Батыс Қазақстанның дәстүрлі аспаптық музыкасының өкілдері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫ МИНИСТРЛІГІ
«Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ»
Ералықызы Күнім
Батыс Қазақстанның дәстүрлі аспаптық музыкасының негізінде білім ұлттық бірегейлігін қалыпттастыру
7М01404 - «Музыкалық білім» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Ғылыми жетекші: п. ғ. к., доцент Н. Мукеева
Ақтөбе, 2025 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ДӘСТҮРЛІ АСПАПТЫҚ МУЗЫКАСЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ“Ұлттық бірегейлік” мәні мен түсінігі . . . Батыс Қазақстанның дәстүрлі аспаптық музыкасының өкілдері . . . Мнг
- БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ДӘСТҮРЛІ АСПАПТЫҚ МУЗЫКАСЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІБатыс Қазақстанның дәстүрлі аспаптық музыкасының негізінде білім алушылардың ұлттық бірегейлігін қалыптастыруға бағытталған анықтауыш эксперимент . . . Батыс Қазақстанның дәстүрлі аспаптық музыкасының негізінде білім алушылардың ұлттық бірегейлігін қалыптастырудың тәжірибеде жүзеге асуы. Батыс Қазақстанның дәстүрлі аспаптық музыкасының негізінде білім алушылардың ұлттық бірегейлігін қалыптастырудың тәжірибелік қорытынды нәтижелері
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінде мектеп окушыларына ұлттық музыка өнерін, әсіресе бастауыш сынып окушыларына аспаптық музыкаға қызығушылығын арттыру мен оның тәрбиелік негізін тереңірек меңгеру қажеттігі туындап отыр. Ол оқушының талғамын, эстетикалық тәрбиесін, көркемдік қызығушылығы мен шығармашылық қатынасын арттыруға ықпалын тигізуде.
Қазақстан Республикасындағы барлық жалпы білім беретін мектептерге арналған тұжырымдамада: мектептің басты мақсаты - жас ұрпақты ұлттық құндылықтар мен мәдени мұрамызбен сабақтастығын сақтай отырып оқыту. Соған орай жалпы білім беретін мектептерде, музыка сабақтарында ұлттық музыкамызды, аспаптарымызды насихаттаймыз. Оқушыларды жалықтырып алмай, жаңа дәуір, жаңа заман әкелген жаңалықтармен сабақтастыра отырып оқыту маңызды. Бұл мәселеде музыка пәндері мұғалімдеріне артылатын жауапкершілік зор болмақ. Болашақ музыка мұғалімінің аспаптық және музыкалық орындаушылық дайындығы жоғары деңгейде болуы шарт. Сонымен қатар қажетті техникалық және орындаушылық тәсілі мен әдістерін білуі тиіс.
Музыка тілі - өнердің басқа салаларымен салыстырғанда күрделі. Адамның жан дүниесіндегі сөз бен тіл жеткізе алмайтын құбылыстарды, сезімді дыбыс арқылы беруге мүмкіндік туғызады. Музыка жеке тұлға мен өзін-өзі тануды қалыптастырудың ерекше қабілетіне ие. Дәстүрлі музыканы үйрену білім алушыларға олардың мәдениетін, жеке басын және тарихын жақсы түсінуге көмектеседі, бұл олардың жеке басы мен өзін-өзі тануын қалыптастыруға ықпал етеді. Дәстүрімізде адам баласының өмірге келген күннен бастап, бұл өмірден өткенге дейінгі ғұмырының бәрі музыкамен байлынысты. Білім беру процесінде дәстүрлі аспаптық музыканы қолдану оқушылардың мәдени білімін дамытуға және олардың өз мәдениеті мен тарихын құрметтеуге ықпал етеді. Қазақ халқының аспаптық музыка саласы сан ғасырлар бойы қаншама тарихи кезеңдердің рухани нәрін бойына жинап, өзіндік айрықша үнмен, шебер шыңдалып, ұлттық дара сипатта қалыптасты.
Жаһандану мен заманауи технологиялардың ықпалының артуымен дәстүрлі мәдени құндылықтарды жоғалту қаупі бар. Дәстүрлі музыканың ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға әсерін зерттеу Батыс Қазақстанның мәдени музыкалық мұрасын сақтауға және өскелең ұрпаққа насихаттауға көмектеседі. Сонымен қатар өзінің ұлттық болмысына деген мақтаныш сезімін арттыруы мүмкін. Бұқаралық мәдениет жағдайында дәстүрлі мәдени мұраны сақтау және насихаттау ерекше маңызды. Батыс Қазақстанның дәстүрлі аспаптық музыкасы осы мұраның маңызды бөлігі болып табылады және оны сақтау аймақтың мәдени бірегейлігін сақтауға ықпал етеді.
Сонымен білім алушыларды аспаптық музыкаға үйрету барысында ең алдымен аспапқа деген қызығушылығын қалыптастыру жұмыстарын жүргізу маңызды болып табылады.
Әрине бұл мәселеде біз жаңа технологияларға жүгінетініміз айдан анық. Батыс Қазақстанның композиторларының, күйшілерінің музыкасын алдымен тыңдату арқылы оқушылардың эстетикалық қызығушылығын арттырамыз.
Зерттеудің мақсаты: бұл зерттеудің мақсаты Батыс Қазақстанның дәстүрлі аспаптық музыкасының білім алушылардың ұлттық бірегейлігін қалыптастыруға әсерін зерттеу, теориялық және әдістемелік негіздерін анықтау, тәжірибе жүзінде жүзеге асыру болып табылады.
Зерттеудің нысаны:
Зерттеу пәні: білім алушыларды Батыс Қазақстанның дәстүрлі аспаптық музыкасын үйрету арқылы ұлттық бірегейлікті қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
- Батыс Қазақстанның дәстүрлі аспаптық музыкасының тарихы мен ерекшеліктерін зерттеу және талдау.
- Білім алушылардың арасындағы дәстүрлі аспаптық музыкалық мәдениеттің қазіргі жағдайы мен қабылдауын талдау.
- Қазақ дәстүрлі музыка экспозициясының жастардың ұлттық сана-сезімі мен бірегейлігін қалыптастыруға әсерін зерттеу.
- Ұлттық бірегейлікті қалыптастыруды қолдау мақсатында білім беру процесінде дәстүрлі аспаптық музыканы қолданудың әртүрлі әдістері мен формаларының тиімділігін бағалау.
- Батыс Қазақстанда білім алушылардың ұлттық бірегейлігін қолдау үшін дәстүрлі аспаптық музыканы білім беру бағдарламаларына интеграциялау бойынша ұсыныстарды тұжырымдау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: бұл тақырыпты зерттеу мәдени мұраны сақтау мен ілгерілетудің маңыздылығына, сондай-ақ білім алушылардың ұлттық сана-сезімі мен жеке басын қалыптастырудағы музыкалық білімнің рөліне жарық түсіруі мүмкін.
Зерттеу көздері: зерттеу мәселесіне байланысты әлеуметтік, педагогикалық, философиялық, музыкалық психологиялық зерттеулер, ресми құжаттар, мақалалар, әдістемелік құралдар, арнайы бағдарламалар, мектептердің іс - тәжірибелері, озат педагогикалық тұжырымдамалар.
Зерттеу әдістері: білім алушылармен сұрақ - жауап және ашық сабақтар өткізілуімен қарым қатынас орнатылды. Музыка сабақтарына қатысып, бақылау жүргізілді, зерттеу мәселесіне байланысты көрсетілген әдіс - тәсілдер тәжірибеден өткізілді.
Зерттеу кезеңдері:
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері:
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Зерттеудің базасы:
Диссертация құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімде: Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, зерттеу жұмысының мақсаты, нысаны, міндеттері, пәні, болжамы, ғылыми жаңалығы, зерттеу көздері, әдістері, кезеңдері, зерттеу базасы, теориялық және практикалық маңыздылығы көрсетілген.
Қорытындыда:
- “Ұлттық бірегейлік” мәні мен түсінігі
Бірегейлік - [лат. Idem, identity - ұқас, тепе тең болу] - біреудің бір нәрсемен ұқсастығы, жеке тұлғаның қандай да бір топқа қатысы тұрғысынан алғандағы сипатын айтамыз. “Identity” -«Мен кіммін?» деген сұрақтан туындайды, яғни қандай ортаға тиесілімін деген мәселелермен байланысты. Қазақ тілінде “identity” сөзінің жалпыға ортақ терминологиясы жоқ, яғни “ұқсастық”, “барабарлық”, “сәйкестік”, “бірлестік” т. б. секілді балама сөздермен қолданылады. Алайда оның балламасы ретінде ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясы «бірегейлік» терминін ресми бекіткен болатын. [4, с. 61],
Қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық әдебиеттерде бірегейлік мәселесі екі бағытта - жеке және әлеуметтік болып қарастырылады. Біріншіден, жеке тұлғаның өзін дене бітімі, зияткерлік қабілеті, өнегелік мінез-құлқы тұрғысынан сипаттауы. Екіншіден, жеке тұлғаның өзін әртүрлі әлеуметтік топтар қауымдастықтар құрамына жатқызуы[1] .
Бірегейленуді теориялық тұрғыда өрбіту барысында әлеуметтік бірегейліктің ғылымда бірнеше түрі өмір сүретініне көз жеткізуге болады. Олар, кәсіби, ұлттық, этностық, аймақтық, саяси, діни және т. б. [3, с. 50-52] Осы орайды біздің ғылыми зерттеуіміздің бір бөлігіне айналып отырған ұлттық бірегейлік әлеуметтік мағынадағы ұлттық мәдениеттің көрсеткіші болып табылады.
Ұлттық бірегейлік - бұл адам мен қоғамды басқалардан ерекшелендіретін және олардың айырмашылықтарын ашатын қасиеттер. Ол - азаматтық және ұлтшылдық сияқты түсініктермен теңестірілмейді, дегенмен, олар оған күшті әсер ете алатын факторлар болып табылуы мүмкін. Ұлттық бірегейлік элементін құруда тіл, мәдениет және сенімнің бірлігі маңызды рөл атқарады. Ұлттық бірегейлік адаммен бірге тумысынан пайда болмайды. Ол белгілі бір адамдардың тобының тілін, тарихын, қауымдастықтың мәдениетін қабылдаған кезде пайда болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz