Бастауыш мектептегі математика



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі

Мамандық: 0105000 - Бастауыш білім беру

Курстық жұмыс

Пән бойынша: математика
Тақырыбы: Бастауыш мектептің математика курсы бойынша білім, білік дағдыларын тексеруге арналған тапсырмалардың тиімділігі

Оқушы
Бағдат Ж.К. _____________
(қолы)
_____________
(тобы)
Жетекші
Жакупова М.Т. _____________
(қолы)

Курстық жұмыс ______ (______) бағаға қорғалды
№______ ____________ 20__ ж.
ПЦК меңгерушісі ____________

Балқаш қаласы, 20__ ж.
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
І-ТАРАУ. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ МАТЕМАТИКА КУРСЫ
БОЙЫНША БІЛІМ, БІЛІК ДАҒДЫЛАРЫН ТЕКСЕРУГЕ
АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Математика сабағындағы тапсырмалардың тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. Бастауыш мектептегі математика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Математика сабағындағы білім, білік дағдыларын дамытудағы тапсырмалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
І І -ТАРАУ.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет Н.Ә.Назарбаев айтып кеткендей қазіргі жаһандану заманында әлем бір орында тұрмай жаңа үрдісте алдыға жылжып, түрлі бастамалар мен түрлендірулер кең етек алуда. Күнделікті өмірімізде өзгерістер, иновациялар, жаңашылдықтар қарқынды дамып жатыр. Қазақстан Республикасының білім беру саясатын айқындайтын
құжаттарда (Білім туралы Заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығына арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) оқыту процесін жаңа техника мен технологияны, кәсіптік білім беруді пайдалана отырып дамытушылық сипатта және шығармашылық іс-әрекет негізінде ұйымдастыру қажеттілігінің атап көрсетілуі жайдан жай емес. Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын озық ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары, дүниетанымы кең тұлға етіп қалыптастыруда бастауыш мектептің алатын орны ерекше.
Ұлaғaтты ұcтaздaр Мaтемaтикa өмір тіршілігіне қaжет ғылым. Қоғaмдa тіл қaндaй қaжет болca, мaтемaтикa тілі де cондaй қaжет, ол тaбиғaттың тілі, оны cүйіп оқып үйреніңдер, cырын aшыңдaр, cыйлығын aлдындa күтіп тұр,─ дегендей менде, өз зерттеуімді мaтемaтикaның бір бөлігіне aрнaдым. Білім беру - белгілі бір жүйеге келтірілген білім, білік және дағдыларды игерудің барысы, жас ұрпақты өмірге дайындаудың қажетті шарты. Математика сабағында мұғалім тек оқушыға есеп шығруды ғана емес сондай-ақ тез, шапшан болуға тез ойлануға үйрету керек. Бастауыш мектеп-оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім -- үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс.
Бүгінгі таңда білімге қойылатын талап өте жоғары. Білімгерлердің білімге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейтіп, білімдерін нығайтуда математиканың атқаратын рөлі өте зор. Бастауыш сынып оқушылары жаны жаңалыққа құмар, барлығын игеріп, білгілері келіп тұрады. Сондықтан да жаңа технологияларды бастауыш сыныпқа пайдаланудың маңызы зор. Бастауыш мектептің негізгі міндеттері - баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамассыз ету; олардың қабілеттерін ашып, дамыту, оқуға деген ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгерту,- делінген Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында. Осы міндетті ойдағыдай орындау үшін, әрбір жас балаға, оқыту, тәрбиелеу, дамыту жұмыстарын ұштастыра жүргізіп, оқушыны жан-жақты қамтамасыз етуге дайын болуымыз керек,- дейді көптеген педагогтарымыз. Оқушыларға математика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу - біздің міндетіміз болмақ.
Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру - маңызды іс. Бұл мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатыр. Математика, оқыту әдісіне сан алуан жетілдірулері болатындығына қарамастан, шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді -- деген атақты ғалым Писарев Д.И. Сондықтан, матеметиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс. Бұл бастауыш сыныпта оқытуда орындалады. Бүгінгі бөбек - ертеңгі азамат - қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші - бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек балғын бөбектерге білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді.Ұстаздың әрбір қылығы оқушыға әсер қалдырып, оның ары қарай жетілуіне ықпал ететіні бәрімізге белгілі. Мұғалім - оқушы атаулыға үлгі болатын өмірінің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан. Қазіргі заманымызда оқушының білім деңгейін көтеру мәселесі ең басты мәселелердің бірі болып отыр. Оқушының білім деңгейін көтерудегі басты тұлға - ұстаз екені бәрімізге белгілі. Oқушының білім деңгейін көтеру дегеніміз - оқушыны жан-жақты тәрбиелеп, ғылым негіздерінен берік білім беру, болашақ қоғамға пайдалы қызмет ететін азамат етіп шығару. Oқушының бойындағы білімін ары қарай тереңдетіп, жетілдіре түсу. Бастауыш сынып математикасын оқыту үрдісінде есепті шығара білу шеберлігін қалыптастыру, жетілдіру және дамытудың шешуші бағыттарына тоқталайық.
Есеп шығаруға үйрету - математиканы оқытудағы ең қиын әрі күрделі мәселелердің бірі. Бұл балалардың шама-шарқына, психологиялық жас ерекшелігіне сәйкес салыстыру, жан-жақты талдау жасау, қарама-қарсы қою. Жалпылау, түрлендіру, зерттеу, әр алуан категорияларға біріктіру, қорытындылау, абстрактциялау сияқты түрліше меңгеруіне байланысты бірдей дәрежеде орындала бермейді.
Балалардың топтық, өзіндік ерекшеліктері қабілет деңгейлерінің әр түрлілігіне байланысты, олардың бәрінен де бір тарақтың жүзінен шыққандай есепті шығара білуге біркелкі үйренеді деуге болмайды.
Есеп шығаруға үйрету алғашқы сабақтардың өзінде-ақ басталып, сынып ілгерілген сайын бірте-бірте сәйкес шеберлік те қалыптаса бастайды.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту мектепке сабақ және сабақтан тыс жүргізілетін сабақтар формасында жүзеге асырылады. Сабақтарда балалардың математикаға деген ынтасын арттыруға,олардың өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Пәнге деген ынтасы мен өз бетінше ойлай білу өзара тығыз байланысты. Сабақ балалар үшін қызықты өткенде, олардың оқу жұмысында да белсенділігі артып, өз бетінше жұмыс жасап, белсенділігін арттырғандығынан олардың пәнге деген ынтасы өседі. Оқушыларды өз бетімен ойлауға тәрбиелеп, математикаға деген ынтасын арттыру үшін оқыту әдістерін дұрыс таңдап алудың маңызы зор. Оқудың белсенді әдістерінің бірі - оқушыларға өз бетімен жұмыс істете білу. Барлық сабақтың елеулі бөлігінде өз бетімен жұмыс істегенде оқушы жұмыстың мақсатын айқын түсіне білуі, оны орындауы, тексеруі және қателіктерді түзетуі сияқты өз бетімен істелетін жұмыстың жалпы әдістерін бірте-бірте игеріп алуы тиіс. Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін математика кабинеттерінде дидактикалық материалды, үлестірмелі материалдар, баспа негіздегі дәптерлер, тағы басқа оқу құралдары жинастырылуы қажет. Дегенмен оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің орны ерекше. Барлық ғылыми-техникалық білімнің көзі - кітапқа, оның ішінде оқулыққа оқушылардың сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, олармен өздігінен жұмыс істеуді үйрету мұғалімнің басты міндетінің бірі. Әр сынып оқулықтары қажетіне орай орындалуға тиісті жаттығулармен, есептермен, практикалық тапсырмалармен, суреттермен қамтамассыз етілген. Өздігінен жұмыс істеуді оқушылардың сабақ үстіндегі қызметіне енгізу сабақтың құрылымына да, элементтеріне де әсерін тигізеді.Өзіндік жұмыс үшін оқулықтан берілген жаттығулармен қатар көбінесе тақтаға жазылған, сондай-ақ қалталы полотноға белгіленген тапсырмалар ұсынылады.
Білім дегеніміз - қарастырылып отырған тақырып бойынша түсінікті ұғымның қалыптасуы.
Білік дегеніміз - сол тақырып бойынша амалдарды орындаудың ережелерін, заңдылық қасиеттерін яғни, теориялық материалдарды жоғары деңгейде игеру.
Дағды дегеніміз - түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып оқыту мен қайталау нәтижесінде жақсы қалыптасқан әрекет. Оқушылардың білім, білік, дағды және іскерліктерін қалыптастыру үдерісі негізінен деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы бойынша арнайы жүргізілетін жаттығу жұмыстары арқылы орындалады. Ол жұмыстар мыналар: материалды қайталауға арналған жаттықтырушы тапсырмалар, танымдық қабілеттерін дамыта түсуге арналған жаттығулар, шығармашылық жаттығулар; арифметикалық әрекетке негізделген ауызша және жазбаша есептеу дағдысын қалыптастыру әдістері.
Тақырыптың өзектілігі: қазіргі кезеңде оқушыларға әрбір пән бойынша берілетін білімі барынша тереңдетіліп, сапасы және оларға қойылатын талаптар арта түсті. Еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі, ғылым мен техниканың дамуы үшін ғылым негіздерін тиянақты алып, оны дамытуға негізделген. Сабақта қолданылатын түрлі әдіс - тәсілдер математикалық бағыттағы практикалық білік және кәсіби дайындығы үшін маңызды.
Тақырыптың мақсаты:
Бастауыш мектептің математика курсы бойынша білім, білік дағдыларын тексеруге арналған тапсырмалардың тиімділігін арттыру;
Математика сабағына деген ынтаны ашу;
Тапсырмаларды қызықты етіп жасау;
Балалардың білімін жиі тексеру.
Тақырыптың міндеті:
Мұғалімнің математика сабағында білім, білік дағдыларын тексеруге арналған тапсырмалардың әдіс-тәсілдерін әзірлеу арқылы бірлесе жұмыс істеу;
Көрнекі құралдардың тиімділігін көрсете отырып, қолдану;
Әр оқушының деңгейін анықтап, оқушыдан қандай нәтиже күтілетінін нақтылау, анализ жасау;
Үйренген білім, дағды мен біліктерін әр түрлі жағдайларда қолдануға үйрету.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін математика кабинеттерінде дидактикалық материалды, үлестірмелі материалдар, баспа негіздегі дәптерлер, тағы басқа оқу құралдары жинастырылуы қажет. Оқудың белсенді әдістерінің бірі - оқушыларға өз бетімен жұмыс істете білу. Барлық сабақтың елеулі бөлігінде өз бетімен жұмыс істегенде оқушы жұмыстың мақсатын айқын түсіне білуі, оны орындауы, тексеруі және қателіктерді түзетуі сияқты өз бетімен істелетін жұмыстың жалпы әдістерін бірте-бірте игеріп алуы тиіс.
Тақырыптың нысаны. Бастауыш сынып оқушыларына математика пәнін жаңаша деңгейде оқыту үдерісі. Басқаша айтқанда, жаңаша оқу үдерісін қолдану.
Тақырыптың пәні. Математиканың теориялық негіздері және бастауыш класста математиканы оқыту әдістемесі
Тақырыптың практикалық маңызы. Зерттеу жұмысында ұсынылып отырған математиканы оқыту процесінде оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі білімді сапалы игеруге көмектеседі. Оқушылардың танымдық белсенділігін күшейту, оқу процесінің сапасын арттыру мақсатында білім, білік дағдыларын қалыптастыруда тапсырмалардың тиімділігін орта мектептің математика мұғалімдері және оқушылары пайдалана алады Тақырыптың методологиялық негіздері. Тақырып бойынша педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдап, оқушыларға бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық-педагогикалық, әдістемелік, ғылыми көпшілік әдебиеттерге талдау жасап, білім, білік дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмалар орындауда оқушылардың ой-өрісін, қиялын қалыптастырудың әдістемелік негізін айқындалады.
Жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.

І-тарау.Бастауыш мектептің математика курсы бойынша білім, білік дағдыларын тексеруге арналған тапсырмалардың тиімділігі.
1.1.Математика сабағындағы тапсырмалардың тиімділігі: Бастауыш курс материалы шоғырланған түрде беріледі. Ең алдымен ондық бөлшектеуге келмейтін алғашкы он санның нумерациясы оқылады, осы сандарды жазу үшін цифрлар енгізіледі, қосу және азайту амалдары үйреніледі. Сонан сон екінші ондық және 100 көлеміндегі сандардың нумерациясы қарастырылады, разряд ұғымы, ондық бөлшектеуге келетін сандарды жазудың позициялық принципі айқындалады, екі таңбалы сандарды қосу және азайту оқылады, жаңадан арифметикалық екі амал; бөлу және көбейту енгізіледі. Бұдан кейін 1000 көлеміндегі сандар нумерациясы үйреніледі. Мұнда көп таңбалы сандар нумерациясының негізін құрайтын үш разряд (бірліктер, ондықтар, жүздіктер) қарастырылады, арифметикалық амалдар жөніндегі білім жинақталып қорытылады, жазбаша қосу мен азайту әдістері енгізіледі. Ақырында, көп таңбалы сандар нумерациясы үйреніледі, класс ұғымы қарастырылады, цифрлардың 1-сурет орындық мәнінін принципі жөніндегі білетіндері жинақталып қорытылады, жазбаша есептеулер алгоритмі енгізіледі. Сонымен, курста бес концентр бөлініп алынған: ондық, екінші ондық жүздік, мың, көп таңбалы сандар. Нумерацияны және арифметикалық амалдарды қарастырумен бір мезгілде және тығыз байланыста басқа да мынадай мәселелер қарастырылады: шамалар, бөлшектер, алгебралық және геометриялық материал. Математиканы оқыту әдістемесі психологиялық-педагогикалық пәндерді, сонымен бірге математиканың теориялық негіздерін оқып болған соң қарастырылады. Психология, педагогика және математика курстарын оқып- үйрену барысында математиканы оқыту әдістемесі енгізілгенге дейін қажетті дайындықтан өтті. Олар математикалық ұғымдар, заңдар, қасиеттер, фактілер мен іс-әрекет тәсілдерін, дидактикалық ұстанымдарды және оқыту мен тәрбиелеу барысын құрудың әр түрлі тәсілдерінде көрініс табатын заңдылықтарды, бала дамуының және білім, білік, дағдыны меңгертудің психологиялық заңдылыктарын, ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдістерін игерген болатын. Ал математиканы оқыту әдістемесі мен бастауыш мектептегі басқа да оқу пәндері бойынша дербес-әдістемелік пәндерді оқытып-үйрету барысында тек кіріктірілген құзыреттіліктерді (коммуникативтік, ақпараттық және проблеманы шешу және т.б.) ғана емес, бастауыш мектептегі математиканы оқытуда практикалық құзыреттіліктерді де калыптастыру көзделеді. Математиканы оқытып - үйрету барысында әр алуан қиыншылықтарды жеңуге де тура келеді, байқанпаздыққа, ойлауға, талдау және талқылауға жүргізуге, қортынды жасауға, салыстыруға және т.с.с. машықтанады, адамның ақыл-ойының жетілуіне көмектееседі. Математиканы оқыту әдістемесі оқу пәні ретінде ұзақ уақыт қалыптасты және дамыды. Оның даму кезеңдері Қазақстан Республикасындағы білім беруді реформалаумен тығыз байланысты. ХХ-ғасырдың 70-жылдарына дейін оқытылған арифметика курсы өзіне алгебра және геометрия элементтерін біріктіре отырып, математиканы оқыту әдістемесінің негізі болды. Математиканың әдістемесіне ХХ-ғасырдың 80-90 жылдары математиканы оқыту үдерісіне дамыта оқыту теориясының (Занков Л.В., Давыдов В.В., Эльконин Д.Б), білімнің дидактикалық бірліктерін ірілендіру теориясының (Эрдниев П.М) енгізілуіне орай елеулі өзгерістер болды. Келесі кезең (XX ғ. 90-жылдарынан осы кезеңге дейін) Қазақстан Республикасында математикадан бастауыш мектепке арналған жаңа оқу-әдістемелік кешеннің (Оспанов Т.Қ. және т.б.) ендірілуімен және кіші мектеп жасындағы оқушыларға математиканы оқыту технологиясының жаңа, қазақстандық моделінің жасалуымен байланысты. Бастауыш мектеп математикасын оқыту әдістемесінің қалыптасуы мен дамуын шартты түрде үш кезеңге бөліп көрсетуге болады. Бірінші кезең (1930 ж. дейін) аймақтық жағдайлар мен ерекшеліктерді ескере отырып, қазақстандық авторлардың дайындаған оқулықтарымен байланысты әдістемелік мәселелерді жасаумен сипатталады. Екінші кезең (1930-1986 жж.) қазақстандық ғалымдардың кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудың мәселелерін өз беттерімен белсенді түрде зерттеу жұмыстарын жүргізулеріне мүмкіндік бермеген аударма оқулықтарға мектептердің көшуімен байланысты. Үшінші кезең ғалым-әдіскерлер мен мұғалімдердің белсенді түрде зерттеу жұмыстарын жүргізуге себепші болған мектеп тәжірибесіне лайықталған және қазақстандық авторлардың төлтума нұсқадағы оқулықтарының ендірілуімен ерекшеленеді.
Математикалық білімнің мазмұны дұрыс анықтауда әр түрлі мәселелердің ерекше маңызы бар:
1. Педагогика мен психология ғылымдары қағидалары қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері, әдет-ғұрыпы мен дәстүрлі, республиканың аймақтық ерекшеліктері, әкономикалық, географиялық жағдайлар, қазіргі білім мазмұнының кемшіліктері жайындағы қортындылар, педагогика ғылымы мен озық тәжірибенің бүгінгі жетістіктері мен жаңалықтарына және т.б. сүйене отырып, білім мамұнын анықтау;
2. Оқушылар меңгеруі тиісті білім құрамы мен олардың пән бойынша игеруі қажетті білік пен дағдылардың түрлері және деңгейінің алдыңғы қатарлы дамыған өркениетті елдердің мектептеріндегі бастауыш буын үшін анықталған мөлшерден және деңгейден кем болмауы;
3. Бастауыш буының соңына қарай оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар тұрғысынан алынғанда бастауыш мектеп пен орта буының алғашқы кластары арасындағы сабақтастықтың шын мәнісінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
4. Балалардың жас және психологиялық ерекшеліктерін қатаң ескеру, яғни балалардың ойлау, қабылдау, есте сақтау, зейінділік тәрізді қабілеттерінің даму ерекшеліктері, сондай-ақ олардың тілін ұстау және дамыту, соның ішінде математикалық тілдік қорын жасау және оны дамыта түсу;

5. Қарастырылатын обьектілерді іріктеп алу және оларды топтастыру, қарастыру ретін анықтау, материялды шоғырландыру түсу, оқыту мазмұнының класаралық бөлінуіне түбегейлі өзгеріс енгізу, кейбір мәселені оқытудың әдістемесін жетілдіре түсу және матемаиканың бастауыш курсын орта мектеп курсының шынайы құрамдас бөлігіне айналдыру.
Математиканы оқыту әдістемесі ең алдымен төменгі класс оқушыларына математиканы оқыту міндетін жалпы оқу және тәрбие жүйесімен бірге қарастырады. Әдістемеде математиканың бастауыш курсының мазмұны мен құрылысы ашылып айқындалынады, яғни математикадан бастауыш кластарда қандай материал оқылатыны және неге дәл сол материал таңдап алынғандығы, курстың әрбір жеке мәселесі бастауыш кластарда қандай дәрежеде жинақталып оқылатыны, курс тақырыптары қандай тәртіпте қарастырылатыны және мұндай тәртіптің неге анағүрлым тиімді екендігі айтылады. Математиканы бастауыш кластарда оқыту әдістемесінде курстағы әрбір тараудын, және сол тараудағы әр мәселені (мысалы, 10 көлеміндегі сандарды қосу мен азайтуды қалай оқып үйрену керектігі, атап айтқанда, осы тақырыпта қосудың ауыстырымдылық қасиетін анықтау) оқып үйренудін дербес әдістері айқындалады. Математиканы оқыту әдістемесі оқушыларға теориялық білімді игеру, алған білімін алуан түрлі практикалық мәселелерді шешу үшін қолдана білуге үйрену, оқушыларда берік дағды қалыптастыру жөнінде дәлелді ақыл-кеңестер ұсынады. Сондай-ақ методикада математиканы оқытуда зор нәтижеге жету үшін балалардың оқу ісін қалай ұйымдастыру керектігі жөніндегі мәселелер айқындалады. Оқыту тәрбие беру сипатты екендігі белгілі, олай болса, методиканың міндеті - жаңа адамды тәрбиелеуге оқушылардың ақыл-ойының жетіліп дамуына көмектесетін оларды математикаға қызықтырып ынталандыратын мінез-құлқынын жақсы болып қалыптасуына көмектесетін оқыту әдістерімен мұғалімді қаруландыру. Математика сабақтарында көрнекілік, принципін жүзеге асыра отырып, бір жағынан, оқушылардың қабылдауына сүйенсе, ал екінші жағынан, олардың түсініктеріне (ұғынуына) сүйенеді. Бірінші жағдайда көрнекі құралдар қажет, екінші жағдайда көрнекі құралдарды қолданбауға болады, мұнда балалардың бұрынғы тәжірибесін, олардың бұрыннан жинақталған түсініктерін белсенділікпен жұмылдыру қажет болады. Мысалы, бала-ларды үшбұрышпен таныстыра отырып, мұғалім сондай форма-лы фигуралардың негізгі белгілерін (3 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Шағын жинақталған мектеп жұмысы
Математикадан логикалық есептер жинағы
Бастауыш мектеп математикадағы арифметикалық ағымдар оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі, бастауыш мектепте және орта буында оқушыларға математиканы оқытудағы сабақтастықты жетілдіру жолдары
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш сынып математика әдістемесі ғылыми пән ретінде
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Пәндер