Саяси түсіндірме сөздік
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Саясаттанудың негізгі парадигмаларын салыстырмалы талдау
Факультет: Экономика және бизнес жоғары
мектебі
Кафедра: Қаржы және есеп
Орындаған: Тыныштыков Даниал Берикович
Тексерген: Іңкәрбаев Есенай Тұрғанбайұлы
Алматы, 2024
Жоспар
1)Кіріспе
2)Негізгі бөлім
1)Саясаттану
2)Саясаттанудың негізгі парадигмалары салыстырмалы талдау
2) Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы және оны оқып-білудің маңызы.
3)Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Адамзаттың немесе әрбір қоғамның өмірі көптеген салалардан тұрады. Әрбір салада үнемі дамып отыратын өзіне тән білімдер қалыптасып, осы білімдер кейін ғылымға айналып, қоғамның қарқынды дамуына негіз болады.Қоғамдағы осындай салалардың бірі - саяси сала. Саяси салада да мыңдаған жылдар бойы жинақталған саяси білім қалыптасқан. Саяси ойлар, саяси идеялар, саяси тәжірибе - жинақтала келіп саяси ғылымның қалыптасуына негіз болды. Саясаттану сөзі гректің саясат және ілім деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде алатын орны ерекше болып табылады. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл атқарады. Өйткені саясаттың дұрыс-бұрыстығы, адамдардың, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.Саяси ғылым қоғамдық және саяси құрылыстың мән-мағынасын терең түсініп білуге, жеке адамның қоғамда алатын орнын, атқаратын міндетін айқындауға, олардың сан түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. Саяси ғылымның басты мақсаты - қоғамда әлемдік деңгейдегі демократиялық саяси мәдениет қалыптастыру, онсыз, саясаттанудың тұжырымдамалары бойынша, демократиялық қоғам орнатудың өзі де екі талай деп есептелінеді.Қоғам мүшелерінің саяси мәдениетінің жоғары деңгейде болуы, осы арқылы саясатқа белсенді араласып, ұтымды шешім қабылдауы өздігінен туындамайды. Тұлғаның саяси өмірдегі өз орнын ұғуы және осы өмірдің субъектісі болуы үшін оларға жүйелі түрде саяси білімдер теориясын, олардың даму тарихын игеріп, саяси үрдіс қатынасу жолдарын оқып үйренуі қажет. Бұл ғылым жалпыадамзаттық игіліктерге негізделген демократиялық тәртіптерді құрметтеуге, ортақ саяси мәселелерді ұжымдасып шешуге үйретеді, тұлғаның өз мақсаттарын мемлекет деңгейінде іске асырудың жолдары мен әдістерін дұрыс таңдай білуге, демократиялық нормалар мен қоғамдық институттарды қалыптастыруға көмектеседі.
Саясаттану
Саясаттану дегеніміз саясат туралы ғылым, оның ішінде саяси қызмет, саяси процестер мен саяси жүйелер, яғни билік қатынастарымен, қоғамның мемлекеттік-саяси ұйымымен, саяси институттармен, принциптермен, нормалармен байланысты адамдардың өмірінің ерекше саласы, олардың әрекеті қоғамның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған., адамдар, қоғам және мемлекет арасындағы қатынастар.
Адамзат ерте заманнан бастап,саясаттың әрбір сиқырлы сырын білгісі келді.Ең алғаш антикалық дәуірдің ойшылдары мемлекеттің,саяси биліктің мән-мағынасы неде және саясат қалай қызмет етеді деген сұрақтарға жауап іздеген болатын. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялык түсінікте болатын.Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің,ақыл-ойының,мәдени етінің дамуына байланысты саясат туралы жаңа ұғымдар мен түсініктер пайда болды. Қоғамдық-әлеуметтік және саяси қатынастардың одан әрі күрделенуі, материалдық өндірістің, халық санының өсуі саясаттың өміріне мемлекеттің тікелей араласуы қажет болды. Біздің заманымыздан бұрын бірінші мыңжылдыктың ортасында саясатты діни-мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі қалыртасты. Мұнда аса зор еңбек еткен ғұлама ғалымдар -Конфуций, Платон және Аристотель.
Саяси ғылымның негізін қалаушы - гректің ұлы ойшылы, философ Аристотель болатын. Бұл ойшыл өз заманына дейінгі саяси ойларды зерттеп, аса маңызды ғылыми тұжырымдамалар жасады. Аристотельдің бұл еңбектері саяси ғылымның дамуына осы күнге дейін зор әсерін тигізіп келеді.Саяси ой-пікірлердің, білімдердің даму тарихы Аристотельге дейін де ұзақ уақытты қамтиды. Жалпы саяси білімдердің дамуы үш кезеңге бөлінеді: мифологиялық, діни және ғылыми. Мифологиялық кезеңнің өзінде-ақ ежелгі адамдар тайпаның, қауымның, қоғамның дамуы адамдардың қасиеттерімен тікелей байланысты екенін түсінеді. Өзінің қауымына ерекше қызмет еткен тұлғаларды Ежелгі Грекияда құдайларға айналдырды (Кронос, Зевс, Посейдон және т.б.). Ол кезде барлық әлеуметтік-саяси құрылыс, мемлекет құдайдың құдіретімен жасалады және дамиды делінді. Ежелгі Грекияда рухани күштердің мүмкіндіктері де қасиетті адам қалыптастыруға бейімделді. Олардың түсінуінше қасиетті адам болудың айғағы - тұлғаның өз қауымының өміріне, өзінің табиғи орталығына бейімделіп қалыптасуы. Географиялық ортаның саясатқа ықпал етуі туралы түсінік ежелгі гректердің мифологиялық дастандарында кең орын алған. Ал бұл елде өркениеттің қалыптасуына негіз болып айналадағы теңіздер саналған.Мысалы, Гомердің Илиада поэмасының кейіпкері Ахиллестің қоршаған ортаның қасиетті күшін бойына сіңірмеген бір-ақ жері - өкшесі, ақырында оның қаза болуына себеп болады. Илиада поэмасында қоғамдық өмірдегі көсемнің алатын орны да белгіленген. Көсем Агамемнонның қаза болуына себеп болған оның тәкаппарлығы. Бұл да басқаларға өнеге, көсем тәкаппар болмауы тиіс. Гомердің тағы бір поэмасы Одиссеяның басты кейіпкері - Одиссей батыр, әрі ел басқарушы. Бірақ ел басқарушы болу үшін тек ғана батырлық жеткіліксіз, оған ұқыптылық, тапқырлық, сақтық та керек деген пікір Одиссея поэмасының негізгі идеясы. Адамдар қауымы, ел, қоғам қандай болу керек?мифтік кезеңнің өзінде басқа ежелгі елдерде де қуатты мемлекетті, қасиетті адамдарды, олардың арасындағы үйлесімді қарым- қатынасты бейнелеу үшін ертегілер, аңыздар, поэмалар шыққан. Мысалы, ежелгі Қосөзенде Гильгамеш туралы дастан, Үндістанда Махабхарата, Рамаяна, Қытайда әлеуметтік қатынастарға дао жолын енгізу тағы с.с.Көне заманда саяси ілімдердің қалыптасуы жалпы адамзат тарихының алғашқы діни-мифологиялық түрінен рационалдық-логикалық деңгейімен ұштасады. Көне египеттіктердің, қытайлықтардың, үнділердің, вавилондықтардың, еврейлердің, парсылардың, гректердің және римдіктердің әлеуметтік-саяси алғашқы түсініктері діни сипатқа көше бастады. Бұнда орын алып отырған билік пен тәртіп құдайдан туындайды деген түсінік басым болды. Сөйтіп, біздің заманға дейінгі І мыңжылдықта мифологиялық идеологияда өзгеше бетбұрыс басталды. Бұл діни кезеңнің басталуы болды. Мысалы, буддизм діні бақытқа сегіз тарапты жол апарады, атап айтқанда: шынайы сезім, дұрыс шешім, дұрыс сөз, дұрыс іс, дұрыс өмір, дұрыс күш жұмсау, дұрыс ой, дұрыс зейін қою деп есептеді (Чаттопадхай Х.Индийский атеизм. М., 1973). Осы жолдар арқылы жалпыға бірдей азаптан арылып, жан рахатына жетуге болады деген ойлар орнықты.Біздің заманымызға дейінгі дәуірдің өзінде-ақ Қытайда, Парсыда, Грекияда саяси білімдердің дамуындағы мифологиялық-діни көзқарас ғылыми көзқараспен ұштаса бастады. Мысалы, ежелгі Қытайдың саяси ойларында рационалдық тенденцияның көрінісі ретінде легистерді атауға болады (б.з.д. VІІ-ІV ғғ.). Олар өндіріс пен сауданың бірқатар салаларында мемлекеттік монополияны негіздеу қажеттігін айтты. Легизм өкілдері қоғам өмірі мен жеке адам тіршілігінің барлық жақтарын реттеуге мүмкіндік беретін орталықтандырылған қатаң, авторитарлық мемлекет құру қажет деп санады. Орта ғасырдағы ойшылдардың ішінде Фома Аквинский ерекше орын алады. Басты еңбегі - "Теологияның жиынтығы". Фома Аквинский: заң - белгілі мақсатқа сәйкес тиісті тәртіпті айқындаушы ереже, адам үшін бұл ереже рахат деп түсінді. Фома билік құдайдан туындайды деп тұжырымдайды. Ал Құдай жауыздықтың емес, қайырымдылықтың көзі, сол себепті билікті құрайтындардың бәрі мейірімділіктен туындайды, Құдайдан шығады, ал жамандықтың бәрінің шығу тегі адамдардан деп түсіндіреді Аквинат.Фома монархияны жақтады, оның ойынша, саяси монархия шіркеуге, папаға емес, заңға сүйенеді. Саяси білімдер дамуының ерекше маңызды кезеңі - Қайта өрлеу дәуірі. Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси - әлеуметтік ғылымдардағы жарқын жұлдыздардың біріне италиялық Никколо Макиавелли жатады. Оның саясатқа байланысты шығармалары: "Тақсыр"(Государь), "Соғыс өнері", "Флоренцияның тарихы".Саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде қалыптасты. Оған бұл кезде бихевиористік, тәжірибелік (эмпирикалық) әдістердің кеңінен пайдаланыла бастауы зор ықпалын тигізді.1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде (кейін Колумбия университетіне айналды) профессор Фрэнсис Либер "Тарих және саясаттану" кафедрасын ашты. Яғни, саясаттану ғылымы тарихта алғашқы рет академиялық пән мәртебесін алды. Осы колледжде 1880 жылы саяси ғылымның жоғары мектебі құрылды. АҚШ-тағы сияқты 1872 жылы Францияда мемлекеттік аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1889 жылы Американың Саяси және әлеуметтік ғылымдар академиясы, 1903 жылы Америкалық саяси ғылымдар ассоциациясы құрылды. XX ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толық қанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1948 жылы құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор рөл атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында қазір де жемісті еңбек етуде. Бүгінгі таңда АҚШ-тың, Шығыс елдерінің барлық жоғары оқу орындарында саясаттану жеке пән ретінде барлық факультеттерде міндетті түрде оқытылады, әлемнің ең ірі университеттері оған мамандар дайындайды. Саясаттануға деген көзқарас 1980 жылдардың екінші жартысында бұрынғы Кеңес Одағындағы түбегейлі реформаларға, қоғамның демократиялануына, тоталитарлық жүйенің күйреуіне байланысты өзгерді.
1989 жылдан КСРО Жоғары аттестациялау комиссиясында саясаттанудан эксперттік кеңес жұмыс істей бастады. 1990 жылы КСРО-ның ғылым және техника бойынша мемлекеттік комитеті "Саяси ғылымдар" деген атпен саяси ғылым қызметкерлерінің тізімін ресми түрде бекітті. 1989-1990 оқу жылдарында Балтық бойы елдерінде, 1990 жылдан бастап ТМД-ның басқа елдерінде саясаттану оқытыла бастады. Қазақстанда саясаттану пәні 1991 жылдан бастап оқу орындары бағдарламасына енгізілді. Қазір Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында бұл ғылым жеке пән ретінде оқытылуда.Саясаттану әдістері: Саясаттану әдістері - саясаттану ғылым ретінде жалпы ғылыми әдістердің белгілі бір қорын пайдаланады. Ғылыми зерттеудің қандай да бір әдістері мен құралдарының басымдылығы саясаттанудың ғылым ретіндегі пәнінің өзіндік ерекшелігіне байланысты.Саясаттану әдістері:
Салыстырмалы әдіс - әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылық пен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әдістің әсіресе қазіргі Қазақстан Республикасында алатын орны зор. Себебі, жүргізіліп жатқан саяси реформалардыц табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдалануға байланысты болмақ. Жүйелеу әдісі - саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.Социологиялық әдіс - саясатты қоғам өмірінің экономикалық әлеумсттік құрылым, мәдениет және т. б. жағдайына байланысты анықтайды.Тарихи тәсіл - саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әртүрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.Бихевиористік әдіс - жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсініп-білуге болады дейді.
Нормативтік әдіс - (XIX ғасырға дейін жиі пайдаланылған) қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.
Бұрынғы Кенес Одағы кезінде ең дұрыс және мызғымас тәсіл болып есептелген диалектикалық-материалистік әдіс болатын. Ол табиғаттағы, қоғамдағы және санадағы кұбылыстар мен процестерді бірімен-бірі тығыз байланыста және үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды. Бұл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz