Асықтың түрлерімен атаулары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қарағанды қаласының білім бөлімі ММ
Әдістемелік кабинет
КЕЛІСІЛДІ
Қарағанды қаласының білім
бөлімі ММ ӘК меңгерушісі м.а
__________ Е.Лаверженцева
2024 ж. _________

БЕКІТЕМІН
Қарағанды қаласының
білім бөлімі ММ басшысы___________Е.Әшім
2024 ж. _______

Асық терапиясы арқылы баланың ақыл-ойын дамытуға арналған
әдістемелік нұсқаулық

Қарағанды қаласы
2024 жыл

Құрастырушы:
Исабаева Саида Жанатовна-тәрбиеші, Қарағанды қаласы, Айгерім бөбекжайы КМҚК

Пікір жазушылар:

Білім беру ұйымының ғылыми-әдістемелік кеңесімен ұсынылады
№ ____ хаттама 2024 жылғы __ _______

Хатшы:
Исабаева С.Ж._______________тәрбиеші
Қалалық ББ ғылыми-әдістемелік Кеңесімен ұсынылған
№ ____ хаттама 2024 жылғы __ _______
Хатшы:
_________Т.А.Ә
__________________________

МАЗМҰНЫ

Мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Түсінік хат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Кіріспе бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Асық ойының шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
Мектеп жасына дейінгі балаларға асық терапиясының маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
Асықтың түрлерімен атаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
Асық ойының барысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
Алтын асық перспективалық жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
Асыққа арналған ашық ұйымдастырылған іс-әрекет ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

ТҮСІНІК ХАТ

Асық ойынының түрлерін үйрету арқылы эстетикалық, патриоттық, мәдени тәрбие беру.
Мақсаты: Ұлттық асық ойынын жандандырып, жоғары деңгейде оқушылардың ұлттық ойынға деген қызуғушылығын қалыптастыру.
Міндеттері: - Мектеп базасында дене тәрбиесі сабағында алған білімдерін шыңдап шеберліктерін қосымша білім беру арқылы әрі қарай дамыту оқушының дарынын ашу.
-Асық ойынын жетік меңгере алатын тұлға қалыптастыру.
-Асық ойыны сондай-ақ ептілікке, мергендікке, ұқыптылыққа, сергектікке баулу, қазақтың ұлттық ойындарын білуге құштарлығын аттыру.
-Қазіргі ұрпақтың санасына алыстап бара жатқан бабаларымыздың ұлттық ойын түрлерін әсіресе асық ойынын жандандыру.
Өзектілігі: Мектеп оқушыларының патриоттық сезімін ояту. Отанға сүйіспеншілігі мол, білімді жəне білекті тұлға қалыптастыру үшін асық ойындары арқылы сабақта жəне сабақтан тыс ықпалдастырылған пəндерді жүргізу қажеттілігі туып отыр. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дəлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тəрбиелейді. Осындай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді.
Бағдарламаның жаңашылдығы: Халқымыздың ұлттық ойындарын жаңғырта отырып, заманауи технология бойынша ұрпақ бойына дарыту;
-Ұлттық, патриоттық, эстетикалық тəрбие берудің инновациялық негіздерін қалыптастыру, бағдар беру Оқушы асық ойынын ойнау барысында күтілетін нәтиже:
-Асық ойнау барысында логикалық ойлау қабілетін арттырады;
-Асық ойыны арқылы негізгі пән аралық байланыс жолға қойылады;
-Ойындар арқылы логикалық тапсырмаларды жылдам орындайды;
-Ұлттық ойындардың білімдік маңызы қозғалыс қасиеттерінің дамуымен бір мезгілде қозғалыс дағдылары да жетіледі

КІРІСПЕ БӨЛІМІ

Мектепке дейінгі ұйымда балаларды дамыту, білім беру, тәрбиелеу мақсатында қолданылып келген педагогикалық технологиялар жеткілікті. Дүние жүзінде және елімізде қолданыста болып, балабақшадағы педагогикалық процеске ұлттық ойындарды кірістіру үрдіске айналып келеді.
Салт - дәстүр ұлттың ғұмыр бойы жиған мәдениеті, ұлттың ұлт екенін әлем халықтары мойындаудағы төрт белгінің бірі. Біз асылы бар, жасығы бар, салтқа бай халықпыз.
Асық - ойыны сол бай салтымыздың бір дәстүрі. Кезінде қазақ шаруашылықпен жаппай шұғылданған тұсында асық - әр үйдің, әр ауыл балаларының, жастарының да бас қосуының негізі.
Ертеде қазақ халқы асықты бала кезінде қолына алып,жас кезінен бастап ойнай бастайды.Тіпті сәби дүниеге келмей жатып,жас нәрестеге арнап асық жинайтындар да болған. Асық тұла бойы құдіретке тұнған күш іспетті. Сол себептен де бақсы-балгерлер асық арқылы болашаққа болжам жасаған. Ол әу баста ежелгі түріктердің арасында кеңінен тараған. Сондай-ақ асықты Астралаг деп ежелгі Грецияда, Талус деп ежелгі Римде салт-дәстүріне нақышталған ойын ретінде санап әрі насихаттаған. Алайда, асықты қазақтың ұлттық ойыны деп санағанмен, мұны Орта Азия халықтары, оның ішінде өзбек, қырғыз, тәжік т.б. ұлттар да әлі күнге дейін ойнап келеді.Асық ойындарының тәрбиелік мәні зор.
Асық ойыны ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, сергектікке баулиды. Асық ойыны - өзінің түрлеріне қарай баланың күш-жігерін арттырып, мергендігін, шапшаңдығын, ептілігі мен қырағылығын жетілдіреді. Бір мезгілде бірнеше бала ойнайтын асық ойынының түрлері жас баланың намысын жанып, қатарымнан озсам деген талпынысты бойға қасиет қылып сіңіреді. Асықтың атып ойнайтын түрлері үнемі қимыл-қозғалысты қажет ететіндіктен, денені қыздырып, бойдағы қан айналымын жақсартады.Үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені жартылай бүгу, жиырылу, ширығу жас балалардың денесін шынықтырып,аяқ-қолдағы буын ауруларының алдын алады.
Қазағымның кең пейіліндей сары арқа даласында көсіле жазықта ойнағанға не жетсін. Үлкен мен кіші бір-біріне қамқор болып ойнасаң да, құрдас пен құрдас бір-біріңе бәсекелесіп ойнасаң да, үлкен мен кіші бір-біріңді сынай ойнасаң да әбден болады. Жүгіресің, секіресің, көздейсің, тигізесің, ерегесесің, жеңесің, жеңілесің, ұтасың, ұтыласың, асыққа бай боласың.Таза бәсеке, таза тәрбие. Өтірігі, арамдығы, жалғандығы жоқ. Болмайды да. Міне, асық ойнының кереметі деп осыны айт.

Асық - үлкен халықтық тəрбие.
Ұлттымыздың дəстүрі мəдениетінің бастауы
Б.Момышұлы

Асық ойынының шығу тарихына шолу

Асық пайда Қазақтың ұлттық жалпы қалыптасу кезеңі біздің заманымызға дейінгі VII-IX ғасырлар. Қазақ жеріндегі көшпелі тайпалардың қай-қайсысы болмасын, қай кезеңде дамымасын олар тек өндірістік құралына пайдалануға жарамды тас, ағаш, сүйек тағы басқа табиғи заттар осы дәуірде қалыптасқан ұлт ойындарында
қолданылады.
Асық - қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық спорттық ойындарының бір түрі. Оны қазақтардан басқа қырғыздар, қарақалпақтар, алтайлықтар да ойнады. Жолаушы адамның жолдан аман оралуына асық үйірген. Баласы ұл болса, бесігінің басына бөрінің асығын іледі. Бәле- жаладан аулақ, шымыр-қайратты болсын дегені. Қыз болса, бесігіне еліктің асығын (жабайт) тағады. Сұлу, көрікті болып бойжетсін деп ырымдағаны. Келіні құрсақ салғанда, атасы мен әжесі ырымдап асық жинайды. Онысы - ұл тілегені. Келінге көз еткнимесін, үш ғасырман -есен босансын дегенге саяды.
Асық ойыны-қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Халқымыз асықты қастерлеген. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлттық ойындары да осыған икемделген. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ептілікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Асық атудың жарысы ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің және ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығымен бекітілген Асық ойынының ережесі бойынша өткізіледі. Асық -- төрт түлік малдың тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Қой, ешкі, сиыр, түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан бір пішіндес, мүсіндес келеді. Ал жылқы асығы басқа пішінде болады.
Жаугершілік заманда бабаларымыз соғыс стратегиясын, соққы беретін тұсты асықты шашып жіберіп түсіндіріп, жоспарлаған. Есі кірген қазақ балаларының ең алғаш ойнайтыны да осы - асық ойыны. Асықтың түртүрімен балалар мен үлкендер де қызығып ойнаған (асықты қазіргі баспаларда балалар ойыны деп жүр). Кезінде үлкендер бұл асықпен иіру арқылы шешілмеген дауларын шешіп ымыраға келген күндері болған.
Асық төрт түлік малдың ішінде қой-ешкінің тілерсегінде, асықты жілік басында орналасатын шымыр сүйек. Асық сойылған қойдың, арқардың, ешкінің, киіктің асықты жілігінен алынады. Оны шикідей де, піскен күйінде де сіңірінен тазалап, пайдалана береді. Шикі асық салмақты, берік келеді. Аңдардың да тілерсек тұсында Қазақта асық саналады. Есі кірген қазақ ең алғаш ойнайтыны да осы - асық ойыны. Асықтың түр-түрімен балалар мен үлкендер де қызығып ойнаған. Асық - Қазақ балаларының ең сүйікті ойыны
Асық ойыны - Қазақ балаларының ең сүйіп ойнайтын ойыны болған. Бұл ойын балаларды мергендікке, төзімділікке баулиды. Қазақтың өмірінде мал шаруашылығы қандай маңызды болғандығының бір дәлелі осы - асық ойыны. Асық уақ малда қой, ешкіде, киікте, тау текеде болады. Асықтың бір кереметі оны ешкім қолдан жасап жатпайды. Табиғи нәрсе. Оның жақсы салмақты түрлерінен сақа жасайды. Қазақта Қой асығы болғанмен қолыңа жақса сақа тұт, жасы кіші болса да ақылы асса аға тұтдеген мақал бар. Бір нәрсенің дайын екенін білдіретін Сақадай сай сөз тіркесі де бар. Асықтың Алшы, Тәйке, Бүк, Шік, Омпа деген жақтары болады. Оның ішінде алшы жатысын өте бағалаған. Өмірде жолы болған дәулетті адамдарды Асығы алшысынан түсіп тұр деп айтқан. Қазақтың ұлттық ойыны ретінде ережесін жазып, спорт ойынына енгізсе, болашақ ұрпақтарымыз бекем, әрі мерген, әрі төзімді қасиеттерге ие болар еді. Біздің ұрпақ осы асық ойынының артықшылығын көзбен көрген ұрпақ. Асық ойнайтын тақыр алаң жасау үшін сауыншы шешелеріміздің сиыр қораларын тазартып беріп, сабақтан бос демалыс кездерінде талай асық ойынының қызығын көруші едік- ау. Сақаны қорғасын құйып және асықты қынаны теріп алы, суға қайнатып, оның суына сақаларымызды бояйтынбыз. Қынамен боялған асықтың түсі өңбейді. Асық - балалар үшін ең қажет ойын.
Қазақы ортада сақалар құнды бұйым ретінде ойыншылардың арасында әртүрлі айырбасқа түсіп отырды. Мысалы, бір сақа екі асыққа айырбасталды. Ал құлжаның сақасы үш асыққа тең болған деген сияқты. Ойыншылар асықтың күтіміне ерекше мән берді. Әсіресе, әртүрлі түске боялған асықтар да жоғары бағаланды. Қазақ әйелдері жүн бояғанда бояудың басыртқысына немесе қалған қалдығына асықтарды салып, сәл қайнатып бояп беретін болған.

Мектеп жасына дейінгі балаларға асық
терапиясының маңыздылығы

Қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Халқымыз асықты қастерлеген. Асықты бар ынта жігерімен ойнаған балалар жан-жақты дамыған. Асықпен ойнаған баланың зейіні тұрақталады, логикалық ойлау қабілеті дамиды, бала еңкейеді, тұрады, үздіксіз қозғалыста болады.
Жанындағы өзі қатарлы балалармен бірге ұйымшылдығы мен тіл байлығын дамытады.
Асықты ойыннан бөлек балаларды жан-жақты дамыту мақсатында оқу іс-әрекетінде пайдаланылды. Балалардың саусақ буындарына өте пайдалы, ұсақ моторикасы дамиды. Саусақтармен жұмыс жасау арқылы саусақтары иілгіш болып жаттығады. Мұның бәрі баланың қиялы мен ойын ұшқырлығын, зейінін жан-жақты дамытады.
Асық терапеясы балалардың қимыл-қозғалысын реттеуге, кеңістікті бағдарлай білуге, сөздік - логикалық ойлауды сатылай қалыптастыруға, шығармашылық ойлауға, сабырға, бірлесе әрекет етуге тәрбиелейді. Сондықтан мазмұнды ойындар, жаттығулар құрастырып, оқыту барысында қолданамыз.
Асық неліктен терапияға жатады? Сөздіктерде терапия - медицина ғылымында аурулардың себептері, даму барысы, оларды анықтау, емдеу және олардың алдын алып, сақтану әдістерін зерттейтін сала. Арттерапия - бұл бейнелеу өнерімен емдеу дегенді білдіреді. --Арттерапия‖ - терминi (art - өнер, artterapy - өнер арқылы терапия жүргiзу) көбiне ағылшын тiлдi халықтар қоныстанған елдерде кеңiнен тараған. Педагогика ғылымындағы теориялар мен тәжірибелерді негізге ала отырып, бүлдіршіндерді тәрбиелеуде асық терапиясының баланың денсаулығына тигізетін пайдасын көрсету мақсаты көзделді.
Асық терапиясының мақсаты: асық терапиясында балалардың терапиясында балалардың қиымыл-қозғалыстарын реттеу, кеңістікті бағдарлай білу, көрнекі іс-әрекеттік, көрнекі - бейнелік және сөздік - логикалық ойлауды сатылай қалыптастырып, шығармашылық тұрғыда және сын тұрғысынан ойлауды дамыту, шыдамдылық, сабырлық, бірлескен әрекетті қолдана білуге тәрбиелейді. Сондықтан да біз, ересектер, асық ойындарының жаңа мазмұнды ойындарын, жаттығуларын құрастырып, оларды оқыту және дамыту, ұйымдастырылған оқу қызметінде қолдана аламыз.
Асықты пайдалана отырып санау, құрастыру, асық үстінен жүру, математикалық логикалық тапсырмаларды шешу сияқты әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын көрсете аламыз. Балаларды ұлттық ойындарды ойнау барысында шапшаңдылыққа, ептілікке, бір-бірін сыйлауға, өз ойын еркін жеткізе алуға баулимыз. Асық ату ойыны арқылы көз жітілігін, мергендікті дамытып, ұстамдылық пен шыдамдылыққа тәрбиелейміз. Асықтан құрастырылған инновациялық тақтайшалар мен массажды қолғаптар арқылы бала денсаулығын шыңдаймыз.
Асық терапиясы Ф.Фребель, М.Монтессори технологияларын негізге ала отырылып жасалынды, ол балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп, көп функционалдылығымен, көп нұсқаулығымен ерекшеленеді.
Бірінші кіші топ. Асықты жіпке тізу (Асық арқылы балалардың сенсорлық моторикасын дамытатын жаттығулар) Балалар боялып, тесілген асықтарды жіпке бір түстен соң екінші түске тізбектеп тізеді. Бұл тізбекті тізу арқылы бала түстермен танысып, бір - бірінен ажырата алады. Қолмен жұмыс жасау барысында баланың ұсақ моторикасы дамиды. Саусақтарымен жұмыс жасауда баланың саусақтары иілгіш болып, жұмыс жасауға жаттығады
Екінші кіші топ. Асықпен із салу балалар түрлі - түсті бояуларды асықты қолдану арқылы пайдаланады. Бұл жерде балалар санына байланысты төрт - төрттен бірнеше топқа бөлінеді, әр топқа тиесілі түс пен шеңбер сызылған парақшалар беріледі. Балалар парақшада берілген шеңбердің ішіне асықты бояуға малу арқылы парақша бетіне нүктелер түсірулері тиіс. Бұл әрекет осылайша бірнеше рет қайталанады. Нәтижесінде парақ бетінде әр балада әртүрлі бейне пайда болады.Балалар үшін бұл жасырын пайда болған бейне, қызықты әрі сиқырлы сәт болады. Мұндай әдісті қолдану балалардың саусақ моторикасын дамытумен қатар, баланы берілген тапсырманы таза әрі ұқыпты орындауға баулиды. Қағазда қанша тор, сонша асық Бұл әдіс асық және фетр қағазын қолдану арқылы жасалынады. Фетр қағазы торкөз дәптер беттері сияқты шаршыларға теңдей бөлінген. Балалар фетр қағазында қанша дөңгелек, шаршы немесе үшбұрыш тізілсе сонша асықты тізе білуі тиіс. Тапсырмаға мұқият мән бере отырып, ойланып орындайды. Тапсырма бойынша фетр қағазындағы әр шаршының ішіне асықты дұрыс орналастыра білуі шарт.
Ортаңғы топ. Асықпен құмда сурет салу. Балалар құмның үстіне асықпен түрлі мазмұнды суреттер сала отырып, нені бейнелегендерін айтып береді. Ойнай отырып құмға асықпен сурет салу бала үшін қызықты, әрі пайдалы. Баланың ұсақ моторикасымен қатар бейнелеуге деген қызығушылығы артады, қиялы дамиды және өзінің ойымен салынған бейнені өз сөзімен түсіндіру барысында сөздік қоры молаяды, өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады.
Ересек топ. Мозаика. Балалар жеке - жеке отырғызылады. Оларға асықтан жасалған белгілі бір бейнеленген пішін беріледі. Пішінді балалар дәл сондай қалыпта боялған асықтармен құрастырып шығулары тиіс. Бұл тапсырма балалардан ұқыптылық пен мұқияттылықты талап етеді.Тапсырманы орындау барысында балалар пішіннің көлемімен қатар, оның ішінде берілген түстерден жаңылмауы тиіс. Ересек топтары үшін тапсырма қызықты әрі өте пайдалы. Баланың логикалық ойлауы, көзбен көру арқылы есте сақтау қабілеттері артады және бір - бірімен бәсекелесіп орындау барысында шапшаңдылыққа тәрбиеленеді. Тақтайшаны әсемдеу Балаларды үш-үштен топқа бөліп отырғызып, мозайка тақтайшасына әр түрлі түске боялған пішіндер, ал қасына түрлі түсті бояулардағы асықтар беріледі. Балалар осы берілген пішіндерге боялған асықтардың ішінен пішінді ашатындай түс таңдап, көлеміне сәйкес тізіп шығуы тиіс. Тапсырманы орындау барысында баланың эстетикалық талғамы мен шығармашылық қабілеті дамиды. Ересек топтағы балалар үшін бұл оңай тапсырма болмағанымен, балалар бұл тапсырманы қызыға орындайды.
Балалар түрлі жаттығуларды жасау барысында шыдамдылыққа, төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиеленеді.
Асықты тақтайшамен жүру.
Денсаулық білім беру саласында да асық терапиясын пайдалануға болады.Дене шынықтыру оқу іс-әрекетінде тақтайшалармен жүру арқылы балалардың аяқ, қол еттері қатаяды, жұмысқа қабілеттілігі артады. Қимыл-қозғалыс координациясы артып, қол мен аяқтың бірлескен қимылы дамиды. Табандағы жүйке нүктелері арқылы ойлау қабілеті дамып, психикалық процестердің дамуына әсерін тигізеді. Жалпақ табанның алды алынып, ең бастысы балалардың дұрыс жүру дене бітімі артады.
Асық терапиясын таным білім беру саласы бойынша математика оқу іс-әрекетінде кеңістікті бағдарлау мақсатында қолдануға болады.

Асықтың түрлері мен атаулары

Алшы - асықтың иірілгенде табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған аса мән беріледі. Ол - бірінші дәрежелі асық.
Тәйке- асықтың иірілгенде табаны үстіне қарап,тұрық түсуі. Ол - екінші дәрежелі асық.
Бүге (Бүк) -асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие.
Шіге (Шік) - асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі. Ол төртінші дәрежелі мәнге ие.
Тұрық - асықтың алшы не тәйке түсуі.
Омпы - асықтың тұмсығымен жер тіреп, тік шаншылып түсуі.
Сомпы - асық тұмсығымен көкке қарап, тік шаншылып шоңқая түсуі.
Табан - асықтың тәйке жағы.
Оңқай - асықтың бүгесі алақанға қарап, тәйкесі оң қол бас бармағына басылып ыңғайлы ұсталуы.Оңқай асық малдың сол жақ аяғының тілерсегінде болады.
Солақай - асықтың шігесі сыртқа қарап, алшысы оң қол бас бармаңына басылып ыңғайлы ұсталуы.Солақай асық малдың оң жақ аяғының тілерсегінде болады.
Сақа - қолдағы бар асықтың үлкенінен, ірісінен, салмақтысынан, оңқайынан белгіленеді.Солақайлар сақаны солақай асықтан ұстайды.
Қорғашбай сақа-табан жағынан ойылып қорғасын құйылған сақа.
Құлжа сақа- арқардың асығы.
Толай (томпай) - бұзаудың, тайыншаның асығы(жалпы сиыр асығын томпай дейді). Мұз үстінде әдейі асық ойнау үшін жасалған алаңда ойнағанда, алыстан атылатын ойындарға толай сақа ретінде пайдаланылады.
Жабайт-қой асығының сақадан кейінгі қорғасын құйылмаған түрі.
Шүкей (үшкейт)- қой асығының кішкенесі. Қозы, ешкі асығы. Ең кішкене асық.
Кеней- шүкейдің көп жұмсалып мұжылған (мүжілген) түрі.
Ешкімер - ешкінің асығы.
Асық ойындары - құмар, омпа, хан, ханталапай, тас қала т. Б.
Алшы ойыны. Алшы ойыны- асық ойынында тігілген асықтарды атуға жарамды сақа таңдап алынады. Сақа болатын асық салмақты, ірі болуға тиіс.
Ол көбінесе еркек қойлардың, не қошқарлардың асығы болып келеді. Алшы ойыны сақаның салмақты да алшы тұрғыштығына байланысты. Бұл ұту үшін өтеқажет. Алшы ойынын ойнаушыларға шек қойылмайды. Ойын басталар алдында ойын жүргізуші барлығының сақаларын жинап алып, ойында әркімнің кезегін белгілеу үшін, яғни, кімнен кейін кім асық ату керектігін анықтау үшін, сақаларды иіреді. Иірген кезде кімнің сақасы алшы түссе, сол - бірінші, тәйке түссе - екінші, бүк түссе - үшінші, шік түссе одан кейін асық ататын болады. Атқан кезде сақасы мен асығы бір жақты түссе, атқан асығын алып, әрі қарай ата береді. Енді бірде асық атқан кезде сақасы алшы түсіп, асық кез келген жағында жатса да асықты алады, тағы атады, ал сақа мен асық екеуі екі түрлі түссе, онда алмайды. Ол атуды тоқтатып, кезекті келесі ойыншыға береді. Екінші ойыншы өз кезегінде сақасын иірген кезде тәйке түссе, онда өзінен кейін кезекте тұрған ойыншы көмбеде тұрып оның тәйке түскен сақасын атады, тигізсе, сақа иесі ойыннан шығып қалады, тигізе алмаса, өзі ойыннан шығады. Кезек алу үшін сақаларын иірген кезде бүк, шік түскен ойыншылар өз кезектерімен көнге тігілген асықты ата береді. Осы ретпен көндегі асықты атып тауысқанға дейін ойнайды да, асықтарын қайта тігіп, ойынды жалғастыра береді.
Омпа
Асық ойынының бір түрін Омпа деп атайды. Бұл ойынды көбінесе бозбалалар ойнайды. Оны таза ауада алаңда, не үлкен бөлмелерде ойнауға болады.Ойнаушылардың санына шек қойылмайды.Ойынның мақсаты - асық ұту.Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көн сызады да, біріншісіне төрт бұрыш жасайды.Дәл ортасындығы сызыққа әрбір ойыншы өздерінің асықтарын тігеді. Тігілген асықтардың ортасына бір асық мұртынан Омпа тұрғызады.
Ойнаушылар екінші белгіленген жерден бірінің артына бірі тұрып әркімнің өз кезектерң бойынша қолдарындағы сақаларымен Омпаны ата бастайды. Егер кімде-кім омпаға тигізсе және төрт бұрыштың шетіне шығарса, онда көндегі асықты түгел алады. Ал омпаға тимесе, жанындағы асықтарға тисе, оны да төрт бұрыштың шетіне шығара алса, онда сол атқан асығын ғана алады. Асық таусылған сайын, көнге асық қайтадан тігіліп отырылады. Ойын ары қарай жалғаса береді.
Өріс ойыны
Түзу бойына алшы, тәйке кезектесіп тізіледі. Өріске ұзап барып атасың. Кімнің бірінші ататындығы сақаларын қосып, бір ойыншы басынан асыра жерге тастайды.Алшы т.скен сақа иесі бірінші, тәйке екінші, бүк үшінші, шік төртінші болып атады.Сақа асыққа тиіп алшы түссе, тізілген асықты түгел ұтып алады. Сақа асықтарды құлатып, сақа бүк түссе, шік жатқан асықтарды ұтады.Ал сақа асықтарға тиіп, шік түссе, бүк түсіп жатқан асықтарды ұтады.Бұзылған асықтарды түзу бойына қайтадан тізіп қояды.Келесі кезектегі ойыншы сақасымен тізілген асықтарды көздеп атады. Атқанда сақа асықтарға тиіп, өзі омпа түссе,онда өрістен атылған сақалар домалап түскен жерінде жатуға тиіс.Келісім бойынша үш рет қайталауға болады.Кімнің сақасы төрге озып кетсе, сол бірінші болып кері атады. Ойыншылар тигізе алмаса, алғашқы ойыншы қалған асықты сақамен қосып, басынан асыра жерге тастайды.Ұтқан асығыңды жинап отырасың. Шебер ойыншы қарсыласының асығын түгел ұтып алады.
Асықты тігіп ойнау
Бір топ бала, жастар жиылып келіп, тегіс жерді таңдап алады да оны тазартып, ортадан төрт бұрышты сызық сызады. Сол төрт бұрышты ортасынан тең етіп екіге бөледі. Әр жағының қашықтығы Балалардың жас мөлшеріне қарай белгіленеді. Содан 1-1,20 см немесе 1,5 мерге дейін болады.Мұны Көн деп атайды. Ойнаушылардың өзара келісімі бойынша көннен 4-5 метр не одан да көп мөлшерде асық ататын орын белгіленеді. Оны сызықпен белгілейді. Ойыншылар осы жерден тұрып көндегі асықты ататын болады. Ойынды кім бірінші болып бастайтынын сақа иіру арқылы анықтайды. Сақасы алшы түскен ойыншы бірінші болып ату кезегін алады.Ойыншы асыққа дәл тигізіп, оны көнбе сызығынан шығарса, оны алады да, сақасы түскен жерденқайта атады. Сөйтіп, көннен шығарғандарын ала береді.Егер оның сақасы көндегі асыққа тимей кетсе, асықты келесі
ойыншы атады.Ал тігілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асық ойынының бүгіні
Асық ату ойынының ережелері
Асық ойындары
Ата анаға ұлттық тәрбиеден кеңес
Асық ойынының түрлері және мәні
Ұлттық спорт түрлерінде жылдамдықты, дәлдікті, қашықтық сезімін дамытуға арналған жаттығулар
Ұлттық ойындарды пайдаланудың тиімді жолдары
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің мектепте халық ойындарын оытуда қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану
Қазақ ұлттық спорт ойындары негізінде дене тәрбиесі тиімділігін арттыру
Асықпен ойналатын ойын түрлері және асық атаулары
Пәндер