Денсаулық сақтау жүйесінің цифрландырылуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Шымкент қаласы

физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазіргі әлемдегі Қазақстан

Курстық жұмыс

Бөлім: Қазақстан Республикасының қоғамы

Тақырып: Отандық денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігі мен сапасының жақсарту жолдары

Сөз саны:

Орындаған: Музаббарханова Малика Тулкинжановна

(қолы)

Қабылдаушы: Байтуреев Данияр Шарипбекович

(қолы)

Ішкі модератор: Сүлейменова Гүлжамила

Марқабайқызы (қолы)

Шымкент 2023-2024жж

Мазмұны

Кіріспе2

Негізгі бөлім (А) 3

Негізгі бөлім (B) : Зерттеу әдісі4

Негізгі бөлім (С) : Зерттеу нәтижелері7

Негізгі бөлім (D) : Бағалау9

Қолданылған әдебиеттер11

Кіріспе

«Басты байлық - денсаулық» демекші, адам үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының мәліметі бойынша, адам денсаулығы 50% өмір салтына тәуелді болса, 8-10% денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына байланысты. Сонымен қатар, қоғамның әлеуметтік жағдайының, оның денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесінің деңгейі мемлекеттің де бір байлығы болып саналады. Ал соңғы жылдардағы COVID-19 пандемиясы, революциялар, соғыстар және төңкерістерді есепке ала отырып әлемдік қоғамдастық адам денсаулығының «мемлекеттің басты құндылығы, мағызды стратегиялық ресурсы, дамуы мен өркендеуінің факторы» екенін қабылдаған еді. Сондықтан да, әлеуметтік қажеттіліктерді, соның ішінде медициналық көмек көрсету саласын жетілдіру әрбір мемлекеттің басты мақсатына айналады.

Статистикалық мәліметтерге тоқталатын болсақ, Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің 2019 жылғы есебіне сәйкес «Денсаулық және бастауыш білім беру» индикаторы бойынша Қазақстан 137 елдің ішінен 59 орынға ие болған. [1] 2021 жылы Денсаулық сақтаудың жаһандық индексі рейтингіне сәйкес Қазақстан 195 мемлекет арасында 55-ші орында тұрған. [2] Соған қарамастан, Қазақстан әлемдегі басқа елдер сияқты денсаулық сақтау жүйесінде белгілі бір мәселелер мен қауіп-қатерлерге тап болады.

Бұл курстық жобаның таңдауымның себебі белгілі аймақтардағы медициналық көмектің жеткіліксіздігі және мемлекеттік денсаулық сақтау орталықтарындағы қызметтерінің сапасының біркелкі болмауы. Жоғарыда келтірілген мәліметтер мен статистикалық ақпараттар мәселенің өзектілігін көрсетеді. Осы зерттеу жұмысы аясында келесідей зерттеу сұрақтарға жауап беретін боламын:

  1. Қазақстанда медициналық қызметтердің қолжетімділігіне әсер ететін негізгі факторлар қандай және оларды қалай жақсартуға болады?
  2. Қазақстанда медициналық көмектің сапасына қатысты қандай нақты мәселелер бар және дамыту үшін қандай шаралар қолдануға болады?
  3. Денсаулық сақтау саласындағы басқа елдердің практикасынын қандай озық тәжірибелерді алуға болады және оларды қазақстандық жүйеге қалай бейімдеуге болады?

Курстық жұмыстық негізгі мақсаты отандық денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігі мен сапасының қазіргі жағдайна баға беру және оның жақсарту жолдарын ұсыну.

Негізгі бөлім (А)

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру аясында түрлі бағдарламаларды жүзеге асырған болатын:

  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (қазіргі уақытта жұмыс істейді) ;
  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы;
  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы;
  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы.

Осы бағдарламалар бойынша медициналық-демографиялық көрсеткіштердің оң нәтиже көрсетуіне қарамастан, денсаулық сақтау жүйесіндегі қауіп-қатерлер әлі де кездеседі. Қазақстандықтар медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне әлі де толық қанағаттанбаған. 2023 жылы өткізілген 12 мыңға жуық респондент қатысқан "Халықтың өмір сүру сапасы" туралы сауалнамасының нәтижелері бойынша отандық денсаулық сақтау қызметтерінің сапасымен қанағаттану деңгейі 39, 9% құрады. Ал отандық денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігімен қанағаттанғандардың үлесі 41, 8% құрады. [3] Бұл көрсеткіштер 2022 жылғы көрсеткіштерден шамалы ғана өскен. Осылайша қазірге дейін және қазір қолдынылып келе жатқан бағдарламалар өз тиімділігін жоғалтқан. Сондықтан да мәселенің шешімін табу үшін басқа жолдарды және міндеттемелерді қарастыру керек.

Медициналық көмектің сапасы мен пациенттердің қанағаттануы көбінесе денсаулық сақтауды қаржыландыру көлеміне байланысты. Қазақстандағы денсаулық сақтаудың қаржыландыру үлесі 2019 жылғы ЖІӨ-нің 3, 0% - дан 2022 жылы 3, 7% - ға дейін ұлғайды. Салыстырмалы түрде, осы көрсеткіштер 2020 жылы ЭЫДҰ елдері арасында орташа есеппен 9, 7% болатын. [4] Қазақстанда денсаулық сақтауға жұмсалатын қаржының жан басына шаққандағы мөлшері ЭЫДҰ-ға мүше елдерге қарағанда 11, 6 есе төмен: 2020 жылы Қазақстанда бұл көрсеткіш 341, 5 АҚШ долларын, ЭЫДҰ - да орта есеппен 3 959 АҚШ долларын құрады. [5] Бұл Қазақстанның әлі де жеткіліксіз мөлшерде қаржыландырылғанын көрсетеді. Сәйкесінше, қаржыландырудың шектеулі болуы денсаулық сақтау мәселелінің негізгі факторларының біріне айналады.

Қаржының жеткіліксіз бөлінуі денсаулық сақтау жүйесінің жабдықтармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуіне әкеледі. Көптеген медициналық мекемелер, әсіресе ауылдық аймақтарда, ескірген медициналық техникамен жарақтандырылған. 2021 жылы жүргізілген талдау нәтижесінде 5 айда медициналық техникамен жабдықтандыру деңгейі 2, 9% - ға өсті және медициналық техниканың тозу деңгейі 1, 6% - ға төмендеді. [6] Дегенмен бұндай медициналық инфраструктура әлі де денсаулық сақтау жүйесінің әлсіз тұсы болып есептелінеді. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы осы проблеманы шешуге де бағытталған.

Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділгіне әсер ететін келесі фактор білікті кадрлардың жетіспеушілігі және біркелкі болмауы. Денсаулық сақтау жүйесінде жалпы қызметкерлердің саны шамамен 270 мың және 10 мың адамға шаққанда медициналық персоналмен қамтамасыз ету 40, 9 көрсеткішін құрайды. Соған қарамастан, елдің денсаулық сақтау жүйесінде қала мен ауылдық аймақтарда теңсіздік байқалады. Қалада дәрігермен қамтамасыз етілу әрбір 10 мың адамға 57 дәрігерден сәйкес келсе, ауылдық жерлерде 17 дәрігер болып табылады. [7] Сондықтан да Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі медициналық көмек сапасын арттыру мақсатында Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) бойынша кадрлар потенциалын жақсарту болып табылады. Бұл үшін АМСК дейгейінде денсаулық сақтау жүйесін қолдау, инвестициялар тарту сияқты мақсаттар алға қойылған.

Негізгі бөлім (B) : Зерттеу әдісі

Курстық жоба мақсатын орындау және зерттеу сұрақтарына жауап беру үшін қолданылған социологиялық зерттеу әдістері негізгі екі бөлімнен құралады. Алғашқы бөлім екінші реттік ақпараттарды жинаудан тұрады. Бұл кезеңде Интернет желілерінен сенімді дереккөздерден статистикалық ақпараттар алынған болатын. Сонымен қатар олар денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жағдайын бағалап болашақтағы дамуына болжам жасауға мүмкіндік береді.

Айтып өтілгендей, қолданылған аргументтердің басым бөлігі Интернет сайттарынан алынып, олардың сенімділігі SMART әдісі (S - specific - нақты, M - measurable - бақыланатын, A - attainable - қолжетімді, R - relevant - өзекті, T - time based - уақытқа негізделген) арқылы тексерілген еді. Жалпы екінші реттік ақпаратты пайдалану уақытты үнемдеуге және бірінші реттік ақпараттарды толықтыруда өте пайдалы болады. Алайда, олардың шығарылған уақыты, сенімділігі мен сапасына қатысты кейбір қиындықтар туындағандықтан, оларды пайдалану үшін сапасы мен өзектіліге тексеру керек болады. Бұл әдіспен алынған мәліметтер жоғарыдағы бөлімдерде келтірілген.

Екінші социологиялық зерттеуде екі түрлі әдіс қолданылған. Біріншісі, https://docs. google. com/ желісі арқылы сауалнама жүргізілген болатын. Сауалнама мектеп оқушылары арасында жүргізіліп жалпы 6 сұрақтан құралған. Қойылған сұрақтардың бесеуі жабық сұрақ және біреуі ашық сұрақ болатын.

Алғашқы екі сұрақта сауалнама өтушілерден денсаулық сақтау жүйесінің сапасы мен қолжетімділігін бағалауын сұрайды. Алынған нәтижелер бойынша 10 баллдық шкаладан қатысушылардың басым бөлігі, яғни 69, 6%-ы медициналық көмек сапасын 5 пен 7 балл аралығында бағалады. Денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігін бағалау үшін де 10 баллдық шкала берілген еді. Қатысушылардың 60, 9%-ы 6 және 8 көрсеткіштері арасында бағалады. Екеуінде де жалпы орташа балл 5, 39 баллды құрады. Бұл отандық медициналық көмек сапасының және қолжетімділігінің әлі дамыған деңгейге жетпегенін көрсетеді.

C:\Users\Asus\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.MSO\BA7FA295.tmp

C:\Users\Asus\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.MSO\8F79DDAF.tmp

Келесі 2 сұрақ отандық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қатысты қойылған еді. Қатысушылардың 70%-дан астамы жаңа бағдарламалар қабылдануы керек екенін және басқа елдердің тәжірибесін қолдану керек екенін қолдайды.

C:\Users\Asus\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.MSO\E35D459D.tmp

C:\Users\Asus\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.MSO\F308C6B3.tmp

Денсаулық сақтау қызметтері бойынша мәселелердің негізгі себептерін анықтау үшін қойылған сұрақта қатысушылардың басым бөлігі (>60%) ұсынылған 4 варианттың бәрін белгілеген. Басқа да жауаптар жазуға арналған бөлікке медициналық қызметкерлердің жұмысын дұрыс атқармауы жауабы берілген.

C:\Users\Asus\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.MSO\2474E639.tmp

Ең соңғы сұрақта қатысушылардың бұл мәселені шешу үшін қандай ұсыныс білдіретіні сұралған. Қатысушылардың жауаптары келесідей тізбектеуге болады:

  • Денсаулық сақтау жүйесін көбірек қаражаттандыру және бөлінген қаржыны қадағалап отыру;
  • Білім сапасын арттыру;
  • Жас мамандарға мүмкіндік беру және олардың тәжірибесін арттыру;
  • Мемлекеттік үйымдардағы бюрократияны азайту және медициналық көмек саласында бәсекелестік құру;
  • Медициналық инфрақұрылымды жаңарту;
  • Жабдықтардың сапасын тексеріп отыру және жаңа технологиялардан пайдалану;
  • Халықты өз денсаулығын қадағалуға үйрету;
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды тегін жасау.

[Интервью анализі]

Негізгі бөлім (С) : Зерттеу нәтижелері

Зерттеу нәтижелері бойынша отандық денсаулық сақтау жүйесінің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты мәселелерге көңіл бөлінуі керек екендігі белгілі болды. Курстық жобаның қорытындысы социологиялық зерттеу жүргізу барысында алынған сандық және сапалық мәліметтерді талдап, оларды кіріспе бөліміндегі зерттеу сұрақтарына жауап ретінде беру арқылы жасалады.

  • Қазақстанда медициналық қызметтердің қолжетімділігіне әсер ететін негізгі факторлар қандай және оларды қалай жақсартуға болады?

Жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сәйкес медициналық қызметтердің қолжетімділігіне келесі факторлар әсер етеді: денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымы ; кадрлардың біліктілігі ; денсаулық сақтау жүйесінің қаржыландырылуы .

Жиналған ақпараттарға сәйкес медициналық қызметкерлерді оқытып даярлауға ажыратылған инвестициялар ауылдық аймақтардағы дәрігерлер тапшылығын 12%-ға төмендеуіне әкелді. Ал жалпы 2022 жылы медициналық қадр тапшылығы 26% - ға қысқарды. Дегенмен бұл көрсеткіштер медициналық көмектің қолжетімділігі мәселесінің шешімі емес.

Ауылдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту мақсатында жас мамандарды ауылдық елді мекендерге және моноқалаларға жіберу негізгі приоритет болып табылады. Ол мамандарға әлеуметтік қолдау және тұрғын үй беріледі. Бірақ жергілікті атқарушы органдардың мәліметтеріне сәйкес, мамандардың тек 40%- ға жуығы 500 мыңнан 1, 5 млн теңгеге дейін көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау алады. [7]

Одан бөлек Қазақстан Республикасының халық саны жыл сайын көбейіп келеді. Бұл өз орнында денсаклық сақтау шараларының дамытудың өзектілігін арттырады. Кері жағдайда денсаулық сақтау жүйесі үлкен кризистік жағдайға тап болуы мүмкін. Сондықтан жалпы халыққа қолжетімді медициналық көмек көрсету мүмкіншілігіне ие болу үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін дамыту керек. 2022 жылдағы статистикаға сәйкес 3, 4 млн халық әлі МӘМСтен өтпеген, сәйкесінше медициналық қызметтерге қолжетімділік мүмкіндігі жоқ. [8]

Денсаулық сақтау қызметтерінің жалпыға бірдей және тең қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау жүйесіндегі инвестициялардың көлемін ұлғайту керек. Мемлекеттік инвестициялар және субсидиялар ажырату сақтандыруға қатысты мәселелерді шешуге көмектеседі.

[Интервьюдан алынған мәліметтер арқылы түсіндірмелер]

  • Қазақстанда медициналық көмектің сапасы қандай факторларға тәуелді және дамыту үшін қандай шаралар қолдануға болады?

Қазақстандағы денсаулық сақтау қызметтерінің сапасына бірнеше себептер әсер етеді. Атап айтқанда, кадрлардың біліктілігі, медициналық жабдықтардың сапасы мен қолжетімділігі және денсаулық сақтау жүйесінінң инфрақұрылымы.

Ең алдымен медициналық қызметкерлердің біліктілігі мен медициналық жабдықтардың қолжетімділігі медициналық көмектің сапасына тікелей әсер етеді. Жоғарыда көрсетілгендей 2021 жылы медициналық техникамен жабдықтандыру деңгейі өскен. Дегенмен, бұл ақпараттар шынайы деректермен сәйкес келе бермейді, сондықтан жабдықтандырылудың нақты көрінісін бағалау қиынға соғады. Сондықтан, медициналық жабдықтарды пайдалануды, сатып алуды және енгізуді қадағалап отыру үшін арнайы жүйелер құру қажет. Бұл процесстер қосымша қаражатты керек ететіндіктен мемлекет тарапынан қаржыландыру деңгейін арттыру керек. Соған байланысты, ҚР-ның 2025 жыл дейінгі ұлттық даму жоспарында денсаулық сақтау жүйесінің қаржыландыру деңгейін ЖІӨ-нің 5% - на дейін жеткізу міндеті қойылған және осы арқылы бұл мәселені оңтайлантыруға болады.

Медициналық инфрақұрылым мәселесі бойынша халық мемлекеттік медициналық орталықтарға қарағанда жеке медициналық орталықтарға көбірек таңдау жасайды. Бірақ, жеке медициналық орталықтардың санының көбеюі медициналық көмектің сапасын арттырса да, оның қолжетімділігін төмендетеді. Сол себепті халыққа денсаулық сақтау қызметтерінің сапалы жіне қолжетімді болуы үшін мемлекет тарапынан реттеулер жүргізілуі керек. Мысалы, медициналық қызметтер бағасының шектен тыс қамбаттамауы үшін бағаларды бақылау шараларын енгізе алады және табысы төмен адамдар үшін коммерциялық емес медициналық орталықтар санын арттыра алады.

[Интервьюдан алынған мәліметтер арқылы түсіндірмелер]

  • Денсаулық сақтау саласындағы басқа елдердің практикасынын қандай озық тәжірибелерді алуға болады және оларды қазақстандық жүйеге қалай бейімдеуге болады?

Сингапурдың денсаулық сақтау ДДҰ рейтингі бойынша алғашқы ондыққа кіреді. Сол себепті төменде келтірілген Сингапурдың озық практикаларын отандық денсаулық сақтау жүйесіне енгізуге болады:

  1. Мемлекеттік және жеке ресурстардың бірге пайдаланылуы. Денсаулық сақтау жүйесі негізінде үкіметтің бақылауында болсада жеке сектор бұл салада белсенді рөл атқарады. Яғни, медициналық қызмет көрсетудегі мемлекеттік-жекешелік баланс медициналық көмек қолжетімділігін арттырады. Оған қоса, еркін нарықтық бәсекелестік және халықтың таңдау еркіндігін болуы мемлекетке мақсатты инвестициялар жасауға мүмкіндік береді. Бұндай баланс жеке мекемелердегі қызметтің сапасын арттырып, жаңа технологиялармен жабдықтандыруды қамтамасыз етеді.
  2. Аккредитациялау процесі. Сингапурдағы ауруханалар мен медициналық орталықтар белсенді түрде аккредитациядан өтеді және бұл олардың халықаралық стандарттарға сай екенін көрсетеді.
  3. Медициналық персоналдардың білімін дамыту. Сингапурда медициналық кадрларды оқытуға көп көңіл бөлінеді және осылайша мемлекеттердегі кадрлардың біліктілігін арттырып отырады.

[Интервьюдан алынған мәліметтер арқылы түсіндірмелер]

Негізгі бөлім (D) : Бағалау

Отандық денсаулық сақтау жүйесінің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты қиындықтар, оның себептері мен жақсарту жолдарын бағалауда әлеуметтік зерттеу әдістері негізігі рөл атқарды. Бұл тақырып аясында қолданылған ақпараттар газет-журналдар сайттары мен сенімді Интернет дереккөздерінен іздестіріліп алынды. Ол дереккөздердің барлығы SMART әдісі арқылы талданып, бағаланып қана қоймай кіріспе бөліміндегі зерттеу сұрақтарына жауап берді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Прокуратура қызметіндегі жетілмегендіктер
Экономика салаларын цифрландыру
Білім беру саласындағы қолданыста жүрген АКТ құралдары
Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікірді қалыптастырудағы рөлі
Тест жұмысының тарихы
Ауыл телефон желісінің цифрландырылуы
ДИСПАНСЕРЛІК НАУҚАСТАРДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ТІРКЕЛІМІ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МЕН БАСҚАРУ
Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесi
Денсаулық сақтауды жоспарлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz