Жұлдызы жанған Қаныш атамның биік тұлғасы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

«Шүлбі жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Тақырыбы: Тұтас дәуірдің жұлдыз тұлғасы

C:\Users\Гульзия\Desktop\Каныш ата.jpg

Дайындаған: 3 - сынып оқушысы Оспанбаева А

Ғылыми жетекшісі: Жағыпар М. Б

Семей қ, Шүлбі кенті

2024 жыл

Мазмұны

Аннотация . . . 3

Пікір . . . 4

Кіріспе

  1. Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың әлемінен . . . 5-6
  2. Жаңа ғасырдың төрінде ескерткіш болған заңғарлар . . . 6-7

Негізгі бөлім

  1. Ұлы педагог тіл мәдениетінің негізін қалаушы . . . 8-10
  2. Жұлдызы жанған Қаныш атамның биік тұлғасы . . . 11-13

Қорытынды бөлім . . . 14

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 15

Сыртқы сілтемелер

Аннотация

Зерттеу жұмысының тақырыбы: Тұтас дәуірдің жұлдыз тұлғасы

Зерттеу жұмысының мақсаты: Ұлы тұлға атақты академик, алғашқы геолог Қаныш атамның өмірін оқи отырып, зерделей отырып, тың деректерді қолдана отырып өзіндік әлеміне жол ашып тигізген мол үлесін келешек ұрпақ бізге зерттеп жеткізе білу. Жалғыз кен, мыс емес Қаныш атаның тіл мәдениетіне тигізген үлесін ескере отырып, жоба жұбысын ұсыну.

Зерттеу жұмысының міндеттері: Жұлдызы жанған Қаныш атамның тұтас дәуірдегі бейнесін зерттеу; жаңа ғасырда Жаңа Қазақстанда ескерткіш болған бұл біртуар тұлғалардың қазақтың мәдениетін, әдебиетін қалыптастыруда жұмылған күштерін жеткізе білу; Сәтбаев сынды ұлы тұлға және оның құндылықтар әлемі мен дүние­та­нымы туралы баяндау.

Зерттеу барысында күтілетін нәтиже : Бұл жобада басты күтілетін нәтиже ол Қаныш атамның ерен еңбегі, қажырлығы, білімпаздығы қазіргі бізге мақтаныш екендігін түсініп, соған ай осы жобамды жалғастыруды өзім сын етіп алуымда . . .

Тақырыптың өзектілігі: Жұлдызы жанған ұлы тұлға деп айтылуын себебін соған сай мұра ретінде қадған әліде бөлек талдауды қажет ететін шығармаларды қажетіне қарай жеткізу, бүгінгі ұрпақ бізге аманат!

Аннотация

Тема исследовательской работы : Звездная личность целой эпохи

Цель исследовательской работы: Изучение и изучение жизни великого академика, первого геолога Каныша дедушки, а также использование новых данных. Предложение пары проектов с учетом вклада в языковую культуру единственного Рудного, не медного Каныша.

Задачи исследовательской работы : Изучение целостного образа дедушки Каныша; умение передать силы, вложенные в формирование казахской культуры, литературы этих выдающихся личностей, ставших памятниками нового века в новом Казахстане; рассказать о такой великой личности, как Сатпаев, о мире ценностей и мировоззрении.

Ожидаемый результат в исследовании: в этом проекте главным ожидаемым результатом является осознание того, что труд, самоотверженность, любознательность моего деда Каныша являются гордостью для нас сейчас, и я сам критикую продолжение этого проекта . . .

Актуальность темы: необходимо передать по мере необходимости произведения, которые требуют отдельного анализа, чтобы потом сказать, что Каныш Имантайұлы Сәтпаев -это великая личность!

Annotation

Research topic: The stellar personality of an entire epoch

The purpose of the research work is to study and study the life of the great academician, the first geologist Kanysh grandfather, as well as the use of new data. The proposal of a couple of projects, taking into account the contribution to the linguistic culture of the only Ore, non-copper Kanysh.

The objectives of the research work: To study the holistic image of grandfather Kanysh; the ability to convey the forces invested in the formation of Kazakh culture, literature of these outstanding personalities who became monuments of the new century in new Kazakhstan; to tell about such a great personality as Satpayev, about the world of values and worldview.

Expected result in the study: in this project, the main expected result is the realization that the work, dedication, curiosity of my grandfather Kanysh are a pride for us now, and I myself criticize the continuation of this project . . .

Relevance of the topic: it is necessary to transfer, as necessary, works that require separate analysis, then to say that Kanysh Imantayly Satpayev is a great personality!

Кіріспе . 1. Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың әлемінен

Академик, геолог және қоғам қайраткері 1899 жылы 12 сәуірде Теңдік ауылынан 1 километр қашықтықтағы Айрық деген жерде дүниеге келді. Бүгінде бұл - Павлодар облысы Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округіндегі Мұса Шорман ауылы.

Ғұлама ғалымның шын есімі - Ғабдулғани. Арабшадан аударғанда шексіз байлық иесі, ешкімге мұқтажсыз, Алланың құлы деген мағынаны білдіреді. «Ғани», «Ғаныш», еркелете келе "Қаныш" аталып кеткені осыдан. Қаныш Сәтбаев атамыз айтқан екен: "Қазақстандағы ғылым дұрыс жолмен даму үшін оның штабында, ғылым академиясының, халқының, өз отанының мүдделерін бар жан-тәнімен берілген адамдар қызмет етуі керек" деп.

Қаныш Сәтбаев - алуан түрлі тастары бар тауларды, дархан даланы жақсы көрген, қазақ ғылымына өлшеусіз үлес қосқан, Қазақстан гелогтары ғылыми мектебінің негізін қалаған, гелогия, минерология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының ұйымдастырушыларының бірі әрі тұңғыш президенті.

Қаныш Сәтбаев өнердің сан саласында озық болған. Музыка тыңдағанды ұнатқан, биді қадірлейтін. Археолог, ғалым Әлкей Марғұланның айтуынша, Қаныш Сәтбаев полька, мазурка, вальс билеріне қызыққан екен. Қаныш Имантайұлы алғашқы қазақ мектептеріне арналып ана тілінде жазылған "Алгебра" оқулығының авторы. Алғашқы ғылыми еңбегіне жататын оқулық қол жазбасының көлемі 1642 беттен тұрған.

Академик Қаныш Имантайұлы Сәтпаев - қазақ халқы мен Қазақстан тарихындағы зор құбылыс. Ол аса көрнекті ғалым - геолог ғана емес, өз заманының әйгілі табиғат зерттеушісі, жер қойнауының жыршысы, әлемдік өреге көтерілген ойшыл тұлғасы. 1927 жылы жас маман, инженер-кенші Қаныш Сәтбаев өзінің кәсіби қызметін жергілікті кәсіби кадрлардың жоқтығына, қаржыландырудың жеткіліксіздігіне қарамастан, ағылшын концессионерлерінен мұраға қалған ғылыми-зерттеу жабдықтарында жұмыс істеуді Қарсақбай мыс кенішінен бастайды. 3 жылдан кейін 1930 жылдың басында оның тобымен ашылған шашыраңқы мыс кенорындары - үлкен Жезқазған кенорны қоры 2 млн тонна мыстан кем емес әлемдегі ең ірі кенорындардың бірі екендігі ғылыми дәлелденеді. Кейінірек оның «Үлкен Жезқазған мәселелеріне арналған» (Народное хозяйство Казахстана, 1936, №1-2, 74-83-бб. ) алғашқы ғылыми мақаласы жарық көреді. Бұл Орталық Қазақстанның және тұтастай еліміздің бет-бейнесін толығымен өзгертті. Үлкен Жезқазғанның ашылуы адам ерлігімен қатар бүгінде жастар үшін практикалық міндеттерді жүзеге асырудағы кәсіби, ғылыми тәсілдің үлгісі болып табылады. Өркениеттен мыңдаған шақырым қашықтықта орналасқан Қарсақбай кентінде Қ. Сәтбаев ғылыми фактілерді зерттеу мен талдаудың ең үздік құралдарының көмегімен өмірінің соңына дейін дәл әрі жете талдау жасаған.

Қаныш атам менің мақтанышым! Олай деп айтуымның бір себебі атамның болмыс бітімі, ақылды, парасаттылығы. Дүниені Қаныш атамыздың көзімен қарасақ біздің жеріміздің бай екендігі елестейтіндей! Тағы бір себеп Қазақтың тұңғыш академигі, мыс кен өндірушілердің ең алғышқысы деп айтуға болады. Алып тұлғадан жалғыз бұл қырынан бөлек әнге әуестігі 25 әннің алғаш орындаушысы. Алгебра пәнінің қазақ тіліндегі нұсқасын жасап бізге жеткізуші. Саралай берсек әрине айтар қыры өте көп барлық қыр мен сырды бір бойына сіңірген Қаныш ата мен үшін жұлдызы жанған дара тұлға!

Көп ғасыр тарихы бар қазақтардың арасында тұңғыш геолог атанған Қаныш Сәтбаев Жезқазған және Қарсақбай ауданындағы басқа да пайдалы қазбалар кен орындары геологиясын зерттеді. Сәтбаев геологиялық барлау жұмыстарын жүргізді, оның жетекшілігімен бұрғылау мастерлері, сызба сызушылар, прорабтар және т. б. кадрлар қалыптасты. Қазақстандық ғалым Жезқазған мыс кен орнының қоры бұрынғыдан әлдеқайда көп екенін дәлелдеді. Осы жаңалық үшін оған 1940 жылы КСРО жоғары мемлекеттік наградасы - Ленин ордені берілді. Кейінірек оған тағы төрт орден табыс етілді.

ІІ. Жаңа ғасырдың төрінде ескерткіш болған заңғарлар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығындағы ұлттық болмыс, халықтың салт-дәстүрлері мен нақыл сөздері
Ақын арнауларындағы тұлғалар галлереясы
Ақын поэзиясындағы ұлттық рух пен көркем шындық
Сұлтанбек Қожановтың қоғамдық - саяси белсенділігі
Кәкімбек поэзиясындағы туған жерге сағыныш
Ілияс Омаровтың 100 жылдық мерейтой
Жеті атаны білу - ұрпақтың қайта жаңғыруын көздейді
Сафуан Шаймерденов-әдеби тұлға
Ұлы Отан соғысы жыдарында марапатталған қазақстандық Совет одағының батырлары
Бауыржан Момышұлының әдеби мұралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz