Шығармадан Бауыржан атамыздың адамгершілік дәрежесінің көрсеткіші екендігіне көз жеткізу


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҚР Білім және Ғылым министрлігі

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Байзақ ауылы

Сыдық Абланов орта мектебі

Тақырыбы:

Алаштың айбыны - Бауыржан Момышұлы ұя

7-сынып оқушысы. Утегенова Салима

Жұмыстың бағыты: Қазақ әдебиеті

Жетекшісі: Сагындыкова Жанат Амантаевна

Мазмұны

1. Аннотация - 3

2. Кіріспе бөлім - 5

3. Негізгі бөлім :

3. 1. - Көркем шығармадағы мақал-мәтелдердің маңызы. - 6

3. 2. - Ұлттық салт-дәстүрлерге, әдет-ғұрыпқа жазушының көзқарасы. -7-9

4. Қорытынды- 10

5. Менің ұсынысым - 11

6. Пайдаланған әдебиеттер - 12

Аннотация

Бұл ғылыми жұмысымда «Ұшқан ұя» повесіндегі Бауыржан атамыздың өсу жолдары арқылы қазақтың мақал-мәтелдері мен салт-дәстүрлердің маңызы зор екенін талдай отырып, сондай-ақ жазушының көзқарасымен жазылған шығарма бүгінгі күнде жас ұрпақтың тәрбиесіне үлгі етуді дәріптейді.

Аннотация

В данной научной работе я анализирую большое значение казахских пословиц и традиций через путь роста нашего деда Бауржана в повести «Ушкан Уя», а произведение, написанное с точки зрения писателя, воспевает подачу примера для воспитания. молодого поколения сегодня.

Annotation

In this scientific work, I will analyze the great importance of Kazakh proverbs and traditions through the growth path of our grandfather Baurzhan's story "Ushkan uya", and I will glorify being an example to the people in the work written from the writer's point of view. education. today's young generation.

Зерттеу жұмысының тақырыбы: Алаштың айбыны - Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесі бойынша

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Бұл ғылыми зерттеу жұмысы арқылы батырдың дара тұлғасын тану, өскен ортасы мен тәлім алған қайнар бұлағының көзін ашу және оның ұрпақ тәрбиесіне, көркем әдебиетке әсерін бағалау үшін «Ұшқан ұя» повесін жан-жақты қарастыру арқылы белгілі мақсатқа жету болып табылады.

Ғылыми зерттеудің нысаны: « Ұшқан ұя» повесіндегі қазақ салт-дәстүрінің құндылығын таныту

Ғылыми жұмыстың мақсаты: « Ұшқан ұя» повесіндегі Б. Момышұлына әсер еткен ұлттық тәрбиенің қайнар көздерін ашу, шығарманың өн бойындағы құндылықтарды, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпға байланысты жазушының көзқарасы мен ой тұжырымдарын ұрпақ тәрбиесіне үлгі ету

Ғылыми жұмыстың міндеттері:

- Шығармадағы жазушының өсу жолын тану;

- Шығармадан Бауыржан атамыздың адамгершілік дәрежесінің көрсеткіші екендігіне көз жеткізу;

Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы:

« Ұшқан ұя» повесінде дәстүрлік танымдарға суреткердің өлшемі, оның бағалануы, көзқарасы қамтылады. Салт-дәстүріміздің қазіргі күнге дейін сақталған түрлерінің мәні мен маңызы ашылады.

Кіріспе бөлім

Қазақ халқының даңқын шығарып, абыройын асырған айтулы ұлдарының бірі - гвардия полковнигі, жазушы, Совет одағының батыры Б. Момышұлы есімі қазақ еліне таныстыруды қажет етпейді . Ол «Халық батыры», ол «Даңықты әскери қолбасшы» ол « Көрнекті қаламгер» деген ұғыммен ұрпақ санасына біте қайнасқан.

Туған ұлты үшін ұран салып, ұлт намысын таптатпай, ұлт байрағын құлатпай, айбынды ұстаған Бауыржан атамызды өз халқы шексіз сүйіп мерейін асырады.

Бауыржан атамыз үйреткен тағлым - Ұлы сенім, Болашаққа деген сенім еді. Бауыржан атамыз үйреткен тағлым - ұлы шындық.

«Жалғандықтың балын жалап өмір сұргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық», -деп Бауыржан атамыз сияқты орақ тілді, от ауызды жаужүрек азаматтар ғана кесіп айта алады.

Бауыржан атамыз үйреткен тағлым - өз халқыңды ағынан жарылып, жанындай жақсы көру

Бауыржан атамыз үйреткен тағлым - ұлт ар-намысына, ұлт тарихына, ұлт санасына, ұлт мәдениетіне қамқор болу еді.

Көзден кетсе де көңілден кетпеген және ешқашан кетпейтін Момышұлы есімі мен үшін ерекше қымбат. Шынында да ол ұлттың бойтұмар азамат болуы бақытына ие болды. Ұлттық асыл қасиеттің қадірін бағалай алатын, терең түсінетін адам бұны біледі.

3. 1. - Көркем шығармадағы мақал-мәтелдердің маңызы

«Ұшқан ұяны» оқыған әрбір адам адамдық, әдеп пен әдет, отаншылдық сезімдердің қалай қанаттанып, жанданып, ұшталғанын біледі. Бұл кітап Бауыржан атамыз өмір сүрген және қазіргі кезеңде де бала тәрбиесіне, жанұяға, ұрпақ тәрбиесіне арналған бірегей кітап деп айта аламын.

«Ұшқан ұя» повесіндегі тәлім-тәрбие көзі деп мақал-мәтелдерді айтуға болады. Мысалыға, «Жетіге келгенше бала жерден таяқ жиді» мәтелі бала жеті жасқа толғанша өзін-өзі берік ұстай алмай қалт-құлт етіп жүреді. Жазушы мәтелдің мәнін бұдан гөрі тереңдете түсіп, «Адамзатқа атанар жолдың алғашқы қадамы осы жерден басталса керек» дейді.

«Ертегсіз өскен бала - рухани мүгедек адам»- мұнысы мақал-мәтелсіз, ұлттық нәрсіз өскен бала - елінің ойлауға сана-сезімін оята алмайтындығын аз сөзбен түйіндеген. Шындығында мақал-мәтелсіз өскен бала Бауыржан атамыз айтқандай мүгедек.

«Құрығы ұзын қуып жүріп алады, құрығы қысқа құр қол қалады» деген мәтелдің түп төркіні қолында байлығы бар өзінің қалағанына қалай да болса қол жеткізе алады, ал қолы қысқа адам дегеніне жете алмайды деп сол кездегі әлеуметтік теңсіздікті айтады. Жазушы осы арқылы жас ару Зәмираның сүйгенінен айырылып, қалың малға сатылып, тағылық заңының құрбанына айналып бара жатқанын шарасыз суреттейді.

Сондай-ақ шығармада адамның қылығын танытатын жаман әдетін аңғартатын мақал-мәтел көп. «Жақсы ат бір-бірлеп тартар, жаманы екеулеп тартар» деген мәтелдің түйіні - қомағайлық. «Саздау жердің ағашы, сабырсыз елдің жазасы» дегені адамның мінезіне айтылған мәтел.

Шығармада суреткер адамның жақсы - жаман қасиеттерін танытатын тәрбиелік құны бар ұтымды оралымдары жиі қолданған. Адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі - нысап. Шығармада бір кейіпкер ақын Өтеп «бере берсеңдер, мен ала берем» деген тойымсыз мінез танытады. Сонда ауыл ақсақалы: «нысап сайын береке» деп оның әлгі сұқтанғыштығын тыйып тастайды. Мұнда адамның тойымсыздығы ашкөздікке апаруды тыйуға, әр нәрсеге қанағатпен қарауға негізделсе керек.

«Жуанның созылып, жіңішкенің үзілер шағы», бұл тіркестерді суреткер шығармада 1917-1918 жылдар аралығындағы құрғақшылыққа байланысты малдың қырылуымен қатар сол кезеңдердегі қиыншылықтарға байланысты қолданған. Қазірде бұл тіркестер жиі қолданады. Көктемнің кешеуілдетіп шығып, халық қиналып, малға шөп-азық таусылып, қысқы соғымның бітуіне орай қолданамыз.

3. 2 - Ұлттық салт-дәстүрлерге, әдет-ғұрыпқа жазушының көзқарасы.

Бауыржан атамыз ұясынан көрген-білген, алған өнеге тәрбиесін жазудағы мақсатының өзі де сол өзі шыққан биігінің тәрбие нәтижесі ғана емес, сонымен қатар бүкіл халықтық салт-дәстүрден, ұлттық мінезден нәр алғандығын «Ұшқан ұя» шығармасында барынша ашып берген.

Бала тәрбиесіне, жалпы адамның қалыптасу жолындағы тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережесін жасаған халық - қазақ халқы. Оның балаға дүниеге келген күннен бастап берілетін тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп.

1910 жылдың, жиырма төртінші желтоқсанында Бауыржан атамыз сәби болып дүние есігін ашқанда, әкесі Әулие ата (қазіргі Тараз) шаһарында болса керек. Сәби жаңа өмір есігін ашып жатқанда арнайы сол ауылдың тұрғыны Байтоқ деген кісі сүйінші сұрап барған. Бауыржан атамыз ол туралы: « . . . әкем жатқан үйге кіріп келіп, бір ауыз сөз айтпастан жылай беріпті» дейді. Бір жаманат болып қалған екен деп бәрі үрпиісіп қалғанда, жеңешесінің ұл тапқанын жеткізгенге ұқсайды. Қалай жеткізсе де Байтоққа сүйіншісін беріп аттандырады. Тегінде халқымыз жақсы хабар әкелген адамға сыйлық ұсынған. Онысы бұл жақсылық «ұзағынан сүйіндірсін» деген асыл ойдан туындаса керек.

Әкесі Әулие атадан оралған соң, ауыл аймақ құтты болсынға жиналып, шілдехана тойна ұласады. Ол повесте былайша суреттеледі:

  • Баланың бауы берік болсын!
  • Батыр бабасындай рухты болс ын!
  • Бәйдібектің әруағы қолдасын!

Құтты болсынның арты ұласып, жастар ойын-сауық құрып, той соңында қариялар нәрестеге бата берген.

Батаның тәрбиелік маңызы зор. «Батамен ер көгерер, жауынмен жер көгерер» деген сөз адамды ізгілікке, парасаттылыққа, мейірімділікке баулиды. Сондай батаның бірі Имаш бабасы Бауыржан атамызға берілген екі батасының да тәрбиелік - тәлімдік қуаты зор.

Құрық деп берсем құл болма,

Шілік деп берсем шіл болма

Бәрінен де қарағым

Баяны жоқ ұл болма - дейді.

Ал шілдехана тойында берілген бата көпшіліктің арасында айтылады. Ол төмендегідей:

Алатаудың қыраны мол еді -

Қырағы болсын, құлыным.

Қойнауы суға толы еді -

Бұлағы болсын, құлыным.

Елінің тілегі зор еді-

Шырағы болсын құлыным.

Ата тілегі он еді -

Құмары болсын құлыным.

Бұл жерде батырлар төрі еді -

Сыңары болсын құлыным.

Осы бірер батаның өзінен - ақ көңіліне көп жайды түйіп, оның халық тіршілігіндегі, тұрмысындағы орны мен рухани салмағын толық түсінгендей болдым.

Қазақтың салт-дәстүрлері шығарманың өн бойында көптеп кезедседі. Соның бірі - шашу. Шашу - қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр. Шығармада, « Тұс-тұстан құтты болсын айтуға келген адамдар мол жиналды . . . Сол бойы олар жұртқа бауырсақтан шашу шашып ерекше қуанысады» деп келтіреді.

Бесікке салу «Әлди - әлди ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем» деп бесік жыры айтылады. Бесік қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Бесік жырымен сабақтас тағы бір дәстүр «Әлди әні». Әлди әні бесіктегі балаға да, бесіктегі емес балаға да айтылатын жыр. Бұл жыр повесте:

«Қызтумас апамның сүйегі әлдеқешен қурап кетті, ал әлди әні әлі тұр құлағымда . . .

  • Балам менің қайда екен?
  • Қыздарменен тауда екен.
  • Тауда неғып жүр екен?
  • Алма теріп жүр екен
  • Алмасынан қанеки?
  • Жаңа теріп жүр екен.
  • Қызыл алма қолында
  • Қыз-бозбала соңында - деуші еді-ау» деп тебіренеді. Бауыржан атамыз әжесінің жұмсақ алқанын аңсап, осылай жеткізеді.

Нурыз күні. Наурыз - ежелгі мәдениеті дамыған елдің бірі парсының «жаңа күн» сөзінен шықаны белгілі. Шығармада бұл жайында: «Әр үйдің алдыңда үлкен қара қазан асылып, наурыз көженің иісі шығады. Ырыс алды, кеңшілік басы, молшылық жолы осы наурыз көжеден басталатындай . . . Ел жаңа жылын, жарқын кезеңін осылайша ашық пейіл, ақжарқын көңілмен қарсы алады екен ғой» деп жазады Бауыржан атамыз.

Базарлық - алыс сапарға, саяхатқа шыққан адамдар жерлестеріне, көрші-қолаңдарға, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Ол туралы: « . . . Біз танымайтын кісінің берген базарлығына мәз болып қозымызға қарай жүгірдік . . . » деп беріледі.

Шығармада үлкен мән берелік тұсы жеті ата «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деп бекер айтылмаған. Әр адам өзінің атасын білуі көрегенділік пен білімділігін, ата көргендігін танытады. Білмесе «жеті атасын білмейтін жетесіз» деп сөккен. Бауыржан атамыз жеті атаны үйренуді «елтану мектебінің алғашқа сатылары» дейді.

Тойбастар. «Тойдың кешкі ойынын өлеңмен бастайды. Сонда айтылатын өлең тойбастар деп аталады. Бауыржан атамыз «той дегенде қу бас та домалайды» дегені қазақтың ойын-сауыққа келгенде жиған-тергенін шашатынын, ешнәрсе аямайтындығын мысалға келтіреді. Повестің басында айтылатын кішкене жиын-той үстіндегі Момыш баба мен Қызтумас әже арасындағы қыз таңдау жолындағы қиыншылық, сұлу қыз іздестірген әженің уайымы белгілі, немерелерінің ішкі және сыртқы сұлулығы.

Беташар жаңа түскен келінді бұл дәстүр жасалмай ешкім көре алмайды. Жазушы бұл дәстүрді Үрбианың ұзатылуынан бастап, жат жұртқа келін болып түсуіне дейінгі аралықты бірнеше қазақтың салт-дәстүрлерімен бейнелейді. «Жұрт беташар мен некеқияр қызығын күтіп тағатсыз торуылдайды». Неке қияр - дәстүр бойынша молданың бірін-біріне келісіммен үйленген екі жастың неке суын ішуі.

Жасау. Ұзатылған қызға берілетін дүние - мүлік. Жасау дәстүрі повесте Үбинаның ұзатылуымен тығыз байланысты. « Аттанар алдында әжем ауылдың қыз-келіншектерін, бар әйелдерді шақырып қыз жасауын қызықтауға шақырады» деп беріледі. Қазақтың бай салт-дәстүрінен сусындаған Бауыржан Момышұлы атамыз да әліппені орысша оқыған, бүкіл қызметі орыс тілінде өтті. Бірақ ол - Нағыз Қазақ болып қалды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Елордасы – Астана
Ай мен Айша романы
Бауыржан Момышұлы шағармасының зерттелуі
Имандылыққа баулу қазақ ілімі
Етегіңе бала жармассын
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш
Бауыржан Момышұлының өмIрI мен шығармашылық жолы
Қазіргі қазақ және орыс газет мәтіндердегі цитация
Жан сұлулығы үлкен байлық
Бауыржан Момышұлының шығармашылық қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz