Тіл мәдениеті және сөйлеу әдебі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

ҒЫЛЫМИ - ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Тіл мәдениеті және сөйлеу әдебі
Бағыты: Қазақ тіл білімі
Саласы: Сөйлеу мәдениеті

Орындаған: 6В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының
3 - курс студенті Мадиярова Дариға Мадиярқызы
Ғылыми жетекші: профессор м.а Г.Б. Мамаева

Астана, 2022

Мазмұны

Кіріспе

4
1
Тіл мәдениеті

5
1.1
Сөйлеу әдебі және оның қоғамда алатын орны

6

1.2
Сөз әдебі жүйесінің элементтері мен формулаларының қолданысы

8

1.3
Cөз әдебінің түрлері

10
1.4
1.5

2

Сөйлеу әдебінің негізгі ережелері
Сөз әдебінің қасиеттері мен ерекшелігі

Тілдік сауаттылық және қате қолданыстағы сөздерді қолдану мәселелері

12
13

15

2.1

2.2
Қазіргі жастардың сленг тілінде сөйлеу мәселесі

Жастар тіліндегі жаргон
17

20

2.3
Журналистердің қате қолданып жүрген сөздері
23

2.4
Рақмет сөзінің дұрыс қолданылмауы

25

2.5 Туған күн бе, әлде туылған күн бе?

2.7 Журналистердің сұхбат алу барысындағы тіл тазалығы

26

27

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

28

30

Аңдатпа

Бұл ғылыми-зерттеу жұмысында қазақ тіл біліміндегі күрделі мәселелердің бірі тіл мәдениеті, тіл тазалығы, сөйлеу әдебіне жан-жақты талдау жасалған. Жұмыста тіл мәдениетінің, сөйлеу әдебінің қазақ тіл білімінде зерттелуі қарастырылған. Тіл тазалығы туралы ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, тіл сауаттылығына нақты мысалдар келтірілген.

Аннотация

В данной научно-исследовательской работе проведен всесторонний анализ языковой культуры, чистоты языка, устной этики, одной из самых сложных проблем казахского языкознания. В работе рассматривается изучение языковой культуры, речевой этики в казахском языкознании. На основании мнений ученых о чистоте языка приводятся конкретные примеры языковой грамотности.

Аnnotation

In this research work, a comprehensive analysis of language culture, language purity, and speech ethics, one of the most difficult problems in Kazakh linguistics, is carried out. The work provides for the study of language culture, speech Ethics in Kazakh linguistics. Based on the opinions of scientists about the purity of the language, specific examples of language literacy are given.

КІРІСПЕ

Ғылыми-зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы: Ғылыми-зерттеу жұмыс адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынастың, тілдесудің жұртшылық қабылдаған, ұлттық сипаты бар ережесі мен этикеті - тіл мәдениеті, cөз әдебі туралы зерттеулерді қамтиды. Сөз әдебінің қоғамдағы орны, рөлі, жағдайы туралы ақпарат беріледі. Сондай-ақ, БАҚ-та, көгілдір экранда және күнделікті өмірде қате қолданылып жүрген сөздер мен сөз тіркестері туралы зерттеу жасалынады.
Сөйлеу әдебін, тіл мәдениетін зерттеу лингвистикалық зерттеулер үшін үлкен қызығушылық тудырады, өйткені бұл тілдегі тұлғааралық қатынастардың көрсеткіштерінің бірі. Сөйлеу әдебі мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі және қоғамдағы адамның әдеп мінез-құлқының жалпы жүйесінің ажырамас бөлігі.
Сөйлеу әдебін зерттеу лингвистика, мәдениет теориясы мен тарихы, этнография, елтану, психология және басқа да гуманитарлық пәндер қиылысында ерекше орын алады. Жоба осы тақырыптарға негізделген.
Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігі: Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. Қазіргі таңда, сөз әдебінің қарапайым нормаларын ұстанбау, тілді шұбарлап, ойды дұрыс, түсінікті етіп жеткізе алмау, басы артық бос сөздерді көп қолданып, ойын шашыратып жіберу, мағынасы жоқ қате қолданыстағы сөздерді қолдану мәселелері жетерлік. Әсіресе жастардың кейбіреуі шалағай, өзге тілдің детальдарын қосып, араластыра сөйлесе, бірі жаргон-диалектілермен сөйлегенді сән көреді. Ғылыми-зерттеу тақырыбының өзектілігі - сөз әдебі мен қоғамның тығыз байланысы мен маңызын көрсету; тілді шұбарлаудың зияны мен зардабын алдын алуға бағытталған үндеу.
Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті: Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты - тіл мәдениетінің қоғамдағы рөлін қарастыру және қазіргі таңда дұрыс қолданылмай жүрген сөздер мен сөз тіркестеріне шолу жасау. Сөзді дұрыс, анық, нақты қолданудың маңыздылығын ашып-көрсету. Аталған мақсаттарға жету үшін келесідей міндеттер қойылып отыр:
- сөз әдебі ұғымына жалпы сипаттама беру;
- оның мазмұны мен маңызын анықтау;
- қате қолданылып жүрген сөздерді анықтау, түсіндіру және түзету.
Ғылыми-зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми-зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған деректер мен әдебиеттерден тұрады.

Тіл мәдениеті

Тіл - адам қатынасының, ойлаудың, мәдениеттің құралы. Тіл тазалығы - ана тілін басқа тілдің сөзімен шұбарламау. Ана тілінің шұбарлануы ауызекі тілде ғана емес, жазба тілде де орын алған. Өз тарихына, дәстүріне, туған жеріне, туған тіліне құрметпен қарап, қадірлеген адам ғана мәдениетті. Қоғамдағы сөйлеу ортасы адамдардың тілі мен мәдениетінің жай күйін көрсетеді.
А. Байтұрсынұлы сөз өнерінің ғылым екендігі туралы, тіл қисыны, сөз талғау мәселелеріне тоқталып, сөз талғаудың 5 түрлі шартын көрсетеді. Олар:
1. Сөз дұрыстығы;
2. Тіл тазалығы;
3. Тіл анықтығы;
4. Тіл дәлдігі;
5. Тіл көрнектілігі.
Сөз дұрыстығы деп әр сөздің, әр сөйлемнің дұрыс күйінде жұмсалуы айтылады. Олай болу үшін керек:
а. Сөздердің тұлғасын, мағынасын өзгертетін түрлі жалғау, жұрнақ, жалғаулық сияқты нәрселерді біліп әрқайсысын өз орнына тұтыну.
ә. Сөйлем ішіндегі сөзді дұрыс септеп, дұрыс көптеп,дұрыс ымыраластыру;
б. Сөйлемдерді бір-біріне дұрыс орайластырып, дұрыс құрмаластырып, дұрыс орындастыру.
Тіл тазалығы дейтініміз - ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау.
А. Байтұрсынұлы: Қазақ әдебиеті қатып-пісіп жетпеген уақытта біз қазақ сөзін ескі, жаңа деп талғамаймыз, жергілікті сөз екен деп, ол жағынан қатал қарап, қашып тұрмаймыз. Жалғыз-ақ біздің мықтап қашатынымыз жатшылдық (жат сөзшілдік). Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт өз тілінде жоқ деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей айрылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылым кітаптарын қазақ тіліне аударғанда пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек. Сонда біздің әдебиетіміздің тілі таза болып, жоғарыда айтылған талғау салтының шарты орындалған болады.
Айтылған лебіз ашық мағыналы,түсінуге жеңіл,көңілді күдіктендірмейтін болса, тіл анықтығы дегеніміз сол болады. Қазіргі кезде тіл анықтылығы сақталмай жүргендігі белгілі. Мысалы ауызекі сөйлеу тілінде: жетідем - жетідемін, баратырық - бара жатырмын, сәмбердік - сәлем бердік, барамшығар - баратын шығармын, болармын сияқты нормадан ауытқуларды да тіл анықтығының бұзылуы ретінде атап өтуге болады.

Сөйлеу әдебі және оның қоғамда алатын орны

Сөйлеу мәдениеті дегеніміз - қоғамдық даму үдерісінде қалыптасқан әдеби тілдің ауызша және жазбаша нормаларын меңгеріп, дидарласудың түрлі жағдайларында сөз қолданудың мақсаттары мен мазмұнын іріктей ала отырып, ойды тиянақты жеткізу ережелерінің жиынтығы. Бұл туралы: Тіл мәдениеті дегеніміз - сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық, - деп анықтама береді Н.Уәлиев өзінің Сөз мәдениеті атты еңбегінде.Ал тілші-ғалым Р. Сыздықова: Тіл мәдениеті дегеніміз - сөздерді дұрыс орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау (лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру, - дейді.
Тіл мәдениеті негізінен Сөз мәдениеті, Сөзді орынды қолдану деген ұғымды білдіреді. Өйткені, тіл мәдениетінің негізгі зерттейтін объектісі - сөз, сөздің дұрыс айтылуы, дұрыс жазылуы, дұрыс қолданылуы, сол арқылы ойдың айқын, әсерлі жетуі, екі ұштылықтың, күңгірттіктің болмауы.

Сөз - бұл объектілерді, олардың қасиеттері мен сипаттамаларын, олардың өзара әрекеттесуін, сондай-ақ адам қиялынан туындаған қиял мен дерексіз ұғымдарды атауға қызмет ететін тілдің негізгі құрылымдық бірліктерінің бірі.Сөз - ойды білдіру үшін қолданылады. Тек адам ғана өз ойын сөзбен жеткізу мүмкіндігіне ие. Сөз оймен тығыз байланысты. Ж. Баласағұн ақыл-ойдың көркі - тіл, тілдің көркі - сөз, А.Йүгнеки Тіл мен жақтың көркі - шын сөз деп тауып айтқан. Адамдар көшеде, үйде, кеңседе, сапарда күн сайын бірнеше рет амандасып, қоштасады, алғыс айтады, кешірім сұрайды, құттықтайды, көңіл білдіреді және мақтау айтады. Құрметпен және әдептілікпен қарым-қатынас жасай білу, яғни таныс және бейтаныс адамдармен, достармен, бастықпен және тағы да басқа адамдармен қарым-қатынас кезінде сөйлеу әдебін ұстану адамды өзін жайлы сезінуге мүмкіндік береді. Қазіргі заманда сөз әдебі өте өзекті тақырып. Мәдениетсіздік немесе сөзді дұрыс қолданбау, бұрмалау - жиі кездесетін құбылыс. Мәдениетті кеңінен түсіну, әрине, қарым-қатынас мәдениеті, мінез-құлық мәдениеті деп аталатын дүниелерді қамтиды. Оны иелену үшін сөз әдебінің мәнін түсіну керек.
Сөйлеу әдебі - бұл адамның ішкі мәдениетінің деңгейін көрсететін айна. М.Балақаев сөйлеу әдебі жайлы: Сөйлеудің де сөйлеуі бар: шешен көмекейі бүлкілдеп, көсіле, біліп сөйлейді, ойсыз адам кібіртіктеп, күңгірт сөйлейді. Мәдениетті, білімді азаматтар ана тілінің қыраны сияқты биікке самғайды. Жұрт оларды асқан шешен деп дәріптейді,-деген болатын. Яғни, адамның сөйлеу тілінің адам өміріндегі маңызы, жөнімен сөйлей білудің қажеттілігі айтылады.
Сөйлеу әдебі бірнеше маңызды белгілер мен оның әлеуметтік өткірлігін түсіндіреді. Мен оларды анықтауға және түсіндіруге тырыстым. Сөйлеу әдебінің рөлі қандай? Біріншіден, сөйлеу әдебі жанжалды жағдайларды болдырмауға көмектеседі. Белгілі бір келеңсіз оқиғаларда адресатқа "кешіріңіз", "кешірім сұраймын" деп сөйлесек, біз қарым-қатынастағы шиеленісті баса аламыз. Екіншіден, сөйлеу әдебі адресат пен адресанттың жақындық деңгейін көрсете алады. Мысалы, бізге сыйлы адамдармен амандасқанда " Сәлеметсіз бе?", Амансыздар ма?", "Қош келдіңіздер! деген сөздермен оларға деген құрметімізді білдіре аламыз.

1.2. Сөз әдебі жүйесінің элементтері мен формулаларының қолданысы

Сөз әдебі - бұл сөйлеу мінез-құлқы ережелерінің жүйесі, белгілі бір жағдайларда тіл құралдарын қолдану нормалары. Ауызша қарым-қатынас әдебі адамның қоғамдағы қызметі, оның жеке және кәсіби өсуі, берік отбасылық және достық қарым-қатынас құру үшін маңызды рөл атқарады. Ауызша қарым-қатынас әдебін меңгеру үшін әртүрлі гуманитарлық салалардағы білім қажет: тіл білімі, тарих, мәдениеттану, психология. Мәдени қарым-қатынас дағдыларын сәтті игеру үшін сөйлеу әдебінің нормалары қолданылады. Күнделікті өмірде біз адамдармен үнемі араласамыз. Кез-келген қарым - қатынас белгілі бір кезеңдерден тұрады:

- сөйлесудің алғашқы бөлімі (сәлемдесу танысу );
- негізгі бөлім, әңгіме;
- сөйлесудің соңғы бөлімі.

Қарым - қатынастың әр кезеңі белгілі бір дәстүрлі сөздерді және тұрақты тіркестерді қолдану арқылы жүзеге асады. Олар көп жағдайда дайын түрдегі формаларда берілген және барлық жағдайларға арналған.Сөйлеу әдебінің формулаларына сыпайылық (кешіріңіз, рақмет, өтінемін), сәлемдесу мен қоштасу (сәлеметсіз бе, сауболыңыз), үндеу (сен, сіз, ханымдар мен мырзалар) жатады. Сонымен қатар, батыстан бізге сәлемдесудің қайырлы таң, қайырлы күн, қайырлы кеш формалары келген.

Сөйлеу әдебі саласына белгілі - бір мәдениетте қабылданған қуанышты, жанашырлықты, қайғыны білдіру тәсілдері жатады. Мысалы, кейбір елдерде қиындықтарға шағымдану әдепсіз деп саналса, ал басқаларында жеткен жетістіктер туралы айтуға болмайды. Әңгімелесуге арналған тақырыптар шеңбері әртүрлі мәдениеттерде әртүрлі. Сөз әдебі жүйесінің элементтері мен формулалары әртүрлі тілдік деңгейлерде жүзеге асырылуы мүмкін:

-Лексика мен фразеология деңгейінде: тұрақты тіркестер, сөйлеу формалары (рақмет, кешіріңіз, сәлеметсіз бе, жолдастар және тағы да басқалары)
- Грамматикалық деңгейде: бұйрық райдың орнына сұраулы сөйлемдерді қолдану (Сөмкеңізді басқа жерге қоя аласыз ба? Аздап жылжи аласыз ба? және т.б.).
-Стилистикалық деңгейде: анық сөйлеу қасиеттерін сақтау (дұрыстық, дәлдік, өзектілік және тағы да басқалары)
-Интонациялық деңгейде: талап, наразылықты білдірген жағдайда да, қалыпты интонацияны қолдану.
-Орфоэпия деңгейінде: сөздердің толық формаларын қолдану (Сәләмәц сөзінің орнына Сәлеметсіз бе сөзін қолдану және тағы да басқалары)
-Коммуникативті деңгейде: мұқият тындау және үзбеу, біреудің әңгімесіне араласпау.

Cөз әдебінің түрлері

Сөйлеу - тілдік қатынастың негізгі механизмі. Ауызша қарым-қатынастың бірнеше түрлері бар. Егер сөз өзіңе іштей айтылса - ішкі, ал сыртқа бағытталғандары - ауызша (диалог және монолог) және жазбаша болып ажыратылады.
Ауызша сөйлеу диалог немесе монолог түрінде құрылады. Диалогта адамдар бір-бірімен ақпарат, эмоция немесе тәжірибе алмасады. Монолог бір адамнан шығады, бірақ аудиторияға немесе өзіне бағытталады.
Сөйлеу этикасы жазбаша этикаға қарағанда формальды емес. Сөздерді қалдыруға, сөз тіркестерін әрекетпен немесе ыммен ауыстыруға рұқсат етіледі. Этиканың жазбаша түрі стилистикамен, орфографиялық және пунктуациялық ережелермен қатаң шектелген.
Бұл - кең ұғым болғандықтан, барлық әлеуметтік талаптарға сай келетін бірыңғай сөйлеу этикеті еш жерде жоқ. Белгілі бір адамдар немесе әлеуметтік топтар негізгі қағидаларды өзгертпей, өз қажеттіліктеріне сай ережелерді өзгертеді - сөйлеу этикетінің түрлері бойынша жіктелуі келесідей туады:
1. Ресми немесе іскерлік. Бұл қонақтар бір-бірімен таныс емес іс-шараларда, көрмелерде, қызмет көрсету саласында, іскерлік келіссөздерде қолданылады.
2. Күнделікті. Үйренудің ең оңай және кең таралған түрі. Күнделікті этикет ережелерін қолдану күш-жігерді қажет етпейді, білімді және қоғамға интеграцияланған адам қарым-қатынас процесінде сөйлеу этикетінің ережелері мен нормаларының көпшілігіне автоматты түрде сәйкес келеді. Ресми этикет немесе сөйлеу этикетінің сирек кездесетін түрлері сәйкес келмейтін кез келген жағдайда қолданылады.Сондай-ақ, жиі кездеспейтін, стандартсыз жағдайлар үшін сөйлеу этикетінің бірегей бірліктері бар. Мысалы, діни - конфессиялар діни басқармаларында немесе жай ғана сенушілер арасында зерттеледі және зайырлы қоғамда іс жүзінде қолданылмайды. Дипломатиялық және әскери этикетті де осыған қатысты айтуға болады.Жалпы сөйлеу коммуникациясы келесідей мазмұнда жіктеледі:
- материалдық - қызмет өнімдерінің алмасуы;
- когнитивтік -мәлімет, тәжірибе және білім алмасу;
- шартты (эмоционалды) - көңіл-күй алмасу;
- мотивациялық - ниет алмасу;
- белсенділік - білік алмасу, бірлескен іс-әрекетке байланысты.

Сөйлеу әдебінің түрлері өзара әрекет ету тәсілдері мен міндеттеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді:
1. Байланыс маскалары. Бұл қарсыластың мінезін білуге ​​ұмтылусыз формальды қарым-қатынас.
2. Зайырлы байланыс. Ауызша қарым-қатынастың бұл түрі мағынасыз, өйткені мұндай сәттерде адамдар осы жағдайда айтылуы керек жалпы тақырыптар бойынша сөйлеседі.
3. Ресми рөлдік көрініс. Бұл жерде қарым-қатынастың реттелуі мен мазмұны маңызды, ал әңгімелесушінің әлеуметтік жағдайы және оның қоғамдағы орны маңызды.
4. Іскерлік қарым-қатынас. Бұл қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін қажет деректер мен хабарламаларды алмасу мақсатымен өзара әрекеттесуге бағытталған.
5. Тұлғааралық қарым-қатынас. Сөйлеу этикетінің бұл түрін интимдік жеке қарым-қатынас деп те атайды, өйткені ол әңгімелесушінің терең жеке қасиеттерін ашудан тұрады.
6. Манипуляциялық коммуникация. Бұл коммуникация қарсыластан пайда алуға бағытталған.

1.4 Сөйлеу әдебінің негізгі ережелері

Сөйлеу әдебі жеке тұлға үшін міндетті және ұсыныс сипатында болатын қарым-қатынастың белгілі бір нормаларын белгілейді. Келесі берілген сөйлеу ережелері міндетті болып табылады:
- әңгімелесудегі ережелер мен әдеби нормаларды сақтау;
- балағат сөздердің болмауы;
- әдепсіздіктен, дөрекіліктен аулақ болу;
- сөйлеудің міндетті кезеңдерін сақтау - әңгіменің басы, негізгі бөлімі және қорытындысы;
- қателердің болмауы және терминологияның бұрмаланбауы.

Сөйлеу әдебінің нұсқаулары келесідей:
- бос, мағынасыз сөздерден аулақ болып, нақты айту;
- әңгімелесушінің деңгейін ескере отырып, әңгіме жүргізу - оған ыңғайлырақ анық сөйлеу;
- қарсыластың сөзін бөлмеу, толық тыңдау;
- сыпайы және әдепті болу;
- дау кезінде жекесіңе өтпеу;
- қалыпты тонмен сөйлеуді қадағалау.

Мұндай үлкен концепцияны толығымен құрылымдау мүмкін болмайтындықтан - оның принциптерін барлық мәдениеттер мен әлеуметтік топтар пайдаланбайды. Қазіргі заманғы қауымдастықтың көпшілігі үшін қолайлы тек негізгі ережелер бар:
1. Біркелкі, бейтарап интонация. Дауысты көтеру және төмендету стандартты сөйлесуде қалыпты емес. Әңгімелесушілер бір-бірін жақсы естуі керек, бірақ айналасындағылар, егер бар болса, басқа біреудің сөйлесуінен ешқандай қолайсыздықты сезінбеуі керек.
2. Сәлемдесу және қоштасу. Әрбір әңгіме сәлемдесуден басталып, қоштасудан бітуі керек.
3. Әңгімеде қатысушылар саны екі адамнан көп болса және біреу біреумен таныс емес болса, таныстырыңыз. Өзіңізді таныстырмай, басқалармен әңгіме бастау әдепсіздікке жатады. Ортаға жаңа адам әкелетін кез келген адам оны таныстыруы керек. Бірнеше адам арасындағы диалогта таныстар болмаса, ереже бұлжытпай орындалмайды.

Негізгі қағидалар - сабырлылық, жанжалды жағдайларды болдырмау және мейірімді (бейтарап) атмосфера. Іскерлік әңгіме немесе кез келген басқа ресми кездесу кезінде эмоцияларыңызды және басқаларға деген көзқарасыңызды айқын білдіру ұсынылмайды.

1.5 Сөз әдебінің қасиеттері мен ерекшелігі
Сөз әдебінің әлеуметтік және лингвистикалық қасиеттерін төмендегідей сипаттауға болады:
Бірінші қасиет - қоғамның талаптары мен этикет нормаларын орындаудың маңыздылығы. Басқаша айтқанда, егер өз ортаңыздың, қоғамдастықтың, оның ішінде ұлттық ортаның мүшесі болғыңыз келсе, сізден күтілетін талаптарды орындауыңыз қажет (әлеуметтік рөлдерге, ресми немесе бейресми жағдайдағы сәттерге және т.б. сәйкес).
Екінші қасиет - сөйлеу мәдениетінің формуласын қолдану - бұл сөйлеу әрекетін іске асыру. Яғни, "сөз - бұл іс". Мысалы, адам "Рахмет!"-, деп айтса, ол сол арқылы алғыс айту ісімен айналысады.
Үшінші қасиет - сөйлеу мәдениетінің стереотиптерінің тілдік құрылымында адресанттың "мен" және адресаттың "сен" сөздері қолданылады. Кейбір жағдайларда ашық түрде ("Мен сенен кешірім сұраймын!"), немесе жабық түрде ("Кешір!). Бірақ, айтылып - айтылмағанына қарамастан "мен" және "сен" сөздері әрдайым өзара әрекеттеседі.
Сөйлеу мәдениетінің ерекшелігі - бұл күнделікті тілдік тәжірибені де, тілдік норманы да сипаттайды. Сөйлеу мәдениетінің элементтері кез-келген ана тілінің күнделікті тәжірибесінде кездеседі, ол осы формулаларды сөйлеу ағымында оңай таниды және оларды белгілі бір жағдайларда сұхбаттасушыдан күтеді. Сөйлеу этикетінің элементтері терең игерілгендігі соншалық, оларды "аңғал" тілдік сана адамдардың күнделікті, табиғи және табиғи мінез-құлқының бөлігі ретінде қабылдайды. Сөйлеу мәдениетінің талаптарын білмеу және соның салдарынан олардың орындалмауы (мысалы, ересек адамға "сен" деп жүгіну) жаман мінез-құлық ретінде қабылданады.
Екінші жағынан, сөйлеу мәдениетін тілдік норма тұрғысынан қарастыруға болады. Дұрыс, мәдени сөйлеу идеясы сөйлеу этикеті саласындағы норма туралы белгілі бір идеяларды қамтиды. Мысалы, әр адам ыңғайсыз жағдайлардағы кешірім сұрау формулаларын біледі; дегенмен, белгілі - бір сөздер кейбір адамдармен құпталса, басқаларымен құпталмауы мүмкін. Мысалы, бір адам "Ғафу өтінемін", "Айып етпеңіз" десе, басқасы "Кешіріңіз"деген сөзді қолданады.
Сөйлеу мәдениетінің бірліктерін қолдану не қолданбау да қалыпты норма болуы мүмкін. Мысалы: сөйлеуші тыңдаушыңы бөлетін болса, кешірім формулаларын қолдау орынды, бірақ жиі кешірім сұрай беру орынсыз. Өйткені бұл тыңдаушыны ыңғайсыз жағдайға қалдырады, сонымен қатар, әдеби тілдің нормалары мен ережелерін бұзу, әсіресе ұқыпсыздыққа ұқсаса, сөйлеу этикетінің бұзылуы ретінде қарастырылуы мүмкін.
Демек, сөйлеу мәдениетінің талаптары иерархияның бір түрін құрайды. Олар белгілі бір дәрежеде әр тілдің активті және пассивті тілдік тәжірибесінің ажырамас бөлігі болып табылады; екінші жағынан, бұл талаптар сөйлеу мәдениетінің белгілі бір деңгейіне байланысты қолданылады. Соныңда адамдар ана тілінде сөйлеу этикетінің басқа да қыр-сырлары туралы біліп, оларды күнделікті практикада дұрыс қолдануға үйренеді.

2 Тілдік сауаттылық және қате қолданыстағы сөздерді қолдану мәселелері
Тілдің қоғамдағы функционалдық қызметі - белгілі бір мәдени ортаға кіретін жеке адамдар тобының қарым- қатынасын құру. Ал тілдік сауаттылық тұлғаның сол ортаға бейімделе алу деңгейінің өлшемі. Яғни, адам баласының әлеуметтік ортаға белгілі бір ақпаратты сауатты жеткізу қабілеті сол тұлғаның тілдің грамматикалық нормаларына сай жазу, оқу дағдыларын игеруімен айқындалады. Бұл тілдік дағдыларды дамыту арқылы оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру сапалы білім беру саласындағы алға қойған бағыттардың бірі. Егер оқушы осы тілдік дағдыларды сіңірмесе, әлеуметтік ортадағы рөлі кемиді және өзін толыққанды қоғам мүшесі ретінде сезіне алмайды. Тілдік сауаттылық тұлғаның мәдени ортада өмір сүру үшін қажет білік дағдылардың жиынтығынан (жазу, оқу, санау және т.б.) құралады. Бұл дағдыларды арттыратын тілді оқыту әдістемелері оқушыны тілдің толық меңгеруіне ықпал етеді. Мәселен, дыбыстық ақпаратты түсіну үшін оқушы тыңдау әдістерін меңгеруі қажет; ал кез келген қағаз жүзінде берілген ақпаратты қабылдау үшін оқу дағдыларын игеру маңызды. Бұл мақсатта көптеген мектеп бағдармалары тілдік сауаттылықты арттыруға арналған жаттығуларды дайындау арқылы іске асырады. Ал бұл, өз кезегінде, оқушының сол тілде ойлауына және өзіндік пікір қалыптасуына әкеледі. Демек, адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін тілдік сауаттылыққа қол жеткізетіні анық. Тілдік сауаттылықты елдің әлеуметтік және мәдени дамуының көрсеткіші ретінде қарастырған да жөн. Өйткені қоғам мен тіл даму сатысында бірге жүреді. Тіл заманның талғамына орай жаңарып, үнемі даму үстінде. Ал оның заман сұранысына сәйкес жаңаруы тілдің табиғи нұсқасына нұқсан келтіруі мүмкін. Мәселен, қазіргі заман үшін орфографиялық қате мен тілді шұбарлайтын "слэнгтердің" көбеюі белең алуда. Қазіргі қоғамда WhatsApp, Telegram, Instagram сияқты әлеуметтік желілер қарқынды дамып, қазіргі қоғамның ақпарат көзі ретінде саналады. Бұл желілерде сапасы төмен, жалған және орфографиялық қателермен жазылған ақпараттардың таратылуы оқырмандардың тілдік сауаттылығына әсер ету қауіпі бар. Әлеуметтік желілерде жиі көрінген қате оқырманның санасына сіңіп, сөйлеушінің қолданыс аясына түсуі таңғаларлық жайт емес. Соған орай, атап өткен мәселелердің болуы тілдің функционалдық сауаттылығын дамыту жолдарын қарастырудың өзектілігін дәлелдей түседі.
​Қазақ тілінің қазіргі жағдайы жөнінде көптеген мәселе туындап отыр. Себебі ана тіліміздің басқа тілдермен араласып кетуі біршама қиындықтар тудырып жүр. Соның нәтижесінде қайсысы төл сөз, қайсы өзге тіл екенін де ажырата алмай қалатын кездер де жеткілікті. Қазақ халқы тәуелсіздігімізді алғанға дейін біраз қиындықтан өтті. Ұзақ жылдар басқа елдің отарында болғандықтан, сол елдің тілін өз тіліне араластырып кеткенін жасыра алмаймыз.Сондықтан да тілдік қолданысымызда мағынасы түсініксіз сөз көптеп кездеседі. Өйткені онда Ресейдің басқыншылығы кезінде қалып қойған орыс тілінің әріптерімен қатар аударуға келмейтін сөздері өріп жүр. Ел арасына діннің келуімен қатар араб тілі де араласып, көп сөзіміз араб тілінің еншісінде. Қазір тіл білімін зерттеушілер қазақ тілін өзге тілдермен салыстыра отырып, кірме сөздерді орфографиялық, фразеологиялық сөздіктерден алып тастап жатыр. Әр сөзді жіктеп, електен өткізу арқылы бізге қажетті сөздерді ғана Қазақ тілінің энциклопедиясына енгізген болатын.

2.1 Қазіргі жастардың сленг тілінде сөйлеу мәселесі

Қазіргі жастардың сөйлеу мәдениетінде көзге түсетін, құлаққа жағымсыз да естілетін, өзіне тән тілдік ерекшелігі байқалатын тілдік элементтер бар. Сондай ерекшеліктердің бірі -- сленг сөздер. Сленг сөзін күнделікті өмірде белгілі бір заттың атауы үшін қолданылатын, қалыпты тілден ауытқыған, мысқылдап, мәнерлі сөздер. Сленг әртүрлі әлеуметтік топтардың ерекше қолданыстағы сөздері. Кейбір зерттеушілер жаргонды сленгпен байланыстыра қарайды. Сондықтан сленг ерекше лексика қызығушылықтары ортақ адамдардың қарым - қатынастарынан туындайтын сөздер деп көрсетеді. Сленг табиғаты оның үнемі жаңарып отыруын талап етеді. Көптеген сленг сөздері салыстырмалы түрде ұзақ өмір сүрмейді және егер олар тілде тұрақталса, яғни сленг қатарынан жалпы ауызекі тіл лексикасына өтіп кетсе, қолданыстан түсіп қалады.
Әлеуметтік желілерде және өзара ауызекі қарым-қатынаста жастардың слэнгтермен сөйлеу түрі көрініс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай поэзиясының тілі
Сөйлеу мәдениеті - оқу пәні
Тілдік норманың қалыптануы
Сөйлеу мәдениеті - жеке адамның білімдік және тәрбиелік көрсеткіші
Тіл мәдениеті және лексикалық норма
Компьютерлік қысқарған әрі ұятсыздау естілетін сөздер
Сөз мәдениеті Сөйлеу мәдениеті
Тілдік норма
Мәдениет тілі туралы
ӘДЕБИ СӨЙЛЕУ НОРМАЛАРЫ
Пәндер