Философиялық трактаттар


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Химия және химиялық технология факультеті
«Философия» пәні бойынша
№1 БОӨЖ /БӨЖ
Тақырыбы:
Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектерінің негізінде бақыт жайлы.
Орындаған:
«Химия» мамандығының
2-курс студенті
Бердалы Назгүл.
Тексерген:
PhD Философия докторы,
Философия кафедрасының аға оқытушысы
Балабекұлы Д.
Алматы, 2024
Жоспар
-Кіріспе
-Негізгі бөлім
Бақыт сөзінде анықтама бар ма?
Бақыттың түрлері болады ма?
-Қорытынды
«Бақытәрбір адам ұмтылатын ұлы мақсат»
Әл-Фараби
Әр адам бақытты болғысы келеді, бірақ бақытты болу үшін «бақыт деген не?» деген сұраққа жауап бере алу керек секілді. Әр адам бақытты әр түрлі түсінеді. Ал Әл-Фарабидің «Бақытқа жол сілтеу» трактатында бақыт ұғымы этиканың ең жоғары категориясы екенін және барлық игіліктердің бастауында тұрғанын айтады. Ол бақытты абсолютті игілік деп таниды. Бақытқа жету үшін және бақытқа ие болу үшін адамға қажет дүниені игілік деп атайды, ал бақытқа жетуге кедергі болатын факторларды абсолютті зұлымдық ретінде қарастырады. Бақыт әрбір адам ұмтылатын мақсат, адам талпынатын қалаулы игілік ретінде сипатталады. Адам жеткісі келетін мақсаттардың саны көп болғандықтан, бақыт олардың ішіндегі ең пайдалысы дейді ғұлама. Қадірлі игіліктер мақсатқа жету үшін таңдап алынады, және бұл үшін білімді мысалға келтіреді. Адамға білім не үшін керек? Неге біз мектепте 11жыл бойы оқимыз, неге жоғарғы білім алуға ұмтыламыз? Әрине әлемнен өз орнымызды табу үшін. Осы тұста ӘлФараби ұстазымыз «Білімді жай ғана білімді болу үшін, білу үшін таңдайсыңба, әлде сол білім арқылы дәулетке жетіп, бай болып, құзіретті орын иесі болу үшін таңдайсыңба? » деп сұрайды. Ал осыдан шығатын қорытынды жас адам білімді білімді болу үшін, білу үшін таңдаса онда шын мәнінде білікті маман болып шығады. Ол адам ещқашан жерде қалмайды, керісінше оның алдынан даңғыл жол ашылады дейді. Ал білімді байлыққа жетсем деп таңдаған адам тіпті сол байлықтың шыңына шықса да қанағаттану сезімін түйсіне алмай, өз мақсатына жете тұра өзін шын бақытты сезіне алмайды. Ал орта жолда қанағатсыздығының, тойымсыздығының кесірінен қызметтен шеттетілсе, ары қарай жол табуы да қиындайды екен. Бұл зұлымдық, ал зұлымдық адамның өз әрекетінің бұрыстығынан шығып отыр. ӘлФараби осы трактатында өнерді да екі түрге бөледі. Бірінің мақсаты тамаша көркемдікке ие болу, екіншісінің мақсаты пайдаға кенелу. Көркемдікке жетуді мақсат ететін өнер, тереңірек айтқанда даналық деп аталады. Мақсаты пайда көру болып табылатын өнерде даналық деген атқа лайықты ештеңе жоқ екенін айтады. Өнерде де игілік пен зұлымдықтың тууы өнерді тудырушы адамның ниеті мен мақсатына байланысты. Жоғарыдағы айтылған дүние бақытқа жетудің алғашқы ғана баспалдағы. Ал «Қайырымды қала тұрғындары» туралы трактатында мінсіз мемлекет құрып, қоғам болып бақытқа, жақсылыққа қарай ұмтылу керек екені және оның жолдары туралы жазды. Қайырымды қала тұрғындары мүшелерінің әрқайсында қайырымдылық пен әділеттілік орын алу керек. Адамдар бірбіріне қайырымды болып, жақсылық істеу керек. Сонда ғана бақытқа жетуге болады. Және де бақытқа тек жалғыз адамның жетуі қиын болады, барлығы бақытты болу үшін қоғам болып атсалысу керек деп санады. Тек қоғам ғана емес сонымен қатар сол қоғамды басқаратын адам да ақылды, қайырымды философ адам болу керек екенін жазды. Соған байланысты бұл трактатта басқаруды қайырлы және қайырсыз деп екіге бөлді. Қайырлы білімді, мәдениетті басқару халықты бақытқа бастайды, олардың ерік жігерін ісәрекетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқарузаң күшіне, игітәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз надан басқаруда теріс әрекеттер, жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа сүйенген, қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды. Ол кітапта мінсіз мемлекетті уағыздайды. «Қайырымды қала туралы» ілімде азаматтық қоғамның мұраты көрініс тапқан десе де болады. Трактатта ізгілікті қоғам болмысының негізгі тетіктері мен қажетті шарттары туралы жанжақты талданып, зерделенеді. Мәселен, адамның табиғатынан көмекті қажетсініп, қоғам құруға бейім екенін және адам қоғамның түрлері көптігін айтады. Себебі әрбір адамның тіршілік етуіне, кемелділікке жетуі үшін қандай да бір болмасын қауым керек. ӘлФараби шығармаларында бақыт ұғымы кеңінен ашылып, бақытты болуға әр адам құқылы екендігін және соған жету жолдары нақты айтылады.
Менің көзқарасым бойынша бақыт деген белгілі бір анықтамаға немесе параметрлерге бағынбайтын ұғым және оны әр адам әртүрлі түсінеді. Мен үшін бақыт атаанамның амандығы болса, сіз үшін мансабыңызда жетістікке жету болуы мүмкін, ал үшінші адам үшін тіптен бөлек. Бақыт ұғымының нақты анықтамасы жоқ бірақ оның түрлері болады деп ойлаймын. Біріншісі өмірлік күйбең тіршілікке байланысты өткінші бақытты болуың. Мысалы: лоторея билетінен ақша ұтып алып, соған бір сәттік өткінші қуануың, өткінші бақытты болуың. Бұл сәтте қаншалықты шынайы бақытты болсаң да, ол ұзақ мерзімге созылатын, өмірлік мақсатың бола алатындай бақыт емес. Және бұл жағдайда адамның бақытты болуы өзіне емес, оның өмірінде болып жатқан сәттіліктерге байланысты болады.
Екінші түрі біріншіге қарағанда өзгеше болады. Бұл адамның эмоцияларымен тікелей байланысты. Адам баласы басынан өткен эмоциялық қиын кезеңді басынан өткізіп, сол қиындықты жеңіп шыққаны үшін өзіне деген мақтаныш сезімінің болуы. Мысалы: жақын адамдарын жоғалту, сүйгенімен айырылысу, өмірінің маңызды сәттерінде жалғыздықты сезіп, қолдау таппай түрлі депрессия секілді психологиялық, эмоциялық кризисте болу. Осы ситуациялардан өтіп, бұрыңғы қалыпты өмірге орала алғаны үшін, жеңілдеу сезімін сезіп бақытты болуы. Осы кезеңдегі адамның бақыты ұзақ уақытқа созылып, көбірек жақсы эмоция сыйлай алады. Бұл кезеңдегі бақытпсихологиялық бақытты болу.
Бірақ адамның өмірлік мақсаты бақытты болу болса, жоғарыда айтылған бақыт түрлері бір белгілі бір мерзімі бар эмоция сыйлай алатын жағдайлар. Сонда ұзақ мерзімге созылатын нағыз бақыт деген не деген сұрақ туындауы заңды. Нағыз бақыт адамның бар қалауының болуы, армандарының орындалуы. Бірақ бақыттың тағы бір түріне адамның өзі сүріп жатқан өміріне риза болуы секілді. Адам өткеніне өкінбесек, қазір қолда барына шүкір етіп, болашағына зор үмітпен, өмір сүруге деген талпыныспен қараса осының өзі бақыт секілді. Расында Алла бақытты болу бағын сүйген пендесіне береді дейді. Ал дінде адам өмірін қаншалықты дұрыс адам болып сүрсе, Аллаға соншалықты сүйкімді болады. Адам өз өмірінде көп жақсылық жасап, жетімжесірді жебеп, әділетсіздікке жол бермей, адам өмір сүрсе, барлық адамгершілік нормаларды сақтап игі іс істейтін болса, ол адамға әр істеген жақсылығы еселеп қайтады. Басқаға қаншалықты бақыс сыйлай алсаң, соншалықты бақытқа кенелесің. ӘлФараби атамыз айтқандай игі іс істеп, игі ниетте, ойда болған адам бақытқа жетеді.
Қорытындылай келе бақыт деген әр адамның түсінігінде әр түрлі. Және бақыт деген біздің қолымыздағы бар дүние емес, сол барымызға қанағат етуімізде. Бақыт барымыз емес, сол барымызға шын қуана алуымыз. Яғни басында дүниенің бақыты бар адам болады, бірақ барына қуана алатындай ол адамда қанағат болмайды. Бір адам бар дені сау, киімі бүтін, отбасы жанында болғаны үшін көңілі тыныш, жан дүниесі бақытты, Жаратушысына шүкіршілік етеді. Міне, бақыт деген қолда барды қадірлеу, шүкіршілік ету.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz