Озон қабатының жұқаруы проблемасы
Астана қаласы әкімдігінің Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназия шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорны
Жұмыстың тақырыбы:
Қоршаған ортаны қорғауда-экософияның алатын орны
Секциясы: Мені қоршаған әлем-ғажайып әлем.
Орындаушылар: Сабиржан Сабина Күнболатқызы
Жетекші мұғалім: Умутбаева Дина Атретовна
Жұмыстың орындалған уақыты: 1 жыл
Астана қаласы, 2024 ж.
Аңдатпа
Экологияның дамуы мен заңдылықтары. Адамзаттың табиғатты тиімсіз пайдалану нәтижесінде ғаламдық экологиялық мәселелердің жаһандануы. Экософияның тарихи дамуы. Халқымыздың киелі санайтын кейбір жануарлары туралы айтылады.
Аннотация
Развитие и законы экологии. Глобализация мировых экологических проблем как результат неэффективного использования человеком природы. Историческое развитие экософии. Упоминается о некоторых священных животных нашего народа
Annotation
Development and laws of ecology. Globalization of world environmental problems as a result of human inefficient use of nature. Historical development of ecosophy. It is mentioned about some animals that our people consider sacred.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.
I. ЭКОЛОГИЯНЫҢ ДАМУЫ МЕН ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
1.1 Экологияның дамуы мен заңдылықтары
5
II.
АДАМЗАТТЫҢ ТАБИҒАТТЫ ТИІМСІЗ ПАЙДАЛАНУ НӘТИЖЕСІНДЕ ҒАЛАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ЖАҺАНДАУЫ
Адамзаттың табиғатты тиімсіз пайдалану нәтижесінде ғаламдық экологиялық мәселелердің жаһандануы
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДА-ЭКОСОФИЯНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
7
2.1
III.
7
3.1

12
Қорытынды
20
Әдебиеттер тізімі
21
КІРІСПЕ
Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас-мәңгілік және күрделі мәселе. Адам шаруашылығын дамыту барысында қажетті материалдың барлығын табиғаттан алатындықтан табиғаттың тепе-теңдігі бұзылады. Қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғау бүкіл ғаламдық деңгейдегі мәселелердің бірі болып отыр. Кез келген аумақтың және туған өлкеміздің табиғаттағы біртұтастық заңдылығын сақтау мен экологиялық апатты болдырмау жолдарын табу болып саналады. Қазақтың сенімі бойынша ерте кезден қалыптасқан жаратылысқа рухани құндылық ретінде кие, обал, сауап сияқты қасиетті наным-сенімін экософия ғылымында қолдануға болады.
Экософия ғылымының мақсаты да баланың өн бойына табиғатты аялауға, жерін, елін сүюге, қоршаған ортаға құрметпен қарауға тәрбиелеу болып табылады.
Жұмыстың мақсаты: Киелі саналатын жан-жануарлардың тіршілік әрекеттерін зерттеп, оларды табиғатты қорғау мәселелерінің шешу жолдарына ұсыныс жасау.
Жұмыстың міндеттері:
Экология ғылымы, заңдылықтары және мен ғаламдық экологиялық мәселелерге шолу;
Экософия ұғымы және қоршаған ортаны қорғау;
Киелі, қасиетті жан-жануарлардың ерекше қасиеттерін сипаттау;
Табиғатты қорғау мәселелерінің шешу жолдарына ұсыныс жасау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Киелі саналатын жан-жануарлардың тіршілік әрекеттерін негізге ала отырып оларды табиғатты қорғау мәселелерінің шешу жолдарына ұсыну.
Жұмыстың әдістемелік негізі: ғылыми баспалардан жарық көрген ғылыми еңбектер мен кәсіптік іс-тәжірибеде, интернет көздерінен жинаған мәліметтер алынды.
I. ЭКОЛОГИЯНЫҢ ДАМУЫ МЕН ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
1.1 Экологияның дамуы мен заңдылықтары
Экология (грек тілінде -- үй және ғылым) тура мағынасында мекен ету ортасы туралы ғылым дегенді білдіреді. Неміс зоологы Э. Геккель 1866 жылы Ағзалардың жалпы морфологиясы атты еңбегінде тірі ағзаларға қоршаған орта факторларының ықпалы жайында барлық мәселелерді қарастыра отырып, оны бір ұғыммен экология деп атауды ұсынды.Экологияның даму тарихына орай берілген анықтамалардың көптігіне қарамастан, экология - бұл тірі ағзалардың тіршілік ету жагдайларын және мекен ету ортасы мен ағзалар арасындағы өзара байланыстарды зерттейтін ғылым деп саналады. Биология, география және тағы да басқа жаратылыстану ғылымдары экология ғылымының іргетасын қалады. Экологияның ғылым ретінде даму тарихын жинақталған түрде үш сатыға бөлуге болады.
I кезең (XVII-XVIII ғасырлар) - экологияның пайда болу кезеңі, мұнда ағзалардың мекен ету ортасымен өзара байланыстары туралы алғашқы мәліметтер жинақталып, бақылаулар жүргізіліп, жинақталған білімдер бір жүйеге келтіріліп, алғашқы талдаулар жасалынған кезең. Бұл кезеңде биологиялық зерттеулердің басым көпшілігінде экологиялық мәліметтер келтірілген (Ж. Бюффон, К. Линней, Ж. Ламарк және т.б.), сондай-ақ табиғи ресурстардың шектеулігі мен адамның табиғатқа тигізетін әсерінің жағымсыз салдары жөніндегі теория (Т.Мальтус теориясы) ұсынылды. II кезең (XIX ғасырдың екінші жартысы, XX ғасырдың 50-жылдарына дейін) - экология білімнің дербес саласына бөлінді. Органикалық дүниенің дамуының негізгі факторларын ашып көрсеткен Ч. Дарвиннің ілімін жалғастырған Э. Гекель ағзалардың тіршілік үшін күресі деп атаған экологияны биологияның дербес саласы деген тұжырым жасады. Сол кезден бастап, қазіргі уақытқа дейін өзектілігін жоғалтпаған экологияның бірқатар қағидалары мен ұғымдарын қалыптастырған орыс ғалымдарының (К.Рулье, Н.А.Северцов, В.В.Докучаев) еңбектері жарық көрді. XX ғасырдың 30-40-жылдары (1935 ж.) А.Тенсли экожүйе жөніндегі ұғымды ұсынды, ал кейіннен В.Н.Сукачевтің (1944 ж.) экожүйе ұғымына жақын биогеоценоз жөніндегі термині ғылыми айналымға енеді. Осы кезеңде орыстың ұлы ғалымы В.И. Вернадский биосфера жөніндегі ғылымның іргетасын қалады. Осындай терең жүргізілген зерттеулер мен жаңалықтардың көптеп ашылуының нәтижесінде экологияның зерттеу аумағы кеңейіп, жеке ғылым ретінде толық қалыптасты. Айта кететін болсақ, өткен ғасырдың 20-30-жылдары Экологияның алтын ғасыры деп аталады. III кезең (XX ғасырдың 50-жылдарынан бастап қазіргі уақытқа дейін) - табиғаттың ластануының және адамның табиғатқа тигізетін әсерінің күрт өсуіне байланысты экология ерекше маңызға ие болып, кешенді ғылымға айналды, сондай-ақ табиғатты қорғаудың ғылыми негіздерінің іргетасы қаланды. Н.Ф. Реймерстің айтуынша, экология қатаң биологиялық ғылымнан географияның, геологияның, химияның, физиканың, әлеуметтанудың, мәдениет теориясының, экономиканың тарауларын өзіне сіңіріп, елеулі білім циклына айналды.... Бүл кезең экологияны әрбір мемлекеттің және жалпы халықаралық қауымдастықтың экономикалық және саяси стратегияларының маңызды бөлігін құрайтын күрделі ғылымға айналдырған кеңес және шетел ғалымдарының үлкен тобының есімдерімен байланысты [1].
Экологияның кез келген басқа ғылым сияқты екі аспектісі бар. Біріншісі - бұл таным үшін білімге ұмтылу және мұнда табиғаттың даму заңдылықтарын іздестіру мен оларды түсіндіру басты рөл атқарады, ал екіншісі - қоршаған ортамен байланысты мәселелерді шешу үшін жинақталған білімді қолдану.
Қоршаған ортаның даму заңы: кез келген табиғи жүйе қоршаған ортаның материалдық-энергетикалық және ақпараттық мүмкіндіктерін пайдалану есебінен ғана дамиды. Заңның маңызды бөліктері болып мыналар табылады: 1. Қалдықсыз өндірістің болуы мүмкін емес.
2. Кез келген жоғары ұйымдасқан биотикалық жүйе өзінің дамуы барысында төменгі деңгейдегі ұйымдасқан жүйелерге ықтимал қауіп төндіреді. Сондықтан жер биосферасында өмірдің екінші қайтара пайда болуы мүмкін емес, себебі ол тіршілік еткен ағзалармен жойылып отырады.
3. Жер биосферасы жүйе ретінде, ішкі және ғарыштық ресурстардың есебінен дамиды
Жүйенің (түрдің) бір бөлігінің төмендеуі экожүйенің басқа бөліктерімен байланысының жойылуына және құрылымдық өзгерістеріне әкеліп соқтыруы мүмкін. Бұл заңдардан басқа экологияда американдық ғалым Б. Коммонердің төрт заңы кеңінен танымал:
1) барлығы бір-бірімен байланысты;
2) ізсіз ештеңе жоғалып кетпейді;
3) табиғат бәрінен артық біледі;
4) табиғатта тегін ештеңе жоқ (яғни ақысыз табиғаттан ештеңе алынбауы тиіс). М.Ф. Реймерстің пайымдауынша, Б. Коммонердің бірінші заңы маңызы жағынан ішкі динамикалық даму заңына жақын, ал екінші заңның - осы заң мен табиғи жүйенің қоршаған ортаның есебінен даму заңына, үшінші заң бізді өзіне-өзі сенушілікке бой алдырмаудан сақтандырады, ал төртінші заң ішкі динамикалық тепе-теңдік, тұрақтылық жэне табиғи жүйенің даму заңы талдап қорытылатын мәселелерді қозғайды. Б. Коммонердің төртінші заңына сәйкес біз уақыт өте келе апатқа ұшырамас үшін табиғаттан алғанымызды қайтаруға тиіспіз.
Қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғау бүкіл ғаламдық деңгейдегі мәселелердің бірі болып отыр. Кез келген аумақтың және туған өлкеміздің табиғаттағы біртұтастық заңдылығын сақтау мен экологиялық апатты болдырмау жолдарын табу және алдын алу болып табылады.
II. АДАМЗАТТЫҢ ТАБИҒАТТЫ ТИІМСІЗ ПАЙДАЛАНУ НӘТИЖЕСІНДЕ ҒАЛАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ЖАҺАНДАНУЫ
2.1 Адамзаттың табиғатты тиімсіз пайдалану нәтижесінде ғаламдық экологиялық мәселелердің жаһандануы.
Географиялық детерминизм. Кең көлемде алғанда детерминизм латын сөзі, мағынасы - анықтау. Ол әр түрлі құбылыстардың өзара байланысын, өзара тәуелділігін, өзара әсерін білдіреді. Жалпы осы термин философияда кең қолданылғанымен де басқа ғылымдар да да, оның ішінде география ғылымында қолданылады. Осы детерминизм идеясы барлық географиялық ғылымдардың барлық жақтарын анықтайды. Бірақ геогафиялық детерминизм дегенде географиялық ортаның, географиялық факторлардың (геогафиялық жағдайдың, климаттың, гидрографияның, топырақтың, өсімдіктердің) адам қоғамының дамуындағы орнын асыра бағалау байқалады. Осы жағдай, - Ю.Г.Липецтің түсіндіруінше, әр түрлі демографиялық, экономикалық, саяси т.б. жағдайлардың әсері табиғи жағдайлар мен табиғи қорладың туындысы деп санауға мүмкіндік берді.
Тарихи тұрғыдан алғанда географиялық детерминизмді Н.Н.Баранский географиялық фатализм деп атады. Себебі ол осыдан екі мың жылдай бұрын пайда болып, қоғамның дамуында климат т.б. географиялық факторлар жетекші деп бағаланды. Ал 19 ғасырдың аяғынан географиялық француз ғылыми мектебінде поссибилизм (фран. тілінен аударғанда- мүмкіндік деген мағынаны білдіреді) бағыты қалыптасты. Ол қоршаған орта адамзаттың іс-әрекетінің нәтижесінде мәдени ландшафтардың қалыптасуына жағдай жасайды, бірақ анықтаушы роль адамның өз қолында дегенді білдірді.
Сонымен бірге географиялық фатализмнің келесі бір бағыты - инвайронментализм (ағылшын тілінен аударғанда қоршаған орта дегенді білдіреді) кең тарады. Осы бағыт шаруашылықтың дамуын, орналасуын табиғи орта мен табиғи қорларға тәуелді деп қарастырды. Осы жоғарыда келтірілген геогафиялық фатализмнің әр түрлі бағыттары қоршаған ортаның қоғамның дамуына әсерін тым жоғары бағалады. Ал географиялық ортаның адам өмірі мен іс-әрекетіне әсерін төмен бағалауды географиялық индетерминизм деп атайды. Осы ұғым Н.Н.Баранскидің айтуы бойынша геогафиялық нигилизм болып табылады.
Батыс елдерінің геогафиялық мектептерінде табиғи жағдайлар мен қорлардың ролін төмен бағалау кездеседі. Осы құбылыс Кеңестік географиялық ғылымда да Біз табиғаттан қайырымдылық күте алмаймыз, біз табиғаттың бермегенін тартып аламыз деген принциптің көптеген жылдары болғанынан көрінеді. Осы принциптің қолданылуы бұрынғы Кеңес одағы ауданында табиғи қоршаған ортаның тозып, табиғи-экологиялық байланыстың бұзылуына себепші болды.
Сонымен геогафиялық детерминизм (фатализм) қоршаған ортаның рольін адам өмірінде анықтаушы деп қарастырса, географиялық индетерминизм (нигилизм) адам қоғамы үшін табиғи ортаның маңызын жоққа шығарады [2]. Адамзаттың дамуы әлем шаруашылығының орналасуы және жекелеген елдердің дамуы, қоғамдық және табиғи факторлардың тиімді қарым- қатынасына байланысты. Табиғи факторлар ұғымы барлық, табиғи қорлардың жиынтығын білдіреді, Табиғи қорлар қалпына келетін және қалпына келмейтін, экономикалық салаларында пайдалануы бойынша, көлемі немесе сапасыда бойыншада жіктеледі.Табиғи қорлар бір келкі таралмаған. Ол жер бетіндегі климаттық, тектоникалық процесстерге байланысты. Табиғи қорлар елдің дамуына қажетті, бірақ елдің жалпы даму деңгейін көрсете алмайды.Өндіргіш күштердің дамуына сәйкес ғана елдің дамуын қамтамасыз етеді. Бірақ керісінше табиғи қорлардың шектеулілігі Жапония, Корея сияқты елдердің өндіргіш күштерін, ғылымын, техникасын жетілдірудің негізінде дамуы. ҒТП өндірістің материал сыйымдылығын, энергия пайдалану деңгейін төмендетуге, энергияның жаңа көздерін , шикізаттардың пайдалану тиімділігінің технологиясын жетілдіруге мүмкіндік береді. Елдің басқа елден шикізат әкелуі, кәсіпорындардың табыстылығына, өнімнің құнына және әлемдік нарықта бәсекелестік қабілетіне әсер етеді.
Халықаралық еңбек бөлісу жүйесінде дамыған елдер шикізат қорларын тұтынушы, ал дамушы елдер өндіруші. Мысалы, Америка ішкі өндірісіне қажетті минералдардың 15-20% - н импорттаса, Батыс Еуропа елдері шамамен 70%, ал Жапония 90%-ын басқа елдерден әкеледі.
Қазіргі заманғы ғаламдық экологиялық жағдайдың нашарлауын адамзаттың тұтыну ауқымымен және биосфераның ресурстық-экологиялық мүмкіндіктерінің сәйкес келмеуімен түсіндіруге болады. Ноосфера туралы ілімнің негізін қалаған В.И.Вернадский ХХ ғасырдың ортасында адамзаттың шарушылық әрекеті географиялық ортаға табиғаттың өзінде жүріп жатқан геологиялық процестерден кем әсер етпейтіндігі туралы жазған. Одан бергі уақытта адамның табиғатқа әсері одан сайын арта түседі. Экологиялқ проблемалар ауқымы жөнінен ғаламдық сипат алады. Ғаламдық экологиялық проблемалар түрліше сипатта. Олардың аса маңыздыларына табиғи ортаның ластануы мен ахуалының нашарлауы жатады.
Табиғи ортаның ластануы. Адамның шаруашылық әрекеті қоршаған ортаның шамадан тыс ластануына алып келеді. Атмосфера мен гидросфераның өнеркәсіптік қалдықтармен, ал Дүниежүзілік мұхиттың мұнаймен ластануы, топырақ қабатында ауыр металдар мен улы заттардың шоғырлануы, тұрмыстық қалдықтар көлемінің артуы ақыр соңында адамның денсаулығына қауіп төндіреді. Ең лас өнеркәсіп түрлері тау-кен мен құрылс материалдарын өндіру, энергетика, қара және түсті металлургия, мұнай өндіру мен өңдеу, химия өнеркәсібі, целлюлоза-қағаз өндірісі, тамақ өнеркәсібі жатады. Мысалы, 1 т шойын өндіру барысында атмосфераға 4,5 кг қатты заттар, 2,7 кг күкіртті заттар, сондай-ақ мышьяк, қорғасын, сынап буы бөлініп шығады. 1 т алюминий алу үшін 38-47 кг фтор пайдаланылады, кейіннен оның 65 00 атмосфераға шығарылады. Кен байыту фабрикаларының мұржаларынан улі түтіннің маңайындағы тірішілік үшін зияны шексіз. Химия өнеркәсібі ауға стирол, фенол, ацетон, күкірт диоксиді, күкірт ангидриді тәрізді улы қосылыстарды бөледі. Ал жылдан-жылға саны артып отырған автокөлік ауаны өнеркәсіптен кем ластамайды, қазіргі кезде оның үлесіне атмосфера ластануының 60 00 тиесілі. Қара қошқыл фотохимиялық тұманның түзілуіне автомобильдер шығаратын газдар тікелей әсер етеді. БҰҰ-ның ғаламдық экологиялық мониторинг жүйесінің мәліметтеріне қарағанда, өзендердің нитраттармен, фосфаттармен және пестицидтермен, қалдық сулармен ластануы артуда. Атмосферада көмірқышқыл газының үлесінің артуы дүние жүзі ғалымдары жылыжай эффектісі деп атаған қауіпті жағдайға апарып соғуы мүмкін.Оның мәнісі - көмірқышқыл газы күн сәулесін әйнек тәрізді өткізіп отырғанымен, жер бетінен бөлінетін жылуды өткізбейді, соның салдарынан климат жылынады. ХХғ. 80-жылдарынан бастап жер шарындағы климаттың ғаламдық жылынуытуралы жиі айтылуда. Ғалымдардың болжамы бойынша, Жер ғаламшарында 2050 жылға қарай 40С-қа көтеріледі. Бұл өз кезегінде мұздықтар көлемінің азаюына, жауын-шашын мөлшерінің, желдер мен мұхит ағыстарының бағыттарының өзгеруіне алып келеді.Нәтижесінде дүниежүзілік мұхиттың деңгейі көтеріліп, кейбір аралдар мен жағалауларды су басып қалуы мүмкін.
Озон қабатының жұқаруы проблемасы. Озон қабатының Жер ғаламшарын ғарыштан келетін ультракүлгін сәулелерден қорғайды. 1984 жылы британдық ғалымдар Халли-Бей станциясына соңғы 10 жыл ішінде атмосфера құрамындағы озонның 4000 - ға азайғанын анықтады. Бірнеше рет зерттеу сынақтарын жүргізген соң, 1985 жылы озон қабатының жұқаруы туралы әйгілі мақала жарық көрді. Ал америкалық ғалымдар 1978 жылдан бері жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Антарктида үстінде, әсіресе көктемге қарай озон мөлшерінің күрт азаятындығын анықтап, озон қабатының жұқару картасын жасаған. Озон қабаты жұқарған бөлік ауданы жағынан АҚШ жерімен шамалас болып шыққан. Ғалымдар арасында күтпеген тосын жаңалық болған бұл құбылыс атмосфера құрамында хлорфторсутекті қосылыстар-фреондардың көбеюі салдарынан болатындығы дәлелденеді. Фреондар әсерінен озон қабатының жұқаруы мына жолмен жүреді.Қыс кезінде Антарктида үстіндегі атмосфера қабатында полюс маңы құйыны пайда болады.Ол материк үстіндегі ауа қабатын өзімен бірге қозғалысқа келтіріп, жоғары тартып әкетеді. Осы ауамен бірге көтерілген фреон ғарыштық сәулелер әсерінен ыдырап, оның құрамынан хлор бөлініп шығады. Хлор озон молекуласымен әрекеттесіп, пайда болған қосылыс төмен температура (-900С) әсерінен қатады. Көктемге қарай Күн сәулесі әсерінен бұл қосылыстар қайта ыдырап, енді озон мен хлор орнына оттек пен хлор түзіледі.Босап шыққан хлор қайтадан озон молекуласымен қосылып, озонды қайтадан оттекке айналдырады.Хлордың озон молекуласын ыдырату әрекеті тоқтаусыз жалғаса береді.Мысалы, 1 хлор атомы 10000 озон молекуласын ыдыратады.Сөйтіп көктемнің бірнеше аптасы ішінде Антарктида атмоферасының құрамындағы озон мөлшері 9700-ға дейін азаяды. Антарктида үстінде фреондар әрекетінен жер шарының озон қабатының жұқаруы жылма-жыл қайталануда.Сонымен қатар озон қабатының жұқаруы Арктика үстінде де байқалуда, бұл құбылыс қоңыржай белдеудің кейбір бөліктерінде де тіркелген. Соңғы кезде ғалымдар озон қабатының жұқаруына дыбыстан жылдам ұшатын реактивті ұщақтар мен ғарыштық зымырандарды жиі ұшырудың да әсері болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Ауадағы ультракүлгін сәулелердің көбеюі адамдарда көз аурулары мен тері обырының жаппай белең алуына себепші болады. Сонымен қатар ДНҚ молекулаларын бұзу арқылы қайтымсыз өзгерістерге алып келуде. Озон қабатының жұқаруы Жер шарындағы тіршілік дүниесіне, адамзат өркениетіне зор қауіп төндіруде. Осы себепті бұл апатты құбылыс адамзаттың ғаламдық проблемасына айналып отыр. Озон қабатының жұқаруын мейлінше тежеу мақсатында 1985 ж.Вена конвенциясы, 1989 ж. Монреаль хаттамасы бойынша озонды ыдырататын қосылыстарды шығаруды шектеуге қол қойылды. Қазіргі кезде дүние жүзі қауымдастығы бұл шарттарды орындауға басты назар аударуда.
Ормандар аумағының қысқаруы. Қазіргі кезде дүние жүзінде ормандар құрлықтың 3000-ын, яғни жалпы ауданы 4 млрд га аумақты алып жатыр. Соңғы 200 жыл ішінде ормандардың ауданы 2 есеге жуық қысқарған.Жыл сайын жер бетінен жойылатын ормандардың шамамен 10 млн гектарын тропиктік ормандар құрайды.Олардың тек 1000-ы ғана қалпына келтіріледі.Орман алқаптарының жойылуына әсіресе апатты өрттер, қышқыл жаңбырлар, ағаштарды есепсіз себепші болуда. Дамушы елдерде орман алқаптары жайылымдар мен егістік жерлердің көлемін ұлғайту мақсатында кесіліп, бағалы ағаш сүректері жоғары дамыған елдерге сатылады. Дамушы елдердің көпшілігінде кесілген ағаштар отын ретінде пайдаланылады. Ормандар ауа мен топырақ қабатының ластануынан да зардап шегуде. Мұның барлығы орман алқаптарының күрт азюына, түр құрамының жұтаңдануына себепші болды. Атмосфераны ұдайы оттекпен байытып отыратын ормандардың жойылуы топырақтың құнарлы қабатының тез шайылуына, су режимінің өзгеруіне кері әсерін тигізеді. Жер шарының көптеген аудандарында жүріп жатқан тақырлану үрдісі көбіне адам әрекетінен болатыны белгілі. Кезінде құнарлы болған жерлердің жұтаңданып, тозуынан жарамысз жерлер пайда болады. Шөлейттену көлемінің ұлғаюына табиғи және антропогендік факторлардың қатар ықпал етуі себепші болады. Антропогендік факторлар қатарына жайылымдық мал шаруашылығы әсерінен онсыз да сирек өсімдік жамылғысының жұтаңданып, топырақтың құнарсыздануы; жерді есепсіз жырту, ормандар мен бұталардың оталып, өртелуі; жолдар мен құрылыс салу нәтижесінде топырақ жамылғысының құрамының өзгеруі жатады. Жарамсыз жерлерге әсер етуші табиғи факторлар ретінде жел эрозиясы мен топырақтың беткі қабатын құнарсыздандыратын құйындар мен аптапты аңызақтарды атауға болады. Дүние жүзінде жарамсыз жерге ұшыраған аумақтар ауданы жыл сайын ұлғайып келеді.Соңғы деректерге қарағанда, ХХ ғ. 2-жартысындағы адамның шаруашылық әрекеті әсерінен мұндай жерлердің ауданы 9 млн км2-ге артты. Ал 30 млн км2 аумақ жұтаңдануға таяу қалып тұр. Шөлейттену құбылысы дүние жүзінің 100 аса елін қамтуда.Халық саны жедел өсіп келе жатқан бұл елдерде жылына 6-7 млн га құнарлы жердің жарамсыздануы тұрғын халықты азық-түлікпен қатамасыз етуді қиындатады. Мысалы, Үндістандағы халық тығыз қоныстанған құрғақ аудандардың бірі - Тар шөлі. Үндістан жерінің 8000 жуық ауық-ауық қуаңшылыққа ұшырауда. Сонымен қатар Африканың Сахель зонасында да шөлейттенудің түрлері байқалуда.Бұл аймақта ХХ ғасырдың 60-жылдарында басталып, ұзаққа созылған қуаңшылық 1973 ж. шырқау шегіне жетті. Соның нәтижесінде мал басы жаппай қырылып , Африканың көптеген елдерін аштық жайлады. Қуаңшылық жылдарында аймақтағы ірі өзендер қатарына жататын Нигер мен Сенегел өзендерінің де ағысы уақытша тоқтап, құдықтар мүлде кеуіп қалды.1980 жылдары қуаңшылық пен шөлейттену Африканы түгелгдей қамтыды. Нәтижесінде 1985 ж. 1млн-нан аса адам қазаға ұшырап, 10млн адам экологиялық босқындарға айналды.Материктің жекелеген бөліктерінде шөлейттенген жерлер 10 км-ге дейін ілгері жылжуда.Мұндағы апатты қуаңшылық халықаралық қауымдастықтың назарын аударуда. БҰҰ мен халықаралық ғылыми және қайырымдылық ұйымдары тарапынан апаттың алдын алу шаралары жүргізіп, жергілікті халыққа жан-жақты көмек көрсетілуде [3].
Қазіргі адамзат жан түршігерлік мәселе ғаламдық экологиялық дағдарысқа тап болды, оның себебі адамдардың өз орны мен міндеттерін дұрыс түсінбеу болып табылады. Адам баласы, санасы бар жалғыз тіршілік иесі, оны тікелей міндетін орындауға емес, қоршаған ортамен күреске пайдаланды. Бұл жерде Өзен арасындағы атақты Поллу каналын еске түсіре кету керек, өйткені оның құрылысы табиғатты бағындырудың алғашқы қадамы болып саналады. Ал, Египетте жер суару табиғи жолмен жасалған болатын. Әсіресе Ұлы географиялық жаңалықтар кезеңінен кейін ірі мануфактуралар, заводтар, цехтер және т.б. пайда бола бастады. Олардың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін (сонымен бірге адамдардың қажеттілігі де) жаппай ормандар қырқылып, тұрпайы табиғат байлықтары талан-таржыға түсті, ал қалдықтар қоршаған ортаға тасталды. Нәтижесінде XVIII ғ. өзінде Англияда алғашқы техногендік апат болды: қою түтіннен көптеген адамдар өлді. Бірақ жалпыадамдық қарқынын экодағдарыс біздің XX ғасырда алды. Барлық жануарлардың төрттен бір бөлігі Қызыл кітапқа енгізілген, ал бұл оларға жойылу қаупі төніп тұр деген сөз. Амазониядағы және Сібірдегі, ғаламшардың өкпесін де, ормандарды жаппай отап жатыр: адамзат ресурстарға, егістіктерге, жанармайға, шикізатқа мұқтаж. Және осы қажеттіліктердің барлығы табиғат есебінен алынады. Адамдар табиғаттан қорларды алады, бірақ орнына ештеңе қайтармайды. Мұның барлығы және басқалары да көптеген жағдаяттар ғаламдық экологиялық дағдарысқа әкеп соқтырды. Қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғау бүкіл ғаламдық деңгейдегі мәселелердің бірі болып отыр. Кез келген аумақтың және туған өлкеміздің табиғаттағы біртұтастық заңдылығын сақтау мен экологиялық апатты болдырмау жолдарын табу болып табылады.
III. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДА-ЭКОСОФИЯНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
3.1 Қоршаған ортаны қорғауда-экософияның алатын орны
Норвегия философы, эколог Арне Несс 1973 жылы экософия терминін ойлап тауып, табиғатты қорғауда халық санасындағы аңыз-дастандарға сүйенуге үндейді. Бір күні Арне Несс деген ғалым көшеде торғай қуып жүрген бір топ баланы көреді. Кенет бір үйдің шарбағына қарлығаш келіп қонады. Балалардың бірі қарлығашты көздеп, тас атпақ болған. Балалар шу етіп:-Ей, ақымақ, атпа! Болмайды! - деп жабыла кетеді. Әлгі бала сасып
қалып:-Неге? Не үшін? - деп сұрайды.- Негесі қалай? Қарлығаш киелі құс, әке-шешең айтпап па еді? - деп ұрысып береді. Артынша жол үстіне кептер келіп қонады.Сонда әлгі бала:-Ал кептерді атуға бола ма? Әлде бұл да киелі ме? - деп жасқана сұрапты.
Бұл көрініс Арне Неске ой салады. Табиғаттағы кей аң-құс туралы киелі
аңызы бар. Жұрт оларды сол үшін қадірлейді. Ал аңызы жоқ немесе
ұмытылған аңдар тоғышар адамның көңіл көтеру объектісіне айналып, бірте-бірте жойылады. Сондықтан әр жануардың аңызын іздеп, оларды дәріптеу қажет.
1985 жылы осы ұғымды Таиланд экологы Нэнси Нэшем практикада қолдануды ұсынады.Жергілікті тұрғындар будданы ұстанатындықтан осы діндегі табиғат ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz