Қазақстандағы зейнетақымен қамсыздандыру саясаты
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қарағанды жоғарғы Bolashaq колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж адамдардың бос уақытын ұйымдастыру әдістері мен нысаны
Тақырыбы: Зейнетақы төлеу тәртібі және ерекшелігі
Орындаған: Белгібаева А.А. ӘЖ 21-1
Ғылыми жетекші: Сәбитова С.Б.
Тіркеу номері _________
Бағасы_______________
Қолы________________
Қарағанды 2024 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I.Әлеуметтік қорғау құқығының объектісі-зейнетақымен қамсыздандыру құқығы
1.1.Зейнетақымен қамсыздандыру:ұғымы,тарихы және түсінігі ... ... ... ... ... ... 5
1.2.Зейнетақы тағайындаудың критерийлері-еңбек стажы және зейнеткерлік жас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3.Зейнетақы түрлері және ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
II.Шетелдегі және Қазақстандағы зейнетақы төлеу нормалары мен стандарттары
2.1. Америка құрама штаттарындағы зейнетақы төлеу тәртібі ... ... ... ... ... ... .15
2.2.Қазақстандағы зейнетақымен қамсыздандыру саясаты ... ... ... ... ... ...17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... . 24
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Кіріспе
Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз айтарлықтай реформалар жасап, "Жаңа Қазақстанды құру" жолында қадам басып келеді. Қазақстан Республикасының әрбір тұрғыны өзінің қорғауда екенін сезіну үшін Ата заңымыз - Конституцияда бекітілгендей барлық салада адам құқықтары мен бостандықтарын жоғарғы мәнге ие етті.
Дәлелі ретінде ҚР Конституциясын аламыз, онда: "Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі" делінген. [1. 28-бап]
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғалуға кепілдік берілген одан бөлек,әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыру барысында Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.
Бүгінгі күнде мемлекетімізде 5 миллионға жуық әлеуметтік топтарға аса ерекше назар аударылып, кепілдіктер мен өтемақымен қамтамасыздандырылған. Әлеуметтік қорғауға кепілдік берілген әлеуметтік топтар қатарына мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер, толық емес отбасылар, мүгедек балалары бар ата аналар және т.б. жатады.
Жоғарыда аталған топтарға біздің мемлекетіміздегі реформалар нәтижесінде, қазіргі таңда зейнетақымен қамтылған.Зейнетақы - азаматтарға белгілі бір жасқа толғанда, мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айрылғанда, арнаулы қызмет атқарған жылдары үшін, заңнамада көзделген басқа да реттерде берілетін тұрақты ақшалай төлемақы. Зейнетақы жинақтаушы зейнетақы қорлары есебінен төленеді. Қазақстан Республикасында зейнетақы тағайындау және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңымен , басқа да заң актілерімен айқындалады.
Әлеуметтік қамсыздандырудың Конституциялық кепілдемесін іске асыруда зейнетақы жүйесінде ерекше орын алады. Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы ҚР Заңына сәйкес 1998 жылғы 1 қаңтардан елдің зейнетақы реформасы жүзеге аса бастады. Оның басты мақсаты - экономикалық өсуді ескеретін, қаржылық тұрақты және зейнетақы жарнасының жеке сәйкестендіру есебі арқылы еңбек үлесіне теңестірілетін әділ жүйені құру екені мәлім.
Курстық жұмыс пәні: Әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж адамдардың бос уақытын ұйымдастыру әдістері мен нысаны
Курстық жұмыс объектісі: Әлеуметтік қорғау құқығындағы зейнетақы төлеу тәртібі және ерекшелігі.
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Еліміздегі зейнетақы төлеу тәртібі мен ерекшелігінің рөлі .
Курстық жұмыстық мақсаты: Зейнетақы тағайындау және төлеу мәселелерін қарастыру , Қазақстан Респбуликасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің маңыздылығын айқындау.
Жоғарыда көрсетілген мақсатқа сәйкес курстық жұмысқа мына міндеттер жүктеледі:
Зейнетақымен қамсыздандыру ұғымы, тарихы мен түсінігін зерттеу;
Зейнетақы тағайындаудың басты критерийлері - еңбек стажын көрсету
Зейнетақы түрлері мен ерекшеліктерін көрсету
Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру саясатын зерттеу.
Менің курстық жұмысым құрылымы жағынан: кіріспеден, 2 бөлімнен , 5тараудан , қорытындыдан , пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
I.ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ОБЪЕКТІСІ - ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ҚҰҚЫҒЫ
1.1 Зейнетақымен қамсыздандыру : ұғымы, тарихы және түсінігі
Әлеуметтік қорғау - бұл әлдебір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) және өзге де заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын әрі лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе.
Ол адам құқығының қорғалуын қамтамасыз ететін және әлеуметтік мұқтаждығын қанағаттандыратын шаралар жүйесі. Ол барлық қоғам мүшелерінің материалдық және әлеуметтік жағдайынан тыс қоғамдық қажеттілігін құрып, жасайтын мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі.
Әлеуметтік қорғау - бұл жынысына қарамастан адамның әлеуметтік, экономикалық, саяси және өзге де құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет саясаты.
Әлеуметтік қорғаудың тетіктерінің бірі әлеуметтік қамсыздандыру құқығы болып табылады. Сoнымeн, әлeумeттік қaмсыздaндыру құқығы пәнін бірнeше қoғамдық қaтынастар тoбы құрaйды. Олар :
азаматтарды ақшалай түрде әлеуметтік қамсыздандыру қатынастары (зейнетақылар, жәрдемақылар, өтемақылық төлемдер);
әртүрлі әлеуметтік қызметтерді ұсыну бойынша қатынастар (қарт адамдар, мүгедектер, балалар, балалы жанұялар, босқындар және еріксіз көшіп келушілерге әлеуметтік қызмет ету, медициналық қызмет ету, азаматтардың кейбір санаттарына жеңілдіктер);
заңды фактілерді анықтау және процедуралық, құқық қорғаушылық сипаттағы қоғамдық қатынастар.
Зейнeтaқы - бұл тұлaғалaрға зaңдардa бeлгілeнген жaсқа тoлғaн жaғдaйда, сoнымeн қaтар eңбек сіңргeн жылдaры үшін, мүгeдектігінe бaйлaнысты, асырaушысынaн aйырылғaн жaғдайда Ортaлықтан нeмесe жинaқтaушы зейнeтaқы қoрлaрынан өмір сүрудың нeгізгі көзі рeтіндeгі ақшa қaражатын ұзaқ мeрзімге aй сaйын төлeу. Қазақстан Республикасында зейнетақы тағайындау және төлеу тәртібі - ҚР Конституциясы негізінде және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңымен, басқа да заң актілерімен айқындалады.
Зейнетақының тарихына келер болсақ, зейнетақы сөзі латынның pension - төлем деген сөзінен шыққан. Тарихтағы алғашқы зейнетақыны Рим империясында Юлий Цезарь төлеген екен. Сондай-ақ Хазірет Омардың халифалық кезеңінде жәрдемақылар енгізілген.Алғашқы зейнетақы жинақ қоры Францияның әскери-теңіз флотының офицерлері үшін 1673 жылы құрылды. Ұлы Француз революциясы кезеңінде, 1970 жылы 30 жылдың еңбек өтілі бар, елуге келген мемлекеттік азаматтық қызметкерлердің зейнетақы алуы туралы заң қабылданды. Ал алғаш рет барлық жұмыскерге ортақ мемлекеттік зейнетақыны ресми түрде Германия канцилері Отто фон Бисмарк енгізді. Бұл 1889 жыл болатын. Алғашқы зейнетақы асыраушысынан айырылған, жұмыс барысында мүгедек болған қарт адамдарға зейнетақы сақтандыруды төлеу кезінде берілген. Кейіннен, 20 жылдан соң зейнетақы жүйесінен хабардар болған көбі өз мемлекеттеріне енгізіп жатты. Олар: Ұлыбритания, Австралия, Америка Құрама Штаттары. Олар Германияға қарағанда бұл жүйені мемлекеттеріне кеш енгізді. Яғни бұл елдер ХХ ғасырдың 30 жылдарында зейнетақы жүйесін толық кіргізді. Ал Қазақстанға зейнетақы жүйесі Кеңес Одағы арқылы жетті. Ресейге бұл жүйені әкелген I Петр болатын. Бұрындары зейнетақы елге жасаған ерлігі үшін әскери шені бар адамдарға берілсе, кейіннен бұл заңға өзгертулер енгізіліп, 1918 жылдан бастап зейнетақы мүгедек жандарға берілетін болған. 1932 жылы зейнетақыға шығу уақыты: 55 жас әйелдерге, 60 жас еркектерге бекітілді. Зейнетақы жүйесі КСРО-да 1956 жылы Мемлекеттік зейнетақылар туралы заңымен бекітілді.
Қазақстан Республикасы - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ішінде халықты зейнетақымен қамту реформасын жүзеге асырған алғашқы ел. Қазақстандағы зейнетақының үлгісі силилік зейнетақы жүйесі болып табылады. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бірыңғай зейнетақымен қамту жүйесі бұзылды. 1997 жылдың 20 маусымы - 1997 жылдың 20 маусымындағы Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы ҚР Заңы жарыққа шықты. 1998 жылы Қазақстанда зейнетақы реформа басталды. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық жұмыс істейтін азаматтар міндетті тұрғыда өз кірісінің 10 пайызын зейнетақы жинақ қорына аударады. Қазақстанның көптеген сарапшылары Қазақстандағы зейнетақы жүйесі әлемдегі үздіктердің бірі.
Қазақстанда 1995 жылдың шілдесінде алғаш еркін қазақстандық зейнетақы қоры тіркелді. 1996 жылдың қарашасы - алғашқы ұсыныстар енгізілді. 1997 жылдың ақпан-мамыр айы - алғашқы салалық құжат пен қоғамдық талқылау. 1997 жылдың мамыры - қайта қаралған нұсқа парламентке тапсырылды. 1997 жылдың маусымы - заң қабылданды. 1997 жылдың қыркүйегі - жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды. 1998 жылдың 1 қаңтарында үшдеңгейлі жүйе жұмыс істей бастады. 2012 жылдан бастап Қазақстанда консервативтік және бірқалыпты портфель енгізілді, салымшы - инвестициялаудың қауіпті емес деңгейін өзінің жасына байланысты таңдап ала алады.
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы: отбасының кәмелетке толмаған, қарт және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін басымдықпен қорғауда. [2.2-бап.]
Зейнетақы - бұл мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің және (немесе) жасына байланысты төленетін зейнетақы төлемдерінің және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан, және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.
Әрбір азаматтың әлеуметтік қамтамасыз етілу құқығын ескеріп, Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетке осы құқықты жүзеге асыруға барлық қажетті жағдайды туғызу міндеті жүктейді.
Зейнетақымен қамтамасыз етудің әлеуметтік мәні:
Әлеуметтік қызметі - адамдардың әл-ауқатын және өмір сүру деңгейін жоғарылатуға бағытталған. Экономикалық қызметі - халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылатуға, экономиканы тұтастай дамытуға бағытталған
Ақпараттық қызметі - азаматтарға зейнетақы жүйесінің даму жай-күйі туралы сенімді ақпаратты берумен көрінеді.
Зейнетақыны мемлекеттің сыйы ретінде, қайырымдылық әрекеті ретінде қарастыруға болмайды.Себебі, зейнетақы әрбір азаматтың еңбегімен табылған жеке меншігізейнетақыға қатысты құқық заңдармен қорғалады. "Адам өз өмірінде қалай жұмыс істесе, солай зейнетақы алуы тиіс"
Зейнетақы Заңда белгіленген құжаттар тізімімен қоса, жинақтаушы зейнетақы қоры есебінен төленеді.(Қосымша )
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде әрбір азамат өз табысынан зейнетақы жарнасын аударып, өз зейнетақысын жеке өзі дербес жинай алады. Сөйтіп, зейнетке шыққан кезде жинақталған ақша салымшыларға олардың жеке зейнетақы шоттарынан төленеді. Сонымен бірге аталған заңға сәйкес жұмыс істеушілер мен жұмыс берушілердің мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына аударатын ерікті жарналарынан құралатын қосымша зейнетақы төлеу тәжірбиесі де қалыптаса бастады.
Халықты әлеуметтік қорғаудың құрамасының бірі болып оның зейнетақымен қамтамасыз етілуі табылады. Ол халықтың барлық қабаттарының мүддесін қамтиды, еңбек пен капитал нарығына әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар жұмыс істейтін халық ұрпақтарының арасында да бөлініске салады. Осылайша, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі ең күрделі және көп функционалды экономикалық жүелердің бірі болып табылады.
Зeйнетaқы төлeмдeрін төлeудің жaлпы ерeжелеріне тoқталатын бoлсақ, Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін толық көлемде есептеу жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс негізге алына отырып есептеледі.
Зейнетақының мөлшeрі өзгeруі мүмкін, зeйнeтақы мөлшeрінің көтeрілуіне құқық туындaған жaғдайда, сонымен қaтар оның мөлшeрін жoғарлату не aзайту турaлы шeшім қaбылдaнған жaғдайда зeйнетaқының жaңа мөлшeрін төлeу зeйнеткeрге зeйнетaқының мөлшeрін көбeйту турaлы aрызына бaрлық қaжетті құжaттарды ұсынaoтырып бeрген aйынан кeйінгі кeлесі aйдың бірінші күнінeн бaстап төлeнеді. Зeйнетaқының мөлшeрі азaйтылғaн жaғдaйда зейнeтақының жaңа мөлшeрі тиісті жaғдайлар туындaған aйдан кeйінгі кeлесі aйдың бірінші күнінeн бaстап төлeнеді.
Егeр зeйнетақы әлeуметтік қaмсыздaндыру оргaндaрының кінәсі бoйынша дa бір мeрзіммен шeктелместен төлeнеді. Зeйнетaқы төлeмдері нoтариат куәлaндырғaн сeнімхaт бoйынша төлeнуі мүмкін.
Зейнеткeр қaйтыс бoлған жaғдайда oның өлімінe орaй aлынбaған зeйнетақы төлeмдері зейнeткердің мұрaгерлеріне жaлпы нeгіздер бoйынша төлeнеді. Қaйтыс бoлған зeйнеткeрдің жeрлеуін ұйымдaстырған oның oтбасы мүшeлеріне жeрлеуге қaтысты aқша олaр мұрaгерлікті қaбылдаған кeзде төлeнеді.
Зейнетaқыдан ұстaп қaлу төлeнуге тиісті сoмадан жaсалады, зейнeтақыдан төлeнуге тиісті сoманың 50 % -тeн астaмын ұстaп қaлуға бoлмайды. Зейнетақыдан ұстап қалу мыналарға бағытталуы мүмкін отбасы мүшелерін бағуға, кәсіпорынның немесе ұйымның мүлкін ұрлағаннан келтірілген зияндарды өтеуге, артық алынған жалақыны қайтаруға т.б.[3. 23-бап] Ортaлықтан зeйнетақы төлeмдері өмір бoйына тaғайындaлады жәнe төлeніп отарaды. Зейнeтақылық қaмсыздандыру құқығы кeлесі тұлғaларға тиeсілі:
ҚР азaматтaры
Азaматтығы жoқ тұлғaлар
ҚР аумaғында тұрaқты тұрaтын шeтелдік азaматтaрға
Отбaсына
Жоғарыда аталған тұлғалар зейнетақылық қамсыздандыру құқығы қажетті критерийлерге ие болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
1.2 Зейнетақы тағайындаудың критерийлері - еңбек стажы және зейнеткерлік жасы
Еңбек стажы дегеніміз - бұл зейнетақы төлеу кезінде есепке алынатын жұмыс пен өзге де қызмет кезеңдерінің қосынды ұзақтығы. Алайда, еңбек стажы тек ұзақтығымен ғана емес, сонымен қатар жұмыстың сипатымен және еңбек қызметі өткен жағдайлармен де сипатталады.
Еңбек қызметінің ұзақтығына және сипатына қарай еңбек стажы жалпы, арнайы және үздіксіз болуы мүмкін. Еңбек стажын бұлайша түрлерге бөлу зейнетақының әртүрлі түрлерін тағайындауға сай келеді. Әрине, қазіргі заманғы жағдайларда үздіксіз еңбек стажы өзінің бұрынғы мәнін жоғалтты, бірақ, жалпы және арнайы еңбек стажының рөлі өсті, себебі жалпы негіздер бойынша жасына байланысты зейнетақыны тағайындау кезінде жалпы еңбек стажы талап етіледі, ал жеңілдікті жағдайларда зейнетақы тағайындау үшін арнайы еңбек стажы талап етіледі.
Жалпы еңбек стажы дегеніміз - бұл жұмыс орнына, уақытына және орын алған үзілістерге қарамастан адамның бүкіл өміріндегі еңбек қызметінің жалпы ұзақтығы . Жалпы еңбек стажының маңызы өте зор. Ол әрбір қызметкерді зейнетақымен қамсыздандырудағы басты жағдай болып табылады. Тағайындалатын зейнетақылардың мөлшері оның ұзақтығына тәуелді болады.
Арнайы еңбек стажы дегеніміз - бұл белгілі бір жағдайлардағы белгілі бір лауазымдардағы, белгілі бір табиғи - климаттық жағдайлардағы, радиоактивтік ластануға ұшыраған аумақтардағы және жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылармен жеңілдетілген қамсыздандыруға жататын кезеңдердегі жұмыстың ұзақтығы. Арнайы еңбек стажы жұмыстың жалпы еңбек стажынан ажыратылады. Арнайы еңбек стажының жеңілдетілген жағдайларда, еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар тағайындауда маңызы зор. Зейнетақыға шығудың мейлінше жеңілдікті жағдайлары жер астында, зиянды еңбек жағдайларында, ыстық цехтарда жұмыс істеген тұлғалар үшін белгіленеді.
Үзсіздік еңбек стажы - бұл қызметкердің бір жұмыстан екіншісіне ауысқан кездегі үзіліс заңдарда белгіленген мерзімдерден аспанға және қызметтен босату қызметкердің кінәсінан болмаған жағдайдағы үздіксіз еңбек қызметінің ұзақтығы. Алайда, қазіргі кезде үздіксіз еңбек стажы зейнетақылар тағайындау кезде үлкен рөлді иеленбейді.
Куәлардың еңбек стжының болғаны туралы көрсетулері. Еңбек стажының болғаны туралы құжаттар болмаған не оларды алу мүмкін болмаған, сонымен, қатар архив мәліметтері болмаған жағдайда еңбек стажы өтініш берушіні бірге жұмыс істеген жылдары бойынша білетін және өтініш берушінің жұмыс істегеніне қатысты көрсету беріп отырған кезеңдегі өз жұмысы туралы құжаттарға ие екі немесе оданда көп куәлардың көрсетулерінің негізінде анықталады.
Бұл ретте заңдар құжаттардың жоқ болуының, сақталмауының себептерін екі негізгі топқа бөледі:
әскери әрекеттермен, табиғат зардаптары мен, апаттарымен және өзге де төтенше жағдайлармен байланысты
кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның таралуымен немесе өзге де себептер бойынша архив мәліметтерінің жоқ болуына байланысты.
Бірінші жағдайда еңбек стажы және оның ұзақтығы белгілі бір кезеңде бір кәсіпорында, мекемеде, ұйымда немесе бір жүйеде бір істеген жұмысы бойынша анықталады.
Екінші жағдайда еңбек стажы және оның ұзақтығы бір кәсіпорында, мекемеде, ұйымда немесе бір жүйеде бірге істеген жұмысы бойынша өтініш берушіні білетін және аталған орында және аталған кезеңдегі өз жұмысы туралы құжаттарға ие кем дегенде екі куәнің жеке көрсетулері бойынша анықталады.
Куәлардың көрсетулері бойынша анықталған еңбек стажының ұзақтығы зейнетақыны тағайындау үшін талап етілетін стаждың жартысынан аспауы тиіс.
Куәлардың көрсетулерімен анықталған жұмыс стажы зейнетақы алу құқығын анықтау кезінде де, сонымен қатар оның мөлшерін еңбек стажының ұзақтығына қарай есептеу кезінде де ескеріледі.
Қазақстанда ерлердің зeйнетке шығу жaсы - 63 жaсты, ал әйeлдер үшін - 61 жaсты құрaйды.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР Заңының 11-бабына сәйкес әйелдердің зейнеткерлік жасы 2027 жылға дейін жыл сайын 6 айға көтеріледі. Көрнекі түрде ол былай болады: 2028 жылға дейін әйелдердің зейнетке шығу жасы 61 жас , 2028 жылдан бастап - 61,5 жас , 2029 жылы - 62 жас , 2030 жылы - 62,5 жас , 2031 жылға дейін әйелдердің зейнетке шығу жасы 63 жасқа жетеді. Бірақ, ҚР Президентінің Жарлығымен 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасын кезең-кезеңімен арттыру 5 жыл мерзімге 61 жас деңгейінде тоқтатылады.
Әйелдердің зейнеткерлік жасын кезең-кезеңмен ұлғайту:
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жасқа толғанда;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа толғанда;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жасқа толғанда;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқа толғанда;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа толғанда;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа толғанда;
Қазақстанда зейнеткерлік жастың былай ұлғаюы өмір сүру ұзақтығының ұлғаюына және зейнеткерлердің 70 пайызға жуығын әйелдер құрайтынына байланысты.
ҚР Заңнамасында зейнетке ерте жаста шығу қарастырылған:
1) 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейін (кемінде 5 жыл) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық қаруды сынақтан өткізудің салдарынан зардап шеккен төтенше және ең жоғары радиациялық қауіпті аймақтарда тұрған азаматтар;
ерлер - 50 жасқа толғанда;
әйелдер - 45 жасқа толғанда.
2) 5 және одан да көп бала туған (асырап алған, асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толған кезде жасы бойынша зейнетақы төлемдерін алуға құқылы.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылар үшін жинақталған зейнетақы қаражатының жеткіліктілігін ескере отырып, зейнетақы аннуитетін сатып алған жағдайда 52 жасқа толған кезде жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақы төлемдерін тағайындау құқығы сақталады.
Азаматтардың:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ең төмен әлеуметтік стандарттарға қол жеткізуге;
2) ең төмен әлеуметтік стандарттар туралы толық және анық ақпарат алуға;
3) ең төмен әлеуметтік стандарттардың сақталуын талап етуге;
4) ең төмен әлеуметтік стандарттардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті жеке және заңды тұлғалардың шешімдеріне шағым жасауға;
5) ең төмен әлеуметтік стандарттар салаларындағы бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқығы бар. [4. 6-бап]
Сонымен, зейнетақы тағайындау еңбек стажы және зейнет жасына байланысты барлығына бірдей емес, яғни бұл критерийді негізге ала отырып, зейнетақының ерекшеліктеріне байланысты зейнетақының екі түрінің бірі ғана тағайындалады.
1.3 Зейнетақы түрлері және ерекшеліктері
ҚР зейнeтақылaрдың кeлесі түрлeрі төлeнеді:
:: Базалық зeйнетaқылар
::Еңбек (ынтымақ) зейнетақысы
Базалық зeйнетaқылар - қандай да бір себептермен зейнетақының өзге түрлерін алу құқығын иеленбеген азаматтарға арналған.Зейнеткерлер шегерімдерге және еңбек өтіліне қарамастан базалық зейнетақы төлемдерін алады. Әлеуметтік зейнетақы түрі заңдарда белгіленген жасқа толған, бірақ қажетті стажы жоқ тұлғаларға беріледі. Бұндай жағдайда зейнетақы жалақыдан есептеле алмайтындықтан ең төменгі мөлшерде белгіленеді.[5. 185б]
Еңбек (ынтымақ) зейнетақысы 1998 жылға дейін жұмыс істеген, кемінде 6 ай еңбек өтілі бар адамдарға есептеледі.Осылайша, егер адамның еңбек өтілі осы шартты қанағаттандырса, онда базалық және ынтымақты зейнетақы төлемдерін алады. Еңбек (ынтымақ) зейнетақысы азаматтардың белгілі бір жасқа толған кезде және онда қажетті еңбек стажы болған жағдайда алатын зейнетақыны атайды. Ынтымақтастық зейнетақысын алуға құкық беретін жас және еңбек стажының ұзақтығы заңдарда анықталған.1998 жылға дейін жұмыс істеген адамдардың ынтымақты зейнетақысын есептеу үшін 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап кез келген 3 жылдағы орташа айлық табысы және 1998 жылға дейін жинақталған еңбек өтілі ескеріледі.Толық ынтымақты зейнетақы алу үшін еңбек өтілі: ерлер үшін - кемінде 25 жас; әйелдер үшін - кемінде 20 жыл.
Еңбек зейнетақылары, өз кезегінде, келесі түрлерге бөлінеді:
жасына байланысты зейнетақылар
мүгедектігі бойынша зейнетақылар
еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар
асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар
Жасына байланысты еңбек зейнетақысы және мүгедектігі бойынша еңбек зейнетақысы екі бөліктен тұрады: негізгі және жинақтаушы.
1)Зейнетақылық жасқа толу азаматқа жұмыс берушімен еңбек қатынастарын тоқтату құқығын береді, ал мемлекетте мұндай азаматты өмір сүру құралы - жасына байланысты зейнетақымен қамтамасыз ету кажеттігі туындайды.
Сонымен, жасына байланысты зейнетақыға екі белгі тән: зейнетақылык жаска толу және белгілі бір ұзактыктағы еңбек стажының болуы. Бұл ретте еңбек зейнетақысын тағайындағаннан кейін көптеген зейнеткерлердің өзінің еңбекке қабілетін сақтап, еңбек қызметін әрі қарай жалғастыруына рұқсат беріледі. Яғни, оларға одан кейінгі бүкіл өміріне төленетін зейнетақы тағайындалады: олар жұмыс істеп жүрген кезге де, жұмыс істей алмайтын кезге де.
Бұдан шығатын қорытынды, жасына байланысты еңбек зейнетақысының тағы да бір айрықша белгісі болып мына жағдай табылады - бұл зейнетақыны тағайындау адамның еңбекке қабілетгігіне тәуелді болмайды, мысалы, мүгедектігі бойынша зейнетақы азаматының еңбекке қабілеттігімен тығыз байланысты. Еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақының жасына байланысты зейнетақыдан айырмашылығы мынада: жасына байланысты зейнетақыны алу құқығын иелену үшін белгілі бір жасқа толу және белгілі бір еңбек стажының болуы қажет, ал еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы кандай да бір жасқа толумен байланысты емес.Яғни, жасына байланысты еңбек зейнетақысы -- бұл зейнетақының жасқа толған және белгілі бір ұзақтьқтагы еңбек стажына ие тұлгалар үшін өмір сүрудің негізгі көзі болып табылатын, өмір бойы ай сайын төленетін ақшалай төлем.
Жасына байланысты зейнетақылардытағайындау үшін арнайы заңды негіздер азаматтардың кейбір санаттарына, мысалы Чернобыль апатынан, Семей полигонындағы ядролык сынақтардан зардап шеккен азаматтарға бағытталған.
Жасына байланысты зейнетақылар еңбек жағдайларына, еңбек стажының ұзақтығына және бірқатар өзге де жағдайларға қарай өз ішінде түрлерге бөлінеді.[6. 69б]
Мұндай түрлерге мыналар жатады:
жалпы негіздер бойынша жасына байланысты зейнетақы;
жеңілдетілген негіздер бойынша жасына байланысты зейнетақы;
арнайы заңды негіздерге негізделген жасына байланысты зейнетақы.
Жалпы негіздер бойынша жасына байланысты зейнетақыны тағайындау үшін, жоғарыда атап өткеніміздей, белгілі бір жасқа толу және белгілі бір ұзақтықтағы еңбек стажының болуы кажет.
Жеңілдетілген негіздер бойынша жасына байланысты зейнетақы еңбек стажының жалпы ұзактығы болған жағдайда немесе жасқа да, еңбек стажының ұзактығына да талаптар бір мезетте төмендетілген жағдайда зейнетке заңда көзделгеннен ертерек шығуға мүмкіндік береді. Жеңіл-детілген зейнетақылық қамсыздандыру құқығын бес және одан да көп балаларды туған және оларға 8 жасқа толғанға дейін күтім жасаған көпбалалы аналар иеленеді. Бұл ретте аталған құқық тек туған балаларға қатысты ғана туындайды. Асырап алған балалар туған балаларға теңес-тіріледі. Ал өгей ұлдар мен өгей ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz