Сабақта дидактикалық ойындарды қолданудың тиімді жолдарын айқындау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Ә. Мусин атындағы гуманитарлы-техникалық колледжі

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Дүниетану сабағын оқытуда қолданылатын дидактикалық ойындар

Орындаған: Танырбергенова Динара Кайратқызы
Тексерген: Төлеген П.Қ

2023 жыл

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І-тарау.Дүниетану сабағын оқытуда қолданылатын дидактикалық ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1.Дидактикалық ойындар туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2.Дидактикалық ойындардың басты мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3.Дүниетану сабағында ойын арқылы оқушыларды оқыту, ынталандыру ... 14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан - жақты дамыған сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу - ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл - ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта - ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, зерде үрділерін дамытады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, нерв жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу әрекетінде жетекші рөл атқарады.
Бастауыш мектеп - оқушы тұлғасы мен санасының дамуы, қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Білім - адам баласының ортақ қазынасы -деп Жүсіп Баласағұни айтқандай, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында былай делінген. Білім берудегі мақсат - қоғам мүшелерінің жоғарғы деңгейдегі адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени және тұлғалық дамуына әрі кәсіптік құзырлығына қол жеткізу болып саналады. Білім мүшесінің басты міндеті - жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіптік тұрғыда жетілу үшін қажетті жағдайлар жасау. Сабақтың тиімділігін арттырудың маңызды бір жолы - сабақтағы атқаратын жұмыс түрлерінің сан алуандығы. К.Д. Ушинский бала қажымай - талмай жұмыс істеу үшін оның қызығушылығын жоймай, шаршатпай, бір сарынды емес, бір жақты емес, әр түрлі іс-әрекет қажет екендігін айтқан. Егер сабақтарда жұмыстың алуан түрлігі қамтамасыз етілсе балалар білім игеруде жетістікке жетеді. Білімді меңгеру оның қажеттігінің туындауынан, белгілі әрекет үстінде жүзеге асады.
Онтогенезде ойын әрекеті оқу әрекетінен бұрын бастауыш болып есептеледі, ендеше, оқу - оның негізінде жатыр. Ойын процесі кезінде әрекет ете білуге оқыту тікелей әрекет арқылы болады. Ойын арқылы адам әлемді таниды, біліктілікті игереді, білім алады, эмоциялы қуатталады -деген А. Науменко.
Ойынның өмірдегі және баланың дамуындағы зор рольін әр кезеңде қайраткерлер мен педагогтар атап айтқан. А.И. Субетто: Ойын -әркез бақытты өмір үлгісі. Ойын тудырушы, тудыра отырып шығармашылықты өрнектейді, адамды шығармашылыққа даярлағандай өмірге де дайындайды десе, В.А. Сухомлинский: Ойын кезінде балалар алдында әлем, дүние, айқындалады, жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті ашылады. Ойынсыз толық мәнді ақыл - ойдың дамуы болмайды, болуы мүмкін де емес деген. Сонымен қатар ол: Ойын дегеніміз - орасан зор жарық терезе, осы терезе арқылы баланың рухани дүниесіне қоршаған дүние туралы түсініктердің, ұғымдардың ширақ тасқыны келіп құйылады. Ойын дегеніміз - бұл ынталық пен құмарлықтың отын жағатын ұшқын, -деген. Ойын - балалардың ақыл - ой және өнегелі тәрбиесінің ең негізгі бір әдісі. К.Д.Ушинский: Ойын - бала үшін ойын емес, шындық, -деген. Ал, А.С. Макаренко: Ойын - балалар өмірінде өте зор маңызы бар нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер ең алдымен ойын арқылы тәрбие алады,-деген. Ойынның теориясын буржуазиялық және совет ғалымдары зерттеген. Талдаудың пәні ретінде бұл мәселе мына психологтардың еңбектерінде орын алған: Б.Г. Ананьев, М.Л. Басова, Л.С. Выготский, А.В.Запорожец, А.Н.Леонтьев, А.А.Люблинский, Т.А.Маркова, Д.В. Меджерицкий, К.Д.Ушинский, В.А.Сухамлиский және т.б. Совет психологтарының еңбектерінде ойынның генезисі және пайда болуы жеке тұлғаның дамуына тікелей тәуелді екендігі көрсетілген. Қоршаған ортадан келіп түскен фактілерді творчествалық өңдеуден және адам қабылдаудан кейін ойынның пайда болуына мүмкіндік туды. А.Н. Леонтьевтің ойынша, ойын интуитивті акт емес, ол дамудың қоғамдық заңдылықтарымен анықталатын және бейнелі әлемді, нақтылы сезімді бейнелейтін мақсатты іс-әрекет. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан жақты дамыған сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінде оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл ой белсенділігін маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, зерді үрділерін дамытады. Міне, сондықтан да ойын оқу әрекетінде жетекші рөл атқарады. Дидактикалық ойындар оның аты айтып тұрғандай, баланың ақыл ойын дамытып, таным түсініктерді ажыратудағы әдістердің бірі. Дидактикалық ойындар дегеніміз оқыту мақсатын жүзеге асыруға арналған ойындар. Дидактикалық ойындар оқушының байқампаздық, елестету, есте сақтау, сөйлеу, ойлау қабілеттерін, сенсорлық бағдарын дамытады. Ойын барысында балалар да жаңа білім мен әдістерді үйрену керек екенін түсінеді. А.Құнанбаев айтқан: Балалар өздігінен кішкентай кезінен оқуға ұмтылмайды. Балаларды білімге деген құштарлығы артқанша оларды күштеп тарту арқылы үйрету керек деп Ойын барысына қызыққан бала, ол өзі де үйреніп жатқанын байқамай да қалады,бірақ та бала іс-қимылдарды қайта құрылымдаған кезінде қиналады. (автодидактизм құбылысы) Ойын барысында бала өзінің қолынан келетінін жасауға ұмтылады. Дидактикалық ойын - бұл оқу құралдарымен немесе оқу іс-әрекеті барысында қолданылатын әдіс емес. Дидактикалық ойын көп жоспарлы, қиын педагогикалық құбылыстар, ол балаларды ойын әдісі арқылы үйрету болып табылады, білім беру нысаны және өзіндік ойын ойнау,балаларды жан-жақты дамыту болып табылады. Дидактикалық ойын, ойын әдісі ретінде екі жақты қарастырады. Ойын-оқу іс-әрекеттері. Бұл ойында басты рөлді педагог басқарады, педагог әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып , ойын жағдайын туғызады, жарыс элементтерін қолданады. Педагог ойын барысында тек қана ойнатып қоймайды балаларға белгілі бір білімді береді, ойнау дағдыларын қалыптастырады. Дидактикалық ойындар математикада, тіл дамыту да, қоршаған ортамен таныстыруда, сенсорлық мәдениетін дамытуда қолданылады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
-Сабақта дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық және әдістемелік жолдарын анықтау;
-оқушының ақыл-ой мәдениетін дамыту;
-оқушының адамгершілік-имандылық құндылығын қалыптастыру;
-оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы арқылы оқушы дүниетанымы қалыптасып, баланың ақыл-парасаты толысып, еңбекке, рухани-адамгершілік деңгейі біртіндеп дамитынын ескеру;
Курстық жұмыстың міндеттері:
-Дидактикалық ойын ұғымына түсінік беру;
-Сабақта дидактикалық ойындарды қолданудың тиімді жолдарын айқындау.
Зерттеу құрылымы:Кіріспенің соңында кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұратын курстық жұмыстың құрылымының қысқаша сипаттамасы берілген.

І-тарау.Дүниетану сабағын оқытуда қолданылатын дидактикалық ойындар:
1.1.Дидактикалық ойындар туралы түсінік: Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Ойын ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді. Бұл ойынның пайдасы - баланың ой-өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Сондай-ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынатын нақты мазмұнмен анықталады. Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Кейде ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор.
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:
-Заттық дидактикалық ойындар - дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
-Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар- Лото, Домино, т.б.
-Сөздік дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады.
Өз іс-тәжірибемде мен балалармен тілдік дидактикалық сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретемін. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:
-- Балалардың сөздік қорларын дамыту;
-- Жаңа сөздерді меңгерту;
-- Үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындарды пайдаланамын. Дидактикалық ойын мазмұны балалардың қоршаған орта туралы, табиғат ерекшелігі, әр түрлі мамандық иелері туралы, өз отаны туралы білімдерін қалыптастырады. Дидактикалық ойын арқылы педагог балаларды өз беттерінше ойлана білуге, алған білімдерін әр түрлі жағдайда қолдана білуге үйретеді. Көптеген дидактикалық ойындар балалардың алдында ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде мақсат қояды. Қоршаған ортадан ұқсас құбылыстарды тап, салыстыруға, топтастыруға, затттарды өзіндік қасиеттерімен топтастыруға, дұрыс шешім қабылдауға үйретеді. Дидактикалық ойын балалрдың тілін дамытады, сөздік қорлары, дұрыс сөйлей білу, дыбыстарды дұрыс айту, өз ойларын жеткізу іс-әрекеттері қалыптасады. Дидактикалық ойыннның міндеттерінде көбінесе балаларды заттар немесе қоршаған орта туралы сөйлем құрай білуге,ойын барысында балалардың сұраққа дұрыс жауап беруі бір-бірімен пікір алмасуы арқылы сөздік қорлары дамиды.

1.2.Дидактикалық ойындардың басты мақсаты: Ойын теориясын жасауға Н.К.Крупская, А.С.Макаренко үлес қосқан. Олардың ойынынң оқытудағы және тәрбиелеудегі мәні үлкен екендігін дәлелдеді. Н.К.Крупская еңбек тәрбиесіндегі ойынның рольі мен әлемтануды қалыптастыруға көңіл бере отырып ойынды интелектуалдық, ақылдың дамуы үшін қолдануға кеңес береді. Ол мұғалімдер мен тәрбиелеушілердің көңілін ойынға аударуға табанды тұрды және оқушылардың ойындарының мәліметін спорт ойындарына қарсы қойды. А.С.Макаренконың ұсынуы бойынша, балалардың өмірін ойынмен өткізу керек деген, оның айтуынша, баланың ойын кезінде жасайтын дене және ес жаттығулары бүкіл адам дамуына жағымда әсерін тигізеді. А.С.Макаренконың ойынша, ойын еңбекке деген алғашқы дайындық, және ол ақырындап еңбекпен алмастырылуы қажет. А.В.Черков, А.С.Макаренконың коллектив туралы іліміне сүйеніп ұжымдық ойындардағы балалар ұйымының тәжірибесін жүргізді және ойын әрекетінің мазмұнды жақтарының өзгеруінің негізіндегі ұзақ, тұрақты ұжымдық қызығушылықтың қалыптасуының қажеттілігі туралы сұрақ қойды. Бірқатар педагоктардың зерттеулерінде (Т.А.Маркова, П.С.Саморукова және т.б,) балалық шақтағы ойынның және мінез - құлық тәрбиесіне ықпалы жайлы сұрақ қарастырылды. Осылай П.С.Саморукова ойын процесіндегі баланың байқампаздығының дамуын, сондай - ақ балалардың қоршаған ортаның ақиқаттылығымен таныстырудың маңыздылығын көрсетті. А.Н.Аржанова, В.П.Залогина, Р.И.Ибрагимова, Е.И.Удальцова, т.б. зерттеулеріндегі достық пен жлодастықтың сезімдерінің дұрыс қарым - қатынасты тәрбиелеудің мәселелері жеткілікті қарастырылған. Р.И.Ибрагимова ойын процесіндегі балалардың борыштық сезімдерін тәрбиелеу мәселесін зерттеген. Ұжымдық ойын әрекетінде балалар өзара жол беруге және талап етуге үйренетіні анықталды, олардың бұл жағдайдағы өз бетіндік әрекеттері ойынның ережелерін орындаумен сәйкес келеді. Дидактикалық ойындар роль ашық бола бастағанда, ал ереже ашық болғанда, рольдік ойындарды эвалюцияландырғанның нәтижесінде пайда болды (Д.Б.Эльконин). оол дидактикалық ойындарды ойын - жаттығулар деп атайды.
К.Д.Ушинский бүкіл оқыту процесінің ойынға айналуына қарсы болды, бірақ сол уақытта да педагоктарды оқыту ойындарының маңыздылығына көңілдерін аударды. Оқуға деген балалардың қызығушылығы кезінде естің дамуы жоғарылайды, ал ойын кезінде тұлғаның бір жағы ғана емес, сондай - ақ толық адам қалыптасады деп ойлаған.
Оқыту ойындарына әлеумет - демократтар ерекше қызығушылық көрсеткен. Олар өсіп келе жатқан тұлғаның қалыптасуы мен тұруында ойынның мәні зор екендігін айтқан. Осылайша, Д.И.Писарев мұғалімнің айтқанын ғана қайталап, оқулықтың шет елдердікі болуын талап ететін, оқушы ойының ашық айтылуына жол беретін мектептерді сынаған. Сондай - ақ, Д.И.Писарев екінші мәселеге де қарсы шыққан, ол оқушылардың еңбек көмектесе алатын, білім берудегі интелектуалды қиындықтарды жеңу қажеттігін жақтаған. Дидактикалық ойындарға арналған бірінші жұмыстар 50 жылдарда мектеп алдында өмірмен жақындасу мәселесі тұрған кезде пайда болды. Оқыту процесінде ойынды қолдану формализммен күресу ретінде қарастырылды. Жас совет педагогикасы белсенді оқыту әдістерін жасай келе, оқыту ойынының тәрбиелік мүмкіндігін көреді, оның балалар дамуының әсерін көреді. 60-70 жылдары дидактикалық ойынға қызығушылық көтеріледі. Оқыту процесіндегі ойынның мүмкіндігінің анықтамасына кең ыңғай табу, тұлғаға қатысты әсерді ойлануға сондай - ақ сурет өнеріне үйрену кезіндегі белсенді әдісті роль көрсететін жұмыстары көмектесті (А.А.Баранов), сурет және көркем әдебиеттерді әсерімен ойын бейнелерін құру (Л.Б.Бочкарова):
-Оқушының танымдық мүмкіншілігінің дамуына дидактикалық ойынның әсері қарастырылады (Г.А.Ляпина, Л.И.Гамбург т.б.).
-Оқыту процесінде дидактикалық ойынды қолдану негізінде оқушыларды үйрету тәжірибесінің белсенді танымдық іс -әрекетке қатысын талдау (А.А.Баранов, Л.И.Бердешова).
-Дидактмкалық ойынның құрылымы зерттеледі (Е.И.Удальцова, А.А.Баранов).
-Дидактикалық ойынның оқу - тәрбиелік процесін одан әрі жетілдіруге педагогикалық әсерінің нәтижесін бағалау (С.Енгебаева, М.В.Стронин).
-Дидактикалық ойынды басқарудың негізгі әдістемелік тәсілі қарастырылады (В.А.Верхогляд, Г.А.Ляпина).
-Оқыту процесіне қосылатын дидактикалық ойынның негізгі ерекшелігі анықталады (Г.А.Ляпина, К.А.Роткин және т.б.).
-Сабақтан тыс және сабақта дидактикалық ойынын қолданудың тәжірибесі зерттеледі (Н.Н.Уманов, Н.М.Касаткина, З.Р.Расулова және т.б.).
Дидактикалық ойындар:
Вагондарға дөңгелек таңдау
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, қасиеттерін білуге жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: қағазға салынған вагондар, әртүрлі геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі пішіндердің ішінен табады.
Үй құрылысының ретін көрсет
Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі.
Мазмұны: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.
Бет орамалға лайық жамауларды табу
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша қағаздан жасалған бет орамалдардың үлгісі, әртүрлі пішіндер.
Мазмұны: Балаларға бет орамалдардың үлгісін таратып беру. Алдарындағы пішіндердің ішінен әр орамалға лайық жамауды табуды ұсыну.
Жұбын тап
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердің суреттері.
Мазмұны: Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттін жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру.
Әдемі кілемшелер
Ойынның мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойынның құрал-жабдықтары: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: Балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне қойып, құрақ құрайды.
Таныс пішіндер доминосы
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: пішіндер бейнеленген суреттер.
Ойынның мазмұны: Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар сурет сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді.
Гараждар
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту; жағымды көңіл-күйлерін қамтамасыз ету.
Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша суреті бар рульдер, дәл сондай суреті бар гараждар.
Ойынның мазмұны: Балалар жүргізуші болады. Қолдарына суреті бар рульдерді таратып беру. Белгі бойынша балалар көліктерін жүргізіп ойнайды. Көліктеріңді гараждарыңа апарып қойыңдар - деген кезде, рульдегі суретіне ұқсас суреті бар гараждың жанына барып тұра қалады.
Өз үйіңді тап
Ойынның мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын дамыту; ойынның ережесін сақтауға үйрету.
Ойынның құрал-жабдықтары: түрлі-түсті дөңгелектер.
Ойынның мазмұны: Балаларға түрлі-тісті дөңгелектер тарату, түсін атау. Үйлерін көрсету. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түсі бойынша үлкен шеңберлерге тұра қалады.
Зейінді бол
Мақсаты: Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете білу.
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер кескінделген суреттер 5 - сурет.
Барысы: Тәрбиеші көрсеткіш таяқшамен бірінші екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы суретті нұсқап, балаларға мынадай сұрақ қояды: Суреттен қандай таныс пішінді көресіңдер? Әрбір суретте өзара ұқсас неше пішін бар?
Есептеу кезінде аз қателескен қатар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Бастауыш сыныпта математика сабағында дидакикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Семинар - тренингтің оқыту кезеңі
Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарында грамматикалық ойындарды қолданудың әдістемесі
Қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың ролі
Дидактикалық ойындар математика сабағында
Математика сабағында қолданатын дидактикалық ойындар
БАСТАУЫШ САТЫСЫНДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Дидактикалық ойын арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту
Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолданудың тиімді әдістемесін ұсыну
Пәндер