Реакцияға түсетін газдардың көлемдерінің түзілген газ өнімдерінің көлемдеріне қатынасы бүтін санға тең



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Л.Гумилев атындағы Евразиялық Ұлттық Университет
"Жаратылыстану ғылымдар факультеті"

Реферат
Тақырыбы: "Химияның негізгі ұғымдары мен заңдары"

Тапсырған:Уалихан Диас
Қабылдаған:Ильясова Гульжахан
Биология-17
B051-5107-23-07

Химияның негізгі ұғымдары (зат, атом, молекула) әрқайсымызға мектеп кезінен таныс. Төменде олардың, сондай-ақ басқа, соншалықты айқын емес терминдер мен құбылыстардың қысқаша сипаттамасы берілген.
Атом, Атом молекулалық ілімінің негізі 18-ғасырдың аяғы мен 19-ғасырдың басында жасалды. Ломоносов 1741 жылы шыққан "математикалық химия" деген еңбегінде атом молекулалық ілімінің негізгі қағидаларын былай тұжырымдады:
1) барлық заттар молекулалардан тұрады;
2) молекулалар атомдардан тұрады;
3) бөлшектер, атомдар, молекулалар үнемі қозғалыста болады;
4) жай заттардың атомы бір молекуладан, күрделі заттардың атомы бірнеше молекуладан тұрады.
Молекула - заттың химиялық қасиетін сақтап тұратын ең кіші бөлшегі. Атом - химиялық элементтің ең кіші бөлшегі. Әрбір химиялық элементке белгілі бір атомның жиынтығы сәйкес келеді. Атомдар бір-бірімен бірігіп байланысып молекула түзеді. Қазіргі анықтамасы: атом - оң зарядталған атом ядросынан және теріс зарядталған электрондардан тұратын электронейтрал бөлшек. Протондар мен нейтрондардың ортақ атауы нуклондар. Жалпы алғандағы атом электрлік бейтарап болғандықтан, электрондардың қосынды заряды ядро зарядына тең болуы керек. Элементтің реттік нөмірі атом ядросының зарядына тең және ядродағы протон санына тең және атомдағы электрон санына тең. Ядро массасы (және атом массасы да) протон (Z) саны мен нейтрон (N) санының қосындысымен анықталады. Бұл қосындыны атомның массалық саны (A) деп атайды A=Z+N.
Элемент - белгілі бір атомның түрі. Бірдей атомдардан тұратын заттар жай заттарға жатады: Ғе, О2, Н2.
Бір элементтің бірнеше жай заттар түзуін аллотропиялық құбылыс дейді. Көміртектің аллотроптық түрі: алмас, графит, карбин және фулерен; оттектікі - мелекулалық оттек О2 пен озон О3.
Ядро зарядтары (Z) бірдей, ал массалық саны (A) әртүрлі болатын атомдарды изотоптар деп атайды. Сутек элементінің үш изотопы бар: протий - Н, дейтерий - Н немесе D, тритий - Н немесе Т.
Ядро зарядтары (Z) әртүрлі болатын, ал массалык саны (A) бірдей атомдарды изобаралар деп атайды. Ar; K; Ca.
Молекулалары әртүрлі элементтің атомдарынан тұратын заттарды - күрделі заттар дейді: CuO, H2SO4. Күрделі заттарға барлық оксидтер, қышқылдар, негіздер, тұздар және толып жатқан органикалық қосылыстар жатады.
Иондар - зарядталған бөлшектер: оң зарядталғанды катиондар және теріс зарядталғанды аниондар дейді.
Атомның ең маңызды көрсеткіштерінің бірі оның массасы. 1961 жылы халықаралық келісім бойынша массаның атомдық бірлігі ретінде атомдық массасы 12-ге тең көміртек изотопы массасының 112 бөлігі қабылданды. Көміртек (С-12) атомы массасының 112 бөлігі массасының атомдық бірлігі (м.а.б) деп аталады. 1 массаның атомдық бірлігі (1 м.а.б.) 1,66∙10-27 кг тең.
Ar(O) = 26,60∙10-27 1,66∙10-27 = 16;
Ar(H) = 1,67∙10-27 1,66∙10-27 = 1.
Салыстырмалы атомдық масса дегеніміз сол элемент атомы массасының көміртек атомы массасыныкі 112 бөлігінен немесе массасының атомдық бірлігінен неше есе ауыр екенін көрсететін сан.
Зат мөлшері ν - атом, молекула, иондарының құрылыс бірліктерінің санын көрсететін физикалық шама. Ол ν таңбасымен белгіленеді, өлшем бірлігі - моль. Моль дегеніміз - 0,012 кг 12С изотобындағы құрылыс бірліктеріне тең шама.
Зат мөлшерінің 1 молінің массасы оның молярлық массасы деп аталады М = mν; өлшем бірлігі - кгмоль немесе гмоль.
Зат массасының сақталу заңы (1748 ж. М.В. Ломоносов; 1766 ж. А.Лавуазье ашты.) Реакцияға қатысқан заттардың массасы шыққан зат өнімдерінің массасына тең. Бұл заң ядролық реакцияларда қолданылмайды. 1905 жылы Эйнштейн энергия сақталу заңын ашты:
Мұндағы Е - энергия;
m - масса;
с - вакуумдағы жарықтың жылдамдығы, ол 2,9979∙108 мс тең.
Бұл формула бойынша энергия массалардың өзгерісі мен жарық жылдамдығының квадратының көбейтіндісіне тең. Яғни, ядролық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стехиометрия. Стехиометрияның негізін қалаушы
Заттың мольдік массасы
Реакцияға қатысқан заттардың массасы шыққан зат өнімдерінің массасына тең
Химия пәнінен материалдар
Атомдар мен элементтер
ЗАТТАР МАССАСЫНЫҢ САҚТАЛУ ЗАҢЫ
Х И М И Я Оқу құралы
Химияның негізгі заңдары мен түсініктері
Атомның массасы ядроның массасына тең
Химиялық операцияларды орындау
Пәндер