Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
БҮГІНДЕ БІР АНАНЫ ТӘРБИЕЛЕГЕНІМІЗ -
БІР ҰЛТТЫ ТӘРБИЕЛЕГЕНІМІЗ
ҚР президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Жоспар:
І. Кіріспе
1. Жобаның қысқаша негіздемесі
1.1. Шыңғырлау колледжі жас жеткіншек қыз балалары арасында ерте жүктіліктің алдын алу іс-шаралары
1.2. Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу
Әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру.
2. Жобаның мақсаты мен міндеттері
Мақсатым: Ерте жүктіліктің алдын алу, әдет-ғұрыпты,салт-дәстүрді қыз баланың бойына сіңіре отырып, келешекте ана алдында қоғамның, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді жан жақты жетілген қыз бала болуға тәрбиелеу. Ерте жастағы жүктілік, оның алдын алу жолдары туралы студенттерге айтып, түсіндіру.
Міндеттері:
* ұрпақ тәрбиесіне байланысты ата-бабалар ілімдері туралы түсініктерін қалыптастыру;
* отбасын құру мен бала тәрбиесіне байланысты жауапкершіліктерін арттыру;
* жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесінің мән-мағынасын ашып көрсету.
3. Күтілетін нәтиже
Шыңғырлау колледжінде жоспар бойынша ата-аналармен сенімді қарым-қатынас орнатып, жыныстық тәрбие жайлы көбірек әдебиеттер оқып, қаламаған жүктілікті болдырмау әдістерімен таныстырып, ерте жүктіліктің алдын алу шаралары мен әңгімелер, сауалнамалар жүргізу жұмыстарының нәтижесінде соңғы үш жылда қыздар арасындағы ерте жүктілік саны азайды.

ІІ. Негізгі мазмұны
Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болған жүктілікті айтамыз. Бұл кезде қыз балада бойжеткен кезеңі гормоналды ауысу кезеңі басталады.
Бұрын ерте жүктілік жағдайы төмен отбасыларында болады деп есептелген, бірақ қазір бұл пікір өзгерді. Себебі тұрмыс
жағдайы жақсы отбасында өскен балалар жауапкершілікті сезінбейді.
Көпшілік ата-аналар балаларының сексуалды өмірлеріне
араласқылары келмейді. Мұны бұқаралық құралдардан, интерннеттен біледі деп ойлайды.
Контрацепция құралдарын, контрацепция жайлы кітаптар алу жеткілікті емес, ең бастысы балаға оларды қолдануды әдетке айналдыру
маңызды. Сондықтан қаламаған ерте жүктілік - жыныстық тәрбиенің
жүргізілмегеннің нәтижесі.
Ерте жүктіліктің кауіп-қатері. Жүктілік кезінде жүрек-қан тамыр жүйесіне, эндокриндік жүйеге және басқа да жүйелерге қосымша жүктеме түсетіні белгілі. Ал бойжеткен кезінде әлі толық қалыптаспаған ағзаға одан да күшті жүктеме түседі. Жас ана жүктілікті физикалық көтере
алмайды. Жас анада қиын таңдау тұрады: аборт жасау немесе баланы қалдырса өзін және нәрестені кауіпқатерге тігеді. Толық қалыптаспаған организм жүктілікпен және босануды көтере алмауы мүмкін, сондықтан
мерзіміне жетпеген нәресте немесе ақауы бар нәресте туылуы мүмкін.
Статистикалық мәліметтер бойынша:
:: кәмелетке толмаған жастардың 40-60% ерте жыныстық қатынасқа түседі. Солардың ішінде 10% 14жасқа толмаған жасөспірімдер.
Статистика бойынша бойжеткен кезіндегі жүктіліктің 70 co абортпен,15co түсікпен және тек 15co босанумен аяқталатыны белгілі. Осы 15co босанудың өзінде ана мен бала өлімінің қатері көп. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жыл сайын әлемде кәмелет жасына толмаған 16 миллионға жуық қыз жүкті болады екен. Оның 3 миллионы жаза басқан қадамының ізін жасыру үшін жасанды түсік жасатады-мыс. Бұл сандардың ішінде Қазақстанның да үлесі аз емес. Қазақ жерінде бәлиғат жасына жетпей, жүкті болып қалатын қыздардың саны шамамен 10 мың мен 20 мыңның арасында.
Ерте каланбаған жүктіліктің себебі-отбасындағы жағдайға байланысты. Қазіргі заманда қыз балалардың жыныстық дамуы ерте жүреді, сондықтан да
сексуалдық қалау да ерте дамиды. Ата-аналардың басты мақсаты балаларды жыныстық өмірге психологиялық дайындау керек және де бұл әрекеттер балалар жыныстық өмір бастамай тұрып ерте жасалу керек.
Жүкті болған қыз балалар не істерін білмей күйзеліске беріледі. Жас әкелер әдетте шеттеніп, өзің шеш деп кетіп қалады. Өзін кінәлі сезінген қыз шеттенеді. Аборт жалғыз жол болып көрінеді. Ал аборт көптеген гинекологиялық ауруларға тіпті бедеулікке әкеледі. Аборттың алдын-алудың бір жолы контрацепция.
Жасанды түсік деп - жүктілікті 22-ші аптаға дейін жасанды түрде үзуді айтамыз. Қазіргі кезде жасанды түсікті әр адам өз қалауы бойынша 12 аптаға дейін жасай алады,ал уақыты одан көп болатын болса түсік жасау қиын және медициналық көрсеткіштер бойынша жасалынады.
Бедеулік - жатыр мен жатыр мойны қабырғасының зақымдануына байланысты жүктілікті көтере алмаушылық дамуы, қан кету, түсік тастау қаупі, мезгілінен бұрын босану.
Келесісі ол - психологиялық мәселе. Жүкті екенін білген қыз оңашаланады, өзі үлкен мәселелерді шеше бастайды, яғни ерте есейеді.
Социалдық мәселе. Қазіргі қоғам ерте жүктлікке қарсы, көбіне сөгіп талқылайды. Қыз бала ата-анасына айтуға қорқады, босану үшін колледжді тастайды. Білімі жоқ болған соң дұрыс жұмысқа орналаса алмайды. Баланы
және өзін бағу үшін жеңіл жүрісті өмір бастайды, көбісінде келесі жүктілік
болады.
Бүгінгі күннің трагедиясы тәрбиеден басталып жатқан жайы бар. Біз көз жұма қарап жүрген бұл өзекті мәселенің мән-жайынан қалың көпшілік хабардар. Өрім - дей жас қыздардың басына түскен қасірет олардың өмірінде сызат қалдырды. Ашығын айтар болсақ, бұл күні жеткіншек қыздардың оң жақта отырып-ақ құрсақ көтеруі - жиіледі. Бұрындары қысылғанда қуыс таппайтын құбылыс енді бір-екі жел сөзге ұласып, жабулы қазан жабулы күйінде қалатын болды.
Біреу біреуге ақыл айтып, жөн сілтейтін заман келмеске кетті. Арды жоғары қоятын қыздарымыз жоқ жерден қылық шығаруда. Қыз он беске келгенде, шашынан көп жаласы дегендей, бойжеткен қыздың соңынан қашанда сөз еретіні белгілі. Жастықтың дәмін татпай жатып, зәрін тартатын қыздарымыз көбейді. Бұрындары бір кісі қызды баққаннан, ешкі баққаным артық деген екен. Аруларымыз санасыздықтың салдарынан сан соғып - қалып жатыр. Бір кездері қазақ қыздарының намысын ерлеріміз найзамен қорғаса, бүгінде кейбір аруларымыздың ары аяқ астында. Ерте жүктіліктің етек алуына кімді кінәлаймыз? Көше кезген көріктісымақ қызды ма, қызға қырық үйден тыйым салмаған ата-анасын ба, әлде ойнап-күлген ортасын ба?! Махаббаттың буына мас болып, ерте ұрынатындар сезімнің жетегінде кетеді де, сол сезімге тағдырын билетеді. Ақыл емес, сезім басқарған өмірлерінің әп-сәтте күлі көкке ұшады. Бар қадір-қасиетінен айырылған қыз ертеңгі күніне күмәнмен қарап, болашақ бағытына жол таппай адасады. Аяғы - ның ауырлағанын білгеннен соң психологиялық зардап шегетіні тағы бар. Таяқтың бір ұшы өзіне тиетінін біле тұра, батыл деп тапқан қадамға кіріспек болады. Айтайын десе, анасынан артық ауыз сөз естігісі келмей - ді. Сосын өзінше шешім қабылдауға тырысады. Тағдырыма жазылғаны осы шығар - деп түсік тастауға дейін барады.
Жүкті боп қалған қыздардың тірлігін көз алдыңызға елестетіңіз. УЗИ-ге барып, құрсағындағы шарананың ай-күнін біліп алады. Одан қалды, баланы алдырту үшін ақша жинай - ды. Ақырында бір тоқтамға келеді. Жеке емханаға барып, аборт жасатады. Оның құны туылмаған баланың мерзіміне байланысты. Ардан аттаған қыздың алысқа бармай - тыны анық. Қыздардың ерте жүктілікке бой алдыруын әлем гинекологтары былай түсін - діреді: Қыз балалардың физиологиялық жетілуі ер балаларға қарағанде ерте. Олар жыныстық жетілу кезінде өрескел қателікке бой алдырады. Себебі сол уақытта психологиялық, әлеуметтік өзгерістерге ұшырайды. Қыз баланың жыныстық жетілуі 18 жасқа дейін толық қалыптасады.
Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?
Қазақстан зерттеу агенттігі жүргізген сауалнама қорытындысына сүйенсек, қазіргі таңда 16-17 жастағы қыздардың 30%-ы жыныстық қатынасқа түскен. Ата-аналардың бала сүйгендегі 75% қуанышы алғашқы сәбиіне арналады екен. Ал тұла бойы тұңғышын тұншықтырып жатқандардың жайы мынау.
Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі ерте жүктіліктің алдын алу бағытында Шыңғырлау колледжінде іс-шаралар жоспары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
РЕПРОДУКТИВТІК ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ РЕПРОДУКТИВТІК ҚҰҚЫҚТАР
Медициналық көмектің сапасы
Гинекологиядан тесттер
Жүкті әйелдердің, емізу кезіндегі (лактация) және қарт адамдардағы фармакотерапия
Әр түрлі жастағы балалардың орталық және шеткі жүйке жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшелктері. Ақыл-ойының және психоэмоционалды дамуындағы негізгі ауытқуларының семиотикасы
Антенаталды кезең
Қазақстан Республикасында түсіктің алдын алу мәселелері
Әйелдерді гинекологиялық тексеру
Жанұя денсаулығы. Бала денсаулығы
Шала туылған нәрестелердің өмір сапасы
Пәндер