Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы метафораның қолданыстық ерекшеліктері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
Облыс
Аудан
Мектеп атауы
ҒЫЛЫМИ БАҒЫТЫ: ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ
Ғылыми жоба жетекшісі:
Ғылыми жобаны дайындаған оқушы-
Ғылыми жоба тақырыбы: Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы метафораның қолданыстық ерекшеліктері
Ғылыми жоба секциясы-Қазақ тілі мен әдебиеті
Оқу жылы -2023-2024
Аннотация
Бұл жоба қазақтың белгілі,ақиық ақыны М.Мақатаевтің өз шығармаларындағы метафоралар және олардың тілдік ерекшелігі,М. Мақатаевтың табиғат лирикасындағы метафоралардың қолданылу ерекшеліктері,Метафора табиғатында жұмбақтылық бар екендігін зерттеу.
Жалпы Мұқағали Мақатаев шығармалары көбіне лирикаға, махаббатқа,сезім мен сергелдеңге толы,өзінің ішкі толғанысын өлең сөзімен сыртқа шығаратын ақын болғандығын дәлелдеп отырады . Ал бұл жоба құрылымында осы Мұқағали Мақатаев шығармаларына дәріптей отырып ондағы метафораның қолданылу ерекшелігін дәріптеп отырады
.
Аннотация
Этот проект основан на метафорах и их языковых особенностях в произведениях известного казахского поэта М. Макатаева, М. Особенности употребления метафор в натурлирике Макатаева, исследование тайны в природе метафоры.
Вообще произведения Мукагали Макатаева часто полны лирики, любви, чувств и волнений, доказывая, что он был поэтом, выражавшим своими стихами свои внутренние переживания. И в структуре этого проекта, прославляя произведения Мукагали Макатаева, он воспевает особенность использования в них метафоры.
Annotation
This project is based on the metaphors and their linguistic features in the works of the well-known Kazakh poet M. Makatayev, M. Peculiarities of use of metaphors in Makataev's nature lyrics, study of mystery in the nature of metaphor.
In general, Mukaghali Makataev's works are often full of lyrics, love, feelings and excitement, proving that he was a poet who expressed his inner feelings with his poems. And in the structure of this project, while glorifying the works of Mukaghali Makatayev, he glorifies the peculiarity of the use of metaphor in it.
Жұмыстың мақсаты: Мұқағали Мақатаев шығармаларына деген балалардың қызығушылығын оята білу, Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы метафоралардың қолданысын айқындай отырып,қазақ әдебиетіндегі троп түрлерінің маңызын,және қазақ әдебиеті өкілдері троп түрлері білімімен өте сауатты болғандығын балаларға үйрету,оқыту.
Жұмыстың өзектілігі: Мұқағали Мақатаев - өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы қазақ халқының ұлттық мектептері мен дәстүрлерін жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі. Ақын шығармашылығын зерттеу, ғылыми жоба тақырыбына сәйкес ақын өлеңдеріндегі метафоралардың тілдік сипатына талдау жасау жұмыстың өзектілігін көрсетеді.
Ақиық ақын М.Мақатаев өлеңдеріндегі метафораның қолданылу ерекшеліктерін қарастыру болғандықтан мынадай міндеттер шешу көзделеді:
Жұмыстың міндеті:
- М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына тоқталу;
- Қазақ тіліндегі метафоралардың тілдік сипатын айқындау;
- М.Мақатаев өлеңдеріндегі метафоралардың түрлеріне тоқталу;
- М.Мақатаевтың табиғат лирикасына қатысты жазылған өлеңдеріндегі метафоралардың жұмсалу ерекшеліктерін нақты мысалдар арқылы талдау.
Жұмыста қолданылған әдіс - тәсілдер:
Сипаттамалы;
Салыстырмалы;
Топтау;
Жинақтау.
Жұмыста қолданылған тірек сөздер:
Троп түрлері;
Метафора;
Тура мағына;
Ауыспалы мағына.
Жұмыстың құрылымы:
Кіріспе;
Негізгі бөлім;
Қорытынды;
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 М. МАҚАТАЕВ - ҒАСЫР АҚЫНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Ақиық ақын М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы ... ..
М. Мақатаев - лирик ақын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ МЕТАФОРАЛАРДЫҢ ТІЛДІК, ҚОЛДАНЫСТЫҚ СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Қазақ тіліндегі метафоралар, олардың тілдік ерекшелігі ... ... ... ... ...
2.2 М. Мақатаевтың табиғат лирикасындағы метафоралардың қолданылу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ
І М.МАҚАТАЕВ - ҒАСЫР АҚЫНЫ
...Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын.М.Мақатаев.
Ақиық ақын М.Мақатаевтің өмірі мен шығармашылығы туралы
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931 - 1976, шын аты Мұхаммедқали) - қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын. Ол 1931 жылдың 9 ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні 9 ақпанда тойланады. Бұған тиісті ақынның анасы Нағиман апа былай деген: Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.
Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші туған күніне байланысты мынадай сөз айтады: Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен. Азан шақырып қойылған аты - Мұхаметқали. Әкесі қарапайым шаруашы: колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады. Ақын Неңді сенің аңсаймын, бала шағым? деп аталатын өлеңі өмірінің осындай қиын күндеріне арналған.
Мұқағали - өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы қазақ халқының ұлттық мектептері мен дәстүрлерін жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі, ақынның өз сөзімен айтқанда:
...Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын, -
Деген ерен жырдың жаратушысы, Ұлы тұлға, Ұлы ақын.
Поэзия!
Менімен егіз бе едің
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан
Сені іздедім жоғалған замандардан...
... Сені іздедім.
Ӏздеймін тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?
Ақын өзінің қысқа ғұмырында артындағы ұрпағына көп мұра қалдырған. Жүрегі отты, рухы асқақ жырлары мен көркем дастандары сол еңбегінің жемісі. Ақын жаңа ғасыр қақпасын ентікпей, еркін ашып, жаңа мыңжылдық айдынына өз өлеңдерімен із қалдырады. Қарасаздан ұшқан қарлығаш деген өлеңінде: Мен өзім жайында мынаны айтам:
Мен XXI - ғасыр ұрпақтарының құрдасымын.
Бәлкім, одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да ... - деп жазған екен.
Иә, Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген. Мұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады. Ауыл орта мектебін 1948 жылы бітіріп, өз ауылында комсомол, кеңес қызметтерінде болған. Кейін аудандық газетте әдеби қызметкер, Қазақ радиосында диктор болған, Қазақ әдебиеті газетінде, Жұлдыз жорналында поэзия бөлімін басқарған. Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында әдеби кеңесші қызметін атқарған.
Тырнақалды туындылары Нарынқол аудандық Советтік шекара (қазіргі Хан тәңірісі) газетінде 1948 жылдары жариялана бастаған. 1954 жылы бір топ өлеңі Әдебиет және искусство (қазіргі Жұлдыз) журналында жарық көреді, Қазақ әдебиетінде жарияланады.
Аз ғұмыры ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын ұсынған. Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің Құдіретті комедиясын қазақшалады. Ақынның Саржайлау, Сөнбейді, әже, шырағын, Кел, еркем, Алатауыңа өлеңдеріне сазгер Нұрғиса Тілендиев ән шығарған.
Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, сынға ұшырағанда да Ақынның ақындығы атақта емес, арда ғана деген байламды берік ұстап, шеен-шекпенге де, лауазым-атаққа да қызықпаған.
Өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсеткен ақын Мұқағали Жан азасы (реквием) поэмасында өмір туралы гимн туғызды. Аққулар ұйықтағанда поэмасында ел наным-сенімін қастерлеу, сұлулық үндестігін жыр етсе, Райымбек, Райымбек! дастанында ел тарихын, ел басына қатер төнгенде қолына ту алып, жауына қарсы аттанған Райымбек Хангелдіұлының ерлігін суреттейді.
М.Мақатаев поэзиясы барлық мәселеге арналады, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т.б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген.
Ақын қай тақырыпты жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады, ол туралы:
Мен жырламаймын, сырласамын.
Сыры бір замандаспен мұндасамын.
Көгендеп жыр қосағын, келмейді жыр жасағым немесе
Тіпті де мен еместі Мен дегенім...
Өзгенің жан-сырын ұғу үшін,
Өзімді зерттегенді жөн көремін дейді.
Мұқағали шығармашылығының негізі өзін-өзі зерттеуден тұрады.
Ол әсіресе тауды, қазақ ауылын көп жырлайды (Тауда өстім, Тау бір аңыз т.б.).
Мысалы:
Өлмесін деп берген ғой тауды маған,
Мен күңіренсем, күрсініп тау жылаған.
Ол қазақ өлеңін мазмұн, пішін жағынан түрлентті.
Қазақтың қара өлеңі құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, - дейді ақын.
Мұқағали дәстүршіл ақын, ол өлеңге мазмұн тұрғысынан жаңалық енгізді. Мұқағали поэзиясы ұлттық мінезімен ерекшеленеді, мұны айқындайтын мынандай өлең жолдары бар:
Су сұрасам, сүт берген, айран берген,
Қартайып қалыпсын-ау, қайран жеңгем.
Ақын өлеңге ерекше кие деп қарап, Музаға табынған:
О , Муза, маған алыс сөреңді бер,
Ғайыптан кел де, мені демеп жібер.
Ол нағыз ақын адами ойшыл, философ болуы қажет. Поэзияда философ болу өзін қоршаған әлемді ұғыну, әр заттың мәнін білу, ақырына дейін адам жанының инженері болып қалу дегенді ұстанды. Мұқағалидың адамзат ғұмыры мен әлем сырың жыр еткен лирикасы қазақ әдебиетіне қолмақты мұра боп енді.
Мұқағали поэзия жанрында ғана емес, проза, драма, сын саласында да қалам тартты. Қаламгердің Қош, махаббат жинағына (1988) әр жылдары жазылған Құлпытас, Марусяның тауы, Өзгермепті, Әже, әңгімелері,Қос қарлығаш, Жыл құстары повестері мен Қош, махаббат пьесасы, бірнеше сыни еңбектері енген. Рух және сезім, Сезім найзағайы, 1969 жылғы қазақ поэзиясы атты әдеби сын еңбектерінде О.Сүлейменов, М.Әлімбаев, Қ.Мырзағалиев ,Ж.Нәжімеденов, С.Мәуленов, т.б. шығармаларына талдау жасап, өнер, поэзия, туралы ой толғайды. Ақынның көз тірісінде 3 аударма кітабы (У.Уитмен, Шөп жапырақтары (1969); У.Шекспир, Сонеттер (1970); Д.Алегерьи, Құдіретті комедиясының Тамұқ бөлімі (1971) ),8 жыр жинағы (Ильич (1964), Армысыңдар, достар (1966), Қарлығашым, келдің бе? (1968), Мавр (1970), Дариға-жүрек (1972), Аққулар ұйықтағанда (1974), Шуағым менің (1975), Өмірдастан (1976) ) жарық көрді. У.Уитмен, У.Шекспир, Н.Тихонов, Р.Бернс, Ф.Ансари, А.Акопян, А.Исаакян, Е.Евтушенко, Ф.Моргуннің бірнеше өлеңдерін аударды.
Ақын өз шығармашылығында әртүрлі тақырыптар қамтылады. Атап айтар болсақ, Махаббат туралы, Табиғат туралы, Достық туралы, Отан туралы, т.б.
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ МЕТАФОРАЛАРДЫҢ ТІЛДІК, ҚОЛДАНЫСТЫҚ СИПАТЫ
Метафора табиғатында жұмбақтылық барАристотель
2.1 Қазақ тіліндегі метафоралар олардың тілдік ерекшелігі
Белгілі бір тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сол халықтың басынан өткізген бүкіл өмір-тіршілігін, жалпы өткен тарихын айнытпай дәл бейнелейтін таусылмас бай қазына, өшпес тарихи мұра екендігі даусыз. Қазақ халқының басынап кешкен көне тарихын, ақыл-ойын, тілек-мүддесін, барлық кәсібі мен шаруашылығын, күллі мәдениетін, керек десеңіз, оның өзіне тән сезімі мен эмоциясын да білгіміз келсе, осы тілдің бай лексикасын түбегейлі зерттеу арқылы көз жеткізуге болады. Неге десеңіз, өмірдегі зат пен құбылыстың бейнесі ұғым арқылы бейнеленеді. Ұғым сөз арқылы беріледі де тілде сол арқылы өмір сүреді. Зат пен құбылыс болмаған жерде ұғым да жоқ, ұғым жоқ жерде сөз де болмайды. Сөз мағынасы өмірдегі зат пел құбылыстарды топшылап, жалпылама көрсетеді. Сөз мағынасында әр тілдің өзіндік ерекшелігі мен өзіндік бояуы, ұлттық сипаты болады. Сөздің мағыналық жағынан дамуына сыртқы себептер де, ішкі себептер де ықпал етеді. Әсіресе, сөздің мағынасының, өзгеруіне ішкі себептерден гөрі сыртқы себептер көбірек әсер ететіндігі байқалады. Сөз мағынасының ішкі (лингвистикалық) өзгерістерінің бір себебі, жаңа сөз немесе жаңа мағына сөздік кұрамға келіп қосылғанда, бұрыннан тілде бар сөздердің мағыналарымен өзара тығыз қарым-қатынасқа түсіп, солармен синонимдік байланыста жұмсалады. Мұндай жағдайда байланыс екі жақты болуы мүмкін. Сөздік құрамға келіп қосылған жаңа сөз не жаңа мағына бұрыннан тілде өмір сүріп келе жатқан байырғы сөздер мен мағыналарға қандай әсері болса, байырғы сөздер мен байырғы мағыналардың жаңа сөздер мен жана мағыналарға да сондай әсер етуі ықтимал. Бұлар бірнеше амал-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Қазақ тіліндегі жаңа мағыналардың даму жолдары метафоралық, метонимиялық және синекдохалық тәсіл арқылы келіп шыққан.
Cөздің тура мағынасы заттың қоғамдық түсінігін білдіреді. Сондықтан да, сөздің тура мағынасы қашанда тұрақты, әрі айқын. Негізгі мағына әрқашанда ауыспалы жағынан қайнар көзі, базасы. Өмірдегі зат пен құбылыстың сыртқы не ішкі белгілі бір ұқсастық белгілеріне қарай сөздің бірнеше мағынада ауысып қолданылуын метафора дейміз. Метафора (грек metaphora - ауыстыру) - троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы. Тіл білімінде бұл заңдылықты кейде ұқсату заңы деп те атайды.
Метафора тілдегі қолдану сипатына қарай:
А) тілдік (сөздік) метафора;
Ә) тұрақты метафора;
Б) жеке қолданыстағы (индивидуальная) метафора болып үшке бөлінеді.
Тілдік (сөздік) метафора сөзге жаңа мағына қосып, оның семантикалық шеңберін кеңейтіп, әрдайым үздіксіз дамытып отырады. Тілдік метафораның жалпы халықтық сипатына қарап дәстүрлі метафора деп те атайды.
Дәстүрлі метафоралық тәсіл бойынша ұқсату заңына сүйеніп, қазақ тілінде мынадай көп мағыналы сөздер шыққан. Мәселен, аяқ деген сөздің ең алғашқы заттық мағынасы деп адам мен жан-жануарлардың жүріп-түру қызметін атқаратын мүшесі деп түсінеміз. Мұнан кейін стол мен орындық тәрізді жансыз заттарды төрт таған тіреуішін де аяқ деп ұқсастырып айтқан. Бас пен аяқтың бірі жоғары, екіншісі төмен келуіне қарай (ауылдын басынан кіріп, аяғынан бір-ақ шықтым дегендегі) үшінші мағына пайда болған.
Сөздерді метафоралау процесінде үш түрлі жағдайды байқауға болады.
Бірінші жағдайда сөздің сыртқы белгісі алынады.
Мысалы,
Кілт - есіктің кілті, мәселенің кілті;
Бастау - бұлақтың бастауы, шығармашылық бастау т.б.
Екінші жағдайда метафора жасайтын сөздердің семантикасына, ішкі мазмұнына үңілуге тура келеді (түлкі - аң, айлакерлік белгісі; балшық - зат атауы, адам мінезіндегі ынжықтық т.б.).
Метафоралаудың үшінші түрінде белгілі бір белгілер мен қасиеттердің басқа топтағы заттар мен құбылыстарға тән екендігі белгілі бола тұра, басқа топтағы ұғымдарға сіңісті болып кетеді. Мысалы, ұлиды деп қасқырды айтады, бірақ ақындардың шығармаларында жел ұлиды. Сол сияқты өткір сөзі қатты заттарға қатысты болатын (өткір ұстара), кейінгі кезде өткір мәселе тіркесі қолдынылып жүр.
Сөз біткеннің бәрі метафоралық тәсіл арқылы ауыс мағына жасай алмайды, тілдегі заттар мен құбылыстардың атын, іс-әрекетін, сапа мен белгілерін білдіретін сөздер ғана жасайды. Бұлар сөзге нақтылы мағына қосып, семантикалық аясын үнемі кеңейтумен болады. Мүше деген сөздің ең алғашқы мағынасы жан-жануарлардың анатомиялық денелерінің жеке-жеке атауларын білдіру болған. Дәулет құсын бауыздап, аспазшы қатынның қолына берді де: бір мүшесін қалдырмай ас деді (И. Байзаков). Мұнан соң мүше сөзі сый ретінде біреуге берілетін белгіл үлес, сыбаға мағынасын білдірген. Батырдан сауға, мергеннен мүше деген (Мақал).
Бір затқа, құбылысқа сапаға тән қанша қасиет, неше ерекше белгі болса, соларды ұқсастырып айтудан бір сөз арқылы бірнеше ұғымды танып білуге болады. Мәселен, қалың деген саналық ұғымды білдіретін сын есімнен мынадай ерекше белгілер арылады: Қалың нәрсе жуан болады, оның үстіне ол тығыз, жиі, көп боп келеді. Бір сөздің бойына сыйған осыншалық ерекшеліктерін әрқайсысы сөйлемде жеке-жеке дербес мағына тудырып бас-басына сараланып көрінеді.
Мысалы:
1 Қалың деген сөздің жуан, толық деген мағынаны білдіруі. Қалың денелі адамның жүрісі баяу, сылбыр келеді екен (М. Әуезов).
2 Қалың дегең сөздің көп, мол деген мағынада жұмсалуы. Қалың жұрттың алдында сөйлеп көрген пенде емес едім (М. Иманжанов).
Қалың деген сөздің жиі, тығыз, бітік деген мағынада қолданылуы. Екеуі бір таса жерге, қалың шөптің арасына барып жатты (Ы. Алтынсарин).
Сөзге қосылған үстеме (туынды) мағына заттың құбылыстың бойында бар сан алуан ерекше белгілердін негізінде ауыстырып қолдану ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz