Туристік қызметке сұраныс


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

ТАРАУ 1. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ АНЫҚТАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Туристік фирмалардың қызметін ұйымдастырудың теориялық негіздері
  2. Бәсекеге қабілеттілікті анықтаушы факторлар
  3. Экскурсиялық қызметтің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың шетелдік тәжірибелері

ТАРАУ 2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК САЛАНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ

2. 1. Қазақстандағы туризм саласының ағымдағы жағдайына талдау

2. 2. Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризм саласының даму жағдайы

ТАРАУ 3. ТУРИСТІК ФИРМАЛАРДЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

3. 1. Туризм саласын кластерлік негізде дамыту - бәсекеге қабілеттілікті арттырушы фактор ретінде

3. 2. Туристік фирманың экскурсиялық қызметтерінің тиімділігін жетілдіру мүмкіндіктері мен жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік Стратегиясы туризм саласының белсенді дамуына жаңа серпін берді.

Туризм көптеген дамыған және дамушы елдер үшін валюталық түсімдерінің қайнар көзі болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан үшін де бұл экономика секторы маңызды мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасының халықаралық стандартарға сай туризм мен оған қажетті инфрақұрылымдарын дамыту үшін ресурстары мен мүмкіншіліктері мол.

Туризм индустриясы көптеген шағын және орта кәсіпорындармен сипатталады. Олардың қазіргі кезде сапалы туристік қызметтер көрсете алатын кажетті экономикалық тетіктері немесе тәжірибесі және туризмді дамытуға арналған іс-шараларды атқаруға қаражаттары жеткіліксіз. Туристік кәсіпорындар тек қана жарнама жүргізу және нарықты зерттеу мен өнім жетілдіру әрекеттерін жасап келді. Әлемдік қаржы дағдарысының шиеленісуі, бәсекенің күшеюі және саяхатшылар талаптары деңгейінің көтерілуі туристік ұйымдардың бәсекелік күресте сыртқы орта өзгерістеріне бейімделуіне және туризмді ұйымдастыруға жаңаша қарауға итермелеп отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдауында экономиканың басым секторларын кластерлік дамыту мәселесінде туризм саласы бірінші тұр. Туристік кластерді дамытуда қызмет көрсетушілер, немесе, басқаша айтқанда Қазақстанға шетелдік туристерді тартуда қызмет ететін туристік агенттіктердің орны үлкен. Мейманханалардың, демалыс үйлерінің және көлік кешендерінің қызметтері де туристік бизнестің маңызды буыны болып табылады.

Сондықтан, Қазақстанның әлемдік туристік қауымдастықта өз орнын алуына мүмкіндігі туып отыр. Бұл мақсатқа жету үшін мемлекет туризм саласын дамыту іс-шараларын өз деңгейінде жүргізу керек. Қазақстан өзінің туристік өнімімен халықаралық нарыққа шыққанына көп уақыт болған жоқ. Сол себептен, қазақстанның туристік өнімі, өзінің өмір сүру шеңберінде, енгізу кезеңінде тұр. Бұл кезеңде туристік кластер құру шараларын өте белсенді және ұтымды түрде жүргізу керек, дәлірек айтсақ туристік өніміміз жайлы ақпараттандыру деңгейін көтеру керек. Яғни, Қазақстан туризм үшін өте қолайлы жер деген ойды тұтынушылар санасында жайғастырып, туристік өнімнің имиджін кұру қажет.

Жек сала ретінде, туризмнің дамуы басқа да ТМД елдерінде сияқты Қазақстанда жақында басталғандықтан туристік қызметтің жеткіліксіз дамуы, қызмет етіп жатқан туристік фирмалардың біркелкі орналаспауы, осы саладағы пайдаланылмай жатқан реурстардың болуы және бұл мәселелердің қажетті деңгейде зерттелмеуі зерттеу жұмысының өзектілігін арттырып, жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.

ТАРАУ 1. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ АНЫҚТАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Туристік фирмалардың қызметін ұйымдастырудың теориялық негіздері

Туризм кызметін ұйымдастыру үлкен еңбекті қажет ететін іс-шара болып табылады. Ол тәжірибеде ұйымдастырушылардан шығармашылық мүмкіндігін және ұйымдастыру барысындағы кез-келген кездескен мәселелер бойынша тәжірибелік тапсырманың стандарттык емес шешімін талап етеді. Туризм көптеген дамыған және дамушы елдер үшін валюталық түсімдерінің кайнар көзі болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан үшін де бұл экономика секторы маңызды мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасында көптеген туризм түрлерін және туристік қызметтің формаларын дамыту үшін ресурстары мен мүмкіншіліктері жетерлік.

Туристік бизнес - әлем шаруашылығының ең тез дамитын салаларының бірі. Халықаралық туризм мұнай өнеркәсібі мен автомобиль өнеркәсіптерінен кейін, үш ірі экспорттық салалардың құрамына кіреді. Дүние жүзінде туризмнің мәні үнемі артуда. Бұл жеке ел экономикасына туризм ықпалының өсуімен байланысты.

Қазақстан республикасында туристік индустрияның дамуы халықтың әл-ахуалының деңгейінің артуының нәтижесі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауы туризм саласының Қазақстанда белсенді дамуына жаңа серпін берді [1] .

Туристік қызметтердің қолжетімділігі, олардың сапалылығы және алуан түрлілігі саяхаттаушылардың демалыс нысанын таңдауда маңызды фактор болып саналады. Кәсіпкерлер үшін туристік бизнестің тартымдылығы келесі себептерге байланысты:

  • бастапқы инвестициялар;
  • туристік қызметтерге деген сұраныс;
  • туризмнің пайдалылығының жоғары деңгейі;
  • шығыстардың қайтарымдылығының қысқа мерзімі.

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында жақсы демалыспен және демалыс қауіпсіздігімен қамтамасыз ете алатын қызметтерді көрсететін туристік компаниялар желісі дамыған.

Қазақстан экономикасы салаларының бірі ретінде туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастыру негіздері «Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» Заңында анықталған [2] . Осы заңға сәйкес туристік қызмет туристік агенттер қызметі және туристік операторлар қызметі болып бөлінеді.

Туристік операторлар қызметі - туристік өнімдерді қалыптастыруға, дамытуға және ол өнімдерді туристік агенттер мен туристерге сатуға рұқсаты бар заңды тұлғалардың қызметі.

Туристік агенттер қызметі - туристік операторлар қалыптастырған туристік өнімдерді дамыту мен сатуға рұқсаты бар жеке немесе заңды тұлғалардың қызметі.

Олардың арасындағы айырмашылық - туристік операторлар туристік өнімдерді дамыту мен сатудан басқа туристік өнімдерді қалыптастыра алады.

Туристік өнімді қалыптастыру - шет елдік әріптестерді табу, қонақ үйлерді, экскурсияларды таңдау, авиакомпаниялармен келіссөздер, көрмелерде жұмыстар, қонақ үйлер мен авиарейстерде сақтап қою орындарының нақты санын есептеу, каталогтарды шығару, агенттіктерді іздестіру және таңдауды білдіреді.

Басқаша айтқанда, туристік оператор визаларды рәсімдеу, экскурсиялар және т. б. әртүрлі қызметтерді орындайды.

Туристік өнім туристік саяхат мерзімінде көрсетілген туристің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті қызметтер және сонымен байланысты саяхат мақсатына сай көрсетілген басқа да (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, гидтің, аудармашылардың қызметтері) қызметтер жиынтығын білдіреді [ 3 ] .

Туристік жолдама - туристік өнімнің болу фактісін растайтын құжат, сондықтан туризмді ұтымды ұйымдастыру үрдісіндегі маңызды элементтердің бірі. Туристік фирма үшін туристік саяхат өнім болып табылады, оның өзіндік кұны туристік жолдамаға кіретін қызметтерді толығымен көрсететін шығындардан тұрады. Шетелдік туристік фирмалармен есеп айырысу үшін банктік аударымдар жиі колданылады. Аударымдарды шет елге орналастыру үшін туроператордың шет ел банктерімен корреспондентгік байланыстары бар банкте валюталық шоты болуы тиіс. Туроператорларда сатудан түскен табыс туристік қызметтерді көрсетуге келісім шартта анықталған бағалар бойынша туристік жолдамаларды сату құны негізінде анықталынады.

Сату бағасын анықтаудың ең қарапайым әдісі - өндірушіден тұтынушыға туристік өнімнің қозғалысы жолында шығындарды, салықтарды және пайда нормаларын сипаттайтын туристік жолдамалардың өзіндік кұнына белгілі бір қосымша кұндарды қосу жолымен оларды орнату. Бағаны қалыптастыру тек бағаны орнату ғана емес, сондай-ақ төлеу әдісін, жеңілдіктерді, бағалардың өзгеру саясаты, қосымша кызметтерге бағаларды анықтауды камтиды. Туризмде сұраныстағы мерзімдік ауытқулар өте маңызды болғандықтан, бағаларды мерзімге сәйкес уақытымен есепке ала отырып ауыстырады [ 4 ] .

Туристік агенттің табысы туроператормен қалыптастырылған туристік өнімді сатудан түскен комиссиялық сыйақы сомасы болып табылады.

ҚР Салық кодексінің 212 бабының 1 тармағына сәйкес ҚР шегінен тыс жүзеге асырылатын айналым ҚҚС бойынша салық салынатын айналым болып табылмайтынын ескеру қажет. Туризм сферасында қызметті ұйымдастыру бойынша қызметтерді сату орны Салық Кодексінің 215 бабының 2. 4. тармағында анықталады. Сонымен, келу туризмі бойынша туроператорлар мен турагенттердің кызметтеріне ҚҚС салынбайды, осындай қызмегтерді көрсету ҚР шекарасынан тыс сатылған кызметтер деп қарастырылады. Ал кету туризмі бойынша турператорлар мен турагенттердің қызметтері ҚР территориясында сатылған қызметтер ретінде карастырылып, ҚҚС салынуға тиісті [5] .

Туристік қызметтердің тиімділігі компания алатын табысымен сипатталады. Бұнда пайда туристік өнімдер нарығында орын алатын бәсеке жағдайларында турфирма өмір сүре алатын туристік өнімнің пайдалылық деңгейін қамтамасыз етуі керек.

Пайданы кызметтің қаржылық нәтижесі ретінде бағалау табыстар және шығыстар жайлы есеп берудің үлгілі сызба-нұсқасы бойынша жүзеге асырылуы тиісті: жолдамаларды сатудан түскен түсім - сатылған кызметтердің өзіндік кұны - мерзім шығындары.

Елдің ЖҰӨ-не және төлем балансына салымдарды ұлғайтады

Әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымды дамытады

Әлеуметтік және мәдени үрдістерді тездетеді

Жергілікті тұрғындардың өмір деңгейі артады

Табиғи кешендер кеңейеді

Туризмнің қоғам өміріне ықпалы

Жұмыс орындары пайда болады

Валюталық түсімдер артады

Туризммен аралас басқа да салалар дамиды

Халықтың қол өнер -лік белсенділігі жоғарылайды

Аймақтың тартымдылығы артады

Сурет 1. 1 - Туризмнің экономикадағы ролі

Туристік қызметтің ерекшеліктерін қарастырудан бұрын, жалпы туризм түсінігін және туризм нарығындағы кәсіпкерлік субъектілердің туристік қызметтер көрсетуге деген казіргі қатынасын қарастырсақ.

Өкінішке орай, туризмде көрсетілген қызметтің сапасына көп көңіл бөлінбейді, Қазақстан және дамыған еуропа нарығында да көңіл бөлмейді. Туризм саласында кәсіпкерлер өз тәжірибелеріне және жұмыс өтіліне сүйене отырып, іс әрекет жасайды. Теория мен тәжірибе, маркетингтік зерттеу және сапалық жоспарлау арасындағы қарама-қайшылық болашақта шешіледі деген көзқарас бар.

Бұған себеп көптеген туристік кәсіпорындар маркетингтік зерттеулер және сапалы іс-шараларсыз пайданы жоғарылата алмады және клиенттері мен қызмет өндірісінің көлемін кеңейте алмады.

Алғаш рет туризмде маркетинг терминологиясын, қағидасын және Тұжырымдамасын қолдануды 1971 жылы Криппендорф ұсынған [6] . Осыған дейінгі көптеген әдебиеттерде туризм кызметінің теориялық тұстары мен анықтамалары сипатталды. Оны келесі факторлармен түсіндіруге болады.

Туризм 1950 жылдан бастап тез қарқында дамыды. Бұл кезеңде, сатушылар нарығын жасау үшін, туристік қызметтерге деген сұраныс көбінесе колжетімділік мүмкіншіліктерінен асып кету беталысын алған. Және бұл жағдай нарыққа бейімделген қатынастарға үйрену үшін және сату техникаларын жылжыту үшін колайсыз болды.

Сонымен, туризмді дұрыс ұйымдастыру түсінігі - күрделі және ауқымды мәселе. Туризмді дұрыс ұйымдастыру - нарықтағы кәсіпорынның мінез-құлқының тұжырымдамасы, стратегиясы және тактикасы. Туризмді дұрыс ұйымдастырудың мақсаты - сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және осының негізінде оның өсуі мен мол пайда табу мақсатына жетуін көздейді.

Туристік қызметтің ерекшелігі, ең алдымен, туристік өнім, сонымен қатар туристік қызметтерді тұтынушылар мен өндірушілердің айрықша белгілерінің ерекшелігімен анықталады.

Туризмді ұйымдастыру мен дамытуда туристік нарықтың дұрыс жұмыс істеуінің маңызы өте үлкен. Туристік нарық дұрыс қызмет етуі үшін нарыққа қажет элементтер болады.

Туристік қызметке қажетсінген адамдар

Фирмалар-туроператорлар

Туристік қызметті ұсыну

Туристік қызметке сұраныс

Сатып алу мүмкіндігі жоғары адамдар

Фирмалар-турагенттер

Туристік ресурстар

Сатып алу мүмкіндігі бар адамдар

Туристік индустрия

Сурет 1. 2 - Туристік нарықтың жұмыс істеуіне қажетті элементтер

Туристік өнім дегеніміз, Қазақстан Республикасының «Туристік қызмет туралы» 13. 06. 2001 ж. №211-2 Заңына сәйкес, - саяхат барысында туристердің қажеттілігін толығымен қанағаттандыратын туристік кызметтер жиынтығы.

Туристік өнім ең алдымен жақсы сатып алынуы керек. Туристік қызмет осы мақсатқа жетуге бағытталған бірінен кейін бірі жасалатын іс-шаралардан тұруы керек. Осыған орай туризмдегі көрсетілетін қызметтердің ойға сиятын және негізделген анықтамасы келесі деп айтута болады. Туристік өнім деп туристік саяхат кезінде туристің кажеттілігін қанағаттандыру үшін қажет кызметтер жиынтығын айтамыз.

Туристердің туристік өнімнің әрбір элементі бойынша шығындарының құрылымы: туристік қызметтер - 50%, қосымша қызметтер - 30%, тауарлар - 20%.

Туристік қызмет дегеніміз туристік өнімнің негізгі бірлігі. Ол туроператордың еңбегінің нәтижесі, белгілі бағытқа, белгілі бір мерзімге және клиентке біртұтас беріледі.

Тауарлар туристік өнімнің материалды бөлігінен тұрады. Олар: туристік карталар мен қала жоспары, буклеттер, туристік құрал-жабдықтар және т. б.

Қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер жолдама немесе ваучердің кұнына кірмейді. Оларға жататындар: телефон, пошта, заттарды сақтау, ақша айырбастау, қосымша тамақтану, ойын-сауық және т. б.

Туризм өзінің негізгі сипаттамалары бойынша шаруашылық қызметтердің басқа түрлерінен айырмашылығы жоқ. Сондықтан, туризмде қазіргі кездегі қызметтің барлық түрлері қолданыла алады.

Туристік өнімнің жалпы қызметтер сипаттамасымен қатар өзіндік ерекшлеліктері де бар. Мысалы: біріншіден, туристік өнімге деген сұраныстың табыс пен баға деңгейіне икемдігі өте жоғары және саяси, әлеуметтік жағдайларға қатты байланысты болады. Осы себептен, маркетингтік тәуекел де жоғары болады, өнімді алға жылжыту үрдісінде де үлкен кедергілер пайда болады.

Екіншіден, сұраныстың маусымдық ауытқуынан туристердің көбейіп кету көрінісі пайда болады. Осы көріністің әсерінен туристік аймақтар ұсынатын кызмет түріне карай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы, «күн-теңіз» факторы бойынша - Қырым, Кипр, Түркия, Болгария курорттары; «демалыс-емделу» факторы бойынша - Карловы Вары, Есентуки, Сары Ағаш; «спорт» факторы бойынша - тау шаңғысы курорттары және т. б.

Үшіншіден, туристік өнімнің ұсынысы икемсіз өндіріспен ерекшелінеді. Туристік ұйымдардың басым көпшілігі сұраныс өзгерісіне қарай әрекеттене алмайды. Қонақ үй, демалыс базасы маусым соңына қарай басқа аймаққа көшіріле алмайды. Ұсыныстың икемсіздігі ерекше білінеді, себебі туристік қызметтерге сұраныс маусымдық ауытқулар мен күтпеген сыртқы өзгерістерге өте қатты тәуелді.

Төртіншіден, туристік өнім кәсіпорынның бірнеше кұрамдас бөлімдерінің күшімен жасалады. Олардың әр қайсысының жұмыс істеуінің өзіндік ерекше тәсілдері, арнайы қажеттіліктері және коммерциялық мақсаттары бар. Өнімнің көпшілігі толығымен сатылады, ал туристік қызмет ақырындап, кезегімен өндіріліп сатылады. Тасымалдау кәсіпорындары жылжытуды қамтамасыз етсе, қонақ үйлер орналасу мен тамақтануды, таныстырушы (гид) - жергілікті аймақтың көркем жерлерімен таныстыру қажеттілігін қанағаттандырады.

Туристік қызметтер көрсету үзінді түрде жүзеге асады. Себебі, бір кәсіпорын екінші туристік кәсіпорынның қызметін толықтырады, содан кейін ғана белгілі бір туристік өнім пайда болады. Егер бірін-бірі толықтыру үрдісі екі кәсіпорын (немесе бірнеше) тарапынан келісіліп, бір ортадан жүйелі түрде жасалатын болса, онда бұл істің маркетинтгік тиімділігі де жоғары болады. Туристік кәсіпорынның аз ғана бөлігі жеке өздігінен туристік қызмет көрсету пакетінің барлық элементтерін қамтамасыз ете алады. Сондықтан бұндай кәсіпорындардың өзара тәуекелділік деңгейі жоғары. Мысалы, тауда орналасқан қонақ үйлер олардың қызметтерін өткізетін туристік агент пен туроператорларға ғана тәуелді емес, сонымен катар, көлік кәсіпорындарына, жергілікті шаңғы туризмінің операторларына, банктік мекемелерге т. с. с. ұйымдарға тәуелді болады. Осылардың ішіндегі бір кәсіпорыннан кеткен кемшілік екінші кәсіпорынға әсер етуі мүмкін.

Бесіншіден , туристік кызметтердің жоғары сапасына, аз да болса жіберілген кемшіліктер үлкен әсерін тигізеді. Себебі, туристерге кызмет көрсету ұсақ түйектер мен бөлшектерден құралады.

Қызмет алдын ала өндіріле алмайды, бірақ оны керек кезде көрсету жағдайы алдын ала жасалынып, мерзім мен сұраныс ауытқуларына байланыссыз мүмкіндігінше дәл жоспарланып қамтамасыз етілуі тиіс.

Туристік саяхаттың тұтыну құны мәдени - оң танымдық немесе инвестициялық (іскерлік туризм жағдайында) әсерден тұрады. Туристік өнімнің соңғы әсері оны өндіру үрдісімен бірге жүреді, ал бұл өз кезегінде оның пайдалылығын анықтауда қиындықтар туғызады.

Туристік өнімнің кұны қызмет және тауардан құралатын өндірістің материалдық және материалдық емес шығындарымен анықталады. Қоғамдық еңбектің туынды шығындары туристік саяхаттан тиімді әсер алуына тең емес. Мысалы, форс-можорлық жағдайларға байланысты тұтынушы оң әсер алмаса, онда бұл жағдайда туристік өнімнің тұтыну құны жүзеге асырылмайды .

Туристік өнімнің ерекшеліктері:

  • туристік өнім түрлері немесе компоненттері арасындағы өзара байланысты күрделі жүйе болып табылатын қызметтер мен тауарлар кешені;
  • туристік қызметті сақтауға және қоймалауға болмайды. Сонымен қатар, тауарлық үлгі ретінде ұғынуға да болмайды. Туристік өнімді бағалау үшін өлшейтін өлшем жоқ. Объективті бағалау тек жеке кызмет компоненттеріне ғана тән.
  • әдетте, тұтынушы туристік өнімді, оны тұтынғанша көре алмайды. Ал көп жағдайда тұтыну туристік кызметті өндіру орында жүзеге асырылады;
  • туристік өнім уақыт және кеңістік сияқты айнымалыларға тәуелді болып келеді. Мерзімдік факторы - ең негізгісі. Сонымен қатар, ұсыныс статикалық жағынан ерекшеленеді. Мысалы, белгілі бір орынға (турбаза, әуежай және т. б. ) үйреніп қалу әдеті;
  • туристік кызметтің сапасына форс - мажорлық сипаттағы сыртқы факторлар да әсер етеді, яғни сатушы мен сатып алушының іс әрекеттері мен талғамдарына қарамастан: ауа-райы, табиғи жағдайлар, туризм саласындағы саясат, халықаралык жағдайлар және т. б.
  • ұсыныс пен динамикалық сұраныс арасындағы карама - қайшылық. Ұсыныс ландшафтары және климаты өзгермейтін орынға байланысты.

Туристік өнім құрамы жағынан үш бөлімге бөлінеді:

  • тур;
  • қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер;
  • тауарлар.

Тур дегеніміз клиентке біртұтас таратылатын және туроператордың еңбегімен өндірілген, белгілі бір маршрутқа және мерзімге арналған бірінші туристік өнімнің бірлігі.

Турдың құрамы келесідей болады:

  • туристік пакет;
  • маршрутта көрсетілетін қызметтер кешені.

Туристік пакетті туроператорлар ұсынады және маршрутта міндетті түрде көрсетілетін қызметтерден тұрады:

  • туристерді көлікпен демалыс орнына апару және алып келу;
  • трансфер;
  • орналастыру және тамақтандыру;
  • міндетті түрдегі экскурсиялық және мәдени бағдарламалар.

Туристік өнімнің туристік пакеттен айырмашылығы - нақтылы міндетті жағдайы. Төрт базалық элементтен тұратын туристік пакетті сатып алып, турист туроператордан едәуір жеңілдікпен басқа да фирманың туристік өнімін алады, туроператордан оны басқа да қызметтер арқылы кеңейтуін сұрай алады немесе оны демалыс орнында өзі де жасай алады.

Туроператор туризмде маңызды роль атқарады. Өйткені, ол әртүрлі қызметтерді (көлік, туристерді орналастыру, тамақтандыру, көңіл көтеру және т. б. ) бір турпакетке жинап, турөнімді шығарып, оны турагент арқылы таратады.

Турагент - туроператордың туристік өнімін іске асыратын, туристік нарықта жұмыс істейтін таратушы. Туроператордан турагенттің айырмашылығы - турагент турдың сапасына жауапты емес.

Туристік өнімнің туристік пакеттен айырмашылығы - туристік пакет туристік өнімнің бір бөлігі.

Туристік өнім элементтері бойынша туристің шығынын төмендегідей бөлуге болады:

  • тур - 50%;
  • қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер - 30%;
  • тауарлар - 20%.

Қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер дегеніміз - бұл жолдамада көрсетілмеген, бірақ, туристерге қажет болса, солардың тілегі бойынша көрсетілетін қызметтер. Бұл қызметтер жолдаманың негізгі бағасына кірмейді. Оған жататындар: резервтік орындар, валюта айырбастау, туристік қызмет көрсету, прокат, телефон, қоғамдық көлік, пошта, тауарлар сақтау орны және т. б. Қосымша қызметтерді туристер бөлекше өз ақшасына алуы керек.

Тауарлар дегеніміз туристік өнімнің арнайы бөлігі, оған жататындар: туристік карталар және қаланың жоспары, сыйлықтар, буклеттер, сондай-ақ туристің тұрғылықты елдегі тапшылық тауарлары және т. б.

Туристік индустрияда өндірілетін туристік өнім екі әдіспен бағалануы мүмкін:

  • барлық өндірістің шығынының жинақты есебінде;
  • туристердің барлық шығынының жинақы немесе туризмнен түскен кіріс есебінде.

Қандай бір әдіспен бағаланса да, сөз туристік индустрияда өндірілетін туристік өнімдердің жалпы табысы жөнінде болып отыр.

Өзінің арналуына қарай туристік қызметтер мен тауарларды үш топқа біріктіруге болады:

  • көлік қызметі;
  • туристердің туристік аудандарда болуымен байланысты қызметтер мен тауарлар (рекреациялық ресурстар, түнеу, тамақтану және т. б. ) ;
  • бір реттік қызмет пен тауарлар (көңіл көтеру, спорт қызметтері, сыйлықтар және т. б. ) .

Әрбір туристік қызметтер мен тауарлар тобы тағы да түрлерге жіктеледі. Мысалы, көлік қызметтері көліктің түріне және комфорттылығына қарай жіктеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм индустриясы
Туристік сұраныс географиясы
Туристік индустрия кәсіпорындарында баға қалыптастыру саясаты
Туризм тарихын географиялық түрғыдан оқу
Маркетингтің туризм индустриясында маңыздылығы
Туризм мамандықтарына арналған дәрістік кешені
Туризмнің экономика сферасына әсері
Турагенттік және туроператорлық қызмет сақтандыруының мақсаты мен міндеттері
Туристік кәсіпорынның баға стратегиялары
Әлеуметтік жарнама тұтынушылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz