Талдықорған қаласындағы ескерткіштердің сипаттамасы


«Жетісу облысы білім басқармасы Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жоба тақырыбы: Ескерткіштер - ел тарихы (Талдықорған қаласы)
Секция: өлкетану
Оқушының аты-жөні : Бақытбек Альбина
Сыныбы: 4
Ғылыми жетекшісі:
І. Жансүгіров
атындағы Жетісу Университетінің
Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламаларының
оқытушы дәріскері, магистр
Каратаева Динара Галимбаевна
Жетекшісі: Бастауыш сынып
мұғалімі:
Дюсембекова Алия Алиханқызы
2024 жыл

III. Ⱪорытынды . . . .
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
V. Қосымшалар . . .
Аннотация
Зерттеу ғылыми жоба жұмысына ұсынып отырған тақырып «Талдықорған қаласындағы ескерткіштер (Мәдени мұра бағдарламасы аясында) ». Бұл тақырып, еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі, жеріміздің өткенінен сыр шертер тарихи ескерткіштердің құндылығы мен бүгінгі ұрпаққа берер тәрбиесі жайында. Олардың барлығы мемлекеттік қорғауға алынып, зерттелуде. Халқымыздың тарихынан, өр рухынан сыр шертетін, еліміз бен жеріміз үшін жанын пида еткен ерлер мен батырларға, хандар мен билерге, ұлтымыздың біртуар перзенттеріне арналған ескерткіштерді зерттеу - бүгінгі күннің заман талабы.
Өлкетану ізденіс жұмысының мақсаты: Жас ұрпақты тарихи құндылықтарымызбен таныстыру, тарихи ескерткіштеріміз бен мәдени мұраларымызды қастерлеп сақтау, құрметтей отырып оның маңыздылығын түсіну.
Ғылыми зерттеу жұмысының алдыға қойған мақсатын айқындай келе келесі міндеттер қойылды :
- Талдықорған қаласында орналасқан ескерткіштердің маңыздылығын түсіндіру;
- Ұлы тұлғалардың сіңірген еңбектерін білу;
- Қаламыздағы ескерткіштермен танысу;
Өлкетану ізденіс жұмысының өзектілігі: Ата-бабамыздан қалған мәдени мұраны сақтауда ескерткіштердің маңыздылығы мен құндылығын түсіну.
Зерттеу объектісі - Талдықорған қаласындағы тарихи ескерткіштер.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі: ұсынылған ізденіс жұмысының теориялық негізі ретінде К. А. Ақышев және К. М. Байпақовтың «Археологиялық экспедиция» және С. Е. Әжіғали «Көшпенділер архитектурасы. Еуразия тарихы мен мәдениетінің феномені. Алматы, Ғылым, 2002. 645 б. » кітаптарындағы ғалымдардың тұжырымдары басшылыққа алынып, тарихи - салыстыру әдісі, әлеуметтік (сауалнама) зерттеу әдістері қолданылды.
Ғылыми зерттеу жұмысының жаңалығы:
- Өз өлкеміздегі ұлы тұлғалардың игі істерін анықтау.
- Әр объектіге қатысты ауызша және жазбаша деректер жинақтау.
- Ескерткіштер - ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігері ретінде олардың маңыздылығы түсіндіру.
КІРІСПЕ
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын сыныпта оқып, талқыладық [3] . Мақаланы оқи отырып, оның әрбір сөйлемінде бүгінгіміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар екенін түсіндім. Ал, бұл мақаладағы рухани өрлеу, рухани жаңғыру - біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отыруға тиіс. Елбасымыз тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап көрсетті. Соның ішінде елбасының «Туған жер» бағдарламасы менің патриоттық сезімімді оятты, сондықтан мен, өз туған өлкем Талдықорған қаласындағы ескерткіштерді зерттеуге бел будым [2] .
Өйткені, патриотизм адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жеріңнен, өскен ауылыңнан, қалаң мен өңіріңнен, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, мына бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті. Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналып отыр. Сондай-ақ, біз сабақта «Мәдени мұра» бөлімінде көптеген ескерткіштер, тарихи мұражайлар туралы мәліметтермен таныстық. Сондықтан, мен өзімнің туып өскен өлкем Жетісу өңірі Талдықорған қаласындағы ескерткіштерді зерттеуді жөн көрдім.
2. 1 МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ ҚАЛАМЫЗДЫ ДАМЫТУДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ.
«Өз елі өз ерлерін ескермесе, Ел тағы қайдан алсын кемеңгерді», - деп ақын Ілияс Жансүгіров жырлағандай, еліміз үшін жандарын пида еткен алып тұлғаларымызды әрқашан мақтанышпен үлгі тұтамыз. [5] Ата- бабаларымыз Алтай мен Атырауға дейін созылып жатқан ұлан байтақ өлкемізді қиын -қыстау кезеңде көздің қарашығындай сақтап, бүгінгі ұрпақтың қолына тапсырды. Сол жер үшін, тіл үшін, дін үшін күрескен бабаларымыздың ерлігін келер ұрпаққа насихаттау әр азаматтың міндеті. Өйткені, біздің елімізді жаудан қорғаған, елі үшін терін төккен ата- бабаларымыз қаншама [4] . Елбасымыздың басшылығымен көптеген салт-дәстүрімізді қайта жандандырып, оны халық жадында мәңгі қалдыру мақсатында болашаққа батыл қадам жасалуда. Мәселен, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында біздің Талдықорған қаламызда кейінгі жылдары жаңадан бірнеше ескерткіштер бой көтеруде [2] . Осы ескерткіштерге байланысты ақпараттар жинап, біз 4-сыныптар арасында 5 сұрақтан тұратын сауалнама алдық. Оның нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілді:
қатысқан
оқушы
Біздің қаламызда
қандай ескерткіштер бар?
Биыл қаламызға
қандай ескерткіш
орнатылды?
Осы сауалнаманың нәтижесінен соң, біз туған өлкеміз Жетісу облысы Талдықорған қаласындағы ескерткіштерге саяхат жасадық.
2. 2 ЖЕТІСУ ӨЛКЕСІНДЕГІ ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕСКЕРТКІШТЕРІНЕ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ОБЪЕКТІЛЕРІНЕ ШОЛУ.
Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың байлығы ғана емес сол елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор. Қазіргі таңда Қазақстан аумағында 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Соның ішінде 2000 астам ескерткіш біздің Жетісу облысымызда болса, 28 ескерткіші біздің Талдықорған қаламызда [2] .
Қазіргі кезде әлемнің төрт бұрышына да ескерткіштер, бюсттер орнатылған. Олардың орнатылу себептері де әртүрлі. Жетісу облысымыздың өзінде қаншама ескерткіштер бар. Мысалы: Талдықорған қаласында өз заманында халыққа қорған болған Ескелді, Балпық би, Қаблиса жырау сияқты әулие, билерге қойылған. «Үш ата» ескерткіші қаламыздың қақ ортасында 2006 жылы қойылған (1-сурет) [6] .


Қаланың шығыс бөлігі, Қаратал шағын ауданында бой көтерген Қабанбай батыр ескерткіші. Оның азан қойып шақырып қойған аты - Ерасыл Қожағұлұлы. Қаракерей Қабанбай батыр ол жоңғарларға қарсы барлық ірі шайқастарға қатысып, ерен ерлігіне орай «Дарабоз» (Ешкімге тең келмес) деген атқа ие болған [6] . Бюст 2009 жылы төртінші қыркүйекте ашылған. Ескерткіштің авторы: Қаби Баулықов, мүсіншілері - Мәлік Жүнісбай, Болат Құсайынов. Биіктігі 5 метр, салмағы 5 тоннаны құрайды. Ескерткіштің астына қойылған тас граниттен, ескерткіш қоладан құйылып жасалған (2-сурет) [1] .


Айтыс өнерінің алтын діңгегі 2010 жылы 10 қазан күні Сүйінбай Аронұлына арналған ескерткіш «Жастар» спорт кешенінің алдына қойылды. Сүйінбай, әсіресе, қазақтың майталман ақыны болған. Биіктігі 10 метрді шамалайтын монумент таза қоладан құйылған, оның авторлары - танымал сәулетші Қазбек Жарылғапов пен мүсінші Мерлан Әзмағамбетов (3-сурет) [4] .


Нұрғиса Тілендиев Алматы облысында дүниеге келген. Нұрғиса аспапты музыка өнерінің жаңаша өркендеп дамуына жол ашқан. Атамыздың ескерткіші қаламыздың Абай көшесінің бойындағы саз өнері мектебінің алдына қойылған (4-сурет) [6] .


2012 жылы 14 қыркүйек күні Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 100 жылдығына орай ескерткіш қойылды. Ескерткіштің авторы - архитектор Қаби Баулықов (5-сурет) [9] .


Талдықорған төрінде бой көтерген ескерткіш иесі атақты композитор, қазақ операсының жұлдызы Мұқан Төлебаевқа қойылған. Ескерткіш 2013 жылы 14 маусым күні Қаратал шағын ауданында орналастырылған. Биіктігі 3, 5 метрлік ескерткіш қоладан жасалған, тұғырының биіктігі 2, 5 метр. Жалпы ауданы 1100 шаршы метр(6-сурет) [3] .


2008 жылы қазақ әдебиетінің белгілі ақыны Ғали Ормановқа ескерткіш қойылды. Ескерткіштің мүсіншісі - Мерлан Әзмағамбетов. Сәулетшісі - Қазбек Жарылғапов (7-сурет) [4] .


Қала күні мерекесінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың ескерткіш бюсті «Жастар» саябағында қойылды. Бюст тұтас граниттен жасалған, биіктігі - 3, 5 метр. Бюстің авторлары: Шоқан Төлеш пен Алтай Бейсенов (8-сурет) [6] .
8-сурет. Мұқағали Мақатаев ескерткіші
Жұмахан Балапанов - өз елі ескерген, елі үшін емірене еңбек еткен дара тұлғалардың бірі. Жалпы аумағы 3796 шаршы метр, оның 1, 7 шаршы метріне 4, 2 метр биіктіктегі ескерткіш бой көтерсе, 2677, 3 шаршы метрі абаттандырылып, демалыс саябағына айналды (9-сурет) [3] .
9-сурет. Жұмахан Балапанов ескерткіші
Талдықорған қаласында екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, соғыс ардагері Нұрмолда Алдабергеновтің ескерткіш бюсті ашылды. Бюст қаланың 6-шағын ауданында орналасып, маңайы сквер ретінде абаттандырылған. Ескерткіш бюстінің авторлары - Қаби Баулықов пен мүсінші Нұрғалым Исабаев. Ескеркіштің биіктігі - 1, 4 метр, тұғырының биіктігі 2, 9 метр (10-сурет) [5] .


2. 3 ЕСКЕРКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ МАМАНДАРЫМЕН СҰХБАТТАСУ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz