Бағалы қағаздардың түрлері, қызметі және мәні



КІРІСПЕ
1 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ
1.1. Бағалы қағаздардың экономикалық мәні
1.2. Құнды қағаздардың экономикадағы қызметтері
2 БӨЛІМ. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ МӘНІ, ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ САЛАЛАРЫ.
2.1. Бағалы қағаздардың қызметтері
2.2. Құнды қағаздар және олардың түрлері

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Құнды қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал сомасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат кезін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялары акционерлік қоғамы Ост-Индия, Грудзон бүғазы компанияларымен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді. Міне осылар құндықағаздарды бірінші шығарған ірі компаниялар болды. Олардың акциялары күні бүгінге дейін Лондон мен Торонто биржаларында сатылуда. XVI—XVII ғғ. Англиядағы акционерлік компаниялар капиталды көп қажет ететін көмір өндірісін қаржыландыру үшін де ұйымдасқан болатын.
ХІХ ғасырдың 60-жылдары тағы да бір маңызды оқиға болды. Германияда ауыр өнеркәсіпті дамытуға шығарылған құндықағаздармен делдалдық операцияларды жүргізуді универсалды инвестициялық банктер өз қолдарына алды.
Ресейге брокерлік бизнес осы Гермаииядан келді (аз мөлшерде Франциядан) "Маклер", "биржа", "акция" деген үғымдар осындай финанс инвестициясының тәжірибесімен бірге санаға енді.
Мемлекетімізде нарықтық дамуы қиыншылықпен баяу дамып келе жатқанымен, «советтік модельден нарыққа өту процесі, заңдардың жетілдірілуі, жекешелендіру мен ресструктуризацияцияның даму қарқынының өсуі, ақырындап инфрақұрылымның қалыптасуы, қор жұмысының негізінің қалануы іске асуда. Қоғамдағы соңғы 6-7 жылда болған өзгерістер – Қазақстан Республикасының нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандығы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері. Әсіресе қаржы несие институттары демократиялық негізде құрылған қазіргі нарық – адамзат дамуының ең
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Сейткасымов Г.С., Ильясов А.А. Ценные бумаги и
2. фондовый рынок, Алматы: Экономика, 2001 – 184с.
3. Жуков Е. Ф. Ценные бумаги и фондовые рынки: учебное посоьие для вузов. – М.: Банки и биржы, ЮНИТИ, 1995 – 224с.
4. Семенкова Е. В. Операции с ценными бумагами. – М.: Переспектива, “ИНФРА-М”, 1999 – 328с.
5. Мейірбеков. А.Қ, Әлімбетов. К.Ә. - “Кәсіпорын экономикасы”. АЛМАТЫ, 2003 ж.
6. Бабақұлы. Б. - “Тәуелсіздік, нарық, экономика”.
7. АЛМАТЫ, 2003 жыл.
8. Көшенова «Бағалы қағаздар нарығы» - А -1997ж.
9. Карагусов С.Ф. «Правовой режим цен.бум.врк» - А – 2000ж.
10. «Рынок ценных бумаг» под.ред. В.А.Галанова – М – 1999ж.
11. «Ценные бумаги» под.ред. В.И.Колесникова -М –2003ж.
12. Шайкова С.С., Айтбаев С.М. «РЦБ в Республики Казакстан» - А -2001ж.
13. Сейітқасымов Г.С. «Ценные бумаги и фонд.биржа» - А – 2000ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дің экономикалық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Бағалы қағаздардың түрлері, қызметі және мәні

Орындаған: 2 курс студенті
Тегісбаева Айжан Банк ісі-06 тобы

Тексерген: Ақпанов А. К.

Алматы қаласы, 2008 жыл.
мазмұны

Кіріспе
1 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ бағалы қағаздар нарығы
1.1. Бағалы қағаздардың экономикалық мәні
1.2. Құнды қағаздардың экономикадағы қызметтері
2 БӨЛІМ. Бағалы қағаздардың мәні, қызметі және салалары.
2.1. Бағалы қағаздардың қызметтері
2.2. Құнды қағаздар және олардың түрлері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:
Кіріспе
Құнды қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол
кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты сауданың аясы
кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі
капитал сомасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок
пен шикізат кезін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген
адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялары
акционерлік қоғамы Ост-Индия, Грудзон бүғазы компанияларымен сауда жасаумен
байланысты дүниеге келді. Міне осылар құндықағаздарды бірінші шығарған ірі
компаниялар болды. Олардың акциялары күні бүгінге дейін Лондон мен Торонто
биржаларында сатылуда. XVI—XVII ғғ. Англиядағы акционерлік компаниялар
капиталды көп қажет ететін көмір өндірісін қаржыландыру үшін де ұйымдасқан
болатын.
ХІХ ғасырдың 60-жылдары тағы да бір маңызды оқиға болды. Германияда
ауыр өнеркәсіпті дамытуға шығарылған құндықағаздармен делдалдық
операцияларды жүргізуді универсалды инвестициялық банктер өз қолдарына
алды.
Ресейге брокерлік бизнес осы Гермаииядан келді (аз мөлшерде Франциядан)
"Маклер", "биржа", "акция" деген үғымдар осындай финанс инвестициясының
тәжірибесімен бірге санаға енді.
Мемлекетімізде нарықтық дамуы қиыншылықпен баяу дамып келе жатқанымен,
советтік модельден нарыққа өту процесі, заңдардың жетілдірілуі,
жекешелендіру мен ресструктуризацияцияның даму қарқынының өсуі, ақырындап
инфрақұрылымның қалыптасуы, қор жұмысының негізінің қалануы іске асуда.
Қоғамдағы соңғы 6-7 жылда болған өзгерістер – Қазақстан Республикасының
нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандығы өтпелі
дәуір кезеңдерінің өзгерістері. Әсіресе қаржы несие институттары
демократиялық негізде құрылған қазіргі нарық – адамзат дамуының ең жоғарғы
жетістігі. Нарық – күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық
қатынастар жиынтығы. Ал, осы нарықтық қатынастары қалыптасып, халық
шаруашылығының экономикалық басқару құрылымы елеулі өзгеріске түскен
қазіргі жауапты да күрделі кезеңде тікелей айналысып жүрген сала мамандары
болмаса, былайғы қарапайым жұртшылықтың зердесіне жете бермейтін жайлар да
жоқ емес. Солардың бірсыпырасы бағалы қағаздарға келіп тіреледі. Бағалы
қағаздар дегенде құлағымыз елең ете қалғанымен, соның түп-төркініне
түсінбей дал боламыз. Көз алдымызға сонау 40-50жылдардағы елге есепсіз
таратылып, кейін қаржы реформасына қатысты құнын жайып, артынан қалта-қалта
қылып жинақ кассасына өткізіп, бірақ болар-болмас қара бақырға
қанағаттанған заемдар елестейді. Бала-шағаның аузынан жырып жинаған азын
аулақ қаржыға бағалы қағаз сатып аламын деп ертең есем кетіп жүрмей ме деп
күдіктенетіндер көп. Сондықтан, осындай сенбеушілікті жойып, туған
топырағымызда жаңа-жаңа бүршік жарып келе жатқан нарықтық қатынастар
кезеңінде бағалы қағаздардың қандай пайдасы бар, оның халықтың тұрмысын
түзеуге септігі тие ме деген мәселелер нарық экономикасының өзекті
мәселелерінің бірі.
1 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ Құнды қағаздар нарығы
1.1. Бағалы қағаздардың экономикалық мәні
Құнды қағаздар рыногы дегеніміз не? Ол қаржы рыногының бір бөлігі екен.
Қалған бөлігін банк қарызы рыногы құрайды. Банк, шын мәнінде, коммерциялық
банк болса (мемлекеттік мекеме емес), қарызды бір жылдан астам уақытқа өте
сирек береді. Ал құнды кағаздарды шығара отырып (облигациялар, акциялар)
олардан түсетін ақшаны ондаған жылдар бойы пайдалануы мүмкін. Финанс
рыногын осылайша бөлу капиталдың, айналмалы және негізгі болып бөлінуімен
байланысты. Құнды қағаздар рыногы банктың кредит жүйесін толықтырады, өзара
байланыста әрекет етеді. Мысалы, коммерциялық банктер құнды қағаздар
рыногында аралық кызмет атқарушыларға жаңадан шығарылған баталы қағаздарға
жазылу үшін қарыз береді, олар банктерге артық бағамен сату үшін құнды
қағаздардың бір блогын бередi;
Құнды қағаздар рыногының маңызды бөлігі ақша рыногы болып табылады,
онда қысқа мерзімді (бір жылға дейін) қарым міндеттемелері бар казначейлік
вексельдер (билеттер) айналыста болады. Ақша рыногы қолда бос тұрған
ақшаларды мемлекетке берудің икемді жолын қамтамасыз етеді, сөйтіп
корпорациялар мен жеке адамдардың уақытша бос ақшаларын табыс табуға
пайдалаиуға мүмкіндік жасайды. Онсыз толыққаңды финанс рыногының орын алуы
мүмкін емес.
Барлық рыноктар сияқты, құнды қағаздар рыногы да сұраныс пен ұсынысқа,
олардың бағасына тәуелді. Яғни құнды қағаздар рыногы сатып алу, сатумен
байланысты экономикалық қатынастар жүйесін құрайды. Рыноктың мөлшері
қоғамдық еңбектің мамандануы дәрежесімен тікелей байланысты.
Құнды қағаздар рыногы тікелей алғашқы және қайталама рыноктан тұрады.
Алғашқы рынокта мемлекеттік және муниципиалды облигациялар, сол сияқты
акциялар мен облигациялар эмиссиясы жүзеге асырылады. Оны финанстық және
финанстық емес профильдегі әр қилы акционерлік компаниялар шығарады.
Алғашқы рынокта құнды қағаздардың тікелей инвесторлары коммерциялық және
инвестициялық банктер, биржа фирмалары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы
қорлары, финанстық емес корпорациялар және жеке адамдар (жеке инвесторлар).
Олар биржа фирмалары мен инвестициялық банктер арқылы акциялар мен
облигациялар сатып алады. Құнды қағаздардың қайталама рыногы эмитент
құндықағаздарды орталықтанған немесе орталықтанбаған сатып алу мен сатуды
түсіндіреді. Құнды қағаздар — спецификалық тауар, барлық тауар сияқты
тұтыну қүны мен бағасы бар. Құнды қағаздардың тұтыну құнының мәні белгілі
дәрежеде табыс келтіреді, яғни процент (облигациялар бойынша) және дивиденд
(акциялар бойынша) төлегенде, сонымен қатар құндықағаздардың күн курсының
өсуі нәтижесінде келетін табыстар. Құнды қағаздардың өздері туралы айтар
болсақ, оның үш түрі бар. Олар акциялар, облигациялар және олардан
туындайтын қағаздар.)
Акцияларды корпорациялар шығарады, акциялар шығарудың өзі корпорациялар
үйымдастырудың әдісі. Акцияны ұстаушы корпорация мүлігінің бөлігіне иелік
ететін болады. Корпорациялар акцияларды шығарып, ірі инвестициялық
жобаларды жүзеге асырып, сөйтіп финанстың қуаттылығы артады. Акция иесі
корпорация пайдасының бір бөлігін дивиденд ретіңде алып отырады.
Облигацияларды корпорациялар да, үкімет те шығарып отырады. Облигация
шығарушылар белгілі бір мерзімде (қарызды) және қарыз процентін төлеуге
міндеттенеді. Ол - зайым арқылы алынатын пайданың бір бөлігі. Дивидендтен
проценттің өзгешелігі тұрақты, әрі банк ставкаларының өзгерісіне
тәуелсіз. Сондықтан да облигацияларды белгілі бір табыс әкелетін құнды
қағаздар деп атайды. Әдетте процент зайымының қызмет мерзімі бойына бірдей
үлеспен төленеді.
Акция мен облигациялардың инвестициялық сапасы бірдей емес, яғни
инвесторлар үшін тартымдылығы әр түрлі. Облигациялар, әдетте, акцияларға
қарағанда жинақты сақталу кепілділігі молырақ. Әсіресе мемлекеттік
облигациялардың төлем қабілеті өте жоғары.
Құнды қағаздардың басқа да түрлері бар. Мысалы, ордерлер қозғалмайтын
мүліктерге қатысты құндықағаздар, опциондар, фьючерлік келісімдер. Олар
тәжірибелі инвесторлар үшін де, алып сатарлар үшін де тартымды.
Инвестицияның сенімділігі мен табыс әкелу тұрақтылығы түрғысьнан ең
сапалысы мемлекеттік облигациялар, әсіресе казначейлік билеттер. Олардаи
кейін жеке облигациялар және ірі компаниялардың "көп дауысты" акциялары.
Белгісіз, жаңадан ұйымдасқан фирмалар шығарған акциялар сапасы төмен
дәрежеге жатады. Осыған қарамастан АҚШ-та 120 миллион қызметкердің 47
миллионы акционерлер болып табылады. Осыншама адамды қамтитындай
акциялардың қандай тартымдылық күші бар? Біріншіден (бүл ең бастысы),
болашақта ескі инвестициялардың еселеп өсуімен байланысты. Айталық, бір
акцияны 100 долларға сатып алдыңыз делік, ал 10 жылдан кейін, егер
кәсіпорын жақсы жұмыс істейтін болса, ол акция 1000 доллар табыс әкеледі.
Екіншіден, акция ұстаушыларға дивиденд төленіп отырады (оның қатаң заңды
нормасының болмағандығына қагамастан). Үшіншіден, акцияны үстаушының дауыс
беру қүқы бар және кәсіпорын иесі ретінде басқадай да құқықтары бар.
Төртіншіден, акцияларды сатып жіберу өте жеңіл.
Құнды қағаздардың қозғалысы мынадай үш фазадан тұрады: аптаның үштен
екісі, жаңадан құндықағаздарды ойластыруға, шамамен осындай уақыт оны
алғашқы орналастыруға кетеді, ал осылардан кейін құнды қағаздардың өзіндік
айналымы басталады.
Құнды қағаздарға деген сұраныс халықтың әлеуметтік-тұрмыс дәрежесімен
анықталады. Тұрмыс дәрежесі жоғары болган сайын, табыстың басым кепшілігі
жинақталады да, адамдар құнды қағаздарды сатып алуда мүдделілік көрсетеді.
Құнды қағаздар ұсынысы, онда сұраныспен анықталады. Құнды қағаздарға
сұраныстың дамуы финанс жүйесін қайта құрумен тікелей байланысты. Құнды
қағаздар рыногында қандайлық дәрежеде болмасын белсендiлiк күтер болсақ,
салық жүйесiн жетiлдiрiп отыру да бүгiнгi уақыт талабы, рынок талғамы.
Бағалау қағаздары бұл белгілі бір өзіндік формада шығарылатын мүліктік
құқықтық міндетті көрсеткіштері көрсетілетін шығарушы мен оларды
иеленушілер арасындағы қарым – қатынасты бейнелеп, қолдан қолға сатылатын,
сондай-ақ мәлімдеу барысында төлемдерді алуға құқық беретін, қандай-да бір
қаражат салғандығын куәландыратын ақшалай қаражатты білдіреді.
Құнды қағаздардың мәні мынада, яғни капиталды иеленушінің қолында
капиталдың өзі емес, құнды қағаз түріндегі жалған капитал формасы болады.
Жалған капитал деп құнды қағаздың аталуы олардың өзіндік ішкі
құндарының болмауын айтады.

1.2. Құнды қағаздардың экономикадағы қызметтері
Бағалы қағаз түсінігі экономикалық және заңдық қатынастарда өте кең
ауқымды алып отырған түсінік. Бағалы қағаздар орта ғасырдан бері қарай
қолданыла бастады. Сол кезде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен
ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып
қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал саласына деген қажеттіліктері
туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат көзін игерумен
байланысты орын алатын шығындарды жеке адамдар көтере алмайтын да еді.
Нәтижесінде ағылшын, голланддық компаниялары акционерлік қоғамы Ост- Индия,
Грудзон бұғазы компанияларымен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді.
Міне осылар бағалы қағазды бірінші шығарған компаниялар болды. Олардың
акциялары күні-бүгінге дейін Лондон мен Торонто биржаларында сатылуды. XVI-
XVII ғғ. Англиядағы акционерлік компаниялар капиталды көп қажет ететін
көмір өндірісін қаржыландыру үщін де ұйымдасқан болатын. Ең алғаш рет
бағалы қағаз түсінігін 1882жылы Бруннер ұсынған. Ол бағалы қағаздарды жеке
құқық ретінде анықтады (Werpapier ist eine Urkunde ueder ein
Privatreckt). Бұл түсінікте Бруннер әртүрлі бағалы қағаздар бір түсінікке
қамтылатынын анықтады.
Ал В.М. Гордон, бағалы қағаздар түсінігі анықтамаса да, оның
белгілерін сиаттады. Ол бағалы қағазды литтераль деп атап, бұл қағазда
жазылған мәлімет қана іске асады деген 2.36б. Басқа зерттеулерді қарасақ,
1923 жылы В.Ф. Вольфтың басқаруымен зерттелген КСРО- ның Сауда своды атты
проектісінің авторлары қағазға былай түсініктеме береді: Бағалы қағаз –
оны көрсету кезінде белгілі құқығы бар құжат. 3.10б
Сонымен, бағалы қағаздар дегеніміз – толығымен құқығы
белгіленген, мүліктік құқықты немесе эмитенткебайланысты құжат иесінің
қарыз қатынасын куаландыратын акциялы құжат (акция, облигация немесе
опцион) . Ол жеке құжат түрінде немесе (артықшылығы ) шоттағы жазу түрінде
болады.
Бағалы қағаздар туралы көпеген ғалымдардың тұжырымдары бар.
Негізінен зертеушілердің көбі бағалы қағаздарды тұлғалар арасындағы
құқықтық қатынастарды бекітетін заңды құжат деп қарастырады. Соның ішінде,
Ф.С. Карагусов: Бағалы қағаз ол – сол қағассыз басқа адамдардың қолына
өте алмайтын, іске аспайтын кез-келген құжат дейді. 3.10б
Ал келесі Курс экономической теорий атты оқу құралында бағалы
қағаздарға мынандай түсініктеме айтылған: Бағалы қағаз – ол иелену құқығын
немесе займ қатынасын куаландыратын және документ шығарған тұлға мен оның
иегері арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын ақшалы құжат. Бағалы қағаз
табыстың дебиденд немесе пайыз түрінде төленуін және басқа тұлғаларға
ақшалық немесе басқа да құқықтардың бірігу мүмкіндігін беруін қарастырады.
,305б
Тағы да басқа әдебиеттерді қарастыратын болсақ, бағалы қағаз,
- деп жазады Д.И.Мельников және К.К. Ильясов, - мүліктік қатынастарды
куаландыратын немесе оның иегері мен құжаты шығарушының арасындағы займдық
қатынасты көрсететін ақшалық құжат. 25.302б В.Д. Камаевтің ойынша
бағалы қағаз,- меншік иесінің белгілі бір мүлікке немесе ақшаға меншік
құқығын куаландыратын құжат. Осы пікірді экономикалық жоғарғы оқу
орындарына, акдемияларға және факультеттерге арналған экономик
оқулығының авторлары да қолдайды: бағалы қағаз – болашақта оның иегеріне
пайда әкелетін, сатылатын және сатып алынатын құжат ,-дейді. 24.632б
Міне, осындай көптеген авторлардың ікірлері мен
тұжырымдамаларын қарастыра отырып, қаіргі таңда бағалы қағаздардың
маңыздылығының зор екендігіне куә бола аламыз. Ал біздің мемлекетіміздің
бағалы қағаздарының даму тарихы терең емес, әлі жас. Қазақстанда бағалы
қағаздар алғаш рет 1995 жылы тіркеуге алынды.Осыған орай ҚР-ның Азаматтық
кодексінің 129 бабында бағалы қағаздарға былай анықтама берілген:
Белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып. жүзеге
асыралуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын, мүліктік құқықтарды
куаландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. 14
2 БӨЛІМ. Бағалы қағаздардың мәні, қызметі және салалары
2.1. Бағалы қағаздардың қызметтері
1. Қайта бөлу қызметі, яғни құнды қағаздың көмегімен экономиканың
салалары арасында, аймақтар мен елдердің арасында, халық пен эканомиканың
салалары арасында, халық пен мемлекет арасында және т.с.с. уақытша бос ақша
қаражаттары бөлінеді.
2. Құқықтық қамтамасыз ету қызметі, басқару ісіне араласуға, эмитенті
туралы оның қаржылық жағдайы туралы ақпарат алуға, табыс алуға құқық
береді.
3. Айналым шығынын үнемдеу қыметі. Ақшалық төлем құралы қызметін
атқаратын бақылау туралы түріне байланысты.
Құнды қағаздар өзіне тән белгілеріне байланысты төмендегідей
жіктеледі:
1) Эмитентіне байланысты:
- мемлекеттік құндықағаздар (Үкімет, Қаржы министірлігі (қазынашылық
тұлғасында), Ұлттық банк, жергілікті басқару органдары эмитенті бола
алады);
- мемлекеттік емес құнды қағаздар (ашық және жабық акционерлі
қоғамдар, соның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорын, сауда ұйымдары, коммерциялық
банктер, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, қор биржалары,
брокерлік фирмалар, ЖШС; шетелдік қаржы – несие ұйымдары және т. б.);
2) Экономика табиғатына байланысты:
- үлестік құнды қағаздар (үлес қосқандығын куәландыратын акциялар
ғана);
- борыштық құнды қағаздар (қарыз бергендігін, алғандығын куәландыратын
облигациялар, вексель, чек);
- төлемді, туынды құнды қағаздар, бұл екінші ретті құнды қағаздар;

3) Операция сипатына қарай:
- негізгі құнды қағаздар (акция, облигация);
- қосымша құнды қағаздар (чек, вексель, сертификат);
- туынды құнды қағаздар (қалғандары);
4) Айналым мерзіміне байланысты:
- мерзімсіз (айналым мерзімі көрсетілмеген акция, яғни эмитенті
банкроттыққа ұшырамағанша);
- мерзімді, яғни қысқа (1 жылға дейін), орта (1 – 3 және 5 жыл
аралығы) және ұзақ (5 жылдан жоғары) мерзімді;
- мерзімі өткен, яғни көзделген мерзімде өтелмеген;
5) Қаражат салу сипатына қарай:
- инветитцияланатын құнды қағаздар, яғни қаражат салуға мүмкіндік
беретін акция, облигация, фьючерс, депозиттік құжаттар, ипотекалық
куәліктер, депозиттік және жинақ сертификаттары;
- инвеститцияланбайтын құнды қағаздар, яғни төлем құралдары қызметі
сипатында қазмет атқаратын құнды қағаздар;

6) Шығарылу формасына қарай:
- құжатты құнды қағаздар, яғни бекітілген формасына қарай шығарылатын
сиртификатты құнды қағаздар немесе материалды формасы бар құнды қағаздар;
- құжатсыз формада шығарылатын құнды қағаздар, яғни құнды қағаздар
иесіне немесе қаражат салушының атына “депо” счетын ашу арқылы берілетін
құнды қағаздар;
7) Иелік ету сипатына қарай:
- атаулы құнды қағаздар;
- атаусыз құнды қағаздар;
- ордерлік, яғни басқа үшінші тұлғаның атына меншіктелген;
8) Нарықта айналу сипатына қарай:
- нарықтық құнды қағаздар;
- нарықтық емес құнды қағаздар (жинақ сертификаттары, варрант,
коносамент, ұлттық жинақ облигация, ұтыс облигациялар, ипотекалық
куәліктер);
9) Басқару ісіне араласуына байланысты:
- дауысты құнды қағаздар (дауысқа ие болатын);
- дауыссыз құнды қағаздар;
10) Табыс төлеу әдісіне қарай:
- дивидентті (таза табысқа байланысты);
- дисконтты (өзінің номиналды құнынан төмен бағамен сатып алынатын
құнды қағаздар);
- купондық, яғни табысты құнды қағаздар;
- пайыздық табыс әкелетін құнды қағаздар, яғни тұрақты пайда әкелетін,
өзгермелі табыс әкелетін;
11) Аумақтық белгісіне қарай:
- ұлттық, яғни мемлекеттің шеңберіндегі;
- аймақтық;
- халықаралық, мемлекет аралық айналыстағы;
12) Қамтамасыз ету сипатына қарай:
- қамтамасыз етілген, яғни шығарушының мүлкімен активтерінің құнымен
жабдықталатын;
- қамтамасыз етілмеген, ешқандай да мүллікпен қамтамасыз етілмеген,
шығарушының уәдесімен, кепілдікпен қамтамасыз етілмеген құнды қағаздар.
Егер де біреу ламбард иесінен қарызға ақша алса, ол кепілге құнды зат
қалдырады. Қарыз өтелмеген жағдайда ломбард иесі сол затты сатып өз
шығындарын жабуы мүмкін. Бұл келісім шарттары кепілдік квитанциясында
жазылады. Егер де жеке тұлға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республиксындағы бағалы қағаздар рыногының қалыптасу және даму проблемалары
Бағалы қағаздардың маңызы мен қызметі
Қаржы нарығы туралы түсінік
ҚР бағалы қағаздар рыногы
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының құрылымы
Мемлекеттік бағалы қағаздар
Бағалы қағаздардың негізгі түрлері
Нарықтық экономикада бағалы қағаздардың алатын орны
Бағалы қағаздар классификациясы
Бағалы қағаздар нарығы – қаржы нарығының құрамдас бөлігі
Пәндер