Тарих ғылымдарының докторы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 146 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

ӘОЖ 902(574) 631/635:929

Оспанов Ерболат Берікұлы

Х. А. Алпысбаевтың ғылыми ізденістеріндегі Қазақстанның тас ғасыры

6D020800- археология және этнология

Философия докторы (PhD)

Дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Отандық ғылыми кеңесші:

Ж. К. Таймагамбетов

Тарих ғылымдарының докторы

Шетелдік ғылыми кеңесші:

Раду Иовита

PhD доктор, Тюбинген университеті

Жоспар
Жоспар: Белгілеулер мен қысқартулар . . .
3
Жоспар: Кіріспе . . .
4
Жоспар: 1. Х. А. Алпысбаевтың өмір жолы мен ғылым-педагогикалық қызметі . . .
17
Жоспар: 1. 1 Отандық археология мен тұлғатанудың теориялық-методологиялық мәселелері . . .
17
Жоспар: 1. 2 Х. А. Алпысбаевтың өскен ортасы және еңбек жолы . . .
27
Жоспар: 1. 3 Х. А. Алпысбаевтың ұйымдастырушылық жұмыстары және ғылыми-педагогикалық қызметі . . .
31
Жоспар: 2. Х. А. Алпысбаев және әлемдік археология . . .
35
Жоспар: 2. 1 Х. А. Алпысбаевтың Еуразия аумағындағы тас дәуірі мәселелеріне қатысты ғылыми тұжырымдары . . .
35
Жоспар: 2. 2 Ғалымның Костёнки-стрелецкая археологиялық мәдениетін зерттеуге қосқан үлесі . . .
45
Жоспар: 2. 3 Х. А. Алпысбаев еңбектеріндегі палеометал дәуірі мен жартас суреттерінің сауалдары . . .
57
Жоспар: 3. Х. А. Алпысбаевтың Қазақстан тас дәуірі ескерткіштерін зерттеуге қосқан үлесі: тарихи-археологиялық және тарихнамалық талдау . . .
69
Жоспар: 3. 1. Х. А. Алпысбаевтың палеолит дәуірі ескерткіштерін зерттеуі және ғылыми тұжырымдамалары . . .
69
Жоспар: 3. 2. Мезолит және неолит мәдени-тарихи кезеңдеріне қатысты ғалымның ізденістері . . .
83
Жоспар: 3. 3. Ғалымның жарық көрмеген тас ғасыры ескерткіштері мен материалдары: ғылыми айналымға енгізу тәжірибелері . . .
94
Жоспар: Қорытынды . . .
110
Жоспар: Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
113
Жоспар: Қосымша А . . .
125
Жоспар: Қосымша Б . . .
130
Жоспар: Қосымша В . . .
132

Белгілеулер мен қысқартулар

АН - Академия наук

БҒМ - Білім және ғылым министрлігі

ВКП- Всесоюзная коммунистическая партия

ҒА -Ғылым академиясы

ҒК - Ғылым комитеті

ИА - Институт Археологии

КазССР - Казахская Советская Социалистическая Республика

ҚазҰУ- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ҚР ҰҒА - Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы

КСР - Кеңестік Социалистік Республикасы

КСРО - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

ЛБ - Ленинград бөлімі

РАИМК - Российская Академия истории материальной культур

ССР - Советская Социалистическая Республика

УССР - Украинская Советская Социалистическая Республика

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі

Биографиялық жанр тарихи зерттеудің арнайы түрі болып табылады. Ғылым дамуына өз үлесін қосқан ғалымдардың еңбектерін саралау ісі соңғы жылдары отандық археология тарихнамасында дамып келе жатыр. Мұның өзі бірнеше факторлар арқылы түсіндіріледі: біріншіден, тұлғатану арқылы ғылыми-тәрбиелік мәні жоғары құнды мағлұматтар алынады әрі белгілі бір ғылым қайраткерінің соқпақты тағдыры жүйеленеді; екіншіден, жеке ғалымдардың ғылыми ізденістері сараланып қана қоймайды, сонымен қатар жалпы ғылымның дамуы да таразыланады; үшіншіден, зерттеушілер ғұмыр кешкен ортаның мәні мен сол замандағы уақыт лебі де зерделенеді. Осы тұрғыдан келгенде, биографиялық жанрдың өзіндік мәні мен мағынасы, археология тарихнамасында да алар орны мен рөлі зор екендігі байқалады.

Хасан Алпысбайұлы Алпысбаев - отандық археологиядағы ірі тұлға, ұстаз, ғылымды ұйымдастырушы әрі кәсіби маман. Саналы ғұмырын археологияға арнаған Х. А. Алпысбаев тас ғасырын зерттеуге мол үлес қосты, соның ішінде отандық палеолиттану, мезолиттану және неолиттану салаларында өлшеусіз еңбек етті, осы салалардың негізін қалады десе де болады, сондай-ақ әлемдік археология тарихында қомақты орны бар костёнки-стрелецкская археологиялық мәдениетінің ескерткіштерін зерттеуге атсалысты, ішінара қола дәуірін, жартас суреттерін зерттеуге де арнады. Ол ондаған жылдар бойы өз археологиялық зерттеулерін ұйымдастырып маңызды деген бірнеше тарихи-археологиялық мәселелерді көтерді, қызықты ғылыми тұжырымдар жасады.

Алайда әлі күнге дейін отандық археология тарихнамасында ғалымның сан салалы ғылыми қызметін, педагогикалық жұмыстарын, көпқырлы келелі ойлары мен тұжырымдамаларын талдап, ғылыми үлесін бағамдап берген, іргелі пайымдамаларын таразылаған еңбектердің жазылмай жатқандығы да белгілі болып отыр. Мұның өзі біздің тарапымыздан көтеріліп отырған тақырыптың өзектілігін нақты көрсетеді. Өз кезегінде Хасан Алпысбайұлы Алпысбаевтың еңбектерін зерделеудің көкейкестілігі бірқатар сауалдардың аясында тоғыстыруға болады.

1. Х. А. Алпысбаевтың өмір мен шығармашылығын талдау - зерттеушінің заманындағы қазақстандық ғалымдардың да еңбектерін сараптамадан өткізуге мүмкіндік береді;

2. Отандық археология ғылымының қалыптасуына және дамуына қатысты сауалдарды көтеру сынды мәселелерді қоюға септігін тигізеді;

3. Зерттеушінің ғылыми көзқарастарының қалыптасуы мен дамуын зерттеу отандық тарихнамадағы археология тарихы секілді дербес ғылыми бағыттың дамуына жола ашады;

4. Ғалымның тұжырымдарына шынайы талдау жүргізу әлі күнге дейін ғылымда шешілмей жатқан мәселелерді оңтайлы қарастыруға практикалық тұрғыдан маңызға ие бола алады.

Сайып келгенде, Хасан Алпысбайұлы Алпысбаевтың ғылыми қызметін шынайы әрі толыққанды тереңдетіп қарастыру уақыт пен жаңа белеске көтеріліп дамып келе жатқан отандық тарих ғылымының, соның ішінде қазақстандық археологияның талаптарынан туындап отыр.

Қазақстан археологиясына мол үлес қосқан Хасан Алпысбайұлы Алпысбаевтың ғылыми-педагогикалық және ғылымды ұйымдастырушылық қызметін зерделеу зерттеу нысаны болып табылады.

Диссертаиялық ізденіс зерттеу пәніне ғалымның өмір жолы, қоғамдық қызметі мен ғылыми-зерттеу жұмыстары кіреді.

Зерттеу жұмысының негізгі хронологиялық шеңбері Хасан Алпысбайұлы Алпысбаевтың өмір сүрген жылдарын қамтиды. Сонымен қатар, ол тапқан ескерткіштер бойынша одан кейін жасалып жатқан далалық ізденістер диссертацияда ішінара жүйеленгендіктен, оның хронологиялық шегінің жоғарғы тұсы қазіргі уақыттарды да қамтиды.

Диссертациялық жұмыстың аумақтық шеңбері Хасан Алпысбайұлы Алпысбаев жүргізген кеңістіктіктегі масштабты, яғни Қазақстан аумағын, Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы жерлерін де қамтып отыр. Жекелеген теориялық-методологиялық, т. б. сауалдар бойынша Орталық Азия аумағы да қамтылады.

Диссертация тақырыбының зерттелу деңгейі

Қолдағы материалдар отандық археология тарихнамасында Хасан Алпысбайұлы Алпысбаевтың ғылыми шығармашылығы туралы жазылған іргелі ізденістердің жоқтығын көрсетіп отыр. Ол жайында ХХ ғасыр соңғы жылдарына дейін ешқандай мәселелер көтеріле қоймады. Жазылған еңбектердің дені естеліктер, еске алу тұрғысында болғандығын да айта кеткен жөн. Мәселен, 1998 жылы Түркістан қаласында Хасан Алпысбайұлы Алпысбаевтың мерейтойына қатысты ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды [1] . Бұл жиынды ғалымның мерейтойына орайластырып Ж. Қ. Таймағамбетов ұйымдастырды. Оған бірнеше зерттеушілер қатысып, өз естеліктерімен бөлісті. Ж. Қ. Таймағамбетов жинағында Х. А. Алпысбаевтың ғұмырнамасына тоқталып кетті) [1., 6-11 бб] . Одан басқа Х. А. Алпысбаевттың жұмысы барысындағы сол кезеңдегі жаналықтары мен жетістіктері туралы Р. Сүлейменовтың мақаласынан көре аламыз. [1, 14-17 бб], Сонымен қатар Х. А. Алпысбаев жайлы О. Смағұлов, А. Г. Максимова, Н. О. Алдабергенов секілді ғалымдар ойларымен бөлісті. [1, 18-26 бб] .

Барлығы зерттеушінің ғылым жолындағы жетістіктеріне тоқталып өтіп, бірлі-жарымды естеліктерін айтып кетті. Дегенмен бұл мақалалардың басым бөлігі мемуарлық сипатта деп тұжырым жасауға болады. Зерттеушінің ғылыми-шығармашылық мұрасына нақты-тарихи талдау жасаған мақалалар саны аса көп еместігі де байқалады.

Кейіннен Х. А. Алпысбаев туралы археолог Д. С. Байгунаков [2, 3-5 бб] өзінің шағын мақаласын жариялады. Оның мақаласы «Х. А. Алпысбаев және Қаратау тас дәуірі ескерткіштерінің сауалдары» деп аталынады. Автор жоғарыдағы конференцияда сөз сөйлеген мамандардың пікірлеріне шағын талдау жасап өтті де, зерттеушінің Қаратау өңіріндегі атқарған далалық ізденістеріне татымды баға берді.

Ол әлемдік археология саласындағы Х. А. Алпысбаевтың Қаратау жоталарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының алатын орнын нақты көрсетіп берді, осындағы түрлі археологиялық нысандардың өзіндік маңызын бағамдай алды. Дегенмен автор мақаласында зерттеушінің тек Қаратау өңірінде жүргізген стационарлық ізденістерімен ғана шектелген еді.

Бұдан кейін Хасан Алпысбайұлы Алпысбаев ғұмырнамасы мен ғылыми шығармашылығы туралы біздің тарапымыздан мақала жарияланды [3, 92-94 бб] .

Біздің тарапымыздан зерттеушінің өміріне қатысты мұрағаттық құжаттар негізінде биографиялық талдау жасалынып, бұрын беймәлім болып қалып келген бірқатар жайттар, әсіресе оның отбасына қатысты, әлеуметтік жағдайы жайлы, оқыған кезіндегі және жұмыс істеп жүрген жылдарындағы өмірінің қалтарысты тұстары туралы бірқатар мәселелер нақтыланды әрі толықтырылды.

Айта кету керек, Х. А. Алпысбаев еңбектерін жүйелеу тас дәуірі ескерткіштерінің зерттелуімен тікелей байланысты. Ол алғашқылардың бірі болып палеолиттік ескерткіштердің зерттелу тарихына тоқталып кеткен. Нақты айтқанда өзінің «Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана» атты іргелі еңбегінде отандық палеолиттанудың қалыптасуын бір ізге түсірді [4] . Автор еңбегінде өзінің кейбір ізденістерінің нәтижелерін де көрсетті. Осы бағыттағы жұмыстарды кейіннен археолог Ж. Қ. Таймағамбетов те біршама жандандыруға тырысты. Бұл зерттеуші өзінің «Палеолитическая стоянка им. Ч. Ч. Валиханова» атты монографиясында палеолиттану тарихын ішінара толықтырып кетуге талпынды [5] . Дегенмен негізгі материалдар автор тарапынан қысқаша мазмұнда әрі шолу түрінде ғана берілген болатын. Кейіннен Ж. Қ. Таймағамбетов [6, 22-40] «История изучения палеолита Казахстана» деген тақырыптағы мақаласында палеолиттік ескерткіштердің зерттелу тарихын біршама толыққанды сипаттап кетті. Мәселеге кеңінен келіп, өзі ашқан бірен-саран ескерткіштерді де осы жұмысында көрсетіп берді. Ол 1980 жылдар ортасына дейінгі ғана палеолиттік ескерткіштердің зерттелу тарихын баяндап шықты, соның ішінде Х. А. Алпысбаев зерттеген нысандарды атап кетті және оның отандық археологияға қосқан үлесін бағамдап өтті. Кейіннен Ж. Қ. Таймағамбетов шәкірті Д. С. Байгунаков та Хасан Алпысбайұлы Алпысбаевтың ғылыми мұрасын жүйелеуге біршама үлесін қосты. Ол да өзінің кандидаттық диссертациясында қазақстандық палеолиттік ескерткіштердің зерттелу тарихын толымды түрде жүйелеп шықты [7, 29б] . Алайда Д. С. Байгунаковтың ғылыми ізденісі алдыңғы авторлардың еңбектеріне қарағанда біршама толыққанды әрі мазмұнды болып шыққан. Біріншіден, ол әрбір ескерткіштен алынған материалдарды, табылған еңбек құралдарының үлес салмағын, ескерткіштердің мәдени-тарихи орнын, т. б. нысандарға қатысты сауалдарды жан-жақты баяндап берген; екіншіден, ол сонымен қатар Х. А. Алпысбаев зерттеген мезолит пен неолит дәуірлерінің ескерткіштерін де жүйелеген еді. Еңбегі сонысымен де құнды. Нәтижесінде Д. С. Байгунаков тарапынан Қазақстан тас дәуірінің мәселелеріне қатысты бірегей еңбек жазылған деуге болады. Тас дәуірінің үш мәдени-тарихын кезеңін саралаған еңбегі кейіннен бірлескен монография түрінде жарияланды [8] .

Дегенмен жоғарыда аталған ғалымдардың ешқайсысы да Хасан Алпысбайұлы Алпысбаевтың ғылыми мұрасын толымды түрде зерттеуді алдарына мақсат етіп қойғандығы байқалмайды. Өйткені зерттеушілердің барлығы да басқа мәселелер төңірегінде, яғни өз ғылыми ізденістерінің мақсаттарына қарай әңгіме өрбіткен еді.

Жалпы алғанда, Хасан Алпысбайұлы Алпысбаевтың еңбегі әріптестері тарапынан ішінара болса да үнемі бағаланып отыр. Мәселен, Д. С. Байгунаков пен Ғ. Т. Бексеитов [9, 11-15 бб] «Қаратау өңіріндегі палеолит ескерткіштері және жаратылыстану ғылымдары: зерттеулер, әдістер және нәтижелер» деп аталатын баяндамаларында ғалым жайлы қаузап кетті.

Авторлар Х. А. Алпысбаев Қаратау өңірінен 200-ден аса тас дәуірінің тұрақтарын тауып, ғылыми айналымға енгізді деп оның еңбегін жоғары бағалады. Мұнымен толық келісуге болады.

Тағы да айта кететін бір жайт, Х. А. Алпысбаев ғылыми мұрасы ішінара болса да тас дәуірі мәселелеріне қатысты басқа тақырыптар қозғалған кезде көтеріліп отырды. Әсіресе өткен ғасырдың екінші жартысында ғалымның әріптесі болған Алан Георгиевич Медоевтың (1934-1980) ғылыми ізденістерін саралаған жұмыстарда да көрініс тапты. Геолог әрі археолог А. Г. Медоев туралы ең алғашқы рет ғылыми мақала жазған Д. С. Байгунаков [10, 92-95 бб] болып табылады. Ол биографиялық жанрда А. Г. Медоевтың ғұмырнамасына тоқталумен шектелмей тас дәуірі сауалдарына қатысты көзқарастарына тарихи-археологиялық тұрғыдан баға берді де, негізгі тұжырымдарын талдап, озық пікірлерін тереңдете талдап өтті.

Кейіннен Қазақстан жоғары палеолиті мәселелерімен шұғылданған археолог Д. Ожерельевте [11] А. Г. Медоев ізденістеріне баға беруге талпынды. Әдетте бұл екі ғалымды зерттеушілер қазақстандық палеолиттанудың негізін қалаушылар ретінде таниды. Көптеген ғылыми еңбектерде жүргізілген талдау жұмыстарында екеуінің отандық палеолит дәуірі мәселелеріне қатысты ойлары, пайымдаулары қатар жүреді. Олардың палеолиттануға қосқан үлесін құрметпен бағалау академик Ж. Қ. Таймағамбетов [12] еңбектерінде де жиі кездесіп жатады.

Көрнекті археолог Ж. Қ. Таймағамбетов өз кезегінде Х. А. Алпысбаевтың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ешқашан қаперінен шығарған емес. Бұл зерттеуші новосібірлік ғалымдармен бірлесіп жариялаған бірнеше монографияларында Х. А. Алпысбаевтың ғылыми тұжырымдамаларын оңынан бағалап кеткен [13 14; 15] . Археолог Ғ. Т. Бексеитовте өзінің кандидаттық диссертациясында Х. А. Алпысбаевтың Қаратау палеолитін зерттеудегі рөлін жоғары бағалаған болатын [16] .

Ресей археологы А. А. Цыбанков Х. А. Алпысбаевтың Қаратау жотасы Аққөл көлінің маңындағы археологиялық зерттеулеріне жоғарғы баға бере отырып ашылған тас ғасыры ескерткіштері қазіргі таңда жаңа көз қарастағы қайта зерттеулерді талап етеді деген [17] .

Х. А. Алпысбаевттың А. Г. Медоевтың ізденістерін ағылшын тілінде жарнамалаумен айналысып жүрген Ренато Сало, Жан-Марк Деом сынды шетелдік әріптестердің еңбектерінде Х. А. Алпысбаев жайлы мәселе көтеріле қоймады [18] . Дегенмен жанама немесе жалпылама түрде болғандықтан бұл аталған ғалымдардың еңбектерінде Х. А. Алпысбаевтың ғылыми мұрасына толыққанды баға беріле қоймады, негізгі мақсаттары басқа болғандықтан зерттеушілердің барлығы да ғалымның бірлі-жарымды көзқарастарын, ғылыми ұстанымдарын атап кетумен ғана шектелген еді.

Х. А. Алпысбаев жайлы энциклопедиялық басылымдарда да ғылыми-көпшілік мақалалар жарияланды. Олардың арасынан Ж. К. Таймағамбетов [19, 298 б], Д. С. Байгунаков [20], З. Төленова, т. б. [21] еңбектерін атап кеткен абзал. Әрине, бұл анықтамалық басылымдарда Х. А. Алпысбаевтың өмір дастаны жайлы азды-кемді мәліметтер берілді. Мысалы, өзінің мақаласында Ж. Қ. Таймағамбетов жалпылама түрде мәлімет беріп, ғалымның негізгі зерттеулерін, оның ішінде Бөріқазған, Тәңірқазған сынды ескерткіштерді тапқандығын айтып өтті. Оны ары қарай өрбіткен Д. С. Байгунаков Отарар өңіріндегі Х. А. Алпысбаев тауып зерттеген Жаңашілік-1-3, Маятас, Шілік, Тасқотан, т. б. ескерткіштер туралы ғана баяндады, ал З. Төленова ғалымның Қазақстан археологиясына қосқан үлесін атап кетумен шектелді. Мұндай қысқа көлемдегі ақпараттар беретін жұмыстарды анықтамалық еңбектердің мақсаты мен міндеттерінен туындаған деуге де болады.

Сайып келгенде, жоғарыда талданған еңбектерде Х. А. Алпысбаев өмірбаяны мен ғылыми шығармашылығына қатысты біршама тұжырымдар жасалған деуге болады. Мұның өзі Х. А. Алпысбаевтың көпқырлы ғылыми тұлғалық қасиетін де айғақтайды. Зерттелініп отырған мәселеге жасалынған тарихнамалық талдау бүгінгі күні Х. А. Алпысбаев ғылыми мұрасы, оның ғылымға қосқан үлесі туралы кешенді еңбектің жоқ екендігін нақты көрсетеді. Қолдағы бар материалдар, яғни жоғарыда аталынған еңбектер Х. А. Алпысбаевтың жекелеген қырларын ғана ашады. Алайда әлі күнге дейін оның өмірі жөнінде, ғылыми шығармашылығы жайлы біртұтас әрі жан-жақты еңбектің болмай тұрғандығы анық байқалады. Мұндай жағдай біздің тарапымыздан көтеріліп отырған мәселенің өзектілігін тағы бір нақтылай түседі. Әрі Қазақстан археологиясында өзіндік қолтаңбасын қалдырған зерттеушінің отандық ғылымға қосқан үлесін саралау қажет екендігін нақты аңғартады.

Зерттеудің деректік қоры

Диссертациялық ізденістің деректік қоры бірнеше топтан тұрады. Бірінші топқа мұрағаттық құжаттарды жатқызуға болады. Ең алдымен ҚР ЖБҒК «Ғылым ордасы» архивіндегі Х. А. Алпысбаевтың жеке дербес №Ф81. ОП1 қорын. Бұл қорда ғалымның жеке құжаттары, фотолар, отбасылық фотолар, т. б. сақталған. Одан кейін біздің тарапымыздан пайдаланылған зерттеушінің жеке қоры Сонмен қатар келесі бір деректік-мұрағаттық қор Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтында сақталып тұр. Институт мұрағатында Х. А. Алпысбаев басқарған археологиялық отрядтардың ғылыми есептері, суреттері, сызбалары, күнделіктері, т. б. сақталған. Бұл материалдардың барлығы Х. А. Алпысбаевтың өмір белестерін нақтылауға, қызметінің негізгі бағыттары мен мазмұнын айқындауға, жұмыстарының нәтижелерін таразылауға және оның үлесін бағамдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, диссертант ғылыми тағылымдама аясында Санкт-Петербург қаласында болып, ондағы мұрағаттармен де жұмыс істеді. РҒА Материалдық мәдениет тарихы институтының архивінде Х. А. Алпысбаевтың 1954 ж аспирантурада білім алуы мен оның кандидатық диссертациясын қорғау кезеңі бойынша бізге бимәлім деректер мен құжатар жинақталып диссертацияда көрініс тапты. Сондай-ақ Х. А. Алпысбаев өмірінің қалтарыста қалған беттерін жаңғыртты.

Қарастырылып отырған тақырып бойынша екінші маңызды деректік қорды жарияланған материалдар құрайды. Ең алдымен Х. А. Алпысбаев жазған монография ерекше маңызға ие. Одан басқа бұл археологтың ғылыми-көпшілік еңбектері, ғылыми мақалалары, тезистері, т. б. өзіндік құндылығымен ерекшелінеді. Олар ғалым өміріндегі әртүрлі кезеңдерінде жазылды. Зерттеушінің ғылымға қосқан үлесін саралау үшін еңбектерінің маңызы өте зор әрі сол материалдардың негізінде ғалымның тарихи мәселелерге қатысты көзқарастарын таразылауда таптырмас деректік қор болып табылады.

Үшінші топтағы деректік қорды Х. А. Алпысбаев ғылыми мұрасына қатысты зерттеулер, оның ғұмырнамасы туралы естеліктер, сұхбаттар, бұқаралық-ақпараттық құралдардағы материалдар, т. б. құрайды. Төртінші топтағы зерттеудің деректік қорды энциклопедиялық басылымдар, оларға шыққан Х. А. Алпысбаев жайлы еңбектер, бұл ғалымның анықтамалық басылымдарға жарияланған еңбектері құрап отыр. Сайып келгенде, зерттеудің деректік қорында жинақталған материалдар құрамы әркелкі және ақпараттық ресурсы қомақты әрі жан-жақты. Мұның өзі отандық археологияға өзіндік ғылыми үлесін қосқан Х. А. Алпысбаев ғылыми-педагогикалық ғұмырнамасы туралы толыққанды әрі шынайы ақпарат алуға, оның ғылыми-шығармашылық мұрасын тиянақты зерделеуге мол мүмкіндіктер туындатады. Зерттеудің деректік қорына жасалынған талдау Х. А. Алпысбаевтың ең алдымен Қазақстан тас дәуірі мәселелері бойынша еңбек етіп, танымалдылыққа ие болғандығын нақты көрсетеді. Қорыта айтқанда, біздің қолда жинақталған қомақты деректік қор алдымызға қойылған мақсат пен міндеттерді шешуге толық мүмкіндік береді деп айта аламыз.

Диссертациялық жұмыс мақсаты Х. А. Алпысбаевтың археологиялық ізденістерін, ғылыми-педагогикалық қызметін кешенді әрі жүйелі түрде зерттеу болып табылады.

Алдыға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу көзделді:

  • зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерге тарихнамалық шолу жасау, дереккөздерін талдау;
  • археолог Х. А. Алпысбаевтың биографиясы мен кәсіби қызметін толыққанды сипаттап шығу;
  • ғалымның ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметінің негізгі ғылыми бағыттарын, сүбелі еңбектерін зерттеу;
  • зерттеушінің костёнки-стрелецкая археологиялық мәдениеті ескерткіштерін зерттеуге қосқан үлесін таразылау;
  • археолог-маманның палеометалл дәуіріндегі, жартас суреттері секілді алуан түрлі ескерткіштерді зерттеуге қосқан үлесін бағамдау;
  • археолог Х. А. Алпысбаевтың отандық палеолиттануды қалыптастырудағы рөлін саралау;
  • ғалымның қазақстандық мезолиттану мен неолиттануды дамытуға бағытталған ізденістерін сараптамадан өткізу;
  • далалық ізденістер кезінде ғалымның тауып, зерттей алмай кеткен бірқатар ескерткіштердің материалдарын техникалық-типологиялық талдаудан өткізіп ғылыми айналымға енгізу;
  • кезінде археолог зерттеген ескерткіштердің бүгінгі жай-күйін талдау, оларда басқа мамандар тарапынан ғылыми-зерттеу жұмыстары жалғастырылған болса, онда археологиялық нысанның одан кейінгі зерттелу тарихын жүйелеп, ғылыми маңызын айқындау.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғалымдарының отандық тарихты дамытудағы рөлі
Ресейде жарық көретін Наука Сибири мерзімді басылымының 1990 жылғы
С. МӘДУАННЫҢ ҒЫЛЫМИ-ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ
Қазақ әдебиетің газетінде тарихи тақырыптың жазылуы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағат ұғымы
Білім мен ғылымға үлес қосқан менің өлкемнің тұлғалары
Қазақ фольклорының тарихы және оның зерттелуі
«Еңсегей бойлы ер Есім хан»
Қырғызстандағы қазақтар
Тарихи деректер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz