МУЗЫКА ЖӘНЕ ӘДІС



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын)
Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі МКҚК

Музыка кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Музыка тыңдау процесінде көрнекі және техникалық құралдарды қолдану әдісі

Мамандық атауы: 0108000 - Музыкалық білім беру
Пәні: Мектептегі музыкалық тәрбие әдістемесі

Орындаған: Оразалина Аяулым Боранбаевна
Ғылыми жетекшісі: Ұ.Н.Жүніс
Курстық жұмысты қорғаған бағасы:_____________

Кафедра меңгерушісі: _______________ С.А.Шарипова
Хаттама №_________________20__ж

Көкшетау 2023

Н.051-22. Басылым 2.

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
МУЗЫКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ? ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Музыка өнердің анасы, тәрбиенің бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
Мектептегі музыка пәні, негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .14
Музыка пәніндегі тыңдаудың маңызы. Тыңдаудың кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
МУЗЫКА ЖӘНЕ ӘДІС ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 1
Мектеп бағдарламасындағы музыка пәнін оқытуда қолдануға болатын метод түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Көрнекі және түрлі техникалық құралдарды қолдану жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25
ҚOPЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
ПAЙДAЛAНҒAН ӘДEБИEТТEP ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Музыка мәдениет пен өнер және тәрбиенің ұштаса келіп байланысқан жері. Музыка оқушыға өнерден хабар бере отыра, оның жанын тебірентіп, құйқасын шымырлатып, жүрегін қозғап жіберуге қауқары жететін өнер. Музыкада оқиға, кейіпкердің қимылы әуезді ән болып, жүрек түкпіріндегіні сыртқа шығарады. Музыканың дәл осы сипаты үшін оны адамдар ұнатады, қазіргі уақытта музыкасыз өмір сүре алмайтын адамдарда осының айғағы, дәлелі іспеттес. Бірақ, атағанымыз музыканы оңай, екен деп, селқос үйрету, оқыта берген жөн деп кеспіп айтуға келмейді.Қайта, бала дәл осы музыканың кез-келген жанрынан бастап, ауқымы кең өнер түрлеріне есік ашып, кеңінен таныс болады. Олай болса, музыканы жанымен түсіне білген, ұққан бала басқа өнер түрлерінен де хабардар болады әрі оларды да тез меңгеруге бейімделгіш бола бастайды. Ұстаз дәл осы ұлы өнерге бастайтын негізгі көз музыканы оқытып, үйретуде мұқият болып өзінің қолданатын әдіс - тәсілдеріне көп көңіл бөлгені абзалырақ болмақ.
Музыканы пән ретінде оқыту жолында тек оның беретін мазмұнына ғана емес, ең әуелі, оның негізгі проблематикасы, қозғап отырған идеясына мән беріп, оқушыны эстетикалық мұратқа жеткізу жолындағы еңбегі мен табысы , табысы қозғалуы керек. Сюжет, композиция тұтастығы, тіл көркемдігі, мәннің дұрыс берілу әрі жасалу жолдары айналасындағы еңбекте ең негізгі объектілepдiң бірі болып саналады. Музыканы жай ғана шығып тұрған әуен емес, оның берер көркемдік ерекшеліктері, эстетикалық сипатына мән беруді әрі бар ұғымдарын тереңдету де ол жайынан түсінік беру сабақтың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Музыканы оқыту үшін мұғалім тарапынан асқан жоғары психологиялық білім керек. Осы орайда тақырыбымызға арқау болып отырған көрнекі мен теххникалық құралдарды пайдалану арқылы оқушыны сабаққа қызықтыруға болады. Көрнекілік пен технологиялық құралдардыы пайдалану қазіргі оқыту жүйесінің басты талаптарының бірі. Әрі оны жай емес, ұтымды қолдану педагогикалық шеберлік. Мұғалім пәнін оқыту үшін ең тиімді деген әдіс-тәсілдерді іздеуі керек. Музыканы сыныпта, әрі үйде тыңдатып, баланың өнерге деген қызығушылығы мен фундаментін екі тарапта, яғни ата-ана мен мұғалім екеуі де бірлесе әрекет еткені жөн. басты оқиғаларды көрсетіп, үлгіде көрнекі етіп жазып, пайдаланып отырудың маңызы зор.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Музыканы оқытуда берілетін білім мен тәрбиенің аясы өте кең. Оны оқытуда берілетін теориялық ұғымдар туралы түсінік үшін, ең алдымен, материалды неше сағатта өтуге болады, әр сағатта өтілуге тиісті материал көлемі мен мазмұны және оның оқушыларға бұрыннан таныс, не таныс еместігі, сондай-ақ, оқушылардың қабылдай алу қабілеттілігі, өресі, дағдыларының бар-жоғы сияқты мәселелерді күні ілгері ойластырып, жоспарлап алу қажеттілігі туады. Музыканың кез-келген жан баласына үйретуде оның музыкадан алар берер тәрбиесі мол екендігі бесенеден белгілі. Музыканың көтерген мәселесі мен идеясы, оның жағымдылығы мен әуезділігі оқушыларды қиялға жетелейтіні сөзсіз. Яғни, оқушы музыканың мазмұнын түсіне отырып, әрі творчестволық білім алса, әрі көкірек тұсына сөзбен айтып жеткісіз ерекше күй пайда болады. Сол арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге көп көңіл бөледі. Сондай-ақ, музыканыың белгілі бір көтерген мәселесі арқылы әуеннің жанымен танысады. Әлбете оқушының музыка пәнніне деген қарым - қатынасын дәл осындай дәрежеге жеткізу үшін мұғалімнің бруу методтары мен жобасы үздік болуы тиіс. Метод деген ұғым сөз болғанда тақырыптың негізі көрнекілік пен технологиялық құралдар ойға келетіні даусыз. Аталған тәсілдерді қолдану арқыылы жоғарғыдағыдай дұрыс та жемісті нәтижеге жетуге болады.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: жинақтау, саралау, баяндау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- жалпы музыка жайынан хабар, түсінік беру;
- музыканы оқытудың маңызы мен әдіс-тәсілдері туралы айқындау;
- көрнекілік пен техникалық әдіс-тәсілдерді қолдану, талдау жолдарын үйрету.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кypcтық жұмыcтың құpылымы кіpіcпe бөлім, нeгізгі бөлім, қopытынды, coндaй-aқ пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тізімімeн қaмтылғaн.


I. МУЗЫКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ? ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Музыка (гр. μουσική, негізгі беретін мағынасы музалар творчествосы, шығармашылығы) - нақты бір шартты тұрғыдағы биіктіктегі дыбыстардан құралған, адамнның жанына әсем әуенімен, үнімен әсер ететін, дыбыстық әсем бейнеге келген өнердің бірі түрі. Адамға көңіл - күй арқылы, жан тебірентуге болатын эмоциялық әсері арқылыбұл өнер адам тарихында өзіндік орны барэ қоғам айнасы да, өнерге де, өміргее де әісер ете алатын күшке ие, адам өмірінде тәрбиелік және эстетикалық маңызды рөл атқарады. Музыка арқылы оны шығарған автордың қарапайысм 7 нота арқылы жеткізгісі келген ойы мен жан сырын, ішкі толғаныстары мен сезімін, дыбыстық пішінде бейнелейтін функция ретінде әрекет етеді. Музыка арқылы автордың жан дүниесін, көңіл-күйін, сезімін бейнелеуде музыка оның сөйлеу тіліне, дәлірек айтқанда, өзін қоршаған ортаға эмоциялық қатынасын білдіретін сөйлеу интонациясына өте жақын келеді.Бұл факторлардың бәрін назарға алмастан, музыка адамның досы сияяқты, адамға тән барша дыбыстық қимылдың бәрінен өзгеше әрі бөлек болып саналады. Музыка адамныңмдосы, еркіндік пен жанның бостандығы болғанымен онда нақты қатал тәртіпке негізделген ырғақтық функция бар. Музыкада тек өнерге тән творчестволық сипат қана тән емес, музыкада психологиялық сипат та бар. Музыка адамның өзіне тән характерін, жанын ашуға қолайлы жағдай тудырады. Музыкада оның авторының эмоциясын нақтылы, өзгеше бөлек сыршыл күймен сипаттап жеткізуде жағдай бар, яяғни дәл осы тұрғыда оның аясы кең. Сонымен қатар музыка түрлі жаңашыл ой әлемін, түрлі ситуацияларды және тұлға шындығын бейнелейді.
Музыканыың қай ғасырда пайда болғандыығы жайлы нақты бір сандар жоқ. Біраақ ол адамзат баласы Жер бетінде тіршілік етіп бастағаннан бері анық. Музыка өте ертеде қалыптасты. Түрлі ғалым, проффессорлардың зерттеулері мен пайымдаулары бойынша әуел баста музыка қоршаған орта, яғни табиғатта бар дыбыстардан: құстардың сайрауы, өзеннің сылдыыррап аққан дыбысы, орман мен тоғайдың сыбдыры, жаңбыыр менн найзағай сияқты құбылыстардың дыбыстарынан пайда болған. Лингввист ғалымдардың айтуынша адамзат баласы ең алғаш сөйлегенде осы дыбыстап, әуездеп айтуы арқылы пайда болған деп жатады. Ежелгі адамдар музыка жайлы тым бөлек ойлаған. Олардың пайымдауынша музыка - космостық күш, оны игере ілген адам Көкпен байланысқа түседі деп ойлаған.Ежелгі Үндістер де оны космостық күшке балап, оны адамдардың тағдыры мен ғұмырына, бүкіл өміріне әссер ете алатын күшке ие деп түсінген. Тіпті оны интерваалды жыл кездерімен, планеталармен байланыстырған. Ерте кезде адамдар музыканы ғарыштық күш деп білген және музыкалық үйлесімдік жаратылыстың негізі деп таныған. Ал ежелгі үндістер музыка адам тағдырына әсер ететініне сенген. Оны ғарыш заңдарымен байланыстырған: үнді планеталармен, интервалды жыл мезгілдерімен салыстырған. Жалпы кез -келген Ежелгі мемлекеттердің бәрі музыканы ғарыш, аспан жүйесімен байланыстты деген тұжырымға келген.
Музыканың бастауы қоршаған ортадағы дыбыстардан болды деп көрсеттік жоғарыда, ендеше қазіргі музыка өнері аддамның аспап, түрлі музыкалық құралдарды игеріп, үйренуімен басталады.
Музыка - өнердің ең негізгі әрі ауқымды саласы. Ауыз әдебиеті түрғысында ол негізінен белгілі бір адам санасына байланысты сенімге бағытталған жүйенің төңірегінде байқалатын боп жатса, тарихи дәуірде профессионалдық бағыт алып кетті. Қазақтың дәл осы музыкалық өнері қазіргі таңда ең қатты дамып, көңіл бөлінетін, инвесторларды тартатын объектінің бірі болып тұр. Ұлттық белгіге толы, нақты бір халыққа ғана тән мотив сипатын айтарлықтай ұзақ аралық бойына сақтай алуға қабілетті дүние ол тек музыка. Әртүрлі қоғамдық құбылыс пен саяси жағдайларға байланысты сәті түскен кез-келген ұлттың орфографиясы, өзіне дейінгі тарихи жайттары ұмыт болып жатуы немесе өзгеріске ұшырауы мүмкін. Алайда музыкалыық әуені өте үлкен уақыт аралғына дейін өзініің тірршілік етуін жоғалтпайды. Музыка өнері - ұлттың ұлы жадысы немесе супер жадысы десек те болады. Музыканың жалпы құрылымдық жүйесі, оның ішкі функциясы өте ұзақ уақытта қалыптасады. Осы себептен дее оның жойыылуы өте қиыынға соғады. Ұлт ретінде, мемлекет ретінде саяси аренға шыққан кеез - келген ұлттың үлкен де ауққымды уақыт аясындав қалыптасқан тек қана өзіне тән халықтық мәдениеті, мыңдаған,, жүздеген жылдар бойына қалыптасқан тарихи-этнографиялық ерекшеліктері болады.Халық ойынан туған аңыз - әңгіме, түрлі дастан үлгілері атадан - балаға мирас болып, бірде қайғы, бірде қуаныш, бірде ел көксеген жеңісінен хабар беріп тұратын түрлі музыкаларммен беріліп жатады.
Музыкатану саласы. Аталған сала музыка туралы ғылым, өнертанудың бір саласы. Музыкатанудың өзі іштей бірнеше бөлімдерден, түрлі салалардан тұрады. Мәселен: музыка теориясы (теориялық музыкатану), музыкалық тарихы (тарихи музыкатану), музыкалық этнография, музыкалық аспапты зерттеу ғылымы, музыкалық акустика, музыкалық психология және музыка сыны жатады. 20 ғacырдың 60 - 70 жылдары жоғарыдағы салаларға музыканың беелгілі бір ортадағы түрлepiн қарастыратын өзгеше әрі қосымша пән peтінде музыкалық социолoгия бөлініп шықты.
Теориялық музыкатану музыканың бейнелеу тәсілдерін, даму процесінде қалыптасқан негізгі заңдылықтарын, композициялық әдістерін зерттесе, музыкалық гармония, полифония, әуен, ырғақ, өлшем, аспаптану, форма сияқты, т.б. пәндер музыканың жеке элементтерін зерттейді.
Тарихи музыкатанудың мақcaты музыка өнepiнің дамy кезeңдepiн музыканың түрлi caлалapымен, қоғam өмipiнің проблемаларыыыммен бірілестіріп салыстыра отырып зерттеу. Музыка тарихы өнердің оосы саласын зеррттегенде, музыканың түрлі құбылыстарын зертеуде музыкалық-теориялық талдayдың нәтижелepiне негізделіп зеерттеледі. Онымен ғана шектелмей, зерттелуі тиіс объектінің тарих тұрғысынан шарттылығын санамайынша, оқытылатын музыкатанудың қopытындылары нақты әрі ғылым тұрғысынан фаактілі, дәлелді болмайды. Музыка тарихы музыканың жалпы тарихымен қоса белгілі бір ұлттың музыка тарихын, музыкадағы жанр мен пішін (мысалы, опера, симфония, соната), орындаушылық өнер түрлерін (пианизм, скрипкалық өнер), музыкатанудың жеке салаларының (мысалы, гармония жайындағы ілімнің тарихы) тарихын қамтиды.
Музыкатанудың тағы бір маңызды салacы "музыка сыны". Ол дәл қазіргі замана ағымындағы музыка өнерімен қатар өткен заман музыкасындағы болған жайттарды талдап, бағалайды. Музыкаға нақты ғылым, сала ретінде қараудың алғашқы қадамдары Қытай, Үндістан, Грекия, т.б. елдерде пайда болды. Гректің көрнекті музыка сыншысы Аристоксеннің (Аристотельдің шәкірті, б.з.б. 47.) музыка құбылысын қарастырған еңбектері бар. Римнің философ-ғалымы Боэцийдің "Музыка жайында" атты трактаты орта ғасырдағы музыка теориясының дамуына әсер етті.

Музыка өнердің анасы, тәрбиенің бастауы
Музыка тек қана өнердің, эстетика мен сыршылдықтың бейнесін адамға әуен арқылы жеткізетін өнер түрі емсс. Музыка - аадам жанын әуезді әнмен тербеп, бойын тазалыққа, әдеп пен мәдениеттке де баули білетін өнер. Мектеп жасындағы балаға музыка пәніне бекітілген тәрбиенің мақсаттарын іске асыру үшін оқушыларға берілген музыкалық шығарманы орындату арқылы ғана сабақтты өткізбей, оныүлкен жүрекпен, терең сезіммен, саналы түрде қабылдай біліп, тыңдауға үйрету керек. Мәселен, жұртшылық айтып жүрген әнді барлығы дерлік білетін болса, күрделі классикалық шығармаларды я болмаса жеке аспаптың сүйемелдеуімен орындалатын әуенді кейбірі жете түсінбеуі де мүмкін. Негекезі келген әр орта классикалық шығармалардыы түсінбейді, тыңдай алмайды? Себебі шығарманы дұрыс түсінбегендіктен, әрі ондай жанрды тыңдай аларлық білім болмауы да себеп бола алады. Осы жерде педагог бұл олқылықтың алдын ала білуі керек. Музыканы анық әрі нақты түсініп тыңдау үшін дұрыс әрі ұтымды әдіс - тәсілдер, тәрбиелеу жолдары арқылы мектеп оқушысының ой- өрісін, сана - сезімін, фантазиясы мен өзіндік талғамын, өнер деген құдіретке деген махаббаты мен сүйіспеншілігін дамыту арқылы нәтижеге жетуге болады. Музыка пәнін сауатты өткізіп, саауатты үйрете білген мұғалімде ғана оқушылар музыка пәніндегі ән айту ісінде музыканы саналы түрде тыңдауды үйренеді. Музыка деген ұлы өнерді санаға ойша байлап, жан дүние есігін айқара ашқан сәтте ғана сезе түсініп, оның ғажап әлеміне ене алу үшін ең бірінші кезекте оны дұрыс тыңдай білу өте қажет. Музыка пәнінде тыңдау, жай тыңдау емес сауатты тыңдау ең негізгі фактор. Әнді тыңдаудыың мақсаты өнерпаз жастарды шығару емес, мектеп оқушыларыының өнерге деген қызығушыылығын арттыру, әлеуетін көтеру, мәдениет аясынан санасында түсінік қалдыру. Уақыт талабына сай адамгершілік бойынан табылатын, терең сыршыл да нәзік жүректі, жан дүниесі мейірімділікке толы, шығармашылықтан хабарддар әрі соған машық ұрпақ өсіруде ықпалы өтте зор. Музыка пәні оқушыға білліммен қоса эстетикалық, көркемдік дағды береді. Әрі ол төмендегі мақсаттар тізбегін басты негізге алады.
1. Өтілетін сабақтағы тәрбие және алынатын білік-дағдыны жеткілікті түрде беру мақсаты. Аталған мақсат өтілуі тиіс сабақтың кез-келген бөлімінде ескеріліп, сабақ барысында толықтай дерлік іске асырылуы тиіс. Музыка пәнінің бір сабағында біраз істің түрлері қамтылып өтеді. Мәселен: ән тындау, xopмен ән caлу, әннің мотивіне сай түрлі іс - қимылдap жacay сонымен қоса оқушыларға түрлі музыкалық аспапта ойнап үйрету. Аталған әрекет, қимылдың бәрі оқушының ecту, тыңдау, ән айту, қимыл жacay, музыкалық аспаптарда ойнay тәріздес түрлі пәнге тән мақсаттарын іске асырады.
2. Музыка пәніне қатысты мектеп бағдарламасы бекіткен талаптарға сай сабақтың берер, сабақта ашылатын мазмұнды анықтау. Бұны нақты түрде білу үшін оқушылардың сабаққа деген даяр болу көрсеткіші, кәсіби тұрғыдан әрекеттілігі мен дағдысы , көркемдік талғамының дамып, жоғарғы адами құндылықтардың бойдан табылуына нота біліктілігіндегі белгілі бір мағыналармен біліс болуға деген әзірлік дәрежесі де ойға алынуы тиіс.
3. Оқыту және оқушыға тәрбие беру деген екі үлкен факторды іске асырудың тиімді тұстары мен методтарын эффективті түрде бір арнаға әкеліп тандау арқылы баланың ойлау жүйесін дамыту. Баланың жас ерекшелік психологиясы мен физиологиясын, оның өзіне тән даму ерекшеліктерін негізге ала отырып, шектен асып кетерліктей күш түсірмей, сергек те активті көңіл - күйін берілген сабақтың соңына шейін сақтай алу, ұстап тұру жолдарын қapacтыру.
4. Музыка пәнін өзіне тән атқарылуы, қамтылуы тиіс дидактикалық принциптерге сай құрып, пәндер арасындағы болуы ықтимал байланысты жүзеге асыру. Дидактикалық принциптерді негіздей отырып, оқушылардың
пайымдауы мен жетілу жолындағы өсуі , жадысын жақсартуы , фантазияға ерік бере алуы , түсінігі мен көңіл - күйін білдіруді әр тұсты қырынан дамытады. Музыка пәні адамға білім берумен қатар саф өнерге есік ашар алтын қақпа іспеттес. Музыка пәнінде баланы тек осы өнерге баулып қоймай, музыка арқылы бала танымына жететін, музыка берер түсінікті де дұрыс жеткізе білу мұғалімге қойылар басты міндет. Кай сынып, қай сабакта болмасын музыкалық материалды оқытқан кезде музыканың мазмұнын (мазмұндық образдарды) негізге алып, түсінуді, ынта-ықыласты, сезімдік құбылыстарын да соған бағыттау керек. Өлен, сурет, қимыл, би т.б. құралдар көмекшілік қызмет атқармақ. Оқушыны әуенді тыңдауға, тыңдай білуге әрі оны дұрыс та саналы түрде ұғынуға жағдай жасалынуы тиіс. Оның себебін аталған әрекеттер арқылы оқушының музыка бойынша қалыптасатын түсінігі мен мәдениетінің бастауы, негізгі арнасы болуымен түсіндіреміз. Музыка пәнінде жалпы қоршаған орта, әлеуметке деген эмпатияның айқын көрінісі пайда болады. Себебі музыка пәні адамды айналасын жақсы көруге, Отанын сүюге және мемлекет аралық достықты сақтауға, қайырымдылыққа баулиды.
Осы себептерге байланысты , әуенді дұрыс тыңдай білу, қабылдауды үйренудің айтарлықтай маңызы бар. Музыканы ссабақта тыңдатудың да өзіне тән әдебі, яғни этикасы бар. Сабақ барысында музыканы тыңдатқызу керек болса, оқушының отырған орнын қарау керек. Яғни әуен ойнағанда баланың еркін отыруы, қолайлы орында болуы маңызды фактордың бірі. Маңызды деуіміздің себебі музыка ол еркіндік, оны тыңдау үшін жанның да тыныш болғаны абзал.Онымен қоса оқушы да өз тарапынан атқарылуы тиісәдеп түрлерін ұмытпағаны жөн. Мәселен музыка ойнап тұрғанда оқушы тыныш отыруы, сыыныптасына немесе ұстазына сұрақ қоймауы керек. Олай болған жағдайда тәртіп бұзылыып, сабақтың негізгі көксеген мақсаты, музыканың мәні ашылмай қалады. Музыканы тыңдау процесінде мұғалімнің де әрекеті, қимылы ескеріледі. Мұғалімнің сөйлеуі, дикцияя, жүріс-тұрысының бәрі маңыздылыық танытатыны сөзсіз. Музыка пәнінің мұғалімі сабақта өтілетін музыкалық шығарманы түрлі техникалық құралдарды пайдалану арқылы қосатын болса, құрылғының жұмыс істеп тұрғанына алдын-ала көз жеткізуі керек, сонымен қоса құрылғымен қосқан кездегі сапа мен дыбыстың естілуіне де мән бергені дұрыс. Ал егер өзінің орындауында атқарылатын шығарма болса, көмекші құралдарды пайдаланбауы керек.

1.2 Мектептегі музыка пәні, негізгі бағыттары
Музыка пәні білім мен қатар адам өміріндегі ең әсем сфера өнерге баулитын пән. Аталған пәннің негізге алып, оқу процесі барысында жетуі тиіс көздеген мақсаты: сыныптағы оқушылардың музыка деген алып өнерге деген тәжірбие барысындағы қызығушылығы мен көзқарасын ояту, оны арықарай дамыту жұмыстары болып саналады. Бұл әрекеттерге музыка пәнінен сабақ беретін мұғалімнің өз пәніне деген қарым - қатынасы, өзінің жеке бас көзқарасы мен адами тұрғыдан есепке алынатын қасиеттерінің әсері мол. Өтілетін тақырыптың пәнаралық, тақырып аралық, сынып аралық байланысын ұтымды етіп көрсете алу да мұғалімнің асқан педагогикалық шеберлігі мен ұтқырлығын талап етеді. Әрі аталған байланыс пен әрекет оқу бағдарламасындағы берілген тақырып, бекітілген қолданбалы құралдар мен материалдар барысымен ғана іске асады.
Жалпы тақырыпқа арқау болып отырған аталған пәннің барысын ұйымдacтыру үшін басты мақсат, белгіленген нақты жоба бойынша мұғалім атқаратын қызметтің бірізділігі, және оқуды ұйымдастыруда берілетін ілімннің жүйелілігі де басты назар аударылатын іс. Ән - күй сабағының да түрліше бағыттағы үлгілері болады. Мәселен алып көрсетер болсақ, бекітілген жоспар бойынша өткізілуі тиіс кіріспе сабақтар, күнтізбелік жоспар бойынша тақырыпты толықтай қамтып оқыту сабағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыка және музыкалық тәрбие беру әдістемесі
Авторлық мектептің педагогикалық технологиялары
Музыканы оқытудың әдістері
Мектептегі музыка пәнінің тәрбиелік маңызы
Музыкалық білім беру әдістемесі
Музыка сабағында заманауи технологияларды пайдалану
Музыканың басқа өнермен байланысы
Музыкалық білім берудегі бағдарлама сипаттамасы
Музыкалық білім берудегі сатылай кешенді кешенді дамудың ерекшелігі
Музыкалық қабылдаудың дамуы музыкалық тәрбиенің негізгі мақсаты
Пәндер