Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қосымша 3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
МИРАС КОЛЛЕДЖІ МЕКЕМЕСІ

Қорғауға жіберілсін
ПЦК төрайымы
_________Битанатова Н.А
___ _______ 2024 ж.

Мамандығы: 0101000 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Оқу пәні: Психология

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: _________________________________ ___________________

Орындаған:__________________
Тобы:_________________
Білім алушының қолы ________
Жұмысты тапсыру күні __ __2024ж.
Жетекшісі: ______ Елғондиева Қ.Н
Бағасы: _______________
___ _________ 2023ж.

Шымкент 2023

Қосымша 1
МИРАС КОЛЛЕДЖІ МЕКЕМЕСІ
БЕКІТЕМІН
ПЦК төрайымы
________Битанатова Н.А
____ _________2024ж.

Курстық жобаға тапсырма

Оқу пәні: ___________________________________ __________________________________
Білім алушы:_____________________________ ___________________________________ __
Мамандығы: ___________________________________ ______________________________
Тобы: ___________________________________ _____________________________________
Тақырыбы:___________________________________ _________________________________
Кіріспе___________________________________ ___________________________________ __________________________________ ___________________________________ __________________________________ ___________________________________ ____________________
Теориялық бөлім ___________________________________ ____________________________
___________________________________ ___________________________________ __________________________________ ___________________________________ _________________
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тәжірибелік бөлім______________________________ ________________________________
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

___________________________________ ___________________________________________
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қорытынды___________________________________ ________________________________
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

___________________________________ ___________________________________________
Қосымшылалар _________ бетте
Қолданылған әдебиеттер тізімі ___________________________________ ________________
___________________________________ ___________________________________ __________________________________ ___________________________________ _________________
Курстық жобаның жетекшісі: ________________ Елғондиева Қ.Н
(қолы)
Тапсырманың берілген күні: ____ __________________2023ж.
Курстық жобаны тапсыру күні: ____ _______________ 2024ж.

Қосымша 2
МИРАС КОЛЛЕДЖІ МЕКЕМЕСІ

курстық жұмысқа
СЫН - ПІКІР

Білім алушы: ___________________________________ ______________________
(аты - жөні)
Курс: ______________
Тобы: ______________
Курстық жоба тақырыбы___________________________ _____________________
Теориялық бөлімі _________ бет.
Тәжірибелік бөлім _________ бет.
Пікір ___________________________________ ______________________________
___________________________________ ___________________________________
___________________________________ ___________________________________
___________________________________ ___________________________________
___________________________________ ___________________________________
___________________________________ ___________________________________
___________________________________ ___________________________________

Жетекшісі: _________ Елғондиева Қазына Нұрболатқызы
(қолы)
_____ _________ 2024ж.

Мазмұны

КІРІСПЕ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
І ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
.1.Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу ерекшеліктері ... ... ... ... ...5
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту жұмыстарын жүргізу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы сөйлеу тілінің дамымауы ... 11
1.4 Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту ... ... ...15

ІІ ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың әдістемелік жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..26

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Бұл курстық жұмыста мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамытудың түрлерімен, және де қандай ойын түрлері бүгінгі күннің сабақ үрдісінде қолданылатынын, балаларға ойынның берер ықпалы туралы анықтама және зерттеулерге сипаттама берілді. Иә, бала жастайынан сөйлеу және іс-әрекет дағдылары арқылы дамып, жетіледі. Ең алғашқы балалардың саналы түрде дамуына ойын әсер етеді. Баланы қызықтырып, талпындырып, жан-жақты дамыту балабақшадан бастау алады. Қазіргі кезде техниканың өрлеп, цифрландырудың етек жаюына байланысты 3 жастан бастап балаға санауды, ән айтуды, үш тілде күнделікті сөздердің аудармасын үйретуді көпшілік ата-ана қолға алған, нәтиже оңтайлы. Бұндай жеңіл қадаммен үйрету жолдары ойын арқылы, қызықтыру арқылы жүзеге асатыны белгілі... [1]. Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның танымдық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы мүмкін емес,-деп В. А. Сухомлинский айтқандай, ойын бала үшін өмірге деген үлкен қадам сияқты. Жалпы ойын арқылы баланың зейіні ашылады, өзін-өзі басқаруы, жауапкершілігі, тәрбиелігі, ұйымшылдығы, ынтасы артады. Мектеп жасына дейінгі баланың тамаша сезімінің дамуын тек қана дыбыс үндестігін дұрыс айтуды пайдалана білуімен шектестіріп қоймай, ол өзінің тілін, оның әрі бейнелі түрде мәнерлеп оқуға немесе мәнерлеп сөйлеуге үйретіп, тырысуында.
Сөйлеу тілі - ауызша тілдің ең қарапайым түрі. Ол жағдайлық, эмоциялық сипатқа ие әрі қарапайым болып келеді, өйткені арнайы дайындықты қажет етпейді. Байланыстыра сөйлеуге үйрету эстетикалық тәрбиеге де әсер етеді: әдеби шығармаларды қайта әңгімелеп айту, балалардың дербес шығармалары тілдің бейнелігі мен мәнерлілігін дамытады, балалардың көркем-сөйлеу тәжірибесін байытады. Өз тілінің даму барысында балалардың тілі олардың әрекет және қарым-қатынас сипатымен байланысты. Мектепке дейінгі жастың соңына қарай тәрбиенің белгілі бір жағдайында бала тілді пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар оның құрылысын түсіне бастайды, мұның өзі кейіннен сауат ашуды меңгеруде ерекше маңызға ие.

Курстық жұмыстың мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу ерекшеліктеріне сипаттама беру;
Осы мақсатқа сай келесі міндет тер қойылды:
-Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу және анықтама беру;
-Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту жұмыстарын жүргізу жолдарына сипаттама беру;
-Мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы сөйлеу тілінің дамымауының себебін анықтау;
- Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту және олардың жолданына анықтама беру;
- Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың әдістемелік жолдарын анықтау;

Кілт сөздер: мектеп, бала, ойын, тіл,сөйлеу, дамыту,балалар, балабақша.
Зерттеу нысаны:
Кез-келген халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің,мінез-құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс.
Адамзат алдында тұрған басты міндеттердің бірі -- есті, еңбексүйгіш, қайырымды, бала тәрбиелеу. Ол тіл арқылы жүзеге асады. Баланың тілі бай болса, оның ойы да кең болады. Сондықтан оның тілін байытып, ойын кенейте түсу үшін өлең,ертегі, әңгіме, мақал мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, әдеби шығармалардан үзінділер оқытып, таныстырудың маңызы зор.сол арқылы олардың ойлау қабілеттері артып, көргендерінен ой түйіп, қорытынды жасауға үйренеді.
Балалардың ақыл - ойына қабілеттерінің дамуына жетудің бірден - бір жолы -- өзара тілдік қарым - қатынас. Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші әрі сүйемелдеуші болып,әрдайым жанында достық қарым - қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс - тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашылады.
Бала тілді, ең алдымен, ересек адамдармен әңгімелесуде қолдана бастайды. Бұл жастағы балалар суреттегі өздеріне жақсы таныс қарапайым сюжеттерді түсінеді, сонымен қатар, ересектердің кейбір сұрақтарына да жауап бере бастайды. Бала үшін тіл қоршаған ортамен қарым- қатынас жасау құралы, ал ересектердің тілі балаларды тәрбиелеудің негізгі құралы болып табылады. Белгілі психолог А.Н.Леонтьев бала тілінің дамуын 4 кезеңге бөлген: І кезең - дайындық - 1 жасқа дейін; ІІ кезең - тілді бастапқы меңгеру мектепке дейінгінің алдыңғы кезеңі - 3 жасқа дейін; ІІІ кезең - мектепке дейінгі кезең - 6 жасқа дейін; ІV кезең - мектептік - 17 жасқа дейін.
Баланың алғашқы ұстазы ата анасы, тетелес ағаларымен апайлары, тәрбиеші ұстаздары. Олармен күнбе күн араласу, сөйлесу арқылы баланың тілі күн сайын жетіле береді. Баланың тілі бай болса, ойы да жақсы дамиды. Мазмұны терең, тілі көркем, оқуға жеңіл, тез үзінділер оқып үйрену, үйренгендерін өз сөздерінде қолдана білу балалардың сөздік қорын молайтады. Оларды жүйелі ойлауға, ойын дұрыс түсіндіруге жаттықтырады
Баланың ақыл-ой дайындығының компонеттерінің бірі -- жеткілікті дамыған тіл. Баланың тілің жетілдіру үшін алдымен баланы дұрыс сөйлеуге, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айта білуге үйрету, оны әңгімеге тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту. Бұл ретте тәрбиеші балалармен сөйлесу барысында сөйлем мүшелерін қолдана білуіне тәрбиешінің қойған сұрақтарын түсініп, оған толық жауап беруге, өзіне таныс ойыншық, тағам, киім-кешек, қоршаған ортадағы әлемге соның ішінде бау-бақша, жан-жануарлар, өсімдік-жемістер, адамдар, бір ауланың балалары,тіпті балабақша қызметкерлері туралы кім не істейтіні жайлы түсінігі болып, олар жайлы әңгімелей білуге үйренуі тиіс

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
І ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1.Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу ерекшеліктері

Соңғы жылдары көптеген мемлекеттерде ерте жастағы балалардың толыққанды дамуын, жан-жақты жетілуін қамтамасыз ету медицина, білім беру және әлеуметтік қорғау салаларының басты назардағы мәселесі болып отыр. Себебі дәл осы ерте жастағы кезеңде баланың физиологиялық, психологиялық тұрғыдан және тұлға ретінде қалыптасуының алғы шарттары қаланады. Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте жастағы көмек көрсетудің маңызын келесі факторлармен түсіндіруге болады: баланың дамуы белсенді динамикалық үдеріс, яғни дамуында кездесетін ауытқулар мен тежелістер арнайы жағдай жасау арқылы баланың орын толтыру мүмкіндігін жүзеге асырады; баланың орталық жүйке жүйесі өте бейімделгіш болғандықтан, олар жаңа ақпарат пен дағдыларды бойларына жылдам сіңіреді; өмірінің алғашқы жылдары бала ағзасының психикалық және моторлық қызметтері қарқынды дамиды. Осы факторлардың барлығы ерте жастағы кезеңнің дамыту мен түзетудегі маңызы зор екендігін дәлелдейді.
Арнайы әдебиеттер мәліметтерін қарастырып талдайтын болсақ, cөйлеу тілінің дамуы тежелген ерте жастағы балалардың саны артып келе жатқандығын көреміз. Әсіресе тұрақты түрде мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленетін балдырғандар арасында сөйлеу тілінің дағдылары жеткілікті деңгейде қалыптаспағандығы анық байқалады. Осы балалардың сөйлеу тілін бағытты түрде түзету, олардың жалпы дамуының да бірде бір шарты болып табылады және екіншілік кемістіктердің пайда болуының алдын алады. Сөйлеу тілі тежелген ерте жастағы балалардың сөйлеу тілін дамытуға едәуір үлес қосатын бағдарлама дайындау бүгінгі таңда көкейкесті мәселелердің бірі деп санаймын [2,3].
Қазіргі уақытта статистикалық көрсеткіштерге жүгінсек, жылдан жылға сөйлеу тіл кемістігі бар балалар саны және логопедиялық көмекті қажет ететін балалардың пайызы өсуде. Кез келген жаста сөйлеу тілінің бұзылуы танымдық іс-әрекеттің және адамның әлеуметтік бейімделу мүмкіншелігін шектейді. Бұл баланың жалпы жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Оның зияткерлік дамуы және мінез құлқының сипаттамасы жас шамасына жиі сай келмейді,ұжымдағы құрбы құрдастарымен қарым қатынасы қиындайды.
Тіл кемістіктерінің себебі сыртқы және ішкі зиянды күштері,себептері (факторлары) немесе екеуінің бірдей организмге әсер етуі деп түсінеміз. Сөйлеу тілін меңгеру әр балада әр түрлі кезеңде және әр түрлі уақытта өтеді. Бұл әр түрлі себептерге байланысты жеке үдеріс. Сөйлеу тілінің дамуының кешеуілденің себептері: жүктіліктің кезіндегі және туған кезіндегі патология, генетикалық себептердің ықпалы, есту мүшесінің зақымдануы, баланың психикалық дамуындағы жалпы артта қалуы, әлеуметтік депривацияның себептері (депривация -- тәрбие мен қарым -- қатынастың жеткіліксіздігі). Баланың сөйлеу тілі патологиясының негізгі себептері:
1) әртүрлі ішқұрсақ патологиясы іштегі нәрестенің дамуына зиянын тигізеді,сөйлеу тілінің ең ауыр кемістіктері іштегі нәрестенің 4 апталық пен 4 айлық аралығындағы дамуының бұзылуынан пайда болады. Іштегі нәрестенің дамуының бұзылуына анасының ауыр аяқ жүрген кезіндегі токсикоз, вирусты және эндокринді аурулар, жарақаттар, резус-фактор бойынша қанның сыйымсыздығы және басқалар әсер етуі мүмкін [3,4].
2) босану кезіндегі жарақаттану және босану кезіндегі асфиксия (оттектің жетіспеуі);
3) өмірінің алғашқы жылдарындағы әртүрлі аурулар;
4) бас сүйегінің жарақаттануы;
5) тұқым қуалаушылық факторлары;
6) әлеуметтік тұрмыстық жағдайларының қолайсыздығы.
Соңғы кездері білім көлемінің ұлғаюы балалардың сөйлеу тілінің дамуына жоғары талап қояды. Балаларға алда күтіп тұрған күрделі мәселелерді шешуге көмектесу үшін сөйлеу тілінің дер кезінде және толыққанды қалыптасуының алдын-ала қамын жасау керек. Өйткені сөйлеу тілі арқылы ойлау дамиды, жеке басының қасиеттері қалыптасуға ықпал етеді. Осы тұрғыдағы тұжырымдар Ф.А. Сохин өңдеп жасаған ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің даму теориясында өз орнын тапты. Ол ерте жастағы кезеңде ана тілін меңгерудің тілдік және ақыл-ой аспектілерінің өзара байланысын қарастырды, тіл мен сөйлеу тілі құбылыстарын түсіне білуді қалыптастыру қажеттілігін нақты түрде негіздеді. Бұл тұжырым сөйлеу тілін дамытуға қатысты барлық зерттеулердің тірегі болды. Ол байланыстырып сөйлеу тілі баланың ана тілін меңгерудегі барлық жетістіктерін өзіне жинайды деп белгіледі (дыбыстық жағын, сөздік қорын, грамматикалық құрылымын).
Ерте жастағы балалармен тікелей жұмыс істейтін мамандардың байқауы бойынша соңғы жылдары сөйлеу тілі дер кезінде қалыптаспай, дамуында тежелуі бар балалар саны артуда. Сөйлеу тілінің тежелуі дегеніміз 4 жасқа дейінгі сөйлеу тілі дамуының нормадан қалуы (сәйкес келмеуі). Бұндай тежелістер түрлі себептерден болуы мүмкін. Мысалы, сөйлеу тіліне сұраныс болмаған жағдайда, яғни баламен ешкім сөйлеспесе немесе оның қалауы мен тілегін тауып біліп, өз қажеттілігін сөзбен айтуға ынталандырмаған кезде. Сөйлеу тілінің тежелуі осы қызметке жауап беретін жүйке жасушаларының баяу пісіп жетілуінен де, бас миының ауруы мен зақымдалуынан да болады. Жиі кездесетін себептердің бірі - есту қабілетінің зақымдануы. Сөйлеу тілі есту негізінде қалыптасқандықтан, естуінде ауытқулары бар баланың сөйлеу тілінің дамуында да тежелістер мен кемістіктер пайда болады.
Тіл кемістігі көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларда кездесуде. Тексерудің көрсеткені бойынша тіл мүкістігі, тұтықпа сияқты тіл кемістіктерінің едәуір проценті мектеп жасына дейінгі балаларда кездесетіні анықталды. Егер осы кемістіктерді дәл уақытында жоймаса, олар барған сайын ұлғайып, нығаяды да, баланың дұрыс сөйлеуіне кесірін тигізеді.
Тіл мен ойлаудың өзара байланысы күрделі құбылыс. Екі құбылыстың екеуі де адамның екі жақты табиғатына сәйкес әрі әлеуметтік, әрі биологиялық жақтарымен сипатталатыны белгілі. Бала тілі мен ойлауына келетін болсақ, баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес тіл мен ойлау арақатысы әр түрлі. 11 айдан 1 жас 7 ай аралығында бала ойлауы тілінен озық болады, бала тілі шыққаннан кейін екі, үш сөзді сөйлемдер тұсында бір-біріне біршама сәйкес келе бастайды, 4-5 жас аралығында бір уақытта жүреді де өсе келе, яғни ересек болғанда ойлау қабілеті белгілі бір шамада тілден озық болады.
Үш жастағы баланың сөздік қорында 1000-1500 сөзге дейін болады. Қыз балалар өздерінің құрдастарына қарағанда ерте сөйлей бастайды. Осы кезеңде баланың бөбекханадағы жастары бірдей балалардың тобында болуы, оның сөйлеу тілін дамытуға көп мүмкіндік тудырады. Балалардың сөйлеу тілінің дамуының табысты болуы үшін ата-аналар да олармен жиі сөйлесулері керек. Баланың тіліндегідей сөздерді бұрмаламай, дұрыс, анық айтуға тырысу керек.
Егер бала дұрыс сөйлемесе, онда үнемі түзетіп отыру керек. Бұл үшін баланың қате айтқан сөзін, сөйлемін, баланың қайталауын талап етпей, өзі дұрыстап қайталайды. Әрине дұрыс айтылған сөз есте де дұрыс сақталады. Бірақ баланы дұрыс үлгілерді қайталауын жиі талап етсе, бала көңілінде дұрыс сөйлемеуім мүмкін деген қорқыныш сезімі туындауы мүмкін.
Тіл мүкістіктері немесе тұтықпа сияқты кемістіктер мектепте баланың оқу үлгерімнің төмендеуіне себебін тигізсе, өскенде мамандық таңдауына да әсер етіп, қиындық туғызады [5].
Мектепке дейінгі жастағы балаларға тән сөйлеу іс-әрекетінің ерекшеліктерінің бірі тілдік қатынастың түрткісі және мақсаттардың бірігуі болып табылады, сонымен бірге сөйлеу түрткісінің қандайда бір іс-әрекетке, әр қилы түрлерін қолдану балада сөйлеуді меңгеруге деген қажеттілікті қалыптастырады. Түрткінің бар болуы - сөйлеуді қабылдау үшін де, оны қарым - қатынаста белсенді пайдалану үшін де маңызды жағдай. Осының нәтижесінде сөйлеу тез арада баланың бақылау объектісі болады. Ерте сәбилік шақтағы балалардың сөйлеу қабілетінің дамуын мейлінше толық елестетіп көру үшін сөйлеу онтогенезіне жүгіну қажет [7,8].
Сәбилер көз ашып, дүниеге келген күннен ес біліп, ер жеткенге дейін, толассыз есту, еліктеу, үйрену, сөйлеу басқыштарында бір сатыдан бір сатыға өтіп отырады. 4 жастағы балалар тіліндегі синтаксистік даму кезеңі туралы мамандар мен зерттеушілердің ұзақ уақыттық тәжірибелік пайымдауларына негіздеп, мынандай болжамдар жасауға болады: бала тіліндегі сөздік қор, яғни, сөз таптарының қалыптасуы былдырлаған бөбек шақта бастау алады. Бала бір сөзді сөйлемнен екі сөзді сөйлемге, жай сөйлемнен күрделі сөйлемге өту барысында тілде сөздік қор қалыптасады, осылайша бала тілінде бастапқы қадамда сөз таптары орын тебеді. Осылайша, белгілі бір дәйектілікпен баланың сөйлеу тілі дамып, сөздік қоры байып, айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста өзін еркін сезінеді.

1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту жұмыстарын жүргізу жолдары

Ұзақ жылдар арнайы жүргізілген зерттеу нәтижелері балалардың сөз меңгеруі отбасында, балабақшада жүргізілетін тәрбие жұмыстарына, ата аналар мен тәрбиеші педагогтардың бұл аса маңызды мәселеге көңіл бөліп, баланың сөйлеу тілін дамыту, айналадағы өмір құбылысын ұғындыру, олармен сөйлесе отырып, пікірлесе білуге жетелеу, бала қызыққан сұрақтарға дұрыс жауап беріп отыру жұмыстарына байланысты екенін көрсету.
Мектепке дейінгі кезеңде балалардың көбінде дұрыс емес дыбыстау байқалады. Ысқырық, ызың, үнді дыбыстарды айту кезінде, сирек жұмсарту, қатаңды ұяңға айналдыру, тіл кемістіктерін байқауға болады. 4-тен 5 жасқа дейін бала барлық дыбыстарды меңгеру және олармен дұрыс қолдану қажет. Егер де бала дыбыстарды бұрмаласа, онда оған арнайы көмек керек, яғни арнайы түзету. Дыбыстардың бұрмалануы әр жаста дизонтогенездің белгісі болып келеді. 3 және 7 жас аралығында балада өзінің дыбысталуын есту арқылы бақылау дағдысы, кейбір мүмкін болған жағдайда оны түзету білігі қарқынды дамиды, яғни фонематикалық қабылдауы қалыптасады. Бұл кезеңде белсенді сөздік қоры 4-6 жасқа қарай 3000-4000 сөзге дейін жетеді.. К.Д.Ушинский еңбектерінде тілді сезінуге ерекше мән берген. Ғалымның зерттеуінен баланың сөздегі екпін орнын, грамматикалық айналымды, сөйлемдегі сөздердің байланысу тәртібін еске түсіреді. Сөздік қордың дамуымен қатар сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымы да дамиды [9,10].
Мектеп жасына дейінгі балалар тілінің дамуын зерттеген ғалымдардың пікірлерінше, олардың сөздік қоры мына түрде: екі жастағы балалардың сөздік қоры-500 сөзден астам, үш жастағы балалардың сөздік қоры шамамен-1200 , төрт жастағылардың сөздік қоры-1900 , алты- жеті жастағылардың сөздік қоры 2500-3500 сөз мөлшерінде болады екен.
Ұзақ жылдар арнайы жүргізілген зерттеу нәтижелері балалардың сөз меңгеруі отбасында, балабақшада жүргізілетін тәрбие жұмыстарына, ата аналар мен тәрбиеші педагогтардың бұл аса маңызды мәселеге көңіл бөліп, баланың сөйлеу тілін дамыту, айналадағы өмір құбылысын ұғындыру, олармен сөйлесе отырып, пікірлесе білуге жетелеу, бала қызыққан сұрақтарға дұрыс жауап беріп отыру жұмыстарына байланысты екенін көрсету.
Грамматика сабақтарында өтіліп отырған материалға балалардың ой жүгіртуіне, пікір айтуына қарай индуктивтік немесе дедуктивтік әдістер қолданылады. Ең басты талап баланың бақыты мен тағдырына жауапкершілікпен қарап, дене, физиологиялық, психологиялық даму заңдылықтарын түсіну қажет. 6-7 жастағы балалардың психологиялық ерекшелігі қоршаған ортадағы дүниені танып білсем деген қызығушылығы басым болып келеді. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты − тіл дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыра отырып, тілдің дыбыстық мәдениетін жетілдіру, сөздерді үйрете отырып, сөздік қорларын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Демек, 5 жастағы бала барлық тіл дыбыстарын толық меңгеріп, тілдік белсенділігі артатыны бала тілінің дамуын зерттеген ғалымдардың еңбектерінен белгілі. Бұл балаларды сөзді дыбыстау мәдениетіне мектепке дейінгі кезеңде тәрбиелеу қажеттігін айғақтайды. Баланы дер кезінде дұрыс сөйлеуге үйретпесе, онда бала өмір бойы анық сөйлеп, ойын дұрыс айта алмауы ықтимал. Ауызша сөйлеуінің өз деңгейінде жетілмеуі жазбаша тілдің дамуына кері әсерін тигізеді. Баланың үлкендермен тілдік қатынасқа түсуі олардың сезімдік қатынасынан басталады. Бұл баланың үлкендермен қатынасқа түсуінің басы болып табылады. Бала тіл дамытудың алғашқы кезеңінде-ақ үлкендерге мейіріммен жауап беріп, алғашқы дыбыстар шығара бастайды. Тәрбиешінің немесе айналасындағы үлкендердің алғашқы эмоциялық қатынасы, баланың болашақта осы тілде сөйлеу мәнерінің қалыптасуына тікелей әсер етеді. Балалардың тіл үйренуге қызығушылығын арттыру, тіл мәдениетін жетілдіру, сөздік қорларын дамыту, бекіту − өмірлік маңызға ие.. Көркем шығармаларды тыңдауға бала сәби кезінен-ақ құмартып, қызығады. Жаттау арқылы оның тілі жетіледі. Әдеби кейіпкерлердің жақсы ісіне сүйсініп, жаман ісінен жиренеді. Санасында жақсы және жаман әрекеттер жөнінде түсінік пайда болады. Сөйлеу тілі жетіледі. Ал, тілінің дамуы - баланың бойында қабылдау - ести білу сияқты психологиялық процестердің бірте-бірте қалыптасуына негіз болады. Мектеп жасына дейінгі балаларға оқып беретін шығармалар ауыз әдебиеті нұсқаларынан, классик жазушылардың шығармаларынан, қазақ жазушыларының балаларға арналған шығармаларынан баланың жас ерекшелігіне сәйкес алынуы керек.
Болашақ мектеп оқушысының танымдық белсенділігін дамыту бүгінге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Баланы оқуға әзірлеу жолындағы іс-әрекеттер баланың ойлау операциясының, танымдық процестерінің және қабілетінің дамуына тікелей байланысты. Мектеп жасындағы баланы дамыту мәселесінде басты ролді ең алдымен баланың өздігімен әрекеті және танымдық белсенділігі атқарады.
5-6 жастағы балаларды мектепте дайындау балабақшадағы педогогтардың үлесіне тиіп, ұйымдастыру шеберлігімен тікелей байланысты. Сондықтан бүгінгі күні тәрбиеші-педогог мамандарына түпкілікті білім берумен қатар, кәсіби іс-әрекетінің ғылыми негіздерін практикада қолдануға, практикалық біліктілік пен дағдыны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуде.
Балабақша педагогі өзін жай ғана тәрбиешімін деп қарамай, жалпы мәдениетін, және кәсіби біліктілігі мен даярлығын жетілдіру қажет. 5-6 жастағы балалардың психологиялық ерекшелігі қоршаған ортадағы дүниені танып білсем деген қызығушылығы басым болып келеді.
Тәрбиелеу және үйрету әдістерінің көмегімен баланың қоршаған ортамен байланысы кеңиді: ол өзін-өзі ұстаудың кейбір ережелерін меңгереді, үлкендердің талаптары мен тапсырмаларына бағынады, ересек адамдармен бірінші болып әңгіме бастайды. Басқа балалармен қарапайым қарым-қатынастары пайда болады: бала құрбылары мен олардың әрекеттеріне еліктейді, қызығушылық танытады, бірге ойнауға тырысады, басқа балалардың ойынына қосылуға талаптанады
Тәрбиеші -- педагог -- мектепалды жастағы балалардың сөйлеу тілін дамытуда, оның көзін ашуда басты тұлға. Қaзipri таңда мектеп балалардың танымдық белсенділігін арттыру мәселесі жоғары деңгейде шешіліп, оқытудың жаңа технологиялары енгізіліп, сапалы нәтижелері байқалып отыр. Осындайда сөйлеу тілін дамытуда ойындар колданудың маңызы зор.
Ойын дегенміз-жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. Сондықтан, ойынды сөйлеу тілін дамытуда пайдалану -- үлкен нәтиже бepepi анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын-тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшандыққа, дәлдіке т.б ғана тәрбиелеп қоймайды, оныц ақыл-ойының толысуына, жан дүниенің қалыптасуына, сөздік қорының молаюына, сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына, тілін дамытуға да пайдасын тигізеді.
Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, оқу іс - әрекеттерінде педогог-тәрбиешімен, ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас кезінде танып біледі. Осындай жетістіктерге жету үшін тәрбиеші-педагог алдында тұрған балаға ертеңгі мектеп оқушысы деп қарап, баланың мінез кұлқын, сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау,сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әpi дамытып отыру керек. Сондықтан осындай ерекшелігін ескере отырып, оку-тәрбие процесін жүргізу қажет.
Тіл -- қоғамдағы адамдардың бір -- бірімен пікір алысып, қарым -- қатынас жасайтын құралы. Таза мәнерлі тіл - бұл ойлау жемісі. Баланы ана тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету арқылы олардың бойындағы тілдік мәдениетті қалыптастырамыз. Олай болса тіл адам баласы қоғамымен бірге туып, өмір сүріп, ұрпақтан -- ұрпаққа мирас болып келе жатқан мұра. Баланы тілдік мәдениетке тәрбиелеуде отбасының, бала -- бақшаның қажырлы еңбегі орасан. Бала -- бақшада тәрбие жұмыстарының басты мақсаттарының бірі -- баланың тілін ұстартып, жақсы сөйлей білуге үйрету.

1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы сөйлеу тілінің дамымауы

Сөйлеу тілі арқылы дыбыстарды қабылдау, талдау мен жинақтау қабілеті бес жасқа дейінгі аралықта жеткілікті деңгейде қалыптасып болуы керек. Бірақ есту мен интеллектінің бұзылуы кезінде тілдің барлық компоненттері, яғни фонетика, лексика, грамматиканы игеруде кемшіліктер болуы мүмкін.
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы - есту қабілеті мен ой-өрісі әдеттегідей дамыған балалардың мағыналық жеке қатысты сөйлеу тілі құрамының компоненттерінің бұзылуынан болатын әртүрлі күрделі тіл кемшіліктері.. Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы алалия, афазия, ринолалия, дизартрия сияқты күрделі сөйлеу патологиялардың түрлерінде де байқалады .
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауының тарихына үңіле кетсек, алғаш рет жалпы сөйлеу тілінің дамымауын ХХ ғасырдың 50-60 жылдары Р.Е.Левина және Ресей дефектологиялық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлер ұжымы (Н.А.Никашина, Г.А.Каше, Л.Ф.Спирова, Г.И.Жаренкова және т.б.) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді жан-жақты зерттеудің қорытындысы нәтижесінде ғылыми тұрғыдан негіздеді.
Жалпы сөйлеу тілінің құрылымын, оның себептерін, бірінші және екінші кемшіліктердің сәйкестігін дұрыс түсіну балаларды арнайы мекемелерге бағыттауда, кемшілікті түзету тәсілдерін дұрыс, әрі тиімді таңдай білу маңыздылық танытады. Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы кезінде дыбыстарды дұрыс айтпау, фонемаларды қабылдаудың бұзылуы, сөздік қордың артта қалуы, сөздің грамматикалық құрылымының бұзылуы байқалады.
Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың ана тілін меңгеруі ұзаққа созылады, балалардың лексикалық мағынадағы сөздерді игеруі нақты емес. Көбінесе сөз мағыналарын өзара кең түрде ауыстырады, абстрактілі лексиканы меңгеру кезінде қателер кездеседі [8,9,10].
Мәселен Н.С.Жукованың зерттеулерінде тіл дизонтогенезі кезіндегі сөздердің морфологиялық түсініксіздігі көрсетіледі. Онда өзара грамматикалық байланыстағы сөздердің байланысы көрінбейді. Грамматикалық мағынасы жағынан дұрыс және бұрыс құрастырылған сөйлемдер ұзақ уақыт бойы сөздік қорда сақталып қалады.
Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың тілінің дамуы біркелкі және баяу өтеді. Соның салдарынан сөйлеу жүйесінің әртүрлі қатарлары қалыптаспай қалады. Тіл дамуының баяулауы, сөздік қорды меңгеруінің қиындықтары және грамматикалық құрылыстарын қабылдауы баланың үлкендермен және құрдастарымен сөйлесуіне шектеу жасап, тілдік қарым-қатынасқа түсуге бөгет жасайды.
Р.Е.Левина жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың тіл кемшілігінің біркелкі еместігін зерттей келе, жалпы сөйлеу тілі дамымауының үш деңгейін белгіледі.
ЖСТД-ның 1-деңгейінде толық немесе жартылай қарым-қатынас сөйлеу құралдарының болмауымен сипатталады. Сөздік қоры дыбыстық және дыбысқа ұқсас комплекстерден тұрады, бірақ олар қоршаған адамдарға түсініксіз болғандықтан түрлі қол қимылдарымен сүйемелденіп отырады. Мұндай балаларды кейде тілсіз балалар деп атайды.
Бұл деңгейдегі балалардың кісімен тілдескенде анық байқалатын тіл кемістіктері мынадай болып келеді: былдырап сөйлейді жеке дыбыстарға еліктейді, жекелеген зат есімдік сөздер мен күнделікті тұрмыста айтылып жүрген етістік сөздерді пайдаланады, сөйлемді былдырап мүлдем түсініксіз етіп, үзіп-үзіп айтады, сөйлемде дыбыстар анық айтылмайды, әрі тұрақсыз, құбылмалы келеді. Сөздік қоры шамадан тыс шектелген бұндай балалар заттардың және әр қимыл іс-әрекеттердің сыртқы түрлеріне немесе олардың шығатын дыбыстарының ұқсастығына қарап, өздерінің былдырлаған тілімен барлығына бір сөзбен ат қойып алып түсіндіреді .
ЖСТД-ның 2-деңгейінде тіл мүмкіндіктерінің біршама өскені байқалады. Тіл дамуының екінші деңгейі әдебиеттерде жалпы қолданбалы тілдің басы деп аталады. Оның айырмашылығы баланың тілінде екі-үш, төрт сөзді фразаның пайда болуы мүмкін. Сөздерде сөз тіркесін және фразаны жасай отырып, бала әртүрлі сөз тәсілдерін қолданады және оңай бұза да алады. Балалардың өзіндік тілінде кейде жай шылаулар мен олардың былдырлаған нұсқалары кездеседі. Екінші деңгейдегі бала шылауды дұрыс қолданбай, сөйлем мүшелерін дұрыс құрастырмайды. Алдыңғы деңгейге қарағанда сөздік қоры тек сандық жағынан ғана емес, сапалық жағынан да жақсарады: зат есім, етістік, сын есімнің саны кеңейіп, үстеу мен сан есімдер пайда болады. Бірақ сөз туындатушы операциялардың жеткіліксіздігі етістік, сын есім, зат есімдер жалғауларын дұрыс қолданбауға әкеледі. Жалпылама ұғымдар, синоним мен антонимдер жүйелерінің қалыптасуы қиынға түседі. Екінші деңгейдегі балалардың сөзі дыбыстарды айтқанда сөздердің буын бұзылуына қарай түсініксіз болып келеді. Бірінші деңгейдегі балаларға қарағанда суретке қарап және сұрақ бойынша әңгімелеуі қарапайым, әрі қысқа болғанымен, грамматикалық құрылымы мен сөз тізбегі біршама дұрыс. Буындар мен дыбыстардың орнын ауыстыру, ұқсас буындардың алмастырылуы, қатарласып келген дауыссыз дыбыстардың қысқартылуы салдарынан сөз құрамындағы дыбыстардың орналасу заңдылықтары бұзылады .
ЖСТД-ның 3-деңгейінде кең түрдегі фразалық тілмен, бірақ сонымен қатар кейбір тілдің лексикалық-грамматикалық және фонетикалық-фонематикалық дамымауымен сипатталады. Бұл деңгейдегі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалар кеңейтілген сөз туындаушы модельдер арқылы жаңа сөздер жасап, оны түсіне алады. Дегенмен бала сөздегі туындаушы негізді дұрыс таңдауда қиналады (үйші - үй салушы адам), адекватты емес аффиксальді элементтерді пайдаланады. Сонымен қатар қайталанатын ұғымдарды, абстрактілік және дерексіз сөздерді, ауыспалы мағынадағы сөздерді нақты түсінбейді және дұрыс қолданбайды. Балалардың сөйлеу әрекетіне даму мүмкіндіктеріне детальды талдау жасауда сөздер мен күрделі буынды құрылымға фразаларды айту кезінде қиындықтардың болатынын дәлелдейді. Дыбысты айту мүмкіндігінің жақсаруында да дыбыстардың дифференциациясын шығарудың жеткіліксіздігі байқалады. Бала өмірден алған тәжірибесінің нәтижесінде күнделікті тұрмыстағы өзіне жақсы таныс заттардың атын, түсін, сапасын және бөлігін айтып беруге бұрынғыдай қиналмайды. Олар өзі, үй-іші, достары және айналасында болып жатқан тіршілік туралы қысқа түрде әңгімелеп бере алады. Алайда, сөйлеу тілін мұқият жан-жақты тексерген кезде тілге қатысты жүйенің (лексиканың, грамматиканың, фонетиканың) бір бөлігінің толық дамымауын айқындайтын көріністі көруге болады. Бала ауызекі сөйлескенде өзінің тілі келмейтін қиын сөздерді, нақышты сөз тіркесін айтпауға тырысады. Егер сондай балалардың алдарына шарт қойса, онда сөздің және грамматикалық категориялардың қандайын болса да міндетті түрде пайдаланады да, сөйлеу тілінің дамуындағы кемшіліктер айтарлықтай анық көрінеді. Бала сөзді емін-еркін қолданып сөйлегенімен, сөйлеу тілі дұрыс дамыған құрдастарына қарағанда, өздігінше сөйлем құрау кезінде үлкен қиындық көреді. Әдеттегідей қиыстыру мен меңгеру қателерінен шығатын аграмматизмдерді дұрыс құрастырылған сөйлемнен де кездестіруге болады. Бұл қателер тұрақты сипат бермейді: грамматикалық категориялардың әртүрлі жағдайлары дұрыс та, бұрыс та қолданылуы мүмкін.
Жалпы сөйлеу тілі дамымаған қазақ тілді балалардың дыбыс айтуын тексеру барысында көбінесе ызың, ысқырық, сонор дыбыстарының жиі бұзылатыны байқалады. Қазақ тіліне тән дыбыстардың ішінде ң, қ, ұ, ү фонемаларын алмастыру, шатастыру жиі кездеседі. Сонымен қатар балалардың фонематикалық қабылдау деңгейі өте төмен екені, ал дыбыстық талдау дағдыларының қалыптаспағаны анықталды .
Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларды тексеру сөйлеу тілін тексерудің жалпы қағидаларын ескере отырып жүргізіледі (кешенді, жан-жақтылық, жүйелілік, динамикалық т.б.)
Сөйлеу тілін тексеру үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең - бағдарлау. Логопед бұл кезеңде баланың құжаттарымен танысады, ата-анасымен әңгіме барысында анамнез жинақтайды.
Екінші кезеңде логопед баланың сөйлеу тілінің барлық компоненттерін тексеріп сөйлеу тілінің қорытындысын анықтайды.
Үшінші кезеңде баланы оқу процесінде бақылау арқылы ақаулықтың байқалуын, өзгерістерін анықтайды. Тексерудің мазмұны және оны ұйымдастыру баланың сөйлеу деңгейіне байланысты болады
Жалпы сөйлеу тілі дамымауының І деңгейіндегі балаларды тексеру барысында сөз түсінігі, белсенді сөз қоры, сөйлеуге еліктеуі, екі сөзді біріктіріп айту мүмкіншілігі, артикуляциялық аппараттың қалпы анықталады. Сонымен қатар төмендегідей іс-әрекетін бақылау қажет: ойыншықпен іс-әрекетін; түрі, түсі, көлемі бірдей заттарды көріп сәйкестендіру; бөлшектерден бүтін құрау (кесілген суреттерден). Тексеруге қажетті құралдар: ойыншықтар, заттар, түрі, түсі әр түрлі пішіндер, балаға таныс тақырыптар (ойыншықтар, жануарлар т.б.) бойынша жеке, мазмұнды суреттер. Көрнекі құралдарды іріктеуде баланың жас ерекшеліктерін және нақты мүмкіншіліктерін ескеру қажет [10].
І деңгейдегі балаларды тексеру барысында баланың затты атауына (дыбыстармен, былдыр сөзбен, еліктеуіш сөзбен аф-аф, му-му, т.б.); олардың тұрақтылығына (затты атағанда тұрақты бір дыбыспен немесе былдыр сөзбен атай ма, әлде әртүрлі ме); санына (белсенді сөз қорында ондай дыбыс жиынтығы, былдыр сөздер қанша); буындарды, сөздерге еліктеу, оларды қайталау мүмкіндігіне, буындық құрамына көңіл бөлу керек.
ІІ деңгейдегі балаларды тексеру барысында сөз түсінігі, сөйлем көлемі және оның грамматикалық құрылымы, сөз өзгерту мүмкіндіктері, сөздің буындық құрамы, дыбыс айтуы, сөз қоры, артикуляциялық аппараттың қалпы анықталады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойын кеңістігі арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың мәдени қарым - қатынас дағдыларын дамыту ерекшеліктері
Балалардағы диалогтік сөйлеуді дамыту
Сөйлеу әрекетінің орталығы
Психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуі
Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың сөйлеуінің морфологиялық жағын дамыту құралы ретінде ойындардың тиімділігін теориялық негіздеу және эксперименталды түрде тексеру
Мектеп жасына дейінгі балаларда коммуникативтік дағдыларының ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі үлкен балалардың сөйлеуін тікелей оқу іс-әрекетінде және күнделікті өмірде дамыту құралы ретінде фольклордың шағын түрлерін пайдаланудың тиімділігін негіздеу
Мектеп жасына дейінгі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөздік қорын дамыту мәселелері
Мектеп жасына дейінгі жалпы сөйлеу тілінде бұзылысы бар балаларға сипаттама
Сөйлеу дағдысын дамыту
Пәндер