Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамаларын талдау


Өзбекәлі Жәнібеков атындағы оңтүстік педагогикалық университетті
Факультет:Өнер және білім
БАЯНДАМА
Тақырып:Жобалап оқыту технологиясын қоршаған ортада қолдану
Орындаған:Махат Аяулым, Әлімқұл Маржан, Әбжапар Ақниет
Қабылдаған:Мамытбаева. Ж. А
Шымкент 2024ж
Мазмұны
Кіріспе
Тарау І. Білім беру үрдісіндегі “ технология ”
1. 1. Қазіргі таңдағы педагогика саласында «технология» ұғымы және жаңа технологиялардың
1. 2. Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері мен түрлері
1. 3. Қазақ тілін оқыту процесін жаңа педагогикалық технологиялар арқылы Тарау ІІ. Сөз тіркестерін модульді-интерактивті технологиясы арқылы оқыту ерекшеліктері
2. 1. Сөз тіркесін оқытуда оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану және 2. 2. Сөз тіркестерін оқытуда оқытудың модульді -интерактивті технологиясы арқылы
2. 3. Қазақ тіл білімінде сөз тіркесінің зерттелу тарихына шолу
Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
XXI ғасырда Қазақстан Республикасындағы қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.
Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі олардың білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңының 8-бабында “Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау” - деп атап көрсеткендей-ақ, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру(1) .
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім берудің мақсаты - қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі көрсетілген. (2) Оны жүзеге асыру-мектептерде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізетін оқу үрдісін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.
Қазақстан мектебінің алдына қойып отырған мақсаты - инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында оқушыларға жүйелі, нақты білім беру. Алайда, инновациялық педагогикалық технологияларды қажетті деңгейде қолдану және осы арқылы оқушылардың білім деңгейін, шығармашылық қабілетін қоғамдық сұранысқа сай қалыптастыру еліміздің барлық жалпы білім беретін мектептерінің дағдылы ісіне айнала қойған жоқ. Әлі де болса көптеген мектептер оқыту процесін ұйымдастыру мен жүргізуде оқытудың дәстүрлі әдістері мен тәсілдерін пайдаланумен шектелуде. Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану мектепті сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларды енгізуге, оны тиімді басқаруға негіз болып, әрбір мектепке өзіндік даму жолын табуға, әрбір мұғалімге өзінің әдістемелік жүйесін құруға септігін тигізер еді. Сондықтан қазіргі кезеңде оқытудың инновациялық технологияларын мектеп практикасына белсенді түрде ендіру - қоғам талабы.
Осыған байланысты біз зерттеу жұмысының тақырыбы ретінде “Жалпы білім беретін мектептер тәжірибесінде оқытудың жаңа технологияларын пайдалану жолдары” - тақырыбын таңдап алдық.
Инновациялық педагогикалық технологияларды теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы етіп, оларды оқу үрдісін жетілдіру бағытында қолдану мәселелерімен В. П. Беспалько, В. В. Егоров, М. В. Кларин, В. М. Монахов, Қ. Қабдықайырұлы, М. М. Жанпейісова, Ж. А. Қараев, Г. К. Селевко, Ш. Таубаева, Л. А. Шкутина, т. б. ғалымдар айналысты.
Жұмыстың мақсаты: Оңтүстік Қазақстан облысының жалпы білім беретін орта мектептерінде оқытудың жаңа технологияларын пайдалану жолдарын іздестіру, озық тәжірибелерді жинақтау және жалпылау.
Зерттеу нысаны: Жалпы білім беретін орта мектептердегі педагогикалық процесс.
Зерттеу пәні: Жалпы білім беретін орта мектептердегі оқыту процесі
Зерттеудің міндеті:
- “Технология”, “инновациялық технология”, “педагогикалық технология” ұғымдарының мәнін педагогика ғылымының қазіргі кезеңдегі даму деңгейі тұрғысынан сипаттау.
- Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамаларын талдау.
- Оңтүстік Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің іс-тәжірибесінде қолданылатын оқытудың жаңа технологияларын анықтау, оларды талдау және жинақтау.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Іс-әрекет теориясы, Тұлға теориясы, таным теориясы, П. Я. Гальпериннің ақыл-ой әрекетін кезеңдеп қалыптастыру теориясы, Қазақстан Республикасының 2007- жылдың 27-шіл-десінде қабылдаған “Білім беру туралы заңы”.
Зерттеу көздері: Зерттеу нысанына байланысты педагогикалық-психологиялық әдебиеттер, “ Қазақcтан мұғалімі” газеттері, “Ізденіс”, “Қазақстан мектебі” журналдарының 1990-2008 жылдар аралығындағы сандары, Оңтүстік Қазақстан облысының кадрлар біліктілігін арттыру және жаңа технологияларды дамыту институтының әдебиет қоры мен мұраханасының материалдары.
Зерттеу әдістері: Педагогикалық тұрғыдан ғылыми теориялық талдау әдісі, озық тәжірибелерді жинақтау және жалпылау әдістері, мұрахана материалдарын талдау және жалпылау әдістері, педагогикалық бақылау әдісі, сұрақ-жауап әдістері, әңгімелесу әдісі.
Зерттеу базасы: Оңтүстік Қазақстан облысының үздіксіз білім беру институты, Шымкент қаласының № 1, 25, 65 орта мектептері. Бұл жұмысты жазуда Қазақстандық педагогика ғылымындағы, әсіресе, оның дидактика саласындағы, сондай-ақ білім мазмұнын іріктеу ұстанымдары; оқытудың ұйымдастыру формалары; оқытудың әдіс - тәсілдері; дүниежүзілік халық ағарту саласында өзгерістер мен жаңа бағыттар ескерілді; мектептерде жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижелері, алдыңғы қатарлы озат мұғалімдердің тәжірибелері осы жұмысқа арқау болды. (6)
Тың тақырып бойынша жазылып отырғандықтан бұл жұмыстың тарихи әдістемелік сипаты бар, яғни мұнда оқыту теориясы мен әдістемесі мәселелерімен қатар, мектептерде пәндерді оқыту тәжірибесінде, сондай-ақ мерзімді педагогикалық баспасөзде ақпараттық технологияны пайдалану, интерактивті әдістер сияқты оқытуды ұйымдастыру мен әдістерінде де жаңашылдық кездеседі. Оқу-әдістемелік мекемелердің, жоғары оқу орындарының кафедраларының, халыққа білім беру саласының облыстық, қалалық, аудандық мекемелері мен облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру институттарының, ондағы мектептердің қатысуымен жүзеге асырылды.
Жұмыстың құрылымы: іздену жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І-тарау - “ Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдіс”,
ІІ- тарау - “ Оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары Оңтүстік Қазақстан облысы мектептерінің іс- тәжірибесінде ” - деп аталады.
Кіріспе
Педагогикалық технология - дара тұлғаны қалыптастыруға педагогикалық ықпалдарды ұйымдастыру қажеттілігінен туындаған өзара байланысты процестер [1, 9] . Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік жоспары, ұлттық үлгісі қалыптасуда. Осыған орай, оқушының тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологиялары пайда болуда. Бүгінде елімізде білім беру ошақтарында 50-ден астам педагогикалық технологияларды теориялық және ғылыми қолданбалы бағыт тұрғысынан жазылған зерттеулерді арқауы етіп, оларды оқыту үрдісін жетілдіру бағытында қолдану мәселелерімен отандық ғалымдар: Д. М. Жүсіпбалиева, Б. Ә. Әбдікәрімұлы, М. С. Мәлібекова, Г. Қ. Нұрғалиева, Қ. Қабдықайырұлы, Ж. А. Қараев, Ш. Т. Таубаева т. б. өз зерттеулерінде қарастырған, педагогикалық технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін нақтылау қажеттілігін айқындай түсуде.
Осындай жаңа технологиялардың бірі - жобалап оқыту технологиясы. Жобалау - «proicere» деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді. Жобалау технологиясы ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған психолог, педагог, философ Джон Дьюи. Дьюидің ілімін жалғастырушы профессор Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау - бұл технологияның негізі. "Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық. Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе - бұл мысал жобалау технологиясының нағыз типтік үлгісі" - деп тұжырымдайды Хилпатрик [2, 50] .
Сонымен қатар танымдық прагматизм философиясының өкілі Девей жобалық жұмыстың ғылыми және саяси концепциясының іргетасын қаласа, оның әріптесі Килпатрак жобалау әдісін ауқымды мағынасына қарай тәрбиеге қатысты философия ретінде бағалады. Осыған байланысты Килпатрак жобаны «әлеуметтік ортада өткізілетін жүректен шыққан мақсатты әрекет» ретінде қарастырады [1, 11] .
Рейхвейн (1951) теория мен тәжірибенің байланысын жоба десе, Б. Отто жалпы сабақтардың концепциясында басты рөлді сұхбат алады дегенді айтады. Кершенштайнер (1968) еңбек мектебінен жобалау идеяларын немесе осы бағытта дамуды байқауға болатынын тұжырымдады [2, 52] .
1965 жылдан бері қарай жобалау әдісі халықаралық деңгейде қолданыла бастады. Бұл әдіске қайта оралудың басты себебін ғалымдар «мәселені оның дамуында қарастыруға мүмкіндік беретіндігімен» байланыстырады, яғни білім алушылар нақты мәселені шешу үшін әрекет үстінде бірнеше рет теорияға үңіледі, соның нәтижесінде өз ісінің қалай орындалғанын бағалай алады, өз қолдарымен жасалған іс оларға қанағаттанарлық, өзіне сенімділік әкеледі. Ғалымдар бұл технологияның осы артықшылықтарына үлкен мән берген. В. Килпатриктің ойынша, оқу әрекеттері оқытушының қатысуынсыз орындалуы тиіс. Сонда оқушы өз әрекетінің нәтижесін көріп, өзінің қабілетін бағалай алады десе, ал Д. Дьюи оқушының әрекеті мұғаліммен бірлескен әрекет болуын талап етті. Өйткені оқушының әрекетті аяғына дейін орындауына толық білімі жетпеуі мүмкін, ол үшін мұғалім әрекетті орындаудың алдында оқушының барлық ойлау әрекеті сатысынан өтуін қамтамасыз етуі тиіс деген пікір айтады [1, 13-15] .
Демек, жобалау идеясы, жобалау әдісі ең алдымен жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарындағы дәстүрлі оқытуға қарсы бағытталған бағдарлама ретінде қарастырылды.
Жоғарыда айтылғандай, жобалау әдісі Еуропада ХХ ғасырдың басында басталғанымен, Қазақстанда білім беру салалары кредиттік жүйеге енгелі қазақ тілі әдістемесінде соңғы жылдары ғана қолданыла бастады.
Жобалап оқыту технологиясы ТМД елдерінің оқыту жүйесінде де кең өріс алып жатқаны белгілі. Жобалап оқыту технологиясының теориялық алғаш негіздеген Ресей ғалымдарынан В. П. Беспалько, В. В. Давыдов, В. К. Дьяченко, Л. В. Занков, П. Я. Гальперин, Н. В. Кузьмина т. б. ғалымдардың теориялық зерттеулерінің нәтижесінде, сонымен қоса Е. Н. Ильина, С. Н. Лысенкова, В. Ф. Шаталов т. с. с. әдіскерлердің практикалық тәжірибелерінің негізінде қарастырылған.
Тарау І. Білім беру үрдісіндегі “ технология ” 1. 1. Қазіргі таңдағы педагогика саласында «технология» ұғымы және жаңа технологиялардың “Технология” ұғымы соңғы кездері ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне Білім беру жүйесі басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі “Технология” ұғымы “Tehne”- өнер, шеберлік, “logos” - ілім, білім, “Технология” - бұл қандайда болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың “Технология” - өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы “Технология” - оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы Бұл ұғымға пәндік саланы сипаттайтын терминдерді қосамыз да кез-келген АҚШ пен Батыс Европада XX - ғасырдың екінші жартысынан 1960-шы жылдардың аяғы, 70-ші жылдардың бас кезінде АҚШ, Англия, Сондықтан, бұдан әрі қарай “білім беру технологиясы ” Бұл оқыту үрдісінің “педагогикалык үрдіс” деп аталуына байланысты.
“Технология” ұғымы соңғы кездері ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы сияқты психологиялық-педагогикалық ұғымдармен байланысы саналуан. Жоғарыда аталған технологиялардың қай түрі болмасын, өзінің мәнін анықтап, сипаттама беруді қажет етеді. Қазіргі кезеңдегі ғылыми айналымда “технология” және технологиямен байланысты жеке ұғымдарға берілген анықтамалар баршылық. Алайда білім беру жүйесінде дәл қазіргі кезеңде жүріп жатқан процестердің технологиясының мәнін ашып, түсіндіретін жалпы анықтама жоқ (3) .
Білім беру жүйесі басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез-келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг т. б. ) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, “білім беру технологиясы” деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Бұл ұғымды тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған процестерге ғана қатысты қолданады. Егер осы процесті оқыту процесі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады. Біздің қарастыратынымыз - технологияның осы түрі.
“Технология” ұғымы “Tehne”- өнер, шеберлік, “logos” - ілім, білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіретін, грек тілінен енген екі сөзден тұрады. Сондықтан, “технология” терминін қазақ тіліне “ өнер туралы ғылым немесе шеберлік туралы ғылым ” деп аударуға болады.
“Технология” - бұл қандайда болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы. /Педагогикалық сөздік/
“Технология” - өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы. /Шетел сөздігі/
“Технология” - оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. /В. М. Монахов/
Бұл ұғымға пәндік саланы сипаттайтын терминдерді қосамыз да кез-келген нақты технологияның мәнін айқындаймыз.
АҚШ пен Батыс Европада XX - ғасырдың екінші жартысынан бастап оқыту процесінің технологиясын жасау бағытындағы ізденістер белсенді түрде жүргізіле бастады. 1940-50 жылдары оқыту үрдісіне техникалық құралдардың енуіне байланысты “білім берудің технология” термині кеңінен қолданыла бастады. Кейінірек, 50-60-шы жылдары түрлі техникалық құралдарды қолдану әдістері жөніндегі еңбектердің ықпалымен бұл терминдер “педагогикалық технология” деп атала бастады. 60-шы жылдардың ортасында технологиялық әдіс шет елдерде кеңінен талқылана бастады. Мұнда негізгі екі бағыт көзге түсті (4) . Біріншісі, бұрынғыша технологиялық әдісті, техникалық құралдарды қолданумен байланыстырылса, екіншісінің құрамында оқу процесінің өзін ұйымдастырудағы технологиялық әдістер дами бастады да педагогикалық технология “оқытудың технологиясы ” деген термин пайда болды.
60-шы жылдардың аяғы, 70-ші жылдардың бас кезінде АҚШ, Англия, ФРГ, Франция, Италия, Япония т. б. көптегсн елдерде оқытудың технологиясын жасау, дамыту жұмыстарымсн айналысатын мекемелер жұмыс жасай бастады. Дегенмен, оқыту үрдісі білім беру үрдісінің бір ғана бөлігі болып табылатындықтан, “оқытудың технологиясы” терминінің мағыналық аясы өте тар. Мұндай олқылық “тәрбиенің технологиясы”, “дамыту технологиясы ”, “ қалыптастыру технологиясы ” ұғымдарына да тән. Қазіргі кезеңде батыста білім беру саласындағы технологияны белгілеу үшін “білім беру технологиясы” ұғымы пайдаланылып жүр. Осы ұғымның ғана мейлінше аясы кең, білім берудің түрлі салаларында (басқаруда, материалдық жабдықтауда, қаржыландыруда, біліктілікті арттыруда, кадрлар даярлауда, түрлі оқыту мекемелеріндегі оқыту процесіңде және т. б. ) қолданылатын кез келген технологияны қамти алады. Сондықтан, “білім беру технологиясы” терминін бүкіл білім беру жүйесін технологияландыру заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пәнге (дисциплина) қатысты қолданған дұрыс болар еді. Бірақ, әзірше бұл термин көп жағдайда тек мектептегі оқыту үрдісі төңірегін сипаттауда ғана қолданылып жүр.
Сондықтан, бұдан әрі қарай “білім беру технологиясы ” ұғымын мұғалімдер мен оқушылардың білім берудің жоспарланған мақсаттарына бағытталып, арнайы ұйымдастырылған өзара қарым-қатынас процесі технологиясы ретінде қолданамыз. Білім берудін технологиясына - оқытудың техникалық құралдары, білім беруде қолданылатын ақпараттық технологиялар, қашықтан оқыту да жатады. Сондықтан, оларды жеке-жеке талдаған кезде бұл технологиялардың өздеріне тән ерекшеліктерін атап көрсетуге тиіспіз.
Бұл оқыту үрдісінің “педагогикалык үрдіс” деп аталуына байланысты. Әлемдік терминологияның бірегейленуіне байланысты “білім беру технологиясы” ұғымына тоқталуға тиіспіз.
Т. К. Смыковская, Т. Б. Руденколардың пікірінше: “Әдістеме тек бір ғана - оқыту үрдісіне көңіл бөлсе, технология бір мезетте оқу және оқыту үрдісімен қатар жұмыс істейді. Және технология алға қойылған мақсаттың нақты соңғы нәтижесіне кепілдік береді”. Ежелгі философтардың өзі педагогикалық шеберлікті тарату туралы айтқан, ал бұл осы күнгі технологияға жақын. Сондай-ақ, К. Ушинский, А. С:Макаренко да технологиялық рәсімдерді анық көрсете білген(5) .
Сырттай қарағанда, технологияның әдістемесі мен оқыту үрдісіңдегі әдістемелік және технологиялық әдіс-тәсілдер арасында карама-кайшылық жоқ. Себебі, “оқытудың әдістемесі” ұғымы “білім беру технологиясы” ұғымынан әлдеқайда кең. Дәлірек айтсақ, әдістеме “не үшін, неге және қалай оқыту керек?” негізгі үш сұраққа жауап беруге тырысады. Ал, технолог болса, мақсат белгілі болып, оған жетудің нақты іс-әрекетін, жолдарын анықтау қажет болған сәтте ғана іске кіріседі. Сонымен, Т. Г. Новикованың тұжырымдауынша, технология, негізінен, триаданың үшінші сұрағына, яғни “қалай оқыту керек?” деген сұраққа ғана жауап береді. Олай болса, технология әдістемелік процестің құрамына еніп, әдістемені жүзеге асыруға қызмет етеді деген қорытынды жасауға болады (Автор) .
Бір қарағанда, технологиялық әдіс жеке пәндерді оқыту әдістемелері ішінде де дами алар еді деген ой туады. Бірақ, әдістемелік және технологиялық амалдардың мақсаттық ұстанымдары қалыптасқан. Технология ұғымы тар мағынада - бір нақты объектінің технологиясы ретінде және кең мағынада - ғылым саласы ретінде қарастырылады. Егер, технологияны педагогикалық ғылымдарға қатысты алсақ, педагогикалық технология ұғымының мәнін анықтап алу қажет.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде педагогикалық технологияның мәнін ғалымдар түрліше анықтайды. Атап айтқанда:
- В. А. Беспальконың пікірінше, педагогикалық технология - алдын ала жобаланған оқу-тәрбие процесінің практикада жүйелі әрі бірізді жүзеге асуы;
- Б. Т. Лихачевтің тұжырымдауынша, педагогикалық технология - оқыту мен тәрбиелеу құралдарының арнайы формаларының, әдіс-тәсілдерінің, жолдарының жиынтығын анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулар жиынтығы;
- В. М. Монаховтың айтуынша, педагогикалық технология - оқытушы мен оқушылар үшін барлық жақсы жағдайлар жасалынғанда оқу процесін жобалау, ұйымдастыру әрі жүзеге асыруда біріккен педагогикалық іс-әрекеттің жан-жақты (ұсақ-түйегіне дейін) ойластырылған моделі;
- М. В. Клариннің пікіріне қарағанда, педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа жету үшін колданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы мен жұмыс істеу реті ;
- В. И. Андреев педагогикалық технологияны жобалау және берілген технологияны тәжірибеде педагогикалық заңдылықтарды, мақсаттарды, мазмұнын, формасын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен құралдарын қолдану, сонымен қатар кейінгі жаңғырту ретінде түсінеді;
- Н. Е. Щуркова педагогикалық технологияны балаға педагогтың шынайы өзара әрекетін қамтамасыз ететін қолданбалы ғылыми педагогикалық пән ретінде анықтайды;
- А. К. Колеченконың тұжырымы бойынша, педагогикалық технология қойылған мақсатқа сәйкес білімді, білікті, дағдыны және қатынасты құрастыру, қалыптастыру мен бақылау бойынша операциялардың жиыны болып табылады;
- Ш. Т. Таубаева мен Б. Т. Барсай педагогикалық технологияны оқу-тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігін, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі ретінде сипаттайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz