Кие қандай атау
Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі
Атырау облыстық дарынды балалар мектеп-интернаты
Сапидоллаева Гүлнұр
11-сынып
Халық танымындағы киелі ұғымдардың қазақ әдебиетінде қолданылуы және тәрбиелік мәні
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Секциясы: Қазақ әдебиеті
Ғылыми жетекшісі: Х. Досмұхамедов атындағы
Атырау университетінің филология
ғылымдарының кандидаты,
қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасының доценті Г. С. Жұмабаева
Пән мұғалімі: жоғары санатты
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Балқасынова Райхан Какимқызы
Атырау-2021
Облыстық дарынды балалар мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Сапидоллаева Гүлнұрдың Халық танымындағы киелі ұғымдардың қазақ әдебиетінде қолданылуы және тәрбиелік мәні тақырыбындағы ғылыми жобасына
Пікір
Сапидоллаева Гүлнұрдың Халық танымындағы киелі ұғымдардың қазақ әдебиетінде қолданылуы және тәрбиелік мәні атты ғылыми жобасының құрылымы, тақырыпты саралауы негізгі мақсаттың алға дұрыс қойылғандығын танытады. Оқушы ауыз әдебиеті және көркем әдебиеттен халық танымындағы киелі ұғымдарды жинақтап, саралап, мағынасына талдап, оның киелілігін дәлелдейді.
Сонымен қатар әдеби-теориялық талдаулар жүргізіп, киелі ұғымдар арқылы әдебиетімізде қалыптасқан кестелі сөз айшықтарын топтап түсіндіреді. Өзіндік ой-толғаныстарымен халық даналығының бір көрінісі болып саналатын киелі ұғымдардың замандар бойы ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына баға береді.
Оқушының пікірі, ойы жүйелі, ұстамды. Жұмыс толық аяқталған. Ғылыми жобаны қорғауға толық жіберуге болады деп есептеймін.

Абстракт
Зерттеу жұмысының мақсаты: Ғылыми жобаның мақсаты - халық танымындағы киелі атаулардың қазақ әдебиетіндегі рөлін саралап, адамның рухани болмысына қосатын үлесіне баға беру.
Гипотеза: Қазақ халқының рухани құндылықтарының айқын көрінісі болып табылатын киелі атаулардың халық танымындағы және әдебиеттегі рөлін анықтау.
Зерттелу кезеңдері: Зерттеу жұмысы бір жылға созылды.
1.Жұмыстың тақырыбы,мақсаты,міндеті айқындалып, қазақ әдебиетіндегі туындылармен жұмыс жүргізілді.
2.Халқымыздың наным-сенімдері, киелі атаулары туралы ғылыми материалдар жинақталды.
3.Қазақ әдебиетіндегі эпостық жырлар, мақал-мәтелдер мен қаламгерлердің көркем шығармалары жинақталды.
4.Кітапханамен байланыс.
5.Зерттеу жұмысы жинақталып,қорытынды жасалды.
6.Мектепшілік ғылыми кеңес отырысында талқыға салынды.
Зерттеуәдістемелері:Зерттеуде баяндау,жинақтау,саралау,топтастыру ,әдеби-ғылыми талдау әдістері басшылыққа алынды.
Зерттеудің жаңашылдығы мен нәтижелері:
1. Киелі атаулар ұлттық мәдениетіміз бен ұлттық кодтың негізі болғандығын түсіндім. Мысалы, шаңырақ, қара қазан - ұлтымызды өзгеге айнытпай танытатын, өзгеден даралайтын киелі белгі.
2. Тақырыпты зерттеу кезінде көз жеткізгенім мектеп бағдарламасында әдебиет пәні бойынша киелі атаулардың киелілігін дәріптейтін шығармалар кемде кем екен.
3. Қазақ әдебиетінде киелі атаулардың көптеген көркемдік айшықтар жасауға негіз болғанына көз жеткіздім.
Annotation
The purpose of the research: The purpose of the research project is to analyze the role of sacred names in the Kazakh literature and assess their contribution to the spiritual nature of man.
Hypothesis: To determine the role of sacred names in folklore and literature, which is a clear manifestation of the spiritual values of the Kazakh people.
Stages of the study: The study lasted one year.
1. The theme, purpose, tasks of work are defined, work with works of the Kazakh literature is carried out.
2. Scientific materials on the beliefs and sacred names of our people were collected.
3. Collection of epic songs, proverbs and works of art in Kazakh literature.
4. Communication with the library.
5. The research work is summarized and summarized.
6. Discussed at a meeting of the school scientific council.
Research methods: The research was guided by the methods of narration, summarization, analysis, grouping, literary and scientific analysis.
Novelty and results of the study:
1. I realized that the sacred names were the basis of our national culture and national code. For example, shanyrak, black cauldron is a sacred symbol that distinguishes our nation from others.
2. While researching the topic, I realized that in the school curriculum there are few works that glorify the sanctity of sacred names in the subject of literature.
3. I am convinced that in Kazakh literature, sacred names are the basis for many artistic illustrations.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ____________________________ ___________________________3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ______________________________ __________________4
1. Киелі атаулар - қазақ халқының көне замандардан бері қалыптасқан рухани құндылығы__________________________ _______4
2.Киелі атаулардың халық танымындағы рөлі және қазақ әдебиетінде қолданылуы_________________________ ___________________________5
3. Киелі атаулардың қазақ әдебиетіндегі айшықты сөз орамдарына негіз болуы______________________________ ___________________________17
3.1. Киелі атаулардан құралған теңеулер__________________________1 7
3.2. Киелі атауларға байланысты тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдер_____________________ __________________________________2 0
ҚОРЫТЫНДЫ__________________________ _______________________23
Пайдаланылған әдебиеттер_________________________ _____________25
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Бұл жобада қазақ танымындағы киелі атаулардың қазақ әдебиетіндегі рөлі мен қолданылу ерекшеліктері және қазіргі қазақ қоғамының рухани дамуы жолында тигізер әсері қарастырылған. Киелі атаулардың тізімін жасап, сол атаулар кездесетін туындыларды зерттедім, олардың көркемдік қуатын анықтау және тәрбиелік мәнін ашу арқылы баға бердім.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің алдына қойған мақсаты - әлі күнге дейін маңызын жоғалтпаған киелі атаулардың халық танымындағы рөлі және қазақ әдебиетінде қолданылу ерекшелігін зерттеу.
Зерттеу нысаны: Зерттеу нысаны ретінде халық ауыз әдебиеті шығармалары, М.Әуезов, О.Бөкей, М.Мақатаев, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, т.б. секілді қаламгерлердің көркем шығармалары алынды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Киелі атаулар туралы ұтымды ойлар мен пікірлер білдірген ғалымдар көп. Қазақ ғалымдарының ішінде Ш.Уәлихановты айтуға болады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Қазіргі таңда халық арасында маңызын жоймаған, бірақ еленбей жатқан киелі атаулардың халық танымындағы рөлі анықталып, қазақ әдебиетіндегі туындылармен дәлелденді. Көркемдік ерекшелігіне талдау жасадым.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы: Жоба барысында мектеп оқушыларына Киелі атауларды білеміз бе? тақырыбында сұрақ-жауап жүргізілді.
Зерттеу әдістемесі: Зерттеу жұмысында киелі атауларды жинақтау, саралау, талдау әдістері қолданылды.
Жұмыстың құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, тараулардан және қорытындыдан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі соңынан беріледі.
3
1.Киелі атаулар - қазақ халқының көне замандардан бері қалыптасқан рухани құндылығы
Дәстүрлі қазақ қоғамында ата-бабаларымыздан бізге мирас болып қалған, әлі күнге дейін халқымыздың сана-сезімінде берік орын алған наным, сенім, ырым, тыйым, әдеп-ғұрыптар аз емес. Олардың кейбірі табиғат, өмір заңдылықтары бойынша, басқалары дініміз арқылы қалыптасып, тыныс-тіршілігімізге сіңісіп кеткен. Соны ой таразысында сараптап, пайымдағаныңда сана-сезімімізде Осы кие, қасиет дегеніміз не? Қазақтар нені киелі, қасиетті санайды? Оның сыры не?, - деген сауалдар бой көтереді. Кие қандай атау? Ғылыми тұрғыда қандай да бір заттың немесе тіршілік иесінің қасиеттілігін, жоғары тылсым күшін білдіретін таным-түсінік атауы - кие болып саналады. Біз әлем халықтарының мифологиясы мен мәдениетіне назар аударсақ, ежелгі дәуірде-ақ адамзат баласының аң мен құстың, аспан денелерінің, жәндіктердің, заттардың, сандардың бірқатарын, әулие, көріпкел адамдарды киелі деп танығанын, тіпті оларға табынғанын, сиынғанын байқаймыз. Кейін ол көп халықтың дәстүріне айналған. Уақыт көші алға жылжып, адамдар түрлі діндерді қабылдағанында мұндай таным-түсініктердің, салт-дәстүрлердің кейбірі жойылып, әрқилы өзгерістерге де ұшырады. Сөйтсе де, Ислам дініне дейін біздің қазақ даласында қалыптасқан тотемдік наным-сенімдер біржолата құрып кетпей, оның жұрнақтары сақталып та қалды.
Қазақ үшін қасиетті болып табылатын киелі атаулар:
1) Әулие ақсақалдар, Қыдыр ата. Халқымыз қариясын құрметтеуді ежелден бойына сіңірген. Ал, түстерінде ақсақал келіп аян берсе, өмірінде сол аянның шындыққа ұласып жатқанына көзі жеткен.
2) Қара шаңырақ. Ол - ата-бабасынан қалған үй, жер, қыстау, киіз үй. Оны қасиетті санап күтеді, таза ұстайды, сақтайды, баласына мирас етіп қалдырады.
3) Аққу. Аққуды құс төресі деп танып, оны атпаған, қадір тұтқан.
4) Киік, бөкен, марал. Киікті атса, киесі ұрады деген наным-сенімдер ел ішінде көп кездеседі, халқымызда киіктің киелілігі туралы көптеген оқиғалар бар.
5) Бөрі. Бөріге табыну, оны киелі деп санау бізге ежелгі түркі заманынан сіңген асыл қасиеттердің бірі.
6) От орны, шырақ, жерошақ. Киіз үйдің ошақ құрылып, от жағылған, жер үйдің пеші тұрған орын. Оны аттамайды, күлін шашпайды.
7) Ай. Айға қарап қол шошайтпаған, айды кие тұтқан.
8) Киелі сандар. Қазақ киелі сандар: қырық, жеті.
2.Киелі атаулардың халық танымындағы рөлі және қазақ әдебиетінде қолданылуы.
Қазақ халқы үшін киелі деп саналатын атаулардың көпшілігі әдебиетімізде көрініс тапқан. Көне дәуір әдебиетінен бастап күні бүгінгі көркем шығармалардың көпшілігінде киелі атаулар қолданылып келеді. Оған мысал ретінде көне түркі әдебиеті, эпостық, лира-эпостық жырлар, поэмалар, романдар, т.б. шығармаларды алуға болады.
Аққу неге киелі?
Аққу - дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден киелі саналатын құс. Аққудың байырғы түркі халықтарының заманында да тотемдік мәні болған. Аққуды киелі құс ретінде қазақтар ежелден қастерлеп, құс төресіне балаған және оқ атпаған. Оны атқан адамды оның киесі ұрады деп есептеген. Оның киелілігі - махаббатқа беріктігінде, сыңарынсыз жалғыз өмір сүрмейтіні, бір шошыған жеріне қайтып оралмайтыны. Сондықтан қазақ халқы аққуды адал сезім, махаббат символы деп санайды. Аққуды киелі санағандықтан, халқымыз оны әсем сөз айшықтарына негіз еткен: аққудың топшысындай, аққудың үніндей, аққудың көгілдіріндей, аққудың мамығындай, аққудың сылануындай, аққудай әсем, аққудай сұлу, т.б.
Мұқағали Мақатаевтың Аққулар ұйықтағанда поэмасынан-ақ халқымыз үшін осы бір құс төресінің қасиетті екеніне көз жеткізе аламыз. Ел арасындағы аққу туралы нанымдар, мақалдар текке айтылмаса керек, махаббаттың символына айналған бұл асыл құс басқа тіршілік иелеріне қарағанда анағұрлым ерекше әрі әсем болғанымен қоймай, өзінің киесімен де ұрпақ жадында сақталған:
Аққуын айдын көлдін, налытпастан
Дәстүрін аттамаған, анық басқан.
Сондай бір дәстүр бар-ды жарық шашқан,
Бір ұрпақ бір ұрпаққа алып қашқан.
Сонымен қатар, ақын аққуды атқан ананың баласынан айырылып қалғанын көрсету арқылы және ананы көрген қарияның ақылын жеткізу арқылы бұл құстың шын мәнінде айрықша құдіретке ие екенін айтып тұр. Оны поэмадағы мына жолдардан білуге болады:
...Білмеймін, cop аттың ба, бақ аттың ба?!
Аққуға кезенерде, ырым жасап,
Тым құрса саусағыңды қанаттың ба?
...Жасымнан естігенім бар-тын еді,
Әйтеуір аққу атқан оңбайды деп..
Аққу құсқа қиянат жасаған оңбайды, көлдегі қу қауіп бар жерге ешқашан да оралмайды.
Бөрінің киелілігі неде?
Көкбөріге табыну, өзін бөрінің ұрпағына балау, қасқырды киелі деп қастерлеу қазақ қанына ежелгі түркі заманынан сіңген қасиет. Түз тағысының осыншалықты киелі деп санауға не түрткі болды? Қасқырдай орман жыртқышын неге кие тұтамыз? Көкбөрінің киелілігін әдеби шығармалардан байқауға болады. Мәселен, қаламгер М. Әуезовтің Көксерек повесінен қасқырдың бөлтірігін ауылға алып келіп, өсе келе ауыл тұрғындары мен ауыл иттерінен қорлық көрген Көксеректің олардан кек алғандай болған әрекеттерін Құрмаштың аянышты өлімі мен төрт түлікке жасаған қиянатынан көруге болады. Жазушы соңы трагедиямен аяқталатын бұл әңгімені жай мақсатпен жазбаған, оның нақты әрі ауқымды мақсаты болған.
Біріншіден, қасқырлар - ұлы даланың баурайын мекендейтін жыртқыш аңдар. Жазушы ретінде тарихтан тағылым ала білген және сол тағылымды өшпес мұра етіп қалдыра білген Әуезов жауһар туындысында осы бір түз тағысын ала отырып, ежелгі ата-бабаларымыздың қасқырдай қайсар, ешкімнің ырқына көнбейтін өр мінезді екендігін жеткізіп тұр. Себебі, ежелгі бабаларымыз өздерін бөрінің ұрпағына балаған және осы күнге дейін тегін, жерін, елдігін жоғалтпай талай сындарды бағындырып келген. Аң мен адамға тән осы қасиет тектен тек емес. Қасиетті қазақ жұрты нені киелі санау керектігін жақсы білген және өз сенімдеріне кір шалдырмаған. Бұдан шығатын түйін- киеге орынсыз ұрынуға болмайды.
Марал, бөкен, киіктер неге киелі?
Киік - ежелден тіршілігін жоғалтпаған киелі жануар.
Халық даналығында құралайды көзге атқан, киіктің лағындай, құралайдың салқыны, құралай көз, қолаң шаш деген әдемі тіркестер қалыптасқан.
Ақын Сәкен Сейфуллин киікті адам баласына теңегенін де білеміз. Ақсақ киік өлеңінің жолдарын білмейтін қазақ жоқ шығар:
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,
Өзге аңға жануарды тең көрмедім.
Көздері мөлдіреген ақбөкенді
Адамның баласынан кем көрмедім, - деген жолдардан жануарға деген ерекше сүйіспеншілік пен махаббаты байқауға болады.
Киікке арналған күй де жоқ емес. Ықылас Дүкенұлының 100 күй топтамасына енген Жезкиік күйі тағы бар.
Киіктің киесі туралы баяндалатын бұдан да өзге әдеби туындылар жетерлік. Мәселен, бар қазаққа мәлім Қозы Көрпеш - Баян Сұлу жырында Сарыбай мен Қарабай аңшылықта жүріп буаз маралды кездестіреді. Бел құда болып, уәделескен екі достың бірі Қарабай Сарыбайға маралды атып, етінен дәм таталық деп қолқа салады. Сол кезде Сарыбай былай дейді:
Бұл марал буаз екен, тіпті атпаймын,
Келінің екі қабат кесел болар.
Бұл сөзге Қарабай құлақ аспайды. Досының көңілін қайтарғысы келмеген Сарыбай амалсыздан маралды
Маралды бетіне алып тарс қойғанда,
Кідірмей сол орманда құлап қалды.
Бұл үзіндіні оқи отырып, маралды атқан Сарыбайдың сол мезетте көз жұмғанын байқаймыз. Бұл жағдай кездейсоқтық емес. Әуелден іші бірдеңені сезіп, атқысы келмегеніне қарап та, маралдың киелі екенін түсініп тұрғаны деп білеміз. Кең даланың қостұяқтыларына қиянат жасаған оңбайды.
Халық ауыз әдебиетіндегі Ғайып Ерен Қырық Шілтен, Қыдыр ата, Баба түкті Шашты Әзіз секілді кейіпкерлер несімен киелі?
Халық танымында қырықтың бірі Қыдыр, Қыдыр келсе, құт қонар, Ғайып Ерен Қырық Шілтен секілді атаулар ежелден кездеседі.
Ғайып ерен қырық шілтен - діни. Мұсылмандарды жебеп, қолдап жүретін, көзге көрінбейтін киелі бейнелер.[5.177]
Қазақ фольклорының кейіпкерлері әдетте Құдаймен қоса "Ғайып ерен, қырық шілтен", "Ғаусыл- ғиас", т.б. әулие-пірлерді рухани көмекке шақырады. Бұл түсініктің түп-төркіні сопылық ілімде жатыр. Ол бойынша дүниеде әулиелер иерархиясы бар. Солар арқылы Алла тағала жер бетіне билік жүргізіп, адамзатты жетілдіруге ықпал етіп отырады. Олар рухани биікке көтеріліп, құпия заңдылықты меңгерген. Әулиелердің қызметі, тапсырмасы, мақсаты -- жанашырлық танытып, адамдарға әрқашан көмекке келу, рухани жолға түскендерге жол сілтеп, бата беру, жолаушыға, қысылған адамға қол ұшын беру, т.б. Оған Қыз Жібек, Қобыланды батыр, Алпамыс батыр жырлары дәлел бола алады.
Қадір Алла Құдайым
Қызыр Ілияс қырық шілтен
Балама менің назар сал...
Жазатайым сүрінсе,
Ғауыс, Ғияс әулие
Баһауаддин қолыңа ал.
Қыз Жібек жыры.
Бұл жерде әкесі баласын Қызыр Ілияс қырық шілтенге, Ғауыс, Ғаяс әулиелерге аманаттап, есен-сау келуін шын ниетімен тілеуде. Бауыр еті баласын осы бір киелі пірлерге аманаттағанына қарағанда, сөз етіліп отырған атаулардың жай атау емес екенін аңғара берсеңіз де болады. Әулие-пірлер зындаға тасталған баланы қағып алып аман алып қалады.
Ғайып-ерен қырық шілтен,
Баланы жолда ұстады.
Құдыққа салған қауғадай
Ешбір жері ауырмай,
Зынданның келді түбіне.[3.84]
Бұдан бөлек, эпостық жырларда, көптеген қазақ ертегілерінде ақ сақалы көк тіреген, асасы аспан тіреген Қыдыр ата бейнесі кең көрініс табады. Қыдыр (Қызыр) ата - бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел, жарылқаушы қарт. Ол Ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді. Міне сондықтан әр үй Қыдыр атаның жолын күтіп, өздерінің жанын да, тәнін де, киер киім, ыдысы мен бұйымдарын да таза ұстауға тырысады. Үйдің іші-сыртын, қора-қопсыны тазартып, ағаш егіп, өсімдікке су құяды. Мұсылман қауымы мұндай үйге Қыдыр ата түнеп немесе бата беріп кетеді деп түсінген. Қыдыр дарысын, қырсық арылсын деген дана сөздер содан қалған.
От, шырақ секілді атаулар неге киелі?
Қазақ танымында отыңды өшірме, шырағың сөнбесін, от орны, ошақ басы, отымен кіріп, күлімен шығу секілді терең мағыналы тіркестер қалыптасқан. Бұл сөздердің шығу тегі сонау тарихта жатыр десек, артық айтпаған болар едік. Өйткені, от сонау тас ғасырынан адамға жылу мен жарық, ыстық тағам мен өмірге деген үміт сыйлап келе жатыр. Адам санасы жетіліп, өркениет қалыптасқан заманымызда да оттың киелілігіне аса қатты көңіл аударылмаса да, оған деген сенім тамырымен жоғалып кеткен жоқ. Отан, Отбасы сынды осы бір екі сөз кімнің де болмасын жүрегіне ыстық. Сөздердің бастапқы буынына назар аударсақ, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz