Қарапайымдылардың систематикасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Дәріс 1- 2. Тірі тіршілік иелеріне шолу

Жоспар:

  1. Органикалық дүниедегі тірі тіршілік иелерінің пайда болу тарихы
  2. Қарапайымдылар әлемі - Protozoa (Бір клеткалы жәндіктер)
  3. Қарапайымдылардың систематикасы

1. Органикалық дүниедегі тірі тіршілік иелерінің пайда болу тарихы

Органикалық дүниені ұзақ жылдар бойы жануарлар мен өсімдіктер әлеміне бөліп келді. Биология ғылымының қарқынды дамуына байланысты органикалық дүниенің құрылымы хақындағы көзқарастарды қайта қарауға тура келді. Қазіргі уақытта ғалымдар органикалық дүниені екі (өсімдіктер мен жануарлар) емес, төртке бөліп отыр: олар прокариоттар немесе монера - бір клеткалы ядросыздар (мысалы, бактериялар, көк-жасыл балдырлар) : өсімдіктер, саңырауқұлақтар және жануарлар.

Жануарлар әлемі - Zoa немесе Animalia. "Zoon" - грек тілінде жануар деген сөз. Қазіргі кезде жануарлардың белгілі түрлерінің жалпы саны 2, 5 миллионнан асады, олар тірі организмдердің тіршілік ететін аймағының ерекше қабаты - биосферада кең тараған.

Биосфера - грек тілінде "bios" - өмір және тіршілік, "sphaira" (сфера) - шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған. Биосфераға литосфераның жоғарғы қабаты, бүкіл гидросфера және атмосфераның төменгі қабаты жатады, мұнда жануарлар, өсімдіктер және басқа да тірі организмдер тіршілік етеді.

Палеонтологиялық зерттеулер нәтижесінде, яғни қазбалардан табылған өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын тануға сүйене отырып, ғалымдар биосфераның негізгі пайда болу жолдарын анықтады. Ғалымдар, жердің және сондағы тіршіліктің даму тарихын басты-басты бес эраларға (архей, протерозой, палеозой, мезозой, кайнозой), ал эраларды дәуірлерге, кезеңдерге бөлді.

Архей - биосфераның ең бірінші эрасы. Болжаумен айтқанда, мұнда алғашқы қарапайым тіршіліктің түрі пайда болған. Ал тіршіліктің ең тұңғыш іздері протерозой эрасында болған.

Протерозой эрасында өмір сүрген тіршілік иелерінің қалдықтарынан радиоляриялардың, фораминифералардың іздері, губкалардың қаңқалары, буылтық, құрттардың түтікшелері, моллюскалардың бақалшақтары, тіпті буынаяқтылардың да қалдықтары табылған. Осындай қазбалардың қалдықтарын анықтай отырып, протерозой эрасында жануарлардың біраз типтерінің өмір сүргенін дәлелдеуге болады.

Палеозой эрасы - ертедегі тіршілік эрасы. Бұл эра 6 дәуірге бөлінеді: кембрий, ордовик, силур, девон, тас көмір, пермь.

Мезозой ортаңғы тіршілік эрасы 3 дәуірге бөлінеді: триас, юра, бор. Жануарлар тарихында мезозойды жорғалаушылар эрасы деп атайды.

Кайнозой эрасы - жаңа тіршілік уақыты. Бұл эра 3 дәуірге бөлінеді: палеоген, неоген, антропоген. Антропоген қазіргі біздің заманымызбен жалғасып отыр, келтірілген. Мұнда органикалық дүниенің қандай болғанын және оның қарапайым күйден күрделіге қарай бағытталғаны көрсетілген.

Биосфераның даму кезеңдері геохронологиялық кестеде (1-кесте)

Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл)

Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы

(млн. жыл)

Қанша млн. ж бұрын пайда болған
Организмдердің дамуы
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл):

Кайнозой

(жаңа тіршілік)

Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы(млн. жыл):

Антропоген

(1 - 1, 5)

Қанша млн. ж бұрын пайда болған:
Организмдердің дамуы: Адамның пайда болуы және дамуы. Қазіргі кездегі жануарлар мен өсімдіктердің басым болуы.
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл): 60 - 70
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы(млн. жыл): Неоген
Қанша млн. ж бұрын пайда болған: 25 - 30
Организмдердің дамуы: Сүтқоректілер мен құстардыңбасым болуы. Мамонт, қанжар тісті жолбарыстардың жойылуы.
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл):
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы(млн. жыл):

Палеоген

42

Қанша млн. ж бұрын пайда болған:
Организмдердің дамуы:

Сүтқоректілердің барлық

отрядтарының пайда болуы. Насекомдардың өркендеуі. Басаяқты моллюскалардың көптеген түрлерінің жойылып кетуі. Жабық тұқымды өсімдіктердің басым болуы.

Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл):

Мезозой

(ортаңғы тіршілік)

163 - 173

Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы(млн. жыл):

Бор

40 -70

Қанша млн. ж бұрын пайда болған: 120
Организмдердің дамуы:

Нағыз құстардың, сүтқоректілердің пайда болуы. Ірі бауырымен жорғалаушылардың,

аммониттердің, белемниттердің жойылуы. Жабық тұқымды өсімдіктердің пайда болып, таралуы.

Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл):
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы(млн. жыл):

Юра

40 - 58

Қанша млн. ж бұрын пайда болған: 155
Организмдердің дамуы: Алғашқы құстардың (археоптерикстың) пайда болуы. Бауырымен жорғалаушылардың, аммониттердің, белемниттердің басым болуы.
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл):
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы(млн. жыл):

Триас

35 -45

Қанша млн. ж бұрын пайда болған: 190
Организмдердің дамуы:

Бауырымен жорғалаушылардың

өркендеуі. Алғашқы сүтқоректілердің, сүйекті

балықтардың, белемниттердің пайда болуы. Наутилидтер, стегоцефалдардың құрып бітуі.

Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл):

Палеозой

(ежелгі тіршілік) 310-340

Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы(млн. жыл):

Пермь

40- 55

Қанша млн. ж бұрын пайда болған: 215
Организмдердің дамуы: Бауырымен жорғалаушылардың тез дамуы, аң тісті жорғалаушылардың, аммониттердің болуы. Трилобиттердің құрып бітуі.
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл):
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы(млн. жыл):

Тас көмір

50- 75

Қанша млн. ж бұрын пайда болған: 300
Организмдердің дамуы:

Алғашқы бауырымен жорғалаушылардың,

насекомдардың, өкпелі ұлулардың, өрмекшілердің, құршаяндардың пайда болуы, сауытты және шеміршекті балықтардың, қосмекенділердің гүлденуі. Трилобиттердің азаюы, папоротник тәрізділердің өркендеуі.

Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл):
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы(млн. жыл):

Девон

50 -70

Қанша млн. ж бұрын пайда болған: 350
Организмдердің дамуы: Қос тынысты, сауыттыбалықтардың, стегоцефалдардың, ізбесті губкалардың пайда болуы. Моллюскалардың, иінаяқтылардың таралуы. Цистоидтердің кұрып бітуі. Споралы өсімдіктердің құрлықтатаралуы.
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл):
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы(млн. жыл): Силур 30-40
Қанша млн. ж бұрын пайда болған: 420
Организмдердің дамуы:

Жақсүйексіз омыртқалылардың, шеміршекті балықтардың, мшанкалардың пайда болуы.

Псилофиттердің құрлыққа шығуы. Цистоидтердің (тікентерілілер) гүлденіп өсуі.

Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл):
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы(млн. жыл): Ордовик 60
Қанша млн. ж бұрын пайда болған: 480
Организмдердің дамуы: Теңіз омыртқасыздарының өркендей түсуі.
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл):
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы(млн. жыл): Кембрий 70
Қанша млн. ж бұрын пайда болған: 570
Организмдердің дамуы:

Төменгі сатыдағы шаяндардың, моллюскалардың, теңіз лалагүлдерінің пайда болуы. Фораминифералардың, маржан полиптердің, трилобиттердің, наутилидтердің, иінаяқтылардың кең таралуы. Балдырлардың

гүлденіп өсуі.

Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл):

Протерозой

2000-астам

Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы(млн. жыл):
Қанша млн. ж бұрын пайда болған:
Организмдердің дамуы:

Бактериялар, көк-жасыл балдырлар, радиоляриялар, фораминифералар, губкалар,

моллюскалар, буынаяқтылар, т. б. омыртқасыз жануарлардың дамуы.

Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл): Архей
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы(млн. жыл):
Қанша млн. ж бұрын пайда болған:
Организмдердің дамуы: Көне замандағы мұхиттарда бір клеткалы қарапайым организмдердің пайда болуы (жорамал) .

Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетіндегі тірі организмдердің дамуы сыртқы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасады.

Жануарларды зерттейтін ғылым - зоология (Zoon - грек тілінде жануар, logos - ғылым, ілім) . Зоология - жануарлар әлемінің алуан түрлілігін, олардың сыртқы және ішкі құрылысын, зат алмасу процесін, тіршілік ету ортасы мен өзара қарым-қатынасын, таралуын, дамуын, шығу тегін, тарихи даму зандылықтарын, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын зерттейтін ғылым.

Жер жүзіндегі жануарлар түрлерінің жалпы саны 2, 5 миллионнан асады және жыл сайын жануарлардың жаңа түрлері сипатталып жазылуда. Жануарларды топқа бөліп жіктемесе, оларды зерттеу қиынға соққан болар еді. Жануарлар әлемінің әр түрлілігіне байланысты олардың ұқсастық белгісіне не арасындағы айырмашылығына қарай систематика жануарларды таксондарға бөледі: тип, класс, отряд, тұқымдас, туыс, түрге. Ең кіші таксон "түр" (species) . Әрбір түрге екі сөзден тұратын латынша аты берілген. Бірінші сөз зат есімі - туыстың аты, екінші сөз сын есімі - түрдің аты. Туыс аты түр атының алдынан үлкен әріппен жазылады. Осылай атау қосарлы немесе бинарлы номенклатура делінеді. Бинарлы номенклатураны швед ғалымы Карл Линней "Табиғат системасы" (1735) деген еңбегінде ұсынған. Қазіргі кезге дейін түрлерді қос атпен атау сақталынып келеді. Мысалы, Euglena viridis - жасыл эвглена, Fasciola hepatica - бауыр сорғыш, Locusta migratoria - көкқасқа шегіртке, Musca domestica - үй шыбыны.

Бір-біріне өзара жақын түрлердің тобы - туысқа (genus) жіктелінеді, жақын туыстар тобы - түқымдасқа (familia), жақын келетін тұқымдастар- отрядқа (ordo), отрядтар - класка (classis), кластар - типке (phylum) біріктіріледі.

Осындай жүйелеу топтарына аралық таксондар да қосылады. Мысалы, типке - тип тармағы, класқа - класс тармағы, отрядқа - отряд тармағы, тұқымдаска - тұқымдас тармағы, туысқа - туыс тармағы және түрге - түр тармағы. Бұдан басқа класс үсті, отряд үсті, тұқымдас үсті, т. б. таксондар қосылады. Жануарлардың ірі классификациялық бірлігі - тип, ғасырлар бойы дамыған филогенетикалық системаның жоғарғы белгісі.

Қазіргі кезде жануарлар дүниесін мынандай 23 типке бөледі:

1. Саркомастигофора типі - Sarcomastigophora

2. Споралылар типі - Sporozoa

3. Книдоспоридиялар типі - Cnidosporidia

4. Микроспоридиялар типі - Microsporidia

5. Кірпікшелілер немесе Инфузориялар типі - Сіііорһога

6. Тақталылар типі - Placozoa

7. Губкалар типі - Spongia

8. Ішекқуыстылар типі - Coelenterata

9. Ескектілер типі - Ctenophora

10. Жалпақ құрттар типі - Plathelminthes

11. Немертиналар типі - Nemertini

12. Жүмыр құрттар типі - Nemathelminthes

13. Скребнилер типі - Acanthocephales

14. Буылтық құрттар типі - Annelida

15. Буынаяқтылар типі - Arthropoda

16. Онихофоралар типі - Опусһорһога

17. Моллюскалар немесе жұмсақ денелілер типі - Mollusca

18. Қармалауыштылар типі - Tentaculata

19. Тікентерілілер типі - Echinodermata

20. Погонофоралар типі - Pogonophora

21. Қылтанжақтылар типі - Chaetognatha

22. Жартылай хордалылар типі - Hemichordata

23. Хордалылар типі - Chordata

Жануарлар дүниесі Zoa (Animalia) екі дүние тармағына бөлінеді: Protozoa -бір клеткалыларға және Metazoa - көп клеткалыларға. Protozoa тармағына қарапайымдылардың бес типі жатады: Sarcomastigophora, Sporozoa, Cnidosporidia, Microsporidia, Ciliophora.

Қарапайымдылар - бір клеткалы, ядролы, эукариотты жәндіктер, физиологиялық жағынан алғанда, олар өз алдына жеке организмдер, өйткені барлық жануарларға тән: қозғалу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, зат алмасу, көбеюі, дамуы т. б. қызметтерді атқарады.

2. Қарапайымдылар әлемі - Protozoa (Бір клеткалы жәндіктер)

ҚАРАПАЙЫМДЫЛАР ӘЛЕМІ - PROTOZOA (БІР КЛЕТКАЛЫ ЖӘНДІКТЕР)

Қарапайымдылар - бір клеткалы, өте ұсақ, микроскоп арқылы көрінетін жәндіктер. Морфологиялық жағынан қарағанда қарапайымдылар бір клеткалы формалар, ал тіршілік қасиеттері жағынан алғанда дербес өмір сүретін жеке организм, тірі организмге тән зат алмасу, қозғалу, тітіркену, ортаға бейімделу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, даму т. б. қызметтерін атқарады. Қарапайымдылардың клеткасының пішіні және мөлшері алуан түрлі болады. Олардың мөлшері 3-4 микроннан бірнеше миллиметр шамасында болады. Мысалы, инфузория стентордың ұзындығы - 1, 5 мм. Қарапайымдылардың құрылысы көп клеткалылардың клеткасының құрылысымен бірдей - цитоплазмадан, ядродан және органоид бөлшектерінен құралған. Цитоплазма екі қабат түзейді, ашық түсті сыртқы - эктоплазма және қоңырқай, түйіршікті ішкі - эндоплазма. Қоймалжың сұйық цитоплазмада көптеген органоидтар орналасқан: митохондриялар, эндоплазмалық тор, рибосомалар, Гольджи аппараты, т. б. Цитоплазмада ас қорыту вакуолі түзіліп тұрады, олар ас қорыту ферменттерін шығарып, қорек заттарды қорытады. Органикалық заттар мен сұйықтық тамшылар клеткаға фагоцитоз және пиноцитоз жолымен өтеді. Тұщы суларда тіршілік ететін қарапайымдыларда жиырылғыш вакуолі зәр шығару, осмос қысымын реттеу және тыныс алу қызметін атқарып отырады. Клеткадағы зат алмасу жолында пайда болған несеп заттар сыртқа жиырылғыш вакуолі арқылы шығарылады. Тұщы суда тіршілік ететін карапайымдылардың цитоплазмасындағы тұздың және басқа ерітіндінің концентрациясы өзін қоршаған судың концентрациясынан әлдеқайда жоғары болғандықтан, осмос қысымына байланысты сыртқы ортадағы су клетканың ішіне енеді, ал жиырылғыш вакуоль артық суды үнемі сыртқа шығарып тұрады, соның нәтижесінде клетка жарылмай бірқалыпты түрде сақталынады. Судың құрамындағы ерітілген оттегі цитоплазмада қалып, сыртқа су арқылы көмірқышқыл газы шығарылып отырады, осылайша тыныс алу процесі жүреді. Цитоплазманың орталық бөлімінде ядро орналасады.

Қарапайымдылардың көпшілігінде ядросы біреу (моноэнергидты), сондай-ақ екі, көп ядролы қарапайымдыларда жиі кездеседі (полиэнергидты) . Ядрода қабықша, ядрошырыны, ядрошық және хромосомалар болады. Қарапайымдыларда қозғалыс органойдтары жақсы жетілген. Олар, жалған аяқтары, яғни псевдоподиялары - pseudopodia (латынша pseudo - жалған, poda - аяқ) және жіптәрізді талшықтар мен кірпікшелер. Қарапайымдылардың көпшілігі жыныссыз және жынысты жолымен көбейеді. Жыныссыз көбеюінде клетканың негізгі бөліну тәсілі - митоз. Жынысты көбеюі аталық және аналық жыныс клеткаларының (гаметаларының) бір-бірімен қосылуы арқылы өтеді, осындай процесті - копуляция деп атайды. Копуляция нәтижесінде ұрықтанған клеткадан - зигота пайда болады. Зигота диплоидты, өйткені ол екі гаплоидты жыныс клеткаларының (гаметалардың) қосылуы нәтижесінде түзіледі. Жыныс клеткаларының (гаметаларының) мөлшері мен пішіні әр қилы болады. Аталық және аналық гаметалардың мөлшері және құрылысы бірдей болса, бұлардың қосылуын - изогамия копуляциясы деп атайды, ал үлкендеу келген аналық гамета - макрогамета, кішілеу келген аталық гамета - микрогаметамен қосылса - анизогамия копуляциясы деп атайды. Қарапайымдылар конъюгация (ядроның қосылуы), ұрпақ алмасуы, шизогония, гаметагония, спорогония жолымен де көбейеді. Қарапайымдылардың бір ерекшелігі - қолайсыз жағдайларда (су кеуіп қалса, мұзға айналса, қорек жетпесе, т. б. ) клетка сыртына қалың қабық шығарып, цистаға айналады. Циста қүйінде қарапайым ұзақ уақыт тіршілік етеді. Қолайлы жағдай болғанда клетка циста қабығын тастап әрекетті тіршілікке кіріседі. Қоректену тәсіліне қарай карапайымдылар екі топқа бөлінеді: автотрофты және гетеротрофты. Автотрофты қарапайымдылар (жасыл эвглена, вольвокс т. б. ) органикалық заттарды хлорофилл дәндерінің жәрдемінен синтездеу арқылы алады, немесе фотосинтез арқылы қоректенеді. Гетеротрофты қарапайымдылар дайын органикалық заттармен қоректенеді (бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен, ұсақ қарапайымдылармен) . Кейбір гетеротрофты қарапайымдылар және паразиттік тіршілік ететін карапайымдылар дайын органикалық заттарды осмос жолымен бойына сіңіру арқылы қоректенеді. Мұндай қоректену тәсілін сапрофиттік қоректену деп атайды. Бұларға топырақтарда тіршілік ететін қарапайымдылардың кейбір түрлері және паразиттер: трипаносома, лейшмания, трихомонас, безгек плазмодиясы т. б. жатады. Кейбір қарапайымдылар автотрофты және гетеротрофты тәсілімен қоректене алады, бұларды миксотрофты жәндіктер деп атайды. Мысалы, жасыл эвглена - миксотроф.

Қарапайымдылардың 70 000-нан астам түрлері белгілі, тұщы суларда, теңіздерде, ылғалды топырақтарда кең тараған және жануарлар мен адамның денесінде паразиттік тіршілік етеді. Бұлар 5 типке бөлінеді.

  1. Қарапайымдылардың систематикасы

Қарапайымдылардың систематикасы

САРКОМАСТИГОФОРАЛАР ТИПІ - SARCOMASTIGOPHORA

· Саркодиналар класы - Sarcodina

· Тамыраяқтылар класс тармағы - Rhizopoda

· Амебалар отряды - Amoebina

· Қабыршақты амебалар отряды - Testacea

· Фораминифералар отряды - Foraminifera

· Сәулетәрізділер класс тармағы - Radiolaria

Күнтәрізділер класс тармағы - Heliozoa

· Талшықтылар класы - Mastigophora

· Өсімдіктектес талшықтылар класс тармағы - Phytomastigina

· Хризомонадалар отряды - Chrysomonadina

· Сауыттылар отряды - Dinoflagellata

· Эвгленалар отряды - Euglenoidea

· Фитомонадалар - Phytomonadina

· Жануартектес талшықтылар класс тармағы- Zoomastigina

· Жағалы талшықтылар отряды - Choanoflagellata

· Тамыраяқты талшықтылар отряды - Rhizomastigina

· Кинетопластидалар отряды - Kinetoplastida

· Көпталшықтылар отряды - Polymastigina

· Гипермастигиналар отряды - Hypermastigina

· Опалинина отряды - Opalinina

СПОРАЛЫЛАР ТИПІ - SPOROZOA

· Грегариналар класы - Gregarinina

· Нағыз грегариналар отряды - Eugregarinida

· КокцидиятәрізДілер класы - Coccidiomorpha

· Кокцидиялар отряды - Coccidiida

· Қан споралылар отряды - Haemosporidia

КНИДОСПОРИДИЯЛАР ТИПІ - CNIDOSPORIDIA

· Миксоспоридиялар класы - Myxosporidia

· Актиномиксидиялар класы - Actinomyxidia

МИКРОСПОРИДИЯЛАР ТИПІ - MICROSPORIDIA

· Микроспоридиялар класы - Microsporidia

· Микроспоридиялар отряды - Microsporidia

КІРПІКШЕЛІЛЕР немесе ИНФУЗОРИЯЛАР ТИПІ - CILIOPHORA

· Кірпікшелілер инфузориялар класы - Ciliata

· Кинетофрагминофора отряд үсті - Kinetofragminophora

· Гимностомата отряды - Gymnostomata

· Гипостомата отряды - Hypostomata

· Энтодиниоморфа отряды - Entodiniomorpha

· Олигохименофора отряд үсті - Oligochimenophora

· Хименостомата отряды - Hymenostomata

· Дөңгелек кірпікшелілер отряды - Peritricha

· Полихименофора отряд үсті - Polyhymenophora

· Әр түрлі кірпікшелілер отряды - Heterotricha

· Бауыр кірпікшелілер отряды - Hypotricha

· Аз кірпікшелілер отряды - Oligotricha

· Сорғыш инфузориялар класы - Suctoria

САРКОМАСТИГОФОРАЛАР ТИПІ - SARCOMASTIGOPHORA

Саркомастигофоралар еркін өмір сүретін және паразитті тіршілік ететін қарапайымдылар. Жалған аяқтары (псевдоподиялары) немесе талшықтарының көмегімен қозғалады. Қозғалу органойдтарының құрылысына байланысты саркомастигофора типі екі класқа бөлінеді: саркодиналар - Sarcodina және талшықтьшар -Mastigophora.

САРКОДИНАЛАР КЛАСЫ - SARCODINA

Саркодиналардың 10 000-нан аса түрлері белгілі, теңіздерде, тұщы суларда, ылғалды топырақтарда жиі кездеседі. Адамның және жануарлардың денесінде паразиттік тіршілік ететін түрлері де бар. Барлық өкілдері жалған аяқтары, яғни псевдоподиялары арқылы қозғалады. Саркодиналар үш класс тармағына бөлінеді: тамыраяқтылар - Rhizopoda, сәулетәрізділер - Radiolaria, күнтәрізділер - Heliozoa.

ТАМЫРАЯҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - RHIZOPODA

Тамыраяқты класс тармағы - Rhizopoda үш отрядқа бөлінеді: амебалар - Amoebina, қабыршақты амебалар - Testacea және фораминифералар - Foraminifera.

Амебалар отряды - Amoebina

Амебалардың негізгі белгілері: денесінің тұрақты пішіні, қалың қабыршағы, қаңқасының болмайтындығы. Денесінің кез келген жерінен уақытша цитоплазма өсінділерін - жалған аяқтарын шығаратын қасиеттері болады, өкілдерінің жалған аяқтары (псевдоподиялары) әр түрлі пішінді болып келеді: саусақ тәрізді, мысалы, Amoeba proteus, жебе тәрізді - A. cristalica және басқалары. Амебалардың мөлшері әр түрлі - 10-15 мкм-нан 2-3 мм-ге дейін. Ядролары біреу немесе көп болуы мұмкін. Мысал ретінде кәдімгі амеба - Amoeba proteus -тың құрылысымен танысамыз. A. proteus - тұщы суларда, шалшық сулардың түбінде, топырақтарда көп тараған. Клеткасының көлемі - 0, 5 мм. Денесі сыртынан цитоплазмалық мембранамен қапталынған. Цитоплазма екі қабат түзейді, ашық түсті, мөлдір сыртқы - эктоплазма, және коңырқай келетін, түйіршікті ішкі - эндоплазма. Цитоплазманың ішінде бір ядро және көптеген органойдтар орналасқан. Амеба жалған аяқтары немесе псевдоподиялары арқылы қозғалады. Бұлар денесінің сыртында өсінділер ретінде пайда болып, сол өсінділердің бағытына қарай цитоплазма құйылып, ұзын, қысқа, жуан, жіңішке немесе доғал болып келген псевдоподиялары пайда болады, сондықтан амебаның тұрақты пішіні де болмайды. Амеба бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен және ұсақ қарапайымдылармен фагоцитоз жолымен қоректенеді. Қорек заттарын жалған аяқтарымен орап алып, цитоплазманың ішіне тартады, содан кейін ас қорыту вакуолі түзіледі. Вакуольдағы ферменттер арқылы ас қорытылып, қорытылған зат амебаның цитоплазмасына өтеді де, қорытылмаған ас қалдықтары сыртқа шығарылып отырады. Амебалар қорек заттарын денесінің кез келген жерінен ұстап алып, қорытылмаған ас қалдықтарын денесінің кез келген жерінен сыртқа шығарып отырады. Цитоплазманың ішінде жиырылғыш вакуолі айқын көрінеді. Осы вакуоль жоғарыда айтылғандай үш қызмет атқарады: зәр шығару, осмос қысымын реттеу және тыныс алу. Жиырылғыш вакуолі 5-8 минутта сұйық заттарға және суға толып жиырылып тұрады. Амебалар тек жыныссыз жолмен көбейеді. Ядросы митоз жолмен бөлінеді. Қолайсыз жағдайда амеба цистаға айналады.

ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСЫ - MASTIGOPHORA НЕМЕСЕ FLAGELLATA

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“Зоология” курсының кіріспесі
Зоология пәні мен оның міндеттері
Жануарлардың құрылысы мен тіршілк әрекеттері
«Балықтар арқылы адамға жұғатын аурулар»
Зоология сабағында жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру
Губкалар типінің классификациясы
Қарапайымдылар
Қарапайымдылардың клетка құрылысын, көбею жолдарын, систематикасын табиғаттағы маңызын зерттеу
Бір клеткалылар патшалық тармағы
Бір клеткалылар патшалық тармағы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz