туындаған және дәл қазіргі сәтте орасан зор практикалық мәнге ие болған ерекше бір түсінік ол экософия ұғымы. Бұл ұғымды басқаша экофилософия, терең экология деген терминдермен де белгілейді. Егер ұғымның тарихына үңілетін болсақ, термин 20 ғасырдың екінші жартысында, нақтырақ айтсақ 1973 жылы норвег ғалымы, әрі Осло университетінің профессоры Арнэ Несстің бастауымен экософия немесе Deep ecology деген атпен ғылыми қолданысқа еңгізгізілді. Термин атауы қарапайым болғанымен егер зерттеп үңілер болсақ мағынасы және практикалық маңызы өте зор десек артық болмас. Әсіресе жоғарыда атап өткеніміздей дәл қазіргі жаһанда экологиялық дағдарыс уақытпен бірге ушығып, бара-бара үлкен шиелініске ұшырап келе жатқан заматта бұл ғылым экологиялық түсініктердің қатарында зор өсекті әрі маңызды орын алуда.
Ендеше экософия ұғымының мән-мағынасына ығысатын болсақ, экософия-адамның табиғат пен қоршаған ортаға деген қарым-қатынасының жеке, этикалық, эстетикалық, рухани жақтарын қарастыратын заманауи экологиялық сананың бір саласы[12].
Экософия терминін ғылыми айналымға еңгізген ғалым Анрэ Нэсстің берген түсініктемесі бойынша: Экософия деп мен экологиялық үйлесімділік немесе тепе-теңдік пәлсапасын айтамын. Философия софияның (немесе) даналықтың бір түрі ретінде ашық нормативті, яғни онда нормалар, ережелер, постулаттар, құндылықтардың басымдықтары туралы хабарландырулар және біздің ғаламдағы жағдайға қатысты гипотезалар бар. Даналық - бұл ғылыми сипаттама мен болжау ғана емес, ол сонымен қатар саяси да даналық, әрі рецепт. Экософияның егжей-тегжейлері ластанудың, ресурстардың, халықтың және т.б. "фактілеріне" ғана емес, сонымен бірге құндылық басымдықтарына қатысты айтарлықтай айырмашылықтарға байланысты көптеген өзгерістерге ие болады.
Дренгсон өзінің "Экофилософия, экология және терең экологиялық қозғалыс: шолу" атты кітабында атап өткендей: "өз сөзінде Нэсс экологиялық қозғалыстың ұзақ мерзімді алғышарттарын және оның табиғатқа құрметпен қараудың, һәм тіршілік иелеріне тән құндылықтардың байланысын талқылады"[13].
Экологиялық даналық атты терминді , яғни экософияның синонимін де, 1973 жылы Нэсс енгізген болатын. Бұл тұжырымдама терең экология қозғалысының негіздерінің біріне айналды. Сол уақытта құрылған Норвегиядағы жасыл партияның алғашқы төрт тірегінің бірі болып табылды және көбінесе осы партиялардың ең басты құндылығы болып саналды. Бұл ұғым өз ретінде көптеген халықтардың діні мен мәдени дәстүрлерімен байланыстырылды.
Экософия ұғымының негізін қалауда үлесін қосқан тағы бір параллель тұлға ол француз ғалымы Феликс Гуаттари. Бірақта Нэсс пен Гуаттаридың экософия жайлы көзқарастарында кейбір өзіндік ерекшеліктер болды. Айта кететін болсақ, қос ғалымды экософия атты экологиялық танымды қалыптастыруға да екі түрлі жағдаят әкелді десек болады. Мәселен, Нэсс альпинист болды. Ол 1950 жылы (және тағы да 1964 ж.) 7708 метрлік Пәкістандағы Тирих тауын бағындыру үшін алғашқы экспедицияны басқарды. Ол өзінің тәжірибесі туралы жиі айтатын. Онда ол табиғатты бақылау, қоршаған ортаның көріністерін саралау оның жеке экософиясының қалыптасуына басым әсер етті деп айтады. Осылайша, ол терең экологияның тағдырымен тығыз байланысты, 1970 жылдардан бері қалыптасқан қозғалыстардың басында болып, 2009 жылы қайтыс болғанға дейін алға жылжуын және дамуын жалғастырды.
Гуаттариге келетін болсақ, ол бұл жолға 1980 жылдардың ортасына дейін ашық түрде кірмеген. Ол өзінің экологиялық сана қалыптастыру саласындағы экологиялық-пәлсапалық тармағын "қыс жылдары" деп атаған бастан кешкен кезеңінен сон бастады. Қысқы жылдар атты кезең деп ол үшін саяси көңілсіздіктің онжылдығын және Франциядағы һәм бүкіл Еуропадағы жас буынға деген үмітсіздігі Гуаттариндің көкейінде белең алған сәттерді атады. Қос ғалымның экософиялық ойтолғамдарының арасында он жылдан астам уақыт өтсе де, Несс және Гваттаридің тиісті жұмыстары тұрақты экологиялық қозғалыс нәтижесінде пайда болды деп айта аламыз және нэсс пен Гуаттари да 1960 жылдары басталып, экологиялық жауапкершілікке шақырды, өйткені екеуі де Батыс әлеміндегі экологиялық проблемалардың түп негізі - әлсіз экологиялық таным екенін атап өтті. Осы арқылы әлемді экологиялық жағдайларға назар аудару және оны өзгерту әрекеттерін жасап бақты[14].
Бұл аталған жайттарға дәлел ретінде Феликс Гуаттаридың 1992 жылы айтылған мына дәйексөзін келтірсек болады: Әлеуметтік және материалдық ортада өзгерістер болмаса, менталитетте өзгерістер болмайды. Міне, біз мені қоршаған ортаны әлеуметтік экологиямен және психикалық экологиямен байланыстыратын "экософия" негізін қалауға мәжбүр ететін шеңберде тұрмыз[15].
Терең экология, яғни экософия саласының көрнекті А.Несс, Ф. Гуаттари, У.Фокс сынды өкілдері үшін қоғам мен қоршаған орта арасындағы қарым қатынас тек біздің ішкі мен-міз өзгергеннен соң ғана оң жаққа өзгеріп бастайды деген пікір басты орында. Дәртүрлі мен түсінігі мен бізді қоршаған ортаның міндетті қақтығысы жайлы қалыптасқан ойды басқа арнаға бұру, және ол арнада ендігі ретте қақтығыстың орнына керісінше қоршаған ортаға деген қамқорлық, ол өзімізге деген қамқорлық деген ой туындайды. Осы терең экология шеңберінде адамзат өзін табиғаттан дара жаратылыс және тек тұтынушы ретінде ғана сезіну емес, керісінше адамды табиғатпен ұштасқан, табиғатпен толықтай байланысты құрамдас бөлік ретінде сезіне бастайды. Яғни өзімшіл мен түсінігінен арылып, есесіне өркениетті адам ретінде өзін табиғатпен біріккен жаратылыс ретінде түсінеді.
Терең экология ұғымы бойынша табиғи әлем - бұл бір ағзаның тіршілік етуі экожүйелердегі басқалардың тіршілік салтына байланысты болатын қатынастар кешені деп санайды. Онда адамның табиғи әлемге бейберекет араласуы немесе оның жойылуы адамдарға ғана емес, табиғи тәртіпті құрайтын барлық ағзаларға да қауіп төндіреді деп айтылады.
Экософия немесе терең экологияның негізгі қағидасы - бұл адамның өмір сүруі мен өркендеуінің, һәм жаратылыс пирамидасындағы алатын жоғарғы орны мен артықшылықтарына қарамастан адамзат баласының және жалпы тірі ағзалардың тіршілік ету ортасы, белгілі бір негізгі моральдық және заңды құқықтары бар деп құрметтеліп, сол тараптан қарастырылуы керек деген қағидат. Терең экология ұғымы әдетте жай ғана қоршаған ортаны сақтауға бағытталған бір құрал ретінде ғана емес, әлдеқайда кең әлеуметтік идея тұрғысынан тұжырымдалады. Бұл ұғым бойынша Жердегі түрлі ағзалар қауымдастықтарының дамып әрі қалыпты жағдайда өмірін жалғастыруы тек биотикалық факторлардың есебінен ғана емес, сонымен бірге этикалық қадірлеу іспеттес қатынастар арқылы, яғни басқа тіршілік иелерін жай ресурс көзі ретінде бағалау зор қате түсінік деп санайды. Ол "терең" деп сипатталады, өйткені ол адамзаттың табиғи әлеммен қарым-қатынасын ақиқатында экологиялық дағдарыс немесе соның салдарынан туындаған шиеленіс ретінде ғана қарастырмай, одан да жан-жақты, мәселеге үңіліп мән беретін терең көзқарас ретінде қарастырылады. Бұл ретте экософия табиғатты қорғау адамзаттың мүдессі үшін өте маңызды деген энуайронменталисімнің негізгі, өзімшіл ұстанымнан аулақ және оған қарағанда тереңірек пәлсапалық тұжырымдарға әкеледі. Яғни, экософиялық қозғалыс қоршаған ортаны адамның ұтымды пайдалануы үшін және адамның мақсат-мүдделері үшін сақтауға қамқорлық жасау керек деп һәм дүниенің тетігі адам деп білетін ілім антропоцентризмді энуайронменталисімді ұстанбайды, өйткені терең экология пәлсапалық болжамдар мен терең ойтолғаудың басқа тарапынан негізделген. Терең экология адамдар өмір сүретін әлемге деген тұтас көзқарастан туындайды және экожүйенің жеке бөліктері (соның ішінде адам) біртұтас жүйелі құрылым ретінде қызмет ететінін әрі сүретінің түсіндіруге тырысады. Сонымен қатар экософия әртүрлі экологиялық және жасыл қозғалыстардың негізгі қағидаттарын қозғайды және жабайы табиғатты сақтауды, халықтың азаюына ықпал ететін бейзорлық саясатты және қарапайым өмір салтын дәріптейтін экологиялық этика жүйесіне демеу болады, қолдайды.
Сонымен біздің түсінгеніміз, ол терең экология ұғымының негізгі қағидасы -барлық тіршілік иелері үшін "өмір мен гүлденудің тең құқығы". Бұл экософиялық қағидат бойынша өмірдің барлық формалары бірдей толық және ішкі құндылыққа ие деген болжамнан туындайды. Терең экологтар немесе басқаша экософтор "өмір" терминін кең, техникалық емес мағынада қолданады. Бұдан бөлек биологтардың "жансыз" деп жіктейтін нәрселерін: өзендер, таулар мен ландшафттарды да сол "өмір" термині арқылы білдіреді. Осыған байланысты олар мұнымен қоса "биосфера" терминінің орнына да "экосфера" терминін қолдануды жөн көреді, өйткені бұл "тірі" тіршілік иелерінің кең анықтамасын білдіреді. "Эко" префиксі (oíkos) үй немесе тұрғын үй деп түсінілетін күнделікті ортаны білдіреді. Осы себепті терең экологияның ұстанымы "экофериялық теңгермешілік" ретінде де анықталады[16].
Яғни, қоршаған ортадағы барлық жаратылыстар гүлденіп, өркендеуге тең құқылы. Терең экологтар адамдардың мүдделері әрқашан басқа тіршілік иелерінің мүдделерінен асып түседі деп санамайды, өйткені олар адам өмірінің "жоғары" мәртебесімен ақталмайды.
Экософия экологиялық үйлесімділік немесе тепе-теңдік пәлсапасын білдіреді. Экософия қоршаған орта жайлы терең даналықтың бір түрі ретінде ашық жүйе болып табылады. Онда табиғаттың үндестігі жайлы нормалар, ережелер және постулаттар бар, тіпті біздің ғаламдағы жағдайға қатысты түрлі гипотезалар мен бағалау болжамдарын да таба аламыз. Экософиялық даналық - бұл ғылыми сипаттама мен болжау ғана емес, ол сонымен қатар даналық саясаты және сананы ағарту рецепті десек те болады[17].
1.2 Экософия немесе терең экологияның экологиялық сана қалыптастыру процессіндегі перспективасы
Бүгінде тек Республика аумағында ғана емес, бүкіл əлем алдында экологиялық апат жайында көптеген шешімі табылмаған мәселелер тұр. Адам ақыл ойының салдарынан шыққан өнім ретінде саналатын алып ракеталар, , зауыттар мен фабрикалар, атомдық станциялар, кейбір технологиялық алдыңғы қатарлы көлік түрлері ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді алдыға жылжыта түсумен қатар, қауіп-қатер туғызуда.
Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас мәселесі жаңашыл құбылыс емес, ол әрқашан түрлі деңгейде өзіндік талқыға орны бар тақырып болған. Бірақ қазір, атап айтқанда дәл қазіргі уақытта, адам мен табиғаттың өзара әрекеттесуінің экологиялық проблемасы, сонымен қатар адамзат қоғамының қоршаған ортаға әсері өте өткір және үлкен ауқымға ие болды. Қазіргі өркениеттің ең көкейкесті проблемаларының алдыңғы қатардағысы -- экологиялық апаттың ушығуы. Тірі табиғаттағы белсенді мүше және өз алдына жеке бір түр болып табылатын адам баласының əрекетінің барлық саласында табиғатпен қақтығыс позициясындағы шиелініс байқалады. Мəселенің өзектілігі тек қана қоғам дамуының үшінші сатысы болып табылатын өркениеттің өзін-өзі құлдырату шегіне жеткізу ғана емес, сонымен қатар барлық қоршаған тіршілікті Жер бетінен жойып жіберу немесе зор экологиялық дағдарысқа ұшырату қауіпінде. Осындай міселелерді шешу үшін əр түрлі ғылымдар саласының өкілдері толғануда жəне одан шығудың жолдарын ұсынуда. Бірақ өкінішке орай, көбіне бұл ұзақ мерзімді келешегіне кепілдік жоқ технократтық жолдар болып отыр. Шын мəнінде осы шиеліністер мен дағдарысты мәселелердің тамыры тереңде жатыр, ол -- саналы адамның рухани- адамгершілік құндылықтарының сусап қурай бастауы, ол -- кең ауқымды ұғымдағы адам мəдениетінің жетімсіздігі мен жетілмегендігі.
Адам табиғаттағы барлық түрге тəн прогрессивті даму үстінде. Біздер, адамдар, приматтар отряды ішіндегі тек жалғыз түр табиғатта үстемдік құрдық. Себебі не? Осынша майлы шелпекті жалғыз игеру неге байланысты? Ақыл, сана, мəдениет, ғылыми ой, пікір...[18].
Ертелі-кеш адамзаттың түсініп келе жатқан ақиқаты, ол - қоғам экологиялық санасыз өмір сүре алмайды. Бұл сана ғылымның, техниканың және өндірістің барлық салаларына еніп, оларды адамзаттың өліміне емес, оның өмір сүруіне ықпал ететін етіп өзгертуі керек. Қоғам экологиялық нормаларды, өзін-өзі ұстау ережелерін білуі және экологиялық мәдениеттің жоғары деңгейіне ие болуы керек. Экологиялық сана мен мәдениеттің қалыптасу процесі үш проблеманың бірлігі ретінде қарастырылады:
1. қоршаған ортаның ластануының апатты салдарын кеңінен түсіндіру;
2. қоғам өмірінің әрі қызметінің түрлі салаларын, және экономикасын ұйымдастыруда экологиялық көзқарас тарапын ұстану;
3. жалпыға ортақ экологиялық сананы қалыптастыру;
Қоғамдық өмір қандай да болсын сананың қалыптасуына орасан зор әсер етеді. Экологиялық мәдениет тұлғаның тұтастай алғанда болмысымен, оның әртүрлі аспектілері мен қасиеттерімен тікелей түрде байланысты. Моральдық-экологиялық жауапкершілік саласы кәсіби мораль шеңберінде басталады және жұмыс істейді деп сену дұрыс емес. Адамгершілікті экологизациялау процесіндегі ең маңызды нәрсе - бұл сананы біртіндеп кешенді қайта құру. Қазіргі таңда ішкі қажеттілікке айналған табиғатқа деген адамгершілік, ілтипатты қатынас нормалары экологиялық мәселелерді шешуде таптырмас және өте маңызды рөл атқара алады.
Адамзат пен қоршаған ортаның, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас бірін-бірі толықтырып отырады. Тіпті олардың арасындағы қатынастарды нақты түсіну үшін географиялық орта деген ұғымды қолдануға болады. Біз осы ортаға байланыстымыз әрі қоғамдық өмірге қажеттінің бәрін ортада өндіреміз. Қоғамдық әмірдің дамуының қажетті табиғи жағдайларының бірі - ел, халық, атамекен. Бұл ұғымдар әлеуметтік заңдылықтарға бағынады. Адам орта ғасырлық қараңғылық пен шырмаудан шығысымен, енді өз мүмкіндігін байқап, білуге ұмтылды, шығыстың ғұлама ойшылы, философы Әбу Насыр әл-Фараби ертедегі ежелгі ғылыми табыстарды қабылдап, эллин ғалымдарынан үлгі алып, олардың ғылымын дамытып, сол үшін екінші ұстаз атанғаны белгілі. Мәселен, ол ежелгі өркениеттің ұлы ойшыл, ғалымдары Сократтың, Платонның, Аристотельдің барлық ғылыми салаларын - математика, физика, музыка, философия, логиканы жоғары сатыға көтерді. Оның айтуынша адам бойында үш қабілет ерекше жаралған. Олар - дене құрылысы, жан құмарлығы, ой парасаты. Осы қасиеттерді дұрыс жолға қойып, тәрбиелеу арқылы дұрыс нәтиже шығаруға болады. Табиғат пен оның зерттеу процесі адам болмысын ашуға септігін тигізді. Адамның зердесі өзінің ұшан-теңіз мүмкіндігімен, шығармашылық қабілетімен танылды.
Адам баласының экологиялық зердесі, санасы жайлы өз уақытында атақты ғалым В.И.Вернадскийдің өзі жазбалаларында: Экологиялық сана -- адамның дүниеге және өз-өзіне деген шығармашылық қарым-қатынасы, -- деген пікір білдіреді[19].
Сананы ғылыми негізде түсіну табиғаттың сырын ашуға, әсіресе, жаратылыстанудың негіздерін дамытуға, таным теориясын адам өмірінің кейбір салаларымен байланыстра зерттеуге жол ашты. Табиғатты барлық жағынан зерттеп, игеру қолға алынды. Табиғатты зерттеуде жаратылыстану ғылымы одан әрі өркендеп, адам баласы дүниені меңгеруге кірісті. Табиғат өзінің дамуында ең құдретті қасиетіне ие бола отырып, адамды, оның ақыл-ойын қозғады. Осыған байланысты адам және оның мәні табиғаттың заңдары арқылы түсіндірілді. Бұдан келіп, табиғатты зерттеген жаратылыстану, экология, дүниетаным ғылымдары дамып, бірқатар мүмкіндіктерге қол жеткізді.
Қоғам-адам-табиғат арасындағы байланыс пен гармониялы үйлесімділік әрине білімді, ақыл мен сананы қажет етеді. Табиғат пен білім мәдениет арақатынасы-адамдар қызметінің жемісі. Олардың қарым-қатынасының өз тарихы бар.Себебі табиғат білім мен мәдениет дамуының алғы-шарты бола отырып, олардың табиғи процестерге тікелей араласуынан көркеюі немесе құлдырауы мүмкін. Табиғат пен мәдениет арақатынасын шешкенде табиғатқа деген қамқорлық, мейірімділік әр кез есте болу керек.
Адамның табиғатқа қатысы оның қоғамдық өмір сүру тәсіліне негізделеді. Осыдан келіп адамның білім мен мәдениет дәрежесін анықтауға болады. Жаңа мыңжылдықта Қазақстан мемлекетінің барлық саладағы бет-бағдары өзгеруде. Соның ішінде білім мен біліктілік қазіргі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz