Мәшһүр Жүсіптің көтерген мәселелері
Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданы білім бөлімінің
Томар ауылының № 22 жалпы білім беретін мектебі КММ
Жоба авторы: Амангелді Ақжарқын 8- сынып білім алушысы
Жоба тақырыбы : Әдебиет - өмір айнасы
IҮбағыт
Секциясы: әдебиет
Жетекшісі: Жумагулова Толганай Еркинкызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қарағанды- 2024 жыл
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7-8
І негізгі бөлім
9-10
ІІ Зерттеу бөлімі
2.1. Мәшһүр Жүсіп заманының қырағы ақыны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
2.2. Мәшһүр Жүсіптің көтерген мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
11-13
3.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .
14
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
15
Аннотация
Бұл зерттеу жұмысында ақын шығармасындағы өлеңнің өзіндік ерекшеліктері сараланған. Өзіндік пайымдау мен жеткізуге талаптанған. Мәшһүр Жүсіп өлеңдері жастарды елін, жерін ,сүюге,тарихқа құрметпен қарауға тәрбиелейтіні, халықтың рухани дүниесіне, әлеуметтік жағдайына ерекше ден қойғаны ашып көрсетіледі.
Аннотация
В данной исследовательской работе выделяются уникальные особенности стихотворения в творчестве поэта. Требует независимого суждения и доставки. Выявлено, что знаменитые стихи Юсупа воспитывают молодежь любить свою страну, землю, с уважением относиться к истории, уделять особое внимание духовному миру и социальному состоянию народа.
Пікір
Автордың ғылыми жобасының тақырыбы Мәшһүр Жүсіп шығармаларында көтерілген мәселелердің қазіргі таңдағы өзектілігі деп аталады. Бұл тақырыппен жұмыс жасаудағы автордың мақсаты қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мәшһүр Жүсіптің шығармашылығын насихаттау арқылы ақынның тәрбиесін жеткізіп зерттеу, дәлелдеу, салыстыру, қорытынды жұмыстарын жасаған.
Жобаны жасауда көп ізденгені, өзінше ойлана білгені байқалады. Тақырып өте кең болғандықтан, өзекті мәселені жан-жақты қамтылған, мәселенің түйінін тауып, дәлелдеу жолдары қарастырылған. Зерттеу барысы төмендегідей бөлімдерге бөлінген:
Кіріспе, зерттеу нысаны, негізгі бөлім
Қорытынды бөлім: Оқушы өзі зерттеген жобасын қорытындылап, өз ойымен түйіндеген және келешекте де бұл жобаны аяқтамай әрі қарай жалғастыратынын айтқан.
Оқушы бұл жұмыста көп ізденген, тың ойларды жеткізе білген.
Автор Мәшһүр Жүсіп шығармаларында көтерілген мәселелердің қазіргі таңдағы өзектілігі туралы ғылыми жобасын өз тәжірибелеріне сүйене отырып, ғылыми деректерді басшылыққа алып, зерттеп жазған. Алдағы уақытта бұл жұмысының нәтижесін өмірде қолдану, кез- келген адамға, оқушыға және сабақтарда қосымша материал ретінде пайдалануға көптеген көмегі болады және бұл әдісті ақынның басқа өлеңдерін зерттеуге қолдануға болады.
Мақсаты: Ақынның ағартушылық бағыттағы шығармаларының поэтикасын басқа шығармaларынан бөліп алып, заман талабына сай жаңаша зерделеу, ақынның aғартушылық қырын дәріптеу
Ғылыми жоба жұмысының міндеттері:
Ақынның шығармаларарын түсініп оқу, мағынасын талдай білу.
Шығармаларында көтерілген өзекті мәселелердің саралау.
Ақынның қаламынан туған өлең туындыларына деген оқырман қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтиже: Мәшһүр Жүсіптің шығармашылығын танытуға үлес қосуға талпыныс. Лирикалық шығармаларды таңдап,саралап оқуға ұмтылыс.
Ғылыми жоба жұмысының зерттеу проблемасы - қазақ әдебиетінің жөні бөлек ағартушы ақыны - Мәшһүр Жүсіптің шығармашылығында көтерілген ұлттық мәселелерге талдау жасап, зерттеу жүргізу.
Ғылыми жоба жұмысының болжамы - қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосқан Мәшһүр Жүсіптің шығармашылығын зерделей отырып,ақынның проблемаларды көтерудегі тіл шеберлігіне,көрегендігіне назар аудару.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Жетекшімен бірлесе тақырыпты таңдап алған соң, алдымен Мәшһүр Жүсіптің өмірі мен шығармашылығымен таныстым. Ақынның шығармашылығына талдау жасаған мақалаларды іздестірдім. Әдебиеттануда зерттеушілер мен сыншылар белгілі бір мәдениеттің немесе қоғамның ойлау тәсілі қандай болғанын білу мақсатында ретроспективті әдіснаманы қолданады.Ол дегеніміз зерттеушіге әр уақытта орындалған жұмыстарды ескере отырып,белгілі бір элементтің немесе фактордың траекториясы бойынша саяхат жасауға мүмкіндік береді.Бұл әдістемелердің сипаттамаларының бірі - олар бізге ұлттар мен қоғамдардың өткенін білуге мүмкіндік береді, бұл ұжымдық жадыны дамытуға түрткі болады.Сонымен қатар,осы типтегі зерттеулер тарихи пәнмен тығыз байланысты, өйткені олар бірдей зерттеу параметрлеріне сәйкес келеді.Осы орайда Мағжанның шығармаларында көтерілген тақырыптарына мән бере отырып,артында қалған мұраларынан сұхбат алдым.Өнер-білім қайтсе табылар өлеңінің идеясына, көркемдік шеберлігіне зерттеу жүргіздім. Зерттеу нәтижесін жүйелеп, тұжырым жасап, ой толғау жүргіздім, қорытынды жасадым.
Кіріспе.
Қазақ даласында орын алған әрбір оқиға, әрбір өзгеріс әдебиет пен тарихта өшпес із қалдырып отырды. Бұл заңды да. Өйткені әдебиет пен тарихтың, мәдениеттің арасындa бірін бірі байланыстыратын, көзге көрінбес бір тылсым дүние бар. Сондықтaн да әр әдеби туындыда тарих іздері сайрап жатқанын көре алaмыз. Сондай халық санасында ерекше сақталған кезеңдердің бірі - ХХ ғaсыр басындағы қазақ әдебиеті. Себебі өткен ғасырдың басында қазақ елінің экономикалық, саяси әлеуметтік жағдайында үлкен өзгерістер орын алды Өндіріс пен кәсіпорындардың дамуы, теміржол жүйесінің салына бастауы қазақ даласына өзімен бірге жаңа арнаның, жаңа өмірдің легін әкеле бастады. Осы кезде қазақ даласын басқарудың жаңа жүйесі пайда болды. Ресейде орын алып жатқан барлық оқиғалар қазақ еліне әсерін тигізіп жатты. Осы қақтығыстарды шешу үшін патша үкіметі Ресейдің жерсіз шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыра бастады. Бұл саясат қазақтың шұрайлы жерлерінің бәрі пaтша үкіметінің қарамағына айналғанын білдірді. Сөйтіп қазақ жеріне қоныс аударушылардың жаңа легі пайда болды. ХХ ғасыр тарихқа жаңа дәуірдің жаршысы ретінде енді. Орын алған жағдайлардың өзгерістеріне сай әдебиет те сол өзгерістермен үндесіп, көкейтесті мәселелерді қозғап, қоғамдық өмірдің көркем суретін жасауға тырысты. Дәл осы тұста қарапайым халықты оқыту үшін оқу-ағарту ісі қолға алына бастады. Кітaп бастыру, газет-журналдар шығару ісі жолға қойылды. Ұлы ақын Абайдың дәстүрін жалғастырушы ізбасарлары Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Міржақып, Мағжандар сахнаға шықты. Бұл ірі тұлғалардың басын біріктірген алып күш біреу ғана болды. Ол - ұйқыда жатқан қалың елді ояту. Қай қаламгердің шығармасын алсаңыз да бәрінде ортақ тақырып ретінде ұлт қамы тұрды. Олар өз ұлтының басқа мәдениеті дамыған елдер қатарында болғанын қалап, өз шама-шарқынша осы ойларын туындыларында жеткізуге тырысты. Әдебиеттің ұлттық рухын көтеруге тырысты. Осы тұрғыдан алып қарасақ, ХХ ғасыр басындағы әдебиетке тән ерекшелік ретінде азаттыққа, бостандыққа ұмтылу, халықты ояту болғанын айта аламыз [1]. Осы жолда бірі ұлт болып бірігіп, азаттыққа, бостандыққа ұмтылайық деп күрессе, екіншісі оқу-ағарту бағытында көп еңбек сіңірді. ХХ ғасыр басындағы әдебиетті зерттеушілер оқу-ағарту бағытындағы қаламгерлерді ағартушы-демократтар және діниағартушылар деп қарастырды. Яғни оқу-ағарту мәселесі ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің басты тақырыптарының бірі болды. Мұсылмандық идеяны көтерген діни тақырыптағы туындылар қатары көбейді. Патша үкіметінің қазақ жеріне крестьяндарды қоныстандыруы, рухани тонау, шоқындыру шараларының молынан таралуы діни-ағартушы бағыттағы жазушылардың шығармасына әсер етті. Қоғамда орын алып жатқан жағдайларды діни ағымдағы оймен байланыстырып жазды. Бұл бағыттағы қаламгерлер діни сауатты болды, шығыс әдебиетімен сусындап өсті. Араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгерді, діни тақырыптағы шығармаларға қанық, көзі ашық, оқыған азаматтар болды. Осы топтағы ақын-жазушылардың бір қыры олардың кітап шығару ісіне айрықша мән бергендіктері және ел аузындағы халық ауыз әдебиетін жинап бастыруы. Адамдық қасиеттерді қалыптастыруды дінмен байланыстыруы олардың басқа бағыттардан пікірлерінің aлшақтығын көрсетеді. Сондай-ақ олар жастарды, халықты оқу білімге, ғылымға шақыра отырып, жақсы мен жаманның, білім мен білімсіздіктің аражігін ажыратып, барлық адамгершілік игі қасиеттерді діни ұғым-таныммен байланыстырды. Десек те олар тек діни уағыз жолында қалып қойған жоқ, қоғамдық өмірдегі келеңсіз жағдайларды, әлеуметтік мәселелерді дұрыс түсініп сынай білді. Халықты ояту идеясын діни бағыттағы қаламгерлер адамгершілік қасиеттермен, діни іліммен байланыстырды. Осылайша Абай салған сыншыл реализм жолынан алыстамады, ХХ ғасыр басындағы әдебиет кезеңінде өз іздерін қалдырды. Солардың бірі Мәшһүр Жүсіп Көпеев еді.
Негізгі бөлім
Қазақ тарихында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының алар орны ерекше. Жас кезінде Шығыс әлемінің білімімен сусындаған, кейіннен орыс тілін меңгеруі арқылы Батыс өркениетінің де ғылыми жаңалықтарымен танысқан ол тарих, этнология (шежіре нұсқалары), фольклористика (жинастырған ауыз әдебиет үлгілері), әдебиет (ақындығы), тіл тарихы, этнография (қазақ халқының салт - дәстүрі туралы шығармалары), философия, медицина (емшілік, дәрілік өсімдіктер туралы), космология ғылым салаларына арналған еңбектерді жазып қалдырды. Мәшһүр Жүсіп жасында ауыл молдасынан дәріс алып, хат таниды. Бес жасында Баяндағы Байжан Смағұлұлының медресесінде Нәжімалдин хазіреттен, кейін 8 жасында Қамариддин хазіреттен оқи бастайды.
1865 жылдан 7 жасар кезінен халық әдебиеті үлгілерін жинай бастағанын анықтарлық дерек жанұялық архивте сақталған. Мәшһүр Жүсіптің жырлауындағы Қозы Көрпеш - Баян сұлу, Алтынбас-Күмісаяқ жырларының варианттары бар. Қамбар батыр, Ер Тарғын, Ер Көкше, Сайын батыр, Нәрік ұлы Шора батыр да сүйікті жырлары болған. Әлкей Марғұлан жазбасында Сүйіндік: Олжабай батыр ертегісінде Сақау ақынның айтуынан 1865 жылы жазып алған Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы деген мәлімет бар. Сонымен қатар ақынның мұрасын жинаушы Жолмұрат Жүсіпұлы жазбасында сабақ беруші Қамар хазіреттің бұл өнірге белгісіз төрт түрлі өлең-қисса әкелгендігі, оларды сегіз жасар шәкірт Мәшһүр-Жүсіптің қолжазбадан көшіріп, жаттап алып, ел-жұртқа жайғандығы әңгімеленеді.
1870 жылдары Хамеретдин хазіреттің медресесін бітіріп, мұсылманша орта білім алып шығады. Ауыз әдебиеті нұсқаларымен ерте танысып, халықтық жыр - дастандарды жаттап өседі. Өзінің алғырлығын, сөз өнеріне бейімділігін ол ерте - ақ танытады. Ақындық жолға бой ұруы, түсуі - 15 жасында басталған.
Мәшһүр Жүсіп 1875 жылдан бастап біраз уақыт ауылда бала оқытып, қаражат жинайды. Білімін толықтыру мақсатымен 1886 жылы Бұхараға келіп, діни жоғары оқу орнында оқиды. Сосын оқуын Ташкентте жалғастырады. Осы жылдары Орта Азияны аралап, Самарқанд, Ташкент, Түркістан, Бұқара т.б. қалаларда болды. Ол осы жылдары түрколог - академик В.В. Радловпен танысып, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жинап бастыру ісімен айналасты. Мәшһүр Жүсіп 1887-1890 жылдары бірнеше рет Орта Азияны аралап, Самарқанд, Ташкент, Түркістан, Бұхара қалаларында болады. Араб, парсы тілдерін үйреніп, Шығыстың классикалық әдебиетінен сусындаған. Ол осы жылдары Қазанға сапарға аттанып, түрколог ғалымы В. Радловпен танысып, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаумен айналысты. Кейін келе Мәшһүр Шоқан Уәлихановтан кейінгі қазақ фольклорының ең жүйелі жинақтаушысы болды.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының саналы ғұмырында бір сәт те қолынан қаламы түсіп көрмеген, бір жағынан жазып, екінші жағынан өнер-ғылым үйреніп, жатпай-тұрмай ізденіп жүріп, Қазан төнкерісіне дейін 1907 жылы бір жылдың ішінде үш бірдей кітабы жарық көрген алғашқы Хал-ахуал кітабы төрт бөлімнен тұрады: 1. Хал-ахуал (208 жол), 2. Баяннама (248 жол), 3. Патша хақында (144 жол), Ғибратнама (4 бөлімнен тұрады). 1906 - 1907 жылдары - М. Ж. Көпейұлы шығармашылығының идеялық жағынан терендей түскен дәуірі. Бұл жылдары жазған шығармалары тегісінен қазақ халқының бостандық, саяси-экономикалық құқықтарымен байланысты болып келеді.1912 жылы патша әкімшілігінің цензурасы назарына Мәшһүрдің 1907 жылы бастырылған кітаптары алынып, татар аудармашысының тәржімалауынан кейін 3 кітаптың екеуінің мазмұны Ресейдегі патша билігіне қарсы мақсатта жазылған деп танылып, 1912 жылы екінші рет басылған 3 кітап баспахананың өзінде тұтқындалынып, 12 000 сом айып салынып, 14 кісі айыпқа тартылады. 1912 жылдан бастап қудалана бастағанда, өзінің жинаушылық жұмысын тоқтатпайды.
Мәшһүр Жүсіп өмірінің соңғы жылдарында, дәлірек айтқанда, Кеңес өкіметінің тұсында өзінің жазған шығармалары мен ел аузынан жинап-терген ауыз әдебиеті үлгілерін қағазға түсірумен шұғылданады. Ақын 1931 жылы өзінің ауылында дүниеден қайтады. Айта кететін бір жай - ол қайтыс боларынан бір жыл бұрын өкімет саясатына қарсы оғаштау бір мінез көрсетеді. Күні бұрын бейітін тұрғызып, жаназасын шығарып, өзінің көзі тірісінде өзіне ас бергізеді. Жетпіс үшке шыққанша балталасаң да өлмеймін, жетпіс үшке шыққан соң сұрасаң да тұрмаймын, - деген сөзі дәл келеді. Осы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz